«KazAID» және Ұлттық статистика бюросы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

«KazAID» және Ұлттық статистика бюросы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

07.11.2025 10:00:51 102

«KazAID» және Ұлттық статистика бюросы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

«KazAID» Қазақстанның халықаралық даму агенттігі мен ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы дамуға ресми көмек көрсету бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Құжатқа «KazAID» Басқарма төрағасы Аркен Арыстанов пен ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбаев қол қойды.

Меморандум аясында тараптар ЭЫДҰ, БҰҰ және Дүниежүзілік банк жіктеуішіне сәйкес дамуы ең аз деген ел өкілдерінің қатысуымен халықаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу бағытында ынтымақтасады.

Ынтымақтастық шеңберінде экономика, статистика, деректерді басқару және ресми даму көмегінің мақсаттарын іске асыруға қатысты өзге де бағыттар бойынша конференциялар, семинарлар, форумдар, байқаулар, сондай-ақ оқу және ғылыми іс-шаралар өткізу қарастырылған.

Бұдан бөлек, тараптар ресми даму көмегі мен статистика салаларында бірлескен халықаралық бастамаларды әзірлеу және іске асыру, ашық деректермен алмасу, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты және тәжірибе алмасуды нығайтуға бағытталған салалық конференциялар, семинарлар, форумдар мен дөңгелек үстелдерді ұйымдастыру мәселелерінде өзара әрекеттесуді дамытуға ниетті.

Источник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1100712?lang=kk