Enbekshi QazaQ

Қоғам

Алматылықтар Алматы әкіміне жаңа жаяу жүргіншілер аймағы үшін алғыс білдірді 22.11.2024
Алматыда «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында тағы бір қоғамдық кеңістік реткк келтірілді. Бұл Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары кезінде Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесу барысында көріп шыққан жаяу жүргіншілер аймағы.Орбита-4 шағын ауданындағы 6 және 7 үйлердің арасындағы аумақтағы көріктендіру жұмыстары биыл шілде айында басталып, осы айда аяқталды.Жаяу жүргіншілер аймағының бойына шахмат үстелі, спорт тренажерлері мен воркаут аймақтары орнатылды. Бүлдіршіндер үшін балалар ойын алаңы жабдықталды. Аумақты көріктендіру, ойын алаңдарын, спорттық құралдарды және демалыс орындарын көбейту тұрғындардың күнделікті өмірін сан алуан әрі қызықты ете түсті.Жоба аясында 1 817 шаршы метр кеспе тас, 1 704 шаршы метр асфальт жабындысы, 840 шаршы метр резеңке жабынды төселіп, 175 метрлік габион құрылысы салынды және 42 көше шамы орнатылды.«Халық қатысатын бюджет» жобасы бізге ойымызды ұсынып, жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Жаңарту нәтижесінде үйлеріміздің айналасы айтарлықтай өзгеріп, жайлы әрі ыңғайлы орынға айналды», – деді аудан тұрғыны әкімге алғысын білдіріп.Өз кезегінде Ерболат Досаев шаһар тұрғындары үшін жайлы қалалық ортаны дамыту жұмыстары жалғасатынын атап өтті.«Жоба аулалық кеңістіктерді жаңғыртуға арналған жаңа стандарттарды ескере отырып жүзеге асырылды. Қаланың жоспары аясында ересектер мен балаларға арналған жеке аймақтары бар аумақтарды қайта құру жұмыстары қарастырылған», – деді қала әкімі тұрғындармен кездесу кезінде.Аудан тұрғындарының өтінішімен Ерболат Досаев жаяу жүргіншілер аймағы бойына бейнебақылау камераларын орнатуды тапсырды.Сондай-ақ аудан әкіміне аула аумақтарын тазалау жұмыстарын мердігер ұйым тарапынан жүйелі және толық қамтамасыз ету тапсырылды.Айта кетейік, мегаполисте «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы белсенді түрде жүзеге асырылып жатыр. Биыл бұл жобаға 18,8 миллиард теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,8 миллиард теңгеге көп. Алматы тұрғындары аулаларды, қоғамдық кеңістіктерді көріктендіру, спорт және ойын алаңдарын құру бойынша 364 жобаны ұсынуға және жүзеге асыруға мүмкіндік алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/887928
Алматыда 1989 жылы салынған мектептің күрделі жөндеуі аяқталды 22.11.2024
Алматы әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданына жұмыс сапары барысында №136 гимназия мектебінің жаңартылған ғимараты мен жеке инвестиция есебінен ашылған балабақшаны көрді.Қазір 750 оқушы білім алып жатқан №136 гимназия мектебі 1989 жылы салынған. Қала әкімінің тапсырмасымен мектепте 35 жыл ішінде алғаш рет күрделі жөндеу жүргізілді. Сондай-ақ, ғимараттың сейсмикалық төзімділігі күшейтілді. Білім беру үдерісі биылғы 2 қазанда қайта басталды.Алматы әкімі химия, биология, физика, информатика пәндеріне арналған жаңартылған сыныптарды қарап шықты. Барлық пәндік аудитория интерактивті панельдермен және жаңа жиһаздармен жабдықталған. Сонымен қатар, үйірмелер кабинеттері мен спорт алаңдары жөнделіп, мектеп аумағы көгалдандырылып, қоршалды. Осылайша, мектеп оқушыларының жайлы демалуына барлық жағдай жасалды.«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру жүйесіне, мектептерді күрделі жөндеу мен жаңа оқу орындарын салуға ерекше назар аударып отыр. Сейсмикалық төзімділікті арттыра отырып, мектептерді қайта жөндеу мен жаңғырту – біздің басты басымдықтың бірі. Біз басқа да білім беру мекемелерін жоғары сапа стандарттарын сақтай отырып, жаңғыртуды жалғастырамыз», – деді Ерболат Досаев.Жалпы, өткен жылы Алматыда сейсмикалық төзімділікті арттыру жұмыстары аясында сегіз мектептің жөндеуі аяқталды. Мегаполистегі оқушы орындарының тапшылығын азайту мақсатында Зерделі шағын ауданында бір мектеп, түрлі аудандарда бес қосымша ғимарат салынуда, сондай-ақ алты мектеп күрделі жөндеу және қайта жаңғыртудан өтіп жатыр. Бұған қоса, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 21 оқу орнының құрылысы жалғасуда.Ерболат Досаев жұмыс сапары барысында барған тағы бір нысан – SANA URPAQ балабақшасы. Балабақша екі тұрғын үй арасындағы бірінші қабатта, жеке дизайн бойынша орналасқан. Мекеме 11 топқа арналған және жаңа технологиялармен жабдықталған: интерактивті тақталар, бейнебақылау камералары, сондай-ақ балалардың денсаулығын сақтауға және дамуына арналған заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Мұнда шахмат, қыш өнері, тұз шахтасы, таэквондо, хореография, гимнастика, музыка, логопед және психолог кабинеттері бар.Алматы әкімі атап өткендей, бұл балабақша – «барлық қоғамдық кеңістік ойластырылған жаңа үлгідегі орталық».Еске салайық, мектепке дейінгі біліммен қамтуды арттыру мақсатында биыл Алматыда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша 8 577 орынға үш байқау өткізілді. 2025 жылы 1 920 орынға арналған сегіз мектепке дейінгі ұйым ашу жоспарланып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/888134
Алматыда қоқыс алаңдарында бұзушыларды бақылау үшін видеобақылау камералары орнатылады 22.11.2024
Алматыда келесі жылы 800 қоқыс алаңы жаңартылады. Бұл туралы мегаполис әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары барысында және Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесу кезінде хабарлады.«Келесі жылы қоқыс алаңдарын жаңғырту жоспарлануда. Біз оларды ретке келтіреміз. Жұма күнінен бастап демалыс күндері жағдай күрделене түсетінін және алаңдар қоқысқа толып жатқанын білемін», - деді Ерболат Досаев халықпен кездесу кезінде.Барлығы 800 қоқыс алаңын жаңарту жоспарлануда. Ерболат Досаев қала тұрғындарына үлкен көлемдегі қоқыстарды тастамау керектігін ескертті.«Біз бұл үшін қатаң жаза болатынын жаңа ережелерде бекіттік. Сондай-ақ, қоқыс алаңдарына камералар орнатамыз. Бұл бізге құқық бұзушыларды тез анықтауға мүмкіндік береді. Келесі жылы біз алғашқы 400 камераны іске қосамыз», - деді әкім.Коммуналдық қалдықтарды басқару қағидаларына сәйкес жылжымайтын объектілерді салуды және (немесе) жөндеуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар құрылыс және ірі габаритті қалдықтарды (жиһаз, тұрмыстық техника) арнайы бөлінген орындарға дербес әкетуді жүргізуі немесе қоқысты ақы төлеу арқылы мамандандырылған ұйымдарға жүгінуі не оны өздері Алматы облысының Іле және Қарасай аудандарында орналасқан полигондарға жеткізулері тиіс.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/888137
Ақтөбе облысы ауыл шаруашылығы еңбеккерлері марапатталды 22.11.2024
Бүгін Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай, салада тынымсыз еңбек етіп жүрген азаматтар мемлекеттік наградалар мен құрмет грамоталарын иеленді. Озат еңбеккерлерге облыс әкімі Асхат Шахаров марапаттарды табыстады.Жиында алдымен сөз сөйлеген аймақ басшысы биыл өңірімізде су тасқыны болғанына қарамастан, егін бітік шығып, шаруалар жылды жақсы көрсеткіштермен аяқтап отырғанын жеткізді. Атап айтсақ, биыл облыста мал басының орташа өсімі 8 пайызға жетсе, диқандар гектарына 14 центнерден өнім алды. Осылайша өңір бойынша 600 мың тоннаға жуық астық жиналды.«Баршаңызды ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздер облыстың ғана емес, еліміздің ауыл шаруашылығы саласына зор үлес қосып келесіздер. Кеше ғана өткен ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Ауыл шаруашылығы бәсекеге қабілетті озық сала болуы керек. Агроөнеркәсіп кешені экономикадағы басты қозғаушы күштің біріне айналуға тиіс», – деп атап өтті. Сондықтан сіздердің адал еңбектеріңіздің арқасында өңір халқы азық-түлікпен қамтамасыз етіліп, еліміздің басқа да маңызды бағыттарында дамуға мүмкіндік алып келеді. Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы аталған форумда озық технологияларды кеңінен енгізу бойынша тиісті тапсырмалар берді. Жаңа технологиялар ауыл шаруашылығы дақылдарын егу және жинау кезінде шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Осы мақсатта бәріміз жұмыстарды жандандыруымыз керек. Сондай-ақ, Президенттің тапсырмасына сәйкес, Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының Ақтөбе филиалы базасында Қазақ жылқы шаруашылығы және жемшөп өндіру ғылыми-зерттеу институты құрылып отыр. Бұл бастама облыстағы асыл тұқымды жылқылардың сапасын одан әрі жақсартып, санын арттыруға зор серпін береді.Бүгінгі салтанатты жиында баршаңызды мерекемен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, еңбекте толағай табыстар тілеймін!», — деді Асхат Шахаров.Бұдан кейін облыс әкімі өңірде еңбек етіп жүрген шаруа қожалықтарының басшылары мен жұмысшыларына мемлекеттік және Ауыл шаруашылығы министрлігінің ведомстволық наградаларын табыс етті. Атап айтсақ, ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен Әйтеке би ауданы «Құмқұдық» ЖШС механизаторы Ерғали Малайдаров, Қарғалы ауданы «Степное» ЖШС малшысы Батырқан Төлеуов, Хромтау ауданы «Жантізер» шаруа қожалығының шопаны Қайрат Оразалин марапатталса, «Ерен еңбегі үшін» медалін Мәртөк ауданындағы «Айс» ЖШС сауыншысы Асылбек Ертілеуов пен облыстың бас фитопотологі Айнагүл Түлекбаева алды.Сондай-ақ бір топ азаматқа Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Еңбек ардагері» медалі, «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісі және Құрмет грамотасы табысталды.Салтанатты жиын соңында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Шаңғұтов сөз сөйлеп, өңірдің ауыл шаруашылығы саласын өркендетуге қосқан үлестері үшін жиналғандарға өз ризашылығын жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/887634
Ақтөбе облысында «JUMYSTAP» әлеуметтік жобасы іске асырылды 22.11.2024
Ақтөбе қаласының бірнеше нүктесінде қойылған модульдік пунктерді сатып алуға «Halyk» қоры қолдау көрсетті. «Бүгінде Үкімет басшысының тапсырмасына сәйкес, Ақтөбе қаласында «Jumystap» әлеуметтік жобасы іске асырылуда. Өңірде 14-35 жас аралығында 266 мыңнан астам адам бар. Маңызды бастама осы жастардың өмір сүру сапасын арттыру, жаңа табыс көздерін ашу және тұрақты еңбекпен қамтуға бағытталған. Жоба аясында қор қолдауымен Ақтөбе қаласындағы халық көп жиналатын орындарға бес модульдік пункт тегін орнатылып отыр», - деді Асхат Шахаров.Жоба аясында жастарға бос жұмыс орындарын табуға, жаңа дағдыларды меңгеруге және еңбек нарығында өзін сынап көруге көмектесу көзделуде. Сондай-ақ, жұмыссыздарды ғана емес, қосымша кәсіп меңгергісі келетін немесе жұмыс орнын ауыстыруға ниет білдірген кез-келген азаматты қолдауға бағытталған. Студенттер, жұмыссыздар, ресми тіркелген азаматтар және зейнеткерлік жасқа дейінгі адамдар да жобаға қатыса алады. Сонымен бірге, мемлекеттік қолдау шаралары, бизнес ашуға өтінім беру, тұрғын үй мен жер алу кезегіне қою секілді басқа да әлеуметтік мәселелер бойынша тегін кеңестер беру жоспарланған.Ең маңыздысы ниет білдірушілер қысқа уақытта жаңа мамандықты тегін меңгеріп шығады. Жергілікті әкімдік пен еңбек мобильдігі орталығының бірлескен жұмысы арқылы жоба тиімділігін арттырылмақ, ал жобаның операторы ретінде облыстық жастар ресурстық орталығы тағайындалды.«Бұл жоба арқылы халықтың табысын арттырып, олардың өмір сүру сапасын жақсарта алатынымызға сенеміз. «Halyk» қоры елдімекендердегі халықтың әл ауқатын дамытуға арналған әлеуметтік бастамаларды қолдап, білім, денсаулық сақтау және спорт салаларын дамытуға үлес қосуға әрқашан дайын. Осы жоба мемлекеттік ұйымдар мен жеке қорлардың қоғам игілігі үшін бірлесе жұмыс істей алатынының жарқын мысалы», - деді «Halyk» қорының директоры Сағынбек Шункеев.Айтып өтейік, Ақтөбе облысының әкімдігі «Halyk» қайырымдылық қорымен өңірдегі әлеуметтік және қайырымдылық жобаларды дамыту туралы меморандумға қол қойды. «JUMYSTAP» әлеуметтік жобасы – бірлескен жобалардың нәтижесі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/888042
Асхат Шахаров студент жастармен қоғамның одан әрі дамуына негіз болатын жалпыға ортақ құндылықтарды талқылады 22.11.2024
Өңір басшысымен кездесуге оқудағы жетістіктерімен ерекшеленген, маңызды шараларда белсенділік көрсеткен студенттерқатысты. Олардың арасында білім беру және қоғамдық саланың дамуына үлес қосқан түрлі олимпиадалардың, конкурстар мен бастамалардың жеңімпаздары болды. Диалог алаңы ретінде Қ. Жұбанов атындағы өңірлік университеттің кітапханасы таңдалды.Асхат Шахаров жастарға қол жеткізген жетістіктері үшін алғысын білдіріп, жастарды одан әрі қолдаудың маңыздылығын атап өтті.«Сіздер – табандылық пен көшбасшылықтың үлгісісіз. Жетістіктеріңіз басқаларға үлгі, қажырлы еңбек пен білімге ұмтылу нәтиже беретінін дәлелдеп келесіздер», - деп атап өтті өңір басшысы.Кездесуде Президент ұсынған негізгі идеологиялық тұжырымдар, сондай-ақ қоғамның одан әрі дамуына негіз болатын жалпыға ортақ құндылықтар талқыланды. Сонымен қоса, оқу жағдайларын жақсартуға, талантты жастарды қолдауға, студенттерді әлеуметтік және еріктілер жобаларына тартуға қатысты мәселелер көтерілді. Қатысушылар өзін-өзі дамытудың жаңа мүмкіндіктерін ашубойынша өз идеялары мен ұсыныстарымен бөлісті.Басқосуға қатысушылар қоғамның негізгі проблемалары: нашақорлық, лудомания, вандализм және жастар арасындағы қылмыспен күресу мәселелерін талқыға салды. Әкім залда отырған жастарға арнаған сөзінде алға қойылған міндеттерді шешу үшін бірлескен күш-жігер қажет деді. Ол бүгін осы қиындықтарды жеңе отырып, ертең жарқын және табысты болашаққа қол жеткізуге болатындығын жеткізді.«Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы жастарға қатысты осы өзекті мәселелерге назар аударды. Бүгінгі таңда қоғамда лудомания, есірткі, вандализм сияқты жағымсыз құбылыстар кеңінен таралғанын мойындауымыз керек. Өкінішке орай, жастар арасында құқықбұзушылықтар жиі кездеседі. Біз мұндай кездесулерді көрсету үшін емес, тиімді өткізуге міндеттіміз. Осы мәселелерді көтеріп, оларды шешудің бірлескен жолдарын іздеуіміз керек. Өңірде халықтың 30 пайызы – жастар. Әсіресе, жастарды жұмыспен қамту мәселелеріне, ауыл жастарының проблемаларына көңіл бөлу аса қажет. Бұл кездесу маңызды және келесі жылға арналған жоспарларды айқындайды. Біз нақты стратегиялар құрып, нақты шешімдер әзірлеуіміз керек», - деді әкім кездесу барысында.Асхат Шахаров бүгінде облыста жас ұрпаққа даму үшін көптеген мүмкіндіктер жасалғанын атап өтті: коворкинг-орталықтар жұмыс істейді, гранттық қолдау бағдарламалары әзірленді, оқыту тренингтері мен шеберлік сыныптары өткізілуде. Әкім жастарды белсенді әрі сенімді, өз идеяларын ұсынудан қорықпауға және өз мақсаттарына берік болуға шақырды.«Біздің аймақтың болашағы – өздеріңізгебайланысты. Бойларыңыздағы талант, энергия және ұмтылыстарыңыз өңіріміздің өсіп-өркендеуіне сеп. Біз әрқашан қолдауға дайынбыз», - деп сендірді облыс әкімі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/888165
«Таза Қазақстан»: «Өзіңнен баста» - Ақтөбе жастары жаңа экологиялық жоспарларды талқылауда 22.11.2024
Бүгін, Ақтөбе қаласында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «Мәңгілік Ел» залында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында жастар арасында «Өзіңнен баста» («Начни с себя») тақырыбында дөңгелек үстел өтті.Шараға студенттер, жастар қоғамдық ұйымдарының өкілдері, азаматтық қозғалыс көшбасшылары қатысты.Диалог алаңына белсенді ақтөбеліктер шақырылып, өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Оның бірі - кәсіпкер, қоғам қайраткері Қайыржан Таңатаров. Ол жастарға қоршаған ортаны, табиғатты қорғауға үлес қосуға кеңес берді: «Биылдың өзінде «Таза Қазақстан» акциясы аясында көктем-күз айларында мүдделестермен жүздеген қарағай отырғызып, қаламыздың сәнін келтірдік. Сіздер де айналаңыздың күн сайын тазарып келе жатқанын байқайсыздар. Ақтөбеліктер өз аумақтарын тазалап, сыпырып, жинап, абаттандырумен айналысып, кіші отанның жасыл қорын толықтыруда. Біз бәріміз бірге экологиялық тепе-теңдікті сақтай аламыз».,«Жасыл ел» облыстық штабының төрағасы Нұржан Шаңғытбаев жастар арасында экомәдениетті қалыптастырудың, қоршаған ортаға қамқорлық құндылықтарын насихаттаудың маңыздылығын атап өтті.«Таза Қазақстан» аясында біз жастарды патриоттық бастамаға тарта отырып, облыстың қалалары мен ауылдарын абаттандыру бойынша көптеген іс-шаралар өткіздік. «Таза қала – таза жағалау», «Туған қалаңа ағаш сыйла», «Менің атаулы ағашым», «Бұлақ көрсең, көзін аш!», «Ардагерлерді ардақтайық!», «Jasyl cross-2024» және басқа экологиялық акциялар ұйымдастырылды. Мыңдаған жастар осындай маңызды және ауқымды челленджді қолдады. Біз аумақтарды тазалап, абаттандырып қана қоймай, басқаларға туған жерге деген сүйіспеншіліктің үлгісін көрсеттік», - деді ол.Басқа экобелсенділер де сөз сөйледі, балалар атқарылған жұмыстар туралы айтты.Кездесу соңында барлық қатысушылар келесі жылы да осындай жұмыс жалғасатынына сенім білдірді: жаңа жасыл аймақтар пайда болады, аулалар мен көшелер абаттандырылады.Дөңгелек үстел барысында тұрақты экологиялық акциялар мен ағартушылық жобаларды қоса алғанда, одан әрі жұмыстың негізгі бағыттары айқындалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/888452
ШҚО әкімі: Қуатты ел құру жолында ауыл шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбегі зор 22.11.2024
Ауыл еңбеккерлерінің кәсіби мерекесіне орай облыс әкімі Ермек Көшербаев ел ырысын еселеп, еліміздің және өңіріміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосып жүрген азаматтарды мерейлі мерекелерімен құттықтап, марапаттады.Бүгінде өңірдің ауыл шаруашылығы саласы мемлекеттiк қолдаудың арқасында жаңа деңгейге көтеріліп, ел экономикасын дамыту мен ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттырудағы жетекші күшке айналды. Облыс әкімі салтанатты мерекелік шарада осындай жетістіктерге жетуге атсалысып, тер төгіп, табанды жұмыс жасап жатқан еңбек майталмандарына алғыс айтты.Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында еліміз ірі аргоөнеркәсіпті елге айналды. Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында мұны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы да атап айтып, алда атқарылар нақты істерді бағыттап берді. Біздің облыстың ауыл шаруашылығында саланы әртараптандыру шаралары жүргізіліп, жер-жерде ауыл шаруашылығы өнімдері өндірістері ашылып, күтілген нәтижені беріп жатыр. Аймақтағы танымал өндіріс орындары аудан кәсіпкерлерімен бірлесе өздерінің брендтік өнімдерін шығаруға күш салып, ауылдың жағдайын, әлеуетін арттыруға өз үлестерін қоса алуы керек, - деді облыс әкімі Ермек Көшербаев.Марапатталғандар арасында жетістіктері бүкіл салаға үлгі болған табысты кәсіпкерлер де бар. «Еңбек Ардагері» медалімен марапатталған шаруа қожалығының басшысы Жеңісбек Қарыбаев «Байыс» қошқарын өсірудегі жетістіктеріне тоқталды.Ауыл шаруашылығында 30 жылдан астам жұмыс істеп келемін. «Байыс» тұқымы экспортқа сұранысқа ие, Біріккен Араб Әмірліктерімен ынтымақтастық орнатуды жоспарлап отырмыз. Әсіресе, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуде мемлекет бізге айтарлықтай қолдау көрсетуде. «Еңбегіміздің марапатқа ие болғанына өте қуаныштымын», - деді Жеңісбек Қарыбаев.Мерекелік шарада «Ерен еңбегі үшін» медалімен Күршім ауданындағы «Ерасыл» ШҚ иесі Қатанов Достық, Алтай ауданындағы «Средигорное-2» ЖШС сауыншысы Сейлханова Гүлмира, «Шығыс-Сүт» корпорациясы» ЖШС бас технологы Сембаева Шынар, Кузнецов Федор «Ми-2» ұшағының командирі, «Құрмет» орденімен Зайсан ауданындағы «Сәтбай» ШҚ иесі Адиков Қайрат, «Парасат» орденімен «Aitas KZ» АҚ сыртқы байланыстар және GR жөніндегі вице-президенті Тоқсеитова Рабиға марапатталды. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков бірқатар азаматтарды «Еңбек ардагері» медалімен марапаттады. Мерекеге жиналған ауыл еңбеккерлеріне облыс өнерпаздары ән-жырын арнады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/887160
Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу мәселесі бойынша семинар-кеңес 22.11.2024
2024 жылдың 20 қарашасында Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөлімінің және Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің ұйымдастыруымен облыстық әкімдіктің мәжіліс залында облыстың жергілікті атқарушы органдары өкілдерінің қатысуымен нормативтік құқықтық актілерді тіркеу мәселесі бойынша семинар-кеңес өткізді. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Амирханов Айдын Кумашкенұлы, ШҚО Әділет департаментінің нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің басшысы Сарбасова Гүлфара Сейітқамзақызы және ҚР ӘМ заңнама және құқықтық ақпарат институты Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының өкілдері аталған іс-шараға қатысты. ШҚО Әділет департаменті басшысының орынбасары А.К. Амирханов өз сөзінде семинарға қатысушылардың назарын Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушы 2023 жылғы 5 шiлдедегi № 464 бұйрығымен бекітілген ҚР НҚА мемлекеттік тізілімін, ҚР НҚА эталондық бақылау банкін жүргізу қағидаларына енгізілген өзгерістерге аударды, сондай-ақ мемлекеттік органдар НҚА-ны эталондық бақылау банкіне жіберген кезде туындайтын негізгі мәселелерді түсіндірді. Семинар барысында Әділет департаментінің өкілдері қабылданатын актілердің сапасы мәселесін талқыланды. Өз кезегінде семинарға қатысушылар өз сұрақтары мен тілектерін айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/887478
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелерін талқылау жоспарлануда. 22.11.2024
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 7,22-тармақтарына сәйкес, 2024 жылғы 26 қарашада «Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелерін талқылау жоспарланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/887851
ШҚО-да «Ауыл аманаты» бағдарламасының іске асырылу барысы 22.11.2024
Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысушылар ұсынған өнімдер көрмесіне барды. Ауыл тұрғындарының тұрмыс деңгейі мен табысын арттыруға бағытталған бұл бастама ауыл шаруашылығы бизнесінің әртүрлі бағыттарын дамытуға мүмкіндік ашады.Көрмеде азық-түлік, жеңіл өнеркәсіп өнімдері, қолөнер бұйымдары қойылды. 2,5%-дық үстемемен қарыз алған азаматтар бағдарламаның өте тиімді екенін айтуда. Көрме «Алтай» көтерме-тарату орталығының аумағында ұйымдастырылды. Нысан құрылысының бірінші кезеңі аяқталып, көлемі 18 мың тоннаға дейін көкөніс сақтай алатын қойма жұмыс істеуде. Жақын арада мұнда сауда және жәрмеңке алаңы іске қосылады.Вице-премьер орталықтың жұмысын оң бағалады, ал облыс әкімдігі жергілікті өндірушілерді кешенді қолдаудың маңызын атап өтті.Шығыс Қазақстан тұрғындары үшін өндірілетін өнімді өткізудің жаңа мүмкіндігі пайда болды: өңірдегі ең ірі кәсіпорындардың бірі «Казцинк» жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден азық-түлік сатып алу көлемін ұлғайтатын болады. Осы мақсатта облыс әкімдігі мен кәсіпорын арасында меморандумға қол қойылды. Айта кетейік, «Казцинк» бұл мақсатқа еліміздегі барлық филиалдары үшін 800 млн теңге бөледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/888212
Шығыстағы қыс қамы пысықталды 22.11.2024
Шығыс Қазақстан облысында «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтуде. Өңірдің авариялық-құтқару қызметтерінің қыс мезгіліндегі төтенше жағдайларға дайындығын облыс әкімі Ермек Көшербаев пен ТЖ департаментінің бастығы Рашид Блялов тексерді.Аймақ басшысы техника мен азаматтық қорғау қызметтерінің қысқы кезеңге дайындығымен танысты. Ол облыстың құтқару қызметтерінің қарамағында арнайы көліктер жеткілікті болуын назарға алып, қызметкерлермен қыста кездесетін проблемалық жайттарды талқылады.- Қысқы дауыл мен қар қалың кезде халықтың қауіпсіздігі – бірінші кезектегі міндет. Қазір барлыққұрылымдардың: ТЖ департаментінің, полицияның, Ұлттық ұланның, барлық аудандармен қалалар әкімдіктерінің, жол қызметтерініңдайындығын тексеру жүргізілуде. Қыста түрлітөтенше жағдайлар туындауы мүмкін. Қазандықтардың жұмысындағы проблемалар, электр энергиясындағы іркілістер, жолдардағы авариялар. Әсіресе, біз жолдардағы апаттық-құтқару жұмыстарына дайын болуымыз керек, - деп атап өтті Ермек Көшербаев.«Қыс-2024» РКШОЖ оқу-жаттығуының аңызы бойынша ШҚО-да боран толқып кетті, жолдардың бірінде қысқы қар құрсауында адамдар бар жолаушылар автобусы қалды. Құтқарушылар пайда болған қар құрсауынан көмекке тек қана «Шерп» өтімділігі жоғары жол жүретін көліктермен өтіп, зардап шеккендер болған азаматтарды эвакуациялады. Оларды жақын маңдағы медициналық мекемеге жедел жеткізу үшін «Қазавиақұтқару» МИ-8 тікұшағы тартылды. Бортта Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері алғашқы көмек көрсетті.- Еліміздің шығысындағы суық қыстың ерекшеліктерін ескере отырып, төтенше жағдайлар оқу-жаттығуларда шынайы жағдайға барынша жақындатты. Өткен қыс мезгілінің өзінде тас жолдан 90 адам құтқарылып, эвакуацияланды, 18 авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді, 70 дауылды ескерту жарияланды. Осы қыс мезгілінде ШҚО ТЖД-нің қарулануында 114 бірлік өтімділігі жоғары техника бар, олар қар басқан аудандарға таратылатын болады, - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығы Рашид Блялов.Оқу-жаттығудың қорытындысы бойынша облыс басшылығы құтқару бөлімшелері мен азаматтық қорғау қызметтерінің төтенше жағдайлардың салдарын жою жөніндегі іс-қимылдарға дайындығына баға беріп, төтенше қызметтердің қызметін одан әрі жетілдірудің басым бағыттарын айқындады.ШҚО әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/888431
Бесқарағай ауданындағы әлеуметтік нысандар тексерілді 22.11.2024
Жұмыс сапары аясында облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаев басқарма басшыларымен бірге Бесқарағай ауданында болды. Сапардың мақсаты – аудан активімен кездесіп, азаматтарға мемлекеттік әлеуметтік қолдау шараларын қалай алуға болатынын түсіндіру, ономастика, жастар және гендерлік саясат саласындағы жұмыс туралы халықты ақпараттандыру.Делегация аудандағы бірқатар оқу орындарының жұмысымен танысты. Мектептердің инфрақұрылымын жақсартуға, білім сапасын арттыруға және оқу-тәрбие жұмысын жақсартуға ерекше көңіл бөлінді. Ауданның әлеуметтік сала қызметкерлерімен кездесуде білім беру мекемелерінің даму келешегі және инфрақұрылымын жаңғырту қажеттігі айтылды.«Білім беру мекемелері арасындағы бәсекелестікті арттыруда және білім сапасын көтеруде маңызды рөл атқаратын ваучерлік қаржыландыру жүйесін жетілдіру қажет. Біз әрбір адамның жасына, тұрғылықты жеріне қарамастан өз әлеуетін толық пайдалануға жағдай жасауымыз керек», – деді облыс әкімінің орынбасары.Ауыл шаруашылығы және басқа да салалар үшін мамандар даярлайтын Бесқарағай колледжі өңір экономикасының дамуына сүбелі үлес қосып келеді. Қазір колледжде алты бағытта 221 студент білім алуда, жаңа мамандыққа лицензия алу жұмысы жалғасуда. Ауданда барлығы 21 мектеп болса, оның 16-сы шағын мектеп. Онда 3 мыңға жуық оқушы оқиды. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында аудан орталығында 300 орындық мектеп салынып жатыр. Құрылысы 2025 жылы аяқталады деп жоспарланған.2014 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Достық үйінің аудан өмірінде алар орны ерекше. Мұнда төрт этномәдени бірлестік, Аналар және қоғамдық келісім кеңестері, белсенді ұзақ өмір сүру орталығы мен медиация бұрышы жұмыс істейді. 2024 жылы Достық үйінде 228 іс-шара ұйымдастырылып, оған 4200-ден астам адам қатысты. Өңірде 28 ұлт өкілі тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Бұл этносаралық келісімді, тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік береді.Ауданның мәдениет саласында 31 мекеме бар. Олардың көпшілігі жөндеуді қажет етеді. Соңғы екі жылда Бозтай, Кіші-Владимировка, Қоянбай, Өндіріс, Долон, Бөкебай, Бөдене ауылдарында жаңа ауылдық клубтар пайдалануға берілді. Дегенмен, көптеген мәдени нысан жөндеуді қажет етеді. 2024 жылдың 10 айында халық шығармашылығын дамытуға және жастармен жұмыс жасауға бағытталған 450-ге жуық мәдени іс-шара өткізілді. Осы жылдың 10 айында мұнда халық шығармашылығын дамытуға және жастармен жұмыс жасауға бағытталған 450-ге жуық мәдени іс-шара өткізілді.Бесқарағай ауданында 42 спорт нысаны жұмыс істейді. 2024 жылы Бозтал және Канонерка ауылдарында шағын футбол алаңдары, Кіші-Владимировка ауылында футбол алаңы салынды. Алдағы жылдарға ауқымды жұмыс жоспарлануда. Оның ішінде модульдік спорт залдарын салу, оқу-жаттығу базаларын құру, жастар мен ересектерге арналған спорт секцияларының қолжетімділігін кеңейту, оқу үдерісіне заманауи технологияларды енгізу және жаттықтырушылар біліктілігін арттыру жоспары бар. Қазір ауданда жүзу бассейнінің құрылысы басталып кетті. Құрылыс жұмысы 2025 жылы аяқталады деп жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/887837
Жаңа Су кодексінің жобасына елді мекендерді су тасқынынан қорғау жөнінде нормалар қосылды 22.11.2024
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жаңа Су кодексінің жобасына тасқын және еріген қар суының алдын алу және қорғау іс-шаралары енгізілді. Су ресурстары және ирригация министрлігі, Парламент Мәжілісінің депутаттары мен сарапшылар құжатты пысықтауды жалғастыруда. Су кодексінің жобасына сәйкес, елді мекендер мен нысандарды қорғау үшін жергілікті атқарушы органдар бөгеттер, мобильді қоршаулар, айналма арналар мен уақытша су қоймаларын салу жұмыстарын жүргізуі керек. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдар су тасқыны мен еріген судан қорғау үшін орман екпелерін отырғызуды жүзеге асыруы тиіс. Өз кезегінде, бассейндік жоспарлар еліміздегі 8 су шаруашылығы бассейнінің әрқайсысына қажетті іс-шараларды анықтайды. Сондай-ақ, жаңа Су кодексінің жобасы құрғақшылыққа қарсы іс-шараларды, соның ішінде жауын-шашын мен топырақ ылғалдылығының деңгейін бақылауды, құрғақшылық кезеңі үшін тасқын суды жинау мен сақтау, су үнемдейтін технологияларды енгізуді және құрғақшылыққа төзімді дақылдарды пайдалану арқылы ауыл шаруашылығын бейімдеуді көздейді. «Құжат мемлекеттік органдардың су тасқыны мен құрғақшылыққа қарсы іс-қимыл мәселесіндегі өкілеттіктерін нақты айқындайды. Енгізілген түзетулер су секторының климаттың өзгеруіне бейімделуіне, судың зиянды әсерінің қаупін азайтуға және гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігін арттыруға жағдай жасайды», - деді Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су саясаты департаментінің директоры Серікжан Бекетаев. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/887336
Мемлекет басшысы Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визермен кездесті 22.11.2024
Қасым-Жомарт Тоқаев Будапешт қаласындағы Халықаралық дзюдо федерациясының штаб-пәтеріне барды.IJF басшысымен әңгімелесу барысында осы танымал спорт түрін елімізде дамыту перспективасы талқыланды. Мариус Визер Қазақстан дзюдоны қолдауға арналған дәйекті шараларды жүзеге асырып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар спортшыларымыздың халықаралық жарыстардағы нәтижелеріне және Қазақстан дзюдо федерациясының жұмысына жоғары баға берді.Мемлекет басшысы тараптардың мәдени-гуманитарлық байланысты нақты іс-шаралар арқылы күшейту жөнінде уағдаласқанын жеткізді.– Биыл Астанада өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Мажар құрама командасы белсене қатысты. Қолдауларыңызға рақмет айтамын. Мұндай іс-шаралар өркениетіміздің, тарихымыздың тамыры ортақ екенін көрсетеді. Бауырлас халықтарды жақындата түседі. Мажар үкіметінің қолдауымен соңғы 10 жылда Қазақстан студенттеріне оқу гранттары бөлініп жатыр. Соның нәтижесінде бірнеше мың жастарымыз Мажарстанның жоғары оқу орындарында білім алды, – деді Президент.Қасым-Жомарт Тоқаев сөзін қорытындылай келе, екі елдің көпжақты ынтымақтастығы Біріккен Ұлттар Ұйымы, Түркі мемлекеттері ұйымы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы сияқты құрылымдар аясында табысты дамып келе жатқанына назар аударды. Әсіресе, Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбанның Түркі мемлекеттері ұйымының жұмысына белсене атсалысып, түркі интеграциясының өрісін кеңейтуге елеулі үлес қосып жүргенін ерекше бағалайтынын жеткізді.t.me/aqorda_resmi Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/887282
Ақ Азиада-2025: Хоккей 22.11.2024
Сіздердің назарларыңызға Қытайдың Харбин қаласында өтетін қысқы Азия ойындарына қатысушылар туралы бағдарламалар циклын ұсынамыз.«Ақ Азиада» шығарылымының алғашқы түсірілімінде қысқы Азия ойындарының 4 дүркін чемпионы және 2 мәрте күміс жүлдегері - хоккейден ерлер ұлттық құрамасы жайлы айтатын боламыз.Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 23 хоккейшіміз Харбин төрінде жүлдеге талас жүргізеді.Команданың негізгі ойыншылары елордалық «Барыс» клубынан жасақталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/887847
Тамара Дүйсенова Риддер қаласының негізгі әлеуметтік нысандарына барды 22.11.2024
Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова Риддер қаласының негізгі әлеуметтік нысандарына барды. Денсаулық сақтауды жаңғырту және спорттық инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне басты назар аударылды. Вице-премьер Риддер қаласының тұрғындары үшін көптен күткен жоба – көпсалалы аурухана кешенінің құрылыс барысымен танысты. Құрылысты қаржыландыру толығымен қамтамасыз етілді: Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң шеңберінде қайтарылған қаражаттан 28,2 млрд теңге бөлінді. Бұл шешім жергілікті тұрғындарды ерекше қуантуда.Сапар аясында Премьер-министрдің орынбасары тағы бір маңызды нысан – еліміздегі қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық резервтің жалғыз республикалық мамандандырылған мектеп-интернатына барды. Бұл 250 оқушыға арналған бірегей оқу орны. Мұнда спортшыларды даярлаумен 179 білікті маман айналысады. Мектеп-интернаттың жұмысымен танысқан Тамара Дүйсенова спорт ұйымдарының өңірлік басшыларымен кеңес өткізді.Жұмыс сапары барысында вице-премьер «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысушылар ұсынған өнімдер көрмесіне барды. Ауыл тұрғындарының тұрмыс деңгейі мен табысын арттыруға бағытталған бұл бастама ауыл шаруашылығы бизнесінің әртүрлі бағыттарын дамытуға мүмкіндік ашады.Көрмеде азық-түлік, жеңіл өнеркәсіп өнімдері, қолөнер бұйымдары қойылды. 2,5%-дық үстемемен қарыз алған азаматтар бағдарламаның өте тиімді екенін айтуда. Көрме «Алтай» көтерме-тарату орталығының аумағында ұйымдастырылды. Нысан құрылысының бірінші кезеңі аяқталып, көлемі 18 мың тоннаға дейін көкөніс сақтай алатын қойма жұмыс істеуде. Жақын арада мұнда сауда және жәрмеңке алаңы іске қосылады.Толығырақ primeminister.kz сайтында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/888071
Еліміздегі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында «KAZ» және «KZ» жаңа индекстері бекітілді 22.11.2024
Халықаралық стандарттау ұйымының ISO 3166-2 стандартына сәйкес «KAZ» және «KZ» геокодтары ресми түрде Қазақстан Республикасын белгілейді. Бұл кодтар интернет домендерінде, мемлекеттік құжаттарда, есеп беру құжаттарында және нөмірлерде кеңінен қолданылады. Олар ел ішінде де, шетелде де танымал. Осыған байланысты Қазақстанда халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдары үшін «KAZ» және «KZ» индекстері бекітілді.«KAZ» индексі бірнеше өңір арқылы өтетін 23 автомобиль жолына берілген. Мәселен, Астана мен Алматыны жалғап, Қарағанды арқылы өтетін жол KAZ01 индексін еншілесе, «Астана – Көкшетау (айналма жолмен) – Петропавл – РФ шекарасы («Жаңа жол» өткізу пункті)» бағыты KAZ02 болып белгіленді.«KZ» индексі бір өңірдің шегінде орналасқан республикалық маңызы бар 88 жол үшін қолданылады. Мәселен, Ақтөбе облысындағы «Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз» тасжолы KZ04-02 индексін алды. Онда көрсетілген «04» нөмірі – өңірді, ал «02» нөмірі – облыс шегіндегі жолдың реттік нөмірін көрсетеді. Жамбыл облысындағы «Меркі – Шу – Бурылбайтал» автомобиль жолы KZ08-04 деп белгіленді, мұндағы «08» – өңірді, ал «04» — облыс шегіндегі жолдың нөмірін білдіреді.«E» және «АН» сияқты халықаралық келісімдер арқылы тағайындалған автомобиль жолдарының индекстері өзгеріссіз қалатын болады. Бұл халықаралық көлік жүйесіндегі жүйелілік пен транзиттік қозғалыс жайлылығын қамтамасыз етеді. Автомобиль жолдарының тізімі, атаулары және индекстерімен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500011402.Жаңа индекстеу жүйесін әзірлеуді «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ жүзеге асырды.Жаңа индекстерді ескере отырып, жол белгілерін жаңарту жоспарлы жұмыстардың орындалуына және тозған элементтердің ауыстырылуына қарай біртіндеп атқарылады. Бұл үшін қосымша қаражат талап етілмейді, жұмыстар жолдарды күтіп ұстау шеңберінде жүргізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/888471
RUSSELL GROUP ҚҰРАМЫНА КІРЕТІН ҰЛЫБРИТАНИЯ УНИВЕРСИТЕТІ АСТАНАДА ФИЛИАЛ АШАДЫ 22.11.2024
RUSSELL GROUP ҚҰРАМЫНА КІРЕТІНҰЛЫБРИТАНИЯ УНИВЕРСИТЕТІ АСТАНАДА ФИЛИАЛ АШАДЫҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі Кэтрин Лич, Ұлыбританияның Лордтар палатасының мүшесі лорд Майкл Германмен, Кардифф университетінің Президенті Венди Ларнермен және «Qualified Centre of Education» қоғамдық қорының өкілдерімен кездесу өткізді.Кездесу барысында Саясат Нұрбек ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Орталық Азиядағы жоғары білім берудің негізгі орталығына айналатын Қазақстанда білім беру хабын құру туралы тапсырмасын іске асыру бойынша Министрліктің жүргізіп жатқан жұмысы туралы айтып берді.Қазіргі уақытта 34 шетелдік университеттермен Қазақстанда олардың филиалдары мен өкілдіктерін ашу туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді. Қазақстандық университеттермен бірлесіп олар экономиканың басым салалары үшін жоғары білікті мамандар даярлайды.Кездесуде білім сапасын арттыру мақсатында шетелдік университет филиалдарын ашуға ерекше көңіл бөлінді. Министр мұндай жобалар озық тәжірибені, заманауи әдістер мен халықаралық стандарттарды енгізуге ықпал ететінін және Қазақстанның білім беру жүйесін айтарлықтай жаңғыртып, жетілдіретінін атап өтті.Биыл тамыз айында Кардифф университетінің басшылығымен алғашқы кездесу барысында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, Кардифф университеті және «Qualified Centre of Education» қоғамдық қоры арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Министр Саясат Нұрбек Қазақстанда мықты зерттеу әлеуеті бар британдық университет филиалын құрудың маңыздылығын атап өтті. Бұл жергілікті студенттерге инженерияда, медицинада, биотехнологияда халықаралық стандарттарға сай білім алуға мүмкіндік береді. Үш айлық бірлескен жұмыс нәтижесінде тараптар келісімге келіп, кеше Кардифф университеті Қазақстанда филиал ашу жөнінде келісімшартқа қол қойды.Елші ханым Қазақстанда соңғы екі жылда білім беру хабын құру жобасы белсенді түрде жүзеге асырылып жатқанын және бұл бастаманың еліміздің білім беру жүйесін дамыту мен жетілдіруге бағытталғанын атап өтті. Ол бұл процестің халықаралық серіктестерді тарту және әлемнің жетекші оқу орындарымен тәжірибе алмасуды қамтитынын айтты. «Бүгінгі келісім Ұлыбританияның үздік университеттерінің қатарына кіретін Кардифф университетімен жасалған, бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстардың сәтті нәтижесі екені сөзсіз. Бұл маңызды қадам білім беру жүйесін халықаралық қауымдастыққа интеграциялауға, сапалы білім беру деңгейін арттыруға және елдер арасындағы академиялық байланыстарды нығайтуға бағытталғанын көрсетеді», - деді Кэтрин Лич.Лорд Майкл Майкл Герман өз кезегінде кездесу үшін алғысын білдіріп, білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамытудағы бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтті.Кардифф университетінің Президенті және вице-канцлері Венди Ларнер Кардифф университеті 1883 жылы негізі қаланған және Russell Group тобына кіретін университет ретінде халықаралық рейтингтерде алдыңғы қатарда тұрғанын атап өтті. Мысалы, QS World University Rankings 2025 бойынша университет әлемде 186-орынды, Times Higher Education World University Rankings 2024 бойынша 201-250 орындар аралығында, академиялық рейтингте 151-200 орындар арасында, ал US News Best Global Universities 2024 бойынша 184-орында тұр. Бұл рейтингтер Кардифф университетінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоғары нәтижелерін, академиялық репутациясын және халықаралық перспективасын көрсетеді.ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі интернационалдандыру, білім беру сапасын қамтамасыз ету және Қазақстан мен Ұлыбритания университеттері арасындағы ынтымақтастықты нығайту процестерін белсенді түрде қолдап келеді.ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігініңбаспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/887540
ҰЛЫБРИТАНИЯ ЛОРДТАР ПАЛАТАСЫНЫҢ МҮШЕСІ ЕҰУ СТУДЕНТТЕРІНЕ ДӘРІС ОҚЫДЫ 22.11.2024
ҰЛЫБРИТАНИЯ ЛОРДТАР ПАЛАТАСЫНЫҢ МҮШЕСІЕҰУ СТУДЕНТТЕРІНЕ ДӘРІС ОҚЫДЫҰлыбритания Лордтар палатасының мүшесі, оңалту және пробация жөніндегі лордтар спикері Майк Герман Еуразия ұлттық университетінің студенттеріне дәріс оқыды.Лорд Майк Герман өзінің саясаткер ретінде қалыптасу жолына тоқталып, Қазақстан туралы әсерімен, білім берудің маңыздылығы туралы ойларымен бөлісті.«Саясаткердің міндеті – қоғам өмірін жақсарту. Менің міндетім – заңдарды құру және өзгерту, азаматтардың салықтары есебінен қалыптасатын еліміздің бюджеті қалай жұмсалатынын шешу және сайып келгенде, халықтың өмірін қалай жақсарту керегін шешу», - деп атап өтті спикер.Ұлыбритания Лордтар палатасының мүшесі Қазақстанға сапары кезінде алған әсерлерімен бөлісті.«Дүниежүзілік тарихта Шығыс пен Батыс арасындағы байланыстар Жібек жолы арқылы жүзеге асқаны белгілі. Сіздердің елдеріңіздің тарихы адамдардың, тауарлар мен қызметтердің Шығыс пен Батыс арасындағы қозғалысына негізделген. Жібек жолы бүгінде де өз маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Бұл тұрғыда сіздердің артықшылықтарыңыз – екі жақты байланыстыру қабілетіңізде жатыр. Біздің қарым-қатынасымызды нығайту аса маңызды деп санаймын», - деді.Лорд Майк Герман жастарға арнаған сөзінде оларды тек білімді меңгеріп қана қоймай, стратегиялық және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыта отырып, оны қолдана білуге шақырды. Ол сондай-ақ Қазақстан жастарының ел болашағын айқындайтын шешімдер қабылдау үшін көзқарасы мен қажетті дағдылары болуы тиіс екенін айтты.Сонымен қатар қонақ студенттердің пробация қызметі, Орталық Азия елдерінің әлеуеті, Ұлыбританияның ғылыми басымдықтары туралы сұрақтарына жауап беріп, табысты саясаткер болу туралы кеңестермен бөлісті.Жиын соңында ЕҰУ-дың стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректоры Думан Айтмағамбетов Ұлыбританияның Лордтар палатасының мүшесі Майк Германға Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың Құрметті профессоры атағын беру туралы шешім қабылдағанын жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/887571