Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

Введен ауылдық округінің  және Буденный ауылдық округінің  тұрғындарымен кездесуі 30.04.2026
     2026 жылғы 14 мамырда   Меңдіқара ауданы әкімі Ғ.М.Бекбаевтың тұрғындармен  кездесулері  өткізіледі:          Введен ауылдық округі, өткізілетін орны:  Введенка  ауылы, мектеп ғимараты, сағат 15:00;          Буденный ауылдық округі, өткізілетін орны: Буденновка ауылы, Мәдениет үйінің ғимараты, сағат 16:30.          Тұрғындрмен  кездесуге дайындық барысында тұрғындардан сауалдар түсуде.  Сұрақтар мен ұсыныстар 8-705-162-80-87  нөмірі бойынша  WhatsApp чаттары арқылы қабылданады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1212253?lang=kk
Орындарда тауарға қатысты өкілеттіктерге ие тұлғаның өтініші бойынша уақытша сақтау 30.04.2026
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті  тауарға қатысты өкілеттіктерге ие тұлғаның өтініші бойынша тауарларды уақытша сақтау:- уақытша сақтау орындары немесе қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілмеген алушының қоймасында;- көлік құралы алушының меншігіндегі, шаруашылық жүргізуіндегі, жедел басқаруындағы немесе ол жалдау құқығында пайдаланатын үй-жайларда немесе ашық алаңдарда болған жағдайда автомобиль көлік құралдарында;- алушының меншігіндегі, шаруашылық жүргізуіндегі, жедел басқаруындағы немесе ол жалдау құқығында пайдаланатын теміржол жолының учаскесіндегі теміржол көлік құралдарында;- алушы немесе өздерінің габариттері салдарынан 165-баптың 1-тармағында көрсетілген уақытша сақтау орындарда орналастыруға мүмкін болмайтын ірі габаритті тауарларға қатысты өкілеттіктерге ие өзге тұлға айқындаған орындарда көрсетілген тауарларды мұндай орындарда сақтау мүмкіндігін растайтын құжаттар ұсыныла отырып жүзеге асырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1228465?lang=ru
Қазақстан Сауд Арабиясының халықаралық стратегиялық әріптестіктер орталығымен диалогты нығайтуда 30.04.2026
Рияд, 2026 жылғы 29 сәуір – Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшісі Мадияр Меңілбеков Сауд Арабиясының халықаралық стратегиялық әріптестіктер орталығы басшысының м.а. Раад Әл-Баракатимен келіссөздер жүргізді.Сұхбат барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылап, саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы өзара іс-қимылды кеңейтуге ерекше назар аударды.Қазақстан Елшісі Сауд Арабиясының араб әлеміндегі Қазақстанның маңызды әріптесі екенін атап өтіп, өзара тиімді бастамаларды ілгерілетуге және диалогты одан әрі тереңдетуге мүдделілік білдірді.Өз кезегінде, Орталық басшылығы қазақ тарапымен институционалдық өзара іс-қимылды дамыту және бірлескен жобаларды қолдау арқылы ынтымақтастықты жандандыруға дайын екенін растады.Кездесудің қорытындысы бойынша қазақ-сауд байланыстарын одан әрі нығайту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.Сауд Арабиясының халықаралық стратегиялық әріптестіктер орталығы – 2017 жылы халықаралық стратегиялық ынтымақтастықты үйлестіру үшін құрылған мемлекеттік орган. Орталық өзге елдермен және халықаралық ұйымдармен саяси, экономикалық және қауіпсіздік салаларында әріптестіктерді дамыту және нығайтумен айналысады, сондай-ақ бірлескен жобалар мен келісімдерді үйлестіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1212167?lang=kk
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыс. 30.04.2026
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізуде.         Негізгі мақсат – оңалтудың сапасын, қолжетімділігін және тиімділігін арттыру, сондай-ақ нақты адамның қажеттіліктеріне бағдарлану.         Ағымдағы жылдың сәуір айында бұйрыққа өзгерістер енгізіліп, әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдарға ұсынылатын техникалық оңалту құралдарының құнын өтеу үшін берілетін кепілдендірілген соманы айқындау әдістемесі қайта қаралды.         Бұған дейін кепілдендірілген соманы анықтауды комиссия өткен қаржы жылындағы бағалардың орташа мәні туралы ақпараттың үш көзі — әлеуметтік қызметтер порталының деректері, тауарлардың мемлекеттік сатып алулары және әлеуетті өнім берушілердің коммерциялық ұсыныстары негізінде жүргізілді.         Жаңа әдістемеде кепілдендірілген сома әлеуметтік қызметтер порталының деректері мен электрондық дүкен деректерін ескере отырып есептелетін болады.         Осыған байланысты, тауарлардың нарықтық құны бойынша электрондық сауда алаңдарының агрегацияланған деректерін алу үшін әлеуметтік қызметтер порталын Қаржы министрлігінің цифрлық жүйелерімен интеграциялау жүргізілуде.         Болашақта цифрлық платформалардан алынған нақты нарықтық деректер негізінде кепілдендірілген соманы адамның араласуынсыз (қолмен реттеусіз), автоматты түрде қалыптастыру жоспарлануда. Бұл ашықтықты, объективтілікті және бірыңғай тәсілді қамтамасыз етеді         Негізгі күтілетін әсерлер:         - ОТҚ құнын қалыптастыру процесін толық цифрландыруды енгізу,         - адами фактор мен субъективтілікті болдырмау,         - әділ баға қалыптастыруды қамтамасыз ету,         - бюджет қаражатын ұтымды пайдалану.         Бұл ретте, мемлекет мұқтаж азаматтарды сапалы ОТҚ-мен қамтамасыз ету үшін негізсіз шығындарды жоятынын атап өткен жөн.         Босатылатын қаражат жүйені дамытуға бағытталады, оның ішінде қалпына келтірудің тиімділігі мен жылдамдығын арттыруға мүмкіндік беретін заманауи, технологиялық және қымбат оңалту құралдарын енгізуге жұмсалады.            Босатылатын қаражат жүйені дамытуға бағытталады, оның ішінде қалпына келтірудің тиімділігі мен жылдамдығын арттыруға мүмкіндік беретін заманауи, технологиялық және қымбат оңалту құралдарын енгізу көзделген.         Қосымша ретінде, жаңа тәсілдер халықты әлеуметтік қорғау саласындағы заманауи шешімдер пысықталатын және енгізілетін мамандандырылған алаң — Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығы арқылы іске асырылатынын хабарлаймыз.         Сондай-ақ биыл ғылыми орталық арқылы ОТҚ-ды қайтарудың пилоттық механизмі іске қосылады.         Ол тек қауіпсіз қайта пайдалануға болатын ОТҚ түрлеріне ғана қолданылады және жеке пайдаланылатын құралдарға (жөргектер, протездер және т.б.) қатысты емес.         Бұл механизм, мысалы, ОТҚ-ын жөндеу кезеңінде немесе уақытша қажеттілік туындағанда (айталық, ОТҚ жеткізілуін күту кезінде) ұзақ процедураларды күтпестен, адамды қажетті құралмен жедел қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.         Сонымен қатар, шешімдерді формальды мерзімдерге емес, ОТҚ-ның нақты жағдайы мен адамның жеке мұқтаждықтарына сүйене отырып қабылдауға мүмкіндік беретін әлеуметтік-техникалық сараптама қызметі енгізілуде.         Бұл шешімдердің негізділігін арттырып, алушылардың мүдделерін қорғайды.         Осылайша, ТСР-ды қайтару тетігін енгізудің күтілетін әсерлері:ТСР қолжетімділігін арттыру, күту мерзімдерін қысқарту;бюджет қаражатын тиімдірек пайдалану;ресурстарды ұтымды пайдалану;ТСР пайдалану мерзімін ұзарту;ТСР-дың техникалық жай-күйі мен тиімділігін мониторингтеу жүйесін қалыптастыру;ТСР-мен қамтамасыз ету жүйесінің ашықтығы мен басқарылуын арттыру.         Өзгерістердің негізгі мәні – қолжетімділікті арттыру, оңалту сапасын жақсарту, әлеуметтік қорғау жүйесінің ұтымдылығы мен әділдігін қамтамасыз ету.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-abay/press/news/details/1212114?lang=kk
Республиканский этап олимпиады CPFED Uzdik IT Ustaz 30.04.2026
«№9 гимназия базасындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ информатика пәнінің мұғалімі Федоров Юрий Владимирович 2026 жылдың 27-28 сәуір күндері Astana IT University базасында өткен «Uzdik IT Ustaz» Республикалық олимпиадасына қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша жүлделі III орынды иеленді.Құттықтаймыз!!!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1212116?lang=kk
Үшсайыстан облыстық жарыстарға қатысу туралы 30.04.2026
2026 жылғы 3 сәуірде Қарағанды қаласында облыстық үшсайыс жарыстары өтті.Жарыс қорытындысы бойынша Осакаров ауданы білім бөлімінің «Тірек мектебі (ресурстық орталық) №12» КММ командасы жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, ІІІ жалпыкомандалық орынды иеленді.Бұл нәтиже – педагогтердің жүйелі жұмысы мен оқушылардың табанды дайындығының жемісі. Команда жарыс барысында тәртіптілік пен ұйымшылдық танытып, жоғары нәтижеге ұмтылысын көрсетті.Осакаров ауданының білім бөлімі жүлдегерлерді құттықтап, алдағы уақытта жаңа жетістіктер тілейді!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1212125?lang=kk
Дәстүрден инновацияға: Ыбырай Алтынсарин идеялары негізінде білім беруді дамыту мәселелері талқыланды 30.04.2026
Қостанай облысында Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі базасында ұлы ағартушы, педагог және қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығына арналған «Ыбырай Алтынсариннің рухани-педагогикалық мұрасы және ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасуы» тақырыбындағы республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.Іс-шараны Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы мен Әдістемелік орталық ұйымдастырып, Техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің қолдауымен өткізілді. Конференцияны тікелей ұйымдастыруды Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі жүзеге асырды.Ауқымды жиын еліміздің түкпір-түкпірінен келген 140-тан астам қатысушыны біріктірді. Олардың қатарында ғылым және білім саласының өкілдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері, докторанттар, ғылыми қызметкерлер мен қоғам қайраткерлері бар.Конференция қазіргі білім беру жүйесін дамыту мәселелерін талқылауға және Ыбырай Алтынсариннің рухани-педагогикалық мұрасын заманауи талаптар тұрғысынан зерделеуге арналған маңызды алаңға айналды. Қатысушылар дәстүрлі құндылықтардың сабақтастығы мен білім беру үдерісіне инновациялық тәсілдерді енгізу мәселелеріне ерекше назар аударды.Пленарлық және секциялық отырыстар барысында ұлттық білім беру моделін қалыптастырудағы Алтынсарин идеяларының рөлі, жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесі, педагогика ғылымының дамуы, сондай-ақ заманауи білім беру технологияларын енгізу мәселелері кеңінен қарастырылды. Сонымен қатар отандық педагогиканың озық дәстүрлерін халықаралық тәжірибемен ұштастыру бағыттарына басымдық берілді.Конференция қорытындысы бойынша білім беру жүйесін одан әрі жетілдіруге, мамандар даярлау сапасын арттыруға және елдің ғылыми-білім беру әлеуетін дамытуға бағытталған нақты ұсынымдар әзірленді.Мұндай іс-шараларды өткізу кәсіби диалогты нығайтуға, озық тәжірибе алмасуға және ұлттық құндылықтарға негізделген, инновациялық дамуға бағытталған бірыңғай білім беру кеңістігін қалыптастыруға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1212050?lang=kk
Қызмет туралы 493-нысан бойынша мәліметтерді ұсыну туралы 30.04.2026
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Жаңа Салық кодексінің 56-бабының 6-тармағына сәйкес, сумен жабдықтау, су бұру, кәріз, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, қалдықтарды жинау (қоқыс шығару), лифт қызметтерін көрсету және/немесе көлік саласындағы қызметтерді көрсететін ұйымдар салық органы орналасқан жері бойынша есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-ына дейін электрондық түрде үшінші тұлғаларға көрсетілген қызметтер туралы ақпарат береді.Үшінші тұлғаларға көрсетілген қызметтер туралы ақпаратты ұсыну формасы және оны ұсыну тәртібі 2025 жылғы 30 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің №554 бұйрығымен бекітілген (Ережелер).Ережелерге сәйкес, 493-О «Қызметтер» формасын — «Сумен жабдықтау, су бұру, кәріз, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, қалдықтарды жинау (қоқыс шығару), лифт қызметтерін көрсету және/немесе көлік саласындағы қызметтерді көрсететін ұйымдар ұсынатын үшінші тұлғаларға көрсетілген қызметтер туралы ақпарат» ұсыну міндеттемесі ұйымдарға жүктелген.Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес, ұйымдар қатарына заңды тұлғалар жатады, ал жеке кәсіпкерлер осы категорияға кірмейді.Осыған байланысты, жеке кәсіпкерлер, соның ішінде жүк тасымалы саласында қызмет көрсететіндер, 493-О «Қызметтер» формасын ұсынуға міндетті емес.ШҚО Мемлекеттік кірістер департаментіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1212079?lang=kk
Ұлттық ұландағы кадрлық өзгерістер: Бас қолбасшының орынбасары және өңірлік қолбасшылықтардың қолбасшылары тағайындалды 30.04.2026
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және Ішкі істер министрінің бұйрығына сәйкес ҚР ІІМ Ұлттық ұланында кадрлық тағайындаулар жүзеге асырылды. Дәлірек айтқанда, Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары, сондай-ақ «Орталық» және «Батыс» өңірлік қолбасшылықтарының жаңа қолбасшылары тағайындалды.Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің тапсырмасы бойынша жаңа басшыларды жеке құрамға Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Аңсаған Балтабеков таныстырды.Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары лауазымына генерал-майор Бекайдар Қазкеев тағайындалды. Ол ІІМ Ұлттық ұланы жүйесінде 1991 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Қызмет жолында түрлі лауазымдарды абыроймен атқарған тәжірибелі офицер. «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталған. 2023 жылдан бастап осы уақытқа дейін Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы қызметін атқарған.«Орталық» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы болып полковник Нұрлан Мұхамедов тағайындалды. Ол ІІМ Ұлттық ұланы жүйесінде 1996 жылдан бері әскери қызмет атқарып келеді. Әр жылдары түрлі басшылық лауазымдарды атқарып, мол қолбасшылық және жедел басқару тәжірибесін жинақтаған. ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен және бірқатар медальдармен марапатталған. 2021 жылдан осы уақытқа дейін Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының Жауынгерлік дайындық Бас басқармасын басқарған.«Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы болып полковник Нариман Акбаров тағайындалды. Ол ІІМ Ұлттық ұланы жүйесінде 1994 жылдан бері қызмет етеді. Қызмет барысында түрлі жауапты лауазымдарды атқарып, білікті әрі кәсіби басшы ретінде өзін көрсетті. ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен және бірқатар наградалармен марапатталған. 2022 жылдан осы уақытқа дейін «Батыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы қызметін атқарған.Тағайындау кезінде офицерлердің кәсіби тәжірибесі, жоғары даярлық деңгейі мен әскери қызметтегі еңбегі ескерілді.Жаңа басшыларды таныстыру барысында оларға қызметтік-жауынгерлік іс-әрекетті одан әрі нығайту, жауынгерлік әзірлікті арттыру және құқықтық тәртіп әскерлеріне жүктелген міндеттерді тиімді орындау бағытында нақты міндеттер қойылды. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1212090?lang=kk
Цифрландыру іс жүзінде: Ұлттық ұланда «Ұсыныс алаңы» кері байланыс платформасы іске қосылды 30.04.2026
Мемлекет басшысы айқындаған цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту бағыты аясында құқықтық тәртіп әскерлерінде ішкі басқарудың заманауи тетіктері енгізілуде. Соның бірі – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тапсырмасымен іске қосылған «Ұсыныс алаңы» цифрлық платформасы.Платформа Ұлттық ұланның ақпараттық порталында орналастырылған және қызмет орны мен лауазымына қарамастан әрбір әскери қызметшіге құқықтық тәртіп әскерлерін дамытуға, қызметтік үдерістерді жетілдіруге қатысты ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді.Жобаның негізгі қағидаты – кері байланыс пен «еститін қолбасшылық» ұстанымы. Платформаға келіп түскен әрбір ұсыныс әскерді дамытуға бағытталған нақты құрал ретінде қарастырылады.Бүгінде платформа арқылы 155 ұсыныс келіп түсті. Оның 120-сы өзекті деп танылып, жұмысқа қабылданды. Бастамалар жауынгерлік және жедел-қызметтік әзірлік, инженерлік-техникалық қамтамасыз ету, ұйымдастырушылық-штаттық іс-шаралар, тәрбиелік және әлеуметтік-құқықтық жұмыс, сондай-ақ басқа да маңызды бағыттарды қамтиды.Келіп түскен ұсыныстар Бас қолбасшылықтың бейінді сарапшыларымен 15 күн ішінде қаралады. Ешбір бастама жауапсыз қалмайды, оның ішінде іске асыруға жатпайтын ұсыныстар да назардан тыс қалмайды. Мұндай жағдайда әскери қызметшіге себептері түсіндірілген сараптамалық қорытынды мен идеяны одан әрі пысықтауға қатысты ұсынымдар беріледі.«Ұсыныс алаңы» әскери қызметшілер бастамасының нақты нәтижеге ұласатынын көрсетуде. Әрбір ұсыныс назарға алынып, әскерді дамытуға бағытталған маңызды қадамға айналуы мүмкін. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1212098?lang=kk
«Бір шаңырақ астында» ашық есік күні өтті 30.04.2026
2026 жылдың 28 сәуірде Бейімбет Майлин ауданының мемлекеттік архиві Қазақстан халықтарының бірлігі күнін мерекелеуге орай «Бір шаңырақ астында» ашық есік күні өтті. Аудан келушілерге және қонақтарға архив қоймалары бойынша экскурсия жүргізілді, онда ҚР ҰАҚ 24 мыңнан астам құжаттары сақталады. Қонақтарға ауданның еңбек сіңірген тұлғалары В. Левченко мен Е. Омарованың жеке құжаттарының фотокөрмесі ұсынылды. Сондай-ақ келушілерге ұлттық тағамдар: қазақ, орыс және корей тағамдарын таңдауға мүмкіндік берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1211967?lang=kk
“Тасқарасу ауылдық округінің әкімінің аппараты” ММ-нің 2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебі 30.04.2026
Ұйғыр ауданының «Тасқарасу ауылдық округі әкімінің аппараты»       ММ-нің 2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебі  Уйғыр ауданының «Тасқарасу ауылдық округі әкімінің аппараты»" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер көрсету сұрақтары бойынша негізгі бағыттары:         - мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңнамалық актілерге сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету;         -мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасайды;         -көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсынды;         -мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттырады;         -мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын қарайды және олардың заңда көрсетілген мерзімдерінің сақталу туралы ақпарат ұсынады;         -көрсетілетін қызметті алушылардың сұранысы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетудің орындалу мерзімі туралы ақпарат береді;         -корсетілетін қызметті алушылардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына қарсы шаралар қабылдайды. Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер Уйғыр ауданының «Тасқарасу ауылдық округі әкімінің аппараты»" мемлекеттік мекемесіМекен жайы: индексі 041813, Алматы облысы, Ұйғыр ауданы,Тасқарасу ауылы, С.Сейфуллин  көшесі, №35.  Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат Уйғыр ауданының «Тасқарасу ауылдық округі әкімінің аппараты»" мемлекеттік мекемесінде 7 түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім шығару«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу»Жер учаскесін алуға кезекке қою         4.« Елді мекенде шегінде обьектілер салу үшін жер учаскелерін беру   -көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсынуЖерді жалға беру мерзімін ұзартуЖер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп төлеумен сатуПайдалануға берілгеннен кейін бұрын жалға алынған жер учаскесіне жеке меншік құқығын беруМемлекеттік қызмет көрсету нысаны          Аталған қызметтер электронды (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде, мемлекеттік корпорация арқылы, "электрондық үкімет" порталы арқылы көрсетіледі.         Бөлім арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тегін түрде көрсетіледі.  Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің саны           Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің саны – 3.«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу»         2.« Елді мекенде шегінде обьектілер салу үшін жер учаскелерін беру   -көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсынды;         3.Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім қабылдау   -мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын қарайды және олардың заңда көрсетілген мерзімдерінің сақталу туралы ақпарат ұсынады;        Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс          Көрсетілетін қызметті алушылармен кері байланыс жүргізіліп отырады. Атап айтар болсақ, қызмет алушылармен тиісті өтімдерін қарап, қажетті құжаттарды толықтыру немесе спорттық атақтарды беру шарттарын түсіндіру Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес өткізіліп отырады. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер          Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер жобалары Ұйғыр ауданы Тасқарасу ауылдық округі әкімдігінің сайты арқылы, Ұйғыр аудандық  газеті арқылы,  әлеуметтік желілер арқылы, оның ішінде округтің  https://www.instagram.com/tasqarasu_auyldyq_okrugi_?igsh=dnJyNXVvMzc5NWR3 инстаграм парақшасы арқылы жүргізіледі. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар           Уйғыр ауданының «Тасқарасу ауылдық округі әкімінің аппараты»" мемлекеттік мекемесі тарапынан бекітілген жоспарға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылып отырады. Ауыл ікімі  мен жауапты маман тарапынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтер үдерісіне тартылған мамандармен түсіндіру шаралары, қызмет алушылармен, қарапайым халықпен жиналыстар, акциялар мен семинарлар өткізіліп отырады.           2025 жылдың қорытындысы бойынша барлығы 1439 қызмет көрсетілді. Атап айтқанда:Әр түрлі анықтамалар алу — 247;Дәрігерлік тіркелупе өтінім беру — 49;Мекен жай бойынша тіреуге — 78;Шекара белдеуіне кіруге рұқсат қағаз алу — 15;Онлайн түрде ЕЦҚ кілтін алу — 1050.Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында жыл бойы 2 түсіндірме іс-шарасы ұйымдастырылды.     Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар          Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен адамдар жоқ. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат          Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.         Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мен мерзімдерінің, шағымдарды қарау мерзімдерінің бұзылуы анықталған жоқ. Тәртіптік жауапкершілікке тартылған адамдар жоқ.         Жеке және заңды тұлғалардан мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру туралы ұсыныстар түскен жоқ.  Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижесіне сәйкес, Уйғыр ауданының «Тасқарасу ауылдық округі әкімінің аппараты»" мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік мекемесі жұмысы  «жақсы» деп бағаланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/uigur-taskarasu/press/news/details/1211977?lang=kk
Мемлекеттің баға бақылау жүйесіндегі жаңа тәсілдері 30.04.2026
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасын реттеу – Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің негізгі басым бағыттарының бірі.Бағаны тұрақтандыру мақсатында мемлекеттік бақылауды қоса алғанда, кешенді шаралар іске асырылып жатыр.2026 жылдың басынан бастап ӘМАТ тізімі 19-дан 31 атауға дейін кеңейтілді. Осыған байланысты бақылау шараларын күшейту қажеттілігі туындап отыр.Ағымдағы жылдың сәуір айының ортасындағы жағдай бойынша, ӘМАТ-қа белгіленген шекті сауда үстемесін асырғаны үшін 1 406 әкімшілік айыппұл салынды. Бұл көрсеткіш 2025 жыл бойы осы бап бойынша тіркелген құқық бұзушылықтардың жалпы санының (2 913) шамамен 50 пайызына тең.Баға қалыптастыру тізбегіндегі делдалдық схемаларды анықтау бойынша өңірлік комиссиялардың жұмысы жанданды. Ел бойынша барлығы 372 отырыс өткізіліп, 1 092 заң бұзушылық анықталды, 974 хаттама толтырылды, тауар өткізу тізбегінен 118 делдал шығарылды.Негізгі бағыттардың бірі – электрондық шот-фактураларды талдау. Жыл басынан бері сауда үстемесін асыру тәуекелі бар 2 361 жағдай анықталып, олар бойынша мәліметтер өңірлік бөлімшелерге егжей-тегжейлі қарау және тиісті шаралар қабылдау үшін жолданды.Айта кету керек, министрлік бақылау жүргізудің заманауи тәсілдерін енгізуде. Электрондық шот-фактураларды талдау барысында цифрлық құралдар, соның ішінде жасанды интеллект технологиялары қолданылады. Бұл қысқа уақыт ішінде үлкен көлемдегі деректерді өңдеуге және құқық бұзушылықтарды анықтау тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.Тиімсіз делдалдықты болдырмау үшін деректерді талдаудың жаңа әдістері қолданылады. Атап айтқанда, бір өңір шеңберінде үш және одан да көп көтерме буын қатысатын тізбектер, сондай-ақ бір күн ішінде жасалған төрт және одан көп буынды мәмілелер анықталады. Бұдан бөлек, мәміле қатысушыларының өзара байланысы да талданады. Анықталған барлық тәуекелдер өңірлік комиссиялардың қарауына жіберіледі. Олардың міндеті – сауда заңнамасының сақталуын бағалап, тиімсіз делдалдарды тізбектен шығару бойынша шаралар қабылдау.Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі мемлекеттік бақылау тетіктерін одан әрі жетілдіруді және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған шараларды жалғастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1211934?lang=kk
Тұрғын үй сертификаттары 30.04.2026
Қостанай қаласының тұрғындарына бастапқы жарнаның 90%-на дейін (бірақ 1,5 млн теңгеден аспайды) тұрғын үй сертификатын алу мүмкіндігі берілген.Бағдарлама әлеуметтік осал топтарға, сондай-ақ белгілі бір сала мамандарына арналған. Сертификатты бастапқы және қайталама нарықтан баспана сатып алу кезінде пайдалануға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1211906?lang=kk
Мереке күніндегі ХҚКО мен МХҚКО-лардың жұмыс кестесі 30.04.2026
     «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының мамыр айындағы мерекелік күндердегі жұмыс кестесін хабарлайды.   Орталықтар Қазақстан халқының бірлігі күні, Отан қорғаушылар күні, Жеңіс күні, яғни 1,7,9 мамырда жұмыс істемейді.    2 және 11 мамыр -  кезекші орталықтар үшін жұмыс күні. Бұл күндері халыққа қызмет көрсету орталықтары 9:00-ден 13:00-ге жұмыс істейді, мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініштерді қабылдау 12:00-ге дейін жүзеге асады, ал дайын құжаттарды 13:00-ге дейін алып кетуге болады.    Айта кетейік, мереке күндерінен басқа уақытта барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар, оның ішінде кезекші бөлімшелер де, әдеттегі жұмыс кестесі бойынша қызмет көрсетеді.    Кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың тізімін Мемлекеттік корпорацияның ресми Instagram парақшасынан немесе 1414 нөмірі арқылы білуге болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1213719?lang=kk
Аудан әкімінің Темірлік ауылының тұрғындарымен есептік кездесуі. 30.04.2026
https://www.instagram.com/reel/DXufziVjXn-/?igsh=MXdqamE5cGR2aGpqАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-kegen/press/news/details/1211879?lang=kk
Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың аясында: Қазақстан жаһандық ядролық қауіпсіздікті нығайту жөніндегі халықаралық күш-жігердің назарында 30.04.2026
Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) штаб-пəтерінде Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа (ЯҚТШ) қатысушы мемлекеттердің Шолу конференциясы аясында Қазақстан Республикасының делегациясы халықаралық таратпау режимі жəне ядролық қарусыздануды нығайту бойынша белсенді жұмысын жалғастырды.Қазақстан Ядролық қарудан бос аймақтар жөніндегі коалицияның төрағасы ретінде Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақ туралы шарты (Семей шарты) шеңберінде қазақстандық делегацияның басшысы, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев Латын Америкасы мен Кариб бассейніндегі ядролық қаруға тыйым салу агенттігінің (OPANAL) Бас хатшысы Хуан Карлос Охедамен консультациялар өткізді. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар 2024 жылғы желтоқсанда қол қойылған Өзара түсіністік туралы меморандумды одан əрі нығайту үшін нақты шаралар мен қадамдарды келісті.Шолу конференциясы аясында Қазақстан БҰҰ-ның Қарусыздану мəселелері жөніндегі басқармасы (UNODA), БҰҰ Қарусыздану мəселелерін зерттеу институты (UNIDIR) жəне Nuclear Threat Initiative (NTI) үкіметтік емес зерттеу орталығы серіктестігімен ядролық қарудан бос аймақтарды нығайту жəне Семей шартының 20 жылдығына арналған арнайы іс-шара ұйымдастырды. Іс-шараны аша отырып, Е.Ашықбаев ядролық қарудан бос аймақтардың қарусыздану жəне жаһандық таратпау режимін тұрақтандыратын маңызды элементтердің бірі ретіндегі рөлін атап өтті.Пікірталасқа Орталық Азия елдерінің өкілдері, сондай-ақ ядролық қаруға ие мемлекеттердің делегация басшылары мен шолу конференциясына қатысушы сарапшылар белсенді қатысты. Талқылау барысында қатысушылар Семей шартына қатысты теріс кепілдіктер хаттамасын ратификациялауды аяқтау жəне басқа да ядролық қарудан бос аймақтардың хаттамаларын ратификациялау қажеттігін, сонымен қатар əлемнің басқа өңірлерінде жаңа аймақтарды құру қажеттігін ерекше атап өтті.Қазақстан делегациясының басшысы АҚШ, Қытай жəне Германия делегация басшыларымен нақты келіссөздер жүргізді. Кездесу барысында тараптар халықаралық қауіпсіздік күн тəртібінің өзекті мəселелері бойынша пікір алмасып, Қазақстанның шолу конференциясының Екінші бас комитетінде төрағалық етуі шеңберіндегі ұстанымдарын талқылады. Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаевтың ядролық державалар арасындағы диалогты қайта бастау туралы бастамасын іске асыру арқылы ядролық қауіпті азайтуға нақты əрі шынайы үлес қосуға дайын екенін қайтадан растады.ЯҚТШ Шолу конференциясы 2026 жылғы 22 мамырға дейін жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1211847?lang=kk
Қазақстанның СІМ басшысы Литва Елшісін қабылдады 29.04.2026
Астана, 2026 ж. 29 сәуір – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Литва Республикасының Астанадағы Елшісі Эгидиюс Навикасты қабылдады.Кездесу барысында тараптар екіжақты және халықаралық алаңдардағы Қазақстан мен Литва ынтымақтастығының жай-күйі мен перспективаларын талқылады. Сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, сондай-ақ көлік және логистика салаларындағы іс-қимылды жандандыру мәселелеріне айрықша назар аударылды.Министр Е. Көшербаев Литваның еліміз үшін Балтық өңіріндегі маңызды серіктесі екенін атап өтіп, Вильнюспен өзара тиімді және сындарлы ынтымақтастықтың одан әрі дами беретініне сенім білдірді.Елші Э. Навикас оның миссиясына көрсетіліп жатқан қолдау үшін ризашылығын жеткізіп, екі ел арасындағы өзара іс-қимылды жалғастыруға дайындығын мәлімдеді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар саяси диалогты одан әрі тереңдетуге, практикалық ынтымақтастықты кеңейтуге және түрлі деңгейлерде тұрақты байланыстарды жалғастыруға өзара мүдделілігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1211827?lang=kk
«Абай қырандары» командасы Өзбекстанда өткен жас патриоттар жарысында екінші орын олжалады 29.04.2026
Абай облысынан сайысқа барған «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері Чирчик қаласында өткен «Vatanparvarlar» халықаралық әскери-спорттық жарысында өздерінің мықты команда екенін көрсетті.Өзбекстан Қорғаныс министрлігі жарысты аты аңызға айналған қолбасшы Әмір Темірдің 690 жылдығына арнады. Құрлық әскерлері институтының базасында өткен жарыстарға Әзербайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей және Өзбекстан командалары қатысты.Сайыста белтемірге тартылу, АК-74 автоматын шашып-құрастыру бойынша нормативтерді, бірыңғай кедергілер жолағында бақылау жаттығуын орындады, мылтық ату және алғашқы медициналық көмек көрсетуде машықтарын көрсетті. Шығармашылық кезеңде олар өздерінің жан-жақты таланттары мен қабілеттерін паш етті.Жалпы командалық есепте жеті елдің ішінен бірінші орынды Өзбекстан құрамасы иеленді. Қазақстан командасы екінші орын еншіледі. Үшіншіні Қырғызстан мен Беларусь елінен келген жас патриоттар өзара бөлісті.– Жастарымыздың бұл жетістігі «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер қозғалысының және халықаралық мәртебеге ие болған «Айбын» жастар жиынының дамып келе жатқанын айғақтайды. Бұл сайысқа деген қызығушылық жыл сайын артып келеді. Қатысушы елдердің көбейіп келе жатқаны оған дәлел. Ұдайы жаттығулар мен бәсекелестік тәжірибе біздің командаға Өзбекстан жерінде де нәтижелі өнер көрсетуге ықпал етті, – деді Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығының бастығы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Арман Әсенов.«Абай қырандары» клубының тәрбиеленушілері әскери-қолданбалы эстафетада, арқан тартыста және шығармашылық байқауда үздік нәтиже көрсетті. Сонымен қатар, олар мылтық ату, белтемірге тартылу, АК-74 автоматын шашып-құрастыру жарыстарында екінші орын алды. Алғашқы медициналық көмек көрсету кезеңінде үшінші орынға тұрақтады.Ел намысын қорғаған команда құрамында 14 оқушы болды. Жарысқа дайындық Семей қаласының 44793 әскери бөлімінде өткізілді.«Абай қырандары» әскери-патриоттық клубының жетістігі – тамаша дайындық пен патриоттық рухтың айқын көрінісі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1211829?lang=kk
Қазақстан мен Испания алғашқы медициналық-санитариялық көмекті дамытуда көшбасшылықты нығайтуда 29.04.2026
Мадрид, 2026 ж. 28 сәуір – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Мадридке жұмыс сапары аясында Испания Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Хавьер Падилья Бернальдеспен кездесу өткізді.Тараптар денсаулық сақтау саласындағы екіжақты ынтымақтастық перспективаларын, әсіресе медициналық-санитариялық алғашқы көмекті (МСАК) дамыту, аурулардың алдын алу және денсаулық сақтау жүйесін басқару модельдерін жетілдіру мәселелерін талқылады.МСАК бойынша Жаһандық коалиция аясындағы өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды. Қазақ тарапы Испанияның Коалицияға 26-шы қатысушы мемлекет ретінде қосылғаны үшін алғыс білдіріп, тәжірибе алмасу мақсатында испан әріптестерін Қазақстанға шақырды.Қазақстан мен Испания МСАК-ты дамытуда жетекші орын алатыны атап өтілді. Атап айтқанда, Қазақстандағы ДДСҰ-ның алғашқы демонстрациялық платформасымен қатар, қазіргі уақытта Испания мен Швецияда осындай алаңдар жұмыс істейді.Қазіргі таңда МСАК бағыты бойынша практикалық ынтымақтастық дамып келеді, оның ішінде бірлескен техникалық сессиялар өткізу және сараптамалық білім алмасу жүзеге асырылуда.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге және бірлескен бастамаларды іске асыруға өзара қызығушылықтарын растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-madrid/press/news/details/1211820?lang=kk