🔰Табиғатты аялау – ортақ міндет. Талас өзені жағасында экологиялық сенбілік өтті
02.06.2025 17:42:26 352
5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бастамасымен Талас өзені жағасында экологиялық акция – сенбілік ұйымдастырылды.
Табиғатты қорғауға бағытталған шараға 300-ге жуық адам белсене қатысып, нәтижесінде өзен жағасынан 3 тоннаға жуық тұрмыстық қоқыс шығарылды. Бұл бастама өңірдегі экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыруға бағытталған.
Акцияның маңыздылығы – өскелең ұрпаққа табиғатты сүюді, оны қорғап-қадірлеуді үйрету. Мұндай игі шаралар жастарға экологиялық тәрбие беріп, қоршаған ортаға жанашырлықпен қараудың жарқын үлгісіне айналады.
Табиғатқа деген жанашыр көзқарасты қалыптастыруға бағытталған мұндай бастамалар алдағы уақытта да өз жалғасын табады деп күтілуде.

Источник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-tabigat/press/news/details/1009945?lang=kk