Жаңалықтар
Сабантой-2025 28.05.2025
Ағымдағы жылдың 21 мамыр күні Шығыс Қазақстан Облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы оқу жылының аяқталуына және көптен күткен балалардың жазғы демалыстарына арналған «Сабантойы-2025» мерекелік шара өткізді.Сабантой -2025 ашылу салтанатында ұлттық киіммен жарасымды киінген кітапханашылар сүйікті оқырмандарын мерекелік керуенмен қарсы алды.Мереке ойындар мен әндерге, ертегілер мен жұмбақтарға, шытырман оқиғаларға толы болады. «Оқысаң өкінбейсің» атты мерзімді басылымдар мен кітаптар көрмесі балаларға жазда оқуға әдебиеттерді ұсынып, таныстырылды.Сабантойда балалар ою-өрнектер жасаудан шеберлік сағат өтті. «Сиқырлы бояулар» үйірмесінің жас суретшілері «Көңілді жаз» атаумен қиялдарына қанат бітіріп, суреттер салды. Балақайлар «Робинзон аралында» шытырман ойындар ойнады. Шарада әндер шырқалып, «Менің атым Қожа» фильмі ашық аспан астында көрсетілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/1001557?lang=kk
БҚО бойынша МКД Ресей Федерациясымен шекарадағы жағдай туралы хабарлайды 28.05.2025
БҚО бойынша МКД Ресей Федерациясы Орынбор облысы бойынша шекара басқармасы федералды қауіпсіздік қызметінің ақпаратына сәйкес:Ресей Федерациясының"Маштаково"Мемлекеттікшекарасыарқылыавтомобиль өткізу пунктінде 19.05.2025 жылдан бастап29.05.2025жылға дейін Ресей ФедерациясынанҚазақстанРеспубликасынашығубағытындаорналасқанинспекциялық-тексерукешенініңнегізінқалпына келтіру бойынша жөндеужұмыстарыжүзеге асырылатын болады.2.Уәкілетті органдар 19.05.2025-30.11.2025 жылдар аралығында "Теплое" екі жақты автомобиль өткізу пунктінде жол төсеу-жөндеу жұмыстары жоспарлануда.Жұмыстарды жүргізу кезеңіндеөткізупункттеріштаттықрежимде жұмыс істейтінболады, жұмыс істеутәртібіндеқандайда бір өзгерістеркөзделмеген.Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, "Сырым","Тасқала" автомобиль өткізу пункттеріндекөлікқұралдарыныңжиналуымүмкін.Жиналуға жол бермеу мақсатында автокөлік құралдары тасымалдаушыларынан Мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде баламалы бағыттарды таңдауды сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zko/press/news/details/1001213?lang=kk
KazAID және Халықаралық көші-қон ұйымы (IOM) жұмыс кездесуін өткізді 28.05.2025
KazAID және Халықаралық көші-қон ұйымы (IOM) жұмыс кездесуін өткізді2025 жылғы 21 мамырда KazAID кеңсесінде Халықаралық көші-қон ұйымының (IOM Kazakhstan) өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу барысында тараптар Орталық Азиядағы ынтымақтастықтың мүмкіндіктері мен бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.KazAID дамуға ресми көмегінің (ДРК) ұлттық операторы ретіндегі қызметін таныстырып, Dostyk және Avicenna бағдарламалары аясындағы бастамалармен бөлісті. Сонымен қатар, білім беру, денсаулық сақтау, цифрландыру және тұрақты даму салаларындағы жобалар таныстырылды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ортақ бастамаларды дамытуға ниетті екендерін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1001241?lang=kk
Жетісу облысы бойынша МКД жұмысының жаңа кестесі 28.05.2025
Құрметті салық төлеушілер!Жетісу облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті 2025 жылғы 19 мамырдан бастап жаңа жұмыс кестесі туралы хабарлайды.ҚР ҚМ 2025 жылғы 25 сәуірдегі №197 бұйрығымен бекітілген ҚР ҚМ еңбек тәртібі қағидаларына сәйкес Комитеттің барлық аумақтық бөлімшелері (кезекші бекеттерді, кеден бекеттерін, бақылау өткізу пункттерін және тәулік бойы не ауысымдық жұмыс кестесін ұйымдастыру талап етілетін өзге де мамандандырылған бөлімшелерді қоспағанда) үшін мынадай жұмыс кестесі белгіленеді:- жұмыстың басталуы: 8 сағат 30 минутта;- жұмыстың аяқталуы: сағат 18.00-де;- түскі үзіліс: сағат 13.00-ден 14.30 минутқа дейін. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1001252?lang=kk
Қазақстан мен Болгария экономикалық әріптестікті кеңейтуде 28.05.2025
София, 2025 жылғы 19-20 мамыр – Екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында София қаласында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мен Болгария Республикасының Экономика және өнеркәсіп министрі Петр Диловтың бірлескен төрағалығымен Қазақстан-Болгария экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының (ҮАК) 5-ші отырысы өтті.Екі елдің салалық мемлекеттік органдары мен ұйымдарының өкілдері қатысқан ҮАК отырысы барысында тараптар сауда, инвестиция, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, энергетика, өнеркәсіп, IT, туризм, мәдениет, білім және ғылым салаларындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен одан әрі даму перспективаларын талқылады. Қазақстан тарапынан ҮАК-тың тең төрағасы С.Жұманғарин еліміздегі экономикалық өсімді ұлғайту және инвестициялық ахуалды жетілдіру бойынша өзекті бастамаларды ұсынды.Тараптар отырыстың сәтті өтуін қанағаттанушылықпен атап өтіп, ҮАК отырысы қарсаңында өткізілген екі елдің іскер топтарының 70-тен астам өкілдері қатысқан Болгария-Қазақстан бизнес-форумы шеңберінде жемісті өзара іс-қимылды атап өтті. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі С.Жұманғарин бизнес-форумның ашылу салтанаты барысында болгар бизнес өкілдеріне сөйлеген сөзінде инвестициялық жобаларды табысты іске асыру үшін барлық қажетті жәрдем көрсетуге дайын екендігін растай отырып, еліміздің Үкіметі тарапынан шетелдік инвесторлар үшін жасалынып жатқан қолайлы бизнес ахуалдың мүмкіндіктері туралы хабардар етті.Отырыс қорытындысы бойынша Қазақстан-Болгария экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 5-ші отырысының хаттамасына қол қойылды.ҮАК қарсаңында қазақстандық делегация басшысы БР Премьер-Министрінің орынбасары – Көлік және коммуникациялар министрі Гроздан Караджовпен және өзінің болгарлық әріптесі П.Диловпен екіжақты кездесулер өткізді.Г.Караджовпен кездесу барысында сұхбаттасушылар Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКД) шеңберіндегі өзара қарым-қатынастарды тереңдету перспективаларын оның Еуропа, Орталық Азия және Қытай елдері арасындағы көлік-транзиттік ағындарды қамтамасыз етудегі өсіп келе жатқан рөлі тұрғысынан қарастырды, сондай-ақ денсаулық саласындағы ынтымақтастықты арттыру мүмкіндіктерін талқылады. ҚР СЖРА Статистика бюросының мәліметіне сәйкес, 2024 ж. қорытындысы бойынша Қазақстан мен Болгария арасындағы сауда айналымы 2023 жылмен салыстырғанда (95,2 млн. АҚШ долл.) 3,9 есе артып, 375,2 млн. долл. құрады, оның ішінде ҚР экспорты – 303,6 млн. долл (11,1 есе өсті), Болгариядан импорт – 71,6 млн. долл. (+5,5%). 2024 ж. Болгариядан Қазақстан экономикасына 7,8 млн. долл. тікелей инвестиция тартылды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 86,5% өсім көрсетті (4,2 млн. долл.). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-sofia/press/news/details/1001254?lang=kk
«ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» республикалық акциясы 28.05.2025
Көмектесу үшін бірігеміз!31 қазан күні 15:00-19:00 Қазақстанның барлық ірі қалаларында бір мезгілде «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» республикалық акциясы басталады!Егер құқық жөнінде сұрақтарыңыз болса және ол жайында сауатты консультация алғыңыз келсе, ҚР үздік сарапшыларынан консультация алу мүмкіндігін пайдаланыңыз.«Халық заңгері» - мемлекеттік орган өкілдерінің, жетекші заңгерлердің, ҚР адвокаттарының халыққа заң бойынша тегін көмек көрсетуі.Іс-шараның ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Әділет министрлігі, мемлекеттік билік органдары, Zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы, сондай-ақ Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.Акцияның өтетін орнын: Қостанай қ., Тәуелсіздік көш., 85.Заңгерлердің білікті көмегін қажет ететін азаматтарды күтеміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1092810?lang=kk
‼️Салық төлеушілер үшін маңызды ақпарат‼️ 28.05.2025
‼️Салық төлеушілер үшін маңызды ақпарат‼️САӘЖ ақпараттық жүйесіне көшу шеңберінде бақылау-касса машиналарын (БКМ) тіркеу, мәліметтерді өзгерту және есептен шығару бойынша фискалдык деректер операторларымен (ФДО) өзара іс-кимыл функциялары жаңа жүйеге ауыстырылды.Бұл функция біріктірілгенсалықтык ақпараттық жүйесінен (БСАЖ) шығарылып, келесі сегіз операторға қатысты тек СӘАЖ арқылы жүзеге асырылады: ✅”Казақтелеком” АҚ, ✅”Транстелеком” AҚ,✅”Jusan Mobile” АҚ, ✅”КарТел” ЖШС, ✅”Кaspi Bank” AҚ,✅”IT ANALYTICS” ЖШC, ✅”Smartcontract” ЖШС, ✅”Бухта” ЖШС.Пилоттык жоба енгізілген сәттен бастап, БКМ-ды тіркеу, өзгерістер енгізу жэне есептен шығару бойынша барлық әрекеттер тек СӘАЖ жүйесі арқылы жүргізіледі.Бұл ретте деректер БСАЖ жүйесімен синхрондалмайды, сондықтан салық төлеушілер тарапынан назар аударуды талап етеді.‼️Осыған байланысты, ФДО арқылы БКМ есептен шығарылғаннан кейін, оны БСАЖ жүйесінен есептен шығару үшін салық, төлеуші БКМ тіркелген жердегі мемлекеттік кірістер баскармасына (МКБ) жүгінуі қажет!Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерге БКМ есепке алу процестеріндегі өзгерістерді уақытылы ескеруді және қажет болған жағдайда тиісті аумақтық мемлекеттік кірістер басқармасына түсініктеме алуға кеңес береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1001377?lang=kk
Жұмылдыру дайындығына басымдық: Қарағандыда Қарулы күштердің басшылық құрамының оқу-әдістемелік жиыны өтті 28.05.2025
Іс-шара қазіргі жағдайда әскерлерді жұмылдыру тәсілдерін өзектендіруге арналды.Жиынның мақсаты - қазіргі заманғы қарулы қақтығыстардың тәжірибесін ескере отырып, жұмылдыру дайындығына бірыңғай көзқарас қалыптастыру. Іс-шара аясында Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары — Бас штаб бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдиновтың төрағалығымен әскери-ғылыми конференция өтті.Онда офицерлерді даярлаудың жаңа әдістері, жұмылдыруды басқару жүйесін жетілдіру жолдары, сондай-ақ әскерлерді жұмылдыру ресурстарымен толықтыру мәселелері талқыланды. Әскерлердің күнделікті қызметін ұйымдастыруға және жауынгерлік үйлестіруге ерекше назар аударылады.Жиынның практикалық бөлігі оқу орындарында өтті. Қатысушылар жауынгерлік әзірлікке келтіру, адам және көлік ресурстарын жұмылдыру, сондай-ақ техниканы сақтаудан шығару іс-қимылдарын пысықтады.Генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов қарулы қақтығыстардың жаңа тәжірибесі бағдарламаның негізі болғанын, бұл әскерлерді оқыту мен басқарудың заманауи тәсілдерін жасауға мүмкіндік бергенін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1001017?lang=kk
21 мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлері күні 28.05.2025
21 мамыр - мәдениет және өнер қызметкерлері күніМәдениет пен өнер – өміріміздің ажырамас бөлігі.Бұл мереке туған жеріміздің рухани дамуына және бай мәдени мұрамызды дәріптеуде зор үлес қосып жүрген өнер адамдарына деген айрықша құрметтің белгісі және әрбір мәдениет қызметкері үшін ерекше күн.Құрметті, мәдениет саласының қызметкерлері мен ардагерлері!Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Еліміздің өнері мен мәдениетіне үлкен үлес қосып, осы саланың мерейін көтеріп жүрген Сіздерге айтар алғысымыз шексіз. Баршаңызға зор денсаулық, отбастарыңызға амандық, еңбектеріңізге шабыт, жаңа шығармашылық ізденістер тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-ulken-naryn/press/news/details/1001035?lang=kk
Ұлттық ұланда 2025 жылғы көктемгі шақырту науқаны басталды 28.05.2025
ҚР ІІМ Ұлттық ұланында 2025 жылғы көктемгі жас сарбаздарды шақыруды ұйымдастыруға арналған ведомствоаралық кеңес өтті. Жиын барысында бөлімдерді жасақтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жайы талқыланып, шақырту науқаны кезінде туындайтын мәселелер талданды.Бекітілген жоспарға сәйкес, 2025 жылғы 22 мамыр мен 30 маусым аралығында ҚР Ұлттық ұланының қатарына 7 мыңнан астам азамат шақырылмақ. Оның ішінде шамамен 5 000 сарбаз қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін әскери бөлімдерге, атап айтқанда еліміздің ірі қалалары мен облыс орталықтарында орналасқан бөлімдерге жіберіледі.Ішкі қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуде Астана қаласындағы 5573, Алматы қаласындағы 5571, Түркістан қаласындағы 5574 әскери бөлімдерінің мерзімді әскери қызметшілеріне ерекше рөл жүктеледі. Аталған бөлімдердің жеке құрамы күнделікті құқықтық тәртіпті сақтау, мемлекеттік, қоғамдық-саяси және мәдени-көпшілік іс-шараларды қадағалау және қаіпсіздікті қорғау бойынша міндеттерді орындайды. Жеке құрамның жеделдігі мен төзімділігіне қойылатын талаптардың артуына байланысты, әскерге шақырылушыларды іріктеу кезінде физикалық параметрлері ескеріледі, таңдау көбіне бойы 175 см және одан жоғары жастарға түседі.Кеңес барысында құқықтық тәртіп әскерінің өкілдері жергілікті атқарушы органдармен, Қорғаныс істері жөніндегі департаменттермен және құқық қорғау құрылымдарымен тығыз әрі үйлесімді жұмыс жүргізудің маңызын атап өтті. Тиімді ведомствоаралық өзара іс-қимыл – шақырту науқанын сәтті өткізу, бөлімдерді дер кезінде жасақтау және іріктеу мен жөнелту кезінде туындайтын қиындықтарды жоюдың негізгі факторы болып табылады.Айта кетейік, ҚР ІІМ Ұлттық ұланы шақырту науқанын жетілдіру, барлық рәсімдердің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ Отан игілігі үшін қызмет ететін жеке құрамды сапалы жасақтау жұмысын одан әрі жалғастыра бермек. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1001090?lang=kk
Президенттік жастар кадрлық резерві 4.0 28.05.2025
Президенттік Жастар Кадрлық Резервін (бұдан әрі - ПЖКР) қалыптастыруға байланысты бүгін 2025 жылдың 21 мамырында Меңдіқара аудандық мәслихаты аппаратының өкілдерімен және Боровское ауылының әкімі Ж.Т. Тұрағұловпен бірлесіп, Ғ. Жұмабаев атындағы Боровской мектеп -гимназиясының ұжымымен кездесу өткен болатын. ПЖКР негізгі бағыттары талантты, бастамашыл жаңа ойланатын жастарды тарту болып табылады. Осы жылы ПЖКР маусымнан бастап қазан айлары аралығында кезекті төртінші іріктеуді өткізу жоспарлануда, оның ерекшелігіі сәйкес салалық бағыттар бойынша пропорционалдық іріктеуді өткізу болып табылады. Іріктеу Президенттің Жарлығымен бекітілген) Ереже 2019 жылғы 27.08. № 141 Жарлығымен бекітілген) Ережелерге сәйкес 6 кезеңнен тұрады.Жағдайды пайдалана отырып, біз 35 жасқа дейінгі жастағы Меңдіқара ауданының жастарын ПЖКР іріктеуге қатысуға шақырамыз. Қатысуға өтінімді 2025 жылдың 1 маусымынан бастап 30 маусымы аралығында pkrezerv.gov.kz. сайтында беруге болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mendikara/press/news/details/1001129?lang=kk
СӘИЖ АЖ-да салық есептілігінің жаңа нысандарына қол жеткізу 28.05.2025
СӘИЖ АЖ-да салық есептілігінің жаңа нысандарына қол жеткізуМемлекеттік кірістер комитеті салықтық әкімшілендірудің жаңа ақпараттық жүйесін (СӘИЖ), оның ішінде салық төлеушінің жаңа кабинетін (СӘИЖ СТК) кезең-кезеңімен іске қосу жүргізілуде.2025 жылғы 21 мамырдан бастап СӘИЖ СТК-не келесі нысандары табыс етуге қол жетімді болады:1. “Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) экспорты” мәмілелер мониторингі бойынша есептілік;2. “Тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) импорты” мәмілелер мониторингі бойынша есептілік;3. Тауарлармен электрондық саудасын жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы салық заңнамасының корпоративтік табыс салығының есептелген сомасын азайту, дара кәсіпкер кірісінің салық салынатын сомасын дара кәсіпкердің салық салынатын кірісіне азайту, жеке тұлғаның салық салынатын кірісін осындай қызмет бойынша дара кәсіпкердің салық салынатын кірісіне азайту бөлігіндегі нормаларын қолданатын тұлғалар беретін ақпараттар жалпы мәлімет;4. Тауарлардың электрондық саудасы кезінде тауарларды жіберуді, тасымалдауды, жеткізуді жүзеге асыратын тұлғалар беретін мәліметтер;5. Бақыланатын шетелдік компанияға қатысу (бақылау жасау) туралы өтініші;6. Декларация тапсырылғанға дейінгі кезең үшін төленуі тиіс корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы есебі (101.01 СЕН);7. Декларация тапсырылғаннан кейінгі кезең үшін төленуі тиіс корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есебі (101.02 СЕН);8. Резиденттің табысынан төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығы бойынша есебі (101.03 СЕН);9. Қол қойылатын бонус және коммерциялық табу бонусы бойынша декларация (510.00 СЕН);10. Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем жөніндегі декларация (560.00 СЕН);11. Экспортқа рента салығы бойынша декларация (570.00 СЕН);12. Пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша декларация (590.00 СЕН);13. Жер қойнауын пайдалануға баламалы салығы бойынша декларация ( 600.00 СЕН).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1003916?lang=kk
Жаркентте өткен «Бейбіт күн тілегі» концерті – өнер мен достықтың жарқын көрінісі 28.05.2025
Жаркент қаласындағы Панфилов ауданы әкімдігінің мәдениет үйінде Қазақ өнерінің қайраткері, Қырғыз мәдениетінің инсаны Эльмира Дәуренбекованың «Бейбіт күн тілегі» атты шығармашылық концерті жоғары деңгейде өтті.Концерт барысында Эльмира Дәуренбекова өз репертуарындағы таңдаулы әндерді орындап, көрермендерге рухани ләззат сыйлады. Кештің қонақтары ретінде танымал өнерпаздар өз өнерлерің паш етті:- Гүлнұр Нұрасыл- Есхат Нұрәлі- Гүлім Ахман- Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының бишілер ансамбліКештің әрбір өнерпазы өз өнерлерімен көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, концерттің жоғары деңгейде өтуіне үлес қосты. Концерттің ерекшелігі «Бейбіт күн тілегі» концерті – өнер мен мәдениеттің бейбітшілік пен татулықты насихаттаудағы рөлін айқындайтын шара болды. Кеш барысында дәстүрлі және заманауи музыкалық шығармалар орындалып, көрермендерге рухани әсер қалдырды.Кеш соңында көрермендер ыстық ықыластарын білдіріп, шапалақпен қошемет көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1000952?lang=kk
«ЦОН» мобильді қосымшасының жаңа сервисін 3 аптада 4 500-ге жуық адам пайдаланды 28.05.2025
«ЦОН» мобильді қосымшасының жаңа сервисін3 аптада 4 500-ге жуық адам пайдаланды 2025 жылғы 28 сәуірден бастап «ЦОН» мобильді қосымшасында зейнетақы мен жәрдемақы түрлерін есептейтін пайдалы сервис іске қосылды. Бұл азаматтарға үйден шықпай-ақ алдын ала әлеуметтік төлемдердің мөлшерін шамалауға мүмкіндік беретін ыңғайлы құрал. Қызмет іске қосылған сәттен бастап 4 470 адам есептеулер жүргізіп үлгерді. Бүгінгі таңда калькулятор арқылы 8 әлеуметтік төлем/жәрдемақы мен зейнетақы түрлері бойынша 5 негізгі санатты есептеуге болады:зейнетке шығу: базалық, ынтымақты және жинақтаушы зейнетақы;бала туу: жүктілікке, босануға немесе бала асырап алуға байланысты табыстан айырылу кезіндегі төлем, сондай-ақ 1,5 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақы;мүгедектік: еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайындағы әлеуметтік төлем;жұмыссыз қалу: жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем;жақын адамынан айырылу: асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша төлем. Айта кету керек, есептеу пайдаланушы енгізген деректер негізінде жүргізілетіндіктен, төлем нәтижесі шамамен көрсетіледі және ақпараттық сипатта беріледі. Әлеуметтік төлемдердің нақты мөлшері уәкілетті мемлекеттік органға өтініш беруші ұсынған мәліметтер негізінде есептеліп, ресми түрде тағайындалады.Қызметті пайдалану үшін «ЦОН» мобильді қосымшасын (Google Play және App Store-да қолжетімді) жүктегеннен кейін мемлекеттік биометриялық сәйкестендіру сервисі арқылы авторизациядан өту қажет. Одан кейін тиісті бөлімді таңдап, қажетті деректерді енгізу керек.Айта кетейік, «ЦОН» мобильді қосымшасы – электрондық қызметтерге жылдам қол жеткізуге мүмкіндік беретін жан-жақты цифрлық арна ретінде қарқынды дамып келеді.Сұранысқа ие қызметтердің бірі - ХҚКО-ға кезекке тұру мақсатында алдын ала брондау функциясы. Апта сайын қосымша арқылы шамамен 60 000 электрондық талон беріледі, бұл кезекте күту уақытын едәуір қысқартып, қызмет көрсету жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді.Сондай-ақ жүргізуші куәлігін алу үшін қажетті емтиханға жазылу қызметі кеңінен қолданылуда. Апта сайын теориялық емтиханға 8 000-нан астам, ал тәжірибелік емтиханға шамамен 7 000 адам жазылады. Сонымен қатар, сынамалық жүргізу тәжірибесіне тіркелу қызметін апта сайын орта есеппен 1 600 адам пайдаланады.Қазіргі уақытта «ЦОН» мобильді қосымшасын 670 000-ға жуық пайдаланушы жүктеп, белсенді түрде қолдануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamysty-klochkov/press/news/details/1001461?lang=kk
Сіздің үй жануарыңызға арналған цифрлық паспорт – енді eGov Mobile қосымшасында 28.05.2025
Барлық мәліметтер TABAN – үй жануарларын есепке алу Бірыңғай деректер базасынан жүктеледі. Бұл жүйеде тіркелген барлық жануарлар және оларға қатысты маңызды оқиғалар жазылып отырады. Цифрлық паспортта мына мәліметтер қамтылады: жануардың жеке нөмірі, құжат нөмірі, аты, түсі, тұқымы, туған күні, ерекше белгілері, жануардың түрі мен жынысы, тіркелген мекенжайы, нақты тұратын мекенжайы, иесінің толық аты-жөні мен ЖСН, сондай-ақ чиптеу, стерилизация және вакцинация туралы ақпарат – даталары мен мәртебелері көрсетілген.Қызметті пайдалану үшін:eGov Mobile қосымшасына авторизациядан өтіп;«Цифрлық құжаттар» сервисіне кіру қажет;«Басқа құжаттар» бөлімінде Жануар паспортымен танысу керек;егер құжат көрінбесе, «Құжаттарды жаңарту» батырмасын басу қажет. Цифрлық төлқұжат ветеринарлық клиникаға барғанда, саяхатқа шығарда, көрмелерге қатысқанда немесе жануар жоғалған жағдайда оның деректерін жедел ұсынуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл қызмет үй жануарларын жүйелі түрде есепке алуға, қаңғыбас жануарлар санын азайтуға және иелерінің жауапкершілігін арттыруға септігін тигізеді.2025 жылғы наурыз айындағы жағдай бойынша жүйеде 224 мыңнан астам үй жануары тіркелген, оның ішінде 20 мыңнан астамы – үйсіз жануарлар.Жаңа сервис ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және ҚР Қоршаған экология және табиғи ресурстар министрлігінің тапсырысы бойынша «Ақпараттық-есептік орталық» АҚ бірлесіп жүзеге асырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1000843?lang=kk
Білім беру басты басымдық: № 1 Қамысты мектебі – жаңару жолында 28.05.2025
Шамамен жарты ғасыр бұрын, 1978 жылы №1 Қамысты жалпы білім беретін мектебінің ғимараты пайдалануға берілді. 2009 жылы шатырға күрделі жөндеу жүргізілді, ал 2011 жылы ғимараттың қасбетіне күрделі жөндеу жүргізілді. Алайда ғимарат ішінде тек жыл сайынғы ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. 2023 жылы сараптаманың оң қорытындысын ала отырып, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілді. Ал биыл облыстық бюджеттен күрделі жөндеу жүргізуге қаражат бөлінді. Мердігер ретінде – «Гренада» ПКФ» ЖШС анықталды. 11 наурызда жұмысшылар бригадасы жұмысқа кірісті. Жылыту және желдету жүйелері жаңартылып, барлық үй-жайлардың ішкі безендірілуі жүргізілетін болады. Жаңа бейнебақылау камералары мектеп аумағындағы қимыл-әрекеттердің барлығын бақылауға мүмкіндік береді, бұл қауіпсіздік деңгейін айтарлықтай арттырады.№ 1 Қамысты мектебінің директоры Намик Оруджовтың айтуынша, күрделі жөндеу – мектеп қауымдастығы үшін өте қуанышты және көптен күткен оқиға. Ол кабинеттердің заманға сай жағдайы мен техникалық мүмкіндіктері қызметкерлердің көңіл-күйіне әсер ететініне сенімді. Мұғалімдер өз әлеуетін толық пайдалана алады, ал оқушылар оқуға ыңғайлы болады, бұл жалпы жоғары жетістіктерге серпін береді.Аудан басшылығы жөндеу мәселесін үнемі бақылауда ұстап, студенттердің жаңартылған ғимаратқа тезірек оралуы үшін барлық жұмыстарды уақытында орындауына бар назарын аударуда. Себебі күрделі жөндеудің басталуымен мектепті толығымен босатып, оқушыларды жақын маңдағы білім беру мекемелеріне ауыстыру туралы шешім қабылданған еді. Оқу процесін үздіксіз ұйымдастыру мақсатында 1-4 сыныптар мен мектепалды сыныптардың білім алушылары Қамысты №2 жалпы білім беретін мектепіне екінші ауысымға ауыстырылды, онда олар үшін бекітілген кестеге сәйкес сабақтар ұйымдастырылып, тамақтандыру қолға алынған. Оқушылардың шығармашылық үйінің ғимаратында бірінші ауысымда 5,9,10,11 сынып оқушылары, ал екінші ауысымда 6,7,8 сынып оқушылары оқиды. Екі ауысымды оқытуға көшуді ескере отырып, оқу жоспарын толық іске асыру мақсатында бірінші ауысымдағы сабақтар 8.30-ға ауыстырылды.Аудандық білім беру бөлімінің басшысы Әлихан Арстымбаев білім алушыларды басқа ғимараттарға және екі ауысымды оқытуға ауыстыру туралы шешім жалпы мектептік ата-аналар жиналысы аясында ата-аналар жұртшылығымен талқыланғанын атап өтті. Оқу кестесі мен оқу орнына бейімделуде қиындықтар болған жоқ. Мектеп мұғалімдерінің айтуынша, балалар да сабақта әдеттегідей белсенді. Оқушылар жаңартылған кабинеттерге оралу үшін жаңа оқу жылын асыға күтуде.Математика пәнінің мұғалімі Ермек Әзбергенов №1 Қамысты мектебі бір туғандай болып кеткенімен бөлісті, өйткені ол осы білім ордасында білім алып, мектепке педагог ретінде қайта оралған. Оның пікірінше, оқытудың заманауи жағдайларын жасау сабақтарда оқушылармен қарым-қатынасты жақсартуға ықпал етеді. Мектепке күрделі жөндеу жүргізу – білім беру ортасын жаңартудағы маңызды қадам. Ғимарат барлық қауіпсіздік пен жайлылық талаптарына сай болуы қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1001138?lang=kk
Израильдің беделді политехникалық университеті Қазақстанмен ынтымақтастық орнатуға дайын 28.05.2025
Тель-Авив, 2025 жылғы 21 мамыр – Қазақстанның Израильдегі Елшісі Дәулет Ембердиев Израильдегі ең ірі және беделді политехникалық жоғары оқу орны – Технион – Израиль технологиялық институтына ресми сапармен барды.Университет президенті Ури Сиванмен кездесуде Технион мен Қазақстанның ғылыми-білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты дамыту келешегі талқыланды. Атап айтқанда, инженерия мен дәл ғылымдар, сондай-ақ зерттеу, инновация және технология салаларында ынтымақтастықты кеңейту туралы келісімге қол жеткізілді.У.Сиван Қазақстан мен Израиль арасында бірлескен ғылыми-білім беру жобаларын іске асырудың маңыздылығын атап өтіп, бұл үдеріске докторанттар мен магистранттарды тартудың мақсатқа сай екенін жеткізді.Өз кезегінде Елші Д.Ембердиев бұл саладағы ынтымақтастықты тереңдету екі ел арасындағы қарым-қатынастарды едәуір нығайтып, олардың жан-жақты дамуына үлес қосатынын атап өтті.Кездесу соңында тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамытуға уағдаласты. Осы мақсатта Қазақстандық делегация Израильге жіберіліп, тәжірибе алмасу және халықаралық іс-шараларға қатысу жоспарланып отыр.Анықтама: Технион – бұл ғылыми зерттеулер, инновациялар және технологиялар саласындағы әлемдегі жетекші академиялық орталықтардың бірі. Университет Израильдің жоғары технологиялық салаларын дамытуда және жаһандық экономикада маңызды рөл атқарады.Технион жиі «Израильдің MIT-і» деп аталады және өзінің озық ғылыми-зерттеу қызметі мен академиялық жетістіктерімен танымал. Бұл университет Нобель сыйлығының лауреаттары болып табылатын оқытушылардың үлесі жоғары үздік он жоғары оқу орнының қатарына кіреді. Сонымен қатар, Технионның төрт түлегі де осы беделді марапатқа ие болған.Университет түлектері биотехнология, жасанды интеллект, киберқауіпсіздік, робототехника және қоршаған ортаны инженерлік тұрғыда қорғау сияқты озық салаларда көшбасшы атанып жүр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tel-aviv/press/news/details/1000876?lang=kk
Шағын және орта бизнесте 4 миллионнан астам адам жұмыс істейді 28.05.2025
Шағын және орта бизнесте 4 миллионнан астам адам жұмыс істейдіКәсіпкерлікті дамыту ұлттық экономиканың тұрақты дамуының маңызды факторы. Ресми статистика деректеріне сәйкес, былтыр ЖІӨ-дегі ШОБ үлесінің өскені байқалды. 2024 жылдың 4-тоқсанында экономикадағы ШОБ үлесі 39,7%-ы құрады, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңінен 3,2%-дық тармаққа артық. 2024 жылы жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны 2,2%-ға артып, 4,4 млн адамға жетті. ШОБ субъектілерінің өнім шығару көлемі 2024 жылғы 4-тоқсанда 19,2%-ға ұлғайып, 81 трлн теңгені құрады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау департаментінің директоры Дарын Әбдуәлі ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamysty-klochkov/press/news/details/1000988?lang=kk
ШОБ субъектілерін жеңілдікпен қаржыландырудың жаңа бағдарламасы әзірленуде 28.05.2025
ШОБ субъектілерін жеңілдікпен қаржыландырудың жаңа бағдарламасы әзірленудеҚазіргі таңда Қазақстанда кәсіпкерлікті қолдаудың кешенді бағдарламасына портфельдік субсидиялау тетігін, сондай-ақ «Даму» Қоры базасында кепілдік қорлары арқылы кепілдіктер беруді көздейтін түзетулер енгізілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamysty-klochkov/press/news/details/1000977?lang=kk
«Даму» қоры 226,3 мың жобаға қолдау көрсетті 28.05.2025
Қазіргі уақытта «Даму» қорының бағдарламалары негізгі 3 құрал арқылы жүзеге асырылады: субсидиялау, кепілдік беру және жеңілдетілген несие беру. Қаржы бағдарламалары іске асырылған уақытта 14,2 трлн теңге несие сомасына 226,3 мың жобаға қолдау көрсетілді. Оның ішінде субсидиялау бойынша 8,93 трлн теңге несие сомасына 119 мың жоба, кепілдендіру бойынша 2,37 трлн теңге сомасына 73,2 мың жоба, жеңілдетілген несие бойынша мөлшерлеме 3,3 трлн теңге сомасына 32,1 мың жоба қолдау тапты. Бұл жайлы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Талғат Смағұлов ОКҚ брифингінде хабарлады.«2024 жылы мемлекеттік бағдарламалар арқылы 1 трлн 713 млрд теңге бойынша 29 513 жобаға қолдау көрсетілді. Атап айтқанда, субсидиялау бойынша 17 623 жоба 1014 млрд теңге көлемінде, несиені кепілдендіру бойынша 9 173 жоба 449 млрд теңге сомасына, жеңілдетілген несие бойынша 2 717 жоба 554 млрд теңге көлемінде. Ал, салалар бойынша, ең басты мақсатымыз - ол өнеркәсіп саласын дамыту, сол салаға атап өткен көлемнің 36%-ы берілді. Бұл 622 млрд теңгені құрады. Одан кейін көлік және қоймалау саласы,246 млрд теңне жқмсалды. Туризм саласына 109 млрд теңгеден астам және білім беру саласына 109 млрд теңге, өзге салаларға 627 млрд теңге жұмсалды», – деді спикер. Бұл жобаларды іске асыру есебінен мемлекеттік қолдау алған барлық өндіруші 2024 жылы 25,4 млрд теңгеге өнім шығарды. Олар 1,7 трлн теңгеге салық түсімдерін қамтамасыз етіп, 9,7 мың жаңа жұмыс орнын құрды. 2024 жылғы динамикаға сәйкес, 2023 жылмен салыстырғанда қолдау тапқан жобалар саны 24%-ға және несиелер сомасы 9%-ға өсті. Пандемия және пандемиядан кейінгі кезеңде кәсіпкерлерді қолдау көлемі ұлғайтты, нәтижесінде қамту орташа жылдық деңгейден 1,5-2 есе асып түсті.Қазіргі уақытта Қор бағдарламаларының шарттарына өзгерістер енгізіп жатыр.Мемлекет басшысының 2025 жылғы 21 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында айтылған тапсырмасы мен Үкіметтің 2025 жылғы 02 сәуірдегі қаулысына сәйкес Қор 2 Кепілдік қорын құрды. Біріншісі 7 млрд теңгеге дейінгі жобаларға, екіншісі 7 млрд теңгеден астам ірі инвестициялық жобаларға арналған.Бірінші Кепілдік қоры шеңберінде кепілдіктер берудің негізгі шарттары: кепілдік беру жүзеге асырылатын жоба шеңберінде қаржыландыру сомасы 7 млрд теңгеден аспайды; кепілдіктің ең жоғары мөлшері-қаржыландыру сомасының 85%-на дейін, бірақ 3,5 млрд теңгеден аспайды; ұсынылатын кепілдік мерзімі-қаржыландыру мерзімінің 5 айынан асатын мерзім; кепілдіктер жеделдетілген рәсім бойынша — екі жұмыс күні ішінде, «Даму» Қоры тарапынан қайта сараптама жасалмайды. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелері бойынша кепілдіктер екінші деңгейдегі банктермен жасалған портфельдік кепілдік беру туралы келісімдер шеңберінде беріледі. Екінші Кепілдік қоры шеңберінде кепілдіктер берудің негізгі шарттары: кепілдік беру жүзеге асырылатын жоба шеңберінде қаржыландыру сомасы 7 млрд теңгеден асады; кепілдіктің ең жоғары мөлшері – жоба құнының 30% дейін; берілетін мерзімі – 15 жылға дейін. Әр өтінім «Даму» қоры тарапынан жеке қаралады.https://ortcom.kz/kk/novosti/1747814931 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1000902?lang=kk