Қоғам
Астанада әскери музыкант қайғылы оқиғаның алдын алды 21.08.2025
Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Орталық ансамблі эстрадалық-симфониялық оркестрінің концертмейстері аға сержант Аббас Аппазов қайсарлық танытып, 19 жастағы қыздың өмірін сақтап қалды.Оқиға 20 тамыз күні кешкі уақытта болған. Аббасқа алаңдаған көршісі қоңырау шалып, жағдайды баяндаған. Оның пәтер жалдаушысы 18-қабаттан секірмек болған бейтаныс қызды тоқтатып, пәтеріне кіргізген. Дегенмен, әйел адам қыздың қайта әрекет етуі мүмкін деп алаңдаулы еді.Аббас үйдегі тұрғындар кеңесінің мүшесі болғандықтан, бейнебақылау камераларының жазбасына қол жеткізе алған. Жазбаларды қарап отырып, қыздың тағы да 8-қабатқа көтеріліп, балконда қоштасу хат жазып жатқанын байқаған. Ақырында оны 12-қабаттан тауып алғанда қыз балконның шетінде отырған еді.Аббас оған байқатпай жақындап, жайлап сөйлесе бастаған. Сәті келгенде, қызды құшақтап, қауіпсіз жерге алып шыққан. Кейін учаскелік инспекторды шақырған. Аббас өзінің бұл әрекетін ерлік деп есептемейді.– Әрбір адам өмірі – баға жетпес құндылық. Ол бір-ақ рет беріледі, сондықтан қадірлеу білу керек. Үлкен қайғының алдын алғаныма қуаныштымын, – деді ол.Аббас – «Шабыт» Қазақ ұлттық өнер университетінің «саксофон» мамандығы бойынша бітірген. Қазір 36 жаста. Шымкент қаласының тумасы. 2014 жылдан бері ҚР Қарулы күштерінде қызмет етеді. Жұбайымен бірге екі бала тәрбиелеп отыр.Әскери қызметшінің өмірлік ұстанымы – адал, мейірімді болу және адамдарға шын ниетпен көмек көрсету. Ол әділеттілік, жанашырлық пен бейжай қарамау – мықты қоғамның негізі деп санайды. Аббас «Ел қорғаны» ведомстволық медалімен марапатталған.Қызметтестері Аббасты мақтан тұтады. Өйткені ол тек кәсіби маман ғана емес, сондай-ақ ішкі парасаттылық пен көмек көрсетуге әрдайым дайын тұратын жан.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1054966?lang=kk
Курчатов қаласында адам саудасының алдын алу бойынша рейдтік іс-шара өтті 21.08.2025
Курчатов қаласында адам саудасының алдын алу бойынша рейдтік іс-шара өтті2025 жылғы 21 тамызда Қала әкімінің 2025 жылғы 20 тамыздағы №53 өкімі негізінде құрылған жұмыс тобы адам саудасының алдын алу және құрбандарын анықтау мақсатында рейдтік іс-шара және ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізді.Іс-шара барысында Курчатов қаласы аумағында тіркелген «ҰЛАН» ШҚ, Еппаев Жұмағазы және Төлеуханұлы Қабдрашит басқаратын шаруа қожалықтарының иелерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Тақырып – адам саудасының алдын алу, еңбек құқықтары және қауіпсіздік мәселелері бойынша.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1054924?lang=kk
Салық төлеушілерге арналған семинар: 2026 жылғы Салық кодексіндегі жаңалықтар 21.08.2025
2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің ережелері бойынша түсіндіру жұмыстары аясында Павлодар қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының Instagram әлеуметтік желісінің парағында тікелей эфирде семинар өтті. Іс-шараға Павлодар қаласының салық төлеушілері қатысты. Семинар барысында салық заңнамасындағы негізгі өзгерістер қарастырылды. Жалпыға бірдей декларациялау және арнайы салық режимдерін қолдану сұрақтарына ерекше назар аударылды. 40 салық төлеушілер алдағы жаңалықтармен танысып қана қоймай өз сұрақтарын қоюға да мүмкіндік алды. Павлодар облысы бойынша МКДтүсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1066257?lang=kk
Мемлекеттiк баждың төленген сомаларын қайтару ерекшеліктері 21.08.2025
Мемлекеттiк баждың артық төленген сомасы:1) талап қоюшы сотқа талап арыздар және өзге де өтініштер (шағымдар) берген кезде өз талаптарын азайтатын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк баж Салық Кодекс бойынша талап етiлгеннен көп мөлшерде енгiзiлген;2) іс төрелікке берілген;3) іс бірінші және апелляциялық сатылардағы соттарда тараптардың татуласу келісімімен, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісіммен немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісіммен аяқталған жағдайда – толық көлемде, кассациялық сатыдағы сотта – сот актісін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхат берген кезде төленген соманың 50 пайызы мөлшерінде;4) азаматтың жолданымын Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты, талап арызды немесе өзге де өтінішті (шағымды) сот қайтарған немесе оны қабылдаудан бас тартылған, сондай-ақ нотариустар немесе осыған уәкiлеттiк берілген адамдар нотариаттық әрекеттердi жасаудан бас тартқан;5) егер iс Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотында, сотта қарауға жатпайтын болса, сондай-ақ егер талап қоюшы дауды алдын ала шешудiң осы санаттағы iстер үшiн белгiленген тәртiбiн сақтамаған не талапты әрекетке қабiлетсiз адам қойған болса, іс бойынша конституциялық іс жүргізу, iс жүргiзу тоқтатылған немесе талап қою қараусыз қалдырылған;6) мемлекеттiк бажды төлеген адамдар заңдық мәні бар әрекеттердi жасаудан немесе осы заңдық мәні бар әрекеттердi жасайтын органға жүгiнгенге дейiн құжатты алудан бас тартқан;7) сот актісін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхат қайтарылған;8) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де жағдайларда iшiнара немесе толық қайтаруға жатады. Мемлекеттік баж:1) азамат Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына өз жолданымын кері қайтарып алған, талап қоюшы талап қоюдан бас тартқан;2) талап қоюшы өз талаптарын азайтқан;3) сот бұйрығының күші жойылған жағдайларда қайтарылмайды. Салық органы мемлекеттік баждың артық төленген сомасын қайтаруды салық төлеуші ұсынған салықтық өтініштің және тиісті мемлекеттік органның қайтарудың құқыққа сыйымдылығын растайтын құжатының негізінде жүргізеді. Сот оның пайдасына іс бойынша тарап болып табылатын мемлекеттік мекемеден мемлекеттік бажды өндіріп алу туралы шешім шығарған салық төлеушіге мемлекеттік баж сомасын қайтаруды салық органы салық төлеуші ұсынған салықтық өтініштің және заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде жүргізеді.Мемлекеттік баждың артық төленген сомасын қайтаруды оның төленген жері бойынша салық органы қайтаруға арналған салықтық өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік баж сомасы есепке жазылған бюджеттік сыныптаманың тиісті кодынан салық төлеушінің банктік шотына жүргізеді. Осы бапта көзделген мемлекеттік баждың артық төленген сомасын қайтаруға арналған құжаттар салық органына мемлекеттік баждың мұндай сомасы бюджетке төленген күннен бастап үш жыл мерзім өткенге дейін ұсынылуға тиіс. Павлодар облысы бойынша МКД мемлекеттік қызметтер басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1055574?lang=kk
Қостанайдағы жол инфрақұрылымын дамыту: нәтижелер мен жоспарлар 21.08.2025
Бүгін қала әкімдігі өкілдері мердігер ұйымдармен бірге қала көшелерін аралап, жол жөндеу жұмыстарының қарқыны мен сапасын тексерді.Биыл Қостанайда жалпы ұзындығы 45 км болатын 90 жол учаскесі жөнделуде. Қазіргі таңда жұмыстардың шамамен 80%-ы аяқталды, қалғаны қазан айының соңына дейін толық бітіру жоспарланған.Тамыз айының басында Назарбаев даңғылының жөндеуі аяқталды: 3,2 км жол жамылғысы жаңартылды, көпір астындағы бөлігі 4 жолақтан 6 жолаққа дейін кеңейтілді.Өткен жылы жеке меншікке тиесілі болған Рабочая көшесіндегі жол телімі қоғамдық пайдалануға қайтарылған еді. Биыл мұнда 400 метр жол жөнделді: жаңа асфальт төселіп, жиектер орнатылды, тротуарлар салынды, жарықтандыру мен жол белгілері қойылды. Бұл жол Назарбаев даңғылына түсетін жүктемені айтарлықтай азайтты.Қыркүйек айында Гоголь – Рабочая көшелерінің аралығындағы Сьянов көшесін қайта жаңғыртуға арналған екі жылдық жоба аяқталады.«Жаңа қала» ауданында негізгі көшелер – Фролова мен Нариманов көшелерінде қайта құру жұмыстары жүріп жатыр. Фролова көшесінде (Абай даңғылынан Баймағамбетов көшесіне дейін) жолдың ені 7 метрден 14 метрге дейін кеңейтіліп, екі жолақты қозғалыс ұйымдастырылуда, жарықтандыру орнатылып, 48 орындық автотұрақ салынуда. Нариманов көшесінде (Абай – Алтынсарин көшелерінің аралығында) жол 7 метрден 10,5 метрге дейін кеңейтіліп, инженерлік желілер ауыстырылуда, жарықтандыру орнатылып, 66 көлікке арналған тұрақ жолағы жасалуда.Сонымен қатар биыл қалада 52 аула жөнделді. Қостанайдағы 550 ауланың 515-і (94%) жаңартылды. Келер жылы қалған аулалар толықтай абаттандырылмақ.Бағдаршамдар да жаңғыртылуда. Қазір қалада олардың саны – 155, соның ішінде 98-і жаңа, ал 119-ы АСУДД жүйесіне қосылған. Қостанайда алғаш рет пилоттық режимде «Яндекс.Карталар» бағдаршам сигналдарын нақты уақыт режимінде көрсете бастады. Бұл жаңашылдық жүргізушілерге қозғалысты алдын ала жоспарлауға және жол-көлік оқиғаларын азайтуға көмектеседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1054828?lang=kk
Департамент басшысы Қ.Е. Баеділовтың «Жетісу» кеден бекетіне жұмыс сапары 21.08.2025
Ағымдағы жылдың 20 тамызында Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Қ.Е. Баеділов жоспарлы бақылау іс-шарасы аясында қызметтік сапармен «Жетісу» кеден бекеті орналасқан Алматы қаласы халықаралық әуежайының жолаушылар және жүк терминалдарына барды.Сапар барысында ол бекеттің жұмыс ұйымдастыруымен, техникалық жабдықталуымен және қызметкерлердің еңбек жағдайларымен танысты. Жеке құраммен әңгімелесу кезінде жұмыс процестерін цифрландыру, кедендік әкімшілендіруді оңтайландыру және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін қолайлы жағдайлар жасау мәселелеріне ерекше назар аударылды.Кездесу қорытындысы бойынша Қ.Е. Баеділов бекет басшылығына қабылданатын тауарларды өңдеу үдерісін жеделдету, кедендік ресімдеу уақытын қысқарту, бизнес-қоғамдастықпен өзара іс-қимылды жолға қою, сондай-ақ қызметтік тәртіпті қатаң сақтауды қамтамасыз ету жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды. Ол жүктер мен багажды тасымалдау барысында анықталған кеден заңнамасы бұзушылықтарына жедел әрекет ету және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу маңыздылығын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1054838?lang=kk
Атамекен алаңындағы Семинар 21.08.2025
Үлкен Нарын ауданының Мемлекеттік кірістер басқармасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, 2025 жылғы 21 тамызда қосылған күн салығы мен жалпыға бірдей декларациялауды енгізу және мобильді аударымдарға салықтық бақылау мәселелері бойынша салық заңнамасын түсіндіру тақырыбында семинар өткізді.Іс-шараға аумақтық Мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері, бастауыш жас кәсіпкерлер және бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысты.Спикерлер бизнес-қоғамдастық өкілдерінің өзекті сұрақтарына жауап берді.Іс-шара «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1054839?lang=kk
«Бұл заң мен тәртіп жолы» - Сауда министрлігі Шымкент базарларындағы жаңғырту жұмыстарын бағалады 21.08.2025
Шымкент қаласында 19 сауда базары жұмыс істейді. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігінің базарларды жаңғырту жөніндегі Жол картасына қаладағы «Авто-Нұр», «Алаш», «Орталық Қырғы базар», «Самал», «Жабық базар», «Назым апа», «Жаңа шахар» енген. Суда базарларының жартысы былтыр жаңғырту жұмыстарын аяқтаса, Авто-Нұр», «Орталық қырғы» базар, «Назым апа», «Жабық базары» жаңғырту жұмыстарын биылғы жылдың соңына дейін аяқтауы тиіс. Бүгін ҚР СИМ Сауда комитеті төрағасының орынбасары Ернұр Жаутікбаев базарларды жаңғырту жұмысын БАҚ өкілдеріне таныстырды.Бүгінгі таңда «Авто-Нұр» базарын жаңғырту жұмыстары 60% аяқталған. Ескі ғимараттарды демонтаждау жұмыстары және жаңа павильонның қаңқасы мен ішкі жұмыстары жүргізіліп жатыр. Базардағы 3 ғимарат құрылысы толығымен аяқталды, 1 ғимараттың құрылысы және киім-кешек павильонын қайта құрылымдау жұмыстары жүргізілуде.«Орталық Қырғы» базарында да құрылыс жұмысының 60% аяқталған. Ішкі әрлеу, шатыр орнату жұмыстары және заңсыз тұрған сауда орындарының орнына жаңа павильон салу жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Базарда зергерлік бұйымдар, трикотаж бұйымдары павильоны және көкөніс павильонында модернизация жұмыстары аяқталған. Жаңадан жер асты көлік тұрағы құрылды. Киім павильондары толық модернизациядан өткізуі қажет.«Назым апа» базарында сауда орындарын демонтаждау жұмыстары жүргізілуде. Ал «Жабық базарының» эскиз жобасы келісіліп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.«Сауда базарларын биылғы жылдың соңына дейін толықтай жаңғыртудан өткізу Үкіметтің ерекше базарында. Бұл заң мен тәртіптің жолы. Сауда министрлігі қажетті заңнаманы толықтай әзірледі. Енді заң аясында сауда нысандары тәртіпке келуі керек. Бұл бірінші кезекте бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі. Келер жылдан бастап модернизациядан өтпеген базарлар жұмысын жалғастыра алмайды», - деді ҚР СИМ Сауда комитеті төрағасының орынбасары Ернұр Жәутікбаев.ҚР Сауда министрлігі 2029 жылға қарай заману сауда форматының үлесін 79 пайызға ұлғайтуды көздеп отыр. Қазір бұл көрсеткіш 31 пайызды құрайды. Сауда базарлары да заманауи форматқа, яғни өрт қауіпсіздік, санитарлық эпидемиологиялық талаптарға сай, салықтық түсімдердің ашықтығы үшін төлем карталарын қабылдайтын әрі тұтынушылар үшін арнайы автотұрақ алаңымен қамтылуы керек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1054740?lang=kk
Мәслихаттың кезектен тыс 31 сессиясы өтті 21.08.2025
2025 жылғы 21 тамызда Алтай ауданының мәслихатының «Алтай ауданының 2025–2027 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу мәселесін қарау жөнінде мәслихаттың кезектен тыс 31-сессиясы өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/altay-maslihat/press/news/details/1054751?lang=kk
Қазақстан халықаралық аккредиттеу жүйесіндегі позициясын нығайтуда 21.08.2025
Қазақстан сәйкестікті бағалау және аккредиттеу саласында халықаралық аренада тағы да атын шығарды. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК өкілі Гүлжан Аманжолова тамыз айының ортасында АҚШ-та өткен Азия-Тынық мұхиты аккредиттеу ынтымақтастығы (APAC) халықаралық миссиясына қатысты.Аманжолова Филиппин, Сингапур, Таиланд, АҚШ және Қазақстан сарапшылар тобының құрамында америкалық аккредиттеу органдарының бірінің жұмысын бастапқы бағалауға қатысты. Пенсильванияға бес күндік миссия қабылдаушы тарап үшін ғана емес, сонымен бірге елдің әлемдік деңгейде кәсіби беделін нығайтуды жалғастырып келе жатқан қазақстандық сарапшы үшін де маңызды қадам болды.«Бұл өте қарқынды және өте нәтижелі жұмыс болды. Мұндай сапарлар әрқашан жүйені және жеке өзіңізді жоғары халықаралық стандарттарға сәйкестікке сынау болып табылады», - деп атап өтті Гүлжан Аманжолова.Мұндай миссияларға қатысу терең кәсіби білімді ғана емес, сонымен қатар халықаралық қоғамдастықтың мойындалуын да талап етеді. Гүлжан Аманжолова үшін бұл APAC аясындағы алтыншы шетелдік бағалау. Осы жылы ол жетекші бағалаушы мәртебесіне көтерілу үшін бірден екі ұсыныс алды. Бұл мәртебені беру туралы түпкілікті шешім APAC MRAMC Басқару комитетінің отырысында қабылданады деп күтілуде.Сонымен қатар, өткен бағалаудың негізгі нәтижелері ағымдағы жылдың қазан айында Бангкокта өтетін ILAC/IAF Бас ассамблеясында талқыланады.Қазақстан үшін оның мамандарының халықаралық сарапшылық топтардың жұмысына қатысуы аккредиттеудің жаһандық стандарттарын әзірлеуге, елдің кәсіби қоғамдастықтағы ұстанымын нығайтуға және Қазақстан Республикасының Ұлттық аккредиттеу органының беделін арттыруға маңызды үлес болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1054758?lang=kk
Шымкентте соңғы екі жылда 39 жаңа мектеп бой көтеріп, апатты және үш ауысымды мектеп мәселесі толық шешілді. 21.08.2025
Шымкентте соңғы екі жылда 39 жаңа мектеп бой көтеріп, апатты және үш ауысымды мектеп мәселесі толық шешілді.� «Келешек мектеп» ұлттық жобасы аясында 11 жаңа білім ордасы пайдалануға берілді, ал биыл тағы 1 мектеп ашылады.� Бұдан бөлек, жергілікті бюджет есебінен заманауи талаптарға сай 500 орындық 2 Оқушылар сарайы ашылып, балалардың шығармашылық және ғылыми ізденістеріне жаңа мүмкіндік жасалды.#Шымкент #Білім #КелешекМектеп #жаңамектеп #білімбасқармасы #білім #мектеп #rsk_shymkent
«Қазақстан Конституциясына 30 жыл» атты дөңгелек үстел өткізу туралы 21.08.2025
🔹Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімі профилактикалық бақылау жүргізу барысында ауданның орта мектептері, орталық аудандық аурухана директорларының, мүгедектігі бар адамдардың және Ұйғыр ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ММ ұжымының қатысуымен Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылында «Қазақстан Конституциясына 30 жыл» тақырыбында дөңгелек үстел форматында семинар кеңес өткізді.🔹30 тамызда Қазақстанда 1995 жылы бүкүл халықтық референдумда бекітілген Конституцияның қабылданғанына 30 жыл толады. Бұл үш онжылдық Конституцияның Тұрақтылығы мен беріктігін атап қана қоймайды, сонымен қатар ұлттық бірліктің маңыздылығын еске салады. Біз бірге кез келген қиындықты жеңе аламыз және негізгі Заңымызда белгіленген әділдік пен заңдылық қағидаттарын ұстана отырып, сенімді түрде алға жылжи аламыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-konaev/press/news/details/1054700?lang=kk
«2025 жылға арналған тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидияланатын түрлерінің тізбесі және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) арналған субсидиялардың нормаларын бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2025 жылғы 15 мамырдағы № А-5/259 қаулысының жобасы 21.08.2025
Ақмола облысы әкімдігінің аталған қаулысының жобасын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 64-тармағына сәйкес Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы әзірледі.Жоба 2025 жылға арналған тыңайтқыштардың субсидияланатын түрлерінің тізбесін бекітуді көздейді. Жобамен толығырақ "Ашық НҚА" порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15581072 сілтемесі бойынша танысуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ush/press/news/details/1054678?lang=kk
Өндіріс цехының аға операторы: Қоғамдағы маңызды рөл 21.08.2025
Өндіріс саласының маңызды буыны болып табылатын аға оператор – бұл кәсіби шеберлікті, жоғары жауапкершілікті және бақылауды қажет ететін мамандық. Өндіріс цехында аға оператордың рөлі өндірістің үздіксіз және сапалы жұмысын қамтамасыз етуде маңызды орын алады.Оның міндеті – өндіріс процесінің барлық кезеңдеріне жауапкершілікпен қарау, технологиялық жабдықтардың жұмысын бақылау, еңбек қауіпсіздігі мен экологиялық нормалардың сақталуын қадағалау, сонымен қатар жұмысшылардың дұрыс жұмыс істеуін ұйымдастыру болып табылады. Аға оператор өндірістің кез келген ақаулары мен тоқтап қалу жағдайларына дер кезінде араласып, оларды жою үшін қажетті шараларды қабылдайды.Ол өз жұмысында техникалық білімді, жүйелі ойлау қабілетін және командалық жұмыс дағдыларын пайдаланады. Өндірістік процестердің оңтайландырылуына үлес қосып, жоғары сапалы өнім шығаруға бағытталған іс-әрекеттердің барлық кезеңдеріне атсалысады. Сонымен қатар, аға оператор өндірістік процестердің автоматизациясы мен жаңғыртуына да ықпал етіп, жаңа технологияларды енгізу процесіне белсенді қатысады.Өндіріс цехының аға операторының жұмысы көптеген адамдар үшін көрінбейтін еңбек болғанымен, ол бүкіл өндірістің сәтті жұмыс істеуіне тікелей әсер етеді. Оның қажырлы еңбегі мен кәсіби дағдылары кәсіпорынның дамуына зор үлес қосып, экономиканың өркендеуіне ықпал етеді.Өндіріс цехының аға операторы – өз ісінің шебері, өндірістің сапалы жұмысын қамтамасыз етуші және өнеркәсіптік прогрестің алға жылжуына септігін тигізетін маңызды мамандық.#ЖұмысшыМамандықтарЖылы#ЕңбекАдамы
КӘСІБІНЕ АДАЛ, ІСІНЕ БЕРІК МАМАН 21.08.2025
Темір жол ел экономикасының күретамыры. Осы салада табандылықпен еңбек етіп, уақыт талабына сай қызмет атқарып жүрген азаматтардың бірі Пазылова Акмарал Абайқызы.Пазылова Акмарал Абайқызы 1968 жылдың 7 тамызында дүниеге келген. Ол өзінің еңбек жолын темір жол саласында бастап, осы салада 26 жыл бойы адал қызмет етіп келеді. Жұмыс жолын Шеңгелді станциясында пойыз қабылдаушысы қызметінен бастаған. Бұл жауапты лауазымда жүріп, үлкен тәжірибе жинақтап, кәсіби біліктілігін көрсете білді.Қазіргі таңда тасымалдау құжаттарын өңдеуші оператор қызметін атқаруда. Ол темір жол тасымалдарының құжат айналымын дәлдікпен, ұқыптылықпен орындайтын жоғары деңгейдегі маман ретінде әріптестері арасында зор беделге ие. Өз ісіне жауапкершілікпен қарап, жылдар бойы жинаған тәжірибесі мен кәсібилігі арқасында талай жас маманға үлгі бола білді.Ол тек кәсіби маман ғана емес, сондай-ақ еңбекқорлық пен тәртіптіліктің жарқын үлгісі. Оның еңбек жолы темір жол саласына адал қызмет етудің айғағы.
ТМҰ аясында зияткерлік меншік ведомстволары басшыларының бірінші кездеуі өтті 21.08.2025
2025 жылғы 20 тамызда Қырғызстанның Бішкек қаласында Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) зияткерлік меншік мәселелері жөніндегі ведомство басшыларының алғашқы кездесуі өтті.Кездесу барысында қатысушылар зияткерлік меншік саласындағы ынтымақтастықты нығайту, инновациялық дамуды ынталандыру, тәжірибе алмасу және ұлттық тәсілдерді үйлестіру қажеттілігін талқылады.Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитеті төрағасының орынбасары М. Сиротина Қазақстан Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2024 жылғы шілде айында Әзірбайжанның Шуша қаласында өткен ТМҰ саммитінде жарияланған Түркі патент ұйымын құру жөніндегі бастамасын еске салды.Мүше мемлекеттер тарапынан ауқымды жұмыс атқарылып, жұмыс тобы құрылды, Конвенцияның жобасы мен қаржылық-экономикалық талдау әзірленді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар одан арғы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын айқындайтын Бірлескен декларация қабылдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kis/press/news/details/1054657?lang=kk
«Болашақтың қауіпсіздігі: Астана халықаралық университеті мен ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті тәуекелдерді болжау бойынша бірлескен зерттеулерді бастайды» 21.08.2025
Құқық қорғау органдарына сенімді нығайтуға және мемлекеттік басқаруға аналитиканың заманауи әдістерін енгізуге бағытталған «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) мен Астана халықаралық университетінің (бұдан әрі – Университет) жұмыс отырысы өтті. Кездесу барысында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.Меморандумға қол қою қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету және азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайту мақсатында ғылым мен тәжірибені интеграциялау жолындағы маңызды қадам болды.Құжат қылмыстық қауіптерді болжау және қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерін анықтау бойынша инновациялық шешімдерді әзірлеу мақсатында құқық қорғау органдары мен академиялық қоғамдастықтың күш-жігерін біріктіруді көздейді.Ағымдағы жылдың маусым айында өткен құқық қорғау органдарының алқа отырысында Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде құрылған комитеттің жаңа бөлімшесі – құқық қорғау органдарының тәжірибесіне ғылыми зерттеулер мен заманауи технологияларды енгізу алаңы болып табылатын Қылмыстық қауіптер мен қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерін болжау орталығының (бұдан әрі - Орталық) қызметіне ерекше назар аударылады.Комитет Төрағасы Сәбит Нұрлыбай: «Комитет қылмыстық қауіптерді болжау міндеттерін орындай отырып, технологиялық құралдар мен зерттеу әдістерін бір мезгілде қолдану қажеттілігіне тап болады.Олардың тиімділігі ғылыми негізге, олардың дамуы тереңдігі мен сапасына байланысты.Бұл жерде біз университеттің рөлін көреміз.Біз үшін тікелей тәжірибеге қол жеткізе алатын тапсырмаларда зерттеушілердің бізбен бірге жұмыс істеуі маңызды.Ынтымақтастық Комитеттің нақты деректерін академиялық ортаның әдістемелік сараптамасымен біріктіруге және құқық қорғау органдарының жұмысында қолданылатын үлгілерді жасауға мүмкіндік береді – деп атап өтті.Қол жеткізілген келісімдерге сәйкес, Комитет пен университет практикалық қажеттіліктерге бағытталған қылмысты болжау бойынша бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын бастайды.Бұл университетке ғылыми-зерттеу базасын кеңейтуге және жаңартуға, ал Комитетке – ғылыми негізделген озық әзірлемелерді енгізуге мүмкіндік береді.Меморандумның жеке бағыты Қылмыстық қауіптерді болжау орталығының жобаларына соңғы курстардың студенттерін тартумен байланысты. Болашақ мамандар тәжірибеден өтіп, мемлекеттік органда бірегей тәжірибе жинақтап, талдамалық құралдардың дамуына үлес қоса алады.Ынтымақтастықтың стратегиялық нәтижесі — «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру үшін полицияның, прокуратураның және басқа да құқық қорғау органдарының талдамалық жұмысында сұранысқа ие болатын қылмысты болжау үлгілері мен ерте алдын алу жүйелерін әзірлеуге қабілетті жаңа талдамалық мектеп құру.Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pravstat/press/news/details/1054596?lang=kk
Қазақстан мен Гуандун провинциясы арасындағы сауда бір жылда 37% өсті 21.08.2025
Гуанчжоу қаласында Қазақстанның Сауда-экономикалық миссиясы өтті. Шараға еліміздің 20-дан астам компаниясы қатысып, Гуандун провинциясының жетекші бизнес өкілдерімен кездесті. Форумның ашылуында Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті ерекше атап өтті. Оның айтуынша, 2025 жылдың алғашқы жарты жылдығында екіжақты тауар айналымы 15 млрд АҚШ долларына жеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,9% -ға артық . Министр Гуандун провинциясының мүмкіндіктеріне де тоқталды. ЖІӨ көлемі 1,9 трлн доллар болатын өңірдің Қазақстанмен саудасы былтыр 37,3%-ға өскен. Миссия аясында бірнеше құжатқа қол қойылды. Солардың ішінде «QazTrade» экспортты дамыту ұлттық операторы мен Guangdong Chamber of Commerce of Importers & Exporters арасындағы ынтымақтастық туралы келісім бар. Келіссөз нәтижесінде қазақстандық рапс майы, құрама жем ұны мен арпаны жалпы құны 45 млн доллар болатын көлемде жеткізу туралы нақты уағдаластық жасалды. Бұған қоса, қытайлық компаниялар қазақстандық қытырлақ нанға, табиғи шырынға және құрғақ түйе сүтіне қызығушылық білдірді. Форумда тек сауда емес, көлік-транзит саласы да талқыланды. Бүгінде Қазақстан басты транзиттік дәліз ретінде, Қытайдан Еуропаға баратын жүктердің 80%-дан астамын қабылдайды. «Бір белдеу, бір жол» бастамасы мен Транскаспий дәлізі аясында 2030 жылға дейін Орта дәліз арқылы жүк тасымалын жылына 10 млн тоннаға дейін жеткізу көзделуде. Инвестициялық бағыт та назардан тыс қалған жоқ. Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстанға 26,4 млрд доллар көлемінде қытайлық инвестиция тартылған. Қазіргі таңда құны 66 млрд доллардан асатын 224 бірлескен индустриялық жоба іске асырылып жатыр, оның 67-сі толық аяқталған. Бұл өзара сенім мен ұзақмерзімді серіктестіктің айқын көрсеткіші. Арман Шаққалиев сөзін қортындылай келе гуандундық кәсіпкерлерді Қазақстанда жаңа жобаларды іске асыруға шақырды: «Біз шетелдік серіктестерге тиімді шарттар, салықтық жеңілдіктер мен заманауи инфрақұрылым ұсына аламыз. Қазақстан Орталық Азия, ТМД, Таяу Шығыс пен Еуропа нарығына шығудың алтын көпірі бола алады», – деді. Миссия нәтижесінде тараптар сауда көлемін ұлғайтуға,жаңа бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға және өңірлік ынтымақтастықты тереңдетуге уағдаласты. Гуанчжоудағы бұл кездесу Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытудың маңызды кезеңі ретінде бағаланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1054591?lang=kk
Қазақстан Республикасының Елшісі НАТО Бас хатшысына сенім грамоталарын тапсырды 21.08.2025
Брюссель, 2025 жылғы 20 тамыз – Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі, Еуропалық Одақтағы және Солтүстік Атлантикалық Шарт Ұйымындағы (НАТО) Елшісі Роман Василенко НАТО Бас хатшысы Марк Рюттеге сенім грамоталарын тапсырды.Сенім грамоталарын тапсырудың ресми рәсімінен кейін өткен кездесуде тараптар Қазақстан мен НАТО арасындағы ынтымақтастықтың жай-күйін, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді талқылады.Р. Василенко Қазақстан үшін НАТО-мен ынтымақтастықтың басты мақсаты БҰҰ қамқорлығымен өтетін бітімгершілік миссияларына қатысу үшін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің бітімгершілік бөлімшелерін даярлау екенін атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бітімгершілік әлеуетін нығайту саласындағы ынтымақтастықты дамытуды жалғастыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1054574?lang=kk
Президенттің 2024 Жолдауын жүзеге асыру: отын-энергетика кешенін ауқымды жаңғырту қалай жүзеге асырылуда 21.08.2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанда отын-энергетика кешенін жүйелі жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Сенімді, өзін-өзі қамтамасыз ететін және заманауи энергетикалық жүйе еліміздің тұрақты экономикалық өсімі мен әрбір азаматтың әл-ауқатын жақсартудың берік іргетасына айналады. Мұнай-химия өнеркәсібінің дамуы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында мұнай-химия саласын одан әрі дамыту міндеттерінің өзектілігіне назар аударды. Мемлекет басшысының шикізат экспортынан жоғары қосылған құны бар өнім өндіруге көшу жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында мұнай-химия саласын дамыту бағдарламасы жүзеге асырылуда. Алты ірі жобаға салынған инвестицияның жалпы көлемі шамамен 15 миллиард АҚШ долларын құрайды. Күтілетін нәтижелер: 3500 тұрақты және 16000 уақытша жұмыс орындарын құру; өнеркәсіптік өсу және экономиканы декарбонизациялау үшін стратегиялық кластерді қалыптастыру; жоғары технологиялық өнімдердің (бутадиен, мочевина, терефтал қышқылы, полиэтилен, полипропилен және т.б.) ассортиментін кеңейту. Негізгі жобалар: қуаттылығы жылына 500 мың тонна полипропилен зауыты іске қосылды; қуаттылығы жылына 1,25 млн тонна полиэтилен зауыты – учаскеде құрылыс жұмыстары жүргізілуде, іске қосу 2029 жылға жоспарланған. Сондай-ақ бутадиен, мочевина, терефтал қышқылы және ауыл шаруашылығында, автомобиль және жеңіл өнеркәсіпте сұранысқа ие басқа да өнімдерді өндіру бойынша перспективалы жобалар әзірленді. Кластердің орталығы «Ұлттық индустриалды мұнай-химия технопаркі» АЭА (ауданы – 3600 гектардан астам) болады, бұл қатысушыларға өнеркәсіп алаңдарына, коммуналдық қызметтерге және салықтық преференцияларға қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда АЭА-да 18 қатысушы компания тіркелді. Газ өнеркәсібі: геологиялық барлаудан терең өңдеуге дейін Газ саласында қазіргі даму кезеңіндегі стратегиялық міндет тауарлық газдың ресурстық базасын кеңейту болып табылады. Мемлекет басшысы өз Жолдауында атап өткендей, қуаттарды кеңейтіп, газ тасымалдау бағыттарын әртараптандыру қажет. Үкіметтің басты міндеттерінің бірі халықты және экономиканы газбен қамтамасыз ету болып қала береді. Өткен жылы бірқатар газ кен орындарын игеру басталды, сонымен қатар жалпы өндіру көлемі жылына бір миллиард текше метр болатын жаңа газ кен орындарын игеру жоспарлануда. Бұл ретте Елбасы Үкіметке аталған жобалар толық іске қосылғанша ішкі нарыққа газ жеткізуді ұтымды бөлуді, жылу электр стансалары мен тұрмыстық тұтынушыларды көмірден газға көшіру мәселесіне теңгерімді қарауды тапсырды. Үкіметке Жаңаөзен, Қашаған және Қарашығанақтағы газ өңдеу зауыттарының құрылысын жеделдету тапсырылды. Тиісті тарифтер мен көтерме бағаларды қамтамасыз етуді қоса алғанда, инвестицияның қайтарылуын қамтамасыз етуге бағытталған тиімді ынталандыруды мүмкіндігінше тезірек енгізу. Мемлекет басшысы алға қойған міндеттер аясында атқарылып жатқан Үкімет жұмысы биыл бекітілген «Газ саласын дамытудың 2029 жылға дейінгі кешенді жоспарымен» үндестіруде. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ірі газ өңдеу зауыттарының құрылысы қарқынды жүргізілді: Қашаған кен орнында 2026 жылы аяқталатын қуаттылығы жылына 1 млрд м³ газ өңдеу зауытының жобасы жүзеге асырылуда, сонымен қатар қуаттылығы жылына 2,5 млрд м³ болатын газ өңдеу зауытының жобасы әзірленуде. Қарашығанақ кен орнында 2028 жылы іске қосылатын қуаттылығы 4 млрд м³/жыл газ өңдеу зауытын салу жоспарлануда (тауарлы газ өндіру – 3,3 млрд м³/жыл). Жаңаөзен қаласында қуаттылығы жылына 900 млн м³ болатын жаңа газ өңдеу зауытының құрылысы басталды. Газ ресурстық базасын ұлғайту бойынша Жол картасы аясында Рожковское, Өріктау Шығыс және Анабай кен орындары өнеркәсіптік пайдалануға берілді. Сонымен қатар, 2025 жылдың мамыр айында «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырының екінші желісінде құрылыс-монтаж жұмыстары басталды, бұл оңтүстік өңірлердің энергетикалық қауіпсіздігін және еліміздің транзиттік әлеуетін айтарлықтай нығайтады. Халықты газбен қамтамасыз ету мәселесіне келсек, бүгінгі таңда Қазақстанды газдандыру деңгейі 62,4 пайызды құрап, 20,2 миллион адамның 12,6 миллионы газбен қамтылған. Бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 2,4 пайызға жоғары. 2024 жылы 4000 шақырымнан астам газ құбыры тартылып, 93 жоба жүзеге асырылды. 2025 жылы 300 мыңнан астам адамды газбен қамтамасыз ететін тағы 77 жобаны аяқтау жоспарлануда.