Новости
Марат Сұлтанғазиев Қонаевтағы құрылыс алаңдарын аралады 30.06.2026
Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында алты бірдей стратегиялық маңызы бар әкімшілік ғимараттың құрылысы жүріп жатыр. Бұл нысандар қаланы заманауи әкімшілік орталық ретінде танытып, шаһардың жаңа келбетін қалыптастыруға серпін бермек. Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев құрылыс қайнап жатқан алаңдарға арнайы барып, жұмыс барысымен танысты. Аймақ басшысы ең алдымен сапаға ерекше назар аударып, нысандарды белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Үкімет қаулысына сәйкес қазір Қонаев қаласында Облыстық сот, Полиция департаменті, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ведомстволық органдарға арналған әкімшілік ғимараттар мен Департаменттер үйі салынып жатыр. Барлығы дерлік «Алматы – Өскемен» тасжолының бойында орналасқан. Сондай-ақ облыстық мұрағат пен Алматы облысы әкімі аппаратының автокөлік кешені және қалалық №6, № 7 жағажайларда курорттық-ойын-сауық нысандары бой көтеруде.Мердігерлермен жүздескен Марат Елеусізұлы жұмысшылар мен техника санын көбейтіп, сапалы әрі өнімді жұмыс істеу керегін айтты. Келісім бойынша мердігерлер құрылысты өз қаражаты есебінен бастайды, соған сәйкес кейін аванстық төлемдер жасалады. Бүгінде аталған нысандарда жер асты жұмыстары жүргізіліп, іргетасы қалануда. Мәселен, Полиция департаменті салынатын алаңда ескі ғимараттар бұзылып, құрылыс қалдықтары шығарылып жатыр. Ғимараттың ауданы 22 мың шаршы метрден асады. Нысан үш-алты қабатқа дейінгі әртүрлі биіктіктегі сегіз блоктан тұрады. Онда инженерлік-техникалық қызметкерлер еңбек етіп, гидробалғамен жабдықталған және тиеу жұмыстарына арналған экскаватор мен самосвалдар жұмыс істеп тұр.Арнайы мемлекеттік органдарға арналған әкімшілік ғимараттың жалпы ауданы 12 168 шаршы метрді құрайды. Ғимарат 5 қабаттан және жертөледен тұрады. Құрылыс алаңында 25 жұмысшы мен алты техника жұмылдырылған.Ведомстволық бағынысты ұйымдарға арналған әкімшілік ғимарат 4 және 6 қабатты екі блоктан тұрады. Қазіргі таңда қазаншұңқыр қазу жұмыстарына 10-нан астам адам мен 7 бірлік техника тартылған.Департаменттер үйі күрделі көпункционалды 4 блокқа бөлінген. Жоба бойынша ғимаратта қызметтік бөлмелер, мәжіліс залдары, асхана, медпункт, архив және техникалық үй-жайлар орналасады. Нысанда 6 инженерлік-техникалық қызметкер мен 13 монолитші жұмыс істеуде. Қазіргі таңда іргетасын қалау үшін дайындық қызу жүріп жатыр.Ал облыстық Мұрағат ғимаратында гидрооқшаулау, іргетасын орнату жұмыстары жүргізілуде. Ғимараттың ауданы – 8,4 мың м². Болашақта мұнда 300-ден астам маман жұмыс істейді. 2 000 000-нан астам құнды құжаттарды сақтауға болады. Соған сәйкес ғимаратта өртке төзімді материалдар қолданылуда.Марат Елеусізұлы сондай-ақ Алматы облысы әкімі аппаратының автокөлік кешені мен Қапшағай су қоймасы жағасындағы халықаралық деңгейдегі курорттық-ойын-сауық нысандарының жай-күйімен де танысты. Автотұраққа 100-ге жуық көлік сияды. Аумағы шамамен үш гектар болатын бұл нысанда мемлекеттік мекемелердің көліктеріне қызмет көрсететін әкімшілік және техникалық бөлмелер болады. Ал аталған жағалауларда қонақүй, аттракциондар саябағы, аквапарк, ойын алаңы, SPA салынады. Ол үшін 24 млрд теңге инвестиция тартылған. Нәтижесінде 350 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.Облыс әкімі бұл ғимараттар тарихи маңызы зор әрі қаланың көркін кіргізетін маңызды жобалар екенін ерекше атап өтті. «Жаңа облыс орталығында заман талабына сай, сапалы әрі көздің жауын алатын әдемі ғимараттар бой көтеруі тиіс. Үкімет қаулысымен бекітілген кешенді даму жоспарына сәйкес, сенімді мердігер ретінде сіздерді таңдадық. Егер жұмыс баяулайтын болса не талаптарға сай келмесе, мердігерді ауыстыруға тура келеді. Сондықтан жұмысқа үлкен жауапкершілікпен кірісу керек», – деді облыс әкімі. Жоспар бойынша аталған нысандардың құрылысы келесі жылы аяқталып, пайдалануға беріледі.Источник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1229558?lang=ru
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Е.Ж. Нұрғалиевтің төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өтті 30.06.2026
2026 жылғы 28 мамырда Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Е.Ж. Нұрғалиевтің төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өтті.Комиссия жұмысына құқық қорғау органдарының, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, Қоғамдық кеңес төрағасы, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты — «Amanat» партиясы фракциясының мүшесі қатысты.Отырыс барысында жазғы демалыс кезеңінде кәмелетке толмағандардың демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру, жол-көлік жарақаттарының алдын алу, сондай-ақ колледж студенттері арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мәселелері қаралды.Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтік мінез-құлыққа қатысты талдау нәтижелерін ұсынды. Тәуекел факторларын ерте анықтауға, жасөспірімдерге психологиялық қолдау көрсетуді күшейтуге, сондай-ақ білім беру ұйымдары мен отбасылардағы профилактикалық жұмысты жетілдіруге ерекше назар аударылды.Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға, профилактикалық шараларды күшейтуге және кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған тиісті тапсырмалар берілді.Источник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1229565?lang=ru
СПОРТҚА – ИӘ! ЕСІРТКІГЕ – ЖОҚ! 30.06.2026
Қаламыздың көшелері салауатты өмір салтының, жылдамдық пен бірліктің ерекше энергиясына толды! Саналы әрі белсенді болашақты таңдаған жандардың басын қосқан ауқымды «Спорт есірткіге қарсы» веломарафоны өтті.Шараға 300-ге жуық қатысушы қатысып, қоғамымыздың салауатты өмір салтын қолдайтынын тағы бір мәрте дәлелдеді. Бұл маңызды бастамада “Жоғары спорт шеберлігі мектебінің” спортшылары ерекше белсенділік танытып, өз шеберліктерін көрсетті.Біздің тәрбиеленушілеріміз спорттың кез келген зиянды әдетке қарсы ең тиімді балама екенін тағы да айқын дәлелдеді. Өйткені спорт – бұл мінез, тәртіп, табандылық және үнемі алға ұмтылу.Біздің басты ұстанымымыз – спорт еркіндікке, күш-жігерге және салауатты санаға бастайды. Есірткі адам өмірін уақытша тұмандандырса, спорт жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, шынайы күш береді.Біз салауатты ұрпақты, қуатты ұлтты және әрбір мәре жаңа жеңіске айналатын жарқын болашақты таңдаймыз!Баршаңызды спортты таңдауға, өмірді бағалауға және өзгелерге үлгі болуға шақырамыз!Источник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1229597?lang=ru
Астанадағы Еуразиялық экономикалық форумында Қазақстанның ЖИ-экожүйесі таныстырылды 30.06.2026
2026 жылғы 28 мамырда Астана қаласында Еуразиялық экономикалық форум аясында Еуразиялық экономикалық комиссия Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлесіп ұйымдастырған «Жасанды интеллект және бәсекелестіктің жаңа парадигмасы: ЕАЭО трансшекаралық нарықтарын дамытудың қатері ме әлде драйвері ме?» атты панельдік сессия өтті.Сессияға қатысушылар жасанды интеллект технологияларының нарықтарды трансформациялауға, цифрлық экожүйелерді дамытуға әсерін және жаңа цифрлық экономика жағдайында монополияға қарсы реттеу тәсілдерінің өзгеруін талқылады.Бүгінде ЖИ бизнес-модельдерді ғана емес, бәсекелестіктің өз логикасын да өзгертуде. Алгоритмдер компанияларға нарықтарды тезірек талдауға, процестерді оңтайландыруға, сұранысты болжауға және сервистерді ауқымдандыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жабық цифрлық экожүйелер, алгоритмдік баға белгілеу, деректердің шоғырлануы және бәсекелестікті шектеу тәуекелдері сияқты жаңа сын-қатерлерді туындатуда. Сессия барысында Қазақстан цифрлық инфрақұрылым мен есептеу қуаттарынан бастап кадрлар даярлауға, заңнамалық базаға және халықаралық ынтымақтастыққа дейін - жасанды интеллектті толыққанды ұлттық экожүйесін жүйелі түрде қалыптастырып жатқаны атап өтті.Бүгінгі таңда Қазақстан цифрлық даму деңгейі мен жасанды интеллектті енгізуге дайындығы бойынша Орталық Азияда көшбасшылық позицияға ие. 2025 жылы ел ЖИ-ге дайындықтың жаһандық индексінде 195 мемлекеттің ішінде 58-орынды иеленді, сондай-ақ, электрондық үкіметті дамыту бойынша әлемдік көшбасшылар қатарына кірді, атап айтқанда БҰҰ Электрондық үкіметті дамыту индексінде 24-орын және БҰҰ Онлайн-сервистер индексінде 10-орындарды иеленеді.Мемлекеттік деректердің орталықтандырылған және қауіпсіз интеграциясын қамтамасыз ететін Smart Data Ukimet мемлекеттік платформасы ЖИ-ді енгізудің негізгі іргетасына айналды. Осының арқасында Қазақстан жекелеген цифрлық сервистерден data-driven мемлекетін құруға және мемлекеттік басқаруға ЖИ-ні жүйелі түрде енгізуге көшуде.Заманауи реттеушілік ортаны қалыптастыруға маңызды мән беріледі. Қазақстан Республикасының «Жасанды интеллект туралы» жаңа Заңы саланың дамуы үшін ашық әрі түсінікті ережелер құруға, азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ, әзірлеушілер мен халықаралық инвесторлар үшін болжамды ортаны қалыптастыруға бағытталған.Цифрлық егемендікті қамтамасыз ету үшін Қазақстан өзінің есептеу инфрақұрылымын белсенді түрде дамытуда. Елде NVIDIA H200 жаңа чиптері негізінде екі жоғары өнімді суперкомпьютерлік кластер жұмыс істеп тұр.Мемлекеттік секторға, университеттер мен стартаптарға бағытталған alem.cloud кластері өңірдегі ең ірі суперкомпьютерлік кластерге айналды және әлемдік TOP500 рейтингіне кірді. «Қазақтелеком» іске қосқан екінші кластер - AI-Farabi корпоративтік секторға, банк индустриясына және экспорттық нарықтарға бағытталған. Оның өнімділігі 103 PFLOPS-тан асады, бұл оған әлемдік TOP500 рейтингіне кіруге мүмкіндік берді.Сондай-ақ, Қазақстан үшін адами капиталды дамыту басым міндеттердің бірі болып қала береді. Елде халықты жасанды интеллектімен жұмыс істеудің негізгі дағдыларына оқытуға бағытталған AI Movement бастамасы іске асырылуда. Astana Hub базасында Tomorrow School - Қазақстандағы алғашқы жасанды интеллект мектебі жұмыс істейді, ал университеттерде студенттер арасында ЖИ-компетенциялары мен кәсіпкерлік ойлауды қалыптастыруға бағытталған AI Sana бағдарламасы дамып келеді.Дискуссияға қатысушылар ЖИ-ні реттеудің халықаралық тәжірибесін, әлеуетті бәсекелестікке қарсы практикалардың жаңа нысандарын, алгоритмдердің ашықтығы қажеттілігін, сондай-ақ ЖИ-жүйелеріне тәуелсіз аудит жүргізу үшін монополияға қарсы органдардың құзыреттерін дамытуды талқылады.Тараптар сондай-ақ, мемлекеттердің технологиялық егемендігі мен қауіпсіздігіне қатер төндірмей, бәсекелестік пен тұтынушылардың құқықтарын қорғауды ЖИ-ге инновациялар мен инвестицияларды ынталандырумен қалай теңгерімдеу керектігін талқылады.Қатысушылар жасанды интеллект экономикалық өсудің, өнімділікті арттырудың және трансшекаралық цифрлық нарықтарды дамытудың қуатты драйвері болып қала беретінін атап өтті.Қазақстан жасанды интеллект саласындағы белсенді халықаралық ынтымақтастыққа дайындығын растайды және ЖИ-ді сенімділік, ашықтық, қауіпсіздік пен бірлесіп даму принциптері негізінде дамытуды құптайды.Бүгінде Қазақстан өзін ЖИ-инновациялардың өңірлік орталығы және жаһандық технологиялық қоғамдастық үшін сенімді серіктес ретінде танытуда. Источник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/maidd/press/news/details/1229607?lang=ru
Кеген ауылының 2006 - жылғы түлектердің 20 жылдық кездесуіне орай орталық алаңда 30 мамыр сағат 18:00 де концерттік бағдарлама өтеді. 30.06.2026
Источник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-kegen/press/news/details/1229615?lang=ru
Самар ауданында «Өрт-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті 30.06.2026
2026 жылғы 28–29 мамыр күндері Самар ауданының Қайыңды орманшылығы аумағында «Өрт-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті.Іс-шараға Самар ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері, құқық қорғау органдарының өкілдері, ПЧ-32 жеке құрамы, «Самар орман шаруашылығы» КММ мамандары, ауылдық округ әкімдері және ауданның азаматтық қорғау қызметтері қатысты.Оқу-жаттығудың тақырыбы — 2026 жылғы өрт қауіпті кезең жағдайында төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау.Оқу-жаттығу барысында орман және дала өрттерін сөндіру кезіндегі іс-қимылдар, қызметтер арасындағы өзара байланыс, ақпарат және радио байланыс алмасу тәртібі пысықталды. Сондай-ақ өртке қарсы құрылымдардың жедел әрекет ету дайындығы тексерілді.Шара аясында өрт сөндіру штабының жұмысын ұйымдастыруға, төтенше жағдай орнындағы байланысты қамтамасыз етуге, су алу орындарын жабдықтауға, қарсы өрт қою тәсілдерін қолдануға және су көздерін барлауға ерекше назар аударылды. Сонымен қатар өрт сөндіру техникалары мен арнайы құрал-жабдықтарды пайдалану бойынша тәжірибелік сабақтар өткізілді.Оқу-жаттығу аясында Самар ауылындағы ПЧ-32 қызметкерлері, «Самар орман шаруашылығы» КММ жұмысшылары және жергілікті атқарушы орган өкілдері арасында жарыстар ұйымдастырылды. Іс-шара табиғи өрттерді сөндіру кезіндегі кәсіби шеберлік пен үйлесімді әрекеттерді арттыруға бағытталды.Источник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1229617?lang=ru
Қызылордада испандық «Roca Group» зауытының іргетасы қаланды 30.06.2026
Қызылордада әлемге әйгілі испандық «Roca Group» компаниясының санитарлық-техникалық жабдықтар зауытының іргетасы қаланды. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, «Roca Group» компаниясының бас директоры Даниэль Хурадо Эрнандес, Испания елшілігінің сауда-экономикалық кеңесшісі Хесус Видаль Боррелья, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, құрылыс компанияларының директорлары, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары қатысты.«Roca Group» – жүз жылдан астам тарихы бар, сантехникалық жабдықтар өндіру саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі. Компания әлем бойынша 78 өндірістік алаңды басқарады. Онда 20 мыңнан астам адам еңбек етеді. Өнімдері 170-тен астам елге экспортталады.Рәсімде облыс әкімі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың инвестиция тарту және заманауи өндірісті дамыту жөніндегі тапсырмасына тоқталып, өңірде қолайлы инвестициялық ахуал қалыптасқанын атап өтті.«Мемлекет басшысы «Жаңа инвестициялар ең алдымен еліміздегі заманауи өнеркәсіптің негізін қалыптастыруға бағытталуы керек» деген болатын. Кейінгі жылдары өңіріміздің инвестициялық әлеуеті артып, ірі жобалар табысты жүзеге асуда.Аймақ экономикасына 2,3 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды. Алдағы үш жылда 1,9 трлн теңгеге 48 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Нәтижесінде 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады.Бүгін біз еліміз үшін маңызды, жоғары технологиялық өндіріс орнының капсуласын салу рәсімінің куәсі болып отырмыз. Осындай ауқымды жобаны Сыр өңірінде жүзеге асырғаны үшін испандық «Roca Group» компаниясына ризашылығымды білдіремін. Бұл бастама өңір экономикасына жаңа серпін беріп, экспорттық әлеуетті арттыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Біз отандық және шетелдік инвесторлармен әрдайым ашық әрі сенімді қарым-қатынас орнатып, нәтижелі жұмыс істеуге дайынбыз, – деді Мұрат Нәлқожаұлы.Жиында облыс прокуроры Ризабек Ожаров пен «Roca Group» серіктестігінің бас директоры Даниэль Хурадо Эрнандес сөз сөйлеп, ел ағасы Ибрагим Әбибуллаев ақ батасын берді.Айта кету керек,жоба «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қолдауымен жүзеге асырылуда.«Roca Group» компаниясының зауытын Қызылорда өңірінде салу туралы келісім облысты Нұрлыбек Нәлібаев басқарған кезеңде жасалып, Үкімет деңгейінде тиісті құжаттарға қол қойылған болатын.Бұл – Қазақстандағы экологиялық қауіпсіздіктің халықаралық стандарттарына сәйкес келетін санитарлық-техникалық өнімдер шығаратын алғашқы өндіріс орны.Зауытқа 24 гектар жер телімі бөлінді, 44,1 млрд теңге инвестиция салынады. Жылдық өндірістік қуаты 500 мың бұйымға дейін жетеді. Өндірілген өнім Қазақстанның ішкі нарығына жеткізіліп, Орталық Азия елдеріне экспортталады. Сонымен қатар 300-ге жуық тұрақты жұмыс орны ашылады, жергілікті мамандарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру көзделген. Компания жыл соңына дейін смесительдер мен инсталляциялық жүйелерді құрастыратын өндіріс орнын іске қосуды жоспарлап отыр. Ал компания өнімдері ұсынылатын шоурумдар Астана және Алматы қалаларында маусым айында ашылады.Источник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1229663?lang=ru
Аудан әкімі Кеген ауылының тұрғындарымен кездесті 30.06.2026
Аудан әкімі Нұрбақыт Молдахметұлы Кеген ауылының тұрғындарымен есептік кездесу жиыны өткізді. Кездесу барысында аудан басшысы ел игілігі жолында жүзеге асқан бірқатар маңызды бастамаларға тоқталып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың негізгі бағыттарын атап өтті. Источник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-kegen/press/news/details/1229678?lang=ru
ШҚО білім басқармасы «Қазақстан Республикасы колледждерінің үздік 100 студенті» байқауының өңірлік кезеңінің басталғанын хабарлайды 30.06.2026
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы №514 «Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес ШҚО білім басқармасы «Қазақстан Республикасы колледждерінің үздік 100 студенті» байқауының өңірлік кезеңінің басталғанын хабарлайды.Өңірлік кезеңге қатысу үшін төмендегі құжаттарды ұсыну қажет:- «Еңбекпен биікке жет» тақырыбындағы мотивациялық хат, онда қатысушы «Адал азамат», «Заң және тәртіп» бірыңғай тәрбие бағдарламасының идеологиялық құндылықтарын және «Таза Қазақстан» қозғалысының идеясын ескере отырып, таңдаған мамандығын дамыту жөніндегі идеяларын, сондай-ақ жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру жолдарын ұсынады (350 сөзден аспауы тиіс);- Әлеуметтік желіде (қатысушының немесе жетекшінің жеке аккаунттарында не колледждің ресми парақшаларында) орналастырылатын бейнеролик, онда қатысушы өзінің таңдаған мамандығына және колледжіне деген адалдығын, кәсіби дағдыларын қолдануын, сондай-ақ өңір мен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесін көрсетеді (2 минуттан аспауы тиіс, бейнероликке сілтеме көрсетілуі қажет);- Таңдаған мамандығы бойынша жеке жобасының презентациясы, онда қатысушы өзін болашақ маман ретінде таныстырып, цифрлық технологияларды қолдануын және жасанды интеллект технологияларын белсенді енгізуін көрсетеді (7 слайдтан аспауы тиіс).Әрбір ТжКБ ұйымынан байқаудың өңірлік кезеңіне I (ішкі) кезеңнің жеңімпазы атанған студенттер арасынан 3 (үш) кандидаттан артық жіберілмейді.ТжКБ ұйымдары өңірлік кезеңге қатысуға арналған байқау құжаттарын 2026 жылғы 26 мамыр мен 26 маусым аралығында келесі электрондық мекенжайларға жолдайды: prof_vko@eduvko.kz, vrvkgk@mail.ru.Байқаудың өңірлік кезеңінің нәтижелері 2026 жылғы 26 маусымда жарияланады.@talap.edu.kz #ШҚОСтуденттері #ЖасМамандар #ҚазақстанЖастары #Топ100#2026Источник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1229733?lang=ru
Оралда Еуразиялық индустриялық-логистикалық хаб құрылысы басталды 30.06.2026
«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қолдауымен Батыс Қазақстан облысында Еуразиялық индустриялық-логистикалық хабтың іргетасын қалау рәсімі өтті. Жобаның бастамашысы – Eurasia Holding Group құрамына кіретін «Jinone Excellence Investment» ЖШС.Жоба Орал қаласында 20 гектар аумақта іске асырылады. Инвестициялардың жалпы көлемі 130 млн АҚШ долларын құрайды. Кешен құрамына жылына 30 000 тоннаға дейін өнім шығаратын болат конструкциялары зауыты, жылына 60 000 данаға дейін құрылыс қалыптарын өндіретін зауыт, сондай-ақ жыл сайын 250 000 бухтаға дейін BV типті кабель шығаратын кабель зауыты кіреді. Нысанды пайдалануға беру 2026 жылдың соңына жоспарланған. Жобаны іске асыру нәтижесінде 510 тұрақты жұмыс орны ашылады.Хабтың негізгі элементі қытайлық электрондық коммерция компанияларын, ресейлік трейдерлер мен еуропалық жүк жөнелтушілерді қоса алғанда, үшінші тараптардың жүктерін сақтауға және өңдеуге арналған ашық үлгідегі «А» типті кеден қоймасы болады. Бұл формат өңірдегі тиімді логистиканы қамтамасыз етіп, халықаралық сауданың дамуына серпін береді.«Менің ойымша, бұл жоба өңір үшін аса қажет әрі стратегиялық маңызы жоғары бастама. Оның әлеуеті өте үлкен. Бұл – тек бастамасы ғана, біз алдағы уақытта да өңірде жаңа жобаларды жүзеге асыруды жалғастырамыз. Жоба транзит, сауда, индустрия және логистика салаларының дамуына серпін береді деп сенемін. Бүгінде Қазақстанда 9 мыңнан астам қытайлық компания жұмыс істейді, 250-ден астам бірлескен жоба іске асырылуда», – деді «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Сұлтанғали Кенжеқұлов.Жоба Қытайды, Орталық Азияны, Ресейді, Шығыс Еуропа мен Еуропалық одақты байланыстыратын еуразиялық өнеркәсіптік синергия дәлізі үшін негізгі холдингтік платформаны қалыптастыруға бағытталған. Халықаралық көлік бағыттарының тоғысында орналасқан Орал қаласы ЕАЭО елдерінің нарықтарына тікелей шығатын заманауи индустриялық-логистикалық орталық қалыптастыру үшін айтарлықтай әлеуетке ие.Источник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-beijing/press/news/details/1229751?lang=ru
«Арнайы және баламалы әдістер арқылы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды инклюзивті қолдау» облыстық қайырымдылық «WORKSHOP» 30.06.2026
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды психологиялық-педагогикалық даярлау және әдістемелік-технологиялық қолдау құзыреттілік орталығы» жобасы аясында 2026 жылдың 28 мамырында С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетімен бірлесе отырып онлайн форматта «Арнайы және баламалы әдістер арқылы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды инклюзивті қолдау» тақырыбында қайырымдылық «WORKSHOP» өткізді.Шараға облыстың орта білім беру ұйымдарының 300-ден астам педагогтері қатысты.«WORKSHOP» инклюзивті білім беру саласындағы тәжірибе алмасу, кәсіби өзара іс-қимыл және заманауи тәсілдерді ілгерілету үшін тиімді алаңға айналды.Түскен қаражат ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған дефектологтың кәсіби үстелін дайындауға жұмсалады, ол ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№48 мектеп-қосымша білім беру орталығы» КММ беріледі.Источник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1229756?lang=ru
Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасында Латвия Республикасының делегациясымен кездесу өтті 30.06.2026
Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасында Латвия Республикасының делегациясымен кездесу өтті. Делегация құрамына порттық инфрақұрылым, логистика және инвестициялық компаниялардың өкілдері кірді.Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, логистикалық бағыттарды дамыту, инвестициялық өзара іс-қимылды нығайту, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен мен өңдеу өнеркәсібі салаларындағы байланыстарды қарастырды.Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасының директоры Канат Алин Палата қызметінің негізгі бағыттарын таныстырып, бизнесті қолдау және қорғау тетіктері туралы ақпарат берді. Тараптар тікелей іскерлік байланыстар орнатып, ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын талқылады. https://www.instagram.com/p/DYzXlfyIxkE/?hl=ruИсточник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1229759?lang=ru
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде қызметтік әдеп және мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша кеңес өткізілді 30.06.2026
2026 жылғы 22 мамырда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде құрылымдық бөлімшелер мен кеден бекеттері басшыларының қатысуымен мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарын және қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша кеңес өткізілді.Кеңес барысында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі уәкіл Койшинов К.К. қызметкерлерге Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын қызметтік және қызметтен тыс уақытта сақтау қажеттігін еске салды.Кеңес аясында мемлекеттік қызметшілерге қойылатын негізгі талаптар жеткізілді, оның ішінде заңдылықты сақтау, іскерлік әдепті ұстану, шындыққа сәйкес келмейтін ақпараттарды таратпау, әдепке жат қылықтар мен мемлекеттік қызметтің және мемлекеттік органдардың беделіне нұқсан келтіретін әрекеттерге жол бермеу мәселелері түсіндірілді.Сонымен қатар, қызметкерлерге мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға қатысуына, сондай-ақ мемлекеттік қызметшінің мәртебесіне сәйкес келмейтін өзге де әрекеттер жасауына жол берілмейтіні ескертілді.Кеңес қорытындысы бойынша құрылымдық бөлімшелер мен кеден бекеттерінің басшыларына Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі мен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының негізгі ережелерін қызметкерлерге жеткізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын қосымша зерделеу бойынша техникалық оқуларды жүйелі түрде өткізу тапсырылды.Источник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1229769?lang=ru
Астанада өткен Еуразиялық экономикалық форумда ЕАЭО елдеріндегі цифрлық таңбалау мәселелері талқыланды 30.06.2026
Бүгін Еуразиялық экономикалық форумның іскерлік бағдарламасы аясында Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде тауарларды цифрлық таңбалау және қадағалау жүйелерін дамытуға арналған панельдік сессия өтті. Талқылауға Қазақстан, Ресей, Армения және Қырғызстаннан мемлекеттік органдардың, ұлттық таңбалау операторларының және бизнес-қоғамдастықтың өкілдері қатысты.Сессия модераторы Қазақстан Республикасының Бірыңғай тауарларды таңбалау және қадағалау операторының бас директоры Бикеш Құрманғалиева болды. Талқылауды аша отырып, ол цифрлық таңбалаудың ЕАЭО кеңістігінде ашық әрі қауіпсіз тауар айналымын қалыптастырудың негізгі құралдарының біріне айналғанын атап өтті.«2018 жылы тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы келісімге қол қойылған сәттен бастап Одақ елдері айтарлықтай кезеңнен өтті. Бүгінде таңбалау мемлекет үшін де, бизнес үшін де өзінің тиімділігін дәлелдеді деп сеніммен айтуға болады», – деп атап өтті Бикеш Құрманғалиева.Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі Әсет Нүсіповтың баяндамасы Қазақстанда таңбалауды енгізу нәтижелеріне және жүйені одан әрі дамыту жоспарларына арналды.Нүсіповтің айтуынша, бүгінде Қазақстанда алты тауар тобы таңбалауға жатады: темекі өнімдері, аяқ киім, дәрілік заттар, киік мүйіздері, сыра және мотор майлары. Биыл жеңіл өнеркәсіп тауарларын, биологиялық белсенді қоспаларды және зергерлік бұйымдарды таңбалауды енгізу жоспарланып отыр.«Таңбалауды енгізу қарқыны бойынша біз кейін қалып отырған жоқпыз. Бұған дейін алғашқы үш тауар тобы іске қосылған мерзімдермен салыстырсақ, қазіргі нәтижелер өте лайықты деңгейде. Қамту бар, жалпы жүйе жақсы нәтиже көрсетіп отыр», – деді Әсет Нүсіпов.Вице-министр зергерлік бұйымдарды таңбалау мәселесіне ерекше назар аударды. Сарапшылардың бағалауынша, бұл саладағы контрабанда мен контрафакт деңгейі кей жағдайда 90 пайыздан асады. Осыған байланысты цифрлық таңбалау нарықтың ашықтығын және әрбір өнім бірлігінің қадағалануын қамтамасыз етудің тиімді құралы ретінде қарастырылады.Өз сөзінде Әсет Нүсіпов таңбалауды енгізу қазірдің өзінде нақты экономикалық әсер көрсетіп отырғанын атап өтті. Темекі өнімдерін таңбалау енгізілгеннен кейін Қазақстанда салық түсімдері бір жарым есе, аяқ киім өнімдері бойынша үш есе, дәрілік заттар бойынша екі есеге жуық өсті. Сонымен қатар құқықбұзушылықтарды анықтау көрсеткіші алты есе артты.«Таңбалау экономикаға оң әсер етіп, мемлекеттің кіріс базасының өсуіне ықпал етеді. ЕАЭО аясында бірыңғай бәсекелестік кеңістік, тауар қозғалысының ашық қағидалары және бизнес жүргізудің тең жағдайлары қалыптасып келеді», – деп атап өтті Әсет Нүсіпов.Вице-министр алдағы жоспарларда тұрмыстық химия мен косметиканы, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және өсімдік майларын таңбалауды енгізу бар екенін айтты. Нүсіпов атап өткендей, мемлекет бизнесті алдағы өзгерістер туралы алдын ала хабардар етуге ұмтылады, бұл реттеудің ашықтығы мен болжамдылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Еуразиялық экономикалық комиссияның сауда жөніндегі Алқа мүшесі, министр Андрей Слепнев те таңбалау жүйесі бүгінде бизнеске процестерді тиімдірек құруға және тұтынушылық сұранысты жақсырақ түсінуге мүмкіндік беретін үлкен деректердің елеулі массивін қалыптастырып отырғанын атап өтті.«Бүгінде біз тұтынушылар арасында қандай тауар санаттары сұранысқа ие екенін және қай өңірлерде сұраныс жоғары екенін түсініп отырмыз. Мұның бәрі сауда шығындарын азайтуға ықпал етеді», – деді Андрей Слепнев.Сондай-ақ ЕЭК министрі ЕАЭО елдері барлық бес елдің таңбалау операторлары арасындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік беретін өзара іс-қимылдың ортақ процесін құру бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.Панельдік сессия барысында Ресей Федерациясы, Қырғыз Республикасы және Армения Республикасынан мемлекеттік органдардың, таңбалау операторларының, сондай-ақ бизнес өкілдері цифрлық таңбалауды енгізудегі практикалық тәжірибелерімен бөлісті. Атап айтқанда, Ресей тарапы таңбалау жүйесінде жасанды интеллект технологияларын қолдану тәжірибесін ұсынды. Талқылау барысында атап өтілгендей, ЖИ қолдану арқылы деректерді талдау нарықтағы ауытқуларды анықтауға, жалған өндірушілерді табуға және фиктивті компаниялардың тауар айналымына қатысуының алдын алуға мүмкіндік береді.Қырғызстан өкілдері таңбалау жүйесі деректерін тәуекелдерді талдау және фискалдық бақылау үшін қолдану тәжірибесі туралы айтып берсе, армян тарапы ұлттық таңбалау жүйесін дамыту және оны заманауи цифрлық технологиялармен интеграциялау тәжірибесімен бөлісті.Сессия қатысушылары таңбалауды енгізіп жатқан барлық елдерде салық жинау деңгейінің айтарлықтай өскені, нарықтың ашықтығы артқаны және көлеңкелі айналым үлесінің қысқарғаны байқалатынын атап өтті.Талқылау қорытындысы бойынша қатысушылар ЕАЭО елдері арасында тәжірибе алмасуды одан әрі жалғастырудың маңыздылығын атап өтті. Ұсынылған практикалар мен технологиялық шешімдер барлық қатысушылар үшін пайдалы деп танылды және Одақ кеңістігінде тауарларды таңбалау мен цифрлық қадағалау жүйелерін одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.Источник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1229770?lang=ru
Атырауда «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа Заң мен кадрлық үдерістерді цифрландыру мәселелері талқыланды 30.06.2026
Атырау облысында «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа заңды түсіндіруге, сондай-ақ кадр саясатын жетілдіру мен қызметтік әдеп талаптарын сақтау мәселелеріне арналған кеңес өтті.Жиынға облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Нұрлан Еркебаев және басқарма жетекшілері қатысты.Кеңесте Агенттіктің облыстық департаменті басшысының орынбасары Айнұр Еңсегенова баяндама жасады. Ол мемлекеттік аппараттың кәсібилігін арттыруға, мансаптық өсудің аралас үлгісін енгізуге, HR-үдерістерді цифрландыруға және мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік қорғалуын күшейтуге бағытталған жаңа заңның негізгі нормаларына тоқталды.Оның айтуынша, заңда мемлекеттік қызметке іріктеуді «E-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы цифрлық форматта жүргізу тәртібі бекітілген.– Конкурстық іріктеу толықтай онлайн форматта eqyzmet.gov.kz порталы арқылы өтеді. Бұл рәсімдерді жеңілдетуге, мерзімді қысқартуға және кадрлық үдерістердің ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бір лауазым бойынша көлденең мансаптық өсу тетігі қарастырылған. «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілеріне лауазымдық деңгей белгіленбек, ол жалақы мөлшеріне әсер етеді – деді А.Еңсегенова.Кеңес барысында қызметтік әдеп нормаларын сақтау, сыбайлас жемқорлық пен бюрократияға жол бермеу, әлеуметтік желілердегі мінез-құлық қағидалары, кибербуллингке және құмар ойындарға қатысуға тыйым салу мәселелеріне де ерекше назар аударылды.Облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев жаңа заңның қабылдануы мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігіне қойылатын талаптарды күшейте түсетінін атап өтті.– Өздеріңізге мәлім, Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл құжат мемлекеттік қызмет жүйесінің ашықтығын арттыруға, қызметшілердің жауапкершілігін күшейтуге және халыққа көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға бағытталған. Әр мемлекеттік қызметші мұны жете түсініп, күнделікті қызметте тиімді қолдануы тиіс, – деді ол.Жиын әрі қарай “сұрақ-жауап” форматына ауысып, мемлекеттік қызметшілер өздерін қызықтырған сауалдарға жауап алды.Источник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1229809?lang=ru
Атырауда 460-қа жуық кәсіпкерлік жобаға қолдау көрсетілді 30.06.2026
Бұл туралы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының Атырау өңірлік филиалының директоры Берік Қадыров Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.Оның сөзінше, өңірде кәсіпкерлерге субсидиялау, кепілдік беру және жеңілдетілген несие беру бағыттары бойынша қолдау көрсетіліп келеді.- 2010 жылдан бері аймақта 11 700 жоба мемлекеттік қолдауға ие болды. Жалпы қолдау көлемі 622 млрд теңгені құрайды. Қазір кәсіпкерлер үшін «Іскер Аймақ» және «Өрлеу» бағдарламалары жүзеге асырылып жатыр, – деді Б.Қадыров.Брифинг барысында «Іскер Аймақ» бағдарламасы арқылы өңдеу өнеркәсібі саласындағы кәсіпкерлерге 200 млн теңгеге дейін қаржылай көмек көрсетілетіні айтылды. Ал «Өрлеу» бағдарламасы аясында өңдеу өнеркәсібі, туризм, IT және креативті индустрия бағыттарына 7 млрд теңгеге дейін жеңілдетілген несие берілмек.Сонымен қатар кәсіпкерлерге арналған мобильді фронт-офистер іске қосылып, шалғай аудандардағы кәсіпкерлерге мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңес беріледі.Источник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1229816?lang=ru
Қызылордада шыны ыдыстар өндіретін зауыттың іргетасы қаланды 30.06.2026
Қызылордада облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, «Seven Rivers» серіктестігінің құрылтайшысы Ануар Үмбетаев, қорғау органдарының бірінші басшылары, құрылыс компанияларының директорлары, зиялы қауым өкілдері және ел ағаларының қатысуымен «Seven Rivers» компаниясы шыны ыдыстар зауытының капсуласын салу рәсімі өтті. Бұл – өңірдегі шыны кластерін дамытуға бағытталған маңызды өндірістік бастамалардың бірі. Зауыт әлемдік деңгейдегі «Horn» неміс технологиясымен жабдықталып, заманауи әрі экологиялық талаптарға сай өнім өндіреді.Рәсімде облыс әкімі аймақта инвестициялық жобалардың қарқынды жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.«Өткен аптада Мемлекет басшысының қабылдауында болып, инвестициялық жобаларды таныстырдым. Президентіміз бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыруға қатысты нақты тапсырмалар жүктеді.Жақында Премьер-министрдің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалған Нұрлыбек Машбекұлы облысты басқарған тұста өңір экономикасына 2,3 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды. Алдағы үш жылда 1,9 трлн. теңгеге 48 инвестициялық жобаны жүзеге асыру, 10 мыңнан аса жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Өткен аптада ғана «Марал Нұр» серіктестігінің вагон жөндеу және техникалық қызмет көрсету кешенін аштық. Бүгін испандық «Рока групп» компаниясының жылына 500 мыңға дейін санитарлық-техникалық өнім шығаратын жоғары технологиялық зауытының капсуласын салдық.Еліміз, өңіріміз үшін маңызды жаңа өндіріс орындары экономиканы әртараптандыруға, тұрғындарымыздың өмір сүру сапасын арттыруға жаңа серпін береді деп сенемін», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.Шарада облыс прокуроры Ризабек Ожаров, «Seven Rivers» серіктестігінің құрылтайшысы Ануар Үмбетаев сөз сөйлеп, мемлекет және қоғам қайраткері Биғали Қаюпов бата берді.Айта кету керек, «Қазақ-Герман» бизнес-форумы аясында ынтымақтастықты дамыту туралы меморандумға қол қойылып, 60 млрд теңгеге жылына 240 миллион дана шыны ыдыс өндіретін зауыт салу келісілген болатын. Кәсіпорында 500-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.Зауытқа барлық инженерлік инфрақұрылымы жүргізілген «Өндіріс» индустриялық аймағынан 38 гектар жер телімі бөлінді. Қаржыландыру мәселесі «Өнеркәсіпті дамыту қорының» «Жасыл даму» бағдарламасы аясында қарастырылуда. Ел аумағынан жиналған шыны қалдықтарын қайта өңдеу арқылы бәсекеге қабілетті өнім шығару және импортты алмастыру көзделген. Бұдан бөлек, өңірдегі жоғары сапалы кварц құмы, әк және доломит қорларын тиімді пайдалану арқылы шыны өндірісі төңірегінде жаңа ілеспе кәсіпорындарды дамытуға мүмкіндік туады.Жаңа өндіріс орны өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін арттыруға, экспорт көлемін ұлғайтуға және тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтуға үлесін қосады деп күтілуде.Источник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1229833?lang=ru
Қазақстанның органикалық өндірушілер одағының директорымен кездесу 30.06.2026
2026 жылғы 26 мамырда «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің Басқарма төрағасының орынбасары Ж. Асанов пен Қазақстандағы органикалық өндірушілер одағының директоры А. Керімбеков арасында кездесу өтті.Кездесу барысында Одақтың қызметі туралы ақпарат берілді. Тараптар сондай-ақ Орталық Азия елдеріне органикалық ауыл шаруашылығы саласындағы даму ресми көмегі (ДРК) аясында ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Источник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1229847?lang=ru
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің студенттерімен онлайн форматта кәсіптік бағдар беру кездесу өтті 30.06.2026
Жоғары оқу орындарының үздік түлектерін Қаржы министрлігінің органдарына жұмысқа орналастыру тетігін пысықтау бойынша ішкі пилотты іске асыру шеңберінде Батыс Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті Батыс Қазақстан ішкі мемлекеттік аудит департаментімен бірлесіп, 2026 жылдың 26 мамырында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің студенттерімен онлайн форматта ZOOM арқылы кәсіптік бағдар беру кездесуін өткізді. Кездесу барысында Батыс Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы М.Абиев қатысушыларға Департамент қызметін таныстырды. Сонымен бірге мансаптық өсу, мемлекеттік қызметке кіру тәртібі, тағылымдамалар және бейімдеу туралы ақпарат берілді. Қатысушы түлектер сұрақтар қойып, қойылған сұрақтарға толық жауап алды.Источник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/gosreestr/press/news/details/1229870?lang=ru
Мемлекеттік Қазынашылық комитетінің өкілдері Еуразиялық экономикалық одақтың форумына қатысты 30.06.2026
Мемлекеттік қазынашылық комитеті мен өңірлік органдарының басшылары V Еуразиялық экономикалық форумға қатысты. Ағымдағы жылдың 28-29 мамырында Астанада Expo іскерлік кешенінің аумағында өтіп жатқан форумның "ЕАЭО жаһандық цифрлық жарыста: жасанды интеллектке ставка" сессиясына қатысушылар цифрландыру, жасанды интеллектті енгізу мәселелерін, сондай-ақ ЕАЭО шеңберіндегі экономикалық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.Қазақстанның ЕАЭО-ға төрағалық ету күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі сауда кедергілерінің мониторингін жетілдіру, уағдаластықтардың сақталуын талдау және Одақ шеңберіндегі экономикалық процестердің ашықтығын арттыру үшін жасанды интеллект технологияларын практикалық қолдану болды.Источник информации : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazyna/press/news/details/1229879?lang=ru