Enbekshi QazaQ

Қоғам

Нұрдәулет Қилыбай Жетібай және Мұнайшы ауылдарына жұмыс сапарымен барды 19.11.2024
Бүгін, 19 қараша күні, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Қарақия ауданына жұмыс сапарымен барып, Жетібай және Мұнайшы ауылдарындағы әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты.Облыс әкімі алдымен Мұнайшы ауылында салынып жатқан «Сарқылмас Қуат» жел электр станциясын көрді. Қуаты 50 МВт болатын бұл станция 2025 жылдың ақпан айында іске қосылады деп жоспарланған. 45,5 гектар аумақты қамтитын жобада 6,25 МВт қуат беретін 8 жел генераторы орнатылған. Компанияның құрылыс жөніндегі директоры Еркінжан Алахуновтың айтуынша, жобаның жалпы құны – 13,474 миллиард теңге, оның 30% компанияның жеке қаражаты, 70% қарыз қаражат. Құрылыс кезінде 120 адам, ал пайдалану кезеңінде 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ.Осыдан кейін аймақ басшысы Мұнайшы ауылындағы Теміржолшы шағын ауданындағы тозығы жеткен көпқабатты тұрғын үйлердің бүгінгі жағдайын көрді. 9 үйде барлығы 99 пәтер бар, оның 38-і бос тұр. Техникалық сараптама нәтижесінде үйлер апатты деп танылды. Облыс әкімі тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тездетіп жаңа үйлер салу қажеттігін тапсырды.Әрі қарай Нұрдәулет Қилыбай Жетібай ауылында «Еділ суын тазарту станциясын қайта құрылымдау» жобасының іске асырылу барысын тексерді. 2025 жылы құрылысы басталатын жобада 2 шақырым су құбыры салынып, сағатына 260-300 текше метр су айдайтын жаңа модульдік станциялар орнатылады. Бұл қондырғылар Еділ суын тазартып, қажетті минералдар қосып, халыққа таза су ұсынуға мүмкіндік береді.Сонымен қатар, облыс әкімі Жетібай ауылдық ауруханасындағы күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. 2007 жылы пайдалануға берілген үш қабатты ғимараттың ішкі жөндеу жұмыстарының 75%, сыртқы жұмыстарының 30% аяқталған. Жөндеу барысында ауруханаға лифт орнатылып, заманауи талаптарға сай жағдай жасалмақ. Нысанды толықтай аяқтау 2025 жылға жоспарланып отыр.Сапар соңында аймақ басшысы Мұнайшы ауылындағы спорт кешенінің құрылысына барды. Кәсіпкердің жеке қаражаты есебінен салынған бұл ангар типті спорт залы көпфункционалды нысан ретінде жобаланған. 24х62 метр аумақты қамтитын кешен барлық спорт түрлеріне бейімделген. Мұнда киім ауыстыратын бөлме, душ, заманауи жабдықталған жаттығу залы және жаттықтырушылар бөлмесі қарастырылған. Жобаның 80%-ы аяқталып, жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде.Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай құрылыс және жөндеу жұмыстарының сапалы әрі уақытылы орындалуын қадағалау қажеттігін атап өтіп, тиісті басшыларға нақты тапсырмалар берді.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/886391
Нұрдәулет Қилыбай Мұнайшы, Жетібай ауылының ақсақалдарымен кездесті 19.11.2024
Бүгін, 19 қараша күні, облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай Қарақия ауданына барған жұмыс сапары аясында Мұнайшы, Жетібай ауылдарының аға буын өкілдерімен кездесіп, пікір алмасты.Жиын барысында аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбай өңірдің қоғамдық-әлеуметтік өмірінде ақсақалдардың рөлі ерекше екенін атап өтті. Сонымен қатар, облыс әкімі өңірдегі атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат беріп, экономиканы дамытуға бағытталған жоспарларымен бөлісті.Ашық әңгіме барысында аға буын өкілдері облыс әкіміне ұрпақ тәрбиесі, бүгінгі замандағы ата аның рөлі, ғылым мен білім, спорт саласын дамыту, жастарды жұмыспен қамту, дәрігер жетіспеушілігі сынды ойларын ортаға салды.* Ауылымызда халыққа ең қажетті тоқ, газ, мектеп, емхана барлығы бар. Жағдайымыз жаман емес. Дегенмен, әр қоғамда жетістік пен кемшілік қатар жүреді. Ауылда дәрігер жетіспеушілігі, жаз мезгілінде егін суаратын су тапшылығы байқалады. Бұл мәселелерді қаперіңізге алып, алдағы уақытта шешімін табады деп ойлаймыз. Бүгін үлкендердің ақыл-кеңесін тыңдап, ойларымен санасып, ақылдаса келгеніңізге дән ризамыз. Маңғыстауды дамытуға бар күш-жігеріңізді салатыныңызға мол сенім білдіреміз, - деді ауданның құрметті азаматы Мүсір Байесенов ақсақал.Кездесу соңында ауыл ақсақалдары облыс әкіміне табыс тілеп, алдағы ісіне сәттілік тіледі.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/886399
Ақтөбеде су бұру арналарын салу жұмыстары аяқталуға жақын 19.11.2024
Жұмыстар қаланың бірнеше ауданында, соның ішінде қалалық сүт зауыты, «Көктем» тұрғын алабы және «Жаңа Қарғалы» бау-бақша ұжымдарында жүргізілуде. Облыс әкімі Асхат Шахаров жобалардың іске асырылу барысын тексеріп, олардың ағымдағы жағдайын бағамдады. Өңір басшысы екі шақырымдық каналдағы абаттандыру жұмыстары аяқталуға жақын «Көктем» тұрғын алабында болды. «Кварц-Спецсервис» ЖШС мердігер ұйымы нысанды жыл соңына дейін тапсыруды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, «Жаңа Қарғалы» бау-бақша ұжымындағы арнада төсеу бойынша жұмыстар - аяқталу сатысында. Оның ұзындығы - 1,5 шақырым.«Қазір біз арнаны бетондап жатырмыз. Ақжар т/а жағынан келетін су «Жаңа Қарғалы» бау-бақша ұжымындағы үйлердің шетімен өтіп, осы арна арқылы ағып кетеді. Жұмыс кестеге сәйкес жүргізілуде. Келесі айда жұмыстарды аяқтауды жоспарлап отырмыз. Каналдың ұзындығы - 1,5 шақырым. Оның 534 метрін біз бетондауымыз керек. Нысанда он бес адам жұмыс істейді», - деді «ARLAN TRANS-LOGISTICS» ЖШС Бас директоры Темірлан Жаманқұлов. Ең ірі жоба – Елек көшесі мен қалалық сүт зауыты ауданы аумағынан жаңбыр мен еріген суды бұруға арналған нөсер кәріздерінің құрылысы. Каналдың ұзындығы 3,8 шақырым. Жобаның аяқталуы мерзімі келер жылға ауыстырылды. Облыс әкімі алдағы көктемгі су тасқынына тұрғындар алаңдаулы екенін алға тартты, сол себепті тұрғын алаптардың су басуына жол бермеу үшін жұмыстар сапалы орындалу қажеттігін және объектілерді мерзімінде аяқтауды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/886400
Ербол Қарашөкеев су тасқыны кезеңіне дайындық шараларын күшейтуді тапсырды 19.11.2024
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды.Күн тәртібіндегі мәселе бойынша төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Арман Тоқанов баяндама жасады.Су тасқынының алдын алу мақсатында 1 039 шақырым канал, 1 615 шақырым арық, 406 су өткізу құрылғылары, 299 автомобиль және 115 теміржол көпірі тазартылды.Бұдан бөлек, облыс аумағындағы су қоймаларының жұмысына, оның ішінде шекаралас орналасқан «Шоң-Қақпа» (Киров) су қоймасына тұрақты зерделеу жүргізілуде.Су тасқыны кезеңінің қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында 27 шақырым канал мен арық-дренаж жүйелерін кеңейтіліп, 12 көпір күрделі жөндеуден өтті.Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар туындай қалған кезде оның салдарын дер кезінде жою үшін 6 900 дана инертті материал, 16 140 тонна жанар-жағармай, 31 200 дана қаптың қоры құрылды.Халықты қабылдауға арналған 396 пункт, 32 шатыр, 890 төсек-орын, 460 кереует дайындалып, тамақтандыру бойынша 58 келісімшарт жасалған.Су тасқыны қаупі төнген кезеңде 1 138 адам, 781 бірлік техника, 112 су айдау құралы мен 2 ескекті қайық жұмылдырылады.Басқосуда «Қазсушар» РМК облыстық филиалының директоры Қайрат Аманов, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Олжас Баққараев, Шу-Талас облысаралық бассейндік инспекциясының басшысы Талғат Ибраев сөз сөйледі.Тараз қаласы мен аудан әкімдері су тасқыны кезеңіне дайындық барысы бойынша атқарылған жұмыстардың есебін берді.Облыс әкімі бұған дейін болған табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардан сабақ алып, су басу қаупі бар елді мекендерді жіті зерделеуді міндеттеді.– Тұрғындардың қауіпсіздігі басты назарда болуы қажет. Апатты жағдайда іс-әрекет алгоритмі жүйелі түрде атқарылуы тиіс. Дегенмен, төтенше жағдайдың алдын алу мәселесі күн тәртібінен түспеуі керек!Әрбір стратегиялық нысан тұрақты бақылауда болып, апатты жағдайға жеткізбеу үшін қажетті шаралар дер кезінде қабылдануы қажет, – деген Ербол Қарашөкеев әкімдердің жеке жауапкершілігі барын есіне салып, салғырттыққа жол бермеуді ескертті.Аймақ басшысы гидротехникалық құрылыстарға жергілікті құлақтандыру жүйесін орнатуды, су қоймаларының толымдығына, өзендерге судың тасталу мөлшеріне бақылауды күшейтуді, сондай-ақ көпірлерді, су өткізу құрылғыларын, арық-канал жүйелерін тазарту жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуді тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/886390
Қарағандылық құтқарушы кір тасын көтеруден Әлем Кубогында күміс медаль иеленді 19.11.2024
Қарағанды облысы ТЖД қызметкері Роман Герасименко кір спортынан Әлем Кубогының күміс жүлдегері атанды. Бұл спортшының мансабындағы тағы бір жетістік.Кір тасын көтеру спорты бойынша Әлем кубогы Қытайда, Хайнинг қаласында өтті. Жарысқа әлемнің 15 елінен 100-ден астам гір көтерушілер жинады. Турнирге қатысу үшін Молодежный кентінің № 28 өрт сөндіру бекетінің қызметкері Роман Герасименко алты ай дайындалды. Оның айтуынша, ол кез-келген бос минутында, үйде болсын, жұмыста болсын, жаттығуға арнаған. Нәтижесінде ол 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екінші орынға ие болды.– Жеңіске сәл жетпей қалуыма бірнеше фактор әсер етті. Кір тасы барлық жерде әртүрлі, олардың материалы, пішіні. Сонымен қатар, жол ауыр болды. Сондай-ақ, ресейліктер бұл спортта бәрінен асып түседі. Олар өте байсалды қарсыластар, – дейді кір спортынан ҚР спорт шебері Роман Герасименко. – Бұл менің соңғы жарысым емес деп үміттенемін. Күш пен мүмкіндік болғанша, мен турнирлерге қатысуды жалғастырамын.Роман 17 жасында кір спортына қызығушылық таныта бастаған. Қазір ол 32 жаста. Республикалық және халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы және жүлдегері атанды. Құтқарушы кір спортын күш, төзімділік пен мінездің тамаша үйлесімі деп санайды. Соңғы жылдары ол өзінің туған ауылының БЖСМ-де балаларды жаттықтыра отырып, өскелең ұрпақпен өз тәжірибесімен бөліседі.Белсенді спорттық мансабымен бір мезгілде Роман ТЖД-да жұмысын жалғастыруда. Ол жұмыс пен спорт тәртіп пен табандылықтың арқасында тамаша үйлеседі деп санайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/886110
Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасының дайындығына жаңа әдістеме енгізіледі 19.11.2024
Даңқты италиялық дзюдошы, Олимпиада чемпионы және екі дүркін әлем чемпионатының күміс жүлдегері Эцио Гамба бастаған команда дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасымен ынтымақтастықты бастады. Бұл ынтымақтастық аясында халықаралық аренада өзінің тиімділігін дәлелдеген жаңа дайындық әдістемесі енгізіліп жатыр.Гамбаның жетекшілігімен Италия құрамасы 2000 жылғы Сидней Олимпиадасында 1 алтын, 3 қола медаль жеңіп алса, ал Ресей құрамасын жаттықтырған кезінде Лондон Олимпиадасында оның шәкірттері 3 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль еншілеген.Айта кету керек, екі дүркін Еуропа чемпионы, әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Роберт Мшвидобадзе, Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері Батрадз Кайтмазов және жапониялық тәжірибелі маман Цунода Цуёси бастаған Гамбаның командасы ұлттық құраманың жаттығу үдерісіне жан-жақты қолдау көрсетуде. Олардың тәжірибесі мен инновациялық тәсілдері отандық дзюдоны жаңа жетістіктерге жеткізудің қуатты құралы болмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/886382
Jibek Joly турына қандай көрікті жерлер кіреді? 19.11.2024
Jibek Joly туристік пойызы Қазақстан мен Өзбекстанның мәдени және тарихи орындарына қызықты саяхатқа шақырады.Түркістан (Қазақстан):🔺 Арыстан-Баб кесенесі.🔺 Ежелгі Отырар қаласының археологиялық қазбалары.🔺 «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорық-музейі, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі (ЮНЕСКО нысаны).🔺 «Керуен-сарай» туристік кешені.Ташкент (Өзбекстан):🔺 Хазрати-Имам кешені.🔺 Төле би кесенесі.🔺 Әмір Темір және Тәуелсіздік алаңы.🔺 «Навруз» этнографиялық паркі.Jasorat мемориалы және «Бақытты ана» ескерткіші.🔺 Magic City ойын-сауық саябағы.Jibek Joly туры – Орталық Азия мәдениетінің байлығын аша отырып, ежелгі өркениеттер мұрасы мен қазіргі заманды үйлесімді түрде біріктіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/886385
ҚР ҰЭМ жанындағы жұмыс тобы кәсіпкерлік қызметте адам құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерін талқылады 19.11.2024
2024 жылғы 15 қарашада «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ алаңында ҚР Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаментінің директоры Эрик Жамбыловтың төрағалығымен мемлекеттік органдар, бизнес және кәсіподақтар өкілдерінің қатысуымен БҰҰ-ның басшылық қағидаттарын ескере отырып, кәсіпкерлік қызметте адам құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.Отырыс барысында Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының өкілі Дина Масанова БҰҰ-ның басшылық қағидаттарын ұсынды, онда басты назар мемлекеттің адам құқықтарын қорғаудағы рөліне аударылады және жүргізілген ұлттық базалық бағалауға негізделген қолданыстағы қорғау тетіктерін жақсарту бойынша ұсынымдар берілді.Іс-шараның күн тәртібінде сондай-ақ жұмыс орындарында адам құқықтарының бұзылуын болдырмау жөніндегі шаралар кешені, оның ішінде ағымдағы заңнамалық бастамалар мен оларды енгізу жөніндегі практикалық қадамдар қаралды. Қолданыстағы кедергілер анықталып, оларды жою үшін кәсіподақтармен тығыз ынтымақтастықты көздейтін бағыттар ұсынылды.Жұмыс тобының мүшелері заңнаманы жетілдіру әрі кәсіпкерлік қызметте адам құқықтарын қорғауға бағытталған практикалық шараларды жақсарту бойынша бірқатар ұсыныстар әзірледі. Бұзушылықтардың алдын алу үшін қосымша бастамалар, сондай-ақ іске асырылып жатқан шаралардың тиімділігін бағалауға көмектесетін бақылау мен мониторинг тетіктері ұсынылды.Жұмыс тобы адам құқықтарын құрметтеу қағидаттарына негізделген қауіпсіз және әділ бизнес-ортаны құруға бағытталған ұсынымдарды әзірлеу және енгізу жөніндегі жұмысты алдағы уақытта да жалғастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/886380
ФОРУМ АЛАҢЫНДА ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСШЫЛАРЫ ӨЗГЕРІСТЕРДІ БАСҚАРУ СТРАТЕГИЯЛАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ 19.11.2024
Алматыда «Көшбасшылық және орнықты даму»денсаулық сақтау басшыларының IV республикалық форумы өтті, онда медицинаны болашақ дамыту, сала жұмысының тиімділігін арттыру үшін жаңа тәсілдер мен стратегиялар талқыланды.Форум әлемдік деңгейдегі жетекші сарапшылар, практиктер мен денсаулық сақтау саласындағы зерттеушілер қатысатын білім мен тәжірибе алмасудың бірегей платформасына айналды«Біз саладағы елеулі өзгерістердің алдында тұрмыз. Денсаулық сақтау жүйесі жаңа сын-қатерлерге дайын болуы үшін бізге тиімді басқару ғана емес, соныменқатар бізді көшбасшылық тұрақты және ұзақ мерзімді дамуға бағыттауға қабілетті көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру қажет.Денсаулық сақтау саласындағы көшбасшылар - бұл шешім қабылдап қана қоймай, командаларды шабыттандырып, өсу мен даму үшін жағдай жасап, барлық азаматтар үшін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігіне ұмтылатындар»,-деп атап өтті бірінші вице-министр Тимур Сұлтанғазиев.Форум барысында медицина қызметкерлерінің мәртебесін қолдаудағы, өзгерістерді басқарудағы, медициналық қызметтердің қолжетімділігіндегі, сондай-ақ мемлекеттік және жеке денсаулық сақтау мекемелері арасындағы тиімді өзара іс-қимылдағы басшылардың рөліне ерекше назар аударылады.Форум қорытындысы бойынша денсаулық сақтау жүйесі жұмысының тиімділігін арттыруға, оның басшыларының арасында көшбасшылықты нығайтуға және қазіргі заманғы сын-қатерлер жағдайында саланы орнықты дамытуға бағытталған стратегиялар мен шешімдер әзірленетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/886369
Абай облысында күйші Секен Тұрысбектің концерті өтті 19.11.2024
Семейде Қазақстанның Халық әртісі, сазгер, күйші, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Секен Тұрысбек пен «Ақ жауын» оркестрінің концерті өтті.Секен Тұрысбек – «Ақ жауын» мемлекеттік камералық оркестрінің көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері. «Көңіл толқыны», «Ақ жауын», «Күлтегін», «Көк бөрі» күйлері мен «Қоңыр қаз», «Шағала» сынды әндердің авторы. Күйшінің шығармалары ұлттық өнердің алтын қорына енген. Сазгер «Парасат» және «Құрмет» ордендерімен марапатталған.Кеште «Ақ жауын» оркестрі өнер көрсетті. Қазақстан Жастар одағы мен халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты атанған ұжым жұртшылыққа өз композицияларын ұсынды.Талантты өнерпаздар Бибігүл Қилымхан, Гүлнұр Саргизова мен Жігер Бертісовтің өнері көрерменнің ерекше қошеметіне ие болды. Абай облысының жергілікті өнерпаздары да өз өнерін паш етті.Кешке облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев қатысып, күйшіні құттықтап, құрмет көрсетті.«Әкенің қаны, ананың сүтімен бойыңызға дарып, сүйегіңізге сіңген күй құдірет Сізді еліне елеулі, халқына қалаулы етті. Қара домбыраңыздың шанағынан шыққан «Ақ жауын» мен «Дарабоз», «Ұлы Дала» мен көптің жүрегінен орын алған «Көңіл толқыны» талғамы биік тыңдарманның көңіл пернесін дөп басты. Дана халқымызда «Туған жерге туыңды тік» деген ұлағатты сөз бар. Жерлестеріңіз Сіздің туған еліңізге деген зор құрметіңізге шексіз алғысын білдіреді» деді аймақ басшысы.Салтанатты шарада белгілі кәсіпкер, меценат Талғат Сақан күйшіге автокөліктің сертификатын тапсырды.«Көлдей көңілдеріңізге, ықылас пейілдеріңізге, қошемет-құрметтеріңізге мың алғыс. Туған жерде өнер көрсету, өскен елдің құрметіне бөлену мен үшін үлкен мәртебе» деді Секен Тұрысбек.Айта кетейік, Республика күні қарсаңында Мемлекет басшысы бірқатар азаматтарды мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Ұлттық өнерді дамытуға қосқан өлшеусіз үлесі үшін Секен Тұрысбекке «Қазақстанның Халық әртісі» құрметті атағы берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/886371
Мәскеуде Қазақстан мен Ресей көлік ведомстволарының басшылары Марат Қарабаев пен Роман Старовойттың екіжақты кездесуі өтті 19.11.2024
Кездесу барысында көлік ведомстволарының басшылары осы кезге дейін қол жеткізілген уағдаластықтар аясында көлік саласындағы өзара іс-қимылдың маңызын атап өтті.Ресей Федерациясының Президенті В. В. Путиннің Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапары қарсаңында екіжақты құжаттарға қол қою, халықаралық автомобиль тасымалдарын дамыту, ұшу географиясын кеңейту, жаңа көлік дәліздерін құруды зерттеу және т. б. мәселелеріне ерекше назар аударылды.Сондай-ақ, 110 млн тоннаны құраған елдер арасындағы теміржол және автомобиль көлігі саласындағы тасымалдау көлемінің тұрақты деңгейі туралы сөз қозғалды. Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар көлік саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін айтты. Бұл Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытуға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/886372
Жамбыл облысында жылыту маусымы штаттық режимде өтуде 19.11.2024
Жамбыл облысында жылыту маусымы штаттық режимде өтіп жатыр. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ғалым Исақов хабарлады.Аталған басқарма басшысының айтуынша, жылыту маусымы ағымдағы жылдың 15 қазанынан басталды.Облыста 9 отын- энергетика кешені мен 593 автономды қазандық бар. Бүгінде 1 665 көпқабатты тұрғын үй мен әлеуметтік маңызы бар 1 737 нысан жылумен қамтамасыз етілуде.Барлық жылу көздерінде температуралық режим сақталған.Отын - энергетика кешендері штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Аппаттық-диспетчерлік бөлімшелері тәулік бойы қызмет көрсетуде.Кәсіпорындардың резервтік отын қорында 1 240 тонна көмір, 10 893 тонна мазут бар.Өңірге 23 466 тонна әлеуметтік мазут бөлінген.Әлеуметтік нысандардың автономды қазандықтарының тұрақты жұмысы үшін 56 444 тонна көмір жеткізілді (жоспар 61,3 мың тонна).Ғалым Исақов Жаңатас, Қаратау қалаларындағы орталық қазандық пен мазут шаруашылығын қайта жаңғырту бойынша жұмыстардың нәтижелерімен бөлісті. Сонымен бірге жылыту маусымының өту барысына жүргізілген зерделеу қорытындыларына тоқталып, Мойынқұм, Т. Рысқұлов, Қордай, Шу аудандарындағы білім, денсаулық сақтау нысандарының қазандықтарынан кемшіліктер анықталғанын айтты.Басқосу барысында білім басқармасының басшысы Рауан Садырқұлов, денсаулық сақтау басқарамасы басшысының міндетін атқарушы Ерік Мұсабаев, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бекболат Мұқанов баяндама жасады.Тараз қаласы мен аудан әкімдерінен, сондай-ақ жылу өндіруші мекемелердің басшыларынан жеке-жеке есеп алынды.Ербол Қарашөкеев жылыту маусымы Мемлекет және Үкімет басшысының жеке бақылауында тұрғанын жауаптылардың есіне салып, бұл іске бей-жай қарамауды талап етті. Баяндамада айтылған кемшіліктерді 2 апта ішінде жедел жойып, қайта жаңғырту шараларын жұмыс кестесіне сәйкес жүргізілуін, облыс тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды.Өңір басшысы төтенше жағдайлар департаментіне газдан, көмір түтінінен улану фактілеріне жіті көңіл бөліп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді ескертті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/886252
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА БОЙ КӨТЕРЕТІН СӘУЛЕТТІК ЖОБАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ 19.11.2024
Түркістанда бүгінде көптеген ғимараттар бой көтеріп, қала көркін аша түсті. Осыған сәйкес құрылыс бастауға ниетті инвесторлар саны артып келеді. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткізілген мәжілісте сәулеттік жобалар таныстырылды. Өңір басшысы жаңа жобалардың барлығын өзінің бақылауында ұстайтынын жеткізді. Сонымен қатар әр ғимарат сәулетшілердің мақұлдауынан кейін ғана салынуы тиіс деді. Тозығы жеткен ғимараттарды қайта қалпына келтіру кезінде, сонымен қатар алдағы уақытта салынатын нысандардың қасбеттері мен қоршауларына және бояу түсіне баса мән беруді, бірізді етуді тапсырды.Жиын барысында бірқатар жаңа жобалар ұсынылды. Оның қатарында Әкімшілік-іскерлік аумағынан медициналық орталық, Әлқожа ата көшесінен нысандар салу туралы ұсыныс беріліп, ғимараттардың үлгілері көрсетілді. Сонымен қатар айналма тас жолы бойы жаяу жүргінші көпірі айналасын абаттандыру, жол қиылыстарын абаттандыру, Мәдени-рухани орталығына білім беру орталығы, Арбат ойын-сауық орталығы, ыстық су, Сауран қалашығын ашық аспан астындағы мұражай ретінде дамыту жобасы, Тұттыбұлақ, Ақмешіт үңгірін дамытудың жобасы, Екпінді, жол бойына орналасатын сервистік қызмет көрсету жобалары, Сарыағаш ауданы, Жібек жолы елді мекеніне орналасатын жобалар, Арыстанбаб кесенесі және Отырар қалашығы маңын дамыту жобасы талқыланды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/886046
ТҮРКІСТАНДА ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУДЫ АУЫЛДЫҚ ЖЕРДЕ ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖОБА ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ 19.11.2024
Түркістанда «Жергілікті өзін-өзі басқаруды ауылдық жерде дамытудағы үкіметтік емес ұйымдардың рөлі» жобасы қорытындыланды. «Достық үйінде» өткен салтанатты іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, бұл жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін нығайтуға арналған маңызды қадам екенін атап өтті. Сонымен қатар облыстың дамуында шешуші рөл атқаратын жобаның жеңімпаздарын құттықтады.Алты ай көлемінде жүзеге асқан жоба Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы тарапынан ұйымдастырылған. Жоба барысында 17 аудан, қалаларды аралап, «Азаматтық қоғам тетіктері: Жергілікті өзін-өзі басқару және қоғамдық бақылау» мен «Әлеуметтік жоба дайындау дағдылары» тақырыптарында ҮЕҰ-дарға семинар-тренингтер өткізілді. Оған қоса, облыстың үкіметтік емес ұйымдардың қажеттіліктерін бағалау бойынша «Аналитикалық баяндама» мен «Жергілікті қауымдастықтың мәселелерін шешу бойынша қоғамдық қатысудың механизмдері» атты кітапша шығарылды.Шараға «Түркістан облысының Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар қауымдастығының негізін қалаушы, қоғам қайраткері Шәріпбек Жамалбекұлы, «Түркістан облысының Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар қауымдастық нысанындағы бірлестіктің президенті Инара Намазбаева қатысып, алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстар жалғасын табуын тіледі. Шара барысында аталған жоба жеңімпаздарының жұмысы көпшілік назарына ұсынылып, арнайы марапатталды.Айта кетейік, облыс бойынша аталған жоба екі жылдан бері жүзеге асып келеді. Биыл аудан, қалалардың экономикалық әл-ауқатын арттыру мақсатында грант алуға 22 адамнан өтінім түсіп, оның 12-сі үздік деп танылды. Олар 300 мың мен 1 млн теңге аралығында мемлекеттен қолдау алды. Үкіметтік емес ұйымдардың әл-ауқатын арттыру мақсатында, жалпы 7 миллион теңге көлемінде шағын гранттар берілді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/886049
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 50-ДЕН АСА ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАН ПАЙДАНАЛУҒА БЕРІЛЕДІ 19.11.2024
Түркістанда облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Онда өзі жетекшілік ететін салалар бойынша жыл соңына дейін пайдалануға берілетін әлеуметтік нысандардың құрылыс барысы пысықталды. Ең алдымен мердігерлерден сапалы әрі мерзімінде аяқталуын талап етті. Жауапты басқарма өкілдеріне материалдық-техникалық базамен және қажетті жабдықтармен толық қамтылуын қадағалауды тапсырды. Сонымен қатар жылу дұрыс қосылуы керектігін атап өтті.Білім беру саласы бойынша 21 нысанның құрылысы жүргізілуде. Бүгінде 6 мектеп пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін тағы 8 нысанның құрылысы аяқталады. Қалған 7 нысан құрылысы 2025 жылға өтпелі. «Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасы аясында 29 мектептің құрылысы жүргізілуде. Жақында Түркістан қаласында 1 мектеп пайдалануға берілсе, қараша айында 3 мектептің құрылысын аяқтау жоспарланған.Денсаулық сақтау саласында 52 нысаның құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде облыстық бюджет есебінен 4 нысанның құрылысы жоспарланған. Бүгінде 3 дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. 1 нысан келесі жылға өтпелі. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында 48 жоба іске асырылуда. Ұлттық жобаға сәйкес барлық нысанды жыл соңына дейін аяқтау жоспары қойылған.Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы бойынша жақында «Самғау» орталығы пайдалануға берілді. Ал желтоқсан айында 50 орындық мүгедектігі бар балаларға арналған орталық ашылады деп жоспарлануда.Айта кетейік, жалпы биыл ұлттық қор, республикалық және облыстық бюджет есебінен 500-ге жуық нысан құрылысын жүзеге асыру көзделген. Облыстық құрылыс басқармасы әкімшісі болып саналатын бұл нысандардың 100-ге жуығы ел игілігіне пайдалануға беріліп үлгерсе, жыл соңына дейін 300-ден аса нысан тапсырылады деп жоспарлануда. Ал қалғаны келес жылға өтпелі.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/886277
ТҮРКІСТАНДА САБЫР РАҚЫМОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА БАСТАЛДЫ 19.11.2024
Түркістандағы «Olympic center» спорт кешенінде Кеңес Одағының батыры, генерал-майор Сабыр Рақымовты еске алуға арналған XXVIІІ халықаралық жарыс басталды. Еркін және әйелдер күресінен 2005-2007 жылы туған жастар арасындағы додаға Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан елдерімен қатар Қазақстан Республикасының барлық облыстары мен қалаларынан 456 балуан келіп, боз кілем төрінде тартысқа толы белдесулер өткізуде.Еркін күрестен жастар арасындағы халықаралық жарыстың салтанатты ашылуында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев жарысқа қатысушы балуандарды және қонақтарды құттықтап, сәттілік тіледі.– Рухани шаһарда халықаралық күрес бәсекесі бастауын алды. 1996 жылдан бері 28-рет жалауы көтерілген жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылуда. Бүгінгі таңда облысымызда еркін күрес спорт түрімен 5000-ға жуық бала мен жасөспірім айналысуда. Оларға 200-ден астам жаттықтырушы күнделікті оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізуде. Аталған бағыттардағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады, – деді Ертай Кенжебекұлы.Олимпиада ойындарының көркін қыздыратын күрес түрлері бүгінде әлемде қарқынды дамуда. Осы орайда дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан бұл халықаралық дода жастардың шеберліктерін арттыруға үлкен серпін береді.Тартысқа толы бәсекеде ұлдар 10 салмақ дәрежесінде жеңімпаздарды анықтаса, қыздар 10 салмақ дәрежесінде өзара бақ сынайды. Халықаралық күрес 3 күнге жалғасады.Жарысты Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Облыстық №1 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі ұйымдастырды. Халықаралық турнирдің басты мақсаты – жас балуандардың шеберлігін шыңдау, спортты дамыту.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/886279
ТҮРКІСТАН: САУРАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ТҮРКИЯНЫҢ КОНИЯ ҚАЛАСЫНА ІССАПАРМЕН БАРДЫ 19.11.2024
Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен, Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров бастаған арнайы делегация Түркия Республикасына іссапармен барды. Арнайы топ Кония қаласының Қаратай ауданында болып, екі бауырластық меморандумына қол қойылды. Бірлескен жобаларды жүзеге асыру бойынша келіссөздер жүргізіліп, шет елден инвестиция тарту, өндіріс орындарын құру және жаңа технологиялар бойынша тәжірибе алмасу жұмыстары атқарылды.Сонымен қатар делегация Конья қаласының Қаратай ауданында сауда және өнеркәсіп, іскерлік бизнес өкілдерімен жүздесіп, Түркістан облысының инвестициялық әлеуеті, түркі мемлекеттер ұйымы арасындағы сауда-экономикалық байланысты нығайту үшін құрылған «Turan» арнайы экономикалық аймағының мүмкіндіктерін таныстырды.Іскерлік сапар барысында саурандық делегацияға экономикалық аймақтарда жұмыс істейтін кәсіпкерлер өндіріс орындарының технологияларын таныстырды. Алдағы уақытта меморандум негізінде екіжақты байланысты нығайтып, қант өнімдерін өндіру, ауыл шаруашылығы, жиһаз жасау және текстиль бағытында әріптестік орнату жайы талқыланды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/886286
ТҮРКІСТАНДА АИТВ ИНФЕКЦИЯСЫНА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛІП КЕЛЕДІ 19.11.2024
Түркістан облысында АИТВ инфекциясына қарсы күрес жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Жыл басынан бері облыстық «АИТВ-ның алдын алу және онымен күресу орталығының» мамандары өңір тұрғындарымен түрлі кездесулер мен акциялар ұйымдастырып, жұқпалы аурудың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізген. Бұл жайында Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының басшысы Бақытжан Жүзжасаров БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді.«Облыс аумағында 2024 жылдың он айында 10 акция, 2 спорттық шара, 15 ашық есік күні өтті. Сонымен қатар, білім беру мекемелері мен мемлекеттік қызмет көрсету орындарында 25 семинар-тренинг, мединициналық мекемелер және әлеуметтік маңызы бар орындарда 3 дөңгелек үстел ұйымдастырылды» – деді орталық басшысы.Атқарылған жұмыстар нәтижесінде облыста инфекция жұқтыру көрсеткіші төмендеген. Жыл басынан бері өңірде АИТВ инфекциясына шалдыққан 96 жағдай тіркелген. Оның ішінде 4 азамат шетелдік. Орталық басшысының орынбасары Дәурен Рыскелдиев өткен жылдың 10 айында жұқпалы ауруға шалдыққан 107 жағдай анықталғанын жеткізді.Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/886288
ТҮРКІСТАН: БАҚ ӨКІЛДЕРІ КЕНТАУ ҚАЛАЛЫҚ ЖЫЛУ ЭНЕРГО ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІМЕН ТАНЫСТЫ 19.11.2024
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының жіті қадағалауымен «Кентау-Сервис» МКК-нің №5 Жылу энерго орталығындағы 6 қазандықты қайта құру жұмыстары жүргізілуде.Бүгін БАҚ өкілдеріне Кентау қаласындағы №5 Жылу энерго орталығына баспасөз туры ұйымдастырылды. Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов журналистерге жылу энерго орталығының қазіргі жәй-күйі туралы таныстырды.– Бұл жылу станциясы 1956 жылдан бері күрделі жөндеу жүргізілмеген. Тозу деңгейі 85%-дан асқан. Алдыңғы жылдары тұрғын үйлер мен нысандарды жылытуда қиындықтар туындады. Осы жылы Үкімет қолдау көрсетіп, қазандықтардың құрылысына қаражат бөлінді. Сол уақыттан бастап күрделі жөндеу жұмыстарына кірістік. Орталықтағы 6 қазандықты жаңадан ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Дәл қазір жаңадан орнатылған 4 қазандық іске қосылған. 2 қазандық резервте тұр. Қаланы жылумен қамтамасыз етуге 4 қазандық жеткілікті. Қазіргі уақытта жылуды артығымен беріп жатырмыз. Сонымен қатар мұнда 10 МВт энергия өндіруді көздеп отырмыз. Бүгінде 5,5 МВт өндірілуде. Тұрғын үйлер мен нысандарды жытылуда ешқандай мәселе жоқ. Жағдай тұрақты бақылауда, – деді Зұлпыхар Жолдасов.Биыл Кентау жылу энерго орталығында жобаға сәйкес 6 қазандықты қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта 4 қазандықтағы жұмыстар аяқталып, пайдалануға берілді. Қалған 2 қазандықты жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Одан бөлек, 2 қазандықта ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға тапсырылды. Сонымен қатар ТГ- 6 турбогенераторын ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталып, қорғау және қосу жүйелерін реттеу бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл жұмыстар қараша айының соңына дейін аяқталмақ.Баспасөз туры барысында БАҚ өкілдері қаладағы тұрғын үйлерді аралап, пәтерлерге жылу берілу деңгейін бақылады.Айта кетейік, Кентау қаласында жылу 15 қарашадан бастап берілуде. Бүгінгі таңда орталықта екі ауысымда 150 адам жұмыс істейді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/886320
Экология балалар көзімен: Астанада ауқымды суреттер байқауы өтіп жатыр 19.11.2024
"Таза Қазақстан" ауқымды экологиялық акциясы аясында елордалық мектептерде 5-7 сынып оқушылары арасында "Экология балалардың көзімен" тақырыбында суреттер байқауы өтіп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Конкурсқа қатысушылар өз шығармашылығы арқылы Қазақстан экологиясының болашағы туралы идеялары мен көзқарастарын білдіре алады. Үздік жұмыстар қала мектептері оқушыларының еңбектері ұсынылатын қалалық кезеңге қатысады. Қорытындысы бойынша жеңімпаздар грамоталармен және сыйлықтармен марапатталады."Экологиялық жоба аясында оқушылар арасында шығармашылық байқау өткізілді, оның мақсаты қоршаған орта үшін жауапкершілік сезімін нығайту болып саналады. Біз мектеп оқушыларында экологиялық сананы тәрбиелеуге ерекше назар аударамыз. Оларды тазалықты сақтау және халқымыздың дәстүрлерін зерделеу бойынша түрлі іс-шараларға белсенді тартамыз", - деді № 32 мектеп-гимназиялар директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Бекайдар Шалахаев.Сонымен қатар мектеп байқауына жоғары сынып оқушылары қатысты. Мұндай бастама "Таза Қазақстан" жобасының мақсаттарын іске асыруға өскелең ұрпақты тартуға мүмкіндік береді."Елімізде экологияға көп көңіл бөлінгеніне қуаныштымын, бұл тұрақты даму үшін өте маңызды. Жоба экологияның маңыздылығын түсінуді шығармашылық арқылы жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл мені қуантады. Мен өз жұмысымда "Таза Қазақстан" акциясына өз қолдауымды білдірдім”, - деді мектеп оқушысы әрі Конкурсқа қатысушы Станислав Вовченко өз әсерімен бөлісіп.Естеріңізге сала кетейік, "Таза Қазақстан. Астана-тазалық пен тәртіптің үлгісі" экоакциясы аясында қаланы санитарлық тазарту, нөсер және арық кәріздерін тазарту, көшелерді, тротуарларды, орамішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды тазалау жұмыстары жүргізілуде.Сондай-ақ жасыл желектерді күтіп ұстау және отырғызу, сауда нысандарына іргелес аумақтарды жинау, рұқсат етілмеген полигондарды жою және т. б. жұмыстар жүргізілуде. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/886001