Қостанай облысы әкімінің аппаратында өтініштерді қарау кезіндегі әкімшілік рәсімдер мәселелері бойынша жалпыға бірдей құқықтық оқыту өткізілді
29.06.2026 12:43:33 294
2026 жылдың 28 мамырында «Қостанай облысы әкімінің аппараты» ММ-де Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдер мен процессуалдық кодексіне енгізілген соңғы өзгерістерді ескере отырып, өтініштерді қарау кезіндегі әкімшілік рәсімдерді жүргізу тәртібін түсіндіру жөніндегі құқықтық білім беру жұмысы аясында оқу өткізілді.
Іс-шара спикері – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті департаментінің бөлім басшысы Дәулет Тұрарұлы Жидебаев.
Оқу барысында қатысушыларға өтініштерді тіркеу, есепке алу және қарау, келіп түсетін құжаттардың түрін анықтау, құзыреттілікті тексеру, дубликаттармен жұмыс жасау, сондай-ақ «Электрондық өтініштер» АТЖ-де тиісті әрекеттерді көрсету ерекшеліктері туралы мәселелер түсіндірілді.
Жеке қабылдауға түсетін өтініштерді ескеру, ЛП-1 нысанының қолданылуы, жаңа әріптік индекс «ЖҚ», сондай-ақ өтініштер бойынша есеп беру тәртібімен байланысты өзгерістерге ерекше назар аударылды.
Жалпыға бірдей құқықтық оқудың қорытындысы бойынша қатысушыларға азаматтардың және заңды тұлғалардың өтініштерімен күнделікті жұмыс істеуде өзгерістерді дұрыс қолдану бойынша практикалық ұсынымдар берілді.

Источник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1230389?lang=ru
