Жаңалықтар
Қазақстан армиясының әскери қызметшісі Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды 12.01.2026
Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің әскери қызметшісі сержант Еламан Қуатов ересектер арасында 120 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әуесқой аралас жекпе-жектен (AMMA) Азия чемпионы атанды.Әуесқой аралас жекпе-жектен ағымдағы жылдың 5-12 қаңтар аралығында Қытай Халық Республикасының Луджоу қаласында өткен Азия чемпионаты құрлықтың ең мықты спортшыларын жинады.Тартысты әрі әсерлі жекпе-жектер барысында сержант Еламан Қуатов жоғары деңгейдегі спорттық шеберлігін көрсетіп, турнирдің алтын медалін жеңіп алды.Чемпиондық атаққа жету жолында қазақстандық әскери қызметші үш кездесу өткізді. Ол алғашқы айналымда Тайпей өкілін жеңсе, екінші жекпе-жекте Қытай Халық Республикасының спортшысын ұтты. Ал финалда Өзбекстан Республикасынан келген қарсыласын айқын басымдықпен ұтты.Бұл Қазақстан Республикасы Қарулы күштері тарихында әуесқой аралас жекпе-жектен Азия чемпионатындағы алғашқы алтын медаль болып отыр. Әскери спортшының жетістігі отандық армияның спорттық шежіресіне жаңа жарқын бет қосты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1139872?lang=kk
Ақтөбе облысының прокуратурасында қаржылық сауаттылық және интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды 12.01.2026
Ақтөбе облысының прокуратурасында Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ақтөбе филиалының өкілдері және директоры П.Асимбетованың, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Ақтөбе қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасының басшысы Н.Успановтың, жұмыс кездесу өткізілді.Кездесу барысында қатысушыларға Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің негізгі функциялары түсіндіріліп, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.Ерекше наза банктік саладағы интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл шараларына, сондай-ақ қаржылық құралдарды пайдалану арқылы жасалатын қылмыстардың алдын алуда бірлескен тәсілдерді қалыптастыруға аударылды.Мұндай іс-шараларды өткізу прокуратура органдары мен қаржы секторы өкілдері арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, азаматтардың құқықтарын тиімді қорғауға және қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-aktobe/press/news/details/1139874?lang=kk
Руководство подвело итоги работы, проведённой в период с января по ноябрь 2025 года, и обсудило основные результаты и показатели 12.01.2026
Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Шымкент қаласы бойынша цифрландыру басқармасының 2025 жылдың 11 айында атқарылған жұмыстарының қорытындыларына арналған бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен баспасөз конференциясы өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-sandyk/press/news/details/1139732?lang=kk
2026 жылдан бастап ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін КПН: негізгі өзгерістер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін өзгерістер бойынша түсіндірме береді. 12.01.2026
2026 жылдан бастап ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін КПН: негізгі өзгерістерҚазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін өзгерістер бойынша түсіндірме береді.КПН қай бюджетке түседі?Жаңа Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес,ірі кәсіпкерлік субъектілерінен алынатын корпоративтік табыс салығы (КПН)республикалық бюджетке аударылады.Бюджеттік сыныптама коды (БСК)Ірі кәсіпкерлік субъектілерінен түсетін КПН келесі БСК-ға есептеледі:101110(мұнай секторындағы ұйымдарды қоспағанда, ірі кәсіпкерлік субъектілері – заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы).КПН бойынша аванстық төлемдердегі өзгерістерЖаңа Салық кодексінің енгізілуіне байланысты КПН бойынша аванстық төлемдерді есептеу тәртібі өзгертілді.Аванстық төлемдер төлеу міндеті туындайтын СЖТ (СГД) шегі ұлғайтылды:бұрын — 350 000 АЕК2026 жылдан бастап — 600 000 АЕКІрі кәсіпкерлік субъектілерінің тізбесіҚазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасына сәйкес қалыптастырылған және мемлекеттік кірістер органдарына жолданды.Салық төлеушілерге маңызды:КПН-ды республикалық бюджетке дұрыс аударуТөлем жасаған кезде 101110 БСК-ны дұрыс көрсетуАванстық төлемдер бойынша жаңа талаптарды ескеруМемлекеттік кірістер органдары салық төлеушілерге түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, КПН-ның республикалық бюджетке дұрыс және уақтылы түсуін қамтамасыз етеді.Салық заңнамасындағы өзгерістер туралы өзекті ақпаратты алдағы жарияланымдарымыздан қадағалап отырыңыздар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1139742?lang=kk
Қазақстанның әскери қызметшілерін әлеуметтік қолдау: 2025 жылы не өзгерді? 12.01.2026
2025 жыл Қазақстанның әскери қызметшілерін әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесі үшін ең мазмұнды өзгерістерге толы кезеңдердің бірі болды. Қабылданған шаралар ақшалай үлеспен қамтуды, тұрғын үй мәселелерін, білім беру, отбасыларды қолдау және қызмет аяқталғаннан кейін азаматтық өмірге бейімдеуді қамтыды.Негізгі қадамдардың бірі лауазымдық жалақылардың өсуі болды. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап офицерлік құрамның жалақысы орта есеппен 20,3 пайызға, ал қатардағы және сержанттық құрамдікі 33,9 пайызға артты. Сонымен қатар бұрын жойылған далалық төлемдер жүйесі қайта енгізілді. 1 шілдеден бастап әскери қызметшілерге далалық шығуларға, теңіз жорықтарына және оқу-жаттығуларға қатысқан әрбір тәулік үшін іссапар рәсімдемей-ақ, 1,2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде далалық төлемдер төлене бастады.Алдағы уақытта да қосымша өзгерістер жоспарланған. 2026 жылғы1 қаңтардан бастап еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі аясында жалақыны арттырудың екінші кезеңі іске асады. Яғни, офицерлер үшін тағы 23 пайызға, ал қатардағы және сержанттық құрам үшін бірінші кезең деңгейінен 10 пайызға өсіру көзделген.Тұрғын үймен қамтамасыз ету саласы да елеулі түрде дамыды. 2025 жылғы 17 қарашадан бастап «Отбасы банк» тұрғын үй төлемдерін алатын әскери қызметшілерге арналған арнайы ипотекалық өнімдерді іске қосты. Бастапқы жарнасы 20 пайыздық «Әскери баспана» бағдарламасы қайталама тұрғын үй нарығынан баспана сатып алуға бағытталған. Алдын ала қарыз бойынша пайыздық мөлшерлеме жылына 18 пайыз және тұрғын үй құнының 50 пайызы жинақталған кезде 5 пайызға төмендейді. «Наурыз әскери» бағдарламасы бастапқы жарнасыз жаңа құрылыстан пәтер сатып алуға мүмкіндік береді. Астана мен Алматы қалаларында қарыздың ең жоғары сомасы 36 млн теңгеге дейін, басқа өңірлерде 30 млн теңгеге дейін, ал бастапқы жарна 20 пайыздан асқан жағдайда 80 млн теңгеге дейін жетеді. Қарыз бойынша пайыздық мөлшерлеме жылына 9 пайызды құрайды.2025 жылы әскери қызметшілердің отбасыларын қолдауға да ерекше көңіл бөлінді. Әскери қызметшілердің мыңнан астам баласы «Балдәурен» балалар сауықтыру орталығында демалып, денсаулықтарын нығайтты. Бұл Қорғаныс министрлігінің әлеуметтік саясатының маңызды бөлігіне айналды.Сонымен қатар мерзімді әскери қызметтің беделін арттыру және әлеуметтік кепілдіктерді кеңейту жұмыстары жалғасуда. Sarbaz 2.0 цифрлық жобасы іске қосылғалы бері 9 мыңнан астам үздік әскери қызметші білім беру гранттарына ие болды. Оның ішінде 3000-нан астамы жатақханаға басымдықпен орналастыру және шәкіртақы төлеу қарастырылған мемлекеттік гранттар екенін атап өту керек. Ел тарихында алғаш рет іріктеу толық автоматтандырылған форматта өтуде. Бұл жүйе сарбаздардың рейтингін тәртіп, дене дайындығы және жауынгерлік дайындық көрсеткіштері бойынша қалыптастырады. Ал алгоритм гранттарды таңдалған жоғары оқу орындары мен мамандықтар арасында өздігінен бөледі.Сарбаздар мен олардың отбасыларына түсетін қаржылық жүктеме де азайтылды. 20 мыңнан астам мерзімді әскери қызметші жалпы сомасы шамамен 8 млрд теңгені құрайтын «несиелік демалысты» пайдаланды. Сонымен қатар қызмет барысында сарбаздар еңбек нарығында сұранысқа ие ауыр жүк көлігінің жүргізушісі, экскаваторшы, байланыс маманы, дизелист-электрик, парамедик және басқа да кәсіптер бойынша жұмысшы мамандықтарын тегін меңгере алады. Оқу аяқталған соң оларға сертификаттар беріледі.Әлеуметтік саясаттың жаңа бағыты – әскери қызметшілерді қызметтен кейінгі өмірге даярлау. Қорғаныс министрлігі зейнетке шығар алдында әскери қызметшілерді бейімдеу бағдарламасын іске қосты. Енді олар әскери жоғары оқу орындарының базасында мектептерде алғашқы әскери дайындық пәнінен сабақ беру үшін, сондай-ақ әскери кафедраларда жұмысқа орналасу мақсатында тегін қайта даярлаудан өте алады. Бұл шешім офицерлердің кәсіби әлеуетін сақтауға және азаматтық қызметке біртіндеп көшуіне мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1139757?lang=kk
«Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы» тақырыбында кеңейтілген мәжіліс өтті 12.01.2026
Бүгін «Өнер орталығында» облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен, ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, құқық қорғау органдары, аумақтық департамент, басқарма басшыларының, зиялы қауым, ата-аналар комитеті өкілдерінің, мектеп директорлары, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сала мамандарының қатысуымен «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы» атты кеңейтілген мәжіліс өтті.Аймақ басшысы білім саласында атқарылған жұмыстарға, ұрпақ тәрбиесіндегі ауқымды міндеттерге тоқталды.«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Тәртіп жалпыға ортақ құндылыққа, ал заңға бағыну әркімнің өмір салтына айналуы тиіс. Ол үшін өскелең ұрпақтың бойына осы бастан жасампаздық қасиеттерді сіңіріп, оларды тәртіпке баулу қажет», – деп, балаларға терең әрі тағылымды тәрбие берудің маңыздылығын атап өтті.Бұл тұрғыда қоғамда «Заң мен тәртіп»қағидатын орнықтыру, балалардың мүддесін, құқығы мен бостандығын қорғау – баршамыздың міндетіміз. Сәт сайын өзгеріп, көз ілеспес жылдамдықпен дамуға бет алған бүгінгідей дәуірде рухани құндылықтар мен ұлттық тәрбиеөзегінен ажырап қалмау керек. Бұл – маңызды мәселе!Біздің ең бірінші міндетіміз – балаларымыздың жан-жақты, сапалы білім және саналы тәрбиеалуына қолайлы жағдай жасап, жайлы ортақалыптастыру.Аймағымыздың білім беру саласына 2022-2025 жылдары 1 трлн. 159 млрд. теңге бөлінді. 2022 жылдан бері 42 заманауи білім беру нысанысалынып, пайдалануға берілді. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы жобасы аясында 10жаңа мектеп салынып, ел игілігіне табысталды.2023 жылдан бері 9 мектеп жанынан қосымша ғимарат бой көтеріп, үш ауысымдық мектептер мәселесі түбегейлі шешімін тапты», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.Жиында Жұлдыз Досбергенқызы, Наурызбай Сейтқалиұлы, Мұрат Абдуламитұлы, облыс прокуроры Ризабек Кәрімұлы, облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Зинабдинұлы, облыс прокурорының орынбасары Нұрболат Серікұлы, ата-аналар комитетінің мүшесі, айтыскер ақын, облыстық мәслихат депутаты Мұхтар Мәуленұлы ой-пікірлерін бөлісті.Мәжілісте көтерілген мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырма жүктелді. Аймақ басшысы мектепішілік және полиция органдарының есебіндегі оқушыларды үйірмелерге тарту, олардың жазғы демалысынтиімді ұйымдастыруды тапсырды. Ерекше бақылауды қажет ететін, түрлі санаттағы отбасылардан шыққан балаларды шығармашылық және спорттық секцияларға қатыстыру жұмысын жалғастыру керек.Жасөспірімдер мен жастар арасындағы құқықбұзушылықтың, кибербуллингтің және заңсыз ойынның алдын алуды күшейту қажет. Учаскелік полиция инспекторларына есепте тұрған жасөспірімдерді қатаң бақылауда ұстау жүктелді.Вейп өнімдерін пайдалануға және сатуға толық тыйым салу өте маңызды. Заңға қайшы әрекеттердің алдын алу үшін мектептердегікелеңсіз жағдайларға дер кезінде назар аударып, тәртіп бұзушылықтың алдын алуға уақытылы мән беру қажеттігі атап өтілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1139603?lang=kk
Тазалық жұмыстары жалғасуда. 12.01.2026
Басқұдық ауылдық округі аумағында санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары тұрақты түрде жалғасуда. Атап айтқанда, қоқыс қалдықтарын жинау, рұқсат етілмеген орындарға тасталған қоқыстарды жою, көше бойларын тазарту және қоғамдық орындарды ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде.Тазалық – баршаға ортақ міндет екенін ескере отырып, Басқұдық ауылдық округі әкімдігі тұрғындарды ауыл ішіндегі санитарлық талаптарды сақтауға және қоршаған ортаны қорғауға шақырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-basqudyq/press/news/details/1139516?lang=kk
Жастарды белсенді еңбек етуге шақырды 12.01.2026
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мұрат Ергешбаев пен Мархабат Жайымбетов ауданға жұмыс сапары барысында ауданның белсенді жастарымен кездесті. Аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Нұржан Сейтжан орталықтың, жалпы аудан жастарының атқаратын және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстары мен жобаларын таныстырып өтті. Мұнан соң мәжіліс депутаттары аудан жастарымен кездесіп, ой-пікірін тыңдап, пікірлесті. – Еліміздің болашағы – бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Бүгінде елімізде жастарға көптеген мүмкіндіктер де жасалып жатыр. Соны дұрыс жағына пайдаланып, елдің дамуы жолында аянбай, белсенді еңбек етуге шақырамын, – деді Мәжіліс депутаты Мұрат Нәлхожаұлы. Кездесуде аудан жастары сөз сөйлеп, өз салаларында атқарып жатқан ауқымды жұмыстары және жетістіктерімен бөлісті. – Президентіміз 2026 жылды Қазақстанның жаңғырудың жаңа кезеңі деп атап, жастардың жарқын болашақ үшін маңызды рөліне баса назар аударады. Сондай-ақ Мемлекет басшысы жастарға арналған арнайы үндеуінде жаңа табыстарға жету үшін бірге жұмыс істеуге шақырды. Жастар – елдің болашағы, олардың білімді, рухани бай, белсенді болуы маңызды, сондықтан жастар талмай әркез ізденіп, еңбек етіп, даму қажет, – деді халық қалаулысы Мархабат Жайымбетов. Сырдария ауданы бойынша 14-35 жас аралығында 12257 жас бар. Бұл аудан халқының 32,3 пайызын құрайды. Мемлекеттік жастар саясатын аудан көлемінде «Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығының» мамандары жүргізіп келеді. Өткен жылы жастардың қатысуымен жалпы саны 94 іс-шара ұйымдастырылып, аталған іс-шаралар аясында 3619 жас қамтылды. «Отбасылық цифрлық картасы» базасын өзектендіру бойынша үй-үйді аралау бойынша 9 рет адрестік жұмыстары жүргізіліп, отбасылардың әлеуметтік жағдайына байланысты деректер нақтыланды. Жыл қорытындысы бойынша NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша үздік үштікте.«Жасыл ел» бағдарламасы бойынша 110 жас жұмыспен қамтылды. Аудан бойынша 2732 кәсіпкер тіркелген болса, оның ішінде 819-ы жас кәсіпкерлер. Сонымен қатар «Жұмысшы мамандықтар» жылына орай «Жұмысшы мамандық – еңбектің асқақ бейнесі» атты сұхбат тайм, «Мамандығым - мақтанышым» атты арнайы мамандардың қатысуымен семинар-тренинг мен мастер-класс және «Еңбек елдің - ертеңі» атты жұмысшы мамандықтар фестивалі өтті. Кездесу соңында мәжіліс депутаттары аудан жастарының жұмыстарына оң бағасын беріп, алдағы уақытта да жоғары нәтиже көрсетуге тілектестігін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1139518?lang=kk
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің мемлекеттік органдардың қызметінде қолданылуы туралы 12.01.2026
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша Департаментінде бақылау бөлімінің 2026 жылға арналған медиа жоспарына сәйкес «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің мемлекеттік органдардың қызметінде қолданылуы» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді. Семинар барысында Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы Д.Сенгербаев: Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің негізгі нормаларына тоқталып, оның мемлекеттік органдардың қызметінде қолдану ерекшеліктері мен практикалық маңызын түсіндірді. Сонымен қатар, қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, пікір алмасу жүргізілді. Іс-шара мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және әкімшілік рәсімдерді тиімді қолдануға бағытталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-konaev/press/news/details/1139523?lang=kk
Қазақ әдебиеті Нью-Делидегі халықаралық кітап көрмесінде таныстырылды 12.01.2026
Нью-Дели, 2026 жылғы 10-18 қаңтар - Қазақстан Республикасы Азия құрлығындағы ең ірі әдеби іс-шаралардың бірі болып саналатын «National Book Fair Delhi 2026» халықаралық кітап көрмесіне қатысуда.Аталған көрме Қазақстан тарапынан қатысуды ұйымдастыру және үйлестіру Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Елшілігі, тиісті Қазақстанның мемлекеттік, мәдени және баспа мекемелерінің қолдауымен жүзеге асырылып отыр.Кітап жәрмеңкесі аясында Қазақстанның ұлттық экспозициясы ұйымдастырылып, онда қазақ халқының әдеби мұрасын, классикалық және заманауи қазақстандық авторлардың шығармаларын, сондай-ақ елдің тарихи-мәдени және рухани құндылықтарын таныстыратын кітаптар ұсынылды. Іс-шараға Қазақстан Республикасының көрнекті әдебиет және ғылым өкілдері қатысуда, олардың қатарында: Айнұр Ахметова, PhD, әдебиеттанушы, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының жетекші ғылыми қызметкері, Алишер Айтуар, жазушы, драматург, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының оқытушысы және Саттар Мажитов, профессор бар.Көрме бағдарламасы шеңберінде қазақстандық әдебиеттің даму үдерістеріне арналған кәсіби кездесулер, тақырыптық пікіралмасулар, сұхбаттар және әдеби таныстырылымдар өткізілді.Сонымен қатар іс-шара аясында Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының «Қара сөздерінің» хинди тіліне аударылған басылымының таныстырылымы өтті. Аталған жоба Қазақстан Республикасының рухани-мәдени мұрасын халықаралық деңгейде кеңінен насихаттауға және Қазақстан мен Үндістан арасындағы мәдени ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған.Көрме барысында үнді оқырмандары тарапынан қазақ кітаптарына, мәдениетіне және Қазақстанға жоғары деңгейде қызығушылық танытылды.Қазақстан Республикасының «National Book Fair Delhi 2026» халықаралық кітап көрмесіне қатысуы қазақстандық әдебиетті халықаралық кеңістікте ілгерілетуге, мемлекеттер арасындағы мәдени дипломатияны дамытуға, сондай-ақ кітап шығару және аударма салаларындағы халықаралық әріптестікті кеңейтуге ықпал етіп отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-delhi/press/news/details/1139574?lang=kk
Теміржол вокзалының қайта жаңғырту жұмыстарын көрді 12.01.2026
Жұмыс сапарында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мұрат Ергешбаев пен Мархабат Жайымбетов Тереңөзек кентіндегі теміржол вокзалының қайта жаңғырту жұмыстарын көрді.Қазіргі таңда вокзал ғимаратының құрылысы қарқынды жүргізілуде. Аталған жоба аудан тұрғындары үшін маңызды болып табылады. Себебі, аудан аумағынан өтетін 46 шақырымдық теміржол желісі халықтың еркін қатынауына мүмкіндік береді. Жаңа вокзалдың пайдалануға берілуі жолаушыларға қолайлы жағдай жасап, көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға ықпал етеді. Бұл өз кезегінде Тереңөзек кентінің инфрақұрылымдық дамуына серпін бермек.– Темір жол арқылы көптеген тұрғындар қатынайды. Олар аудан аумағынан өткенде өңірдің әлеуетіне, санитарлық тазалығына баға беретін болады. Аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев темір жол вокзалдарының талапқа сай болуын, айналасының тазалығына үнемі мән береді. Сондықтан барлық талапты сақтап, қызмет сапасын арттыруға барынша күш салудамыз, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.Халық қалаулылары мердігер мекеме өкіліне құрылыс жұмыстары сапалы жүргізілу керектігін тілге тиек етті.Айта кетейік, «Тереңөзек теміржол вокзалын күрделі жөндеу және аумағын абаттандыру» жобасы әзірленген. Қазіргі таңда мердігер мекеме «РиА-Сервис ЛТД» ЖШС құрылыс жұмыстарын жүргізуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1139578?lang=kk
Аудан әкімі іргелі білім ордасына барды 12.01.2026
Бүгін оқу жылының үшінші тоқсанының басталуына орай аудан әкімі Берік Сәрменбаев аудан орталығындағы №131 Т.Қозыбаев атындағы орта мектепке барды. Аталған білім ошағын аралап, білім беру ұйымындағы кабинеттердің жабдықталуы, ыстық тамақпен қамтамасыз етілуі, материалдық-техникалық базасының жағдайымен танысты. Одан бөлек, жылу қазандығының жай-күйін көрді.Білім беру ұйымында 332 оқушы білім алса, оларға 54 мұғалім сапалы білім мен саналы тәрбие беруде. Оқушылардың сапалы білім алуы үшін барлық жағдай жасалған.Аудан әкімі елдің ертеңгі тізгіні білімді ұрпақтың қолында екенін айтып, білімді ұрпақты тәрбиелеу ұстаздар қауымына жүктелген абыройлы міндет екенін атап өтті. Жас ұрпақтың бойында тұлғалық қасиеттерді қалыптастырып, мектеп ұстаздарының кәсіби шеберліктерін одан әрі шыңдаудалуын, білім сапасын арттырудағы игі бастамаларда шығармашылық ізденіс, жаңа серпін болу керектігін жеткізді. Биыл мектеп бітіруші түлектермен кездесіп, қалаған мамандық иесі болуға, ҰБТ-дан жоғары бал жинауға тілектестік білдірді.Аудан басшысы аудандық білім бөлімінің басшысы мен мектеп директорына балалар қауіпсіздігін қатаң бақылауда ұстап, жылу беру маусымында мәселе туындамау керектігін тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1139583?lang=kk
Қазақстанның 2025 жылғы ЖІӨ өсімі 6,5%-ды құрады 12.01.2026
Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректеріне сәйкес, 2025 жылдың қаңтар-желтоқсан айларының қорытындысы бойынша Қазақстанның жалпы ішкі өнімі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,5%-ға өсті.Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет экономиканы әртараптандыру жөнінде жүйелі шаралар қабылдауда. Өткен жылы экономикалық өсімге негізгі үлесті көлік, құрылыс және сауда салалары қосты.Өнеркәсіп өндірісінің индексі жыл қорытындысы бойынша 7,4%-ды құрады. Өңдеу секторы 6,4% деңгейінде тұрақты өсімді көрсетуде. Көрсеткіштер азық-түлік өндірісінің 8,1%-ға, өңделген мұнай өнімдерін өңдеу 5,9%-ға, химия өнеркәсібі өнімдерінің 9,8%-ға, металлургияның 1,2%-ға, машина жасау өнімдерінің 12,9%-ға ұлғаюына байланысты қамтамасыз етілді. Өсім Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау, Түркістан облыстарында, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында байқалды.Жыл қорытындысы бойынша көлік және қоймалау саласындағы өсім 20,4%-ды құрады (қаңтар-қарашада – 20,3%). Бұл жүк тасымалы көлемінің, ең алдымен автомобиль және теміржол көлігі арқылы тасымалдаудың ұлғаюына, сондай-ақ бірқатар өңірде жолаушылар тасымалының артуына байланысты болды. Қосымша көлік қызметтерінің, оның ішінде жүктерді экспедициялау, әуе қозғалысын басқару қызметтерінің, әуежайлардың, қоймалар мен пакгауздардың қызметтерінің, астық сақтау қызметтерінің және салқындатылған жүктердің көлемінің артуы байқалады.Құрылыс саласында өсім 15,9%-ды құрады, бұл 2025 жылғы қаңтар–қараша (14,7%) көрсеткішінен жоғары. Өсім жайлы мектептер, медициналық нысандар, көлік және инженерлік инфрақұрылымдар салуды қоса алғанда, инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларды жүзеге асырумен қамтамасыз етілген. 2025 жылғы қаңтар-желтоқсанда пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы ауданы 20,1 млн шаршы метрді құрады, бұл 2024 жылғы деңгейден 5,1%-ға жоғары.Сауда саласында да оң серпін сақталды: 2025 жылдың қаңтар–желтоқсан айларында өсім 8,9%-ды құрады (қаңтар-қарашада – 8,8%). Негізгі үлес жалпы көлемнің үштен екісінен астамын құраған көтерме саудаға тиесілі болды. Көтерме сауда көлемінің өсу қарқынына астық, тұқым және мал азығын сататын кәсіпорындар – 2,6 есе, машиналар мен жабдықтар – 99,8%, фармацевтикалық тауарлар – 44,1%, автомобильдер мен жеңіл автокөлік құралдары – 33%, сүт өнімдері, жұмыртқа мен майлар – 25,8%, қант, шоколад және қантты кондитерлік өнімдер – 21,2%, кең ассортименттегі тауарлар – 12,5% әсер етті.Ауыл, орман және балық шаруашылығындағы көрсеткіштер 5,9% құрады. Өсім өсімдік шаруашылығында (7,8%) және мал шаруашылығында (3,3%) оң динамика қамтамасыз етілген.Ақпарат және байланыс саласында өсім 3,6%-ды құрады.Жалпы алғанда, 2025 жылдың қорытындысы бойынша экономиканың жиынтық өсімі негізгі салалардың тұрақты дамуын көрсетті.https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1139501?lang=kkАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-ekonomika-zhosparlau/press/news/details/1140137?lang=kk
Дүкендерге мониторинг жұмыстары жүргізілді 12.01.2026
Басқұдық ауылдық округі әкімінің орынбасары А. Жангелдин, Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің маманы, Халықтық бақылау тобының мүшелері және ауылдық округтің депутаты С. Хантораевпен бірге Басқұдық ауылдық округі аумағында орналасқан “Қызғалдақ”, “Айдана”, “Құрмет”, “Ақсұлтан” азық-түлік дүкендері мен “Нұр Ази” шағын маркетіне мониторинг жұмыстарын жүргізді.Мониторинг барысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға белгілеу талаптарының сақталуы, атап айтқанда, үстеме бағаның 15%-дан аспауы және әрбір тауарға баға көрсеткішін қою қажеттілігі жөнінде кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Монитроинг мақсаты – ауыл тұрғындарының әлеуметтік әл-ауқатын сақтау және азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу. Аталған жұмыстар жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-basqudyq/press/news/details/1139507?lang=kk
Халық қалаулылары ардагерлермен кездесті 12.01.2026
Бүгін ауданға жұмыс сапары барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мұрат Ергешбаев пен Мархабат Жайымбетов аудан ардагерлерімен кездесті.Кездесу барысында халық қалаулылары ардагерлерді Жаңа жылмен құттықтап, елдегі азаматтардың жағдайын көзбен көру, ауылдық елді мемекендерді дамыту, азаматтарды әлеуметтік қолдау бағытында мемлекет тарапынан жасалып отырған жұмыстардың жүзеге асырылу барысымен танысу мақсатында жұмыс сапарымен келгендерін атап өтті. Сонымен бірге, ашық пікір алмасу арқылы жергілікті жерлердегі негізгі проблемалық мәселелерді анықтап, оларды заңнамалық тұрғыда жүзеге асуына қолдау білдіру екенін айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті.Өз кезегінде аудан ардагерлері Сыр өңірінде, оның ішінде ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға ризашылықтарын білдірді. Сондай-ақ, депутаттарға ұсыныс-пікірлерін жеткізді.Халық қалаулылары ұсыныстарды назарға алып, сол бағытта жұмыстар жүргізілетінін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1139454?lang=kk
Байқоңыр қаласындағы мектеп-лицейдің материалдық базасымен танысты 12.01.2026
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Қармақшы аудандық білім бөліміне қарасты Байқоңыр қаласындағы №277 мектеп-лицейдің жұмысымен және материалдық базасымен танысты.Оған Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев қатысты. Мектеп-лицейде «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен инновациялық обсерватория, ракета модельдеу, СТЭМ, химия, биология, робототехника, математика, физика, география, тарих, бастауыш сынып кабинеттері, кітапхана, арнайы телестудия 245, 6 млн теңгеге жабдықталған болатын.Нақтырақ айтсақ, обсерватория кабинетінде "Жұлдызды аспан" глобусы, интерактивті панель, телескопқа линзалар жинағы, күн фильтрі, бейнекамералар, планисфералар бар. Ракета модельдеу кабинеті арнайы жинақпен, ноутбуктер, шағын зертханалар, цифрлық микроскоптар, старттық құрылғылармен, СТЭМ кабинеті 3Д принтер, модельдеу жиынтықтарымен қамтамасыз етілді.Ал, физика кабинеті электр және оптика бөлімдеріне, жаратылыстану ғылымына, молекулалық физика және термодинамикалық бөлімдерге арналған демострациялық құралдармен жабдықталды. Биология кабинетіне де жиһаздар, зертханалық құралдар, цифрлық микроскоптар, микропреператтар, ылғал препараттар, адам ағзасының модельдері берілді. Химия кабинетіне зертханалық жабдықтар, химиялық препараттар, цифрлық зертхана жинағы, демонстрациялық жұмысқа арналған жиынтықтар, телестудия, арнаулы компьютер, камералар, диодтық жарық жинағы, акустикалық құралдар, телевизор алынды. АRT-студияға гончарлық қондырғылар, сурет салуға арналған құрал-жабдықтар қойылған.Оқу-ағарту министрі атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, алдағы міндеттерге тоқталды.Айта кетейік, білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жаңғырту бағытында қарқынды жұмыстар жүргізілуде."Қазақстан халқына" қоры өңірдің әр саласына 12 млрд. 851 млн теңге қаржы бөлді.Сондай-ақ, 2 млрд. 700 млн. теңгеге 58 мектептегі 317 пәндік кабинет жаңартылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1139460?lang=kk
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері жеке табыс салығынан (ЖТС) босатылады 12.01.2026
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген жаңа Салық кодексіне сәйкес, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) төленетін зейнетақы төлемдері, сондай-ақ тұрғын үй жағдайын жақсарту немесе емделу мақсаттарына арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) жеке табыс салығынан (ЖТС) босатылады.Бұл норма Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын тұлғаларға төленетін зейнетақы төлемдеріне қолданылмайды. Бұрын қалай болды?Бұрын БЖЗҚ-дан берілетін барлық зейнетақы төлемдері, оның ішінде біржолғы зейнетақы төлемдері де, табыс ретінде қарастырылып, төлем көзінен 10% мөлшерлеме бойынша ЖТС ұсталатын.Зейнетақы жарналары жеке зейнетақы шоттарына салық салынбай тұрып аударылып, жеке табыс салығы төлем жасау кезінде ұсталатын. Бұл ретте түзету сомалары мен салықтық шегерімдер ескерілді.Тұрғын үй немесе емделу мақсаттарына пайдаланылған біржолғы зейнетақы төлемдерінен де ЖТС ұсталатын. Алушы өз қалауы бойынша салықты төлем алған кезінде бірден немесе зейнетке шыққанға дейін кейінге қалдырып, төлемдер кестесіне сәйкес төлеу тәсілін таңдай алатын. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қалай болады?2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының резиденттері үшін зейнетақы төлемдерінің барлық түрлерінен, оның ішінде біржолғы зейнетақы төлемдерінен ЖТС ұсталмайды. ЖТС тек Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын тұлғаларға берілетін зейнетақы төлемдерінен ғана ұсталады.Сонымен қатар, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап тұрғын үй немесе емделу мақсаттарына арналған біржолғы зейнетақы төлемдері бойынша зейнетке шыққанға дейін кейінге қалдырылған ЖТС төлеу міндеттемелері жойылады, алайда бұрын бюджетке төленген салық сомалары қайтарылмайды.Әлеуметтік осал топтарға жататын тұлғалар біржолғы зейнетақы төлемдері түріндегі салық салынатын табысқа қатысты тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 882 еселенген мөлшері шегінде салықтық шегерім қолдану құқығына ие.Бұл санатқа I, II немесе III топтағы мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-аналардың немесе қорғаншылардың бірі, жетім балаларды асырап алған (қамқорлығына алған) ата-аналардың бірі, әскери қимылдарға қатысқан ардагерлер және өзге де тұлғалар жатады. Аталған тұлғалардың толық тізбесі Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 404-бабында көрсетілген. Егер осы санатқа жататын алушылар біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану кезінде ЖТС-ты бірден төлеген болса, олар БЖЗҚ-ға тиісті өтінішпен және растайтын құжаттармен жүгініп, жаңа Салық кодексіне сәйкес ЖТС-ты қайта есептеп, қайтару мәселесін БЗТ алынған күннен бастап үш жыл ішінде жүзеге асыра алады. Тағы қандай өзгерістер бар?2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке тұлғаның өз пайдасына аударған ерікті зейнетақы жарналары бойынша салықтық шегерімдер жойылады. Бұрын бұл шегерімдер Салық кодексінде белгіленген мөлшерде төлем көзінен салық салынатын табысқа қолданылатын.Бұл ретте жұмыс берушінің БЖЗҚ-ға өз қызметкерінің пайдасына аударған ерікті зейнетақы жарналары жеке тұлғаның (қызметкердің) табысы болып есептелмейді. Тиісінше, оған ЖТС салынбайды. Ал жұмыс беруші үшін мұндай шығыстар корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде шегерімге жатады.Яғни, бұл жағдайда қызметкер де, жұмыс беруші де салықтық жеңілдікке ие болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-beyneu/press/news/details/1142929?lang=kk
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері жеке табыс салығынан (ЖТС) босатылады 12.01.2026
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген жаңа Салық кодексіне сәйкес, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) төленетін зейнетақы төлемдері, сондай-ақ тұрғын үй жағдайын жақсарту немесе емделу мақсаттарына арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) жеке табыс салығынан (ЖТС) босатылады.Бұл норма Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын тұлғаларға төленетін зейнетақы төлемдеріне қолданылмайды. Бұрын қалай болды? Бұрын БЖЗҚ-дан берілетін барлық зейнетақы төлемдері, оның ішінде біржолғы зейнетақы төлемдері де, табыс ретінде қарастырылып, төлем көзінен 10% мөлшерлеме бойынша ЖТС ұсталатын.Зейнетақы жарналары жеке зейнетақы шоттарына салық салынбай тұрып аударылып, жеке табыс салығы төлем жасау кезінде ұсталатын. Бұл ретте түзету сомалары мен салықтық шегерімдер ескерілді.Тұрғын үй немесе емделу мақсаттарына пайдаланылған біржолғы зейнетақы төлемдерінен де ЖТС ұсталатын. Алушы өз қалауы бойынша салықты төлем алған кезінде бірден немесе зейнетке шыққанға дейін кейінге қалдырып, төлемдер кестесіне сәйкес төлеу тәсілін таңдай алатын. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қалай болады? 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының резиденттері үшін зейнетақы төлемдерінің барлық түрлерінен, оның ішінде біржолғы зейнетақы төлемдерінен ЖТС ұсталмайды. ЖТС тек Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын тұлғаларға берілетін зейнетақы төлемдерінен ғана ұсталады.Сонымен қатар, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап тұрғын үй немесе емделу мақсаттарына арналған біржолғы зейнетақы төлемдері бойынша зейнетке шыққанға дейін кейінге қалдырылған ЖТС төлеу міндеттемелері жойылады, алайда бұрын бюджетке төленген салық сомалары қайтарылмайды.Әлеуметтік осал топтарға жататын тұлғалар біржолғы зейнетақы төлемдері түріндегі салық салынатын табысқа қатысты тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 882 еселенген мөлшері шегінде салықтық шегерім қолдану құқығына ие.Бұл санатқа I, II немесе III топтағы мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-аналардың немесе қорғаншылардың бірі, жетім балаларды асырап алған (қамқорлығына алған) ата-аналардың бірі, әскери қимылдарға қатысқан ардагерлер және өзге де тұлғалар жатады. Аталған тұлғалардың толық тізбесі Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 404-бабында көрсетілген. Егер осы санатқа жататын алушылар біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану кезінде ЖТС-ты бірден төлеген болса, олар БЖЗҚ-ға тиісті өтінішпен және растайтын құжаттармен жүгініп, жаңа Салық кодексіне сәйкес ЖТС-ты қайта есептеп, қайтару мәселесін БЗТ алынған күннен бастап үш жыл ішінде жүзеге асыра алады. Тағы қандай өзгерістер бар? 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке тұлғаның өз пайдасына аударған ерікті зейнетақы жарналары бойынша салықтық шегерімдер жойылады. Бұрын бұл шегерімдер Салық кодексінде белгіленген мөлшерде төлем көзінен салық салынатын табысқа қолданылатын. Бұл ретте жұмыс берушінің БЖЗҚ-ға өз қызметкерінің пайдасына аударған ерікті зейнетақы жарналары жеке тұлғаның (қызметкердің) табысы болып есептелмейді. Тиісінше, оған ЖТС салынбайды. Ал жұмыс беруші үшін мұндай шығыстар корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде шегерімге жатады.Яғни, бұл жағдайда қызметкер де, жұмыс беруші де салықтық жеңілдікке ие болады. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1148929?lang=kk
Қорғаныс министрі Қызылорда облысындағы әскери нысандарды тексерді 12.01.2026
Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барып, өңірдегі әскери басқару органдарының қызметімен және әскери бөлімдердің жай-күйімен танысты.Облыстық аумақтық қорғаныс бригадасында министр командирдің ағымдағы жағдай туралы баяндамасын тыңдап, 99215 әскери бөлімінің штаб жұмысына, сондай-ақ жеке құрамның орналасу және тамақтану жағдайларына тексеру жүргізді.Қорғаныс істері жөніндегі департамент пен қалалық басқармада министрге жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп өткізілген күзгі әскерге шақыру науқанының қорытындылары және запастағы әскери қызметшілерді даярлау барысы туралы баяндалды. Сонымен бірге, әскери мекемелердің ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталып, жаңартылған ғимараттарына ерекше назар аударылды.66597 әскери бөлімінде қорғаныс ведомствосының басшысы штабтың жұмысын бағалап, казарма мен асхананы аралап, сарбаздармен әңгімелесті, сондай-ақ әскери қызметшілердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларымен танысты.Сонымен бірге дербес барлау полкінің зымыран-артиллериялық қару-жарақ қоймасы мен жауынгерлік машиналар паркінің жағдайына айрықша көңіл бөлінді.Сапар қорытындысы бойынша Қорғаныс министрі бөлімшелердің жауынгерлік әзірлігі мен ұрысқа қабілеттілігін арттыруға, қызмет ету жағдайларын жақсартуға және жеке құрамның жоғары моральдық рухын сақтауға бағытталған нақты тапсырмалар берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1139306?lang=kk
Салық салу режимін таңдау туралы 12.01.2026
🔹2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Қазақстан Республикасының Салық кодексі (бұдан әрі – Салық кодексі) күшіне енді, осыған байланысты 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI ҚРЗ «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексі өз күшін жойды.Осылайша, 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылған барлық арнаулы салық режимдерінің қолданылуы тоқтатылды, ал 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық салық төлеушілер жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолданушылары болып танылады.🔹Салық кодексінің 723-бабында көзделген шарттарға сәйкес келетін салық төлеушілер үшін Салық кодексінің 840-бабымен өтпелі ережелер қарастырылған, оған сәйкес қолданылатын салық салу режимі (арнаулы салық режимі) туралы хабарламаны 2026 жылғы 1 наурызға дейін ұсыну қажет.Аталған мерзімде мұндай хабарлама ұсынылмаған жағдайда, салық төлеуші 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолданушы болып танылады.🔹Егер 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін арнаулы салық режимін қолданған салық төлеуші 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті қолданса және тіркеу деректерінде көрсетілген режимді өзгертуді қаласа, ол 2026 жылғы 1 наурызды күтпей-ақ, жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін көрсете отырып, қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны ұсынуға құқылы.Нәтижесінде тіркеу деректерінде 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылатын салық салу тәртібі өзгертіледі.🔹2026 жылғы 1 наурызға дейін қолданылатын салық салу режимі (арнаулы салық режимі) туралы хабарламаны ұсынбаған салық төлеушілерге тіркеу деректерінде 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібі автоматты түрде тағайындалады.▫️Салық кодексінің 716-бабының ережелері 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген Салық кодексінің нормаларына сәйкес жаңа арнаулы салық режимін таңдаған салық төлеушілерге қолданылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1139300?lang=kk