Аналитическая справка
09.06.2025 11:41:46 121
АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауының нәтижелері бойынша
Ақтау қаласы 2025 жыл « »
Кіріспе бөлімі
Қазақстан Республикасының 2022–2026 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимыл жүйесінде негізгі буын ретінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, олардың туындау себептері мен жағдайларын анықтау және азайту белгіленген. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимыл туралы» Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес жүргізіледі. Бұл заң сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарды жасауға ықпал ететін факторларды анықтауға және зерделеуге бағытталған. Заң талаптарына сәйкес барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауын жүргізуге міндетті. Оның нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылданады. Мақсат – мемлекеттік органдарда ішкі талдау арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту бойынша бақылауды күшейту, құқықбұзушылықтарды болдырмауға бағытталған ұсыныстарды енгізу, сондай–ақ лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін айқындау. Осы мақсатта, 2023 жылғы 16 қаңтарда бекітілген №21 Агенттік төрағасының бұйрығына және басқа да әдістемелік ұсынымдарға сәйкес ішкі талдау жүргізілді. Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің (бұдан әрі – Департамент) басшысы 2025 жылғы 3 сәуірдегі №154 бұйрыққа сәйкес, 2025 жылғы 7 сәуірде Департаменттегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдауға жауапты жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобының құрамында: Бокаева Галия –Департаменттің заң басқармасының басшысы, Құдайберген Райхан – Ұйымдастыру–қаржы басқармасының басшысы, Утегенов Ертуган Кенесович – аудит басқармасының басшысы, Джақанқызы Мадина – өндірістік емес жеке тұлғаларды және арнаулы салық режимдерін әкімшілендіру басқармасының басшысы, Сейлов Магжан – камералдық мониторинг басқармасының басшысы, Смирнов А. – жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының басшысы, Мырзалиев А. – берешекпен жұмыс басқарма басшысы Оспанов С. – пост кедендік бақылау басқармасының басшысы, Омаров Б. –дәрменсіз борышкелермен жұмыс басқармасы, Шамуратов С. – кедендік әкішілендіру басқармасы басшысы, Салиев Нурберген – тарифтік реттеу басқармасы
Сыртқы және ішкі факторлар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Талдау кезеңі: 2024 жылғы мамырдан 2025 жылғы маусымға дейін.
Сипаттамалық бөлім
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимыл туралы» Заңы, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу ережесі және өзге де нормативтік құқықтық актілер басшылыққа алынды. Көлік салығын төлеу процесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуы мүмкін. Бұл тәуекелдер салық төлеуші мен уәкілетті орган өкілінің арасындағы тікелей байланыс кезінде пайда болуы ықтимал. Атап айтқанда, кейбір тұлғалар салық мөлшерін азайту, төлем мерзімін кейінге шегеру немесе басқа да артықшылықтарға заңсыз жолмен қол жеткізу мақсатында жемқорлық әрекеттерге бара алады. Мұндай жағдайлар мемлекеттік органның ашықтығы мен әділдігіне күмән тудырып, азаматтардың мемлекеттік жүйеге деген сеніміне кері әсер етеді. Сонымен қатар, бұл мемлекеттік бюджеттің толық орындалуына кедергі келтіріп, жалпы әлеуметтік әділеттілік қағидатына қайшы болады. Аталған тәуекелдерді жою үшін көлік салығын төлеу процесін толық цифрландыру қажет. Барлық рәсімдер онлайн платформа арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Бұл адам факторын азайтып, ашықтықты қамтамасыз етіп, азаматтар үшін ыңғайлы әрі әділ жүйе қалыптастырады. Автоматтандырылған жүйе жемқорлық тәуекелдерінің алдын алып, мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мынадай бағыттар бойынша зерделенді: Салық заңнамасын таңдаулы қолдану — кейбір көлік құралдарын әдейі тізілімге енгізбеу; Деректерді бұрмалау — қолмен енгізілген мәліметтер жекелеген тұлғалар үшін салық жүктемесін азайту мақсатында бұрмалануы мүмкін; Мөлдірліктің болмауы — автоматтандырылған бақылаудың болмауы процесті ашық емес және сыртқы араласуға осал етеді. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау бойынша тұрақты негізде қабылданып жатқан шаралар; Этикалық нормаларды сақтау, қызметтік тәртіп, ұжымдағы моральдық климат. Қазіргі уақытта көлік салығы кейбір жағдайларда қолмен жүргізілетін тізілімдер негізінде есептеледі, бұл салық органдарының немесе басқа уәкілетті құрылымдардың лауазымды тұлғаларымен жүзеге асырылады. Мұндай тәсіл келесі тәуекелдермен қатар жүреді: Біркелкі ережелердің болмауы; Жекелеген көлік құралдарын салық базасынан әдейі алып тастау мүмкіндігі;Есептеудің дұрыстығын жедел тексеру мүмкіндігінің болмауы; Талдау мен кейінгі бақылау жүргізу кезінде қиындықтар. Осы орайда жемқорлық тәуекелдерін талдау үшін өткізілді – Салықты есепке алу мен есептеу кезінде қолмен жүргізілетін тетіктерді қолдану келесі әлеуетті жемқорлық тәуекелдерін тудырады: Салық заңнамасын таңдаулы қолдану — кейбір көлік құралдарын әдейі тізілімге енгізбеу; Деректерді бұрмалау — қолмен енгізілген мәліметтер жекелеген тұлғалар үшін салық жүктемесін азайту мақсатында бұрмалануы мүмкін; Мөлдірліктің болмауы — автоматтандырылған бақылаудың болмауы процесті ашық емес және сыртқы араласуға осал етеді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және жою бойынша ұсынымдар: Біріншіден Автоматтандырылған ақпараттық жүйені енгізу; Салық базасын қалыптастыру кезінде ақпаратты қолмен енгізуді болдырмау, Тіркелген көлік құралдары туралы ақпаратты салықтық есептеулермен автоматты түрде салыстыруды қамтамасыз ету; Есептеулердің дұрыстығын бақылау модулін енгізу. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және жою мақсатында: Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде анықталған сәйкессіздіктерді жою жөнінде ұсыныстар енгізу; Электрондық ақпараттық жүйелерді тиімді пайдалану; Қызмет көрсету кезінде тұлғалық байланысты болдырмау; Құжат айналымының ашықтығын қамтамасыз ету;Мемлекеттік қызметшілер арасындағы мүдделер қақтығысын болдырмау.
Жұмыс тобының мүшелері:
Бокаева Галия Хайырлаевна
Құдайберген Райхан
Утегенов Ертуган Кенесович
Оспанов Сериккали Буркитович
Сейлов Магжан Мугаевич
Ракашова Джанаргуль Еламановна
Смирнов Андрей Юрьевич
Мырзалиев Амал Мырзалиевич
Омаров Бахтияр Сагындыкович
Джаканқызы Мадина
Шамуратов Султан Исаевич
Салиев Нурберген Айтбаевич

Источник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1013707?lang=kk