Enbekshi QazaQ

Қоғам

2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында Маңғыстаулықтарға 50 мыңнан астам төлқұжат пен жеке куәлік берілді 28.07.2025
2025 жылдың басынан бастап Маңғыстау облысының тұрғындарына «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 51 369 төлқұжат пен жеке куәлік рәсімделіп берілді.Дәстүрге сай жаз мезгілінде шетелге шығуға құжат рәсімдейтін азаматтардың саны арта түседі.Әсіресе демалысты шетелде өткізуді жоспарлаған балалы отбасылар белсенділік танытады. Еске сала кетейік, құжаттарды рәсімдеу қызметтерінің құны:• Төлқұжат (36 бет) — 31 456 теңге (8 АЕК)• Төлқұжат (48 бет) — 47 184 теңге (12 АЕК)• Балаларға арналған төлқұжат (24 бет) — 15 728 теңге (4 АЕК)• Жеке куәлік — 786,4 теңге (0,2 АЕК)2025 жылға арналған айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері — 3 932 теңге.Құжат рәсімдеу қызметін алу үшін азамат өтініш, жеке куәлік немесе төлқұжат (ауыстырған жағдайда), мемлекеттік баж салығының төлем түбіртегін ұсынуы қажет.Ал егер азамат жеке куәлікті алғаш рет, яғни 16 жасында алатын болса — туу туралы куәлік ұсынылуы тиіс.Айта кету керек, Қазақстан бойынша кез келген ХҚКО-дан жеке куәлік пен төлқұжатты тіркелген тұрғылықты мекенжайға қарамастан рәсімдеуге болады.Құжат тапсыру тәртібі, ХҚКО-лардың жұмыс кестесі мен кезекші бөлімдердің тізімі туралы толық ақпаратты Мемлекеттік корпорацияның Instagram-дағы ресми парақшасынан немесе 1414 байланыс орталығы арқылы білуге болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-beyneu/press/news/details/1041527?lang=kk
Мемлекеттік қызметтегі әдеп нормалары талқыланды 28.07.2025
Бүгін Самар ауданы әкімінің орынбасары Мурат Мухаметжанов және аппаратының басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл Рауан Жампеисов мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этика нормаларын сақтауы жөнінде кеңес өткізді.Оған аудандық бөлімдер мен мекемелердің басшылары қатысты. Мемлекеттік қызметтегі кәсіби мінез-құлық, тәртіп пен жауапкершілік мәселелері талқыланды. Азаматтарға құрметпен қарау, іскерлік стиль мен жоғары кәсібилік стандарттарын сақтау маңыздылығына ерекше назар аударылды. Сонымен қатар мемлекеттік қызметкершілердің ауданның қоғамдық өміріне белсенді қатысуын қамтамасыз ету тапсырылды. Оның ішінде сенбіліктер мен басқа да әлеуметтік маңызды бастамалар бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1041509?lang=kk
2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында Маңғыстаулықтарға 50 мыңнан астам төлқұжат пен жеке куәлік берілді 28.07.2025
2025 жылдың басынан бастап Маңғыстау облысының тұрғындарына «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 51 369 төлқұжат пен жеке куәлік рәсімделіп берілді.Дәстүрге сай жаз мезгілінде шетелге шығуға құжат рәсімдейтін азаматтардың саны арта түседі.Әсіресе демалысты шетелде өткізуді жоспарлаған балалы отбасылар белсенділік танытады.Еске сала кетейік, құжаттарды рәсімдеу қызметтерінің құны:• Төлқұжат (36 бет) — 31 456 теңге (8 АЕК)• Төлқұжат (48 бет) — 47 184 теңге (12 АЕК)• Балаларға арналған төлқұжат (24 бет) — 15 728 теңге (4 АЕК)• Жеке куәлік — 786,4 теңге (0,2 АЕК)2025 жылға арналған айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері — 3 932 теңге.Құжат рәсімдеу қызметін алу үшін азамат өтініш, жеке куәлік немесе төлқұжат (ауыстырған жағдайда), мемлекеттік баж салығының төлем түбіртегін ұсынуы қажет.Ал егер азамат жеке куәлікті алғаш рет, яғни 16 жасында алатын болса — туу туралы куәлік ұсынылуы тиіс.Айта кету керек, Қазақстан бойынша кез келген ХҚКО-дан жеке куәлік пен төлқұжатты тіркелген тұрғылықты мекенжайға қарамастан рәсімдеуге болады.Құжат тапсыру тәртібі, ХҚКО-лардың жұмыс кестесі мен кезекші бөлімдердің тізімі туралы толық ақпаратты Мемлекеттік корпорацияның Instagram-дағы ресми парақшасынан немесе 1414 байланыс орталығы арқылы білуге болады. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-munayli/press/news/details/1042895?lang=kk
Құрметті Самар ауылының тұрғындары! 28.07.2025
Құрметті Самар ауылының тұрғындары!2025 жылғы 31 шілде күні сағат 10.00-де Самар ауылының Мәдениет үйінде Самар ауылдық округінің әкімі Марат Ержанұлы Дюсуповтың және Самар ауданының әкімі Серік Жеңісұлы Жеңісовтің ауыл тұрғындарымен кездесуі өтеді.Сіздерді кездесуге белсенді қатысуға шақырамыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-samar/press/news/details/1041611?lang=kk
72 жастағы қазақстандық сот залында босатылған кезде жылап жіберді. 28.07.2025
Шығыс Қазақстан облысында есірткі қылмысы үшін сотталған 72 жастағы ер адам рақымшылықпен босатылды. Ол сот залында жылап жіберді. Ол жазасын колонияда жеті ай мерзімге өтеп, 2026 жылға дейін босатылуы тиіс еді. Сот отырысы залында босатылғанын естігенде, оның қуанышы соншалықты шынайы болды, ол көз жасын тыя алмады.«Мен оны көптен бері көрмеген едім, енді ол менің қасымда! Бұл нағыз ғажайып!» – деп бөлісті рақымшылыққа ілінген ер адамның қарындасы бауырын құшақтап.Конституцияның 30 жылдығына орай жарияланған ауқымды амнистияның арқасында Шығыс Қазақстан облысында 18 адам қазірдің өзінде бостандыққа шықты. Аймақта амнистияға 405 сотталған адам ілігеді, оның ішінде 44 адам толығымен босатылады, ал 361 адамның жаза мерзімі қысқартылады. Соттарға 234 іс жіберілді, оның 31-і қазірдің өзінде қаралды.  Шығыс Қазақстан облысында кезекті туған күні қарсаңында тағы бір ер адам рақымшылықпен босатылды. Ол – 39 жастағы азамат, соңғы жылдары туған күндерін темір тордың ар жағында, балаларын асырауға қаражат төлеу міндетін орындамағаны үшін жазасын өтеп келген.«Бұл күнді бостандықта, жақындарымның ортасында қарсы алу – бұл сатып алуға да, сөзбен айтып жеткізуге де келмейтін сезім. Енді міндетті түрде жұмысқа орналасамын және алиментті уақытылы төлеймін. Балаларым әкесінің өзгергенін және оларды тәрбиелеу мен қамтамасыз етуге жауапкершілік алуға дайын екенін білуі керек», – деді ер адам.ШҚО бойынша ҚАЖД (Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті) амнистияның жай ғана мерзімді қысқарту емес, жаңа мүмкіндік, жаңа өмірдің бастауы, жақсылыққа деген сенімнің символы екенін атап өтті.«Амнистия – бұл жай ғана құқықтық рәсім емес. Бұл мемлекет тарапынан жасалған гуманизм актісі, ол өткенде қателік жіберген адамдарға түзелуге нақты мүмкіндік береді. Біз адамдардың қалай өзгеріп жатқанын, олардың осы екінші мүмкіндікті қалай бағалайтынын көріп отырмыз. Көп жылдық бостандықтан айырылудан кейін туған күнді бостандықта қарсы алу – бұл баға жетпес дүние. Бұл олардың жеке бақыты ғана емес, сонымен қатар әркімнің түзелуге және жаңа өмірге құқығы бар қоғамды нығайтуға жасалған қадам», – деп атап өтті ШҚО бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары, әділет полковнигі Тлеуберген Конекбаев.Бұл оқиға амнистияның адамдардың өміріне қаншалықты оң әсер ететінін көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-vko/press/news/details/1041363?lang=kk
Облыстық «Аяулы жас келін – 2025» байқауы 28.07.2025
        Ағымдағы жылдың 25 шілдесінде Курчатов қаласында облыстық «Аяулы жас келін – 2025» байқауы өтті. Бұл – өңірдің әр түкпірінен келген ең үздік, ең талантты жас келіндер жиналған жарқын әрі маңызды мәдени шара болды.Курчатов қаласының әкімі Абдралиев Б. Т. байқауға қатысушыларды құттықтап, оларға шабыт, сенімділік пен жарқын өнер көрсету тіледі.«Халықта: “Жақсы келін – алтын қазық” деген сөз бар. Шынында да, жас келіннің қолында – отбасыдағы жайлылық, тәртіп пен татулық. Ол – болашақ ана, салт-дәстүрдің сақтаушысы, өсіп келе жатқан ұрпаққа үлгі. Осындай байқаулар келіннің, жалпы әйел адамның қоғамдағы және отбасындағы рөлін айқындай түсуге мүмкіндік береді», – деді Болат Тансықбаевич.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1041369?lang=kk
Су саласы мамандықтарына бөлінетін грант саны ұлғайды 28.07.2025
Су шаруашылығы кәсіпорындарында 10 мыңға жуық маман қызмет етеді. Жаңа құрылыс нысандарының салынуына байланысты және су шаруашылығы саласы жұмыскерлерінің жасына жасалған талдау нәтижесінде алдағы 4-5 жылда су шаруашылығы мамандарына қажеттілік 2 мыңдай адамды құрамақ. ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Ғылым және инновациялар департаментінің директоры Ләззат Жүсіпованың ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлауынша, саладағы білікті мамандардың тапшылығын шешу мақсатында 2024 жылғы шілдеде «Қазақ Ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті» құрылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamysty-klochkov/press/news/details/1041393?lang=kk
«Blockchain» технологиясы Мемлекеттік қызмет көрсету жылдамдығын қалай арттырады 28.07.2025
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы серіктес банктермен бірлесіп «Blockchain» технологиясы арқылы заңды тұлғалардың жылжымайтын мүлік кепіліне тіркеу сервисін іске қосты. Бұл сервис Мемлекеттік корпорация мен екінші деңгейлі банктер арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастық аясындағы жобалардың жалғасы.Заңды тұлғалардың жылжымайтын мүлкін кепілге қойып, онлайн рәсімдеу арқылы несие беруді жеңілдету сынды банк саласындағы «Blockchain» технологиясының мүмкіндіктерінің арқасында мәмілелерді тіркеуге жұмсалатын уақыт бірнеше есе қысқарады. Нәтижесінде, құжат жинау қажеттілігі мен қызмет алушы мен қызмет көрсетушінің бетпе-бет кездесу талабының жойылуының арқасында кепілді тіркеу мерзімі 3 күннен 1 сағатқа қысқарады.Жалпы Мемлекеттік корпорация мен екінші деңгейлі банктер арасындағы ынтымақтастық аясында жеке тұлғаларға кепіл түріндегі ауыртпалықтарды тіркеу және оны тоқтату, әлеуметтік әлсіз топтарға арналған мемлекеттік бағдарлама бойынша жалдау шартын жасау, сондай-ақ жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату және беру шарттарын рәсімдеу секілді қызметтер көрсетіледі.2024 жылы «Blockchain» технологиясы арқылы қарыз шарты бойынша талап ету құқығын беру, шарт талаптарының өзгеруіне байланысты ауыртпалықтарды өзгерту, сондай-ақ тұрғын емес үй-жайларды кепілге қою шартын тіркеу қызметтері де іске қосылды.Бүгінгі күнге дейін «Blockchain» технологиясы арқылы 360 мыңнан астам өтінім қарастырылды. Жылжымайтын мүлікке ауыртпалықтарды тіркеу 2024 жылы өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есеге артты, яғни 87,8 мың операциядан 131,7 мыңға дейін өсті.Жаңа технологияны пайдалану бойынша Астана, Алматы және Шымкент қалалары, сондай-ақ Ақтөбе, Түркістан, Қарағанды және Алматы облыстары жоғары белсенділік танытты.Жаңа сервис «Blockchain» технологиясын қолдану арқылы көрсетілетін қызметтер қатарын кеңейтіп, банктер тарапынан түсетін шарттардың барлық ауқымын жылжымайтын мүлікті (ауыртпалық құқықтарын) электронды тіркеуге аудару.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-munayli/press/news/details/1042876?lang=kk
Қазақстан мен Кувейт екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша өзара іс-қимылды нығайтуда 28.07.2025
Әл-Кувейт, 2025 жылғы 23 шілде – Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Елшісі Ержан Елекеев Кувейт Мемлекетінің Сыртқы істер министрі Абдалла Әли Әл-Яхьямен кездесу өткізді.Кездесу барысында Қазақстан Елшісі еліміз Кувейт Мемлекетімен саяси ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ экономикалық және инвестициялық диалогты тереңдетуге ұмтылатынын атап өтті.Сұхбат барысында қазақ дипломаты Кувейттің сыртқы саяси ведомствосының басшысын Қазақстан Республикасының экономикалық даму басымдықтарымен таныстырып, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел Үкіметінің алдына 2029 жылға дейін жалпы ішкі өнім көлемін 450 миллиард АҚШ долларына дейін ұлғайту міндетін қойғанын атап өтті. Сонымен қатар, осы кезеңде елге 150 миллиард АҚШ доллары сомасына тікелей шетелдік инвестициялар тарту жоспарлануда.Осыған байланысты қазақстандық тарап Кувейт бизнес-қоғамдастығының өкілдерін агроөнеркәсіптік кешенді, логистика мен жасанды интеллектті қоса алғанда, экономиканың неғұрлым перспективалы салаларындағы инвестициялық ынтымақтастық мүмкіндігін қарастыруға шақырды.Кездесу аясында Қазақстан Елшісі Кувейт Сыртқы істер министріне сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті.Әңгіме соңында Елші Е. Елекеев өзара сенім, ортақ өркендеу мен берік достыққа негізделген Қазақстан мен Кувейт арасындағы әріптестікті одан әрі нығайтуға сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kuveyt/press/news/details/1041267?lang=kk
Алматы облысында заманауи Aqtas туристік нүктесі қалай пайда болды 28.07.2025
Алматы облысының таулы аймағында жыл он екі ай демалуға арналған заманауи туристік нысан – Aqtas жобасы іске қосылды. Қиын климаттық жағдайлар мен күрделі рельефке қарамастан, жобаның бірінші кезеңі небәрі 11 айда аяқталды.Соңғы жылдары Қазақстандағы туризм саласы қарқынды дамуда. ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өткен жылы қонақүй және курорттық қызметтер көлемі 30%-дан астамға өсіп, салаға салынған инвестициялар 980 миллиард теңгеден асты. Бұл өсімнің маңызды бөлігі Алматы агломерациясының тау кластеріне тиесілі.Дәл осы өңірде, көркем табиғат аясындағы әйгілі Oi-Qaragai курорты маңында 2024 жылы жаңа туристік кластер – Aqtas аймағының құрылысы басталды. Ал 2025 жылы ол толыққанды туристік орталыққа айналып, жаңа инвестициялар мен туристерді тартатын нүкте болды.Жаңа таулы демалыс аймағы теңіз деңгейінен 2 100 метрден жоғары биіктікте орналасқан. Оның басты ерекшелігі – Орталық Азияда алғаш рет іске қосылған 10 орындық гондолалы аспалы жол. Бұл жол кешке дейін жұмыс істеп, қонақтарға күн бату мен түнгі Алматы панорамасын тамашалауға мүмкіндік береді.2025 жылдың сәуір айынан бастап жобаның келесі кезеңі – 100-ден астам адамға арналған мейрамхана мен конференц-залдың құрылысы қолға алынды. Курорт толығымен қазақстандық кәсіпкер Ерлік Балфанбаевтың жеке инвестициясы есебінен салынуда. Шетелдік қаржы тартылмаған. Қазіргі таңда салынған инвестиция көлемі 44 миллион АҚШ долларынан асты, ал жобаның жалпы құны 160 миллион доллар деп бағалануда. Барлық кезеңдер аяқталған соң, мұнда 1 200-ден астам тұрақты жұмыс орны ашылып, жыл сайын шамамен 1,6 миллиард теңге салық бюджетке түсетін болады.Қазақстандық тәжірибеде таулы жерде мұндай ауқымды жобаны 11 айда жүзеге асыру – өте сирек кездесетін жағдай. Биік таудағы логистика мен климаттың қиындығына қарамастан, тиімді жоспарлау мен кезең-кезеңмен іске асырудың арқасында 2025 жылдың 1 наурызында аспалы жол алғашқы туристерді қабылдап, бизнес алғашқы кірісін түсіре бастады.Алдағы айларда Aqtas аймағында бугельді көтергіш, глэмпинг, алып әткеншектер мен катапульта сынды экстремалды аттракциондар іске қосылады. Бұл нысанның жазда да, қыста да тартымды болуына жол ашады.Aqtas жобасы – Қазақстанда жеке бизнес пен тиімді басқару арқылы халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті туристік өнім жасау мүмкін екенін көрсететін жарқын мысал. Курорттың экономикалық үлесі де айтарлықтай: 2023 жылы салық түсімі 800 миллион теңгеден, ал 2024 жылы – 1,5 миллиард теңгеден асты.Ішкі туризмді дамыту – енді тек шикізаттық экономикаға балама емес, жоғары әлеуеті бар дербес салаға айналуда. Aqtas – осы үрдістің нақты дәлелі әрі еліміздің өзге аймақтарында да кеңінен таратуға болатын табысты тәжірибе. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1041231?lang=kk
ИС «Keden» жүйесінде алдын- ала шешімдерді қабылдау функционалының іске қосылуы 28.07.2025
ИС «Keden» жүйесінде алдын- ала шешімдерді қабылдау функционалының іске қосылуы«Keden» ақпараттық жүйесін кезең-кезеңімен енгізу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес Тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдерді және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы жиналмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жиынтықталмаған немесе аяқталмаған түрде өткізілетін тауарларды сыныптау туралы шешімдерді қабылдауын (бұдан әрі – шешім) енгізу жөніндегі функционалды пайдалануға енгізеді.2025 жылғы 28 шілдеден бастап шешімді қабылдауға өтініштерді беру және өңдеу «Keden» АЖ жүзегеде асырылатын болады.Ағымдағы жылдың 25 шілдеде сағат 18:30-да «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша «Бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінде шешімдерді қабылдау өтініштердін қабылдау тоқтатылатынын атап өтеміз.Өтінішті толтыру тәртібі мен жүйеде тіркелу жөніндегі нұсқаулықтар https://keden.kgd.gov.kz порталының басты бетінде, сондай-ақ арнайы құрылған Telegram-чатта – https://t.me/kedenkgdgovkz/63080 орналастырылған (өтініш берушіге арналған).Назар аударыңыз! Тіркелу кезінде жарамды ұялы телефон нөмірлері мен электрондық пошта мекенжайын көрсету қажет. Бұл өтініш мәртебелері туралы хабарламаларды алу үшін маңызды.Қосымша ақпарат пен кеңес алу үшін қолдау қызметіне жүгінуге болады: +7 7172 73 55 19 +7 705 956 53 89 e-mail: keden_support@kgd.minfin.gov.kz. Telegram арнасы: https://t.me/kedenkgdgovkz.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-shymkent/press/news/details/1041198?lang=kk
2025 жылғы 30 шілде күні сағат 11.00 –де әкімдіктің мәжіліс залында Меңдіқара ауданы әкімдігінің отырысы өткізіледі. 28.07.2025
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1041206?lang=kk
Ұлттық қауіпсіздік пен әскери салада 60-тан астам офицер мен генерал магистр атанды 28.07.2025
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінде болашақ қолбасшылар мен әскери басқару жүйесінің жетекшілері болып саналатын магистранттардың салтанатты бітіру рәсімі өтті. Биыл магистратура бағдарламасын 66 әскери қызметші сәтті аяқтады. Олардың қатарында Қорғаныс министрлігі, ҰҚК, ІІМ, Ұлттық ұлан және басқа да күштік құрылымдардың офицерлері мен генералдары бар. Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров түлектерді құттықтады:«Бүгін сіздер кәсіби әрі академиялық дамудың маңызды кезеңін аяқтап отырсыздар. Университет қабырғасында алған білім, дағды мен офицерге тән қасиеттер — Отан алдындағы қызметтің берік іргетасы болмақ. Басшылықтың атынан баршаңызды оқу орнын сәтті аяқтаумен құттықтаймын. Әрқайсыңызбен мақтанамын!».Бұдан бөлек ол әскери білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлестері үшін профессорлық-оқытушылық құрам мен ғылыми қызметкерлерге де алғыс білдірді.Үздік түлектер қатарында — генерал-майор Дәулет Оспанов, әділет подполковнигі Нұржан Жапаров және медицина қызметінің майоры Талғат Слямбаев бар. Университет тарихында алғаш рет медицина қызметінің офицерлері магистр дәрежесін иеленгенін айта кету керек.Жоғары дайындық деңгейін көрсеткен үздік магистранттарға төсбелгілер табысталып, есімдері университеттің Құрмет тақтасына енгізілді.Ұлттық қорғаныс университеті — Орта Азиядағы жедел-тактикалық, жедел-стратегиялық және стратегиялық деңгейдегі офицерлерді дайындайтын жалғыз жоғары оқу орны. Мұнда тек Қазақстан Қарулы Күштерінің ғана емес, ҰҚШҰ мүше елдер мен алыс шет елдерінің өкілдері де білім алады. Бұл өз кезегінде білім ордасын халықаралық әскери әріптестіктің маңызды алаңына айналдырады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1041222?lang=kk
Отандық шикізатты экспорттауға лицензияны енді elicense.kz порталында онлайн ресімдеуге болады 28.07.2025
elicense.kz порталында заңды тұлғаларға арналған отандық шикізат тауарлары тізбесіне енгізілген өнімдерді экспорттауға лицензия алуға арналған жаңа қызмет іске қосылды. Қызмет автоматтандырылған және кәсіпкерлерге өтінімді толығымен онлайн режимде беруге мүмкіндік береді.  Лицензияны ресімдеу – Қазақстан аумағында өндірілген белгілі бір санаттағы шикізатты заңды түрде экспорттаудың міндетті шарты болып табылады. Бұл жаңалық өтінім беруді және оның орындалуын айтарлықтай жеңілдетеді.Қызметті пайдалану үшін:elicense.kz порталында авторизациядан өту қажет;«Тауарлардың импорты, экспорты» бөліміне өтіп, «Отандық шикізат тауарлары тізбесіне енгізілген өнімдерді экспорттауға лицензия беру» қызметін таңдау керек;электрондық өтінім формасын толтырып, қажетті құжаттарды тіркеу, мемлекеттік баж салығын төлеу қажет;өтінімді ЭЦҚ немесе QR-код арқылы қол қою арқылы растау керек.Өтінім 5 жұмыс күні ішінде қаралады. Дайын лицензия elicense.kz порталындағы жеке кабинетте «Рұқсаттар» бөлімінде көрсетіледі. Лицензия беруден бас тартылған жағдайда, негіздемесі бар ақпарат «Менің өтінімдерім» бөлімінде көрсетіледі. Қызмет Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында заңды тұлғаларға қолжетімді.Лицензия бергені үшін мемлекеттік баж мөлшері – 10 АЕК. Төлем екінші деңгейдегі банк арқылы заңды тұлғаның тіркелген орны бойынша салық органының шотына жүргізіледі. Қызмет ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің бірлескен жұмысының нәтижесінде іске қосылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1041167?lang=kk
Су айдындарында қауіпсіздік: Ұлан сарбаздары рейд жүргізуде 28.07.2025
Жазғы шомылу маусымының қызуына байланысты еліміздің түрлі өңірлерінде су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша профилактикалық шаралар жүргізілуде. Бұл жұмыстарға ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері де жұмылдырылған.Рейд барысында жағалау аймақтарына барып, демалушыларға судағы қауіпсіздік ережелері жазылған жадынамалар таратылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Ерекше назар кәмелетке толмаған балалар мен ересектердің қарауынсыз жүрген жастарға бағытталған.Мұндай рейдтердің негізгі мақсаты – судағы жазатайым жағдайлардың алдын алу және адамдарға қарапайым қауіпсіздік қағидаларын еске салу. Балаларға бақылау қажет, белгіленбеген және ағысы қатты жерлерде шомылуға болмайды. Сондай-ақ мас күйінде суға түсудің және тыйым салынған орындарда шомылудың қауіпті екені ескертіледі.Әскери қызметшілер өз тәжірибесінде мұндай жағдайлармен жиі ұшырасады. Мысалы, 27 маусым күні Қызылордада сержант Мұрат Түсекеев пен кіші сержант Жамбыл Таңсықбай Сырдария өзеніне батып бара жатқан адамды құтқарып қалды. Ал жуырда Өскеменде ефрейтор Пермабек Жанасбек Үлбі өзенінен қызды аман алып шыққаны үшін «Ізгі жүрек» марапатына ие болды.Жалпы алғанда, жаз мезгілінде судағы қауіпсіздікке ерекше мән беру қажет. Бұл – әр адамның өз жауапкершілігі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1041120?lang=kk
Электрик – өмірге жарық сыйлайтын мамандық 28.07.2025
Электр қуатынсыз қазіргі заманғы өмірді елестету мүмкін емес. Үйіміздегі жарық, зауыттағы құрал-жабдықтар, мектептер мен ауруханалар – барлығы электр мамандарының күнделікті еңбегінің нәтижесі.Электрик – бұл тек сымдарды жалғап, жарықты қосатын адам емес. Бұл – қауіпсіздік пен дәлдікті, техникалық білім мен жауапкершілікті талап ететін маңызды мамандық. Қоғамға пайда әкеліп, адамдардың өмірін жеңілдетуге бағытталған нағыз еңбек.2025 жыл – жұмысшы мамандықтарды қолдау жылы. Осыған орай, электр мамандарының маңызын ерекше атап өткіміз келеді. Олар – тыныш еңбек етіп, тіршіліктің жүрегін тоқтатпай ұстап тұрған жандар.Болашақ мамандығыңызды таңдауда ойланып жүрсеңіз, электрик болу – елге, қоғамға қызмет етудің бір жолы екенін естен шығармаңыз. Бұл – тұрақты табыс, үздіксіз даму және мақтанышпен айтылатын кәсіп.Электрик – бұл болашаққа жарық сыйлайтын мамандық.#ЖұмысшыМамандықтарЖылы
Қазақстанда мерзімді қызметтің жаңа форматтағы SARBAZ+ пилоттық жобасын іске қосу жоспарланып отыр 28.07.2025
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі жаңа форматтағы мерзімді әскери қызметтің SARBAZ+ пилоттық жобасын іске асыруда. Бағдарлама әскери қызметшілерді даярлау сапасын арттыруға және заманауи технологияларды күнделікті әскер өміріне кіріктіруге бағытталған.Осы күзде Алматы облысында орналасқан Әуе қорғанысы күштерінің 78460 әскери бөлімінде 150 әскерге шақырылушы жаңа үлгі бойынша қызмет атқара бастайды. SARBAZ+ сарбаздардың жеке және кәсіби әлеуетін дамытуға, қызмет көрсету жағдайларын жақсартуға және күнделікті қызметті басқаруға цифрлық құралдарды енгізуге бағытталған шешімдерді сынақтан өткізуге арналған алаңға айналады.Жобаны іске қосуға дайындық аясында бөлімге Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Дархан Ахмедиев келді. Делегация құрамына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Олжас Құспеков және «Қазақтелеком» АҚ, «Транстелеком» АҚ, «BI Group» АҚ, «Invictus Fitness» ЖШС, «Қазақстан ГАЖ Орталығы» АҚ және Алматы шахмат клубының серіктес компанияларының өкілдері кірді. Қатысушылар инфрақұрылым нысандарымен танысып, жаңа футбол алаңы мен электронды тирдің ашылуына қатысты.SARBAZ+ жобасы әскери қызметті кәсіптік оқыту элементтерін, цифрлық шешімдерін, медициналық мониторинг жүйесін және бос уақытты ұйымдастыруды кіріктіруді көздейді.Әрбір әскери қызметшіге нақты уақыттағы биометриялық көрсеткіштерді бақылау үшін фитнес-білезік беріледі деп жоспарланып отыр. Деректер медициналық персонал мен командирлерге қолжетімді орталықтандырылған мониторинг жүйесіне келіп түседі, бұл жеке құрамның денсаулық жағдайын тұрақты бақылауды қамтамасыз етеді. Бейне талдау жүйесі де енгізілуде.Бөлім аумағында құрылыс және жөндеу жұмыстары аяқталуда. Спорт нысандары жаңартылып, тренажерлер орнатылуда, ойын спорт түрлеріне арналған алаңдар мен көрермендерге арналған аймақтар құрылып жатыр. Логикалық ойлауды дамыту және зияткерлік белсенділікті қолдау үшін шахмат секцияларын іске қосу да жоспарда бар.Жоба аясында телекоммуникация және IT саласында — «Қазақтелеком» және «Транстелеком» компанияларымен бірлесіп базалық оқыту бағдарламалары көзделген. Әскердегі қызмет аяқталғаннан кейін қатысушылар аттестаттаудан өтіп, жұмысқа орналасу кезінде пайдалы сертификаттар ала алады. Оған қоса ұшқышсыз ұшатын құрылғылар мен радиобайланысты пайдалану негіздеріне оқыту жоспарланған. Қосымша қазақ және ағылшын тілдерінде сабақтар ұйымдастырылады.Әскери қызметшілердің психологиялық күйін қолдау үшін эмоцияны шығару бөлмесі ашылады. Офицерлер мен сержанттар үшін заманауи, құзыретті және стресске төзімді әскери маман қалыптастыруға бағытталған жеке тұлғаны дамыту бойынша тренингтер қарастырылған.SARBAZ + бағдарламасы мерзімді қызмет сарбаздарына ғана әсер етпейді. Бөлімнің офицерлік және сержанттық құрамы да, оның ішінде CCNA Cisco желілік технологиялар саласындағы халықаралық бағдарламасы бойынша біліктілігін арттырудан өтеді.Әскерге шақырылушыларды іріктеудің ыңғайлылығы үшін жобаның ресми сайты әзірленді. Платформада қызметке кіру тәртібі, өту шарттары және іріктеу кезеңдері туралы ақпарат орналастырылған. Әскерге шақырылушылар онлайн-тіркеуден өте алады, содан кейін олардың сауалнамаларын бөлім өкілдері мен жергілікті әскери басқару органдарының қатысуымен комиссия қарайды. Іріктеуден өткен үміткерлер қабылданғаны жайлы хабарлама алады.«SARBAZ+ — әскери қызметтің үлгісі ғана емес, сонымен қатар жеке және кәсіби өсу мүмкіндігі. Біз әрбір әскерге шақырылушының азаматтық өмірде пайдалы болатын нақты білім мен дағды алып, әскерден запасқа шығуына жұмыс істейміз», — деп атап өтті Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев.Жоба сәтті іске асырылған жағдайда оны Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің басқа да бөлімшелеріне кезең-кезеңімен енгізу жоспарланып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1040964?lang=kk
Ұландықтар су аймақтарында профилактикалық рейд жүргізуде 28.07.2025
Шомылу маусымының қызуына байланысты ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері су айдындарында жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталған кешенді шаралар жүргізуде.Акция шеңберінде ұландықтар республика бойынша жағалау аймақтарына арнайы барып, су жағасында қауіпсіздік ережелері жазылған жадынамалар таратуда, сондай-ақ демалушылармен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әсіресе, ересектерсіз жүрген жастарға, кәмелетке толмағандарға ерекше көңіл бөлінеді.Рейдтің негізгі мақсаты — қайғылы жағдайлардың алдын алу және азаматтарға қарапайым, бірақ өмірлік маңызы бар ережелерді еске салу. Шомылу науқанында балаларды ерекше бақылау керек, ағысы бар жерге жүзуге және су ішідегі арнайы белгілерден асуға болмайды. Сондай-ақ мас күйде суға түспеу, тыйым салынған жерлерде шомылмау ескертіледі.Ұландықтар күнделікті қызметтерінде әртүрлі жағдайларға тап болады, олар суға батып бара жатқан қаншама адамның өміріне араша болды. Осыдан тура бір ай бұрын, 27 маусымда Қызылордада сержант Мұрат Түсекеев пен кіші сержант Жамбыл Таңсықбай Сырдария өзеніне батып бара жатқан ер адамды құтқарып қалды. Ал өткен аптада Өскеменде ефрейтор Пермабек Жанасбек Үлбі өзенінен қызды құтқарғаны үшін "Ізгі жүрек" сыйлығына ие болды.ІІМ Ұлттық ұланы мен ТЖМ халықты мұқият және жауапты болуға, сақтық шараларын сақтауға шақырады. Қауіпсіздік әрқайсымыздан басталады! ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1040963?lang=kk
Әскери теңізшінің қызы бес сайыстан Азия чемпионатында медаль олжалады 27.07.2025
Бурабайда өткен жасөспірімдер мен ересектер арасындағы биатл және триатлдан Азия чемпионатында қазақстандық спортшы Айша Наурызбай үздік нәтиже көрсетті. Жас спортшы жеке пәндер бойынша күміс және қола медаль жеңіп алды, сонымен қатар 10 жасқа дейінгі балалар арасындағы командалық аралас жарыста екінші орын алды.Айша – Қазақстан Республикасы Әскери-теңіз күштері теңізшісінің қызы. Бала кезінен бастап ол Отан қорғаушылардың отбасына өсіп, патриотизмді бойына сіңірген, тәртіп пен жауапкершілікті біледі.«Менің әкем – менің тәлімгерім. Ол мені бала кезімнен тәртіпті болуға, спортпен шұғылдануға үйретіп келеді. Барлық бастамаларымды қолдап, жанымнан табылады. Арманым – әлемдік аренада Қазақстанның Туын көкке желбірету», – деді Айша.Айша бес жасынан жүзумен айналысқан. Бұл ол қатысқан бірінші халықаралық жарыс емес: 2024 жылы ол осындай чемпионатта қола медаль жеңіп алды. Оның табандылығы, спорттық рухы және жеңіске деген ұмтылысы құрбы-құрдастарына керемет үлгі.Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері өз елінің лайықты азаматтары — қайсар, мақсатқа ұмтылатын және талантты балалар тәрбиелеп отырған әскери қызметшілердің отбасыларымен мақтанады. Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде отбасын қолдау, Отанға қызмет ету рухы және жоғары моральдық құндылықтарды сақтау маңызды екені анық.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1040928?lang=kk