Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

Қазақстан мен Дания ынтымақтастықты кеңейтуді жоспарлауда 29.05.2025
Астана, 2025 жылғы 23 мамыр – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Дания Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі (резиденциясы Мәскеуде орналасқан) Йеспер Вармен кездесті.Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын, соның ішінде саяси диалогты дамыту, сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестікті кеңейту, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды ілгерілету мәселелерін талқылады.Министрдің орынбасары ауыл шаруашылығы, энергетика, «жасыл» технологиялар, көлік және логистика сияқты салалардағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.Р.Василенко дат компанияларын Қазақстандағы инвестициялық жобаларға белсенді қатысуға шақырды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар белсенді диалогты жалғастыруға дайын екенін білдірді.Анықтама: 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Дания арасындағы тауар айналымы 161 млн АҚШ долларын құрады (экспорт – 34,9 млн, импорт – 126,1 млн). 2005 жылдан бастап Даниядан Қазақстанға тікелей инвестициялар көлемі 300 млн доллардан асты. Қазақстанда дат капиталының қатысуымен 30 кәсіпорын жұмыс істеуде, олардың қатарында «Carlsberg Group», «Maersk Oil» және «Novo Nordisk» сияқты компаниялар бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1003053?lang=kk
Аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті 29.05.2025
Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті. Күн тәртібінде негізгі үш мәселе қаралды. Бірінші мәселе экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимылдың мемлекеттік жүйесін дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспардың аудан көлемінде орындалуы мен қабылданған шаралардың тиімділігі туралы. Екінші мәселе «Кәмелетке толмағандар арасында, дене шынықтыру және спорт саласында экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған жол картасы» аясында атқарылған шаралар туралы. Үшінші мәселе 2024 жылы аудан аумағындағы террористік тұрғыдан осал объектілерге жүргізілген тексерулердің қорытындысы және аталған объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын жетілдіру шаралары туралы.Аудан басшысы баяндамашылардың ақпараттарын тыңдап, қауіпсіздік деңгейін арттыру, нысандардың терроризмге қарсы қорғалуын жетілдіру мен алдын алу шараларын күшейту бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1002782?lang=kk
Жер сілкінісіне дайындық жаттығуы. 29.05.2025
20 мамыр күні КМҚК «Борас орта мектеп-бақшасы» аудандық сейсмотренировкалық жаттығуға қатысты. Жаттығудың мақсаты – жер сілкінісі жағдайында қызметкерлер мен оқушылардың әрекеттерін пысықтау болды.Жаттығу барысында дабыл сигналына сәйкес әрекет ету, оқушылар мен қызметкерлерді мектеп ғимаратынан эвакуациялау, сондай-ақ төтенше жағдай кезінде жауапты тұлғалардың әрекетке дайындығы тексерілді. Барлық қатысушылар ұйымдасқандық пен жауапкершілікті көрсетіп, азаматтық қорғаныс жоспарына сәйкес тапсырмаларды орындады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/1002798?lang=kk
Жасыл болашақ: Қостанай облысында 14 миллионнан астам көшет отырғызылды 29.05.2025
Қостанай облысында көктемгі орман отырғызу науқаны сәтті аяқталды. Ауқымды жұмыстар Қазақстан Республикасы Президентінің экологиялық жағдайды жақсарту және «Таза Қазақстан» ұлттық бағдарламасын іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында жүргізілуде. Биыл 2 мың гектардан астам аумаққа 14,4 миллион қылқан жапырақты және жапырақты ағаш көшеттері отырғызылды. Аймақты көгалдандыру 592 адам, 100 трактор және 75 орман отырғызу техникасының үйлесімді жұмысының нәтижесі болды.Орман отырғызу жұмыстары 2021–2027 жылдарға арналған орманды молайту және орман өсірудің кешенді жоспары аясында жыл сайын өткізіледі. Көктем мезгілі мұндай жұмыстар үшін ең қолайлы уақыт болып саналады — жылы ауа райы мен топырақ ылғалы көшеттердің жақсы тамырлануына септігін тигізеді. Мамандардың айтуынша, биылғы маусымның ауа райы ерекше қолайлы болды, бұл жоғары тіршілік ету көрсеткішіне үміт береді.Көктемгі кезеңнің маңызды оқиғасына айналған «Бүкілқазақстандық орман отырғызу күні» экологиялық акциясына орман шаруашылығы қызметкерлері, еріктілер, мектеп оқушылары мен кәсіпорын өкілдері қатысты. Қатысушылардың бірлескен еңбегімен мыңдаған ағаштар отырғызылып, әрбір көшет өңірдің экологиялық таза болашағына қосылған үлеске айналды.«Орманды қалпына келтіру — тек мамандардың ғана емес, бүкіл облыс тұрғындарының ортақ ісі. Әрбір отырғызылған көшет — экологияны жақсартуға, табиғи тепе-теңдікті сақтауға және келешек ұрпақтың қамын ойлауға қосқан үлес», — деп атап өтті облыстық табиғи ресурстар басқармасында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1002809?lang=kk
Қостанай облысының Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссиясының отырысы өткізілді 29.05.2025
Ағымдағы жылдың 21 мамырында Қостанай облысының Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссиясының отырысы өтті.Қостанай облысының Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссиясының отырысында мәселелер қаралды: - 2024-2025 ж. ж. қысқы кезеңнің өтуін қорытындылау- 2025 жылғы су тасқыны кезеңінен өту қорытындысы және 2026 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық- балалардың сауықтыру лагерьлеріндегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары мен жай-күйі туралы- 2025 жылғы шомылу маусымына дайындық барысы туралыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/upr-ump-kostanay/press/news/details/1002814?lang=kk
КӘСІПКЕРЛЕР НАЗАРЫНА! 29.05.2025
Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыруға арналған конкурсқа өтінім қабылдау басталдыАлатау қаласының әкімдігі бекітілген орындарда Стационарлық емес сауда объектілерін (ларёк, шатыр, арба және т.б.) орналастыруға конкурс жариялайды.КОНКУРСТЫҢ МАҚСАТЫ:Жергілікті өндірушілерге қолдау көрсетуМаусымдық және мобильді сауданы ретке келтіруСанитарлық тәртіпті қамтамасыз етуҚАТЫСУҒА ШАҚЫРЫЛАДЫ:Жеке кәсіпкерлерШаруа (фермер) қожалықтарыҚазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлғаларҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР:Белгіленген үлгідегі өтінішЖеке куәлік / БСН көшірмесіЖК/ЖШС тіркеу туралы куәлікӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ МЕРЗІМІ:Өтінім қабылдау басталатын күн: 23.05.2025 ж.Өтініш беру форматы: қағаз түрінде немесе электрондыБарлық сұрақтар бойынша келесі мекенжайға хабарласуға болады:«Алатау қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ, Алатау қ., Қоянқұс ш.а., Бауыржан Момышұлы көшесі, 157/1, Тел.: 8 778 969 76 69, электрондық пошта - n.darmenov@almobl.gov.kzОРНАЛАСТЫРУ ШАРТТАРЫ:Сауда орындары тегін беріледіҚатысушылар санитарлық, сәулеттік және өртке қарсы нормаларды сақтау қажетСауда нысанын өз күшімен орнатып/алып тастау қажетРұқсат етілмеген тауарларды сатуға тыйым салынадыШарттардың сақталуына тұрақты бақылау жүргізіледі КОНКУРС ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША:Жеңімпаздармен бекітілген үлгідегі Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орналастыру туралы келісім-шарт жасалады. Қаламыздағы реттелген сауданың бір бөлігі болыңыз! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-alatau/press/news/details/1002855?lang=kk
Қазақстан Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Түркияға сапармен барды 29.05.2025
Қазақстан Қарулы күштерінің делегациясы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдиновтың басшылығымен Анкараға барды.Генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов Түркия Қорғаныс министрі Яшар Гюлермен және Түркия Қарулы күштері Бас штабының бастығы армия генералы Метин Гюракпен кездесті.Тараптар екіжақты әскери ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйі мен перспективалық бағыттарын, өңірлік қауіпсіздік мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, әскери оқу-жаттығуларды өткізу, білім беру, тілдік дайындық және бітімгерлік қызмет саласындағы ынтымақтастық туралы сөз болды. Сондай-ақ, қару-жарақ пен әскери техниканы сатып алу және өндіру бойынша бірлескен жобаларға қатысты мәселелер қозғалды.Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың, оның ішінде серіктестіктің жоғары деңгейін куәландыратын өзара сапарлардың оң динамикасын атап өтті.Сапар барысында генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов Түркияның жоғары әскери оқу орындарында оқитын қазақстандық курсанттармен кездесті.Қазақстандық делегация Түркияның әскери нысандары мен қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарында болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1002944?lang=kk
Қазақстанның Швециядағы Елшісі халықаралық даму саласындағы ынтымақтастық перспективаларын SIDA басшылығымен талқылады 29.05.2025
Стокгольм, 2025 жылғы 22 мамыр – Швецияның Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі агенттігінің (SIDA) штаб-пәтерінде Қазақстанның Швециядағы Елшісі Олжас Сүлейменов пен SIDA Бас директоры Якоб Граниттің кездесуі өтті. Тараптар Қазақстан мен Швеция арасындағы ресми даму көмегі (РДК) саласындағы ынтымақтастықты нығайту әлеуетін және Орталық Азия мен оның шегінен тыс жерлерде бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.Кездесу барысында Елші О.Сүлейменов SIDA-ның тұрақты дамуға қол жеткізу, гуманитарлық көмек көрсету және өңірлік ынтымақтастықты қолдау жөніндегі жаһандық күш-жігердегі маңызды рөлін атап өтті. Қазақстанда РДК жүйесінің белсенді дамуын ескере отырып, SIDA мен Қазақстанның халықаралық даму агенттігі (KazAID) арасында әріптестік орнатуға қызығушылық білдірілді.Кездесу аясында екіжақты өзара іс-қимылдың перспективалық бағыттары талқыланды. Қазақстан Елшісі сындарлы диалог үшін алғысын білдіріп, Қазақстанның SIDA-мен жүйелі және ұзақ мерзімді әріптестікті дамытуға мүдделі екенін атап өтті. Орталық Азия өңірі үшін бұл тақырыптың өзектілігін ескере отырып, су ресурстарын орнықты басқару мәселелеріне ерекше назар аударылды. Тараптар ынтымақтастықтың ықтимал форматтарын жұмыс деңгейінде талқылауды жалғастыруға келісті.Анықтама үшін:SIDA (Swedish International Development Cooperation Agency) – Швецияның халықаралық көмегін басқару және үйлестіру үшін жауапты мемлекеттік агенттігі. Агенттік Швеция Сыртқы істер министрлігінің жетекшілігімен жұмыс істейді және кедейлікті азайтуға, адам құқықтарын қорғауға, демократиялық дамуға және дамушы елдердегі орнықты дамуға бағытталған жобалармен айналысады. SIDA әлемнің 35-тен астам елінде, әсіресе Африка, Азия, Латын Америкасы және Шығыс Еуропа аймақтарында жұмыс істейді.KazAID — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жанынан 2020 жылы құрылған, Орталық Азия елдерінде жобаларды жүзеге асыратын және KOICA (Оңтүстік Корея), JICA (Жапония), TIKA (Түркия), AFD (Франция) және басқа да халықаралық агенттіктермен ынтымақтастық жасайтын агенттік. Агенттік 2015 жылдан бастап Қазақстан шақырылған қатысушы мәртебесіне ие болған ЭЫДҰ-ның Дамуға жәрдемдесу комитетімен тұрақты түрде өзара іс-қимыл жасайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-stockholm/press/news/details/1002577?lang=kk
2025 жылы Қостанай облысының елді мекендерінің автомобиль жолдары мен көшелеріндегі құрылыс-монтаждау жұмыстарының барысы туралы 29.05.2025
2025 жылғы 22 мамырда Қостанай облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Алмаз Ормашұлы Есенжоловтың қатысуымен "2025 жылы Қостанай облысының елді мекендерінің автомобиль жолдары мен көшелеріндегі құрылыс-монтаждау жұмыстарының барысы туралы" атты тақырыбында брифингі өттіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhol-kolik/press/news/details/1002592?lang=kk
Рухани қазына – 2025» 29.05.2025
21 мамыр мәдениет және өнер қызметкерлері күні Астана қаласында мәдениет және өнер ұйымдары мен қызметкерлеріне арналған «Рухани қазына – 2025» республикалық фестивалі қорытындыланды. Байқау үш бағыт бойынша ұйымдастырылды. Атап айтсақ, мемлекеттік музейлер, кітапханалар және мәдени-демалыс ұйымдары арасында өтті. Оған қатысу үшін 86 кітапхана, 50 мәдени-демалыс ұйымы және 32 мұражай өтінім тапсырған. Байқау материалдарын үш күн бойы білікті қазылар алқасы сараптады. Қорытынды отырыс нәтижесінде 19 номинация бойынша жеңімпаздар анықталды.«Үздік облыстық мәдени ойын-сауық кешені» номинациясы  Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығына» берілді.Ұжымды марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа жетістіктер мен белестерге жетелей берсін!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-madeniet/press/news/details/1002593?lang=kk
«Altona» компаниясының Қазақстанға сапарының қорытындылары талқыланды 29.05.2025
Бразилиa, 2025 жылғы 22 мамыр – ҚР-дың Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов бразилиялық «Altona» компаниясының Еуропа, Таяу Шығыс және Азия бойынша Басқарушы директоры Вагнер Шугасчимен онлайн кездесу өткізді. Әңгіменің тақырыбы оның ү.ж. 23-29 сәуірде Қазақстанға жұмыс сапарының қорытындыларына арналды.Атап айтқанда, сұхбаттасушы, компанияның Даму жөніндегі директоры Гильермо Брустонимен бірге Астана мен Қарағандыға жасаған сапарының қорытындылары мен «Кармет» АҚ, «ҚЛМЗ» АҚ, «НК Kazakh Invest», «Машинажасау одағы» басшыларымен өткен келіссөздер,  сондай-ақ ү.ж. 23-24 сәуірде Астанада өткен Машина жасаушылардың XII форумына қатысуы туралы баяндады.ҚР Елшісі «Altona» компаниясына қазақстандық кәсіпорындармен ынтымақтастық мүмкіндігін қарауды ұсынып және алдағы уақытта табыс тілеп, ҚР Елшілігі тарапынан жан-жақты қолдау көрсетуге әзірлігін білдірді. Бразилиялық компанияның Қазақстанға сапары, 2024 ж. 22 қазанда өткен онлайн кездесу барысында қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес жүзеге асырылды.Анықтамалық: «Altona» компаниясы 1924 ж. құрылып, болат құю және өңдеу өнеркәсібіндегі әлемдік көшбасшылардың бірі болып табылады. 1500-ден астам қызметкері бар және қазіргі уақытта 25-тен астам елдегі болат құю жобаларына қатысады. 2024 ж. компания өзінің 100 жылдығын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1002602?lang=kk
Қару-жарақты бақылау және инспекциялауды қамтамасыз ету орталығына – 30 жыл 29.05.2025
Астанада Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Қорғаныс министрлігінің Қару-жарақты бақылау және инспекциялауды қамтамасыз ету орталығы 30 жылдығын атап өтті.Салтанатты шараға Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев, Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының Астанадағы бағдарламалар офисі басшысының міндетін уақытша атқарушы Юрий Фенопетов, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің әскери-саяси өлшемдер жөніндегі сарапшысы – Елші Дулат Қуанышев, елімізде тіркелген әскери-дипломатиялық корпус өкілдері, орталықтың жеке құрамы және Қарулы күштердің ардагерлері қатысты.1995 жылы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулысымен құрылған орталық алғашқы күннен стратегиялық және әдеттегі қару-жарақты шектеу мен қысқарту, қару-жарақты бақылау, қауіпсіздік пен сенім шараларын нығайту шеңберіндегі халықаралық шарттар мен келісімдер аясындағы міндеттемелерді орындау жөніндегі жұмысты үйлестіріп келеді. Бөлімше сондай-ақ, Қазақстан аумағындағы шетелдік инспекциялық топтардың қызметін қамтамасыз етумен айналысады, бірқатар халықаралық шарттар мен келісімдерге қатысушы елдерде инспекциялар жүргізеді.Орталық ұжымы мен іс-шараға қатысушыларды мерейтоймен құттықтаған Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев қару-жарақты бақылау шеңберінде еліміздің халықаралық міндеттемелерді сенімді орындап келе жатқанына тоқталып өтті. – Осы жылдар ішінде Орталық Қазақстан Республикасының аумағында 150-ден астам, одан тыс жерлерде 80-нен астам шетелдік инспекциялар жүргізуді қамтамасыз етті, – деді ол. – Бүгінде орталықтың жоғары кадрлық әлеуеті зор құрметке ие. Ұжым нағыз кәсіпқойлар мектебіне айналды. Мұнда кез келген халықаралық ортада сауатты келіссөздер жүргізіп, аналитикалық жұмыстармен айналысуға және қысқа мерзімде күрделі мәселелерді шешуге қабілетті кадрлар тәрбиеленіп шықты.Мерекелік жиында орталықтың әскери қызметшілерін марапаттау рәсімі өтті. Қорғаныс министрінің бұйрығымен полковник Нұржан Смағұлов «Ел қорғаны» медалімен, капитан Мұрат Смағұлов «Халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды. Майор Дәурен Сәдуақасовқа подполковник әскери атағы мерзімінен бұрын берілді.Мерекелі шара Ұлттық әскери-патриоттық орталығы өнерпаздарының концертімен аяқталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1002605?lang=kk
Қазақстан СІМ басшысы Мажарстанның жетекші компанияларымен кездесті 29.05.2025
Будапешт, 2025 жылғы 22 мамыр – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Мажарстанның жетекші компанияларының басшылары – «UBM Group» бас директоры Петер Хорватпен, «BDPST Group» директорлар кеңесінің төрағасы Иштван Тиборцпен және «4iG Plc.» директорлар кеңесінің төрағасы Геллерт Ясаимен кездесулер өткізді.Кездесулер барысында цифрландыру, көлік логистикасы, агроөнеркәсіптік кешен, қонақ үй бизнесі және тұрақты технологиялар салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту перспективалары талқыланды. Қазақ тарапы халықаралық серіктестікке ашық екенін растады және барлық деңгейде жан-жақты қолдау көрсетуге дайындығын білдірді.«UBM Group» басшылығымен Алматы, Қостанай және Қарағанды облыстарында өндірістік нысандар салуды қамтитын агроөнеркәсіптік жобаны іске асыруға дайындық барысы қарастырылды. Жобаның бірінші кезеңіне шамамен 64 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция тарту жоспарланып отыр. Жоба аясында зертхана, оқу орталығы мен логистикалық инфрақұрылым құру көзделген.«BDPST Group» компаниясымен кездесуде логистика, қонақ үй бизнесі және цифрлық қаржы салаларында ұзақмерзімді жобаларды іске қосу мәселелері талқыланды. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қатысуымен бірлескен логистикалық хаб құру бастамасына ерекше назар аударылды.«4iG Plc.» компаниясымен келіссөздер барысында сұхбаттастар спутниктік байланыс, Жерді қашықтықтан зондтау және цифрлық инфрақұрылым құру салаларындағы технологиялық серіктестіктің болашағы жөнінде пікір алмасты. Қазақстан тарапы спутниктік платформаларды құрастыруды локализациялауға қызығушылық білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/invest/press/news/details/1002643?lang=kk
«БЖЗҚ» АҚ-ның жыл басынан бері ұсынған қызметтерінің 98%-ы цифрлық режимде көрсетілді 29.05.2025
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) өз салымшыларын қолдау мен ақпараттандыруға бағытталған қызметтердің кең ауқымын ұсынуды белсенді түрде жалғастыруда. 01.01.2025ж. мен 01.05.2025ж. аралығында халыққа шамамен 19,4 млн қызмет көрсетілді. Жыл басынан бері көрсетілген қызметтердің жалпы санының 9,1 млн-нан астамы электрондық форматта, 9,6 млн-нан астамы автоматты түрде жүргізілді. Осылайша, автоматты, электрондық және қашықтықтан көрсетілген қызметтердің үлесі жалпы санның 98,2%-ын құрады. Қор қызметкерлері салымшыларға жүзбе-жүз шамамен 343,0 мың қызмет көрсетті, оның ішінде 334,9 мыңнан астамы тікелей Қордың кеңселерінде жүзеге асырылды. Естеріңізге сала кетейік, барлық зейнетақы шоттары БЖЗҚ-ға бірінші жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Сондай-ақ, "Ұлттық қор ¬— балаларға" бағдарламасының қатысушыларына нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтар да автоматты түрде есептеледі. Есепті кезең ішінде шартты зейнетақы шоттарын (жұмыс берушінің ЖМЗЖ аударуы нәтижесінде ашылатын ШЗШ) және нысаналы жинақтау шоттарын ("Ұлттық қор ¬— балаларға" бағдарламасы аясында ашылатын НЖШ) қоса алғанда, зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша автоматты режимде ашылған жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жалпы саны 718,1 мыңға жетті. Жеке зейнетақы шотынан, шартты зейнетақы шотынан (ШЗШ), сондай-ақ нысаналы жинақтау шотынан (НЖШ) үзінді көшірме алу бұрынғысынша ең танымал қызмет санатында. Жыл басынан бері ЖЗШ, ШЗШ, НЖШ-дан шамамен 10,1 млн үзінді көшірме берілді. Оның 8,3 млн астамы – электрондық, ал 1,4 млн астамы автоматты түрде рәсімделді. Шоттың жай-күйіне қатысты ақпаратты жеке кабинет арқылы алу – зейнетақы жинақтарыңызды қадағалаудың ең ыңғайлы, сенімді және жедел тәсілі. Қызмет тәулік бойы (24/7) онлайн режимде жұмыс істейді, бұл ақпаратты кез келген уақытта және әлемнің кез келген нүктесінен алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, зейнетақы шоттары туралы ақпаратты тек БЖЗҚ сайты арқылы ғана емес, сонымен бірге egov.kz электрондық үкімет порталы немесе оның мобильді қосымшасы арқылы да алуға болады. Бұл мемлекеттік қызметтерді бірыңғай платформалар арқылы алуға дағдыланған азаматтарға өте қолайлы. Салымшылардың (алушылардың) Қор сайтындағы және ұялы қосымшасындағы Жеке кабинеттен үзінді көшірме алудан басқа өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, шотының бар екендігі туралы анықтама алу, 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің мерзімсіз уақытқа белгіленуіне байланысты немесе ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру сияқты қызметтерді пайдалануға мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ, зейнетақы жарналарын төлеу туралы өтініштің мәртебесін қадағалау, инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) жинақтардың бір бөлігін аудару, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны болжамды есептеу және т.б. қызметтер әлемнің кез-келген нүктесінде 24/7 режимінде қолжетімді. 2025 жылдың қаңтар-сәуір айларында деректемелерді өзгертуге 50,1 мыңнан астам өтініш қабылданып, оның 46,8 мыңнан астамы Қордың кеңселерінде ұсынылды. БЖЗҚ мамандарына қандай да бір қызмет түрі бойынша жүгіне отырып, салымшылар, әдетте, жинақтарды қалыптастыруға қатысты қосымша кеңестер ала алады. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 15,8 мыңнан астам көшпелі таныстырылым өткізіліп, оған шамамен 332,5 мың адам қатысты. Бұқаралық ақпарат құралдарында БЖЗҚ хабарламалары бойынша 15,3 мыңнан астам материал жарияланды.Салымшылар мен алушылардың кері байланыс арналары бойынша түскен өтініштерінің саны шамамен 205,4 мың.Естеріңізге сала кетейік, кез келген компания Қор кеңсесіне барып жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мәселелері бойынша таныстырылым мен кеңестер өткізуге өтінім бере алады. Ол үшін 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығына қоңырау шалып, Қор сайты немесе ұялы қосымшасы арқылы хабарласу қажет. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-beyneu/press/news/details/1015134?lang=kk
Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына орай қазақстандық «ORDA» этно-тобы Франкфурт жұртшылығын тәнті етті 29.05.2025
Майндағы Франкфурт, 2025 жылғы 21 мамыр – Майндағы Франкфурт қаласындағы Dr. Hoch’s Konservatorium концерт залында қазақтың көрнекті композиторы Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті. Шараны Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консулдығы Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырды.Кештің басты көркіне айналған – ұлттық аспаптарда шебер ойнайтын, этно-ансамбль «ORDA» болды. Ұжымның ұлттық шығармаларды жоғары деңгейде, шебер орындауы тыңдаушыларды ерекше әсерге бөледі. Концерт бағдарламасына Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу» шығармасы, Үкілі Ыбырайдың «Гәккуі», халық күйлері мен әндері, сондай-ақ неміс классикалық әуендерінің этникалық өңдеудегі нұсқалары, соның ішінде атақты «Oh du lieber Augustin» да енді.Шығармашылық кешке дипломаттар, неміс жұртшылығының өкілдері, музыканттар, студенттер мен қазақ диаспорасы қатысты.Қазақстан Республикасының Бас консулы Тауболды Умбетбаев өз сөзінде мәдени байланыстардың қазақ-неміс қатынастарын нығайтудағы маңызын атап өтіп, өнерпаздардың ұлттық өнерді шетелде насихаттауға қосқан зор үлесін ерекше бағалады.Жылы шырайлы әрі әсерлі кеш Қазақстан мен Германия арасындағы достық пен мәдени байланыстың тағы бір айғағына айналды. «ORDA» тобының өнері көрермендердің ыстық ықыласына ие болып, концерт соңында көрермендер орындаушыларды ұзақ уақыт қол соғып қошеметтеді.Осы күні, яғни 21 мамырда, Қазақстанда Мәдениет және өнер қызметкерлері күні атап өтілді. Өз сөзінде Бас консул мәдениет қайраткерлеріне ұлт руханиятының өркендеуіне, қазақ халқының рухани және мәдени мұрасын сақтауға қосқан өлшеусіз үлестері үшін терең ризашылығын білдірді.Сондай-ақ, биыл Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы ЮНЕСКО деңгейінде аталып өтетіні – ұлы композитор шығармашылығының бүкіләлемдік мәдени қауымдастық үшін айрықша маңызға ие екенінің айғағы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/1002660?lang=kk
Ағымдағы жылдың 22 мамырда ZOOM режимінде Қ.Р. Рахметқалиевтің төрағалығымен Меңдіқара аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті. 29.05.2025
Ағымдағы жылдың 22 мамырда ZOOM режимінде Қ.Р. Рахметқалиевтің төрағалығымен Меңдіқара аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті.Меңдіқара ауданының депутаттары, мемлекеттік мекеме басшысы, БАҚ қатысты.Сессияда 1 негізгі мәселе қаралды. «Меңдіқара ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2025 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы» күн тәртібінің негізгі мәселесі бойынша Меңдіқара ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы В.В. Габун сөз сөйледі. Өз баяндамасында ол жоба «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Шетелдіктер үшін туристік жарна төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 181 бұйрығына сәйкес әзірленгенін, сондай-ақ шешім жобасы «Ашық НҚА» порталда орналастырылғанын түсіндірді, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы мен Меңдіқара ауданының Қоғамдық кеңесінің ұсынымдары бар. Бұл жоба Қостанай облысының Әділет департаментінде келісілді.Сессия қорытындысы бойынша ұсынылған жобаны депутаттар қолдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mendikara/press/news/details/1002662?lang=kk
Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малахов Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы ұйымдастырған «Қазіргі әлемдегі заң, құқық және әділдік» Халықаралық заңгерлер конгресіне қатысты 29.05.2025
Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малахов Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы ұйымдастырған «Қазіргі әлемдегі заң, құқық және әділдік» Халықаралық заңгерлер конгресіне қатысты. Бұл іс-шара Қазақстанның Түркі елдерінің сот-құқықтық даярлық желісіне төрағалық етуіне және Академияның 10 жылдық мерейтойына орайластырылған. Конгреске Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Берік Асылов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Асхат Жұмағали, Қаржылық мониторинг агенттігінің Төрағасы Жанат Элиманов, Жоғары Сот Кеңесі аппаратының, Кеңес жанындағы Сот төрелігі академиясының өкілдері, сондай-ақ Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстанның заң және ғылыми қоғамдастығының өкілдері қатысты.Кеңес Төрағасы Дмитрий Малахов өзінің құттықтау сөзінде Конгресс тақырыбының өзектілігін атап өтіп, тез өзгеріп жатқан әлем жағдайында тек тәуелсіз және моральдық тұрғыдан тұрақты судья шын мәнінде әділ шешімдер шығара алатынын және судьялық этика мен кәсібилік-қоғамның сотқа деген сенімінің негізі екенін атап өтті.Конгресстің күн тәртібі көптеген мәселелерді қамтыды. Қатысушылардың назарында құқықтық жүйелерді жаһандық өзгерістердің сын-тегеуріндеріне бейімдеу, трансұлттық қауіп-қатерлерге қарсы күресте түркі мемлекеттері ұйымы елдерінің өзара іс-қимылын нығайту, заңгерлік білім беру сапасын арттыру және тез өзгеріп жатқан әлем жағдайында мамандарды кәсіби даярлау сияқты тақырыптар болды.Айта кетейік, Түркі елдерінің сот-құқықтық даярлық желісі өкілдерінің кезекті кездесуі ағымдағы жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының алаңында өтеді, оның барысында төрағалық келесі елге беріледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vss/press/news/details/1002665?lang=kk
Ғылым – білім – өндіріс: Серік Жұманғарин бастаған қазақстандық делегация Новосібір облысындағы (РФ) ғылыми қалашыққа барды 29.05.2025
Мемлекет басшысы наурыздағы Ұлттық құрылтайда Қазақстанда егжей-тегжейлі пысықтай әрі есеп-қисабын жүргізе отырып, ғылыми қалашықтар құруды міндеттеген болатын. Вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бастаған қазақстандық делегация Новосібір облысында құрылған Ресей Ғылым академиясы Сібір бөлімшесінің (РҒА СБ) базасындағы Ресейдегі ең ірі ғылыми-білім беру және инновациялық орталықта болды.Делегация құрамына Өнеркәсіп және құрылыс, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Ғылым және жоғары білім министрліктерінің, ҰЭМ жанындағы Экономикалық зерттеулер институтының басшылары, бизнес өкілдері кірді.РҒА Сібір бөлімшесі – Академияның ең ірі өңірлік бөлімшесі. Оның айрықша ерекшелігі, ғылыми-зерттеу қызметін қолданбалы және мемлекеттік міндеттерді шешуге арнаған. РҒА СБ төрағасы Валентин Пармон атап өткендей, экожүйе дәйекті интеграция принципі бойынша жұмыс істейді: ғылым білімді қалыптастырады, содан кейін оларды білім беру жүйесіне енгізу мен практикалық іске асыру жүреді.Новосібір ғылыми орталығының аумағында үш академиялық қалашық, РҒА СБ 53 ғылыми-зерттеу институты, Новосібір мемлекеттік университеті, Академиялық парк, медбиотехнопарк, «Кольцово» ғылыми қалашығы және ғылыми-инновациялық кластердің басқа да негізгі объектілері жұмыс істейді. 2003 жылы ғылыми қалашық ретінде ресми мәртебеге ие болған Кольцово бүгінде Ресейдегі ең ірі биотехнологиялық кластердің бірі. Мұнда Эбола, А гепатиті және COVID-19 вакциналарын жасаған «Вектор» вирусология және биотехнология Мемлекеттік ғылыми орталығы орналасқан. Кластерде 30-дан астам шағын инновациялық компания жұмыс істейді.Новосібір облысының губернаторы Андрей Травников, РҒА СБ төрағасы Валентин Пармон, ғылыми орта мен бизнес өкілдері қатысқан жұмыс жиналысында Лаврентьевтің «ғылым – білім – өндіріс» үштағаны қағидаты бойынша құрылған экожүйенің технологиялық және инновациялық артықшылықтары айтылды.Андрей Травников атап өткендей, академиялық қалашық, ғылыми қалашық, атом қалашығы сияқты әртүрлі форматтағы ғылым мен технология көп шоғырланған аумақ құру тәжірибесі өткен ғасырда өзін сан мәрте ақтаған. Ол ХХІ ғасырда қолдануға да, қайталауға да лайық. Егер тәжірибе пайдалы болып, Қазақстанның ғылыми-технологиялық әлеуетін дамытуға ықпал етіп жатса, ол қуанарлық жағдай.Кездесуде экономикалық көрсеткіштер де айтылды: Академиялық парк резиденттерінің 2021 жылдан 2024 жылға дейінгі жиынтық кірісі екі есе: сәйкесінше 31,8 млрд рубльден 60,5 млрд рубльге дейін өскен. Төленген салық мөлшері 2021 жылы 2,9 млрд рубльден 2024 жылы 6,7 млрд рубльге дейін артқан. «Біз ШОБ-ты дамытуды көздейміз, технологиялық орталықтарды кеңейтуге көп көңіл бөлеміз. Біздің бағалауымыз бойынша, Академпарктің 253 резиденті Новосібір облысының жалпы өңірлік өнімінің шамамен 1,5%-ын қамтамасыз етеді. Салыстырар болсақ, өңірдің барлық аграрлық секторының үлесі ЖӨӨ-нің шамамен 5%-ы», — деп атап өтті «Новосібір Академиялық қалашығы технопаркі» АҚ бас директоры Дмитрий Верховод.Қазақстандық делегация Ресейдегі алғашқы 4+буынды синхротрондық сәулелену көзі – «Сібір айналмалы фотон көзі» (САФК) ұжымдық пайдалану орталығының құрылыс алаңына барды. 2025 жылдың соңында іске қосылатын орталық еуропалық және оңтүстік америкалық технологиямен салыстыруға болатын әлемдегі ең озық ғылыми қондырғының бірі.Сапар соңында Серік Жұманғарин РҒА Сібір бөлімшесіне және Новосібір облысы әкімшілігіне ғылыми-инновациялық кластер құру тәжірибесімен танысуға мүмкіндік жасағаны үшін алғыс айтты. Тараптар ғылым қалашығының жұмыс істеу моделін тереңірек зерделеп, оны Қазақстанда қолданудың болашағын бағалау үшін бейінді мамандармен тәжірибе алмасуды жолға қоюға уәделесті.  https://primeminister.kz/news/gylym-bilim-ondiris-serik-zhumangarin-bastagan-kazakstandyk-delegatsiya-novosibir-oblysyndagy-rf-gylymi-kalashykka-bardy-30076 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1002699?lang=kk
Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академияның сыртқы аудитіне қатысты 29.05.2025
2025 жылғы 14-16 мамыр аралығында Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасының өкілі Ләйлім Қашымова Ресей мен Таиландтың жоғары аудит органдарының өкілдерімен бірге Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академияның (ХСЖҚА) 2024 жылғы қаржылық есептілігіне сыртқы аудит жүргізді. Аудит Австрияның Лаксенбург қаласында орналасқан Академияның штаб-пәтерінде өтті.Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академия – әртүрлі елдердің өкілдерін сыбайлас жемқорлықпен күрестің заманауи әдістеріне оқытумен айналысатын білім беру ұйымы. Академия құрамына Қазақстанмен қоса БҰҰ-ға мүше 80 мемлекет және бірқатар халықаралық ұйым кіреді.Аудит қорытындылары осы жылдың соңында ХСЖҚА Ассамблеясында таныстырылады. Еске сала кетейік, 2024 жылы Қазақстанның Жоғары аудиторлық палатасы 2024-2026 жылдарға Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академияның тәуелсіз аудиторы лауазымына ұсынылды.Telegram-каналға жазылуАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/esep/press/news/details/1002720?lang=kk
Қазақстанның Антикоры Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі халықаралық форумға қатысты 29.05.2025
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру шеңберінде халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі жұмысты жалғастыруда.Агенттіктің өкілі Мале қаласында жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және туризмдегі парасаттылықты күшейту мәселелері жөніндегі Сауд-Мальдив халықаралық форумына қатысты.Іс-шара Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына (ИЫҰ) мүше 40-тан астам мемлекеттің өкілдерін біріктірді. Форумға Қатар, Иордания, Палестина, Таяу және Қиыр Шығыс елдерінің, сондай-ақ Қазақстан, Әзірбайжан және Өзбекстанды қоса алғанда, ТМД-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы және туристік органдарының өкілдері қатысты.Негізгі қатысушылардың қатарына ИЫҰ Бас хатшысы Хусейн Ибрахим Таха, Сауд Арабиясы Корольдігінің сыбайлас жемқорлықты қадағалау және оған қарсы күрес басқармасының (NAZAHA) басшысы Мазин бин Ибрахим әл-Кахмус, Мальдив Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссиясының президенті Уз. Адам Шамиль және басқа халықаралық сарапшылар кірді.Форумға қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қазақстандық тәжірибе ұсынылды, сондай-ақ Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың тапсырмалары аясында елімізде туризмді дамыту туралы бейнеролик таныстырылды.Бейнеролик Қазақстанға келешегі зор туристік бағыт және халықаралық ынтымақтастық саласындағы серіктес ретінде қызығушылықты арттырды. Бірқатар шетелдік делегациялар екіжақты байланыс орнатуға, сондай-ақ Қазақстанға сапарларды ұйымдастыруға қызығушылық білдірді.Форум Туризмдегі парасаттылықты арттыруға (Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы ынтымақтастықты дамыту, ашықтық үшін цифрлық шешімдерді енгізу, туризм саласындағы мемлекеттік сатып алулар мен МЖӘ тетіктерін жетілдіру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды бақылауға азаматтық қатысуды кеңейту) бағытталған ұсынымдар пакетін қабылдаумен аяқталды.Форумға қатысу Қазақстанды халықаралық аренада лайықты таныстыруға, әріптестік байланыстарды нығайтуға және елдің жаһандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы диалогтың белсенді қатысушысы ретіндегі мәртебесін растауға мүмкіндік берді.ТЕЛЕАРНАЛАР ҮШІН ВИДЕО: https://disk.yandex.kz/d/kPOOZ8Ml4dF1kg #Заң_мен_Тәртіп #ЗАҢменТӘРТІП _ ❗️Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе WhatsApp-чат-бот: 8 777 000 1424 және @antikorkz_bot Telegram-боты арқылы шұғыл хабарлаңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption/press/news/details/1002761?lang=kk