Қоғам
ІІМ қазақстандық қылмыскерлердің қандай елдерде табылғанын айтты 06.01.2025
Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросы арқылы еліміздің құқық қорғау және уәкілетті органдарының бастамасымен халықаралық іздеуде жүрген 110-нан астам қылмыскер мен жоғалып кеткен азаматтар шетелде табылды.2024 жылы Интерполдың байланыс арналарының географиясы кеңейтілді. Іздеуде жүргендер Ресей, Түркия, БАӘ, Қытай, Оңтүстік Корея, Польша, АҚШ, Грузия, Армения, Әзірбайжан, Испания, Ұлыбритания, Чехия, Швеция, Украина, Германия, Колумбия, Израиль, Бельгия, Греция, Италия, Доминикан Республикасы, Литва, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінде анықталып, құрықталды.Қылмыскерлер көбінесе алаяқтық, бөтен мүлікті талан-таражға салу және ысырап ету, есірткімен байланысты қылмыстар, сыбайлас жемқорлық, қарақшылық, экономикалық контрабанда, заңсыз ойын бизнесі мен салық төлеуден жалтару сияқты экономикалық қылмыстар және ұрлық үшін іздеуде болған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/913787
Қазақстан және Катар қарулы күштерінің өкілдері екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады 06.01.2025
Алматыда Қазақстан мен Катар қорғаныс ведомстволары арасында бірлескен жұмыс тобының бірінші отырысы өтті.Келіссөздер барысында қазақстандық тарапты Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев, катарлық тарапты – Қорғаныс министрлігі Білім және дайындық басқармасының бастығы – Бас штаб бастығының орынбасары генерал-майор Жасим Әл-Муханнади таныстырды.Кездесу нәтижесінде әскери білім және ғылым, киберқауіпсіздік, спорт, сондай-ақ Арнайы операциялар күштері мен ұшу құрамының әскери қызметшілерін даярлау саласында өзара қарым-қатынасты жолға қою туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.Естеріңізге сала кетсек, бірлескен жұмыс тобы әскери ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес құрылған болатын. Бұл орган екі елдің қорғаныс ведомстволарының қызметін нақтылайды, ұйымдастырады және үйлестіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/912875
Қарулы күштердің азық-түлік қызметін жабдықтау нормаларына өзгерістер енгізіледі 06.01.2025
Қорғаныс министрлігі «Бейбіт уақытқа арналған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін азық-түлікпен, азықпен, жабдықпен, асханалық-асүйлік ыдыспен және азық-түлік қызметінің техникасымен жабдықтау нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 353 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қорғаныс ведомствосы басшысы бұйрығының жобасын дайындады.Нормативтік құқықтық актінің жобасы нормаларды оңтайландыру және құқықтық олқылықтарды жою мақсатында әзірленген. Шымкентте, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау және Атырау облыстарында жазғы кезеңде сумен жабдықтау нормаларында қосымша үлесті арттыру ұсынылады. Сумен едәуір жабдықтау нормасы әскери жиындарға шақырылған әскери міндеттілер, оқу-жаттығу полигондары мен орталықтарында әскери даярлықтан өтетін әскери кафедралардың студенттеріне де қарастырылады. «Әскери қызметшілерді жеке пайдалану мүлкімен (мүкәммалдық мүлік) қамтамасыз ету» туралы 46 норма бойынша металл қазандар, колбалар және оларға қақпақтар беру көзделеді. Радиациялық тәуекелдерге байланысты міндеттерді орындайтын РХБҚ бөлімшелерінің жеке құрамына қосымша емдік-профилактикалық рациондарды қосу ұсынылады. Бұдан өзге 6 норманың: «Спорт комитеті – Армия орталық спорт клубы әскери спорт колледжінің курсанттарына арналған рациондардан» тақырыбын «Әскери спорт колледждерінің тәрбиеленушілеріне арналған рациондарға» тақырыбына өзгерту ұсынылады. Қорғаныс министрінің бұйрығы жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде 2025 жылғы 20 қаңтарға дейін мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15387024 сілтемеге өтіп танысуға болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/913154
Қарулы күштердің әскери қызметшісі Нұрлан Ботағарин әуе апатында зардап шеккендерді құтқарғандағы ерлігі үшін "Айбын" орденімен марапатталды 06.01.2025
Мемлекет басшысының Жарлығымен төтенше жағдай кезінде шешуші әрекетке барғаны үшін Қорғаныс министрлігі 30153 әскери бөлімінің алыс радиомаркер пункті бөлімшесінің бастығы Нұрлан Ботағарин Рахымжан Қошқарбаев атындағы III дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. Ақтауда кіші сержант Нұрлан Ботағаринге Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай лайықты марапатын салтанатты түрде табыс етті. Сөз кезегі Нұрлан Ботағаринге келгенде, ол ұшақ апатынан қаза тапқан адамдардың туған-туыстарына көңіл айтты. Марапатқа алғысын білдірген әскери қызметші өзін батырмын деп санамайтынын алға тартты. – Менің орнымда кез келген адам осылай әрекет етер еді. Сол сәтте менің ойымда өмір мен өлімнің арасында қалған жандарды арашалап алып қалу ғана болды, – деді ол.Фотоға түсіп қалған әскери адамның кескіні – Ақтау маңына әзірбайжандық azal авиакомпаниясының ұшағы құлаған жерде кіші сержант Нұрлан Ботағариннің болғанының дәлелі. Апатқа ұшыраған ұшақ жолаушыларын құтқарғаны туралы Қорғаныс министрлігі 30153 әскери бөлімінің алыс радиомаркер пункті бөлімшесінің бастығы кіші сержант Нұрлан Ботағарин үнсіз қалуды жөн көрді. Дегенмен БАҚ-та жарияланған суреттерде жауынгерді Сайын Шапағатов ауылының тұрғындары таныды. Бірте-бірте оқиға орнында алғашқы болып жеткен адам ҚР Әскери-әуе күштері авиациялық базасының әскери қызметшісі кіші сержант Нұрлан Ботағарин екені белгілі болды. Көлікпен бір шақырым қашықтықты жүріп өтіп, ол әуе кемесі апатқа ұшырағаннан сәтте бірден оқиға орнына жетеді.Қайғылы жағдай орын алған күнін еске қайта түсіру қиын. Оның есінде далада ақ күртеше киген қыздың бейнесі қалып қойған. Осы кезде ол бірден аман қалғандар бар-ау деп ойлайды. Қыздың аман-сау екеніне көз жеткізген соң оны жақындап келе жатқан көліктерге жібереді де Нұрлан Ботағарин қираған әуе кемесінің екінші бөлігіне қарай жүгіреді. Төңкерілген авиалайнердің корпусына көтеріліп, ол ішке кіреді. Көргенді сөзбен жеткізу қиын әрине, ауыр жарақаттары бар, ашық сынықтары бар адамдар ыңырсып, есеңгіреп жатты. Бірінші сәтте Нұрлан Ботағарин оларға зиян келтірмей қалай көмектесуге болатынын ойладым дейді. Алайда бірте-бірте зардап шеккендерді шығарып алып, оларды Маңғыстау электр желілік компаниясының қызметкерлеріне бере бастады. Осылайша ол салоннан он шақты жолаушыны шығарады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/913357
Жаслан Мәдиев жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барды 06.01.2025
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев жұмыс сапары аясында Қызылорда облысына барды. Сапардың негізгі мақсаты – өңірдегі цифрландырудың барысымен танысу, IT-инициативаларды қолдау және аэроғарыш саласының мәселелерін талқылау.Сапардың бірінші күні министр Байқоңыр ғарыш айлағына барып, «Бәйтерек» жобасын іске асыру және оны іске қосуға дайындық мәселелері бойынша кеңес өткізді. Кездесу барысында жобаның ағымдағы мәртебесі, дайындықтың негізгі кезеңдері және 2025 жылға арналған жоспарлар талқыланды.Сондай-ақ, Жаслан Мәдиев жергілікті әкімдік өкілдерімен кездесу өткізді. Онда қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы және ғарыш айлағының 70 жылдығына дайындық мәселелері қаралды.Ерекше назар халыққа қызмет көрсету орталығына (СуперЦОН) аударылды. Аталған орталықта бір тоқсан ішінде серіктестермен бірге 3 095 қызмет көрсетілген. Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік және сервистік қызмет көрсету орталығы «СуперЦОН» – бұл азаматтарға мемлекеттік және әлеуметтік қызметтерді ұсыну процесін едәуір жақсартуға бағытталған инновациялық орталық. Оның мақсаты – азаматтар көптеген қызмет түрлерін бір жерде ала алатын көпфункционалды инфрақұрылым құру.2024 жылы орталық көрсетілген қызметтер саны, қызмет көрсету сапасын арттыру және инновациялық шешімдерді енгізу бойынша жақсы нәтижелерге қол жеткізді.Орталық 11 фронт-офисті, 19 бэк-офисті, арнайы ЦОН-ды және халыққа қызмет көрсетуге қолжетімділікті қамтамасыз ететін бірнеше бөлімшені қамтиды. Жыл басынан бері орталық әлеуметтік қамтамасыз ету, жылжымайтын мүлікті тіркеу, техникалық қызмет көрсету, құжаттар мен анықтамаларды беру сияқты бағыттар бойынша 480 мыңнан астам қызмет көрсетті.СуперЦОН жұмысы өз тиімділігін дәлелдеді. Азаматтардан түскен шағымдар деңгейі бір жылда 48%-ға төмендеді. Жер жобасын рәсімдеу мерзімі 45 күннен 3 жұмыс күніне дейін қысқарды, ал қайталама куәліктерді беру уақыты небары 30 минутты құрайды. Құжаттарды тез рәсімдеуге және жылжымайтын мүлік құқықтарын тіркеуге мүмкіндік беретін «Жасыл дәліз» жобасы іске қосылды, бұл азаматтардың уақытын және шығындарын айтарлықтай қысқартты. Сонымен қатар, СуперЦОН-да электрондық құжат айналымына көшу жүзеге асырылды. Бұл жұмыс процесін оңтайландырып, қағаз, кеңсе тауарлары және көлік шығындарын азайтуға мүмкіндік берді.Министр сондай-ақ орталық инфрақұрылымын жетілдіру және мемлекеттік органдар мен жеке тұлғалармен өзара әрекеттесуді жеделдету үшін ақпараттық жүйелерді интеграциялау жоспарларымен танысты.Осыдан кейін Жаслан Мәдиев азаматтарды жеке қабылдап, мемлекеттік қызметтерді цифрландыруға қатысты сұрақтар мен ұсыныстарды тыңдады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/909760
2025 жылы балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтуды 95%-ға дейін ұлғайту жоспарланған 06.01.2025
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 2025 жылы балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтуды 95%-ға дейін ұлғайту жоспарланып отыр.Мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын балалардың ата-аналарына әдістемелік қолдау көрсету мақсатында, балалардың отбасылық жағдайда тәрбие алуы, дамуы және күтімі мәселелері бойынша кеңес беру пункті санын 4 245-ке дейін арттыру жоспарланған. Мемлекеттік 260 балабақшада қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, құрал-жабдықтар жаңартылады. 500 мың бала қазақ тілін терең оқыту бойынша «Тілге бойлау» пилоттық жобасына қатысады. 2025 жылы еліміздің барлық өңірінде «Ақша баланың соңынан жүреді» қағидаты бойынша мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарын ваучерлік қаржыландыру жүйесін енгізу жоспарланып отыр.Орта білім беруде 272,8 мың оқушыға арналған орын енгізу; ерекше қажеттілігі бар балалардың 90%ын арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау және ерте жастан түзету шараларымен қамту; физика, химия, биология, робототехника, STEM пәндері бойынша 1 мың заманауи кабинет сатып алу; 1,3 мың ауыл мектебін қайта жаңарту жобасын іске қосу жоспарлануда. Колледждерде техникалық және кәсіптік білім беру бағыты бойынша сұранысқа ие мамандықтарға (9-сынып түлектерін) 100% тегін оқытумен қамту; жұмысқа орналастыру міндеттемесімен мақсатты тапсырысты 10 мың орынға ұлғайту; жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемін 2 есеге арттыру; 80 колледждің материалдық-техникалық базасын жеке инвестицияларды тарту арқылы нығайту және жабдықтау; колледждерде 10 шағын кәсіпорын ашу жоспарланып отыр.primeminister.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/913616
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді 06.01.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы бірқатар нысанды аралап көрді. Президент, ең алдымен, Kazakhstan International School Astana (KIS Astana) мектебіне барды.20 мың шаршы метрден астам аумақта орналасқан білім беру мекемесі 800 оқушыға және мектеп жасына дейінгі 120 балаға есептелген. Мектеп халықаралық бакалавриат (IB) аккредитациясынан өткен. Бұл беделді бағдарлама үш бағытты қамтиды. Атап айтқанда, 5-тен 10 жасқа дейінгі балаларға арналған бастауыш (Primary Years Programme, PYP), 11-ден 16 жасқа дейінгі балаларға есептелген орта (Middle Years Programme, MYP) және 16-19 жас аралығындағы ересек оқушыларға бейімдеген дипломдық оқу бағдарламасы (Diploma Programme, IB) бар.Оқу кабинеттері әрбір оқушының алаңсыз білім алуына және қарым-қабілетін ашуына қолайлы жағдай жасайтын заманауи технологиялармен жабдықталған. Сонымен қатар мектепте футбол стадионы, теннис корты, шағын футбол алаңы және бассейн секілді спорт инфрақұрылымы қарастырылған.Мемлекет басшысы Қазақстанда білім беру деңгейін арттырудың маңызды екенін атап өтті. Әсіресе, жас буынның бәсекеге қабілетін шыңдауда әрі жан-жақты дамытуда осындай оқу орындары ерекше рөл атқаратынына назар аударды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/913631
Экономика саласындағы жыл саны 06.01.2025
Ағымдағы жылғы қаңтар-қарашаның қорытындысы бойынша экономиканың өсуі 4,4%-ды құрап, қаңтар-қазанмен салыстырғанда 0,3 пайыздық тармаққа жеделдеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/912386
Мемлекет басшысы QazSwimAcademy спорт орталығының жұмысымен танысты 06.01.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласындағы заманауи QazSwimAcademy спорт орталығына барды.
Орталық директорының айтуынша, бірегей кешенде спортшыларды даярлауға қажетті барлық жағдай жасалған. Ересектер мен балалар ұзындығы әртүрлі бес бассейнде жаттыға алады. Оның бірі 50 метрлік болса, екеуі 25 метрлік және екеуі 10 метрлік жүзу жолақтары бар бассейндер. Топтық жаттығулар 25 бағыт бойынша жүргізіледі. Сонымен қатар мұнда кәсіби жаттығу залы да бар.
Академияны жоғары технологиялық үлгіде жабдықтауға баса назар аударылған. Бассейндерге судың құрамы мен реагенттердің мөлшеріне автоматты түрде талдау жүргізетін әрі тиімді залалсыздандыру мен қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз ететін испандық қондырғы қойылған.
Бұдан бөлек, нысан жүзуге қажетті машықтарды шыңдап, бұлшық еттерді ширататын арнаулы жаттығу құралдарымен жабдықталған.
Президент жас спортшылармен әңгімелесіп, мемлекет спорт инфрақұрылымдарын дамытуға ерекше мән беретінін айтты.
– Келешекте табысты болуларыңызға және олимпиада чемпионы атануларыңызға тілектеспін. Спорттың денсаулықты жақсартуда, сондай-ақ халықаралық жарыстарда еліміздің даңқын шығаруда маңызы өте зор. Сіздердің жеңімпаз спортшы әрі еліміздің лайықты азаматы болатындарыңызға сенемін,– деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
https://t.me/aqorda_resmi Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/913737
СҚО полициясы күшейтілген жұмыс режиміне ауысты 06.01.2025
Бүгін полиция жаңажылдық мереке қарсаңында күшейтілген қызмет режиміне көшті. Осы жауапты кезеңде біздің полицейлер азаматтардың қауіпсіздігін, қоғамдық орындарда тәртіп пен тыныштықты қамтамасыз етпек. Басты назарда - балалардың қауіпсіздігі.
"Жаңа жыл — бұл отбасылық мереке, адамдар туыстарына қонаққа келеді. Осыған байланысты біздің полиция өңірдегі жолдарды бақылауды күшейтті, трассадағы қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, жедел әрекет ету үшін дайын тұр. Қажет болған жағдайда олар көмекке келеді. Бұның барлығы әрбір тұрғынның мерекені қауіпсіз әрі тыныш жағдайда қарсы алуы үшін жасалуда. Бұл тек полиция қызметкерлерінің ғана емес, өңіріміздегі барлық қызметтердің міндеті. Бірлескен жұмыс жасау аса маңызды", - деп атап өтті СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.
Бүгін өңір басшысы сапқа тұрған барлық полиция қызметкерлеріне олардың қызметі, кәсібилігі және өз ісіне деген адалдығы үшін алғыс білдіріп, отбасыларына жаңа жылда бақыт, табыс және сәттілік тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/912862
🎄 СҚО әкімінің Жаңа жыл мерекесімен құттықтауы: 06.01.2025
Құрметті солтүстікқазақстандықтар!
Сіздерді келіп жеткен Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын! 2025 жыл баршаңызға бақыт, молшылық пен береке табыс әкелсін!
Өткен жыл маңызды әрі мәнді оқиғаларға толы болды. Ең күрделі сынақтардың бірі — су тасқыны көптеген отбасыларға әсер етті. Президент, демеушілер мен жұртшылықтың қолдауының арқасында зардап шеккендерге толыққанды көмек көрсетілді, бұзылған инфрақұрылым қалпына келді, жаңа шағын аудан салынды. Бүгінде зардап шеккен отбасылар жаңа жылды жаңа үйлерде және сатып алынған пәтерлерде қарсы алуда.
Дей тұрғанмен, 2024 жыл айтарлықтай жетістіктерге толы болды. Биыл жаңа кәсіпорындар мен фермалар іске қосылды, перспективті инвестжобалар жүзеге асуда. Әлеуметтік маңызы бар нысандар салынды, бұл өңірдегі адамдардың өмір сапасына және аймақтың дамуына оң әсерін тигізеді.
Диқандарымыз мемлекеттік қолдау мен тынымсыз еңбектің арқасында рекордтық өнімге қол жеткізді. Президент солтүстікқазақстандық шаруалардың жетістіктерін жоғары бағалады. Ерекше құрметке Геннадий Зенченко ие болып, «Қазақстанның Еңбек Ері» атағымен марапатталды. Бұл марапат – өңір диқандарының ел игілігі жолындағы ерен еңбегін мойындаудың жарқын белгісі.
2025 жылы алдымызда жаңа міндеттер мен мақсаттар тұр. Экономиканы дамыту, инфрақұрылымды жаңарту және солтүстікқазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсарту бағытында жұмыстар жалғасады. Бірлескен қызметтің арқасында жаңа жетістіктерге жетіп, өңірімізді одан әрі гүлдендіре түсеміз деп сенемін. 2025 жыл жарқын оқиғалар мен оң өзгерістерге толы болғай. Жаңа жыл құтты болсын!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/912866
Биыл Петропавлда жаңа автоөткел қолданысқа беріледі 06.01.2025
СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Жұмысшы кентіндегі Универсал көшесі бойында салынып жатқан автомобиль өткелінің құрылысын тексерді. Бұл қаланың көлік қолжетімділігін жақсартуға және тұрғындардың қолайлығы үшін маңызды инфрақұрылымдық нысан. Жоба тек қолданыстағы көпірдің жүктемесін азайтып қана қоймай, қаланың солтүстік-шығыс бөлігіне балама кіреберіс жолды қамтамасыз етеді.
Құрылыс алаңында өңір басшысы орындалған жұмыстар туралы есепті тыңдап, мердігермен қазіргі міндеттерді талқылап, мерзімдер мен сапаның қатаң сақталуына назар аударды. Жаңа нысан биыл қолданысқа берілмек. Көпір құрылысы қыста да жалғасуда. Сонымен қатар, асфальтбетон жабыны, кірме жолдар, қалалықтардың ыңғайлығы үшін жаяу жүргіншілер жолағы және баспалдақ салынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/913521
ЖЫЛ САНЫ 06.01.2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Су ресурстары және ирригация министрлігі 2030 жылға дейін су шаруашылығы құрылыстарын қалпына келтірудің Кешенді жоспарын әзірледі. Жоспарда 42 жаңа су қоймасын салу, қолданыстағы 37 су қоймасы мен 14 мың шақырымнан астам ирригациялық жүйені қайта жаңарту қарастырылған.
Министрлік осылайша, тасымалдау кезіндегі су шығынын 50%-дан 25%-ға дейін азайту арқылы 2030 жылға қарай суармалы жерлердің аумағын 2,5 млн. гектарға дейін ұлғайтуды жоспарланып отыр. Сондай-ақ, экономика салаларын тұрақты сумен қамтамасыз ету үшін гидротехникалық құрылыстардың жай-күйін жақсартуға, төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайтуға ниетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/911544
ҚР Су ресурстары және ирригация министрінің бұйрығымен Нұрымбетов Сейілбек Серғазыұлы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің төрағасы болып тағайындалды 06.01.2025
1983 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін инженер-гидротехник мамандығы бойынша бітірген. «Болашақ» бағдарламасы бойынша К.А.Тимирязев атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясының құрамындағы Мелиорация, су шаруашылығы және құрылыс институтын «Табиғат орналастыру және су пайдалану» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған. Еңбек жолын 2006 жылы Қызылорда облысының ауылшаруашылығы департаменті өсімдік шаруашылығын дамыту бөлімінің мелиорация жөніндегі жетекші маманы болып бастаған.
2010 жылдан Қызылорда қаласындағы «Қызылорда су шаруашылығы» мекемесінің су пайдалану бөлімінің инженері қызметін атқарды.
2011 жылдың желтоқсан айынан Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы егіншілікті дамыту бөлімінің жетекші маманы қызметін атқарды.
2012 жылы бас маман, 2013 жылы бөлім басшысы, 2018 жылы басқарма басшысының орынбасары болды.
2020 жылы Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды. 2020 жылдың қыркүйек айынан бастап, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының басшысы лауазымына тағайындалды.2023 жылы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды. 2023 жылдың желтоқсан айынан бүгінгі күнге дейін Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің «Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру 2-фаза» жобасын басқару тобының координаторы қызметін атқарған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/911546
Су ресурстары және ирригация министрлігінің өткен аптадағы жаңалықтарға шолу 06.01.2025
24.12.АСТАНАКелесі жылы «Қазсушар» мекемесінің 105 маманы ҚХР-да біліктілік арттыру курстарынан өтеді. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов қытайлық Power China компаниясының Қазақстандағы өкілдерімен кездесу барысында тиісті келісімге қол жеткізді.23.12.БҚОБатыс Қазақстан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы көктемде тасқын суын қабылдау үшін 14 су қоймасын орта есеппен 50%-ға босатты. Бүгінгі таңда мекеме иелігіндегі су қоймаларында 247 млн текше метрге жуық бос орын бар. Филиал су тасқыны кезеңінде лимандарға, көлдерге және су қоймаларына шамамен 500 млн текше метр су жіберуді жоспарлап отыр.27.12.АЛМАТЫ ОБЛЫСЫСу тасқыны кезеңіне дайындық аясында «Қазсушар» мекемесінің Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы филиалы Бартоғай су қоймасынан 30%, Күрті су қоймасынан 20% су жіберді. Осылайша, екі қойма көктемде су тасқынын қауіпсіз өткізу үшін шамамен 420 млн текше метр су қабылдай алады.23.12.Биыл еліміздің су қоймаларына рекордты - 75 млрд текше метрден астам су жиналды. Оның 12 млрд текше метрден астамы тасқын суы.МАҢЫЗДЫ: Тасқын суын дұрыс бөлу су қоймаларын толтырып қана қоймай, соңғы жылдары құрғауға айналған өзендер мен көлдерге, шабындықтарға, табиғи жайылымдарға және басқа да айдындарға су жіберуге мүмкіндік берді.23.12.Жыл басынан бері Балқаш көліне 15,4 млрд текше метр су келді, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 4 млрд текше метрге артық. Оның ішінде тасқын кезінде 3,3 млрд текше метр су түсті.23.12.Жыл басынан бері Каспий теңізіне 17 млрд текше метр су келді. Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасы соңғы 10 жылда алғаш рет 100%-ға толып, 18 млрд текше метрден астам су жинады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/911551
Ақмола облысы бойынша «Қазсушар» филиалы Сілеті су қоймасының тозған механизмдерін ауыстыру жұмысын аяқтады 06.01.2025
Ақмола облысы бойынша «Қазсушар» филиалы Сілеті су қоймасының тозған механизмдерін ауыстыру жұмысын аяқтады. Сондай-ақ, Шағалалы су қоймасы мен Кеңбидай су торабына ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды. Подлесный, Қоянды су қоймаларында және Айдабол, Щучинск саяжайлары, Алексеевская бөгеттерінде көп факторлы тексеру жүргізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/912530
Арал мен Балқашты сақтау, су мамандарының айлығын көтеру және 42 жаңа су қоймасын салу: су ресурстары және ирригация вице-министрлері 2024 жылды қорытындылады 06.01.2025
Су ресурстары және ирригация вице-министрлері Болат Бекнияз бен Ерболат Ибрайханов су саласының нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру, жаңа су қоймаларын салу, инвестиция тарту, сала мамандарының біліктілігін арттыру және Арал мен Балқашты сақтау бойынша жыл бойы атқарылған жұмыстар туралы айтып, 2024 жылға қорытынды жасады.
2024 жылдың басты құжаты – жаңа Су кодексінің жобасы әзірленді. Бұл құжатта халықаралық тәжірибенің озық үлгілеріне сай экожүйені қорғау, климаттың өзгеруіне бейімделу және су ресурстарын ұтымды басқару есебінен экономиканы тұрақты дамытуға жол ашатын заңдық тетіктер барынша қамтылды. Мәселен, жаңа Су кодексінде алғаш рет «су қауіпсіздігі» ұғымы енгізілді. Ол халық пен экономиканы су тапшылығы мен су объектілерінің ластануы қатерлерінен қорғауды қамтиды. Кодекстің әр бабы су ресурстарын үнемдеуге бағытталып отыр.
«Біздің министрлік бір жылда еліміздің су саясатын толық қалпына келтірді десе болады. Жаңа су саясатын іске асыру үшін негізгі үш ресурс керек. Ең алдымен әкімшілік ресурс - ол біздің жаңадан құрылған министрлік. Екіншісі заң. Ол біздің министрлік әзірлеген жаңа Су кодексінің жобасы. Үшінші ресурс - қаражат. Бұл бағыт бойынша да биыл министрлік еліміздің су саласына инвестиция тарту жөнінде маңызды келісімдерге қол жеткізді»,- деді Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Болат Бекнияз.
Президенттің тапсырмасы бойынша министрлік 2028 жылға дейін су шаруашылығы құрылыстарын салу және қалпына келтірудің Кешенді жоспарын әзірледі. Жоспарда 42 жаңа су қоймасын салу, 37 су қоймасы мен 14 мың шақырымнан астам ирригациялық каналды қайта жаңарту қарастырылған.
«Жаңадан салынатын су қоймалары бірнеше функцияны атқаратын болады. Ең алдымен, ауыл шаруашылығында пайдалану үшін су жинайды. Екіншіден, су тасқынынан қорғайды. Үшіншіден, туризм, балық шаруашылығы және тағы да басқа шағын және орта кәсіпті дамытуға мүмкіндік береді»,- деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.
Мәселен, Жамбыл облысында жаңадан 3 су қоймасын салу жоспарланып отыр. Бұл суару кезеңінде көрші мемлекеттердің су ресурстарына тәуелділікті 25 пайызға дейін азайтуға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда министрлік Ислам Даму Банкі және қытайлық инвесторлармен су шаруашылығы нысандарын салу бойынша белсенді келіссөздер жүргізіп жатыр.
Биыл Қазақстан мен Франция One Water Summit аясында Балқаш көлін сақтау бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Үшжақты келісім Балқаш көлі бассейніндегі суды тұрақты басқаруға және зерттеуге бағытталған. Құжат судың жай-күйін өлшеу мен талдау, климаттық және антропогендік әсерлерді модельдеу, сондай-ақ 2040 жылға дейін су балансын болжауды қарастырады.
Айта кету керек, жыл басынан Балқаш көліне 15,4 млрд текше метр және Каспий теңізіне 17 млрд текше метр су жіберілді. Ал, Аралға биыл 2,5 млрд текше метр су барды. Солтүстік Аралдан бөлек, теңіз маңайындағы шағын көлдерге де су жіберілді.
Министрлік келесі жылы әлемде теңдесі жоқ Қаныш Сәтпаев атындағы каналды реконструкциялауды бастайды. Бүгінде кешені жаңғырту жұмыстарының Жол картасы әзірленді. Алдағы 4 жылда каналдың насос қондырғылары мен электр жабдықтары жаңартылады.
Бұдан бөлек ведомство қараусыз қалған су қоймаларын мемлекетке қайтару және жеке меншіктегі қоймаларды көп факторлы тексерістен өткізу және олардың иелерінің жауапкершілігін арттыру бойынша да жұмыс жүргізіп жатыр.
Биыл су саласы мамандарының айлығы орта есеппен 25 пайызға көтерілді. Министрлік келесі жылы да бұл бағыттағы жұмысты жалғастыруға ниетті.
Келесі жылы су саласының мамандары «Болашақ» бағдарламасы бойынша АҚШ пен Австралияда білім алады. Су ресурстары және ирригация министрлігінің бастамасы бойынша биыл «Болашақ» бағдарламасына «Гидрогеология», «Су ресурстары» секілді оқу бағдарламалары қосылды. Осының нәтижесінде, қазақстандықтар аталған мамандықтар бойынша шетелде білім алу мүмкіндігіне ие болды.
Биыл Нидерланды сарапшылары Астана және Ақтөбе қалаларында су тасқыны қаупін басқару бойынша 3 мәрте оқу семинарын өткізді. Осының нәтижесінде су тасқынына қарсы іс-қимыл мәселелерімен айналысатын 50-ден астам қазақстандық маман біліктілік арттырды.
Келесі жылы «Қазсушар» мекемесінің 105 маманы ҚХР-да біліктілік арттыру курстарынан өтеді. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов қытайлық Power China компаниясының Қазақстандағы өкілдерімен кездесу барысында тиісті келісімге қол жеткізді.
Толығырақ:https://www.youtube.com/watch?v=q2XrAAcVdvI
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/912531
Аймақ басшысы мектеп жанындағы қосымша оқу ғимаратын көрді 06.01.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Жаңақорған ауданына жұмыс сапары кезінде Nº54 мектеп жанындағы 375 орындық қосымша оқу ғимаратын көрді.Құрылысты “Жабдықтау” ЖШС салған. Үш қабатты нысанға 789,6 млн теңге қаржы «Білім беру инфрақұрылымын қолдау» қоры арқылы бөлінді. Онда білім алушыларға барлық қолайлы жағдай жасалған. Кең әрі жарық сыныптар, жоғары сапалы оқу құралдарымен, ақпараттық технологиялармен жабдықталған кабинеттер бар. Оқушылар үшін арнайы кітапхана, зертханалар және шығармашылық үйірмелерге арналған бөлмелер де қарастырылған.Ғимараттың әр қабатындағы арнайы инженерлік, жылу, жарық, су және желдету жүйелері заманауи талаптарға сай орнатылған. Спорт залы мен демалыс орындары дене шынықтырумен айналысуға және түрлі спорттық жарыстар өткізуге мүмкіндік береді.Айта кетейік, 2023 жылы облыс орталығындағы 4 мектептің орын тапшылығы мәселесін шешу үшін 1850 оқушыға арналған қосымша ғимараттар салынды. Ал өткен жылы 1050 орынға лайықталған 3 қосымша ғимарат, 2 спорт зал құрылысы жүргізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/912921
Жаңақорған ауданында 124 отбасы баспаналы болды 06.01.2025
Бүгін Жаңақорған ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев әлеуметтік осал топ санатындағы отбасылар үшін салынған 124 пәтерлік 62 жаңа тұрғын үйдің кілтін иелеріне табыстады. Рәсімге Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, жауапты сала басшылары, қоғам қайраткерлері мен аудан тұрғындары қатысты.Аймақ басшысы Жаңа жылда жаңа баспанаға ие болған тұрғындарға ізгі тілегін арнады. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жетістіктерге тоқталды.«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету - мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі» деп ерекше атап өтті. Сыр өңіріндегі мақсатты бастамалардың нәтижесі тұрғындардың тұрмыс-тіршілігіндегі оң өзгерістерден анық байқалады. Бір ғана құрылыс саласына тоқталсақ, тұрғын үй құрылысының көлемі 126 пайызға өсті. Бұл көрсеткіш 2022 жылы 683 мың шаршы метр болса, өткен жылы 864 мың шаршы метрге ұлғайды. Өткен жылы бюджеттен тұрғын үй құрылысына және жеке салушылардан дайын пәтерлер сатып алуға 39 млрд. 100 млн. теңге бөлініп, 2 500-ден астам пәтер пайдалануға берілді.Соңғы екі жылда 4 мыңға жуық пәтер табысталып, 17 мың тұрғынның баспана мәселесі шешімін тапты. Бүгін міне, аумағы 10 мың шаршы метрден асатын тұрғын үйлердің құрылысын аяқтап, иелеріне салтанатты түрде табыстауға жиналдық. Жаңа баспаналарды уақытылы әрі сапалы салған құрылыс мекемелеріне шынайы алғысымызды білдіреміз. Мемлекеттің қолдауын сезініп, баспаналы болуға ниет еткен әрбір отбасы үшін бүгін айтулы күн! Жаңа қоныс - жақсылықтың бастауы. Баспаналарыңыз татулық пен берекенің ордасына айналсын, баршаңызға құтты болсын! Еліміз еңселі, Тәуелсіздігіміз мәңгілік болғай! Жаңа 2025 жыл құтты болсын, ардақты ағайын!»,-деді аймақ басшысы.Айта кетейік, өткен жылы Жаңақорған ауданының бюджеті 15 млрд. 800 млн. теңге болса, биыл 20 млрд. теңгеге жетіп, 20 пайызға өсім қалыптасты. Бұл қаржы аудан тұрғындарының көтерген мәселелерін шешуге бағытталуда. Мәселен, 1 млрд. теңгеден астам қаржыға 40 шақырым болатын 38 көше жөндеуден өтті. Жаңақорған кентіндегі теміржол үстінен өтетін аспалы көпірдің құрылысы жүргізілуде.Тұрғындарды "көгілдір отынмен" қамтуға ерекше мән берілуде. Аудан орталығы мен 7 елді мекенге газ келіп, халықтың 40 пайызы табиғи газды қолдануда. "Сүттіқұдық", "Жайылма", Қожамберді елді мекендеріне орталықтандырылған ауыз су жеткізілді. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында "Қаратөбе" ауылында дәрігерлік амбулатория ашылып, ел игілігіне қызмет етуде. Тәуелсіздік күні "Төменарық" ауылында дәрігерлік амбулаториямен қоса 15 төсек-орынға арналған ауылдық аурухана ел игілігіне табысталды.Одан бөлек, Жаңақорған кентінде «Қамқорлық» оңалту орталығы, 200 орындық "Оқушылар үйі" мен 50 орындық "Өнер мектебі", Байкенже ауылында 150 орындық мектеп, "Бесарық" ауылындағы 375 орындық қосымша оқу ғимараты пайдалануға берілді. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Жаңақорған кенті «Саяжай» шағын ауданындағы 600 орындық, "Жаңарық" елді мекеніндегі 300 орындық мектептер жақын күндері ел игілігіне табысталады.Іс-шарада құрылыс мекемесінің мамандарына облыс әкімінің Алғыс хаты табысталып, мемлекет және қоғам қайраткері Бекмырза Еламанов батасын берді.Рәсімнен кейін аймақ басшысы тұрғындармен кездесті. Әлеуметтік-экономикалық дамудың бағыт-бағдары, инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асу барысы туралы айтып, жиналған жұртшылықтың ұсыныс-пікірлеріне ден қойды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/912951
Жаңақорған ауданының екі ауылында дәрігерлік амбулатория ашылды 06.01.2025
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Жаңақорған ауданының Әбдіғаппар, «Бесарық» ауылдарында дәрігерлік амбулатория ашылды. Салтанатты жиындарға Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, жауапты сала басшылары, қоғам қайраткерлері мен аудан тұрғындары қатысты.Аймақ басшысы жиналған қауымды Жаңа жылмен құттықтап, жаңа нысандардың ел игілігіне қызмет ететініне сенім білдірді.«Жаңа жыл халқымыз үшін берекелі жыл болсын! Әр шаңырақ шаттыққа, қуанышқа толсын!Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы "Отандық медицинада емдеудің инновациялық әдістері енгізіліп, онкологиялық қызметті кешенді жаңғырту жұмыстары басталды. Сала қызметкерлерін құқықтық және қаржылық тұрғыдан қорғау туралы заң қабылданды. Бұл – аталған мамандықтың мәртебесін арттыруға бағытталған қадам. Осы және басқа да жүйелі шаралардың нәтижесінде негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштердің жақсарғаны байқалып отыр" деп бұл саланың айрықша маңызға ие екенін айтты. Өткен жылы облыстың денсаулық сақтау саласының бюджеті 146 млрд. 200 млн. теңгеге жетті. Ұлттық жоба аясында өңіріміздің барлық ауданында 10 млрд. 200 млн. теңгеге 27 медициналық нысан салынды. Оның ішінде, 3 дәрігерлік амбулатория Жаңақорған ауданында бой көтерді. Тәуелсіздік күні "Төменарық" ауылында дәрігерлік амбулаториясымен қоса 15 төсек-орынға арналған ауылдық аурухана ел игілігіне табысталды.Осы игі істердің жалғасы ретінде бүгін Әбдіғаппар, "Бесарық" ауылдарындағы амбулаторияларды пайдалануға береміз. Халқымыз «Тәні саудың – жаны сау» деген. Бүгін іске қосылған жаңа нысандар бастапқы медициналық қызмет көрсетуге маманданған үздік мекемеге айналып, ақ халатты абзал жандар халық алғысына бөлене берсін!»,-деді Нұрлыбек Машбекұлы.Жиында Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов жиналған жұртшылықты құттықтады,ел ағасы Бақыт Нұртазаев бата беріп, ауданның өсіп-өркендеуі жолында еңбек еткен ардагерлер мен құрылысшылар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.Айта кету керек, аймақтың денсаулық сақтау саласында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бұрын-соңды өз ғимараты болмаған"Қан орталығы" салынып, ел игілігіне қызмет етуде. Ана мен бала өмірін қорғау мақсатында көпбейінді облыстық аурухана базасында жаңа МРТ аппараты іске қосылып, 70 орындық перинаталдық бөлім ашылды. Облыс орталығында емханасы және онкологиялық бөлімшесі бар 300 орындық көпбейінді аурухананың, Арал ауданы "Сексеуіл" кентінде 40 төсек-орынға арналған ауылдық аурухананың құрылысы жүргізілуде. Халықтың сұранысына сәйкес 45 жедел жәрдем көлігі алынып, облыстық медициналық жедел жәрдем стансасы 100 пайыз қамтамасыз етілді. Соңғы 2 жылда барлық елді мекендегі денсаулық сақтау ұйымдарына 225 санитарлық автокөлік табысталды.Саланы дамытуға бюджеттен тыс ресурстар да тартылуда. «Қазақстан халқына» қоғамдық қорымен тұрақты әріптестік байланыс орнатылған. Қор соңғы екі жылда өңірдің денсаулық сақтау саласына 4 млрд. теңге қаржы бағыттады.Бұл қаржыға облыстық балалар ауруханасы базасында «Қамқорлық» орталығы ашылып, қажетті дәрі-дәрмек алынды. Қор облыстық онкология орталығын скрининг жүргізуге арналған жылжымалы медициналық кешенмен қамтамасыз етті. Мұндай кешен еліміздің 3 өңірінде ғана бар. Бүгінде шалғай елді мекендердегі тұрғындарға тұрақты қызмет етуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/912976