Enbekshi QazaQ

Қоғам

Катонқарағай төрінде табиғатпен үндескен, ұлттық рухты ұлықтаған ұлы мереке өтті. 25.06.2025
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-katon-karagay/press/news/details/1018447?lang=kk
Тапсырмалардың орындалуы қатаң бақылауда болуы тиіс 25.06.2025
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте өңірдің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету, құрылыс жұмыстарының барысы мен сапасы талқыланды. Аймақ басшысы облыс, аудан орталықтары мен елді мекендердегі тазалық, көркейту шараларына күнделікті әрі жүйелі бақылау орнатуды тапсырды.«Жаз мезгілінде қала мен елді мекендердегі қоғамдық орындардың тазалығы, жайлылығы басты назарда болуы тиіс. Аптап ыстық басылған соң демалуға сыртқа шыққан халықтың, каникулдағы балалардың баратын орындарын күнделікті қадағалаңыздар. Саябақтар, демалыс аймақтары, жағажайлар мен балалар алаңдары таза әрі қауіпсіз болуы керек.Бұл іске тұрғындар да белсенді араласуы қажет. Тазалық сақтау тек коммуналдық қызметтердің ғана міндеті емес, баршаға ортақ жауапкершілік. Көше бойларының, аулалардың, қоғамдық орындардың тазалығы – мәдениеттің көрсеткіші. Үгіт-насихатпен қатар, тәртіп бұзушыларға қатысты нақты шаралар қолдану қажет», – деді Н.Нәлібаев.Бұдан бөлек, жиында құрылыс нысандарындағы жұмыс сапасы, күрделі жөндеу жұмыстарының барысы қаралды. Аймақ басшысы құрылыс алаңдарын күнделікті қадағалауды тапсырды. Қала әкімдігіне ғимараттар сапасы мен пайдалануға беру мерзіміне қатысты жауапкершілікті қатаң бақылау жүктелді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1018485?lang=kk
«Заң және тәртіп» қоғамдық қауіпсіздікті күшейту мен өзара іс-қимылдың басымдықтары» форумы өтті 25.06.2025
Бүгін «Өнер орталығында» облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен «Заң және Тәртіп» қоғамдық қауіпсіздікті күшейту мен өзара іс-қимылдың басымдықтары» тақырыбында форум өтті. Алқалы жиынға ҚР Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Абзал Құспан, облыс прокуроры Ризабек Ожаров, құқық қорғау органдары мен жауапты сала басшылары, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты.Аймақ басшысы қоғамдық қауіпсіздік пен заңдылықты қамтамасыз ету бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы бірлескен маңызды міндеттерді айқындады.«Биыл 1 сәуірде Үкімет қаулысымен «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдама» бекітіліп, нақты міндеттер белгіленді.Өңірімізде «Заң мен Тәртіп» қағидасын іске асыруда облыс прокуроры Ризабек Кәрімұлымен бірлесіп кешенді шараларды қолға алып, жаңа бастамаларға үздіксіз қолдау көрсетіп келеміз. Құқық қорғау органдарымен бірлесе жүргізілген кешенді әрі үйлесімді шаралардың нәтижесінде өңірімізде ахуал тұрақты. Статистикалық ақпараттарды салыстырмалы түрде қарасақ, аймақта 2015 жылы 6 мыңға жуық қылмыс тіркелген болса, нақты жұмыс нәтижесінде бұл көрсеткіш 1158-ге дейін азайды. Соңғы үш жылда құқық бұзушылық көрсеткіші едәуір қысқарды. Бүгінде тіркелген қылмыстық құқық бұзушылық саны бойынша Қызылорда облысы республикадағы ең төменгі позицияда, яғни 20 өңірдің ішінде 19-шы орындамыз. Біздің міндет – тек көрсеткішті ғана емес, құқық бұзушылықты тұрақты түрде төмендету. Жол-көлік оқиғаларын азайтуда жол инфрақұрылымын дамытуға басымдық бердік. Түрлі гаджеттер мен смартфондағы бағдарламалар көмегімен жасалатын алаяқтық, кибершабуыл схемалары сәт сайын өзгеріп жаңаруда. Қаржы пирамидалары, лудомания, интернет буллинг азаматтарды қиын жағдайда қалдыруда. Мүдделі құқық қорғау органдары қолда бар ресурстармен шектелмей, қылмыстық әрекеттерге тосқауыл қоятын жаңа тетіктерді дамытуы тиіс. Осы бағыттағы қылмыстарды анықтауда жасанды интеллектті пайдалану – орнықты шешімнің бірі. Бүгінгі форум – біздің алдағы жұмыстарымызды жаңа формацияда жүргізуге өз септігін тигізеді деп сенемін», – деді Н.Нәлібаев.Басқосуда облыс прокурорының орынбасары Нұрболат Дүйсенбаев, Парламент Сенатының депутаты Наурызбай Байқадамов, мемлекет және қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазы, Парламент Мәжілісінің депутаттары Мұрат Әбенов пен Абзал Құспан сөз сөйлеп, форум жұмысына сәттілік тіледі.Құқық бұзушылықтардың алдын алуда ерекше белсенділік танытып, киберкеңістіктегі заңсыз әрекеттердің жолын кесуге үлес қосқан мамандарға облыс әкімінің сыйлық сертификаттары мен облыс прокурорының Алғыс хаты табысталды.Соңғы үш жылда полиция органдарының материалдық-техникалық базасын жақсартуға облыстық бюджеттен 8 млрд.теңгеге жуық қаржы бөлінді. Биыл бұл мақсатқа 2 млрд. 800 млн. теңге қаралып, заманауи құрылғылармен, жабдықтармен қамтамасыз етілуде.Республикада алғашқы болып облыстың барлық ауданында полиция бөлімдерінің Жедел басқару орталықтары ашылды. Қауіпсіздікті күшейту, жедел әрекет ету мақсатында бейнебақылау камераларының желісі көбейтілді.Барлық ауданға құны 2 млрд. 200 млн. теңге болатын 539 бейнебақылау, 49 жылдамдық өлшейтін камера орнатылды. Соңғы жылдары полиция қызметкерлеріне замануи құрылғылармен жабдықталған 128 жаңа автокөлік табысталды. Биыл тағы 31 қызметтік автокөлік тапсырылып, арнайы құрал-жабдықтар көбеймек. Бұл мақсаттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады. Ашықтық қағидатына сәйкес қала, аудандарда құқық қорғау органдарының бірінші басшыларымен бірге қоғамдық қабылдаулар тұрақты өткізіліп келеді. Бұл өз кезегінде тұрғындардың мемлекеттік органдарға деген сенімділігін арттырып, әділетті қоғам құруға тың серпін бермек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1018507?lang=kk
Қазақстан Елшісі Егеменді Мальта Орденінің Ұлы Магистріне сенім грамоталарын тапсырды 25.06.2025
Рим, 2025 жылғы 13 маусым – Қазақстанның Қасиетті Тақ және Иерусалим, Родос және Мальта Қасиетті Иоаннының Егеменді Әскери Госпитальерлер Орденінің жанындағы Елшісі Тимур Пірімбетов Егеменді Мальта Орденінің Ұлы Магистрі Фра Джон Тимоти Данлапқа сенім грамоталарын тапсырды. Салтанаты рәсім Орденнің Римдегі Магистральды сарайында өтті.Қазақ дипломаты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәлемі мен ізгі тілектерін жеткізді.Кездесу барысында Т. Пірімбетов Мемлекет басшысының жетекшілігімен орнықты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге, әділ және инклюзивті мемлекет құруға бағытталған елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар туралы хабардар етті. Ү.ж. қыркүйек айында Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII-ші Съезі туралы айтып берді.Ұлы Магистр жеткізілген сәлемдер үшін шынайы алғысын білдіріп, Орденнің Қазақстанмен достық қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады. Ол Қазақстанның Егеменді Мальта Ордені жанындағы Елшілігінің ашылуын жоғары бағалады. Фра Дж.Т.Данлап еліміздің жаһандық дінаралық диалогты ілгерілетуге қосқан үлесін атап өтіп, Орден делегациясының алдағы Съезге қатысуға мүдделі екенін білдірді.Қазақстан Республикасы мен Егеменді Мальта Ордені арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1993 жылғы 4 ақпанда орнаған.2001 жылы Қазақстанда Егеменді Мальта Ордені Елшілігінің бөлімшесі ашылды. 2025 жылдың қаңтарында Қазақстанның Егеменді Мальта Ордені жанындағы Елшілігі ашылды.Егеменді Мальта Ордені 114 мемлекетпен дипломатиялық қарым-қатынаста. Орденнің дипломатиялық қызметі оның гуманитарлық миссиясымен тығыз байланысты. Халықаралық саяси тұрғыда Егеменді Мальта Ордені бейтараптық ұстанымды ұстанады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1018510?lang=kk
Салық міндеттемелерін орындауды кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу тәртібі туралы 25.06.2025
Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерге салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салық міндеттемелерін орындау мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу мүмкіндігі туралы хабарлайды (Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 49 және 51-баптарына сәйкес).Қаржылық қиындықтар немесе қызметтің маусымдылығы жағдайында салық төлеуші салық төлеу мерзімін өзгерту туралы өтінішпен жүгінуге құқылы. Бұл құқық Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 49-бабында көзделген және 51-бапта белгіленген талаптар сақталған кезде жүзеге асырылады. Қандай сомалар кейінге қалдырылуы немесе бөліп төленуі мүмкін?Кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу келесі салық және (немесе) төлем сомаларына қолданылады:·      ⁠салық төлеуші салық есептілігінде дербес есептеген сомаларға;·      салық органдары салықтық тексеру нәтижелері бойынша есептеген сомаларға;·      ⁠уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтері негізінде есептелген сомаларға. Қандай салықтарға бұл тәртіп қолданылмайды?Салық төлеу мерзімін өзгерту мынадай салықтар мен төлемдерге қолданылмайды:·      төлем көзінен ұсталатын салықтар;·      ⁠акциздер;·      ЕАЭО мүше мемлекеттерінен импортталатын тауарларға ҚҚС;·      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін салықтар мен төлемдер;·      ⁠айыппұлдар. Қандай мерзімге беріледі?Кейінге қалдыру – салықтар және (немесе) төлемдердің толық сомасын біржолғы төлеу шарттарымен 6 айға дейінгі мерзімге беріледі.Бөліп төлеу – 3 жылға дейінгі мерзімге, ай сайын немесе тоқсан сайын тең үлестермен төлеу шарттарымен беріледі. Егер бөліп төлеу мерзімі 1 жылдан асатын болса, ол жылжымайтын мүлік кепілдігімен ғана беріледі. Кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу үшін не қажет?Салық төлеуші белгіленген нысан бойынша өтінішті тіркелген жері бойынша Мемлекеттік кірістер органына www.eotinish.kz сайты арқылы e-Otinish сервисі арқылы ұсынуы қажет. Өтініштер салық органына келіп түскен күннен бастап 20 жұмыс күні ішінде қаралады.Өтінішке қоса беріледі:·      ⁠кепілге берілетін мүлікке қатысты құжаттар (бағалау есебін қоса алғанда);·      ⁠осы мүлікке өзге ауыртпалықтардың (кепілдердің) жоқтығы туралы мәліметтер;·      берешекті өтеу кестесі;·      ⁠болған жағдайда – банктік кепілдік. Өсімпұл төлеу тәртібіКейінге қалдыру немесе бөліп төлеу мерзімі ішінде салық төлеушіге өсімпұл есептеледі. Форс-мажор, оңалту рәсімі қолданылғанда өсімпұл есептелмейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kyzylorda/press/news/details/1018461?lang=kk
Бөрлі аудандық мәслихатының төрағасы К.Т. Ермекбаев бастаған облыстық және аудандық мәслихатының депутаттарынан құрылған жұмыс тобы Теректі- Ақсай жолының жағдайын тексеруге шықты 25.06.2025
Бөрлі аудандық мәслихатының төрағасы К.Т. Ермекбаев бастаған облыстық және аудандық мәслихатының депутаттарынан құрылған жұмыс тобы,  БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарма басшысының орынбасары М.Д.Залмуканов, аудандық ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің, мердігер компаниялар өкілдерінің қатысуымен Теректі – Ақсай жолының жағдайын тексеруге шықты.  2023 жылы Пепел разъезінен бастап сегіз шақырым жолды “Елжас” ЖШС-і орташа жөндеу жұмыстарын жүргізді. Қалған жиырма екі шақырымдай жолды “ДСК Приоритет” ЖШС-і жасауда. Бұл жолды жөндеуді тапсырыс беруші БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы болып табылады.  Қазіргі таңда, Пепел разъезінен бастап бір шақырымдай жолдың бөлігі бұзылғандықтан, жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Депутаттар облыс тұрғындары үшін бұл жолдың маңыздылығын ескере отырып, тапсырыс беруші мен орындаушыларға жолды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп, бақылауға алуды ұсынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/burlin-maslihat/press/news/details/1018353?lang=kk
Күрделі жөндеу жұмыстары сапалы жүргізілуі тиіс 25.06.2025
Аудан әкімі Берік Сәрменбаев С.Сейфуллин елді мекеніндегі №137 орта мектебіне жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен, Үкіметтің, аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен өңірдің білім саласында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Оның ішінде, аймақтағы білім ошақтары жаңалануда. Бұл – болашақ ұрпақтың сапалы білім алуына жасалып жатқан нақты жұмыстар. Сондықтан күрделі жөндеу жұмыстары сапалы жүргізіліп, уақытылы аяқталуы тиіс, – деді Берік Әбідғаппарұлы.Елді мекендегі №137 орта мектеп 1974 жылы салынған. Жалпы сыйымдылығы 460 орынға негізделген. Биыл мектептің күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 309 млн. теңге қаржы бөлінді. Құрылыс жұмыстарын медігер мекеме «N Cтрой Сервис» ЖШС атқаруда. Бүгінде білім ғимаратының сырты қапталып, ішкі жұмыстары жүргізілуде.Аудан әкімі құрылыс барысын тұрақты бақылауда ұстау қажеттігін айтып, салалық орынбасары мен тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Мектептің жөндеу жұмыстары жаңа оқу жылына дейін аяқталуын қатаң ескертті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1018360?lang=kk
Алмалы жастары “Таза Қазақстан” акциясында 25.06.2025
🌱 Бүгін Алмалы ауданы әкімдігімен бірлесе отырып, қала жастары сенбілікке шықты. “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында табиғатты аялауға, қоршаған ортаны таза ұстауға өз үлесімізді қосудамыз!🧤 Қоқыс жиналып, көшелер ретке келтірілді. Бұл — тек тазалық емес, бұл — азаматтық белсенділік пен экологиялық мәдениеттің белгісі!#алматыбіздіңортақүйімізАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-almaly/press/news/details/1018181?lang=kk
Амман қаласында Қазақстан-Иордания Іскерлік кеңесінің өткізілуі талқыланды 25.06.2025
Амман, 2025 жылғы 15 маусым – Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Елшісі Талғат Шалданбай Қазақстан-Иордания Іскерлік кеңесінің иордан тарапынан тең төрағасы болып табылатын ИХК Сауда палатасының төрағасы Халил Әл-Қажы Тауфикпен кездесті.Аталған кездесуге Иорданияның әртүрлі провинцияларынан ауыл шаруашылығы, ет өндіру, фармацевтика, денсаулық сақтау, көлік, логистика, туризм және басқа салалар секілді ұлттық экономиканың негізгі секторларына жауапты Сауда палатасы басшылығының мүшелері қатысты.Тараптар Қазақстан мен Иордания арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту жолдарын, оның ішінде, Іскерлік кеңестің кезекті отырысын үстіміздегі жылғы тамыз айында Астана қаласында өткізу мәселесін талқылады. Елші аталған іс-шараға алдын ала дайындықты қолға алудың қажеттігін атап өтті. Екі елдің ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, фармацевтика, көлік-логистика, құрылыс, тау-кен кәсіпорындары мен IT-компанияларын тарту қажеттігіне назар аударды.Х.Тауфик Иордания экономикасының жетекші салаларының негізгі ойыншыларын қатыстыра отырып, Іскерлік кеңестің кезекті отырысын Астанада жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткізуге дайындығын растады.Кездесу соңында сұхбаттасушылар екі елдің тиісті сарапшыларын тарту арқылы Іскерлік кеңестің мазмұнды және ұйымдастырушылық-хаттамалық мәселелерін пысықтауды жалғастыруға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-amman/press/news/details/1018204?lang=kk
Қонаев қаласында медицина қызметкерлері күніне арналған мерекелік шара өтті 25.06.2025
Қонаев қаласында медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті. Бұл тек мереке емес, өңір денсаулығын дамытудағы нақты нәтижелердің көрінісі болып табылуда.Мерекелік іс-шараға арнайы қатысқан Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Тимур Мұратов құттықтау сөзінде: "Медицина тек мамандық емес, бұл кәсіп. Бүгінгі таңда медицина қызметкерлерінің кәсібилігінің арқасында күн сайын мыңдаған адамның өмірі сақталуда. Біз барлық ақ халатты абзал жандарға адалдықтары, шыдамдылықтары және ақыл-ойдан құралған күштері үшін алғыс айтамыз",-деді.Облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахым медицина өңірлік саясаттың басымдықтарының бірі екенін атап өтті және биыл 239 техника мен 15 санитарлық машина сатып алуға 3,4 млрд теңге бөлінгенін жеткізді. Қазірдің өзінде ауылдарда 17 жаңа медициналық нысан іске қосылып, тағы 21-і салынуда. Мұның барлығы дәрігерлердің заманауи жағдайда жұмыс істеуі және пациенттердің үйге жақын жерде сапалы көмек алуы үшін жасалып жатқандығын жеткізді.Іс-шара барысында қатысушылар отандық медициналық техника және фармацевтика көрмесіне қатысты. Мәдениет үйінде салтанатты қабылдау өткізіп, онда үздік дәрігерлерге марапаттар табыстады. Іс-шараның куәгерлері болған көрермендер, шығармашылық ұйымдардың әсерлі концертін тамашалады.Есік қаласына барған делегация, жаңартылған Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасымен танысты. Мұнда күрделі жөндеуден кейін мекеме халықаралық стандарттарға сәйкес келетін заманауи жабдықтар алып, қарқынды терапия бөлімшелерін ашты.Бұл өзгерістердің күнделікті жұмыста қалай сезілетіні туралы жалпы тәжірибелі дәрігері Сабирова Айнұр Нұридинқызы айтып берді. Дәрігердің сөзінше, соңғы жылдары ауруханада ультрадыбыстық аппараттар, жаңа автокөліктер, ыңғайлы жұмыс жағдайлары жасалуда. Тұрғындардың өздері: "Қазір біздің аурухана қалалардағы ауруханадан кем емес",-дейді. Бұның барлығы жақсы себеппен жасалатын үлкен жұмыстың нәтижесі екендігін алға тартты.Алматы облысында 3 мыңға жуық дәрігер мен мыңдаған орта буын қызметкерлері жұмыс істейді. Олардың жұмысы мәртебелі әрі таптырмас болып қала беретіндігі сөзсіз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/1018229?lang=kk
«Әлеуеті жоғары — оны пайдалану қажет»: Асхат Шахаров өңір дамуы туралы 25.06.2025
Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен инвестиция тарту мәселелері кеңінен қаралды.Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Нұржан Максатовтың мәліметінше, жыл басынан бері өңірде экономикалық көрсеткіштердің 103,9% деңгейінде өсуі тіркелген. Өсім өнеркәсіпте – 102,6%, негізгі капиталға салынған инвестицияда – 134,7%, ауыл шаруашылығында – 102,3%, құрылыста – 114,9%, тұрғын үй пайдалануға беруде – 106,2%, көлік және қойма саласында – 111,3%, саудада – 101,3% көрсеткіштерін көрсетіп отыр.Жиын қорытындысында Асхат Шахаров өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын одан әрі нығайтуға қатысты бірқатар тапсырмалар берді. Ол қол жеткізілген қарқынды сақтап қана қоймай, сапалы өсімді қамтамасыз ету қажеттігін тілге тиек етті. Ол үшін туындайтын сын-қатерлерге дер кезінде жауап беріп, мәселе туындаған нүктелерді нақты білу маңызды екенін айтты.Әкім әрбір басқарма мен аудан өз жауапкершілік аймағын нақты түсініп, нәтижеге жұмыс істеуі керектігін баса айтты. Тек сонда ғана өңірдің тұрақты дамуы мен халықтың өмір сүру сапасын арттыру мүмкін болады.«Индикаторларды қайта қарау қажет. Шынайы жағдайды көрсететін нақты көрсеткіштерге мән берген жөн. Барлық басқармалар өз алдына жеке емес, бірлесіп, үйлесімді жұмыс істеуі тиіс. Сонда ғана біз жүйелі әрі тұрақты дамуға қол жеткізе аламыз. Облыстың әлеуеті жоғары, оны толық пайдалану керек. Инвестиция тарту жұмыстары формалды түрде емес, нақты нәтижеге бағытталуы қажет. «Ақтөбе» ӘКК, «Kazakh Invest», кәсіпкерлік басқармасы бір команда болып жұмыс істеуі тиіс. Әрбір жобаға жеке көзқарас қалыптастырып, барлық кезеңде сүйемелдеу аса қажет», – деп түйіндеді облыс әкімі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-goszakup/press/news/details/1018251?lang=kk
Қарағандылық ескекшілер құрлықтық біріншілікте жеті медаль жеңіп алды 25.06.2025
Қарағандылық ескекшілер Тайландтан жеті медаль: үш алтын, үш күміс және бір қола алып келді. Байдарка мен каноэде есуден Азия чемпионатында 15 елдің 300-ге жуық спортшысы бақ сынасты. Континенттік біріншілік 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен 23 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында өтті.Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық екінші орынды иеленді. Оған қарағандылықтардың елеулі үлесі бар.Алтын медальді Денис Кленин (к1, 1000 м) жеңіп алды. Дмитрий Холмогоров тұғырдың ең жоғарғы сатысына екі рет көтерілді (микс, 500 м; к2, 500 м).Сонымен қатар, Кленин мен Холмогоров бірлесе екінші орынды (к4, 500 м) иеленді.Вероника Трапезниковада екі күміс (к2, 500 м; к4, 500 м). Ульяна Иванова қола жүлдеге ие болды (с2, 500 м).Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінің ақпараты бойыншаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1018258?lang=kk
KazAID қаржылық сауаттылық бойынша семинарға қатысты 25.06.2025
KazAID қаржылық сауаттылық бойынша семинарға қатысты2025 жылғы 16 маусым, Алматы қ. - KazAID өкілі Тулкибаева Тлек Қазақстандағы көші-қон жөніндегі халықаралық ұйым  ұйымдастырған Ауған мигранттарына арналған қаржылық сауаттылық бойынша семинарға қатысты.Іс-шара Алматы қаласында БҰҰ Plaza-да өтті және халықаралық отбасылық ақша аударымдары күніне арналған ақпараттық науқанның бір бөлігі болды. Бұл күн мигранттардың отбасыларын қолдауға және ақша аударымдары арқылы жергілікті экономиканы дамытуға қосқан үлесін көрсетеді.Семинардың басты бағыты-қаржылық қызметтерге қолжетімділікті кеңейту, мигранттардың қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру және тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) ілгерілету.KazAID әрқашан тұрақты дамуға бағытталған бастамаларды қолдайды  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1018304?lang=kk
Қарағандылық жүзушілер Әлем кубогында тамаша өнер көрсетті 25.06.2025
Қазақстан құрамасы Қытайда өткен Әлем кубогында сенсация тудырды. Бұл Қарағанды облысының спортшыларының еңбегі.13-15 маусым аралығында Сиань қаласында көркем (синхронды) жүзуден Әлем кубогының суперфиналы өтті. Жарысқа 16 елден 125 спортшы қатысты. Қазақстан құрамасына 14 жүзуші енді.Бұған дейін бірінші кезең Францияда, екіншісі Египетте, ал үшіншісі Канадада өткен болатын."Әлем кубогының төрт кезеңінің қорытындысы бойынша әйелдер дуэтінде біздің қыздарымыз Ясмин Тұяқова, Арина Пушкина және Даяна Жаманчалова күміс медальға ие болды. Техникалық, еркін және акробатикалық бағдарламалар бойынша топтық өнер көрсетуде Наргиза Болатова, Виктор Друзин, Ксения Макарова, Арина Мясникова және Ясмин Тұяқова қола жүлдеге ие болды", - деп хабарлады Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1018312?lang=kk
сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерінің қоғамдық талқылауы өтті 25.06.2025
Бейімбет Майлин ауданының мемлекеттік мекемелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарда, "Тобыл" МКК сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу шеңберінде 2025 жылғы 16 маусымда Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ғимаратында Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1018313?lang=kk
«Айкомек» ситуациялық орталығының жұмысы туралы 25.06.2025
Еске сала кетейік, «Айкөмек» 2019 жылдан бастап жұмыс істеп келеді және қала басқару жүйесінің маңызды буынына, сондай-ақ қала тұрғындары үшін бірыңғай анықтамалық және үйлестіру қызметіне айналды. Бұл – электрмен сумен жабдықтау, санитарлық тазалау, қоғамдық көліктің жұмысы, жарықтандыру, бағдаршамдар және басқа да мәселелерді  шешуге көмектесетін тетік.Орталықтың жұмысында 436 орындаушы жұмылдырылған: 15 қалалық мемлекеттік мекеме, 27 ведомстволық бағынысты ұйым, 64 ПТИК, 290 МИБ, 40 облыстық және республикалық мемлекеттік орган және басқа да ұйымдар. Мамандар 24/7 режимінде өтініштерді қабылдап, өтініш иелерімен кері байланыс жүргізеді.1 қаңтардан бүгінгі күнге дейін шамамен 32 мың өтініш түсті: олардың 62 %-ы алғашқы қоңыраудан шешілген өтініштер; 38 %-ы — орындауға жіберілген мәселелер, 26 мың өтініш орындалды.Сонымен қатар, 2022 жылдан бастап жедел әрекет ету және тұрғындармен тиімді байланыс орнату үшін қаланың үш шалғай ауданында жауапты мамандар бекітілген. Олар күн сайын тұрғындармен кездесіп, күнделікті мәселелерді шешуге көмектеседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1018316?lang=kk
Қазақстан мен Малайзия мәдени диалог арқылы әріптестікті нығайтуда 25.06.2025
Куала-Лумпур, 2025 жылғы 16 маусым – Қазақстанның Малайзиядағы Елшісі Болат Сүгірбаев Куала-Лумпур әкімі Маймуна бинти Мохд Шарифпен кездесті.Әкім М. бинти Мохд Шариф мәдениетаралық байланыстар елдер арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастық үшін ең сенімді және берік іргетас екенін атап өтіп, Қазақстан мен Малайзия арасындағы ынтымақтастықтың әлеуетін жоғары бағалады. Ол екі елдің қалалары арасындағы мәдени алмасуды дамытудың маңыздылығына тоқталып, екіжақты тәжірибе мен шығармашылық бастамалар алмасуды белсенді қолдауға дайын екенін білдірді.Тараптар Алматы мен Куала-Лумпур арасындағы ынтымақтастықты жандандыру мүмкіндіктерін егжей-тегжейлі талқылады. Бұл мегаполистердің архитектуралық және тұжырымдамалық ұқсастығы урбанистика, "ақылды қалалар" және тұрақты жоспарлау саласында тәжірибе алмасуға берік негіз бола алатыны атап өтілді.Алдағы мәдени іс-шаралар – Қазақстан қалалары әкімдіктері делегацияларының Куала-Лумпурдағы халықаралық көрмелерге қатысуы, Малайзияда Алматы туризм күндерін өткізуі, сондай-ақ "Гүлдер" би ансамблінің өнер көрсетуі және басқа да мәдени іс-шаралар аясындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды.Келіссөздер екіжақты қарым-қатынастарды дамытудың жоғары серпінін көрсетті және мәдениет, туризм, инвестициялар және тұрақты қала дамуы салаларындағы ынтымақтастықтың жаңа перспективаларын ашты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kuala-lumpur/press/news/details/1018030?lang=kk
«Mamandyq Fest» аймақтық фестивалі 25.06.2025
2025 жылғы 13 маусымда Шелек политехникалық колледжінің базасында облыстық «Mamandyq Fest» аймақтық фестивалі өтті.Шараға колледж және мектеп директорлары, Еңбекшіқазақ аудандық Мансап орталығы, әлеуметтік серіктестер, еңбек әулеті өкілдері, блогерлер, БАҚ өкілдері, Шелек ауылындағы9 мектеп оқушылары, барлығы 350 адам қатысты.Іс-шара барысында білім беру саласындағы жетістіктері мен қоғамдық өмірге белсене қатысқаны үшін әлеуметтік серіктестер, өндірістік оқыту шеберлері, білім басқармасының Алғыс хаттармен марапатталды.«MamandyqFest» аймақтық фестивалі колледждерде білім алғысы келетін мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беретін ауқымды шара болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-bilim/press/news/details/1018040?lang=kk
Қазақстан Үндістанның өңірлерімен ынтымақтастықты нығайтуда 25.06.2025
Мумбай, 2025 жылғы 16 маусым – 12-13 маусым күндері Қазақстанның Үндістандағы Елшісі Азамат Есқараевтың Махараштра штатының Мумбай қаласына сапары өтті.Сапар аясында ҚР Елшісі Махендра Кумар Сангхи  басқаратын Қазақстанның Үндістандағы Құрметті консулдығының кеңсесіне барып, ұжымның жұмысымен танысты. Мумбайдың Үндістанның қаржы астанасы ретіндегі маңызын ескере отырып, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту перспективаларына ерекше назар аударылды. Осы орайда құрметті консулдың алдына Қазақстанға тікелей шетелдік инвестицияларды тарту жұмысын жандандыру тапсырмасы қойылды.Сонымен қатар, А.Есқараев Мумбайда орналасқан Lilavati Hospital & Research Centre көпсалалы жекеменшік клиникасында болып, Прашант  Мехта бастаған басқарушы топпен келіссөздер өткізді. Тараптар Қазақстанда шамамен 30 млн. АҚШ доллары көлемінде медициналық мекеме салу бойынша инвестициялық жобаның егжей-тегжейін талқылады. Қазақстан Елшісінің қатысуымен аталған жобаны іске асыруға үнді тараптың мүдделілігін растайтын Ниет хатына қол қойылды.Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Елшісі А. Ескараев бастаған қазақстандық делегация құрамында Алматы энергетика және байланыс университетінің ректоры Ғани Нығметов пен Dala Edge Creative Tech Park басшысы Данат Жумин болды. Делегация Үндістанның Ақпарат және хабар тарату министрлігіне қарасты фильмдер өндіру және таратуға маманданған мемлекеттік мекеме — Films Division of India өкілдерімен ресми кездесулер өткізді.Сондай-ақ делегация кино, коммуникация, шығармашылық және орындаушылық өнер салаларында Үндістанның жетекші оқу орындарының бірі болып саналатын Whistling Woods International басшылығымен және Үндістан үкіметінің Ақпарат және телерадио хабарларын тарату министрлігіне қарасты Фильм және теледидар институтының өкілдерімен кездесулер өткізді.Қазақстандық делегация Үндістанның киноиндустриясымен және тиісті мекемелердің жұмысымен танысты.Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан мен Үндістан арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады. Атап айтқанда, бірлескен киноөнімдер шығару (co-production), қазақстандық киноны Үндістан нарығына ілгерілету, сондай-ақ кино білім беру саласындағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылды.Бұл ретте, екі ел арасындағы жақындасуға және бюджеттің кіріс бөлігін арттыруға серпін беретін бағыт ретінде білім беру қызметтері мен креативті өнім экспортын дамытуға баса назар аударылды.Нәтижесінде, қазақстандық тарап үнді әріптестерін Қазақстанның бірегей локацияларында түсірілім жұмыстарын жүргізу, тақырыптық кинофорумдарға қатысу, сондай-ақ Каскелен қаласында орналасқан және Dala Edge-тің негізгі жобасы болып табылатын New York Film Academy (NYFA) жаңа халықаралық кампусымен бірлескен білім беру бағдарламаларын іске қосу бағыттарында бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-delhi/press/news/details/1018042?lang=kk
"Жайлы мектеп” жобасы құрылысын бақылау жұмыстары 25.06.2025
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Бөрлі, Бәйтерек аудандарында, Орал қаласында мектептер құрылысы бой көтеруде. Жобаның құрылыс - монтаждау жұмыстарының жүзеге асырылуы мақсатымен танысу және сапасын бақылау мақсатында БҚО әкімі орынбасары Мендигалиев Каиржан Ермекович, БҚО Құрылыс басқармасы, БҚО Білім басқармасы және “Самұрық-Қазына” АҚ аудандарға арнайы іссапармен нысандарды аралап шықты. Құрылыс нысандарымен танысып, мектептердің сапасы мен мерзімінде аяқталуын қамтамасыз ету керектігін алға тартты.«Аталған нысандар іске қосылған соң, аудандардағы білім беру инфрақұрылымының сапасы артып, оқушылар үшін қауіпсіз, қолайлы орта қалыптасады», - К.Мендигалиев.«Жайлы мектеп» жобасы аясында салынғалы жатқан мектептер білім саласына жаңа серпін беретіні сөзсіз. Оқушылардың жайлы, қауіпсіз, заманауи ортада білім алуына барлық жағдай ұсынылатын болады! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-kurylys/press/news/details/1018060?lang=kk