Қазақстан Сауд Арабиясының халықаралық стратегиялық әріптестіктер орталығымен диалогты нығайтуда

Қазақстан Сауд Арабиясының халықаралық стратегиялық әріптестіктер орталығымен диалогты нығайтуда

30.04.2026 12:15:30 310

Рияд, 2026 жылғы 29 сәуір – Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшісі Мадияр Меңілбеков Сауд Арабиясының халықаралық стратегиялық әріптестіктер орталығы басшысының м.а. Раад Әл-Баракатимен келіссөздер жүргізді.

Сұхбат барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылап, саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы өзара іс-қимылды кеңейтуге ерекше назар аударды.

Қазақстан Елшісі Сауд Арабиясының араб әлеміндегі Қазақстанның маңызды әріптесі екенін атап өтіп, өзара тиімді бастамаларды ілгерілетуге және диалогты одан әрі тереңдетуге мүдделілік білдірді.

Өз кезегінде, Орталық басшылығы қазақ тарапымен институционалдық өзара іс-қимылды дамыту және бірлескен жобаларды қолдау арқылы ынтымақтастықты жандандыруға дайын екенін растады.

Кездесудің қорытындысы бойынша қазақ-сауд байланыстарын одан әрі нығайту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Сауд Арабиясының халықаралық стратегиялық әріптестіктер орталығы – 2017 жылы халықаралық стратегиялық ынтымақтастықты үйлестіру үшін құрылған мемлекеттік орган. Орталық өзге елдермен және халықаралық ұйымдармен саяси, экономикалық және қауіпсіздік салаларында әріптестіктерді дамыту және нығайтумен айналысады, сондай-ақ бірлескен жобалар мен келісімдерді үйлестіреді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1212167?lang=kk