АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚ

АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚ

26.02.2026 16:30:36 130

АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚ

2025 жылы қалада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және халықты сапалы өніммен қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілді. Азық-түлік тауарларының тізімі 31 атауға дейін кеңейтіліп, олардың баға өсімін болдырмау үшін сауда желілері мен өндірушілермен келісімшарттар жасалды.

Халыққа қолжетімділікті арттыру мақсатында 16 «Бақша» әлеуметтік павильоны ашылып, қаланың әртүрлі аудандарында апта сайын тұрақты азық-түлік жәрмеңкелері ұйымдастырылды. 2025 жылы 353 жәрмеңке өткізілсе, 2026 жылдың басынан бері 55 жәрмеңке өткізілді.

Бағаны қадағалау шаралары аясында кәсіпкерлік субъектілердің қызметі талданып, шекті сауда үстемесін асыра пайдалану фактілері бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, нарықтағы делдалдық әрекеттер анықталып, шектелді.

Ветеринариялық іс-шаралар да белсенді жүргізілді: 10 түрлі жұқпалы ауруға қарсы 1,19 млн вакцина егілді, 227 776 қан сынамасы алынып, зерттелді. Энзоотиялық ауруларға қарсы көктем және күз айларында малдарға өңдеу жүргізілді, сондай-ақ парктер, гүлзарлар, өзен жағалаулары мен қоқыс алаңдары залалсыздандырылды.

Қала аумағында 48 мыңға жуық қаңғыбас ит пен мысық ауланып, стерилизация жүргізілді. Жыл басынан бері 7 мың бас ит ауланған.

Аталған шаралар тұрғындарды сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етуге, санитарлық тұрақтылықты сақтауға және мал шаруашылығының эпизоотиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Бұл туралы бүгін Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының орынбасары – Тоғай Жәнібек мәлімдеді.

Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-auyal-zharuazhalyk/press/news/details/1170274?lang=kk