Қоғам
Қостанай облысында құрылыс қарқыны артып келеді 26.06.2025
2025 жылдың алғашқы бес айында Қостанай облысының құрылыс саласы тұрақты өсім көрсетіп отыр. Облыс әкімі Кумар Ақсақаловтың төрағалығымен өткен әкімдік отырысында мәлім етілгендей, құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі 2024 жылмен салыстырғанда 70 пайызға артып, 75,5 млрд теңгені құрады.Аймақ үшін басым бағыттардың бірі – тұрғын үй құрылысы. Жыл басынан бері 179,5 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді, бұл – 1 810 пәтер. Қостанай қаласы, Рудный және Қостанай аудандарында орналасқан жаңа «Астана» және «Бәйтерек» шағын аудандары белсенді түрде дамып келеді. Жалпы алғанда, бұл аудандарда 150-ден астам тұрғын үй және әлеуметтік инфрақұрылымы бар нысандар салу жоспарланған.Отырыста облыс әкімі өмір сүру ортасының сапасына ерекше назар аударды:«Үй салған кезде аумақты абаттандыруға ерекше мән беру керек. Балалар және спорт алаңдары тек сапалы материалдардан жасалып, барлық құрылымдар берік орнатылуы тиіс. Мен құрылыс алаңдарын жеке өзім аралап жүрмін, аудан әкімдеріне бұл жұмысты қатаң бақылауға алуды тапсырдым. Қоғамдық бақылау – ең тиімді тәсіл», – деді Кумар Ақсақалов.Сондай-ақ өңірде әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жалғасуда. Қазірдің өзінде жаңа мектептер, емханалар, балабақшалар мен спорт нысандары іске қосылған. Жыл соңына дейін ауылдық жерлерде тағы 15 әлеуметтік нысан пайдалануға беріледі.Инженерлік инфрақұрылымға 8,7 млрд теңге бөлініп, Құнай, Береке, Астана және Бәйтерек шағын аудандарында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар құрылыс материалдарын шығару ісі жанданып келеді: бес ай ішінде өндіріс көлемі 18,5 млрд теңгеге жеткен.Кеңесте ТОО «My Eco House» директоры Нұржан Батталов жеке бастама ретінде энергия үнемдейтін СИП-панельдерден үй салу жобасын таныстырды.«180 шаршы метрлік бір үйді небәрі 10 күнде құрастырып шығуға болады. Арнайы техника қолданбаймыз, іргетасы жеңіл, ал материалдар жылу сақтайды. Сарыкөл мен Әулиекөл аудандарында біз тек үйлерді салып қойған жоқпыз – жергілікті шаруашылықтардың қызметкерлері өздері біздің жинақтарымыздан үйлерін тұрғызды», – деді ол.Бұдан бөлек, облыста «Отбасы банк» арқылы тұрғын үй алу үшін электронды кезек жүйесі енгізіліп жатыр. Мамыр айының соңындағы мәліметке сәйкес, бұл базаға ел бойынша 149 мыңнан астам өтінім тіркелген. Жүйе арқылы баспанаға мұқтаж жандарға жалдамалы тұрғын үйден бастап, жеңілдетілген ипотекаға дейін түрлі мемлекеттік қолдау ұсынылады.Кумар Ақсақаловтың айтуынша, өңірдегі барлық бастама мен жұмыс азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған: баспана – бұл жай ғана қабырға емес, адамның лайықты өмір сүруінің негізі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1024796?lang=kk
Алтай аудандық мәслихат төрағасының жеке қабылдауына субсидияланған әлеуметтік маңызы бар маршруттар мәселесіне алаңдаған қала тұрғындары жазылды 26.06.2025
Алтай ауданы мәслихатының төрағасына жеке қабылдауға әлеуметтік маңызы бар субсидияланатын маршруттар мәселесіне алаңдаған қала тұрғындары жазылды. Осыған байланысты билік өкілдері мен тұрғындар өзара пікір алмасып, ұсыныстарын айтып, өзекті мәселелердің шешу жолдарын қарастырған. Дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Кездесу қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына депутаттық сауал жолданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/altay-maslihat/press/news/details/1024748?lang=kk
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкері «Қазақ күресі» бойынша жарыста жүлделі орын иеленді 26.06.2025
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамы ұйымдастырған XII Спартакиада аясында құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында ұлттық спорт түрі — «Қазақ күресі» бойынша жарыстар өтті.Спорттық шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, Қаржылық мониторинг агенттігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ішкі істер министрлігінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің және басқа да ведомстволардың құрама командалары қатысты.Жарыстың негізгі мақсаты — салауатты өмір салтын насихаттау және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арнайы дене дайындығы деңгейін арттыру болды.Жарыс қорытындысы бойынша Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкері Ақыл Қырықбаев жүлделі үшінші орынды иеленді.Аталған жарыстар күштік құрылымдар қызметкерлері арасында ұлттық спорт түрлерін кеңінен насихаттауға, тәжірибе алмасуға және командалық рухты нығайтуға айырықша мүмкіндік береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-almaty/press/news/details/1024752?lang=kk
«XXI ғасырдың қаржылық триггерлері» форумы өтті 26.06.2025
Көкшетауда «Болашақ сарайы» оқушылар сарайының алаңында қаржылық пирамидаларға, интернет-алаяқтыққа қарсы тұру және интернет-гигиенаны сақтау мәселелеріне арналған «21 ғасырдың қаржылық триггерлері» форумы өтті.Форумның негізгі мақсаты – халықтың қаржылық және құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру, қаржылық қауіпсіздік саласындағы заманауи үрдістер туралы түсінікті дамыту, оның ішінде оларды заманауи қаржылық тәуекелдерді, схемалар мен қауіптерді тануға және алдын алуға үйрету.Шараға мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, танымал спортшылар, еңбек ұжымдары, жастар бірлестіктері мен азаматтық қоғам белсенділері қатысты.Форумда цифрлық дәуірдің ең өзекті қауіптері: қаржылық пирамидалар, қаражатты заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыру және басқа да алаяқтық схемалар талқыланды.Ұйымдастырушылар алаяқтардың қандай әдіс-тәсілдерді қолданатынын және олардың айлаларына түсіп қалмау жолдарын түсіндірді.Шара барысында Ақмола облыстық драма театрының әртістері реалистік қойылым қойып, халықты қаржы пирамидалары мен түрлі жобаларға тартудың шынайы үлгілерін жаңғыртты.Форум халықты оқытудың маңызды алаңына айналды және қауіпсіздік әр адамның жауапкершілігінен басталатынын еске салды.Шара музыкалық концертпен аяқталды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1024679?lang=kk
Азаматтардың қаржылық қауіпсіздігі: цифрлық дәуір сын-қатерлері және оған қарсы іс-қимыл шаралары 26.06.2025
Соңғы уақытта Қазақстанда қаржы пирамидаларына, заңсыз онлайн-казиноларға және «оңай әрі жылдам табыс» түрінде ұсынылатын күмәнді қаржылық құрылымдарға тартылған азаматтардың саны артып келеді. Бұл жағдайдың басты себептері – халықтың қаржылық және цифрлық сауаттылығының төмендігі мен экономикалық қысымның күшеюі. Мұндай қаржылық қақпанға түсу тек материалдық шығындарға ғана емес, кейбір жағдайларда қылмыстық жауапкершілікке де алып келуі мүмкін.Қазіргі алаяқтық схемалар көбіне инвестициялық платформалар, экологиялық цифрлық жобалар немесе жоғары технологиялы стартаптар түрінде бүркемеленіп ұсынылады. Бұл құрылымдардың өміршеңдігі жаңа қатысушылардың үнемі тартылуына тәуелді, ал қаржы ағыны азайған сәтте жүйе бірден құлдырайды.Осы өзекті мәселелер «AFM online 2025: XXI ғасырдың қаржылық триггерлері» атты форумда талқыланды. Іс-шара Қонаев қаласының Мәдениет үйінде өтті. Форумды мемлекеттік органдардың, бюджеттік мекемелердің, қоғамдық белсенділер мен құқық қорғау органдарының, сондай-ақ медиа саласының өкілдері ұйымдастырды. Форумға Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, мәслихат депутаттары, денсаулық сақтау, білім, экономика салалары мен Экономикалық тергеу департаментінің өкілдері қатысты.Өз сөзінде облыс әкімі азаматтардың күмәнді схемаларға тартылуына олардың жылдам байып кетуге деген ұмтылысы себеп екенін атап өтті. Бұл үрдіске микрокредит беру көлемінің өсуі мен халықтың қарыздық жүктемесінің артуы да әсер етуде.—" Адамдар бұрынғы несиесін жабу үшін жаңасын алады, онлайн-казиноларға қатысады немесе қаржы пирамидаларына енеді. Алайда мұндай әрекеттердің арты ауыр құқықтық салдарға әкеп соғуы мүмкін", — деді Марат Сұлтанғазиев.Сонымен қатар, ол жергілікті атқарушы органдар жаңа жұмыс орындарын құру және шетелдік, отандық инвесторларды тарту бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті. Алайда жастар мен әлеуметтік осал топтар арасында қаржылық сауаттылықты арттырмайынша, бұл мәселені түбегейлі шешу мүмкін емес.Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы Данияр Ақжанов цифрлық трансформация жағдайында алаяқтар заманауи технологияларды заңсыз схемаларды жүзеге асыру құралына айналдырып отырғанын жеткізді.— "Біз қаржылық сауатсыздықтың салдарымен күн сайын бетпе-бет келеміз: заңсыз инвестициялық жобалардан бастап несие беру саласындағы заңбұзушылықтарға дейін. Бүгінде басты ресурс – білім. Мемлекет басшысы атап өткендей, экономика мен қаржы негіздерін меңгеру, цифрлық дағдыларға ие болу – өмірлік қажеттілікке айналды", — деді ол.Форумда қатысушылар ерекше назарды «дроппер» деп аталатын тұлғаларға — яғни өздерінің жеке деректерін немесе банк карталарын қылмыскерлерге пайдалануға берген азаматтарға аударды. Көп жағдайда олар өз рөлін толық түсінбей, оңай табысқа қызығып келісім береді. Алайда бұл әрекеттер қылмыстық іске қатысы бар деп бағаланып, Қазақстанда ондап саналатын жастар нақты сот үкімдерімен бас бостандығынан айырылды.Форумға 200-ге жуық қатысушы жиналды. Шара барысында криптовалюталық пирамидалар, әлеуметтік желілердегі фейк ұсыныстар, жасанды интеллект арқылы жасалған жалған сайттар мен бейне-аудио материалдар сияқты цифрлық алаяқтықтың өзекті түрлері қарастырылды.Қазақстанда мұндай заңсыз схемалармен күрес бірнеше деңгейде жүргізілуде. 2024 жылдың өзінде қаржы пирамидаларын құру деректері бойынша 82 қылмыстық іс қозғалып, келтірілген залал көлемі 5,4 млрд теңгеден асты. Сонымен қатар, халық арасында ақпараттық-түсіндіру және оқыту шаралары да жүзеге асырылуда. Қаржы министрлігінің дерегі бойынша өткен жылдың күзінде еліміздің қалалары мен ауылдарында 5 мыңнан астам азамат арнайы оқудан өтті.Fingramota Online секілді онлайн платформалар азаматтарға пирамидаларды тану тәсілдері мен әрекет ету алгоритмдері туралы сенімді ақпарат ұсынады.Форумға қатысушылар қоғамда қаржылық қауіпсіздік дағдыларын, сыни ойлауды және ақпараттық гигиенаны қалыптастырудың маңызын атап өтті. Қаржылық қауіпсіздік – бұл тек пайыздық мөлшерлемелер мен экономикалық терминдерді білу ғана емес. Бұл – ақпаратты тексере білу, тәуекелдерді бағамдау және қажет кезде көмекке жүгіну қабілеті. Осы тәсіл ғана ниеті жаман адамдардың арбауына түсіп қалудан қорғай алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1024716?lang=kk
Ақтөбеде Қорғаныс министрі «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілерімен кездесті 26.06.2025
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған «Айбын» XI халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны ашылған күні қорғаныс ведомствосының басшысы авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов жасарбаздықтармен кездесті. Қорғаныс министрі ел тарихы мен оның рухани мұрасына ұқыпты қарау қажеттігін, сондай-ақ қазақ батырларының ерлік дәстүрлерін сақтаудың маңыздылығын атап өтті.Авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов балаларға белсенді өмірлік ұстанымы, әскери-қолданбалы пәндерді табысты меңгергені және жеңімпаз болуға ұмтылғаны үшін алғыс білдірді. – Қазақстан Республикасы – біздің Отанымыз. Оны көздің қарашығындай сақтау – әр азаматтың міндеті. Сендер нағыз патриотсыңдар. Бүгінгі жиынға қатысу үшін мұқият іріктеуден өттіңдер. Дүбірлі додада жоғары нәтиже мен жеңіс тілеймін, – деді ол.Жылы шырайлы жүздесуде Қорғаныс министрі «Жас сарбаз» қозғалысы тәрбиеленушілерінің сұрақтарына жауап беріп, оларға сәттілік тіледі.Ақтөбеде Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институтының базасында Әзербайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан командаларының жарыстары өтіп жатқанын естеріңізге саламыз. Қытайлық делегация жиынға бақылаушы ретінде қатысуда.Жиынның ашылу күні қонақтар мен қатысушыларға тартымды мәдени-танымдық бағдарлама дайындалды. Шара аясында қазақстандық «Жас сарбаз» балалар үрмелі аспаптар оркестрінің тұсаукесері өтті.Мерекелік концерттен соң әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған көрмеге қатысты. Қатысушы мемлекеттердің атынан «Айбын – достық мекені» атты мобильді интерактивті көрме ұйымдастырылды. Оған келушілер Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерінің қатысуымен елімізде тұратын этностардың түрлі мәдениеттерімен және салт-дәстүрлерімен танысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1024678?lang=kk
СӘИЖ СТК кезең-кезеңімен іске қосу 26.06.2025
Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті хабарлайды: 2025 жылғы 26 маусымнан бастап ИСНА жаңа Салық төлеуші кабинетінде қолжетімді: Декларациялар: ККС (110.00), көлік/мүлік/жер салығы (700.00), ойын бизнесі салығы (710.00), тіркелген шегерімі бар СНР (912.00);Ағымдағы төлемдер есептері (701.00, 701.01);Шетелден қаражат/мүлік алу туралы хабарламалар мен мәліметтер.⠀Кіру: https://knp.kgd.gov.kzНұсқаулықтар – Қолдау → Анықтамалық ақпарат бөлімінде.Сұрақтар бойынша: knpsd@ecc.kz, 8(7172)73-55-11, +7(705)956-53-71.⠀ИСНА іске қосылуына байланысты бұл формаларды ескі КНП және СОНО арқылы тапсыру мүмкін болмайды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1024645?lang=kk
«Keden» АЖ жүйесінде мемлекеттік өнім туралы куәлікті беру функциясының іске қосылуы: мүдделі тұлғалар үшін енгізілген өзгерістер 26.06.2025
«Keden» ақпараттық жүйесін кезең-кезеңімен енгізу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетімен берлесіп өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті (бұдан-әрі – ӨМТК) беру жөніндегі функционалды пайдалануға енгізеді:2025 жылғы 23 маусымнан бастап ӨМТК өтініштерді беру және өңдеу «Keden» АЖ жүзегеде асырылатын болады.Ағымдағы жылдың 20 маусымда сағат 18:30-да «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша «Бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінде ӨМТК алу өтініштерді қабылдау тоқтатылатынын атап өтеміз.Өтінішті толтыру тәртібі, сондай-ақ жүйеде тіркеу бойынша нұсқаулықтар порталдағы басты бетте орналастырылған https://keden.kgd.gov.kz, сондай-ақ жеке телеграм чаты жасалған https://t.me/kedenkgdgovkz/57621 – зияткерлік меншік объектілері үшін.Өтініштердің мәртебесі туралы хабарламалар алу мүмкіндігі үшін қолданыстағы ұялы телефон нөмірлерін және электрондық пошта мекен-жайларын тіркеу кезінде көрсету қажеттілігіне назар аударамыз.Қосымша ақпарат пен кеңес алу үшін Қолдау қызметіне хабарласыңыз:+7 7172 73 55 19+7 705 956 53 89e-mail: keden_support@kgd.minfin.gov.kz.Telegram арнасы: https://t.me/kedenkgdgovkz.#ҚРҚММКК #КГДМФРК #САЛЫҚТАР #НАЛОГИ #кеден #таможняАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1024741?lang=kk
РФ кіру шарттарының өзгеруі 26.06.2025
РФ кіру шарттарының өзгеруіРесей Федерациясы Үкіметінің 2024 жылғы 7 қарашадағы №1510 қаулысына сәйкес, 2024 жылғы 1 желтоқсаннан бастап шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың Ресей Федерациясына кіру және шығу шарттарын апробациялау бойынша эксперимент басталды.Эксперименттің мақсаты — шетел азаматының цифрлық профилін жасау, оны екі кезеңде іске асыру көзделуде.Бірінші кезең 2024 жылғы 1 желтоқсаннан 2025 жылғы 30 маусымға дейін келесі халықаралық әуежайларда өткізіледі: Шереметьево, Домодедово, Внуково, Жуковский (Мәскеу облысы), сондай-ақ Самара облысындағы «Алексеевка» автомобиль өткізу пунктінде. Аталған орындарда биометриялық деректер (бет бейнесі мен саусақ іздері) жиналады.Екінші кезең 2025 жылғы 30 маусымнан 2026 жылғы 30 маусымға дейінгі кезеңді қамтиды.Сонымен қатар, Ресей Федерациясына визасыз тәртіппен (оның ішінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтары, Беларусь Республикасынан басқа) кіретін шетел азаматтары кіру күнінен кемінде 72 сағат бұрын немесе кіргеннен кейін 4 сағат ішінде «цифрлық профиль» арқылы тіркеуден өтуге міндетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1024664?lang=kk
Мемлекеттік кірістер комитеті жаңа «Салықтық әкімшілендіру интеграцияланған жүйесін» (СӘИЖ), оның ішінде салық төлеушінің жаңа кабинетін (СӘИЖ СТК) кезең-кезеңімен іске қосу жүргізілуде. 26.06.2025
Мемлекеттік кірістер комитеті жаңа «Салықтық әкімшілендіру интеграцияланған жүйесін» (СӘИЖ), оның ішінде салық төлеушінің жаңа кабинетін (СӘИЖ СТК) кезең-кезеңімен іске қосу жүргізілуде.2025 жылғы 26-маусымнан бастап СӘИЖ СТК-не келесі нысандары табыс етуге қол жетімді болады:1. Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация (110.00 СЕН);2. Көлік құралдары салығы, жер салығы мен мүлік салығы бойынша декларация (700.00 СЕН);3. Көлік құралдары салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есебі (701.00 СЕН);4. Жер салығы мен мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есебі (701.01 СЕН);5. Ойын бизнесі салығы бойынша декларация (710.00 СЕН);6. Тіркелген шегерімді пайдалана отырып, арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін декларация (912.00 СЕН);7. Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлік алғаны туралы мемлекеттік кірістер органдары хабарлама8. Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алғаны және жұмсағаны туралы мәліметтер.СӘИЖ СТК-не кіру үшін https://knp.kgd.gov.kz сілтеме арқылы өтуге болады.СӘИЖ салық төлеушінің кабинетінде жұмыс істеу жөніндегі Пайдаланушы нұсқаулығы СӘИЖ салық төлеуші кабинетінің Қолдау – Көмек – Анықтамалық ақпарат бөлімінде орналастырылған Сұрақтарыңыз болған жағдайда сіз:1. knpsd@ecc.kz электронды мекен-жайы арқылы2. 8(7172)73 55 11 және +7(705) 956 53 71 телефондары арқылы;3. СӘИЖ СТК-нің Қолдау – Кері байланыс бөліміндегі өтініш нысанын пайдалана отырып Қолдау қызметіне хабарласа аласыз.Назарларыңызға: СӘИЖ СТК қызметінің іске қосылуына байланысты жоғарыда көрсетілген салық есептілік нысандарын ескі СТК және СЕӨЖ арқылы ұсыну мүмкіндігі бұғатталатынын ескертеміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-shymkent/press/news/details/1024670?lang=kk
«Заң мен тәртіп» апталығы: Шығыс Қазақстанда «Әділ қоғам – адал азамат» атты жазғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектеп өтті 26.06.2025
«Заң мен тәртіп» нарративін қоғамда ілгерілету және «Әділ қоғам» жобасы аясында жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Шығыс Қазақстанда дәстүрге айналған «Әділ қоғам – адал азамат» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазғы мектеп ұйымдастырылды. Іс-шараны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ШҚО бойынша Департаменті Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетімен бірлесіп студенттік «Простор» лагерінің базасында өткізді.Аталған жазғы мектеп осымен алтыншы жыл қатарынан өткізіліп отыр және оның басты мақсаты – жастарды адалдық пен әділдікке тәрбиелеу, азаматтық жауапкершілікті арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім деңгейін көтеру.Шараға қатысқан студенттер мен жемқорлыққа қарсы еріктілер арнайы дайындалған интеллектуалды сайыста – квест-ойында өз білімдерін сынап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама бойынша теориялық білімдерін арттырды.«Жастар – біздің басты байлығымыз. Еліміздің жарқын болашағы – жастардың қолында. Сондықтан біз жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуге, олардың адал, әділ әрі парасатты азамат болып қалыптасуына баса назар аударамыз», – деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Асылхан Ашиков.Іс-шара соңында жеңімпаздар марапатталып, ШҚО жемқорлыққа қарсы еріктілерінің әнұраны орындалды. Бұл әнұран – әділдік пен бірлік жолындағы жастардың ұмтылысының айғағы болды.#заң&тәртіп #заңментәртіп#законипорядокАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-vko/press/news/details/1024572?lang=kk
Бухгалтерлік есеп бойынша кеңес 26.06.2025
Бүгін 2025 жылғы 25 маусымда Денисов ауданы әкімінің орынбасары Жалғаспаев Ж. М., аудандағы дербес бөлімдер мен мемлекеттік кәсіпорындардың басшылары, есеп мамандарымен кездесу өтті.Онда келесі сұрақтар қарастырылды:Бюджеттің онлайн мониторингі модулін пайдалану тиімділігі: бақылауды жетілдіру бағыттары мен нәтижелерін талдау.Электрондық құжат айналымы және электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану туралы заңнаманы бұзу мәселелерін қарау.Мемлекеттік аудит органдары анықтаған бұзушылықтар туралы.Отырыс қорытындысы бойынша тиісті тапсырмалар мен ұсыныстар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-denisov-audany-akimat/press/news/details/1024501?lang=kk
Батыл жан – арамызда! 26.06.2025
Батыл жан – арамызда!Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Қостанай-КРО» кеден бекетінің қызметкері Қарлығаш Әділханқызы Абрахманова нағыз ерлік көрсетті!Дәрігердің қабылдауына кезекте тұрған сәтте, белгісіз біреу оның әмияны мен ұялы телефонын ұрлап кеткен. Алайда Қарлығаш саспай, ұрыны қуып жетіп, полиция қызметкерлеріне тапсырды! Бұл әрекеті үшін Қарлығаш Әділханқызы Полиция күніне орай қылмыстың алдын алуға қосқан үлесі және қылмыскерді ұстауға көмектескені үшін алғыс хатпен марапатталды! Мұндай батыл қадам – нағыз азаматтық жауапкершілік пен ерлікке тән қасиет.Қарлығаш – тек өз ісінің маманы ғана емес, сонымен қатар әділдік жолында ешқашан шегінбейтін қайсар жан. Қызмет бабында да, күнделікті өмірде де елге үлгі болатын әріптестерімізбен мақтанамыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1024465?lang=kk
Busan Global City Foundation өкілдерімен кездесу 26.06.2025
Пусан, 2025 жылғы 20 маусым –Қазақстан Республикасының Пусан қаласындағы Бас консулдығында Busan Global City Foundation өкілдерімен кездесу өтті.Алдағы III Пусан қалалық форумының қарсаңында, форум аясындағы ынтымақтастық және жоспарланған іс-шаралар талқыланды.Busan, June 20, 2025 – A meeting was held at the Consulate General of the Republic of Kazakhstan in Busan with representatives of the Busan Global City Foundation.Ahead of the 3rd Busan Urban Forum, the parties discussed cooperation within the forum framework and planned events.Пусан, 20 июня 2025 года – В Генеральном консульстве Республики Казахстан в городе Пусан состоялась встреча с представителями Фонда глобального города Пусан (Busan Global City Foundation).В преддверии III Городского форума Пусана были обсуждены вопросы сотрудничества в рамках форума и запланированные мероприятия.2025년 6월 20일, 부산 – 부산시 주재 카자흐스탄 공관(총영사관)에서 부산글로벌도시재단(Busan Global City Foundation) 관계자들과의 면담이 진행되었습니다.다가오는 제3회 부산 도시 포럼을 앞두고, 포럼 내 협력 방안과 예정된 행사들이 논의되었습니다.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-busan/press/news/details/1024454?lang=kk
Солтүстік-Шығыс Азия компаниялары басшыларының 10-шы экономикалық ынтымақтастық форумы 26.06.2025
2025 жылғы 21 маусымда Пусан қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулы Асқар Аслан Солтүстік-Шығыс Азия компания жетекшілерінің 10-шы экономикалық ынтымақтастық форумы аясында Корея Республикасының Похан қаласында өткен іс-шараға қатысты.Осы форумның негізгі тақырыбы — «SEA AI: Болашаққа ынтымақтастық үлгісі» — экономиканың әртүрлі секторларында жасанды интеллектіні дамыту және қолдану перспективаларына арналды.Аталған шараға қатысу Қазақстан Республикасы мен Солтүстік-Шығыс Азия елдері арасындағы диалогты нығайтуға, озық тәжірибе алмасуға және технологиялық-инвестициялық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын қалыптастыруға маңызды мүмкіндік береді.Форум шеңберінде беделді халықаралық сарапшылардың баяндамалары, панельдік сессиялар және өңірдің іскерлік пен ғылыми қауымдастық өкілдерімен екіжақты кездесулер жоспарланған.On June 21, 2025, the Consul General of the Republic of Kazakhstan in Busan, Askar Aslan, participated in the 10th Northeast Asia Business Leaders Economic Cooperation Forum held in Pohang, Republic of Korea.The key theme of this year’s forum — “SEA AI: A Cooperation Model for the Future” — is dedicated to the prospects of development and application of artificial intelligence across various sectors of the economy.Participation in this event represents an important opportunity to strengthen dialogue, share best practices, and build new directions for technological and investment cooperation between the Republic of Kazakhstan and the countries of Northeast Asia.The forum includes presentations by leading international experts, panel sessions, and bilateral meetings with representatives from the region’s business and academic communities.21 июня 2025 года Генеральный консул Республики Казахстан в Пусане Асқар Аслан, принял участие в 10-м Форуме экономического сотрудничества руководителей компаний Северо-Восточной Азии, проходящем в г. Пхохан, Республика Корея.Ключевая тема нынешнего форума — «SEA AI: Модель сотрудничества для будущего» — посвящена перспективам развития и применения искусственного интеллекта в различных секторах экономики.Участие в данном мероприятии представляет собой важную возможность для укрепления диалога, обмена передовым опытом и выстраивания новых направлений технологического и инвестиционного сотрудничества между Республикой Казахстан и странами Северо-Восточной Азии.В рамках форума запланированы выступления ведущих международных экспертов, панельные сессии, а также двусторонние встречи с представителями деловых и научных кругов региона. 2025년 6월 21일, 카자흐스탄 공화국의 부산 주재 아스카르 아슬란 총영사는 대한민국 포항시에서 개최된 제10차 동북아시아 기업인 경제협력 포럼에 참가하였습니다.이번 포럼의 핵심 주제는 **“SEA AI: 미래를 위한 협력 모델”**로, 인공지능(AI)의 다양한 산업 분야에서의 발전 및 활용 가능성에 중점을 두고 있습니다.이번 행사 참여는 카자흐스탄과 동북아시아 국가들 간의 대화를 강화하고, 우수 사례를 공유하며, 기술 및 투자 협력의 새로운 방향을 모색할 수 있는 중요한 기회가 됩니다.포럼 기간 동안 세계적인 전문가들의 발표, 패널 세션, 그리고 지역 내 학계 및 비즈니스계 인사들과의 양자 면담이 예정되어 있습니다.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-busan/press/news/details/1024455?lang=kk
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Т.Оспанқұлов 26.06.2025
2025 жылдың 17 маусымында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Т.Оспанқұлов Атырау облысына жұмыс сапарымен келді. Іссапар аясында департаменттің қызметкерлерімен кездесу өткізді.Кездесу барысында комитет төрағасы министрліктің алдағы кезеңге арналған негізгі жоспарларымен бөлісіп, әлеуметтік қорғау саласында жүргізіліп жатқан реформалар мен жаңашылдықтарға тоқталды. Сонымен қатар, өңірлік деңгейдегі өзекті мәселелер де назардан тыс қалмады. Департамент қызметкерлері күнделікті жұмыс барысында кездесетін қиындықтар мен шешімін қажет ететін жайттар туралы пікір білдіріп, ұсыныстарын жеткізді.Т.Оспанқұлов өңір мамандарының жұмысына оң баға беріп, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің тиімділігін арттыруда департаменттің рөлі зор екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол саладағы цифрландыру, азаматтарға көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту және әлеуметтік қолдау тетіктерін жетілдіру бағытындағы жұмыстар жалғаса беретінін жеткізді.Аталған кездесу – орталық пен өңір арасындағы тиімді диалог орнатуға, сондай-ақ әлеуметтік саясатты іске асыруда тәжірибе алмасуға мүмкіндік берген маңызды шара болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-atyrau/press/news/details/1024422?lang=kk
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және олардың алдын алу мәселері 26.06.2025
Ағымдағы жылдың 16 маусымында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Б.Асаиновтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және олардың алдын алу мәселелері бойынша жиналыс өтті.Іс-шара барысында департаменттің қызметкерлеріне мемлекеттік қызметте сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың маңыздылығы туралы түсініктеме беріліп, саладағы ішкі тәуекелдер мен оларды азайту жолдары талқыланды.Сонымен қатар, қызметкерлер арасында адалдық пен ашықтық қағидаттарын нығайтуға бағытталған шараларды күшейту туралы ұсыныстар айтылды.Жиын соңында департамент басшысы жемқорлыққа қарсы күрес әрбір мемлекеттік қызметкердің ортақ міндеті екенін атап өтіп, ұжым мүшелерін заң талаптарын мүлтіксіз сақтауға және кәсіби этиканы ұстануға шақырды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-atyrau/press/news/details/1024424?lang=kk
Женевада Қазақстанның адам құқықтарын қорғау саласындағы реформалары жоғары бағаланды 25.06.2025
Женева, 2025 жылғы 25 маусым – БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитетінің 144-ші сессиясы барысында ҚР Әділет вице-министрі Б.Жақселекова бастаған Қазақстан Республикасының делегациясы Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пакт (АСҚХП) шеңберінде еліміздің міндеттемелерін орындауы туралы үшінші мерзімді баяндаманы ұсынды.Қазақстандық делегацияның басшысы өз сөзінде БҰҰ Комитет мүшелерін Әділетті Қазақстан құруға және адам құқықтарын қорғау жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған еліміздегі ауқымды саяси реформалар туралы хабарлады. Соңғы жылдардағы заңнамадағы және құқық қолдану тәжірибесіндегі кешенді өзгерістер, оның ішінде саяси партияларды тіркеу тәртібін жеңілдету, әйелдерге, жастарға және мүгедек жандарға сайланбалы органдарда 30% квотаны енгізу, Омбудсменнің өкілеттігін кеңейту және тәуелсіздігін нығайту, бейбіт жиналыстар туралы заңнаманы қабылдау, петициялар институтын іске қосу, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті және азаптаулар мен адам саудасына қарсы күрес шараларын күшейту мәселелері атап өтілді.Интерактивті диалог барысында Комитет мүшелері Пакт ережелерінің сот жүйесінде іс жүзінде қолдану, Омбудсмен мәртебесін арттыру перспективалары, ұлттық алдын алу тетігінің тәуелсіздігін қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысты ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру, сондай-ақ денсаулық сақтау қызметтеріне тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге байланысты көптеген мәселелерді көтерді. Сонымен қатар, мүгедектік пен этникалық белгісі бойынша кемсітушілікке қарсы іс-қимыл және мемлекеттік басқарудың басшылық құрылымдарында әйелдердің қатысуын арттыру мәселелері талқыланды.Қазақстандық делегация мүшелері қойылған сұрақтарға егжей-тегжейлі жауап беріп, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам арасындағы тығыз өзара іс-қимылы туралы хабардар етті.Халықаралық сарапшылар конструктивті диалогты жоғары бағалап, Қазақстанның өлім жазасынан бас тартуы, Омбудсмен институты мен ұлттық алдын алу тетігін нығайтуы, гендерлік теңдікті ілгерілетуі, сондай-ақ сот билігінің тәуелсіздігін арттыру бойынша қабылдаған шараларын қолдады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-geneva/press/news/details/1024407?lang=kk
Қазақстан мен Үндістан өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша ұстанымдарын үйлестірді 25.06.2025
Нью-Дели, 2025 жылғы 24 маусым – Қазақстан Республикасының Үндістандағы Елшісі Азамат Есқараев Қазақстандағы Үндістан Республикасының жаңадан тағайындалған Елшісі Сайлас Тангалды қабылдады.Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Үндістан арасындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады.Әңгіме барысында Үндістан инвестицияларын Қазақстан экономикасына тарту, іскерлік байланыстарды кеңейту, сондай-ақ екі ел арасындағы мәдени және білім беру байланыстарын нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Тараптар жоғары деңгейдегі саяси диалогты атап өтіп, өзара мүдделі нақты жобаларды бірлесе іске асыруға дайын екендіктерін білдірді.Сонымен қатар, кездесу барысында Үндістан Елшісі Астана мен Нью-Делиде елшілік ғимараттарын салу үшін жер телімдерін паритеттік негізде бөлу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Тараптар бұл мәселені өздерінің сыртқы саяси ведомстволары және мүдделі мемлекеттік органдар арқылы пысықтауға уағдаласты.Кездесу соңында Қазақстан Елшісі үндістандық әріптесін Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының басталуымен құттықтап, екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту жолындағы қызметіне сәттілік тіледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-delhi/press/news/details/1024402?lang=kk
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы 25.06.2025
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңының 8-бабының 1 және 5-тармақтарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті" РММ бұйрығымен бекітілген "сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларымен" 2025 жылғы мамырдан маусымға дейін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланған.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:- оның қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;-оның ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-enbek/press/news/details/1024404?lang=kk