Новости
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттерімен кәсіптік бағдар беру кездесуі өткізілді 30.06.2026
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті арасында жасалған ынтымақтастық туралы Меморандум шеңберінде Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті Университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттерімен кәсіптік бағдар беру кездесуін өткізді.Кездесу барысында Департамент басшысы Оразбай М.А. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен оған бағынысты органдар мен ұйымдардың қызметі таныстырылып, мемлекеттік қаржы жүйесіндегі жүргізіліп жатқан реформалар және қатаң бақылаудан цифрлық экожүйеге көшу бағытына ерекше назар аударылды. Кездесудің негізгі мақсаты – студенттерге Қаржы министрлігінің қазіргі заманғы адамға бағдарланған кадрлық саясатын таныстыру болды. Бұл саясаттың миссиясы тек дарынды түлектерді тарту ғана емес, сонымен қатар олардың кәсіби дамуына жағдай жасау – тәлімгерлік, оқыту және мансаптық өсу арқылы қолдау көрсету болып табылады.Іс-шара аясында студенттерге Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің қызметі туралы ақпараттық буклеттер табысталды.Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алып, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі органдарымен одан әрі ынтымақтастыққа қызығушылық білдірді.Осындай іс-шараларды өткізу мемлекеттік органдар мен жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ болашақ түлектердің кәсіби бағдарлану деңгейін арттыруға ықпал етеді.Источник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvga/press/news/details/1229906?lang=ru
Банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензияларды қайта ресімдеу туралы 30.06.2026
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасарының бұйрықтарына сәйкес:2026 жылғы 26 мамырдағы № Б-95 бұйрықпен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның жекелеген банк операцияларын жүзеге асыруға арналған 2026 жылғы 26 мамырдағы № 5.2.24 лицензиясы;2026 жылғы 26 мамырдағы № Б-96 бұйрықпен «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның жекелеген банк операцияларын жүзеге асыруға арналған 2026 жылғы 26 мамырдағы № 16 лицензиясы;2026 жылғы 26 мамырдағы № Б-97 бұйрықпен «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Ұлттық төлем корпорациясы» АҚ-ның жекелеген банк операцияларын жүзеге асыруға арналған 2026 жылғы 26 мамырдағы № 4.3.21 лицензиясы;2026 жылғы 26 мамырдағы № Б-98 бұйрықпен «Экспресс Финанс» ипотекалық ұйымы» АҚ-ның жекелеген банк операцияларын жүзеге асыруға арналған 2026 жылғы 26 мамырдағы № 5.1.6 лицензиясы жекелеген банк операциялары атауларының өзгеруіне байланысты қайта ресімделді. Источник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1229907?lang=ru
Асан Абдраманов Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаменті басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды 30.06.2026
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік қазынашылық комитеті төрағасының бұйрығымен Асан Адилханович Абдраманов Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік қазынашылық комитеті Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаменті басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.Бұрынғы атқарған лауазымы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік қазынашылық комитеті Ведомстволық бақылау және тәуекелдер басқармасының бас сарапшы-бас қазынашысы.Источник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazyna/press/news/details/1229918?lang=ru
Аймақ басшысы Серік Шәпкенов тұрғындарды қабылдады 30.06.2026
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.Кезек тәртібімен қабылдауға келген тұрғындар денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, тұрғын үйге кезекке тұру және баспанамен қамту, жер телімін алу, ауылдардағы көлік қатынасына қатысты мәселелерді көтерді.Құрманғазы ауданының тұрғыны өзіне қызметтік тұрғын үй беруді сұрады. Оның айтуынша, аудан ауылдарының бірінде жұмыс істейді және күн сайын жұмыс орнына қатынау қиындық туғызады.Қабылдауда ерекше қажеттілігі бар азаматтарды тасымалдау мәселесіне де назар аударылды. Тұрғындардың бірі І топ мүгедектігі бар адамдарға Атырау қаласында электронды билет алу мүмкіндігі қарастырылғанымен, аудандарда мұндай жүйе жоқ екенін айтты. Өңір басшысы елді мекендер арасында кедергісіз қатынауды қамтамасыз ету үшін бірыңғай база мен ыңғайлы жүйе қалыптастыру қажет екенін атап өтті.Қабылдауға келгендер қатарында Ауған соғысының 71 жастағы ардагері де бар. Ол 2025 жылдан бері тұрғын үй кезегінде тұрғанын айтып, пәтер алуға көмектесуді сұрады.Аймақ басшысы Отбасы банк арқылы тұрғын үй беру заңнамаға сәйкес кезек тәртібімен жүретінін түсіндіріп, банк өкілдеріне баспана алу тетіктері мен қолданыстағы бағдарламаларды жан-жақты түсіндіруді тапсырды.Серік Шәпкенов мұң-мұқтажын айта келген әр азаматты мұқият тыңдап, жауапты мемлекеттік органдарға әр өтініш бойынша заң аясында тиісті шара қабылдауды тапсырды.Источник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1229921?lang=ru
Агентством согласован руководящий работник банка второго уровня 30.06.2026
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі басшы қызметкеріне тағайындауға келесі үміткерлерге келісім берді:Мун Кенгхо «БиЭнКей» Коммерциялық Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы лауазымына (2026 жылғы 28 мамырдағы № 33/БВУ/П хаттама)Марчуков Роман Владимирович АО «Ситибанк Казахстан» Басқарма Төрағасының орынбасары - Басқарма мүшесі лауазымына (2026 жылғы 22 мамырдағы № 31/БВУ/Т хаттама).Чжо Хён Сынг АО «Шинхан Банк Казахстан» Басқарма мүшесі лауазымына (2026 жылғы 26 мамырдағы № 32/БВУ/П хаттама)Источник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1229927?lang=ru
Департамент мамандары
аудит мәселелері бойынша
Мемлекеттік кірістер комитетінің семинарына қатысты 30.06.2026
Департаменттің Аудит басқармасы мен Тауарлар шығарылғаннан кейінгі кедендік бақылау басқармасының мамандары, сондай-ақ Қазақстан өңірлеріндегі мемлекеттік кірістер органдарының өкілдері Мемлекеттік кірістер комитеті ұйымдастырған және аудит жүргізудің практикалық мәселелеріне арналған дөңгелек үстел форматындағы семинарға қатысты. Семинар барысында келесі мәселелер қаралды:
• аудиторлық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу бойынша өзекті мәселелер;
• тауарлар шығарылғаннан кейінгі кедендік бақылауды жүзеге асыру ерекшеліктері;
• жұмыс барысында туындайтын практикалық кейстер мен проблемалық мәселелер.Источник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1229953?lang=ru
ШҚО-да Үйлестіру кеңесінде жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алудың жаңа тәсілдері әзірленді 30.06.2026
Облыс прокуроры Тимур Сүлейменовтің төрағалығымен және өңір басшысы Нұрымбет Сақтағановтың қатысуымен облыс әкімдігінің алаңында Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Оның басты тақырыбы құқық бұзушылықтың, оның ішінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ өңірдегі мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мәселелері болды.Отырыс жұмысына Үйлестіру кеңесінің мүшелері, Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы, облыстық басқармалардың басшылары, жетекші ЖОО-лардың ректорлары, сондай-ақ бейнеконференция байланысы режимінде қалалар мен аудандардың әкімдері, прокурорлар және полиция органдарының басшылығы қатысты.Отырысты аша отырып, қатысушылар Мемлекет басшысы қоғамдық қауіпсіздік пен «Заң және Тәртіп» қағидатын мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтары ретінде айқындағанын атап өтті. Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдардың өкілеттіктерін айтарлықтай кеңейткен және өңірлердегі құқықтық тәртіптің жай-күйі үшін жауапкершілікті әкімдіктерге жүктеген жаңа «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» Заңды іске асыруға ерекше назар аударылды.Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, өткен жылғы криминогендік жағдай алдын алу жұмыстарына деген тәсілдерді қайта қарауды талап етті. Жасөспірімдер қылмысының 48%-ға, балаларға қарсы қылмыстардың 40%-ға өсуі ерекше алаңдаушылық тудырды.Жүйелі түрде ден қою мақсатында прокуратураның бастамасымен облыс әкімдігі жастар ортасының нақты қажеттіліктерін ескере отырып, ерте алдын алуға бағытталған ШҚО Жастар саясатының стратегиясын әзірледі және бекітті.Оны іске асыру аясында өңірде «WinterSportFest» қысқы спорт фестивалі, Аула клубтарының лигасы, «Күш бірлікте» жобасы, есірткіге қарсы граффитидің «Заң аумағы» республикалық фестивалі сияқты ауқымды жобалар іске қосылды, сондай-ақ озық халықаралық тәжірибе енгізілуде.Жүйелі жұмысқа көшу ағымдағы жылы жасөспірімдер қылмысының деңгейін екі есеге жуық төмендетуге мүмкіндік берді, бұл прокуратураның өңірдегі 30 мың жас арасында жүргізген цифрлық әлеуметтік зерттеуімен расталады.Отырыста кәмелетке толмағандардың суицидтік мінез-құлық тәуекелдерін анықтауға және интернет пен мессенджерлер арқылы есірткінің таралуына қарсы іс-қимылға бағытталған прокуратураның цифрлық жобалары таныстырылды.Қатысушылар сондай-ақ жасөспірімдердің жұмыссыздығы, бейінді қызметтердегі кадр тапшылығы, «тәуекел тобындағы» балаларды ведомствоаралық сүйемелдеудің жоқтығы және жастар ортасындағы жағымсыз белгілерге (сигналдарға) ден қоюдың бірыңғай алгоритмін әзірлеу қажеттілігі мәселелерін талқылады.Отырыс қорытындысы бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтуге, алдын алу жұмыстарының тиімділігін арттыруға және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мен қауіпсіздігі жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған қосымша шаралар кешені әзірленді.Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасыИсточник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-vko/press/news/details/1229982?lang=ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Еуразиялық экономикалық форумда цифрлы шешімдерді таныстырды 30.06.2026
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі еліміздің ЕАЭО органдарына төрағалық ету аясында Астанада өтіп жатқан V Еуразиялық экономикалық форумға қатысып жатыр.Биылғы форум – Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде цифрлы технологиялар мен жасанды интеллектіні дамытуға арналды. ЕЭФ-2026 архитектурасы экономиканы цифрлы трансформациялауға, сервистерді интеграциялауға және еуразиялық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бірнеше тақырыпқа біріктірілген 30-ға жуық іс-шараны қамтиды.ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов ЕАЭО елдерінде цифрлы сауда мен кеден қызметін басқаруды дамытуға бағытталған сессияларға қатысып, еліміздің тәжірибесі жөнінде айтып берді. Атап айтқанда, көпшілікке Қазақстанның қаржы мен сауда саласындағы цифрлы инфрақұрылымды дамытудағы тәсілдері, сондай-ақ бизнес пен мемлекеттің өзара іс-қимылын жеңілдетуге бағытталған озық құралдар таныстырылды.Бұған қоса электронды шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі мен тауарларды бақылау тетіктерін дамытуға ерекше назар аударылды. Бүгінде бұл жүйеде 1,7 млрд астам электронды шот-фактура мен ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өзара саудасы аясындағы құжаттарды қоса алғанда, тауарларға арналған 96 млн жуық ілеспе жүкқұжат рәсімделді.Кеден саласын басқаруды талқылау аясында сыртқы өткізу пункттеріндегі цифрлы инфрақұрылымды жаңғырту нәтижелері ұсынылып, бұл өткізу қабілетін едәуір арттыру мен сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларына тиісті рәсімдерден жылдам өтуге мүмкіндік бергені туралы айтылды.ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алу заңнамасы департаментінің директоры Ерлан Сеитов ЕАЭО елдерінде мемлекеттік сатып алуды цифрландыруға арналған сессияның модераторы болды. Қатысушылар сатып алу жүйелерін дамыту, рәсімдердің ашықтығын арттыру мен мемлекет пен бизнес арасындағы өзара іс-қимылдың заманауи цифрлы тетіктерін құру жолдарын талқылады.ҚР Қаржы министрлігінің Еуразиялық экономикалық форумға қатысуы интеграциялық ынтымақтастықты нығайтуға, тәжірибе алысып, мемлекеттік қаржы жүйесі, кеден саласын басқару мен сатып алу процестерінде заманауи цифрлы шешімдерді ілгерілетуге бағытталған.Источник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1229985?lang=ru
Шоғырландырылған қаржылық есептілік аудиттің ашықтығын арттырудағы бұлтты бухгалтерияның рөлі 30.06.2026
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті бұлтты бухгалтерлік жүйелерді енгізу мемлекеттік органдардың шоғырландырылған қаржылық есептілігі аудитінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға ықпал ететінін атап өтті.Мемлекеттік басқаруды белсенді цифрландыру жағдайында заманауи технологиялар қаржылық бақылау сапасын арттырудың маңызды құралына айналуда. Осындай шешімдердің бірі – қаржылық деректерді орталықтандырылған түрде сақтауды және өңдеуді қамтамасыз ететін бұлтты бухгалтерлік есеп платформаларын пайдалану.Шоғырландырылған қаржылық есептілік мемлекеттік ұйымдардың жалпы қаржылық жағдайын көрсетеді және бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін бағалау үшін қолданылады. Бұл ретте ұсынылатын ақпараттың дұрыстығы, толықтығы және уақтылылығы ерекше маңызға ие.Бұлтты бухгалтерлік жүйелерді пайдалану аудиторларға нақты уақыт режимінде деректерге жедел қол жеткізуге, қаржылық операцияларға автоматтандырылған талдау жүргізуге және аудиторлық рәсімдердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.Бұлтты технологиялардың негізгі артықшылықтары:қаржылық операциялардың ашықтығын арттыру;деректерді өңдеу және шоғырландыру кезінде қателер тәуекелін төмендету;есепке алу жүйелеріндегі барлық өзгерістерді бақылау мүмкіндігі;талдамалық рәсімдердің тиімділігін арттыру және тәуекелі жоғары операцияларды анықтау;ішкі бақылау мен қаржылық тәртіптің сапасын жақсарту.Сонымен қатар, заманауи цифрлық шешімдер ақпараттың сақталу деңгейін арттырып, мемлекеттік органдар, ұйымдар және аудиторлар арасындағы өзара іс-қимылдың тиімділігін күшейтуге мүмкіндік береді.Осылайша, бұлтты бухгалтерияны дамыту мемлекеттік қаржыны басқарудың ашықтығын, есептілігін және тиімділігін арттыру бағытындағы маңызды қадам болып табылады.Источник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvga/press/news/details/1229994?lang=ru
Таяу Шығыстағы звакуация жұмыстарына белсенді қатысқан жерлестеріміз марапатталды 30.06.2026
Дубай, 2026 жылғы 28 мамыр – Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі Рауан Жұмабек биыл наурыз айында Таяу Шығыстағы қарулы қақтығыс аймағынан қазақстандықтарды сәтті эвакуациялауға атсалысқан қазақ кәсіпкерлеріне ҚР Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевтың алғыс хаттарын табыстады.БАӘ дипломатиялық өкілдіктердің үйлесімді жұмысы мен Әмірліктерді тұрақты мекендейтін ҚР азаматтарының өзара іс-қимылы нәтижесінде 6 мыңнан астам жерлесіміз елге аман-есен қайтарылды. Р.Жұмабек бұл ауқымды әрі жауапты эвакуация жұмыстарында белсенділік танытып, отандастарға көрсетілген қаржылай, қонақ үйде орналастыру және медициналық көмектерді ерекше атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстан мен Әмірліктер арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың нығаюына зор үлес қосып жүрген азаматтарға ризашылығын білдірді.Бұдан бөлек, қазақ дипломаты БАӘ билігі тарапынан ҚР азаматтарын елге эвакуациялау мақсатында рейстерді ұйымдастыру, шекарадан кедергісіз өткізу сияқты шаралар жылдам әрі уақтылы ұйымдастырылып, жан-жақты көрсетілген қолдау үшін де шексіз алғысын жеткізді. Шетелдегі қазақстандықтардың құқықтары, қауіпсіздігі мен амандығы – еліміздің сыртқы саяси бағытының маңызды басымдығы.Источник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-abudhabi/press/news/details/1229999?lang=ru
2026 жылғы 1 маусымнан бастап Ресей Федерациясында тауарларды күтуді растау жүйесі (ТКРЖ) енгізіледі. 30.06.2026
2026 жылғы 1 маусымнан бастап Ресей Федерациясында тауарларды күтуді растау жүйесі (ТКРЖ) енгізіледі.Автомобиль көлігімен тауарларды әкелу кезінде Ресей Федерациясындағы жүк алушы алдағы жеткізілім туралы құжатты алдын ала рәсімдеп, QR-код алуға міндетті.QR-код жүргізушінің жанында болуы және бақылаушы органдардың талабы бойынша ұсынылуы тиіс.Расталған QR-код болмаған жағдайда Ресей Федерациясына кіруге рұқсат берілмейді және көлік құралы кері қайтарылады.Осыған байланысты төмендегілер ұсынылады:– ресейлік жүк алушыдан ТРКЖ шеңберінде рәсімделген QR-кодтың бар-жоғын алдын ала нақтылау;– өткізу пунктіне жеткенге дейін QR-кодтың болуын тексеру;– QR-кодты қағаз түрінде немесе электрондық форматта өзімен бірге алып жүру;– QR-кодтағы мәліметтердің тауарға ілеспе құжаттармен (тауар, саны, көлік құралы, жүк алушы) сәйкестігін тексеру;– құжаттар дұрыс рәсімделмеген жағдайда шекарадан өту уақытының ұлғаюы мүмкін екенін ескеру.Тасымалдауды жоспарлау кезінде аталған өзгерістерді ескеруді және Ресей Федерациясындағы жүк алушылармен алдын ала өзара іс-қимыл жасауды сұраймыз.ТКРЖ туралы толық ақпаратпен Ресей Федерациясы Қаржы министрлігінің ресми ақпараттық ресурстарында танысуға болады. (https://minfin.gov.ru/ru/press-center/?id_4=40307-prezident_rossii_podpisal_zakon_o_natsionalnoi_sisteme_podtverzhdeniya_ozhidaniya_postavki_tovarov_spot).Источник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1230011?lang=ru
«Халық заңгері» республикалық акциясы өтеді 30.06.2026
29 мамыр күні сағат 16.00 Көкшетауда «Халық заңгері» республикалық акциясы өтеді. Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету.Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті консультация ала алады. Акция 2026 жылғы 29 мамыр күні сағат 16:00-де Көкшетау қаласында, «Kokshetau Mall» сауда-ойын-сауық орталығында (мекенжайы: Центральный шағын аудан, 24 үй) өтеді. Источник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1230013?lang=ru
Больница Медицинского центра открыла своим пациентам доступ к европейской реабилитации в словенской Рогашка-Слатине 30.06.2026
Больница Медицинского центра Управления Делами Президента Республики Казахстан (БМЦ УДП РК) заключила партнёрское соглашение с европейским санаторно-курортным комплексом Grand Hotel Sava Rogaška в словенском городе Рогашка-Слатина. Подписание Меморандума и Договора о сотрудничестве состоялось 26 мая 2026 года. Достигнутые соглашения стали результатом серии переговоров при содействии Посольства Республики Казахстан в Республике Словения и призваны заложить институциональные формы профессионального взаимодействия.Благодаря этому партнёрству пациенты Больницы смогут получить более широкий доступ к полноценным оздоровительным и реабилитационным программам в Европе со скидкой в рамках эксклюзивных условий сотрудничества*. Перед поездкой врачи БМЦ УДП РК проводят предварительное обследование и помогают подобрать подходящую программу – так, чтобы каждый пациент приезжал в Словению уже с чётким планом лечения.Ежегодно от 15 до 20 тысяч граждан Казахстана посещают известную здравницу Рогашка-Слатина, которая является одним из старейших и наиболее известных курортов Европы (для въезда в Словению требуется шенгенская виза). Местная природная вода Donat славится благоприятным воздействием на желудочно-кишечный тракт, обмен веществ и общее состояние организма. Лечебные свойства воды были задокументированы ещё в XVII веке и получили широкое международное признание. Комплекс Grand Hotel Sava Rogaška специализируется на лечении широкого спектра заболеваний: расстройств желудочно-кишечного тракта, нарушений обмена веществ и метаболического синдрома, диабета 2 типа, ожирения, гиперхолестеринемии, артериальной гипертензии, борьбы со стрессом и эмоциональным выгоранием.На территории комплекса располагается единственный в Рогашка-Слатине бассейн с термальной минеральной водой. Высококвалифицированный персонал комплекса предоставляет услуги на разных языках, для граждан Казахстана предоставляется специальный бесплатный мобильный пакет интернета. Соглашение предусматривает и развитие профессиональных компетенций: ежегодно врачи Больницы будут проходить стажировку, планируется обмен опытом и повышение квалификации непосредственно на базе словенского партнёра. Достигнутое благодаря Посольству Казахстана в Словении партнёрство призвано расширить международное присутствие и укрепить имидж Больницы, повысить доступность высококачественной европейской реабилитации для казахстанских пациентов, а также развить образовательный потенциал медицинских специалистов учреждения. *Предусмотренная скидка предоставляется при наличии направления врача БМЦ УДП РК.Источник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ljubljana/press/news/details/1230023?lang=ru
Қазақстан Елшісі Молдова Республикасы Премьер-министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрімен кездесті 30.06.2026
Кишинев, 2026 жылғы 27 мамыр. ҚР Молдова Республикасындағы Елшісі Алмат Айдарбеков МР Премьер-министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрі Михай Попшоймен кездесу өткізді.Сұхбат барысында қазақстандық дипломат ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың бастамасымен елді одан әрі жаңғырту мақсатында жүзеге асырылып жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы ақпарат берді. Сондай-ақ ҚР бір палаталы Парламентіне сайлау өткізу мәселесіне назар аударылды.А.Айдарбеков Вице-премьер-министрді Молдова-Қазақстан Іскерлік кеңсесінің ресми ашылу рәсіміне (а.ж. 3 маусымда) шақырды. Аталған ұйым екі елдің бизнес қауымдастықтары арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, тікелей іскерлік байланыстарды дамытуға және өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған.Тараптар Қазақстанның халықаралық бастамаларын да талқылады. Атап айтқанда, БҰҰ аясында су ресурстарын қорғау және су мәселелерін шешу бағытындағы жаһандық күш-жігерді біріктіруге арналған Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі ҚР Президентінің бастамасы туралы айтты.Сонымен қатар, Елші Астанада өткен «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет және бірегейлік» атты халықаралық симпозиум туралы хабардар етті. Аталған іс-шара шетелдік ғалымдарды, тарихшыларды және сарапшыларды біріктірді. Форум Алтын Орданың тарихи мұрасын ғылыми тұрғыдан зерттеуді ілгерілетуге және халықаралық гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға арналған маңызды алаң болғаны атап өтілді.М.Попшой өз кезегінде екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін білдіріп, мәдениет, ғылым және тарихи мұраны сақтау салаларындағы өзара байланыстарды кеңейту мен диалогты тереңдетудің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, Молдова тарапы қоршаған ортаны қорғауға бағытталған Қазақстанның бастамаларын қолдайтынын білдіріп, экологиялық мәселелерді шешудегі халықаралық қауымдастықтың бірлескен күш-жігерінің ерекше маңызын атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сындарлы диалогты одан әрі дамытуға және екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге өзара мүдделілік танытты.Источник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kishinev/press/news/details/1230025?lang=ru
1 маусымнан бастап жылжымайтын мүлікке арналған техникалық паспорттар мен кадастрлық паспорттардың телнұсқалары тек онлайн рәсімделеді 30.06.2026
eGov.kz порталында жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық паспорт беру және кадастрлық паспорттың телнұсқасын беру мемлекеттік қызметтері жаңартылды. Енді пайдаланушылар өтінім беру кезінде бірден төлем жасап, нәтижені электрондық форматта ала алады.Бұған дейін төлем жасау және нәтижені алу үшін ХҚКО-ға бару қажет болатын. Енді процесс толықтай онлайн форматқа көшірілді: төлем өтінім беру барысында жүзеге асырылады, ал дайын техникалық паспорт немесе кадастрлық паспорттың телнұсқасы eGov.kz порталындағы пайдаланушының Жеке кабинетіндегі «Қызметтерді алу тарихы» бөліміне автоматты түрде жүктеледі. Қызмет көрсету мерзімі жылжымайтын мүлік объектісінің түріне байланысты.Қызметтерді пайдалану үшін пайдаланушыға:- eGov.kz порталында авторизациядан өтіп, «Басты бет» – «Жылжымайтын мүлік» – «Сатып алу, сату, жалға алу» немесе «Тұрғын үй қатынастары» бөліміне өту;- «Жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық паспорт беру» немесе «Кадастрлық паспорттың телнұсқасын беру» қызметін таңдау;- өтінім түрін және жылжымайтын мүлік түрін көрсету, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалын таңдау;- қажетті деректерді толтыру, төлем жасау және сұранымға қолжетімді қол қою тәсілдерінің бірімен қол қою қажет. Цифрлық мемлекеттік қызметтердің танымалдығының артуы статистикамен де расталады. Егер 2021 жылы eGov.kz порталы арқылы жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық паспорт пен кадастрлық паспорттың телнұсқасын алуға 100 мың өтінім беріліп, бұл барлық өтініштердің 22,8%-ын құраса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 41%-ға жетті. Онлайн өтінімдер үлесінің артуы мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алуға сұраныстың жоғары екенін және азаматтардың күнделікті мәселелерді шешуде цифрлық сервистерді пайдалануға дайын екенін көрсетеді.«Мемлекеттік қызметтерді одан әрі цифрландыру аясында 2026 жылғы 1 маусымнан бастап жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық паспорт беру және кадастрлық паспорттың телнұсқасын беру бойынша өтінімдерді ХҚКО операторлары арқылы қабылдау тоқтатылады. Қызметтер тек eGov.kz порталы және eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы онлайн форматта көрсетіледі. Енді пайдаланушыларға төлем жасау үшін бөлек жүгінудің және техникалық паспортты алу үшін ХҚКО-ға барудың қажеті жоқ – барлық процесс электрондық форматта қолжетімді, ал дайын құжат eGov.kz порталындағы Жеке кабинетте қолжетімді болады», – деп атап өтті ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин.Сонымен қатар, «Жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық паспорт беру» мемлекеттік қызметін eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы да алуға болады. Мемлекеттік қызметтерді кезең-кезеңімен онлайн форматқа көшіру қажетті қадамдардың санын қысқартуға, ХҚКО-ларға түсетін жүктемені азайтуға және қызметтерді алу процесін азаматтар үшін ыңғайлырақ, жылдамырақ әрі қолжетімді етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, егер азаматта қызметті онлайн алу үшін қажетті жағдайлар болмаса, ол ХҚКО-дағы өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарын пайдаланып, мемлекеттік қызметті дербес рәсімдей алады.Бүгінгі таңда ЭЦҚ беру, тұрғылықты жері бойынша тіркеу, жүргізуші куәлігін ауыстыру, ресми дилерлерден автокөліктерді бастапқы тіркеу, жүргізуші куәлігін алу үшін өтінім беру (қайта рәсімдеу), еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттарды беру және ұзарту, сондай-ақ ел өңірлерінде пилоттық режимде жер учаскелеріне құжаттарды рәсімдеу қызметтері автоматтандырылып, онлайн форматта қолжетімді.Жаңартулар ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның бірлескен жұмысының нәтижесінде жүзеге асырылды.Источник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1230028?lang=ru
Арман Әбеуов Халықаралық дзюдо федерациясының Әскери комиссиясының басшысы болып тағайындалды 30.06.2026
Арман Әбеуов Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) Әскери және полиция комиссиясы аясында жұмыс істейтін Әскери комиссиясының басшысы қызметіне тағайындалды.Бұл тағайындау оның кәсіби тәжірибесі мен спортты, әскери-патриоттық тәрбиені және дзюдо саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесінің жоғары бағаланғанын көрсетеді.Халықаралық дзюдо федерациясының Әскери комиссиясы әртүрлі мемлекеттердің қарулы күштері мен құқық қорғау құрылымдарында дзюдоны дамыту және насихаттау бағытында маңызды рөл атқарады. Комиссия қызметінің негізгі бағыттары – тәртіпті нығайту, көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру, дене дайындығын жетілдіру, сондай-ақ құрмет, батылдық және қоғамға қызмет ету құндылықтарын дәріптеу.Қазіргі таңда Арман Әбеуов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің төрағасы – Армия орталық спорт клубының бастығы қызметін атқарады. Оның жетекшілігімен Қарулы күштерде дене шынықтыру мен спортты дамыту, әскери қызметші-спортшыларды халықаралық жарыстарға даярлау, сондай-ақ әскери-қолданбалы спорт түрлерін дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.Қазақстан өкілінің осындай жауапты халықаралық қызметке тағайындалуы отандық дзюдо мектебінің беделі жоғары екенін, әскери спорт жетістіктерін және Қазақстанның әлемдік спорт қауымдастығындағы рөлінің артып келе жатқанын көрсетеді.IJF президенті Мариус Визер тағайындауға қатысты пікір білдіріп:“Арман Әбеуов дзюдоның әлемдегі әскери және мемлекеттік құрылымдарға бере алатын құндылықтарын айқын көрсетеді. Оның тәжірибесі, көшбасшылық қасиеттері және дзюдоға деген өмірлік адалдығы біздің әскери және полиция комиссиясының қызметін одан әрі дамытуға маңызды үлес қосады”, – деді.Арман Әбеуов – дзюдодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Республикасының чемпионы, халықаралық турнирлердің жеңімпазы, сондай-ақ Абу-Даби мен Лас-Вегаста өткен ардагерлер арасындағы әлем чемпионаттарының жүлдегері.Оның кәсіби жолы практикалық тәжірибені, басқарушылық даярлықты және спорт пен әскери қызмет саласындағы көпжылдық еңбекті ұштастырады. Құқықтану, қаржы және әскери спорт салаларындағы білімі ұлттық және халықаралық деңгейдегі міндеттерді тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.Арман Әбеуовтің тағайындалуы Қазақстанның дзюдо мен спортты дамытуға қосқан үлесінің халықаралық деңгейде мойындалуы ретінде бағаланып, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және отандық спорттың беделін әлемдік аренада арттыруға қосымша серпін береді.Источник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1230032?lang=ru
Cargolux Қазақстанға рейстерін қайта бастайды және аптасына 14 рейске дейін орындауды жоспарлауда 30.06.2026
Астана – Люксембург, 2026 жылғы 28 мамыр – Әлемдегі ірі жүк әуе тасымалдаушыларының бірі – люксембургтік Cargolux Airlines International S.A. компаниясы Қазақстан нарығына қайта оралып, 2026 жылғы 1 маусымнан бастап Астана халықаралық әуежайы арқылы аптасына 14 рейске дейін орындауды жоспарлап отыр.Алғашқы кезеңде рейстер жанармай құю және техникалық қызмет көрсету мақсатындағы техникалық қонулармен жүзеге асырылады. Болашақта тараптар Астана әуежайында жүк тиеу-түсіру операцияларын ұйымдастыра отырып, толыққанды коммерциялық жүк тасымалдарын іске қосу мүмкіндігін қарастыруда.Жоба көлік байланысын дамытуға, жүк айналымын ұлғайтуға және Қазақстанның Еуропа мен Азия арасындағы Орта дәліздегі рөлін нығайтуға бағытталған.Халықаралық жүк әуе қатынасын дамыту Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдің транзиттік әлеуетін күшейту, көлік саласын дамыту және Қазақстанды Еуразияның негізгі логистикалық хабы ретінде қалыптастыру жөніндегі тапсырмаларына сәйкес келеді.Қазақстанның Бельгиядағы Елшісі Роман Василенко Cargolux компаниясының қайта оралуы Қазақстанның Еуропа мен Азия арасындағы маңызды логистикалық және авиациялық хаб ретіндегі тартымдылығының артып келе жатқанын растайтынын атап өтті.Cargolux компаниясының Президенті және Бас атқарушы директоры Ричард Форсон: «Қазақстан өзінің транзиттік-көлік әлеуетін нығайтуға қомақты инвестиция салды. Cargolux Азия мен Еуропа арасындағы көлік бағыттарын дамытуға әрі Орта дәліз бойындағы маңызды серіктес ретінде Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі», – деп атап өтті.Анықтама: Cargolux Airlines International S.A. – Люксембургтің ең ірі жүк әуе компаниясы және Еуропадағы жетекші жүк тасымалдаушылардың бірі. Компания 1970 жылы құрылған, штаб-пәтері Люксембургте орналасқан. Компания Еуропа, Азия, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Африка және Таяу Шығыс бағыттары бойынша 90-нан астам бағытқа тұрақты және чартерлік жүк рейстерін орындайды.Әуе компаниясының флоты негізінен бір рейсте 130 тоннадан астам жүк тасымалдауға қабілетті заманауи Boeing 747 Freighter жүк ұшақтарынан тұрады. Қазіргі уақытта компания Boeing 747 ұшақтарының түрлі модификациясындағы 30 жүк әуе кемесін пайдаланады және әлемнің 50-ден астам елінде 85-тен астам өкілдігі бар. Cargolux Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) және Airlines for Europe (A4E) еуропалық авиациялық қауымдастығының мүшесі болып табылады.Источник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1230058?lang=ru
СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА: 30 МАМЫРДАН БАСТАП ТАУАРЛАРДЫ ДЕКЛАРАЦИЯЛАУДЫҢ ЖАҢА ТӘРТІБІ ЕНГІЗІЛЕДІ! 30.06.2026
📢 СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА: 30 МАМЫРДАН БАСТАП ТАУАРЛАРДЫ ДЕКЛАРАЦИЯЛАУДЫҢ ЖАҢА ТӘРТІБІ ЕНГІЗІЛЕДІ!Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасы 2026 жылғы 28 сәуірдегі № 50 Шешімді қабылдады. Бұл құжат тауарларға арналған декларацияны (ТД) толтыру тәртібіне маңызды өзгерістер енгізеді.🗓 НЕГІЗГІ КҮН: Шешім 2026 жылғы 30 сәуірде ресми түрде жарияланды және 30 күнтізбелік күн өткен соң — 2026 жылғы 30 мамырда өз күшіне енеді. Осы күннен бастап сәйкестендіру нөмірлерін көрсету міндетті болады!НЕ ӨЗГЕРДІ? Енді тауарлардың кең тізбесі бойынша декларацияда сәйкестендіру нөмірін (өндірушінің сериялық нөмірін) көрсету қажет. Егер мұндай нөмір болмаса, бұл туралы ақпарат та құжатта міндетті түрде көрсетілуі тиіс.ЖАҢА ТАЛАПТАР ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТАУАРЛАР ТІЗІМІ:🔹 Электроника мен гаджеттер:Смартфондар: «IMEI-код» термині «IMEI-код/кодтары» болып өзгертілді, яғни құрылғының барлық идентификаторларын көрсету қажет.Ноутбуктер мен планшеттер (салмағы 10 кг-нан аспайтын): енді IMEI-кодын/кодтарын көрсету міндетті.Смарт-сағаттар, VR-көзілдіріктер және ойын приставкалары: кедендік құны 500 АҚШ доллары және одан жоғары болса, сериялық нөмірлері міндетті түрде жазылады.🔹 Тұрмыстық техника:Ыдыс жуғыш және кір жуғыш машиналар.Микротолқынды пештер, асүй комбайндары, электр плиталары және пісіру панельдері.Тігін машиналары мен көгал шапқыштар (триммерлер).🔹 Көлік және арнайы техника:Бульдозерлер, экскаваторлар, грейдерлер, катоктар. Мұнда толық деректер жиынтығы қажет: маркасы, моделі, қозғалтқыш нөмірі, шасси (рама) және шанақ (кабина) нөмірлері.Іштен жану қозғалтқыштары.🔹 Басқалар:Музыкалық аспаптар (пианино, гитара және т.б.).Спорттық және аңшылық қарулар.⚠️ Маңызды: Қазақстан Республикасы үшін бұл талаптар есептеуіш машиналар мен VR-құрылғыларға да қолданылады.Не істеу керек? Тауарға ілеспе құжаттарыңызды қазірден бастап тексеріңіз. 30 мамырдан бастап декларацияда сериялық нөмірлердің немесе IMEI-дің болмауы кедендік ресімдеу кезінде кідірістерге әкелуі мүмкін.🚛 Өзгерістерге дайын болыңыз! Күнді ұмытып қалмас үшін жазбаны сақтап қойыңыз.Источник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zko/press/news/details/1230081?lang=ru
Қазақстан делегациясы Таиландтағы CPRAM өндірістік нысандарына барды 30.06.2026
Бангкок, 2026 жылғы 27 мамыр — Таиланд Корольдігіндегі іскерлік бағдарлама аясында және THAIFEX – Anuga Asia 2026 халықаралық көрмесіне қатысу қорытындысы бойынша қазақстандық бизнес өкілдері мен Қазақстанның Таиландтағы Елшілігінің қатысуымен «CPRAM» өндірістік кәсіпорнына сапар ұйымдастырылды.Сапар барысында қатысушылар компания қызметімен, өндірістік процестерімен, сапаны басқару жүйесімен, корпоративтік стандарттарымен және азық-түлік өндірісін ұйымдастырудағы заманауи тәсілдермен танысты. Қазақстандық тарапқа кәсіпорынның өндірістік қуаттарын дамыту, инновациялық шешімдерді енгізу және тұрақты дамуды қамтамасыз ету бағытындағы тәсілдер туралы ақпарат ұсынылды.Іс-шараға тайлық серіктестермен ынтымақтастықты кеңейтуге, бірлескен жобаларды дамытуға және азық-түлік өнеркәсібі мен өнімді қайта өңдеу саласындағы озық тәжірибені зерделеуге мүдделі Қазақстанның іскер топтарының өкілдері қатысты.Кездесуге қатысушылар мұндай сапарлар практикалық сауда-экономикалық өзара іс-қимылды дамытуға, тәжірибе алмасуға және инвестициялық әрі өндірістік ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті.Қазақстан агроөнеркәсіптік кешен, тамақ өнеркәсібі, өнімді қайта өңдеу, логистика және инвестициялар салаларында Таиландпен әріптестікті одан әрі кеңейтуге мүдделілігін растады, сондай-ақ тай компанияларын қазақстандық серіктестермен ынтымақтастық мүмкіндіктерін және Қазақстанда инвестициялық жобаларды іске асыру әлеуетін қарастыруға шақырды.Сапар қорытындысы бойынша тараптар екіжақты іскерлік ынтымақтастықты дамыту және өзара іс-қимылдың жаңа перспективалы бағыттарын іздестіру мәселелері бойынша диалогты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.Анықтама үшін: CPRAM — CP Group құрамына кіретін Таиландтың жетекші компанияларының бірі. Компания дайын тағамдар, мұздатылған және салқындатылған өнімдер, сондай-ақ нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер өндірісіне маманданған. CPRAM Таиландтағы «7-Eleven» желісінің ең ірі өнім жеткізушілерінің бірі болып табылады, сондай-ақ «Lotus’s», «Makro» және басқа да сауда желілерімен ынтымақтасады. Компания ассортиментінде 900-ден астам өнім атауы бар. Компания мәліметіне сәйкес, CPRAM-ның табысы шамамен 850 млн АҚШ долларын құрайды, ал мақсатты көрсеткіш — 932 млн АҚШ доллары. Компания жыл сайын 10%-дан астам өсім көрсетіп келеді. CPRAM инновациялар мен азық-түлік өндірісінің заманауи технологияларына, соның ішінде өзінің Food Technology Exchange Centre орталығына, автоматтандырылған «green factory» өндірістеріне және жеке R&D орталықтарына белсенді түрде инвестиция салады.Источник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-thailand/press/news/details/1230096?lang=ru
«Қайсар» мен «Елімай» арасында тартысты матч өтті 30.06.2026
Қызылордадағы «Қайсар Арена» стадионында жергілікті «Қайсар» мен Абай облысының «Елімай» футбол командалары арасында Қазақстан Премьер-лигасының 12-тур аясында кезекті матч өтті.Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев арнайы қатысып, жергілікті командаға қолдау білдірді. Ойын барысында «Қайсар» сапындағы Николла Цуцкич пен Имо Эзикель жасыл алаңда өз шеберліктерін танытып, гол авторы атанды. Дегенмен, аладоп бәсекесінің нәтижесі 3:2 есебімен аяқталып, қарсылас команда ұпай еншіледі. Источник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1230151?lang=ru