Қоғам
Қарағандылық спортшы үстел теннисінен Венгрияда өткен турнирде екі мәрте жүлдегер атанды 16.11.2024
Қарағандылық Алан Құрманғалиев Сомбатхейде (Венгрия) өткен WTA Youth Contender турнирінде күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.Спортшы 19 жасқа дейінгі теннисшілер арасындағы жарыста екінші деңгейдегі нәтиже көрсетті. Әзірге оның жеті жеңісі мен бір жеңілісі бар.Алан қарсыластары Стефан Димитровты (Болгария) 3:0, Маэль Ван Дессельді (Люксембург) 3:0, Тай По-Чунды (Тайбэй) 3:2, Драгожа Бужорды (Румыния) 3:0, Михаил Ловгуды (Словакия) 3:2, Исаак Альфредссонды (Швеция) 3:0, Ли Чон Мокты (Корея) 3:0 есебімен жеңіп шықты.Ақтық мәреде ол Балаж Лэйге (Венгрия) 0:3 есебімен жеңілді.Естеріңізге сала кетейік, осы турнирде Алан 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында қола жүлдеге ие болған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/881316
Астанада қар күреуге 2,5 мыңнан астам жол жұмысшы шықты 16.11.2024
Елорданың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген ауысым режимінде жұмыс істеп жатыр. Өткен түнде олардың күшімен қаладан 22 мың текше метрден астам қар шығарылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.12 қараша күні күндізгі ауысымда елорда бойынша қар тазалау жұмысына 2,5 мыңнан астам жол жұмысшы және 1,4 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды.Өткен түнде 12 қарашадан 13 қарашаға дейін коммуналдық қызметтер елордадан 22 мың текше метрден астам қар шығарды, бұл 1,7 мың ауыр жүк көлемін құрайды.Қыс мезгілінің басынан бастап қар полигондарына 8 мыңға жуық рейс 90 мың текше метрден астам қар шығарды.Ең алдымен, ережелерге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалыс қарқыны жоғары орындар тазартылады. Сондай-ақ, орташа қарқындылығы бар учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. қардан тазартылады.Астананың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/881365
Сәтбаев университетінде MIT FabLab орталығы – прототип жасауға арналған экожүйе ашылды 16.11.2024
Сәтбаев университетінің 90 жылдық мерейтойын салтанатты түрде мерекелеуге арналған іс-шаралар аясында университетте жаңа жоғары технологиялық FabLab SU орталығының ашылу салтанаты өтті. Бұл жерде студенттер, ғалымдар мен тәжірибелі инженерлер заманауи жабдықтарды пайдалана отырып, өздерінің идеяларын жүзеге асыра алады. Жаңа зертхана 3D принтерлермен, сандық бағдарламалық қамтамасыз ету станоктарымен, сондай-ақ жобалау мен модель жасауға арналған бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықталған. Ол Массачусетс технологиялық институтының стандарттарына негізделіп жасалған жаһандық FabLab зертханалар қауымдастығының бір бөлігі, бұл қауымдастық дүние жүзі бойынша 2 мыңнан астам инновациялық орталықтарды біріктіреді. Зертхананың ашылу салтанатына ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қатысып, өз сөзінде қазақстандық университеттерді тек мемлекет қаржысына ғана емес, сондай-ақ бизнес есебінен де қолдау көрсетілетіндей етіп түрлендіру қажет екенін атап өтті. – Қазақстанда қаржыландырудың 80 пайыздан астамы мемлекет есебінен жүзеге асырылады. Бұл біздің министрліктің бюджеті, біздің гранттық бағдарламалар, мақсаттық бағдарламалар. Мысалы, АҚШ-та 70 пайыздан астамы жекеменшік корпорациялар есебінен қаржыландырылады. Егер де бұрын жабық ғылыми-зерттеу институттарына көбірек көңіл бөлінген болса, ал қазір әлемдік тәжірибеге сәйкес университеттер ғылыми ой-пікірдің орталығына айналып отыр, - деді министр. Бұл көрнекті ұйымға кіру туралы келісімге Сәтбаев университеті делегациясы MIT университетіне жасаған сапары барысында қол қойған болатын, онда университет ректоры Мейрам Бегентаев пен Fab Foundation ұйымының негізін қалаушы және оның жетекшісі Шерри Ласситер өзара студенттермен және оқытушылармен алмасу, технологиялар трансферті және бірлескен ғылыми жобалар жасау туралы келісті. – Студенттердің әзірлеген жобаларымен қатар біз олардың микроквалификацияларды меңгеріп шығуына да үлкен көңіл бөлеміз, - дейді MIT FabLab зертханасының басшысы Руслан Мұқанов. - Бұл цифрлық жобалаушы-инженердің, реверс-инженердің және сандық бағдарламалық қамтамасыз ету станоктары операторының кәсіби біліктілігін қамтамасыз етеді. Бізде оқу-жаттығуға арналған барлық құрал-жабдықтар бар. Fab Labs зертханалары көбіне жобалау және практикалық STEM-білім беру платформасы ретінде жиі пайдаланылады. Желі бүкіл әлем бойынша инженерлер мен өнертапқыштар арасында өзара білім алмасуды қолдау арқылы инклюзивті дамуға белсенді түрде ықпал етеді. Студенттер өздерін қызықтыратын объектілерді құру, идеядан бастап, оны іске асыруға дейінгі бүкіл өндірістік циклды өткеру және содан практикалық терең білім алу арқылы оқып үйренеді. Сәтбаев университетінде зертхананың ашылуына Қазақстанда бірегей техникалық кеңістік құрған Lenovo, KazTechInnovations және Best Vision Technologies секілді көптеген жетекші компаниялар атсалысты. Зертханаға Қазақстандағы ең ірі 3D-принтері, үшөлшемді сканер жасауға арналған жабдық, прототип жасауға арналған толық технологиялық желі және DMG MORI компаниясының бірегей өңдеу орталығы орнатылған. Осының барлығы зертхананы тек оқу мақсатында ғана емес, нақты өндірістік тапсырмалар мен коммерциялық жобаларды іске асыру үшін де пайдалануға септігін тигізе отырып, оның мүмкіндіктерін кеңейтеді. Ал жаһандық қауымдастықпен араласу бүкіл әлеммен инновациялық идеялармен алмасуға мүмкіндік береді. Ұйымдастырушылар атап өткендей, Сәтбаев университетінің FabLab зертханасы барлық келушілерге әрдайым ашық, ол Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі бүкіл дарынды жас инженерлерге кеңістік пен мүмкіндіктер беруге үнемі дайын. Қазірдің өзінде FabLab алаңында оқушыларды оқытуға мүдделі екенін білдірген Алматы мектептерімен келісімдер жасалды. Ал Сәтбаев университетінің ректоры Мейрам Бегентаев өз сөзінде MIT-пен арадағы ынтымақтастық қарым-қатынас университетке «зерттеу жүргізе отырып оқыту» қағидатын толықтай жүзеге асыруға көмектесетінін және тұрақты болашақ құру үшін зерттеушілер мен өнертапқыштардың күш-жігерін біріктіре отырып, студенттердің практикалық дағдыларын дамытуға ықпал ететінін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/881327
Қонаев гарнизонында «БҰҰ бөлімшелерінің жарылыс қаупі бар заттарды залалсыздандыру» халықаралық курсы аяқталды 16.11.2024
Теориялық және практикалық бөлімнен тұратын сабақ бағдарламасы бітімгерлік бөлімдеріне арналған.Курстың негізгі мақсаты – БҰҰ бітімгерлік миссияларында бейбіт тұрғындарды қорғау. Оқу барысында командирлер мен штаб офицерлері минадан тазарту бөлімшелері жұмысының құқықтық және жедел негіздерін үйренді.Курсқа қазақстандық бітімгерлерден бөлек Пәкістан Ислам Республикасы мен Қытай Халық Республикасының әскери қызметшілері қатысты.Бағдарламаны меңгергеннен кейін қатысушылар емтихан тапсырып, халықаралық сертификаттарға ие болды. Алдағы уақытта минадан тазарту орталығы бітімгерлік контингентін минадан тазарту жеке құрамын даярлау сапасын арттыру үшін БҰҰ аккредиттелген курстар каталогын кеңейтуді жоспарлап отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/881389
Сенат депутаттары СҚО-ның кәсіпорындарына барды 16.11.2024
Бүгін ҚР Парламенті Сенатының экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы Сүйіндік Алдашев бастаған бір топ депутаттар өңірімізге іссапармен келді. Депутаттар Солтүстік Қазақстан облысының индустриялық және инвестициялық әлеуетімен таныспақ. Бүгін сенаторлар инновациялық жылыжай кешені мен қағаз өнімдерін шығаратын фабрикада болды. Сондай-ақ Сенат депутаттары зауыттар мен ЖЭО-2-де болып, жол жөндеу жұмыстарының нәтижесін қарайды. Жалпы облыста 755 миллиард теңгені құрайтын 46 инвестжоба жүзеге асуда. 7 мыңнан астам жұмыс орны ашылады. Жүк тиеу жабдықтары, ауыл шаруашылығы техникасы, нан өнімдері, керамикалық кірпіш және басқа да өнімдер өндірісі жолға қойылмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/881225
Тағайындау 16.11.2024
Алматы облысы әкімінің өкімімен Айбол Айбекұлы Рақымбаев 2026 жылғы 19 маусымнан бастап Алматы облысының Кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.Айбол Айбекұлы 1991 жылы туған, білімі жоғары, 2012 жылы Халықаралық Бизнес университетін «Экономика» мамандығы бойынша аяқтап, 2024 жылы "Q" UNIVERSITY академиясында «Экономика» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.Еңбек жолын 2013 жылы «МФО 1 кредит» ЖШС-ның несие менеджері болып бастаған.Әр жылдары Іле ауданының кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы, сектор меңгерушісі, бөлім басшысы, Экономика және қаржы бөлімінің бас маманы, Жетіген және Энергетический ауылдық округі әкімінің орынбасары, «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-ның бас маманы лауазымдарын атқарған.2023 жылдың қараша айынан бастап Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары лауазымында қызмет етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1244984?lang=ru
Алматының Наурызбай ауданында 1500 орындық жайлы мектеп салынуда 16.11.2024
Алматы әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданын аралау барысында 1500 орындық жайлы мектептің құрылысымен танысты.Білім беру мекемесінің құрылысы өткен жылдың тамыз айында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында басталды. Онда оқыту бір ауысымда өтеді.Наурызбай ауданында барлығы 12 мемлекеттік мектеп, 16 жекеменшік және НЗМ жұмыс істейді, онда 32 мың бала оқиды. Халықтың өсуі мен белсенді тұрғын үй құрылысын ескере отырып, оқушы орындарының тапшылығы сақталуда. Биылғы оқу жылында осы ауданда оқушы орындарының тапшылығы 4 мыңнан астам орынды құрайды. Ол үшін ауданда 6900 орындық жаңа мектептердің құрылысы мына мекенжайларда жүргізілуде: «Алем Сити» ТК, «Алма Сити-4» ТК, Құрамыс шағын ауданы және Сәбденов көшесі. Сонымен қатар, өткен жылы Шұғыла шағын ауданындағы № 174 мектепке 375 оқушыға арналған қосымша құрылыс басталды.Алматы басшысы жұмыс сапары барысында келесі оқу жылына қалалық мектептердің бір бөлігі бір ауысымдық оқуға ауыстырылатынын атап өтті.«2025 жылдың 1 қыркүйегіне қарай «Жайлы мектеп» жобасын іске асырудың арқасында қала бойынша оқушы орнының тапшылығы 30 мыңға жуық оқушы орынға азаяды деп жоспарлануда. Болашақта оқушылар санының 3-4 мыңға өсуіне орай жыл сайынғы тапшылық қала жаңа мектептер, толықтырулар мен реконструкциялар салу арқылы біртіндеп жабылатын болады», - деп атап өтті Ерболат Досаев.Нысанды аралап шыққан қала басшысы барлық жұмыстарды белгіленген кестеге сәйкес, атап айтқанда, осы жылдың соңына дейін аяқтауды және олардың жоғары сапасын қамтамасыз етуді тапсырды.Мектеп салумен қатар, қалалық мобильділік басқармасы мектепке кіреберіс жолды және 70 көлікке арналған паркингті ұйымдастырумен де айналысады. Жыл соңына дейін ұзындығы 605 м. жолдың бүкіл учаскесінде асфальтбетон жабынының төменгі қабатын орнату бойынша жұмыстарды аяқтау жоспарлануда. Бұл жұмыстарды аяқтау осы жылдың 30 қарашасына дейін жоспарланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/881227
Үй кезегінде тұрған ХӘОТ пен жұмыс істейтін жастарға қандай жалға берілетін пәтерлер беріледі 16.11.2024
Алматы әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданындағы жұмыс сапары барысында әлеуметтік осал топтар (ХӘОТ) мен жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін пәтерлер қарастырылған жаңа «Alem City 3» тұрғын үй кешенін аралап көрді.Сапар барысында Ерболат Досаев мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолайлы орта құрудың маңыздылығын атап, тұрғын үйлерге пандустар орнатуды тапсырды. Сонымен қатар, жаңа үйлерді уақытылы инженерлік желілерге қосып, жылу және сумен жабдықтау жүйелерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге тапсырма берді.Мемлекеттік тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламаны жүзеге асыру аясында 2022-2023 жылдары коммуналдық тұрғын үй қорына ХӘОТ пен жұмыс істейтін жастарға бөлінетін 4100 пәтер берілді. 2024 жылдың соңына дейін қосымша 3150 пәтер сатып алу жоспарланып отыр, оның 2100-і ХӘОТ-қа, ал 1050-і жұмыс істейтін жастарға арналған.Жұмыс істейтін жастарға үш жылға дейінгі мерзімге айына 7-15 мың теңге аралығында төлеммен жалға беру қарастырылған, алайда ұзарту немесе сатып алу мүмкіндігі жоқ. Осы кезеңде жалға алушы жастар кейіннен екінші деңгейлі банктер арқылы ипотекаға тұрғын үй сатып алу үшін депозитте қаражат жинауы керек.Биылғы 10 айда 4828 азамат тұрғын үймен қамтамасыз етілді, олардың ішінде: 1655-і кезекте тұрғандар үшін коммуналдық тұрғын үй қорынан жалдамалы баспана алғандар; 2100-і жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін баспана алғандар; 226-ы жылдық 2-5% жеңілдетілген несие беретін бағдарлама арқылы баспана алғандар; 847-ы «Алматы жастары» бағдарламасы аясында үйлі болғандар. Сондай-ақ, 187,3 млн теңге сомасына 160 тұрғын үй сертификаты берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/881233
Алматыда Сәтбаев университетінің мерейтойы мен Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған форум басталды 16.11.2024
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Сәтбаев университетінің 90 жылдығы мен Қазақстандағы геологиялық мектептің негізін қалаушы және Ұлттық ғылым академиясының алғашқы президенті Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған «Еуразияның ғылыми-инженерлік қауымдастығының алдындағы төртінші өнеркәсіптік революцияның сын-қатерлері»атты Халықаралық ғылыми форумның ашылу салтанатына қатысты.Форумның ашылуында қала әкімі Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау жеделхатын оқып, университет ұжымын мерейтоймен құттықтады.Форум 11-15 қараша аралығында Алматы қаласында өтеді. Оған 22 елден 200 ұйым мен кәсіпорынның, қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарының, елшіліктер мен консулдықтардың өкілдері қатысады.Бағдарлама аясында STROYTECH инженерлік орталығы мен технопаркінің, Hyundai Engineering зерттеу орталығының ашылуы, Массачусетс технологиялық институтының стандарттары бойынша құрылған Customized FabLab таныстырылымы өтеді. Форум барысында пленарлық отырыс, технологияларды трансферлеу, мемлекет, ғылым және бизнестің өзара әрекеттестігі, жас ғалымдардың мансаптық өсуі жөнінде панельдік сессиялар ұйымдастырылады.Жақында Сәтбаев университеті екі тарихи жетістікке қол жеткізді. Университет QS Stars сыйлығына ие болып, халықаралық серіктестермен білім беру бағдарламаларының жоғары деңгейін растады. Сонымен қатар, Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ Азиядағы үздік 100 университеттің қатарына еніп, 4000 азиялық жоғары оқу орнының арасында позициясын нығайтты. Ол Shanghai University, Pusan National University сияқты университеттермен қатар тұрып, University of Macau, Singapore Management University секілді беделді азиялық жоғары оқу орындарын басып озды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/881236
Батыс Қазақстан өңірінде вегетациялық кезең сәтті өтті. Суармалы судың жылдық жоспары 20,6 млн.м3 16.11.2024
Батыс Қазақстан өңірінде вегетациялық кезең сәтті өтті. Суармалы судың жылдық жоспары 20,6 млн.м3 құраса, шаруаларға толық көлемде су беріліп, жоспарға сәйкес жұмыс атқарылды.Толығырақ Су ресурстары және ирригация министрлігі “Қазсушар” РМК Батыс Қазақстан филиалы директорының міндетін атқарушысы Рауан Хусаинов Батыс Қазақстан облысының “Өңірлік коммуникациялар қызметінің” баспасөз алаңында айтып береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/881248
Су – өмір, тіршілік нәрі. Бүгінгі таңда маңызды ресурсты сақтау әрі тиімді пайдалану – заман талабына айналып отыр 16.11.2024
2023 жылдың қыркүйегінде Қазақстанда Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылды. Жаңа министрлік жасақталған күннен су үнемдеу саясатын қалыптастыруға бағытталған түбегейлі жаңа нормативтік-құқықтық база құру жұмысын қолға алды.Ең алдымен, жаңа Су кодексінің жобасын әзірлеп, Мәжіліске енгізді. Бұл ауқымды жаңашылдықтарды қамтитын маңызды құжат. Кодекстің жаңа редакциясында су ресурстарын сарқылудан және ластанудан қорғауға, сондай-ақ еліміздің су-ресурстық әлеуетін қамтамасыз етуге баса назар аударылған. Экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ететін су пайдаланудың қауіпсіз деңгейіне қол жеткізу және соны қолдауға үлкен көңіл бөлінеді.Министрлік әзірлеген тағы бір маңызды құжат - Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы. Тұжырымдамаға сай министрлік 2030 жылға дейін қосымша 2,6 текше шақырым су жинай алатын жаңа 42 су қоймасын салуды, 3,7 текше шақырым су сақтайтын 37 су қоймасы мен 14 450 шақырым суару каналын реконструкциялауды жоспарлап отыр. Осы арқылы тасымалдау кезіндегі су шығынын 25%-ға азайтуға, ал, суармалы жерлердің көлемін 400 мыңнан артық гектарға ұлғайтуға ниетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/881252
КӨПШІЛІК НАЗАРЫНА! Қазақстан Республикасының Көлік министрі Марат Қарабаев Түркістан облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді 16.11.2024
Қазақстан Республикасының Көлік министрі Марат Қарабаев Түркістан облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді2024 жылғы 13 қараша күні ҚР Көлік министрі Қарабаев Марат Кәрімжанұлы Түркістан облысының тұрғындарымен кездеседі. Күн тәртібіне сәйкес ҚР Көлік министрлігінің құзыретіне кіретін мәселелер қаралады.Кездесу сағат 09:00-де Түркістан қаласы, 20-квартал, 1321 мекенжайы бойынша орналасқан «Ұлы дала елі» мәдениет орталығында өтеді.Өңір тұрғындары мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін кездесуге шақырамыз.Толық ақпарат үшін телефон: +7 707 808 60 70, Дәулет СәмбетбаевАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/881250
Армия спортшысы самбодан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды 16.11.2024
Астанада жауынгерлік, спорттық самбодан, оның ішінде зағиптар арасында әлем біріншілігі өтті.Әлемнің 80 елінен 470 спортшы қатысқан жарысқа Армия орталық спорт клубының әскери қызметшісі ефрейтор Арнұр Қуатай 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.Бірінші раундта ол хорват Патрик Сумпораны жеңді (9:4), екінші раундта беларусь спортшысы Денис Барковецтен басым түсті. (8:0). Ширек финалда мысырлық Сайфельдин Эльгарвты 2:1 есебімен жеңді. Бірақ жартылай финалда Арнур Қуатай ресейлік Ролан Зиннатовқа жол берді. Нәтижесінде армия спортшысы әлем чемпионатының қола жүлдесін місе тұтты.Арнур Қуат былтырғы Ереванда өткен самбодан әлем біріншілігінде де осындай нәтижеге қол жеткізген болатын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/881244
Қазан айында Электрондық еңбек биржасында белсенділік төмендеп маусымдық мамандықтарға сұраныс артты 16.11.2024
Қазан айында Электрондық еңбек биржасында (бұдан әрі-ЭЕБ) 123,7 мың бос жұмыс орны және 106 мың түйіндеме орналастырылды. Алдыңғы аймен салыстырғанда іздеу және жалдау белсенділігі төмендеді: бос жұмыс орындарының саны 9%-ға (13 мың), ал түйіндеме 13%-ға (16,5 мың) азайды. Белсенділіктің төмендеуі білім беру саласындағы сұраныс пен ұсыныстың төмендеуімен түсіндіріледі, оқу орындарында кадрларды даярлаудың аяқталуына байланысты болуы мүмкін.Алайда, қыркүйек айындағы сияқты, жылыту маусымына көшу кезеңі жылу және қазандық жабдықтарына қызмет көрсету мен оларды пайдалануға қаьысты қызметкерлерге сұраныстың артуына себеп болды.Мәселен, өткен айда қазандық операторлары (+5,9 мың), қазандық машинистері (+1,1 мың) және қазандықтар жұмыскері (+969) үшін бос орындар саны артты. Мұндай мамандарға жоғары сұраныс Батыс Қазақстан (2,9 мың бос жұмыс орны), Ақтөбе (1,3 мың) және Жамбыл (974) облыстарында байқалды.Сұраныстың айтарлықтай өсуі мал өсірушілер мен жануарларды күту жұмыскерлері сияқты мамандықтарға да тіркелді, бұл әсіресе, мал шаруашылығындағы қысқы кезеңге дайындық кезеңінде маңызды.Өңірлер бөлінісінде ең белсенді білікті кадрларды Қарағанды облысынан (9,5 мың бос жұмыс орны немесе жалпы санының 8%), сондай-ақ Алматы қаласынан (9,3 мың немесе 7,5%), Батыс Қазақстан облысынан (9,2 мың немесе 7,5%) және Астана қаласынан (8,1 мың немесе 7%) жұмыс берушілер іздеді.Бұл ретте қазан айында бос жұмыс орындарының жалпы саны келесі өңірлерде азайды: Алматы (-44%, немесе -3,9 мың), Жетісу (-37%, немесе -1,6 мың) және Астана қаласында (-34%, немесе -4,1 мың).Сұраныс пен ұсыныстың теңгерімсіздігі кейбір аумақтарда өзекті мәселе болып қала береді. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысында 5,5 мың бос орынға 2,5 мың түйіндеме, Солтүстік Қазақстан облысында 4,1 мың бос орынға 2 мың түйіндеме, ал Павлодар облысында 6,5 мың бос орынға 3,4 мың түйіндеме тіркелді.Шымкент қаласында, Қызылорда және Түркістан облыстарында бос орындар санынан тиісінше 54%, 48% және 47%-ға түйіндеменің артық болуы байқалуда.Қазан айында жоғары жалақы бас құрылысшыларға (орта есеппен 679 мың теңге), бас техникалық мамандарға (шамамен 565 мың теңге) және ұшу қауіпсіздігі жөніндегі инженерлерге (шамамен 554 мың теңге) ұсынылды.Бұл ретте инвестициялық жобалар жөніндегі директор (орта есеппен 2 млн теңгеден бастап), өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйесі бөлімінің бастығы (шамамен 1,8 млн теңге) және комбайнер (1,2 млн теңге) лауазымына үміткер ізденушілер ең жоғары жалақыны сұрады.Жалпы, қазан айында ЭЕБ белсенділік төмендеді, бұл әсіресе, білім беру саласында байқалып отыр. Сонымен қатар қысқы маусымның басталуы жылу өндірісі жүйесінің жұмысшыларына сұраныстың артуына себеп болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/881235
Қазақстан Араб мемлекеттері лигасы және Ислам ынтымақтастық ұйымының кезектен тыс саммитіне қатысты 16.11.2024
Ар-Рияд, 2024 жылғы 11 қараша – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Палестина мәселесін реттеу және Ливандағы жағдайды тұрақтандыру бойынша Араб мемлекеттері лигасы мен Ислам ынтымақтастығы ұйымының (ИЫҰ) бірлескен кезектен тыс Саммитіне қатысты.Іс-шара барысында мүше мемлекеттердің өкілдері геосаяси ахуалды, ислам әлемі алдында тұрған сын-қатерлер мен қауіптерді, соның ішінде Таяу Шығыстағы ағымдағы оқиғаларды талқылады.Өз сөзінде М. Нұртілеу ИЫҰ-ның өңірдегі мұсылман үмбетінің елдерінде бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелеріне белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтіп, ИЫҰ мен Араб мемлекеттері лигасы мүшелерін ағымдағы қақтығыстарды тез арада реттеу бойынша нақты ұсыныстар әзірлеуге шақырды.ҚР сыртқы саяси ведомствосының басшысы халықаралық қауымдастықтың Голан шыңдарында, Ливанда және әлемнің басқа аймақтарындағы БҰҰ-ның бітімгершілік миссияларының маңызды рөлін естен шығармауы керектігін ерекше атап өтті.Осыған байланысты БҰҰ-ның бітімгершілеріне және дипломатиялық миссияларға жасалған шабуылдардың халықаралық және гуманитарлық құқықтың өрескел бұзылуы болып табылатындығы және оған жол бермеу қажеттілігі аталып өтті.Қазақ делегациясының басшысы сондай-ақ ИЫҰ-ға мүше мемлекеттерді Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының әлеуетін пайдалануға және зардап шеккен Палестинаның тұрғындарына азық-түлікпен көмек көрсету үшін осы Ұйымның қаржы жинау бастамасын қолдауға шақырды.Саммит аясында ҚР сыртқы саяси ведомствосының басшысы Бруней Сыртқы істер министрі Эриван Юсуфпен, Гвинея-Бисау Сыртқы істер министрі Карлос Пинто Перейрамен, Кувейт Сыртқы істер министрі Абдулла Али Әл-Яхьямен, Қырғызстан Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаевпен, Мали Сыртқы істер министрі Абдулай Диоппен, Марокко Сыртқы істер министрі Нассер Буритомен, Оман Сыртқы істер министрі Бадр бин Хамад Әл-Бусаидимен, Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрі Файсал бин Фархан Әл Саудпен және Тунис Сыртқы істер министрі Мұхамед Али Нафтимен екіжақты кездесулер өткізіп, олардың барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.Анықтама: Араб мемлекеттері лигасы - ИЫҰ алғашқы кезектен тыс Саммиті 2023 жылғы 11 қарашада Ар-Рияд қаласында (Сауд Арабиясы) өтті. Кездесудің нәтижесі бойынша қорытынды қарар қабылданып, Газадағы әскери іс-қимылдарды тоқтатуға және Палестина халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Газа секторы бойынша Министрлік байланыс тобы құрылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/881199
Қазақстан мен Германия: шикізатты жеткізудегі ынтымақтастық 16.11.2024
Бүгін, 11 қазанда Берлинге ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев келді.Қазақстан мен Германияның ұзақ жылдар бойы жемісті ынтымақтастық тарихы бар. Мәселен, өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 3,8 млрд долларды құрады, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 36,6%-ға артық. Атап айтқанда, Қазақстанның Германияға экспорты 39,6%-ға, импорты 35,9%-ға өсті.Қанат Шарлапаев 8-ші шикізат конгресіне қатысып, көрмелерді тамашалады және қатысушы спикерлердің сөздерін тыңдады, сонымен қатар «Raw materials security – milestones, challenges and next steps» панельдік сессиясына қатысты.Одан кейін Министр «New partners for more resilient supply chains» панельдік сессиясында сөз сөйлеп, Қазақстан ұзақ жылдар бойы Еуропа мен Германия үшін сенімді энергетикалық серіктес болғанын, жақын болашақта республика әлемдік экономиканы декарбонизациялаудың ортақ мақсаттарына қол жеткізу үшін өзін маңызды металдардың сенімді жеткізушісіне айналдыруға дайын екенін атап өтті.«Біздің елде әртараптандырылған минералдық-шикізат базасы, маңызды инфрақұрылым және адами капиталды қоса алғанда, тұрақты жеткізу тізбегін және жоғары құзыреттілік, сондай-ақ дамыған Midstream индустриясы құру үшін барлық қажетті алғышарттар бар деп есептейміз», – деді ол. Жұмыс сапары аясында Қанат Шарлапаев ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнату мақсатында бірқатар кездесулер өткізді. Сонымен, Министр ГФР Экономикалық істер және климатты қорғау Федералды министрлігінің Сыртқы экономикалық саясат жөніндегі директоры, Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық жұмыс тобының тең төрағасы Кристиан Форвикпен кездесті.Әңгімелесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың сауда-экономикалық әріптестікті одан әрі дамыту перспективалары бар екенін және бұл әртүрлі салалардағы керемет жетістіктермен расталатынын атап өтті.Содан кейін «Aurubis AG» бас директоры Торальф Хаагпен кездесу өтті. «Aurubis AG» – әлемдегі ең ірі мыс өндірушілердің бірі және әртүрлі металдарды өңдеу саласында көшбасшы. Кәсіпорын алтын мен күміс сияқты бағалы металдарды, сондай-ақ никель, қалайы, қорғасын және т.б. өңдейді. Қайта өңдеу операциялары өндірістік қалдықтардан, электронды сынықтардан және басқа да күрделі материалдардан бағалы металдарды қалпына келтіруге бағытталған. Келесі кезекте Қанат Шарлапаев «DERA» неміс шикізат агенттігінің директоры Петер Бухгольцтың «Нақты уақыт режимінде тауар нарықтарына мониторинг жүргізу – бағалар мен жеткізілімдерге байланысты тәуекелдерді бастапқы кезеңде тану» баяндамасын тыңдады. Мұнан соң Министр баяндамашы Петер Бухгольцпен кездесті.Агенттіктің негізгі міндеттерінің қатарында – минералды шикізат пен шикізаттың сыртқы нарықтарына шығу мүмкіндіктері туралы ақпараттық-кеңес беру қызметтерін көрсету. «DERA» тұрақты түрде халықаралық тауар нарықтарын талдайды және бағалайды. Алынған деректер ақпараттық және кеңес беру қызметтерін көрсету үшін пайдаланылады. Мақсатты зерттеулер мен пилоттық жобалар арқылы баға мен жеткізу тәуекелдері, сондай-ақ пайдалы қазбаларды пайдаланудың жаңа мүмкіндіктері анықталады.Сондай-ақ Қанат Шарлапаев «Money for Mining – шикізат жеткізуді қалай қаржыландырамыз?» панельдік сессиясына қатысқан.Министр одан бөлек «Freiberger Compound Materials GmbH» бас директоры Михаэль Харцпен кездесті. Ол микроэлектроника мен оптоэлектроника үшін композициялық жартылай өткізгіш субстраттар шығаратын әлемдегі жетекші өндірушілердің бірі. Компания оларды микро және оптоэлектрондық қолданбалар үшін галлий арсенидінен (GaAs) шығарады және өте тегіс, ультра таза пластиналар шығару үшін тамаша беделге ие болды.Сапар соңында Министр Германия өнеркәсіп федералды одағының басқарма мүшесі Вольфганг Нидермаркпен кездесті. Тараптар өнеркәсіп саласындағы бірлескен ынтымақтастықтың мүмкіндіктері мен перспективаларын талқылады.Неміс өнеркәсіптерінің қауымдастығы (BDI) шамамен 8 млн қызметкері бар 40 салалық қауымдастықты және 100 000-нан астам компанияны біріктіреді. BDI өз қамқорлығымен біріккен барлық салалардың мүдделерін білдіруге және ілгерілетуге жауапты. Ол сондай-ақ бүкіл әлем бойынша өнеркәсіптік белсенді компаниялардың мүдделерін қорғайды және барлық экономикалық маңызды заңнамалық процестерге қатысады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/881197
Абай облысында су тасқыны маусымына дайындық тексерілді 16.11.2024
Абай облысында 2024 жылғы күзгі-қысқы кезеңге және 2025 жылдың көктеміндегі су тасқыны маусымына дайындықты тексеру шарасы өтті. Тексеріске облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының, Ертіс бассейндік инспекциясының, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдері, сондай-ақ Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен Абай, Жарма, Көкпекті және Ақсуат аудандарының жергілікті атқарушы органдары өкілдері қатысты.Алдын алу шараларын уақтылы жүзеге асыру тасқын қаупін айтарлықтай төмендетеді. Облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариков өткен жылдардың тәжірибесін ескере отырып елді мекендерді инженерлік қорғау жоспарын бекітті. Бұл жоспар аймақты ықтимал су тасқынынан қорғауға және төтенше жағдай қаупін барынша азайтуға бағытталған шараларды қамтиды.Тексеру барысында облыстағы гидротехникалық құрылыстардың жағдайы бақыланды. Бұл нысандар халықты және инфрақұрылымды су тасқынынан қорғауда шешуші рөл атқарады. Олардың жұмысы ерекше назарда.Коммуналдық қызметтер 2024 жылдың 15 қарашасына дейін көктемгі тасқын қауіпсіз болуы үшін көпір мен су өткізгіш құбырларда тазарту жұмысын аяқтауы керек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/881186
Руслан Есеналин Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды 16.11.2024
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің бұйрығымен Руслан Бақыттыұлы Есеналин Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды. Руслан Есеналин 1976 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Қазақ мемлекеттік заң академиясының Мемлекеттік қызмет институтын, Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.Әр жылдары Солтүстік Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт мектептерінде бокстан және кикбоксингтен жаттықтырушы-оқытушы болып жұмыс істеді. Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облысының штаттық ұлттық командалар және спорт резерві дирекциясында Қазақстан Республикасы бойынша кикбоксингтен мемлекеттік жаттықтырушы болған.2008-2012 жылдар аралығында Солтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының орынбасары болып қызмет атқарды.2012-2020 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болды.2020-2024 жылдары «Құлагер» хоккей клубының директоры қызметін атқарды.2024 жылғы 5 маусымнан бастап «Астана» олимпиадалық даярлау орталығы РМҚК директорының орынбасары болып жұмыс істеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/881184
Көлік министрі Марат Қарабаев Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында Қызылорда қаласындағы теміржол вокзалының жәй-күйімен танысты 16.11.2024
Нысан 2023 жылы күрделі жөндеуден өткен. Жөндеу жұмыстарына жауапты мердігер компания шатырды орнату, ішкі бөлмелерді безендіру, ғимараттың қасбетін жаңарту, есік-терезелерді, және т.б қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді. Мұнда арнайы пандустар мен сыртқы жарықтандыру да қарастырылған.Қазір жүретін 11 маршруттың екеуі тальго, алтауы стандартты вагон, қалған үш маршрутты жеке тасымалдаушылар қамтамасыз етеді. ("Марал-Нұр" ЖШС, "Номадас" ЖШС, "Арлан Транс" ЖШС).Жолаушылар ағыны тәулігіне шамамен 3 мың адамды құрайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/881193
Digital Army Day 2024: Қорғаныс министрлігі ведомствоның цифрлық трансформациясы туралы айтты 16.11.2024
Іс-шара елордадағы Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында өтті.Оған Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жасұлан Мәдиев, Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштер Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов, Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Қазақстан ГАЖ Орталығы» АҚ және БАҚ өкілдері қатысты.Іс-шара қонақтарына ведомствоның цифрлық трансформациясының жалпы көрінісін Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев таныстырды. Армиядағы цифрлық үдерістерге жауапты адам атап өткендей, жұмыс әскерлерді басқару жүйелерін автоматтандыру, ресурстарды басқару, мемлекеттік қызметтер секілді көптеген бағыттар бойынша жүргізілуде.Бүгінгі таңда цифрландыру білім беру, денсаулық сақтау, экономика, әлеуметтік коммуникация процестерін қамтиды. Бұдан қорғаныс саласы да қалыс қалмақ емес. Дәл қазір цифрландыру арқылы қарсыластан басым түсерлік артықшылыққа қол жеткізуге болады, – деп түсіндірді ол.Министрдің орынбасары Дархан Ахмедиевтің айтуынша, аралас ведомстволармен ынтымақтастықтың арқасында 16 жасар балаларды әскери есепке алу рәсімдері айтарлықтай жеңілдетілген. Қызметті проактивті режимге ауыстыру жыл сайын миллиард теңгеден астам бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді. Бүгінгі жағдай бойынша оларды электрондық форматқа көшіру жөніндегі нысаналы индикатор 100 пайызды құрайды.Әуе қорғанысы күштерінде әуе кеңістігін қорғау жөніндегі міндеттерді орындау кезінде қолданылатын автоматтандырылған басқару жүйесі енгізілді.Құрлық әскерлерінде «Жауынгерлік дайындық» модулін әзірлеу аяқталуда. Оны енгізу жауынгерлік дайындықты жоспарлауға, сабақ кестесін құруға және басқа мәселелерді жеңілдетуге уақытты қысқартады. Бұдан басқа, жауынгерлік даярлықты есепке алу және қажетті құжаттар тізбесі толық автоматтандырылатын болады.Сонымен қатар, Қарулы күштерде кадрлық есептен бастап медициналық қамтамасыз етуге дейінгі ресурстарды басқару жүйесі, қару-жарақ пен әскери техниканың мәліметтер базасы, оқ-дәрілерді есепке алу жүйесі және басқалары толығымен автоматтандырылған. Бұл адами, техникалық және материалдық ресурстарды есепке алу және басқару функцияларын автоматтандыру мәселелерін шешетін ақпараттық жүйелердің тұтас кешені.– Қазақстандық армия цифрлық жаңғыру процестерінен тыс қала алмайды. Қорғаныс министрлігі басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп, цифрлық трансформация бойынша үлкен жұмыс атқарды. Ол өмірдің барлық салаларына біртіндеп еніп келеді және уақыт өте келе ол айқын бола түседі. Қазірдің өзінде жоғары нәтижелерге қол жеткізілді деуге болады. Цифрлық технологияларды енгізу бойынша оң тәжірибе жинақталып, цифрландыру тапсырмаларын шешуге қабілетті күштер мен құралдардың әлеуеті құрылды. Біз өз кезегінде цифрландыру шеңберінде қорғаныс секторын одан әрі дамытуға қолдау көрсетеміз және ықпал етеміз, – деп атап өтті Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жасұлан Мәдиев. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/881187