Enbekshi QazaQ

Қоғам

Алматы жастар үшін мүмкіндіктер қаласы: жаңа орталықтар,пәтерлер және спорттық инфрақұрылым 24.12.2024
Алматы жастарын қолдау мен дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Бұл туралы Алматыда ОКҚ-нің көшпелі брифингінл қала әкімі Ерболат Досаев айтты.2024 жылы қалада 11 комьюнити-орталық және 4 нарко-STOP орталығы ашылып, 33 демалыс орталығы жаңғыртылды. Жыл басынан бері мегаполисте студенттік жатақханаларда 8 мыңнан астам (8 273) төсек-орын ашылды, сондай-ақ «Алматы жастары» бағдарламасы бойынша 3 321 пәтер берілді. Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Алматыда 3 спорттық-сауықтыру кешені ашылып, 50 көше-спорттық инфрақұрылым нысаны салынды.Осы шаралардың арқасында NEET санатындағы жастардың үлесі 8,3% - дан 6,4% - ға дейін төмендеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/904921
«Бұл менің арманым еді» – Алматы әкімі мектептерді бір ауысымға көшіру туралы 24.12.2024
Алматы әкімі Ерболат Досаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мектептерді бір ауысымды оқытуға көшіру мерзімі мен оқушы орындарының тапшылығын азайту үшін қабылданып жатқан шаралар туралы журналистердің сұрағына жауап берді.«Биыл біз 43 мектепті бір ауысымды оқытуға көшіру үдерісін бастадық – бұл менің арманым еді, балалар бір ауысымда оқыса деген. Біз бұл бастаманың оң әсерін көріп отырмыз. Ұзақ мерзімді перспективада 2027 жылдың соңына дейін мектептердің кем дегенде 40%-ын, шамамен 95 мектепті бір ауысымда оқытуға көшіру жоспарланып отыр. Бұл оқушылардың жүктемесін азайтып, қосымша сабақтарды ұйымдастыруға мүмкіндік береді, себебі бір ауысымға көшу екі ауысымды режимнен туындайтын жүктемені жеңілдетеді», – деді Ерболат Досаев.Әкімнің айтуынша, оқу жылының басында қала мектептерінде оқушы орындарының тапшылығы шамамен 30 мың болған. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» жобасы бұл мәселені шешуге мүмкіндік береді.«Жайлы мектеп» жобасы аясында біз 22 мың оқушы орнын ашамыз. Осы шаралардың арқасында келесі оқу жылына қарай орын тапшылығы «басқарылатын» деңгейге – 3-4 мың орынға дейін төмендейді. Одан әрі әкімдік білім беру нысандарын өз қаражаты есебінен салу және жаңғырту жұмыстарын жалғастырады. Бұл алдағы уақытта орын тапшылығының көбейіп кетуіне жол бермейді», – деді қала әкімі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/904926
Алматы «Смарт сити» енгізуде: кешенді қауіпсіздік жүйесі мектептерді, балабақшалар мен ауруханаларды қамтиды 24.12.2024
«Смарт сити» мегаполистің тұрақты дамуын қамтамасыз етудің негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала әкімі Ерболат Досаев хабарлады.2022 жылы Қазақстанда алғаш рет Алматы қаласының бірыңғай видеомониторинг жүйесі (БВМЖ) іске қосылды. Бүгінгі таңда оған 50 мың видеокамера қосылған.2024 жылыкКешенді қауіпсіздік жүйесі барлық мемлекеттік мектепке дейінгі мекемелерде (191) және мектептерде (215), сондай-ақ 64 медициналық мекемелерде іске қосылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/905292
1000 еуроконтейнер және жаңа контейнерлік алаңдар: Алматыда ҚТҚ шығару инфрақұрылымы қалай жаңғыртылуда 24.12.2024
Алматыда тұрмыстық қатты қалдықтарды (ҚТҚ) жинау инфрақұрылымын ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.«Қатты тұрмыстық қалдықтарды тиімді басқару – жайлы қалалық орта құрудың маңызды міндеті. 2012 жылы салынған инфрақұрылым физикалық және моральдық тұрғыдан ескірген», – деді әкім.Мегаполис басшысы 2,8 мың евроконтейнер мен жерасты контейнері 400 алаңда жаңартылғанын атап өтті.2025 жылы 723 алаңда тағы 2,7 мың жаңа контейнер, оның ішінде 1 683 жерасты және 1 000 еуроконтейнер орнату арқылы қаладағы барлық контейнерлік алаңды толық жаңғырту аяқталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/905293
Алматыда 2025 жылы жылумен және электрмен жабдықтау желілерін ауқымды жаңғырту жоспарлануда 24.12.2024
Алматы әкімі Ерболат Досаев ОКҚ - да өткен брифингте жылумен және электрмен жабдықтау инфрақұрылымын жаңғырту туралы айтты.2024 жылы Алматыда 20 км жылумен жабдықтау желілері, 220 км астам электрмен жабдықтау желілері жаңғыртылып, 85 қазандық қайта жаңартылды, бұл жылыту тиімділігін едәуір арттырды.Келесі жылы ауқымды міндеттер жоспарланған - 40 км жылумен жабдықтау желілерін және 240 км электрмен жабдықтау желілерін жаңғырту, сондай-ақ 21 қазандықты қайта жаңарту.Қабылданып жатқан шаралар инфрақұрылымның тозуын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.2024-2025 жылдардың қорытындысы бойынша жылумен жабдықтау желілерінің тозуы 3,8% — ға азайып, 54,1% -ды құраса, ал электрмен жабдықтау желілерінің тозуы 1,7% - ға азайып, 63,3% - ға жетті.Қала басшысы инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту әкімдік жұмысының басым бағыты болып табылатынын атап өтті. Қала тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасаудағы маңызды қадам инфрақұрылымды жаңартуға қаражатты тиімді бөлуді қамтамасыз ететін инвестициялық бағдарламаларды пайдалану болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/905294
Алматыда оқушы орындарының тапшылығын жою және білім беру инфрақұрылымын жақсарту белсенді түрде шешілуде – Ерболат Досаев 24.12.2024
Алматы әкімі Ерболат Досаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен көшпелі брифингте қаланың білім беру инфрақұрылымын дамыту мәселелерін баяндады.Биыл Алматыда 18 білім беру нысаны салынып, 11,7 мың оқушы орны қамтамасыз етілді. Осы шаралардың арқасында келесі оқу жылына қарай орын тапшылығы «басқарылатын» деңгейге – 3-4 мың орынға дейін қысқарады.Білім беруді дамытудың маңызды бөлігі «Алматы мектептері» стандартын енгізу. Бұл жоба аясында мемлекеттік мектеп оқушыларын тасымалдау ұйымдастырылды. 2024 жылы мектеп автобустарының саны 200-ге жеткізілді, бұл 15,3 мың оқушыны қамтуға мүмкіндік берді. 2025 жылы автобус саны тағы 100-ге көбейтіледі, бұл оқушыларға мектепке қауіпсіз әрі ыңғайлы түрде баруға жағдай жасайды.Қала әкімі Ерболат Досаев білім беру инфрақұрылымын дамыту сапалы және қолжетімді білім алу шарттарын қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.Жалпы, Алматыда оқушы орындарының тапшылығын азайту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бұл жаңа мектептер салу, жергілікті бюджет есебінен қосымша ғимараттар салу арқылы жүзеге асуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/905296
Инфрақұрылымды жаңғырту және бюджетті ұлғайту: Алматыда денсаулық сақтау саласы қалай дамып отыр 24.12.2024
Алматыда денсаулық сақтау саласында 32 нысан салу және жаңғырту жоспарланып отыр. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев ОКҚ-де өткен көшпелі брифингте мәлімдеді.Биыл денсаулық сақтау саласының қаржыландыру 25%-ға артты. Әсіресе, денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғыртуға ерекше назар аударылды.Биыл Алматының мәслихаты медициналық-санитарлық көмектің біріңғай стандартын бекітті, соның аясында 4 МСАК орталығы мен 1 емхана салынды, сондай-ақ 32 нысанның құрылыс және жаңғырту жобалары (15 аурухана, 2 перзентхана, 7 емхана, 6 МСАК орталығы) әзірленуде.Сонымен қатар, 2024 жылы қалада Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығы ашылды. Балалар арасындағы мүгедектік деңгейін төмендетуге маңызды үлес қосқан ерте араласу орталығы құрылды.Қала әкімі денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғырту мен дамыту тұрғындарға медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын жақсартуда маңызды қадам екенін атап өтті. Бұл басым бағыттағы жұмыстар келесі жылы жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/905297
Алматыда жедел медициналық жәрдем автопаркі 40 пайызға жаңартылды 24.12.2024
Алматы әкімі Ерболат Досаев ОКҚ-да өткен көшпелі брифингте қалада медициналық қызметтердің сапасын арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтты.Мәселен, осы жылдың маусым айында Қазақстанда алғаш рет «Фетальды хирургия» пилоттық жобасы енгізілді. Енді Алматыда жылына 150-ге дейін жатырішілік операция жасауға болады. 2024 жылы 3 753 пациент 9,2 млрд теңге сомасына 45 нозология бойынша орфандық препараттармен қамтамасыз етілді. Айта кетерлігі, бұл бағыттағы қаржыландыру өткен жылмен салыстырғанда 10% - ға өсті.Соңғы екі жылда жедел медициналық жәрдем автопаркі 37% - ға жаңартылды. 2023 жылы 55 машина, 2024 жылы 48 машина сатып алынды.Қала басшысы денсаулық сақтау саласындағы таңдалған курстың дұрыстығын а.ж. 11 айының қорытындылары нақты растайтынын атап өтті, ол бойынша ана өлімі 48,2% – ға, нәресте өлімі – 5,4% - ға, қатерлі ісіктерден болатын өлім-16% - ға төмендеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/905298
Алматы табиғи тәуекелдерден қорғауды нығайтады: сейсмикалық қауіпсіздік және тау бөктеріндегі жұмыстар 24.12.2024
Алматылықтардың қауіпсіздігі негізгі басымдық болып табылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала әкімі Ерболат Досаев хабарлады.Табиғи тәуекелдерді азайту мақсатында 1974 жылдан бері алғаш рет Мохнатка және Горельник тауларында беткейлерді тазарту жүргізілді, 6 мореналық көлде профилактикалық жұмыстар жүргізілді және Есентай өзенінің арнасы нығайтылды.Ең маңызды міндет-сейсмикалық қауіпсіздікті арттыру. 10 916 нысанға сейсмоаудит жүргізілді (1 641 – көппәтерлі тұрғын үй, 9 275 – азаматтық нысан). Ағымдағы жылдың 17 қазанда "Mass Alert" халықты хабардарететін жүйені пайдалана отырып, қалалық сейсмикалық тексеру жүргізілді.Жер сілкінісі туралы алдын ала ескертудің автоматтандырылған жүйесін жетілдіру үшін 2025-2026 жылдары қосымша 70 сейсмостанция орнатылатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/905299
Алматы әкімі Ерболат Досаев энергетика саласының қызметкерлеріне құрмет наградаларын табыс етті 24.12.2024
Алматы әкімі Ерболат Досаев энергетика саласының мамандарын кәсіби мереке - Энергетика күнімен құттықтап, оларға құрмет марапаттарын тапсырды.Қазақстан Президентінің Жарлығымен энергетика саласын дамытуға қосқан зор үлесі үшін еңбек ардагері Нұрахан Сейітқұлов «Құрмет» орденімен марапатталды. Оның кәсіби жолы «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ құрамына кіретін Жамбыл аудандық электр желілерімен байланысты. Нұрахан Сейітқұлов ауылдық округтің шеберінен ЖАЭС-тің бірінші басшысына дейінгі жолдан өтті.III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен және «Ерен еңбегі үшін» медалімен «Алматы Қала Жарық», «Алматы жылу желілері», «Алматыжылукоммунэнерго» және «Алматы электр станциялары» кәсіпорындарының қызметкерлері марапатталды.Қала басшысы энергетика саласының барлық қызметкерлеріне алғысын білдіріп, олардың Алматы инфрақұрылымын дамытудағы және қала тұрғындарының өмір сүруіне қолайлы жағдай жасаудағы басты рөлін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/905300
Облыс әкімі ҚР мәслихаттарының құрылғанына 30 жыл толуына арналған салтанатты жиынға қатысты 24.12.2024
Мәслихаттардың 30 жылдығы атап өтілуде. Осыған орай «Amanat» партиясы облыстық филиалының ғимаратында өңір басшысы Асхат Шахаров пен облыстық мәслихат төрағасы Гүлқасима Сүйінтаеваның қатысуымен салтанатты жиын өтті.Шараға барлық сегіз шақырылымның депутаттары шақырылды.Облыс әкімі депутаттық корпусты атаулы күнмен құттықтап, мәслихаттардың мемлекеттік басқару жүйесіндегі рөлін атап өтіп, олардың өңірді дамытуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған шешімдер қабылдаудағы маңыздылығына тоқталды. Асхат Шахаров түрлі шақырылымдағы депутаттарға азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жобалар мен бастамаларды іске асыруға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.«Ақтөбе облысының мәслихаттары 30 жыл бойы халықтың сенімін ақтай отырып, елдің бірлігі мен тұрақтылығы үшін еңбек етті. Сіздер – халық пен билік арасындағы алтын көпірсіздер. Әлеуметтік-экономикалық даму процестерін қалыптастыру сіздердің жұмыстарыңызға тікелей байланысты. Депутаттар әрқашан бюджетті қалыптастырудан бастап, инфрақұрылымды жақсартуға және әлеуметтің әлеуетін көтеруге дейінгі маңызды мәселелерге назар аударады. Сіздер өз міндеттеріңізді абыроймен атқара беретіндеріңізге сенімдімін», - деді аймақ басшысы.Сондай-ақ, әкім бесінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың депутаты ретінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына байланысты өзекті мәселелерді қалай шешкені туралы естеліктерімен бөлісті. Ол әріптестерімен бірге инфрақұрылымды жақсарту, білім беру сапасын арттыру, денсаулық сақтау және ауылдық жерлерді қолдау бойынша қалай жұмыс істегенін айтты.Өз кезегінде Гүлқасима Сүйінтаева облыс әкіміне депутаттармен тиімді қарым-қатынас орнатқаны үшін алғысын білдірді. Төраға мәслихаттың жемісті қызметін, депутаттардың сіңірген еңбегінің маңыздылығын атап өтіп, оларға өңірдің дамуына және халықтың әл-ауқатына қосқан үлесі үшін ризашылығын жеткізді.«30 жыл ішінде облыстық мәслихатта 8 шақырылым ауыстырылды, осы кезеңде 260 адам депутат болып сайланды. Мәслихат – бұл азаматтардың мүдделері мен билік тетіктері ұштасатын алаң. Біз әртүрлі партиялар мен кәсіптерден болғанымызбен, біздің ортақ мақсатымыз - халықтың әл-ауқатын арттыру және елімізді дамыту.Бүгінгі сегізінші шақырылым жаңа форматта жұмыс істеуде: сайлау алғаш рет пропорционалды-мажоритарлық жүйе бойынша өтті, бұл қоғамды демократияландырудағы маңызды қадам болды. Депутаттық корпус тәжірибе мен жаңа идеяларды үйлестіре отырып, 70%-ға жаңарды. Мәслихатта 34 депутат бар: 17-сі партиялық тізімдер бойынша, қалғандары бір мандатты округтер бойынша сайланды.Мәслихаттар депутаттарының II республикалық форумында ел Президенті мәслихаттардың өкілеттіктерін нығайтудың, бюджеттік жоспарлауға белсенді қатысудың және қоғаммен тікелей диалог жүргізудің маңыздылығын атап өтті. Біз бұл бағытта жұмысты жалғастырамыз», - деді Гүлқасима Сүйінтаева.Салтанатты жиын барысында түрлі шақырылымдардың депутаттары мәслихаттағы өз жұмыстарын еске алып, сөз сөйледі. Олардың арасында облыстық мәслихаттың бірінші хатшысы Балихан Жоламанов, Парламент Сенатының бұрынғы депутаты Мұхтар Жұмағазиев, бірінші сайланған Парламент Мәжілісінің депутаты Төлеген Қуанышев және басқалар бар. Олар өз қызметінің маңызды сәттері туралы айтып, тұрғындармен өзара іс-қимылдың және өңірдің өзекті мәселелерін шешудің маңыздылығына тоқталды. Депутаттар халыққа қызмет ету әрқашан олардың жұмысының басты міндеті болғанын және болып қала беретінін алға тартты.Ресми шара соңы марапаттау рәсіміне ұласты. Бірқатар халық қалаулысы Ақтөбе облысы әкімінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісіне ие болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/905262
ЕСЕНОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ МҰНАЙ БИТУМДАРДЫ МОДИФИКАЦИЯЛАУ БОЙЫНША ҒЫЛЫМИ ЖОБА БАСТАЛДЫ 24.12.2024
ЕСЕНОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ МҰНАЙ БИТУМДАРДЫ МОДИФИКАЦИЯЛАУ БОЙЫНША ҒЫЛЫМИ ЖОБА БАСТАЛДЫЕсенов университетінің «Инжиниринг» және «Ғылым және технологиялар» факультеттерінің профессорлық-оқытушылар құрамы және өндірістік мекемелері мен ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкерлерінен құралған зерттеу тобы 2023-2025 жылдарға жоспарланған «Мұнай битумдарын резеңке-техникалық қалдықтармен модификациялау» тақырыбындағы ғылыми жобаны іске асырып келеді.Жоба жетекшісі т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Анар Аккенжееваның айтуынша, жоба қалдықтарды қайта өңдеп кәдеге жарату және жол битумының физика-химиялық сипаттамаларын жақсарту үшін резеңке-техникалық қалдықтарымен мұнай-жол битумдарын модификациялау технологиясын зерттеу және әзірлеу мақсатында жүргізіледі.«Битум модификациясына қолдану үшін девулканизацияланған резеңке үгінділер алынып, жай және девулканизацияланған резеңке үгіндісінің құрамы мен құрылымы зерттелді. Битумдарды модификациялау процесінің уақыты мен температурасы, резеңке үгінділердің оңтайлы мөлшері анықталды. Резеңке-битум байланыстырғыштарының үлгілерінің құрылымы зерттелді», - деді ғалым.Зерттеу тобы Маңғыстауда ерекше қорғалатын аумақтар мен аймақтың резеңке қалдықтарымен ластануы сияқты экологиялық мәселені шешу өңірдің басты міндеттерінің бірі екенін атап өтеді.Ғылыми жобаны жүзеге асыруға «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» білім беру бағдарламасының магистранттары, жас ғалымдар тартылған. Жоба нәтижелері бойынша Scopus базасының бірінші квартиліне кіретін жоғары рейтингті журналдарда екі мақала жарияланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/904934
ӨМІР БОЙЫ ОҚУ: БІЛІМ БЕРУ МЕН ЕҢБЕК НАРЫҒЫН ЖАҚЫНДАТУ ЖОЛЫ 24.12.2024
ӨМІР БОЙЫ ОҚУ: БІЛІМ БЕРУ МЕН ЕҢБЕК НАРЫҒЫН ЖАҚЫНДАТУ ЖОЛЫАлматы қаласында заманауи еңбек нарығының талаптарына білім беру жүйесін бейімдеудің құралы ретінде микроквалификацияларды дамытуға арналған семинар өтті.Стратегиялық серіктестер форумының аясында Италияның Академиялық мобильділік және тану ақпараттық орталығы (CIMEA) мен ҚР ҒЖБМ Жоғары білімді дамыту ұлттық орталығы арасында микроквалификациялар бойынша семинар ұйымдастыру туралы келісімге қол жеткізілген болатын.Семинар Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің қолдауымен өткізілді.Семинар жұмысына Қазақстанның 103 жоғары оқу орны мен колледждерінің өкілдері қатысты.Семинардың ашылуында сөз сөйлеген ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Гүлжан Жарасова бейресми білім беру және микроквалификацияларды реттейтін нормативтік-құқықтық актілер туралы айтты. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Бану Нарбекова микроквалификацияларды әзірлеу және енгізу стандарттары туралы баяндама жасады. «Атамекен» ҰКП Адами капиталды дамыту департаменті директорының орынбасары Ляззат Шонаева кәсіби біліктіліктерді әзірлеудегі Ұлттық палатаның рөліне тоқталды. Ұлттық біліктілік жүйесінің әдістемелік қолдау департаментінің директоры Сандуғаш Конқаева кәсіби біліктіліктерді дамытуда әртүрлі құрылымдардың өзара іс-қимылы туралы баяндады.CIMEA бас директоры Лука Лантеро және директоры Киара Финокетти халықаралық тәжірибе жайлы атап өтті. Олар Италияның тәжірибесі мен микроквалификациялар саласындағы халықаралық стандарттарды ұсынды.Семинар бағдарламасы экономикадағы негізгі салаларда: IT, маркетинг, қаржы және өндіріс салаларында микроквалификацияларды енгізудің табысты үлгілерін талқылауды қамтыды. Іс-шараның қорытындысында Жоғары білімді дамыту ұлттық орталығы мен CIMEA арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Бұл Қазақстанның білім беру жүйесіне халықаралық тәжірибені интеграциялауға жол ашады.Үш күнге созылатын семинар қатысушыларға халықаралық тәжірибелерді жан-жақты зерделеуге және CIMEA-ның жетекші мамандарымен тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Бұл шара кәсіби білім беруді жаңғыртуда және оның еңбек нарығының өзекті талаптарымен байланысын нығайтуда маңызды қадам болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/904969
АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ 24.12.2024
АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ2024 жылғы 21 желтоқсанда сағат 11.00-де ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің ғылым және жоғары білім саласын дамыту мәселелері бойынша Астана қаласының тұрғындарымен кездесуі өтеді.Кездесу Астана қаласы, Astana IT University, Мәңгілік Ел даңғылы 55/11, EXPO бизнес-орталығы, С1 блок мекенжайы бойынша өтеді.Кездесу өткізілгеннен кейін азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау ұйымдастырылады.Жеке қабылдауға жазылу 8 (7172) 74-19-42 нөмірі бойынша жүргізіледі. Ғылым және жоғары білім саласындағы өтініштерді r.asanova@sci.gov.kz электронды поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/905270
Жамбылдық үздік жастар марапатталды 24.12.2024
Ең үлкен өңіраралық бәсекелестік – талантты жастар үшін. Дарынды жастарды облыста ұстау, тұрақтандыру, өзге өңірлерден тарту үшін оларға жергілікті жерде барынша қолдау көрсету маңызды. Өңірдің үздік жастарын марапаттау салтанатында осылай деген аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев бұл бәсекелестікте Жамбыл облысының әлеуеті зор екенін, түрлі қолдау шаралары ұйымдастырылып жатқандығын жеткізді.Шара барысында Ербол Қарашөкеев түрлі салада жыл бойы жемісті еңбек еткен жастарға «Әулиеата үздігі» сыйақысын және түрлі жобалар бойынша «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын табыстады.- Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Еліміздің болашағы білімді жастардың қолында», – деп сенімді баға берген болатын. Бұл сөз білімі ерек, ойы ұшқыр, талабы мықты жастардың қатарын арттырып, олардың ұранына айналды десек қателеспейміз.Еліміздегі әрбір игі бастамалардың барлығы жастардың кемел келешегіне негізделген. Сіздер еңбек пен білімді, ар мен намысты, Отан алдындағы парызды ту етіп ұстасаңыздар алынбайтын қамал, аспайтын асу жоқ деп есептеймін. Жастық жігерлеріңіз жалындай берсін! – деді облыс әкімі.Ербол Қарашөкеев 2025 жылы өңірде «Тараз - кітап оқитын қала» жобасы қолға алынатынын атап өтіп, игі бастамаға барша жамбылдық жастың қолдау көрсететініне сенім білдірді. Сонымен бірге 10 мыңнан астам еріктінің ерен еңбегіне алғыс айтты.Бұдан соң үздік жастарға облыс әкімінің «Әулиеата үздігі» сыйақысы табысталды.«Үздік жас ақын» номинациясы бойынша облыстық «Aq jol» газетінің тілшісі Арайлы Жақсылық, «Үздік жас журналист» номинациясы бойынша «Еуразия» бірінші арнасы телеарнасының тілшісі Ұлдана Жұбай, «Үздік жас педагог» номинациясы бойынша Ә. Бөкейханов атындағы №1 гимназиясының математика пәнінің мұғалімі Дәурен Естаев, «Үздік жас спортшы» номинация бойынша ҚР спорт шебері Бексұлтан Боранбай, «Үздік жас медицина саласының маманы» номинациясы бойынша Жамбыл аудандық орталық ауруханасының аға мейірбикесі Бикен Аманғалиқызы, «Үздік жас өнер саласының маманы» номинациясы бойынша К. Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әртісі Дидар Басықараев, «Үздік жас құтқарушы» номинациясы бойынша Тараз қаласы №20 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Байдаулет Дусейнов, «Үздік жас құқық қорғау қызметкері» номинациясы бойынша облыстық полиция департаментінің аға жедел уәкілі Құндызай Бөгенбаева, «Үздік жас мемлекеттік қызметші» номинациясы бойынша Талас ауданы әкімдігінің сектор меңгерушісі Батырхан Төмешбай, «Үздік жас өндіріс саласының маманы» номинациясы бойынша «Амангелді газ өңдеу зауыты» ЖШС-нің аға зертханашысы Салтанат Займанова, «Үздік жас өнертапқыш» номинациясы бойынша канадалық «MaintainX» Старт АП компаниясының қызметкері Мұхтарәлі Әбуәлі марапатталды.Салтанатты шарада «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты табысталды. Атап айтқанда, ғылым бағыты бойынша Дәулет Жаманқұл, Шынар Тоқтамыс, мәдениет бағыты бойынша Аяна Ким, Ақарыс Сайлау, ақпараттық технологиялар бағыты бойынша Әлихан Әділ, Мерей Жолдасбек, бизнес бағыты бойынша Патима Байтұрсын, Азамат Немелбек, медиа бағыты бойынша Мерей Бает, Ерқасым Әбдірахман 1 миллион теңгенің сертификатына ие болды.Айта кетейік, Жамбыл облысы халқының 29,1 пайызын жастар құрайды. Биыл 23 758 жас жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды. «Жасыл ел» жобасы аясында 2 000 жас маусымдық жұмысқа орналасты.344 жастың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау мақсатында қайтарымсыз грант берілді. «Ауыл аманаты» жобасы аясында 326 жас жеңілдетілген несиеге қол жеткізді.Өткен жылы «Әулиеата жастары» тұрғын үй бағдарламасы аясында 144 жасқа баспаналы болу бақыты бұйырса, биыл 140 жас отбасыға пәтер кілті табысталады. Аталған бағдарлама келесі жылы да жалғасын табады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/905175
Шет ауданында 34 отбасы жаңа үйге қоныстанды 24.12.2024
Тәуелсіздік күні аясында Шет ауданының 34 отбасына жаңа үйдің кілтін алды.Ақсу-Аюлы ауылында 26 адам баспана алған, оларға 3 және 4 бөлмелі пәтер берілді. Ақжал кентінде екі жаңа таунхауста сегіз отбасына үй берілді.Жаңа қоныстанушыларға кілтті Шет ауданының әкімі Мұхит Мұхтаров табыс етті. Ол тұрғындарды көптен күткен оқиғамен құттықтап, оларға жаңа үйде бақыт пен береке тіледі."Тұрғын үй кезекте тұрғандар үшін арнайы салынған. Үйлер әрленіп, тапсырылған. Барлық пәтер сатып алу құқығымен жалға беріледі", – деп атап өтті аудан әкімдігінде.Жаңа үйлердің айналасы асфальтталған. Жылумен жабдықтау үшін ортақ қазандық қарастырылған.Биыл Шет ауданында 122 кезекте тұрғандар пәтер алды. Ауыл тұрғындарын тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/904486
Қарағанды хайуанаттар бағы жаңа жылдық шараларға шақырады 24.12.2024
Қарағанды хайуанаттар бағы 22 желтоқсанда жаңа жылдық ертеңгілік ұйымдастырады. Мерекелік шара көшеде және жаңа ғимаратта өтеді. Хайуанаттар бағында барлығы төрт шырша орнатылады.Ертеңгілікте балаларға эльфтер мен аққалалар өнер көрсетеді. Бағдарламада Аяз Ата және Ақшақармен бірге шыршаның айналасындағы би, сондай-ақ көңілді ойындар, викториналар мен жарыстар бар.Мереке 13:00-де басталып, 15:00-ге дейін жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/904487
Қарағанды және Саран көшелерінде безендірілген мектеп автобусы жүреді 24.12.2024
Аяз Ата және Ақшақары бар жаңа жылдық мектеп автобусы алдағы 22 желтоқсан, жексенбі күні, Қарағанды мен Саран арқылы мерекелік рейс жасайды. Бұл QazTehna компаниясының сыйы.Автобус Саран қаласында сағат 14:00-ден бастап жүреді.Бағыт:№ 7 мектеп-интернат;№ 9 мектеп-интернат;Мәдениет үйі.Қарағандыда сағат 16:00-ден бастап жұмыс істейтін болады.Бағыт:К. С. Станиславский атындағы театр;Кеншілер мәдениеті сарайы;45-ші орам;"Таир" сауда орталығы.Тұрғындарды жаңа жылдық ғажайыпты жіберіп алмауға шақырады.Ұйымдастырушылар: "Сиқырлы және көңілді атмосфераға шому үшін отбасыңызбен келіңіздер", – деп шақырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/904488
Жыл қорытындысы: Ел экономикасының шикізаттық емес секторды дамыту, инвестиция тарту және бизнесті қолдау шараларын күшейту арқылы өсуі 24.12.2024
Primeminister.kz сайтының редакциясы еліміздің 2024 жылғы даму қорытындылары туралы жарияланым топтамасын жалғастыруда. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет мұнайдан тыс секторды дамытуға бағытталған экономиканы құрылымдық өзгерту бойынша бірқатар шара қабылдады. Отандық өндірушілерді қолдау құралдарын күшейту арқылы еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттыру және іскерлік белсенділікті күшейту үшін қолайлы жағдай жасау бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді.Негізгі экономикалық көрсеткіштердің өсу қарқыныАлдын ала бағалау бойынша осы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша ЖІӨ өсімі 4,4%-ды құрады, ол негізінен мұнайдан тыс секторды дамытумен қамтамасыз етілген. Экономика өсімінің 70%-дан астамы өңдеу өнеркәсібі, сауда, ауыл шаруашылығы және құрылыс есебінен қалыптасты. Салалар бөлінісінде келесідей динамика байқалады: ауыл шаруашылығында жалпы өнім шығарудың 13,4%-ға өсуі байқалды, бұл 2011 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш саналады; құрылыста – 10,3%; саудада – 8,2%; көлік қызметтерінде – 8,1%; байланыста – 5,3%; өңдеу өнеркәсібінде – 5,3%. Жалпы, аталған кезеңде отандық тауарлар өндірісі 5%,-ға, көрсетілген қызметтер 4,5%-ға өсті. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 3,1%-ға артып, 15,8 трлн теңгеге жетті.Сыртқы сауда айналымы биылғы 10 айда $116,9 млрд-ты құрады. Қазақстандық тауарлардың экспорты 5,1%-ға өсті, ақшалай баламада көрсеткіш – $68,5 млрд. Бұл ретте өңделген тауарлардың экспорты 10,2%-ға ұлғайып, $23,3 млрд-қа жетті. Шикізаттық емес экспорттың тұрақты өсуі көбінесе қазақстандық тауарларды Қытай мен Түркияға жеткізу көлемінің артуымен, сондай-ақ Еуропа нарықтарындағы қатысудың кеңеюімен байланысты. ҚХР-ға экспорт көлемі 5,3%-ға өсіп, $12,3 млрд-ты құрады. Бұған мемлекет пен бизнестің бірлескен белсенді жұмысы ықпал етті. Қытай тұтынушылары арасында отандық өнімдердің танымалдылығын арттыру мақсатында қазақстандық компаниялардың CIFTIS, CIIE, Digital Expo сынды үлкен көрмелерге және басқа да шараларға қатысуы қамтамасыз етілді. Сондай-ақ jd.com, Doiyin, Alibaba электронды платформаларындағы ұлттық павильондар арқылы тауарларды ілгерілету жұмыстары жанданып, стримингтер ұйымдастырылды.Ирландия, Швейцария және Франция сияқты ЕО елдеріне экспорттық ағындарды өсіру олардың диверсификацияланғанын көрсетеді. Сонымен қатар Қырғызстан мен Тәжікстан сияқты көршілес елдерге шикізаттық емес экспорттың өсуі Қазақстанның саудасы үшін Орталық Азия өңірінің маңыздылығын айғақтайды. Биылғы қызмет көрсету экспорты 10,5%-ға өсіп, $8,4 млрд деңгейінде тіркелді. Осы сектордың драйверлері болып тасымалдау, ІТ, қаржы және басқа іскерлік қызметтер салалары аталды. Сонымен бірге есепті кезеңде импорт 3,3%.-ға қысқарды. Импорттың төмендеуімен қатар жүретін экспорт көлемінің ұлғаюының нәтижесі экономиканың оң сауда балансының 33,4%-ға өсуі болды. Аталған көрсеткіш $20,1 млрд деңгейінде қалыптасты.Қабылданған шаралардың нәтижесінде биыл инфляция төмендеп, қараша айында жылдық мәнде 8,4%-ды құрады. 2023 жылдың тиісті кезеңінде инфляция 10,3% деңгейінде болды.Қазақстанның дербес несиелік рейтингі инвестициялық сенімділік деңгейінде сақталды2024 жылдың 9 қыркүйегінде Moody's халықаралық рейтинг агенттігі несиелік рейтингті «Тұрақты» деген болжаммен «Ваа2»-ден «Ваа1»-ге дейін көтерді. 2024 жылдың 15 қарашасында Fitch еліміздің несиелік рейтингін «BBB» деңгейінде растады, сонымен қатар болжамды «Тұрақты» деңгейде ұстады. 2024 жылдың 1 наурызында S&P болжамды «Тұрақты» деңгейде сақтап қалып, дербес несиелік рейтингті «BBB-/А-3» деңгейінде растады. Несиелік рейтингтің жоғарылауы экономикалық және қаржылық тұрақтылықты нығайтуға, еліміздің халықаралық аренадағы беделін жақсартуға ықпал етеді, капитал нарықтарынан инвестициялар тартуға және экономикаға тікелей шетелдік инвестициялар көлемін ұлғайтуға оң әсер етеді. Айта кету керек, мемлекеттің рейтингі неғұрлым жоғары болса, сыртқы нарықта қарыз алу шарттары соғұрлым жақсы болады.Бизнесті қолдаудың жаңа құралдары арқылы елішілік құндылықтың өсуіҮкімет осы жылы кәсіпорындарды одан әрі ірілендіруге және қосылған құны жоғары өнім шығаруға баса назар аудара отырып, отандық тауар өндірушілерді қолдау жөнінде бірқатар шаралар қабылдады. Осындай шаралардың бірі шетелдік әлеуетті өнім берушілердің тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға және квазимемлекеттік компанияларды сатып алуға қатысуына қол жеткізуін шектеу болып саналады. Биыл тізбе 3 еседен астамға – 4 536 атауға дейін кеңейтілді. Нәтижесінде, тек 2024 жылдың 9 айында мониторинг субъектілерінің тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу көлемі 21,2 трлн теңгені құрады, оның ішінде елішілік құндылығы 11 трлн теңгеге немесе 51,8%-ға жетті. Жылдың 11 айында отандық тауар өндірушілермен жасалған шарттардың сомасы 34,4%-ға өсіп, 372,9 млрд теңгені құрады. Офтейк-келісімшарттар бойынша көлемі 14 есеге, 134 млрд теңгеге дейін өсті. Қатты пайдалы қазбалар мен ОТӨ бойынша жер қойнауын пайдаланушылар арасында жалпы сомасы 111,1 млрд теңгеге 248 ұзақ мерзімді шарт және 27,8 млрд теңгеге 42 офтейк-келісімшарт жасалды. Салыстыру үшін: 2023 жылдың сәйкес кезеңінде 47,5 млрд теңгеге 35 ұзақ мерзімді шарт және 4,8 млрд теңгеге 10 офтейк-келісімшарт жасалған болатын. 2024 жылдың қорытындысында қатты пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың жұмысы мен қызметтерін сатып алудағы елішілік құндылық үлесі бойынша индикатор 81% деңгейінде айқындалды; 2025 жылға арналған жоспарда оны 82%-ға дейін жеткізу көзделген.Биыл мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың жаңа қағидалары бекітілді. 2024 жылғы 1 шілдедегі «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңға сәйкес, Қағидаларда жұмыс тәжірибесі мемлекеттік сатып алу аясында орындалған шарттар бойынша және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтері бар басқа да шарттар бойынша есепке алынады. Тапсырысты орындаушы қосалқы мердігерлер атқаратын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуы тиіс. Заңнамалық өзгерістер конкурсты өткізу мерзімдері мен өтінімдерді беру рәсімдерін қамтиды. Өтінім беру мерзімі 15 жұмыс күнінен 5 жұмыс күніне дейін қысқартылды. Қағидалар 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.Экономикадағы ШОБ үлесін арттыруОтандық тауар өндірушілерді қолдаудың қабылданған шаралары экономикадағы шағын және орта бизнестің үлесін 1,8%-ға ұлғайтуға мүмкіндік берді және бүгінде ол 38,2%-ды құрайды. Осы жылдың 1 желтоқсанында жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 1,5%-ға артып, 2 млн кәсіпорыннан асты. Осы секторда барлығы 4,2 млн-нан астам қазақстандық жұмыспен қамтылды. Бұл ретте шағын және орта бизнес субъектілерінің өнім шығару көлемі 2024 жылдың 2 тоқсанында 19,1%-ға ұлғайып, 34,2 трлн теңгені құрады.Қазақстанда экспорттаушыларды мемлекеттік қолдау жаңа деңгейге жетті: бизнеске 6,3 млрд теңге көлемінде шығындарды өтеу қамтамасыз етілді. Салалардың әртараптандырылуына ерекше назар аударылып отыр. Бұл елдің экспорттық әлеуетін кеңейтуге ықпал етеді. Қабылданған өтінімдер саны бойынша көшбасшылар қатарында Қостанай облысы, Алматы қаласы, Алматы және Қарағанды облыстары тұр. Биыл жалпы 500-ге жуық компания түрлі қолдау шараларын алды, оның ішінде экспорттық акселерация бағдарламасына қатысу, Alibaba.com платформасына шығу, көрмелер мен сауда-экономикалық миссияларға қатысу, шығындарды өтеу және басқа да шаралар бар. Олардың 90%-дан астамы азық-түлік саласындағы шағын және орта бизнес субъектілері.Президент қол қойған Бизнесті жүргізу мәселелері жөніндегі заң аясында биыл тексеруден профилактикалық іс-шараларға көшу арқылы мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесі қайта қаралды. 66 саланың тәуекелдерді басқару жүйесін автоматтандыру жүргізілді. Бизнес-ахуалды жақсарту және әкімшілік кедергілерді азайту мақсатында «таза парақтан» реттеуді енгізу бойынша жұмыс жалғасуда. Өңірлік маңызы бар актілер талданып, бизнеске 1 мыңға жуық негізсіз талаптар анықталды. Әкімдіктер оларды алып тастау бойынша жұмыс жүргізуде.Сондай-ақ биыл кәсіпкерлікке арналған міндетті талаптар тізілімі іске қосылды, оның ерекшелігі кәсіпкерлерді тізілімнен шығарылған және мерзімінде жойылмаған талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершіліктен босату болып саналады.Президенттің бастамасымен «Бизнестің жол картасы» және «Қарапайым заттар экономикасы» атты екі бағдарламаның құралдарын біріктірген Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту жөніндегі кешенді бағдарламаны қабылдау маңызды қадам болды. Мықты және бәсекеге қабілетті кәсіпорындар құру мақсатында тиімді жобаларға қолдау көрсету көзделген. Сонымен қатар жаңа жобаларды субсидиялау үшін бюджетті бөлу негізінен өңдеу өнеркәсібі саласындағы кәсіпорындар арасында жүзеге асырылады (шамамен 50%).ШОБ жобаларын нарықтық жағдайларға кезең-кезеңімен көшумен субсидиялаудың сараланған әдісі көзделген. Кредиттер бойынша кепілдік беру құралы кеңейтілді: кепілдіктер сомасы 3,5 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды және бизнес субъектілері үшін 1 млрд теңгеден астам несие сомасы бойынша нарықтық шарттарда кепілдік алуға мүмкіндік берілді. Биыл барлығы 840,5 млрд теңге кредиттердің жалпы сомасына 14,5 мың жоба субсидияланды, төленген субсидиялар сомасы 226,2 млрд теңгені құрады. 241,2 млрд теңгеге 7,3 мың жоба бойынша кепілдіктер берілді. ШОБ-ты қолдаудың тағы бір құралы синдикатталған кредиттеу болды, ол бір мезгілде бірнеше банктер 15 млрд теңгеге дейінгі ірі жобаларды қаржыландыруды көздейді.Облигациялық қарыздар беру шарттары кеңейтілді: эмитент-кәсіпкер облигация шығарылған кезде купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды ала алады және 5 жылға дейінгі мерзімде 5 млрд теңгеге дейін 6%-бен қаржыландыруға қол жеткізе алады. Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту үшін биыл 5 млн теңгеге дейінгі мемлекеттік гранттар және салалық шектеулерсіз 7% мөлшерлеме бойынша 1,5 млрд теңгеге дейінгі кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау енгізілді.Кәсіпкерлікті дамыту үшін мемлекеттік қызметтерді цифрландыруБизнестің мемлекетпен өзара іс-қимылы саласындағы негізгі бағыттардың бірі цифрландыру болып саналады. Ыңғайлы цифрлық экожүйені қалыптастыру мақсатында кәсіпкерлердің бір порталда мемлекеттік қызметтерді, қолдау шараларын және мемлекетпен өзге де өзара іс-қимылды алуы үшін «Бизнестің цифрлық картасы» жобасы әзірленуде. Азаматтардың жеке кабинеті секілді бизнестің жеке кабинеті енгізіледі, бұл әкімшілік рәсімдерді жеңілдетеді және процестердің ашықтығы мен тиімділігін арттырады. Биыл Қазақстанда электрондық форматта барлығы 99,3% мемлекеттік қызмет көрсетілді. Қағаз құжат айналымын одан әрі оңтайландыру жүргізілуде.Сондай-ақ бизнестің операциялық шығындарын төмендетуге бағытталған есеп-қисапты автоматтандыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Мәселен, 2025 жылдың соңына дейін барлық есеп-қисаптың 40%-ын оңтайландыру жоспарлануда. ШОБ-ты одан әрі өсірудің тағы бір құралы арнайы келісім болады, оның шеңберінде кәсіпкерге салалық отандық және шетелдік консультанттарды тарта отырып, атаулы консалтингтік көмек көрсетіледі. Жалпы биыл ел экономикасы айтарлықтай тұрақты өсім көрсетті. Бұл өсім мұнайдан тыс сектордың қарқынды дамуының нәтижесінде жүзеге асып, әртараптандыру саясатының оң әсерін көрсетіп отыр. Несиелік рейтингтің жоғарылауы мен инвестициялардың артуы халықтың әл-ауқатын жақсартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және өңірлердің дамуына бағытталған маңызды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және оңтайландыру арқылы бизнес климатқа және әрі қарай да инвестиция тартуға оң ықпал етуде. Экономикалық тұрақтылықты одан әрі нығайту Үкіметтің басым бағыттарының бірі болып қала береді.primeminister.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/904525
20 желтоқсанда қаңтардағы ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталады 24.12.2024
20–30 желтоқсан аралығында Қазақстанда қаңтардағы ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылданады. Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы тіркелуге болады. Тестілеудің өзі 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі."Қаңтардағы ҰБТ-ға жазғы тестілеу нәтижелері бойынша шекті балл жинамағандар және күндізгі оқу нысаны бойынша ақылы негізде шартты түрде жоғары оқу орнына қабылданғандар, шығармашылық білім бағдарламалар тобынан ақылы негізде даярлаудың басқа бағыттарына ауысқысы келетін, ақылы негізде даярлаудың педагогикалық бағыттарына ауысқысы келетін ЖОО-да оқитындар, сондай-ақ ақылы негізде даярлаудың педагогикалық бағыттарына ауысқысы келетіндер, сонымен бірге қалауы бойынша ақылы негізде ЖОО-ға түскісі келетіндер тест тапсырады. Тіркелу кезінде тест тапсырушылар тестілеуді өткізу орнын, күнін және уақытын таңдайды", – делінген ведомство хабарламасында.ҰБТ-дағы пәндердің саны өзгеріссіз қалады – үшеуі міндетті және екеуі таңдау бойынша. Тапсырмалар саны да өзгерген жоқ – 120. Қазақстан тарихы бойынша 20 тапсырма, оқу сауаттылығы бойынша 10 тапсырма, математикалық сауаттылық бойынша 10 тапсырма және екі бейіндік пән бойынша 40 тапсырма. Ең көп ұпай саны – 140.Тестілеу уақыты – 4 сағат (240 минут). Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін қосымша уақыт – 40 минут сақталады.ҰБТ-ға дайындықты жақсарту үшін жаттығу сынақтары басталды. ҰТО сайтында оқу жылының басында әдебиеттер тізімі мен тест жоспары, олар бойынша тапсырмалар, Қазақстан тарихы мен Дүниежүзілік тарих бойынша 100 дата тізімі, информатика бойынша терминдер тізімі, қазақ және орыс әдебиеті бойынша шығармалар тізімі жарияланды. Сондай-ақ, тестілеу бағдарламасындағы барлық талапкерлер үшін калькулятор, периодтық кесте және тұздардың ерігіштік кестесі қол жетімді болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/904759