Enbekshi QazaQ

Қоғам

Апаттар медицинасы орталығы: төтенше жағдайлар мен автожолдардағы шұғыл көмек 21.06.2025
  Апаттар медицинасы орталығы төтенше жағдайларға тап болған азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау бойынша маңызды міндеттерді белсенді түрде атқарып келеді. Орталықтың мамандары табиғи зілзалалар, техногендік апаттар және жол-көлік оқиғалары секілді әртүрлі төтенше жағдайларға жедел әрекет етеді.  2025 жылдың басынан бастап орталық филиалдарының бригадалары төтенше жағдайлар орындарына 3 464 рет шықты. 753 зардап шеккен адамға шұғыл медициналық көмек көрсетілді, оның ішінде 102-сі емдеу мекемелеріне жеткізілді.  2011 жылдан бастап «Саламатты Қазақстан» Қазақстан Республикасының мемлекеттік денсаулық сақтауды дамыту бағдарламасы аясында көліктік медицинаны дамыту белсенді түрде қолға алынды. 2012–2014 жылдар аралығында республиканың қауіпті автожол учаскелерінде 41 трассалық медициналық-құтқару пункті кезең кезеңімен құрылып, бүгінгі күнге дейін тұрақты жұмыс істеп келеді. Бұл зардап шеккендерге оқиға орнында жедел медициналық көмек көрсету және оларды емдеу мекемелеріне санитарлық көлікпен жеткізу мүмкіндігін едәуір арттырды.  2025 жылы ТМҚП бригадалары 745 рет шығу жасап, 800 адамға медициналық көмек көрсетті, 493 адам ауруханаларға жатқызылды. Сонымен қатар қарлы борандар мен автокөлік бұзылған кезде трассаларда 11 адам құтқарылды.  Апаттар медицинасы орталығы шұғыл медициналық көмекті көрсету тетіктерін жетілдіруді және кез келген күрделі жағдайда халықтың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін әрекет ету жылдамдығын арттыруды жалғастыруда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/1017565?lang=kk
Астанада «Қытай – Орталық Азия» іскерлік кеңесінің отырысына байланысты бірқатар көше жабылады 21.06.2025
2025 жылдың 16-18 маусымы аралығында Астанаға Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин ресми сапармен келеді. 17 маусым күні елордада Орталық Азия мемлекеттері басшыларының қатысуымен «Қытай – Орталық Азия» іскерлік кеңесінің екінші отырысы өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.Осы іс-шараға байланысты елордада 16-18 маусым аралығында бірқатар көшеде көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі. Жол қозғалысы мына учаскелерде тоқтатылады:Қабанбай батыр даңғылы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайынан бастап Мәңгілік Ел даңғылына дейін;Мәңгілік Ел даңғылы Қабанбай батыр даңғылынан Д.Қонаев көшесіне дейін;Қонаев көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі аралық;Қабанбай батыр даңғылының Қорғалжын тас жолына дейінгі бөлігі.Сондай-ақ, 2025 жылғы 17 маусым күні мынп көшелерде уақытша қозғалыс шектеледі:Керей-Жәнібек хандар көшесі – Мәңгілік Ел даңғылынан бастап Шерхан Мұртаза көшесіне дейін;Тәуелсіздік даңғылы – Керей-Жәнібек хандар көшесінен А. Байтұрсынұлы көшесіне дейін.Бұған қоса, 17 маусымда сағат 14:00-ден 20:30-ға дейін Бейбітшілік және келісім сарайы маңындағы Қ. Аманжолов және Ж.Нәжімеденов көшелерінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жол қозғалысында болатын өзгерістерді ескере отырып, бағытын алдын ала жоспарлағаны жөн.Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жолдағы қолайсыздықты азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен нұсқағыштар орнатылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1017567?lang=kk
Астанада Тұран даңғылының учаскесі жөндеу жұмыстарынан кейін қайта ашылды 21.06.2025
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Тұран даңғылының Сарайшық көшесінен Сығанақ көшесіне дейінгі аралығындағы орташа жөндеу жұмыстарын аяқтады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Осыған байланысты, 15 маусымнан бастап аталған учаскеде көлік қозғалысы толық қалпына келтірілді және екі бағытта да қайта ашылды.Еске сала кетейік, жөндеу жұмыстары 10-15 маусым аралығында кезең-кезеңмен жүргізілді. Осы уақыт аралығында қозғалыс бірінші әуежайдан қалаға қарай, кейін қаладан әуежайға қарай бір бағытта ұйымдастырылған болатын.Айта кетейік, бұған дейін 2023 жылы Тұлпар көпірінен Сарайшық көшесіне дейінгі, ал 2024 жылы Керей-Жәнібек хандар көшесінен Жұлдыз айналымына дейінгі аралықта жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1017568?lang=kk
Абай облысындағы «Дарабоз» жазғы лагерінде 720 бала демалады 21.06.2025
Абай облысы Мақаншы ауданындағы «Дарабоз» жазғы сауықтыру-демалыс лагері балалардың алғашқы легін қабылдады. Лагерь жұмысы 6 маусым бойынша (әр маусым – 10 күн) жүргізіледі. Әр кезеңде 120 бала қабылданып, жаз бойы 720 оқушының демалысы ұйымдастырылады.«Дарабоз» лагері 10–14 жас аралығындағы 5–8 сынып оқушыларына арналған. Балалар жергілікті бюджет және «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры есебінен демалады.Балалардың демалысын мазмұнды әрі қауіпсіз өткізу үшін лагерьде 10 педагог қызметкер жұмыс істейді. Олардың қатарында аға тәлімгер, тәрбиешілер, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, жүзуден нұсқаушы және медбике бар. Мамандар балалардың күн тәртібін, ойын-сауық және тәрбиелік бағдарламаларын кәсіби деңгейде ұйымдастырып, қауіпсіздігін қадағалайды.Лагерьде күн сайын арнайы жоспармен іс-шаралар өтеді. Бағдарламада таңғы жаттығу, суға жүзу, спорттық жарыстар, шығармашылық үйірмелер мен клубтар (би, қолөнер, спорт, ақындар үйірмесі), экскурсиялар, зияткерлік ойындар, би кештері, тақырыптық күндер мен апталық мазмұнды шаралар қамтылған.Лагерь аумағы мен ғимараттары санитарлық-эпидемиологиялық және өрт қауіпсіздігі талаптарына толық сәйкес келеді. Аумақта бейнебақылау орнатылып, медициналық пункт, таза ауыз су, дезинфекциялық шаралар толық қамтылған.«Дарабоз» – балалар үшін қауіпсіз ортада денсаулығын нығайтып, қызықты әрі пайдалы демалыс өткізудің мүмкіндігі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/1017570?lang=kk
Алматы әкімі метро құрылысын апта сайын бақылап отырады 21.06.2025
Жобаға сәйкес, қолданыстағы «Бауыржан Момышұлы» станциясынан салынып жатқан «Қалқаман» станциясына дейінгі аралықтағы туннельдердің ұзындығы 1,98 шақырымды құрайды. Бүгінгі таңда сол жақ бағыттағы тоннель толық қазылып біткен, ал оң жақ бағытта 887 метр жер қазылған. «BCN group» директорлар кеңесінің төрағасы Александр Беловичтің мәліметінше, туннель қазу жұмыстарымен бір уақытта станцияның құрылысы да белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда желдету ұңғымасы салынды, қазу жұмыстары аяқталды, ал бетон құю жұмыстары 28 пайызға орындалды. «Нысанды 2026 жылдың қаңтар айына дейін толық аяқтау үшін құрылыс қарқынын арттыру қажет. Осы мақсатта арнайы штаб құрылатын болады. Оның құрамына қала әкімінің сала бойынша орынбасары, тиісті басқарма басшылары, мердігер ұйым өкілдері, сондай-ақ техникалық және авторлық қадағалау мамандары кіреді. Штаб отырыстарында жұмыстардың барысы апта сайын талқыланып, қатаң бақылауда болады», - деді Алматы әкімі. Құрылыс алаңында қала әкіміне метро желісін әрі қарай кеңейту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы да баяндалды. Алматы қаласы әкімінің орынбасары Асқар Әмриннің айтуынша, «Қалқаман» станциясынан «Барлық» базарына дейінгі аралықта тағы үш бекетті қамтитын жаңа бағыттың жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалған. Жобаны құрылыс басталған сәттен бастап үш жыл ішінде жүзеге асыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар «Жібек жолы» станциясынан халықаралық әуежайға дейінгі екінші желінің техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленуде. Ал «Сайран» станциясынан Алатау қаласына дейінгі үшінші желінің ТЭН жобасын әзірлеуге байқау жарияланған. «Біз «Барлыққа» дейінгі желі құрылысын күтіп отырмай, метроның тағы екі желісінің құрылысын қатарынан бастауды қарастыруымыз керек. Яғни, үш жыл күтпей, барлық желі бойынша жұмыс қатар жүруі тиіс. Жалпы, метро – Алматы қаласының көлік жүйесінің маңызды элементі. Ол қала тұрғындарының қозғалысын жеңілдетіп, күн сайын қала жолдарымен жүретін көлік санын азайтуға мүмкіндік береді. Сондықтан метрополитенді дамытуға ерекше назар аударылатын болады», - деп атап өтті Дархан Сатыбалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1017575?lang=kk
Алматы әкімі мердігерлерге бақылауды күшейтуді тапсырып, тұрғындардың өтініштері бойынша нақты нұсқаулар берді 21.06.2025
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Түрксіб ауданындағы әлеуметтік және коммуналдық инфрақұрылым нысандарын аралап шықты. «Нұршашқан» шағын ауданында қала әкімі ауызсу, кәріз және электр желілері бойынша инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен, сондай-ақ «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында абаттандырылып жатқан «Нығмет» скверіндегі жұмыстармен танысты. Тұрғындар жарықтың жиі сөніп қалуы мен судың тұрақсыз берілуі мәселесін көтерді. «Подстанцияны шеңберлі жүйеге қоспайынша, қуат көзі тұрақты болмайды, бұл туралы маған енді ғана баяндалып отыр. Мұнда станция салынды, енді желіні қосу қажет. Халық тұратын аумақ арқылы өткізуге тұрғындар қарсы болған, бірақ қазір келісімге келген», - деп түсіндірді Дархан Сатыбалды. Сумен жабдықтау бойынша жобадағы кемшіліктерге байланысты қала әкімі қазіргі мердігермен жұмысты аяқтауды және мерзім бұзылған жағдайда басқа ұйымды тартуды тапсырды. «Бұл жобаны жылыту маусымы басталғанға дейін аяқтау қажет», - деп атап өтті қала басшысы. Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының өкілі «Тұздыбастау» шағын ауданында осы айдың соңына дейін шеңберлі жүйе толық аяқталатынын хабарлады. Тұрғындар шағынаудандағы өзекті мәселелерге мән беріп, толыққанды ақпарат бергені үшін әкімге алғыс білдірді. Сапар барысында Огарев көшесінде салынып жатқан балабақша мен Шығармашылықты дамыту орталығының жобалары қаралды. Санитарлық-қорғау аймағы шегерімдерін ескере отырып, нысандардың жобалық параметрлерін қалалық құрылыс талаптары мен қадағалаушы органдардың қорытындыларына сәйкес қайта қарау тапсырылды. «Әлмерек» және «Маяк» шағын аудандарында әкім су, кәріз желілерін тарту және электр желілерін жаңарту жобаларымен танысты. Сонымен қатар, отбасылық-дәрігерлік амбулатория мен балабақшаның құрылыс учаскелері де тексерілді.  Ауданның көлік байланысын жақсартуға маңызды әсер беретін Кіші Алматы өзені арқылы өтетін көпір өткелінің аяқталуына ерекше назар аударылды. Қала басшысы аудан әкімдігі өкілдеріне: «Өзендегі жағдай қандай? Көктемгі тасқын кезінде жағдай қалай болады?» - деген нақты сұрақтарды қойды.Түрксіб ауданының әкімі Бақытжан Ақжаров өзен арнасы ирек болғанымен, тасқын суға қатысты еш қиындық жоқ екенін мәлімдеді.Осы ретте қала әкімі жағалау аумағын абаттандырудың маңыздылығын атап өтті. Талқылау кезінде өзен арнасын бекіту жұмыстары туралы да айтылды. Бұл жөнінде әкім:«Мен өз басым жасыл желек пен қоғамдық кеңістіктердің көбірек болғанын қолдаймын. Бұл халықтың мәдениетін өзгертеді деп сенемін», - деді Дархан Сатыбалды.Майлин көшесіндегі «Авиатор» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің аумағында әкім болашақ спорт кешенінің жобасымен танысты. Онда бассейн мен әмбебап спорт залы қарастырылған. Жоба бойынша бұл кешен тәулігіне 1300-ге дейін келушіні қабылдай алады.Қонаев атындағы жоспарлы кварталда әкім «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан 260 орындық балабақша мен тұрғын үйлердің құрылыс барысымен танысты. Инженерлік желілерге қосылу және абаттандыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.«Нысандар сапалы әрі мерзімінде аяқталуы тиіс. Жұмыс кестесін бұзатын мердігерлер жауапкершілікке тартылады.», - деді қала басшысы.Сондай-ақ Хмельницкий көшесін Талғар тас жолына дейін жалғастыру жобасы да қаралды. Бұл жоба қаланың шығыс бөлігіндегі көлік жүктемесін азайтып, қолжетімділікті арттыруға бағытталған.«Бұл - қозғалыстың маңызды  күретамыры. Жобаның жүзеге асырылуы созбалаңға салынбауы керек. Мерзім мен сапа – менің жеке бақылауымда», - деп атап өтті әкім.Кездесу барысында Қонаев ПК аумағындағы бес үйдің тұрғындары әлі күнге дейін кәрізден шыққан жағымсыз иістің барын айтып, үйлерінде газдың жоқтығын да көтерді. Бұл мәселелер бойынша қала әкімі тиісті орындарға себебін анықтап, мәселені шешуді тапсырды.Автобус бағыттарының жетіспеушілігі туралы сұраққа Алматы әкімі қоғамдық көлік жүйесі туралы толық мәлімет беріп, тұрғындар ұсынысы жаңа маршруттық сызбаны әзірлеу кезінде ескерілетінін айтты.Жеке тұрғын үй секторының бір тұрғыны жолдардың тоғанын алға тартты. Дархан Сатыбалды бұл мәселе жауапсыз мердігерлердің әрекетімен байланысты екенін жеткізді.«Мен өзім ауламен жүріп өттім, тұрғындардың неге тап болатынын көзіммен көрдім. Мұндай мәселелер назардан тыс қалмауы тиіс», - деді әкім.Кездесу соңында қала басшысы мердігер ұйымдарға бақылаудың күшейтілетінін және тұрғындар көтерген әрбір мәселе белгіленген мерзімде шешілуі тиіс екенін атап өтті.Сапар қорытындысында Дархан Сатыбалды бірқатар нақты тапсырмалар беріп, кешігулерді болдырмау, мердігерлерге бақылауды күшейту және барлық жобаларды белгіленген мерзімде аяқтауды міндеттеді. Сонымен қатар, қалада жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру әр жобаның жергілікті деңгейде сапалы жүзеге асуынан басталатынын еске салды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1017580?lang=kk
Жезқазғанда заманауи Оқушылар сарайы салынады 21.06.2025
Жезқазғанда заманауи Оқушылар сарайы салынады2025 жылдың мамыр айында Ұлытау облысы әкімдігі мен Болат Өтемұратов қоры Жезқазған қаласының жаңа Батыс ауданында заманауи Оқушылар сарайын салуды көздейтін өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.Жобаны Ұлытау облысы әкімдігінің тапсырысы бойынша «Архдизстрой» ЖШС әзірлеген. Құрылыстың барлық шығынын Болат Өтемұратов қоры өз мойнына алып, жобаны бастан аяқ жүргізбек. Жаңа Оқушылар сарайы заманауи сәулеттік және білім беру стандарттарына сай болады және өсіп келе жатқан ұрпақтың қабілеті мен талантын дамытуға арналған маңызды алаңға айналады. Жоба – өңір жастарының білімді, белсенді және шығармашыл болып қалыптасуына қолдау көрсетуді мақсат етеді.Құрылысты 2025 жылдың тамыз айында бастау жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-zhezkazgan/press/news/details/1017582?lang=kk
Құрметті медицина қызметкерлері! 21.06.2025
 Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз — Медицина қызметкері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!Біз дәрігерлеріміз бен мейіргерлеріміздің жетістіктерін мақтанышпен атап өтеміз, олар жыл сайын жүздеген мың науқасты қабылдап, миллиондаған жедел жәрдем шақыртуларына қызмет көрсетіп, мыңдаған күрделі операцияларды сәтті жасап, сәбилердің аман-есен дүниеге келуіне көмектесіп келеді.Ұлт денсаулығын нығайту - мемлекетіміздің басты басымдықтарының бірі.Қазақстанда медицинаның бірнеше бағыты халықаралық деңгейде табысты бәсекеге қабілетті. Бүгінде еліміздің әрбір тұрғынына медициналық-санитариялық алғашқы көмек те, жоғары технологиялық медициналық қызметтер де қолжетімді.Сіздердің тынымсыз еңбектеріңіз үшін алғысымыз шексіз!Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, мол оптимизм, құрмет пен амандық тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/1017584?lang=kk
Астанада «Күй» спектаклінің премьерасы өтті 21.06.2025
2025 жылдың 14 маусымында күндері Қалибек Қуанышбаев Қазақ ұлттық музыкалық драма театры Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың «Күй» повесі негізінде сахналанған драмалық қойылымның премьерасын ұсынды.Көрнекті қаламгердің терең философиялық туындысы театр сахнасында ерекше интерпретациямен көрерменге жол тартты.Қойылым театрдың халық аспаптар ансамблінің сүйемелдеуімен өтті.Туындыда басты кейіпкер Жөнейіт ыза-кекпен арпалысып, жан азабын тартады. Билік пен ар арасындағы тартыс та сахнада шебер суреттеледі.Қойылым көрерменге терең ой салып, ұлттық өнердің құдіретін сезіндіріп, ерекше әсер сыйлады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1017590?lang=kk
Медицина қызметкері күні құтты болсын! 21.06.2025
Медицина қызметкері күніне орай "AMANAT" партиясының алаңында өткен Қарағанды облысының мамандарын салтанатты марапаттау рәсімінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің атынан акушерлік-гинекологиялық бейіндегі тәуелсіз сарапшыларға алғыс хаттар мен естелік кәдесыйлар табыс етілді.Департамент басшысы Ольга Смирнова сарапшыларға алғыс сөздерімен жүгінді. Ол олардың маңызды және жауапты жұмысын, жоғары кәсібилігін, азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру кезіндегі бей-жай еместігі мен принциптілігін, сондай-ақ медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған стратегиялық шешімдерді әзірлеуге қосқан елеулі үлесін атап өтті.Департамент барлық тәуелсіз сарапшыларға жанқиярлық еңбегі, іске берілгендігі және еліміздің денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін шын жүректен алғыс білдіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-karagandy/press/news/details/1017591?lang=kk
Департамент қызметкерлерін "Медицина қызметкерлері күніне" құттықтау 21.06.2025
2025 жылы 13 маусымда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің қызметкерлеріне Медицина қызметкері күнін мерекелеу шеңберінде Денсаулық сақтау министрінің, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі аппараты басшысының, Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің, сондай-ақ Қарағанды облысы бойынша МФБКД ведомстволық наградалары мен грамоталары табыс етілді."Денсаулық сақтау үздігі" Құрмет белгісімен Департамент басшысының орынбасары Сабина Нагметуллина марапатталды.Наградтау орындалған жұмысы үшін, сондай-ақ жүктелген міндеттер шеңберінде көрсетілген бастамасы мен қызметінің тиімділігін арттыруға ұмтылысы үшін МФБКД ұжымын көтермелеу мақсатында өткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-karagandy/press/news/details/1017592?lang=kk
Қарағанды облысында жылдың үздік медицина қызметкерлері марапатталды 21.06.2025
       42 отметок "Нравится"dkmfk_krg.oblКәсіби мереке — Медицина қызметкері күні қарсаңында Қарағанды облысы әкімінің Денсаулық сақтау саласындағы сыйлығы салтанатты түрде тапсырылды."Фармацевтикалық қызметтің үздік маманы" номинациясында ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің фармацевтикалық қызметті бақылау бөлімінің басшысы Дарья Евгеньевна Росовская марапатталды.20 жылдық қызмет барысында алғаш рет біздің жұмысымыз облыс деңгейінде осындай жоғары бағаға ие болды!Бұл марапат - Дарья Евгеньевнаның жеке марапаты ғана емес, сонымен қатар аймақтың бүкіл медициналық және фармацевтикалық бақылау қызметінің жұмысына құрмет белгісі.Мереке құтты болсын, әріптестер! Әркімнің еңбегі байқалып, бағалансын!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-karagandy/press/news/details/1017593?lang=kk
Түркістан облысында 280 мың құсты қамтитын құс фабрикасы іске қосылады 21.06.2025
2025 жылы Сауран ауданына қарасты Шаға ауылдық округінде ет бағытындағы заманауи құс фабрикасы – “Eco-Chiken” ЖШС жұмысын бастайды. Құны 2,5 млрд теңге болатын жаңа инвестициялық жоба 280 мың құсты ұстауға есептелген және өңірдегі агроөнеркәсіптік кешендегі ірі нысандардың біріне айналмақ.Кәсіпорын толық қуатына шыққаннан кейін облыс ішіндегі сұранысты қамтып қана қоймай, еліміздің нарығына да шығып, сапалы құс етін бүкіл Қазақстан бойынша жеткізу жоспарлап отыр.Жоба Сауран ауданын дамыту жөніндегі кешенді бағдарлама аясында жүзеге асырылуда. Жалпы, 2024 жылы ауданда жалпы құны 16,4 млрд теңге болатын 13 ірі инвестициялық жобаны іске асыру көзделіп отыр.Маңызды жобалардың бірі ретінде биылғы жылдың соңына дейін аяқталатын, “Ақ Сауран” ЖШС жүзеге асырып жатқан жаңбырлатып суару әдісіне негізделген суару жүйесінің құрылысын атап өтуге болады. Аталған жобаға салынған инвестиция көлемі – 1,5 млрд теңге. Жоба су ресурстарын тиімді пайдалану мен ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыруға бағытталған.Бұдан бөлек, ауданда бордақылау алаңдары мен жылыжай кешендері де белсенді дамып келеді. Бұл өз кезегінде өңірдегі ауыл шаруашылығының тұрақты өсуіне және жаңа жұмыс орындарының құрылуына ықпал етуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/1017594?lang=kk
Ақтөбеде медициналық ұйымдарға көліктер, ал дәрігерлерге қызметтік пәтер кілттері табысталды 21.06.2025
 Облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы ғимаратының алдында медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті.Салтанатты рәсім аясында 15 медициналық ұйымға жаңа жедел жәрдем көліктері беріліп, 4 дәрігерге қызметтік пәтер кілттері табысталды. Саладағы үздік мамандар республикалық және өңірлік деңгейдегі марапаттарға, «Ерен еңбегі» медаліне, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісіне, сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігі, әкімдік және кәсіподақ ұйымының құрмет грамоталары мен алғыс хаттарына ие болды.Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуов, денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерлан Сұлтангереев, «QAMQOR» кәсіподағының төрағасы Қайрат Сабыр, саланың ардагерлері мен өңірдің медициналық қауымдастығының өкілдері қатысты.Бұл күн тек мереке ғана емес, сонымен қатар халықтың денсаулығы мен өмірін қорғап жүрген барлық мамандардың еңбегіне көрсетілген үлкен құрмет болды.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1017550?lang=kk
“ӘКЕ КӨРГЕН ОҚ ЖОНАР”: ОРАЛДА ОТБАСЫЛЫҚ СПОРТТЫҚ САЙЫС ӨТТІ 21.06.2025
Орал қаласында Әкелер күніне орай балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің әкімшілік қызметкерлері мен олардың 10–12 жас аралығындағы ұлдарының қатысуымен “Әке көрген оқ жонар” атты отбасылық спорттық сайыс ұйымдастырылды.📌 Сайысқа 30-ға жуық қатысушы қатысты.Жеңімпаз командалар төмендегідей анықталды:🥇 І орын — Облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі (Баймагамбетов Лесбек, Жақсылық Айқын)🥈 ІІ орын — Облыстық қысқы спорт түрлері БЖСМ (Зайнуллин Габбас, Жазылбеков Арман)🥉 ІІІ орын — Облыстық мамандандырылған олимпиадалық резерв БЖСМ (Кенжегалиев Азамат, Кенжегалиев Нурасыл)🏆 Арнайы номинациялар бойынша:🔹 «Жеңіске деген жігерлік» — Гарапша Алиби мен Ануарбек Самғат🔹 «Ардагер қатысушы» — Құрмашев Қазболат🔹 «Ең жас қатысушы» — Бақытжан ӘлирахманБарша жеңімпаздарды құттықтаймыз!✊⸻#bqo_sport #ОтбасылықҚұндылық #СпортЖәнеТәрбие #Орал2025Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-sport/press/news/details/1017606?lang=kk
ОРАЛДА ДӘСТҮРЛІ САДАҚ АТУДАН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ! 🎯 21.06.2025
Орал қаласында ересектер арасында дәстүрлі садақ атудан Қазақстан Республикасы чемпионатының ашылу салтанаты өтті.⠀📌 Айтулы чемпионатқа еліміздің 18 өңірінен келген 270-ке жуық үздік мерген қатысып, өз бақтарын сынға салуда.⠀⚜️Салтанатты шараға:🔹 «Sadaq aty» республикалық дәстүрлі садақ ату федерациясының президенті Диас Ахметов;🔹 Жарыстың бас төрешісі, жоғары ұлттық дәрежедегі төреші Абаған Мұхтархан;🔹 БҚО дәстүрлі садақ ату федерациясының президенті Ищанов Асхат;🔹 Ұлттық спорт түрлерінен облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры, самбодан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Байбатыров Ерболатқатысып, додаға қатысушы мергендерге сәттілік тіледі. 🤝🏹⠀📅 Айта кетсек, дәстүрлі садақ атудан ел чемпионаты маусым айының 16 күні өз мәресіне жетеді._____#bqo_sport #дәстүрлісдақ #ересектерарасында #қрчемпионаты #орал2025 #ұлттықрух #қазақмергені 🏹🇰🇿💪Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-sport/press/news/details/1017607?lang=kk
Әке – отбасының тірегі: Мойынқұмда тағылымды кездесу өтті 21.06.2025
15 маусым – Әкелер күніне орай Мойынқұм ауданында рухани-танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Аудандық мәдениет үйіндегі Коворкинг орталығында өткен кездесудің басты мақсаты – отбасы құндылықтарын насихаттап, әке мен бала арасындағы байланысты нығайту, жастарды тәрбиелік бағытта қолдау болды.Іс-шараға ауданның төбе биі Жамбыл Қалыбаев, ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұманазар Көдеков, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Манарбек Көшкінбаев, ауыл жастары мен тұрғындар қатысты. Сонымен бірге аудандық әкелер кеңесінің төрағасы Бекмұрат Жамбылов жастармен кездесіп, өмірлік тәжірибесімен бөлісті.Кездесу барысында жастар мен әкелер ашық сұхбат құрып, отбасыдағы әкенің рөлі, ұрпақ тәрбиесіндегі жауапкершілігі жөнінде өзара пікір алмасты. Ардагерлер мен қоғам белсенділері жас ұрпаққа бағыт-бағдар беретін тағылымды ойларын ортаға салды.Шара соңында қатысушыларға алғыс айтылып, мұндай рухани бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табатыны жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum/press/news/details/1017608?lang=kk
Қазақстанда Медицина қызметкерлерінің күні 21.06.2025
Құрметті медицина қызметкерлері!Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!Адам өмірі мен денсаулығы – баға жетпес байлық. Ал сол байлықты сақтауға, адамға үміт пен өмір сыйлауға бар күш-жігерін арнап жүрген сіздерге алғыс пен құрмет шексіз.Медицина саласы – терең білім мен шыдамдылықты, мейірім мен жанашырлықты қажет ететін жауапты әрі қастерлі мамандық. Әсіресе соңғы жылдарда қоғам дәрігердің қадірін терең түсінді. Сіздер күндіз-түні тыным таппай, әр науқастың жанына шипа, жүрегіне сенім сыйлап келесіздер.Мойынқұм ауданы бойынша талай жанға араша болып, денсаулық саласының дамуына үлес қосып жүрген барлық дәрігерлерге, медбикелер мен сала ардагерлеріне ерекше алғысымды білдіремін.Сіздердің адал еңбектеріңіз, кәсіби шеберліктеріңіз бен биік адамгершілік қасиеттеріңіз әрдайым құрметке лайық.Баршаңызға мықты денсаулық, отбасылық амандық, қажымас қайрат пен табыс тілеймін! Медицина қызметкерлері күні құтты болсын!Ізгі тілекпен, Мойынқұм ауданының әкіміЕрмек Амангелдіұлы КарентаевАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum/press/news/details/1017609?lang=kk
Фельдшерлер – күнделікті батырлар 21.06.2025
  Медицина қызметкері күніне арналған жарияланымдар сериясын жалғастыра отырып, біз шұғыл көмек көрсетіп, адам өмірін құтқарумен айналысатын мамандар туралы әңгімелейміз. Бұл фельдшерлер, олар үшін шақырту – бұл жай ғана жұмыс емес, адамдарға қиын жағдайда көмек көрсетуге бағытталған күнделікті миссия.  Қуаныш Екараев – Апаттар медицинасы орталығының Алматы қ. бойынша филиалының шұғыл медициналық көмек көрсету бөлімінің фельдшері. Медицина саласында 26 жылдан астам еңбек етіп келеді, оның 19 жылы – апаттар медицинасы орталығында. Республикалық ірі оқу-жаттығуларға, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға қатысып, 100-ден астам шақыртуда көмек көрсетті. 2021 жылы Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы әскери қоймадағы жарылыстың салдарын жоюға қатысты. 2023 жылдың қыркүйегінде ол Фурманов шыңына барып, таулы, қиын жер бедерінде жарақат алған әйелге шұғыл көмек көрсетті. Мұндай жағдайда жұмыс істеу тек кәсіби шеберлікті емес, жоғары физикалық дайындықты да талап етеді. Ол мол тәжірибесі бар білікті маман, әріптестері арасында үлкен құрметке ие. ТЖМ басшылығынан бірнеше рет алғыс хаттар мен грамоталармен марапатталған.  Жайылхан Өтеналиев – Алматы облысындағы «Құрты» трассалық медициналық-құтқару пунктінің аға фельдшері. 2015 жылдан бастап төтенше жағдайлар медицинасы жүйесінде қызмет атқарып келеді. Ол – жол бойындағы жедел көмек көрсету шебері, көмек дәл қазір, осы жерде қажет болған сәтте қызмет етеді. Жайылхан – мықты мінезді, мейірімді жан. Әріптестері оны кәсібилігі мен сенімділігі үшін бағалайды, ал пациенттер – қиын сәттерде көрсеткен қамқорлығы үшін алғыс білдіреді.   Ақниет Сайпырханов – Алматы облысындағы «Жаңа-Арна» трассалық медициналық-құтқару пунктінің аға фельдшері. Жас болса да, жүрегі кең маман. 2020 жылдан бері Апаттар медицинасы орталығында жұмыс істеп келеді. Жол-көлік оқиғалары мен басқа да төтенше жағдайлар болған жерге бірінші болып жетеді. Әскердегі қызметі оның мінезін шыңдады. Бүгінде Ақниет – кәсібилік, ерлік пен адамгершіліктің үйлесімі, кез келген сәтте алғы шепте тұратын, өз ісіне адал маман.  Дана Досқалиева – Апаттар медицинасы орталығының Атырау облысы бойынша филиалының фельдшер-диспетчері. Мамандықта 25 жылдан астам, оның 2010 жылдан бері Апаттар медицинасы орталығында еңбек етіп келеді. Диспетчерлік қызметіне қарамастан, Дана төтенше жағдайлар кезінде де шақыртуларға шығып, өрт, су тасқыны сияқты апаттарда зардап шеккендерге көмек көрсетеді. Ол – білімі мен тәжірибесі мол кәсіби маман ғана емес, сондай-ақ мейірімді, сабырлы, жанашыр жан. Әріптестері оны жауапкершілігі мен іскерлігі үшін құрметтейді, ал зардап шеккендер – сенім мен жылулық үшін алғыс білдіреді.  Дархан Жақыпов – Апаттар медицинасы орталығының Ақмола облысы бойынша филиалының фельдшері. 6 жыл ішінде өзін жоғары білікті маман ретінде көрсете білді. Ондаған құтқару операциясына қатысты. Оның кәсіби біліктілігі, шешім қабылдауы және сыни жағдайларда салқынқандылығы адам өмірін сақтап қалуға көмектеседі. Дархан – сын сағатта салқынқандылық танытып, секундтар санаулы болғанда шешім қабылдай білетін фельдшер. Әріптестері оны сенімділігі мен жанкештілігі үшін бағалайды, ал науқастар – оның сабырлы мінезінен дем алады. Ол – кез келген сәтте арқа сүйеуге болатын адам.  Тары Манат – Апаттар медицинасы орталығының Ақмола облысы бойынша филиалының фельдшері. Күнделікті медициналық жұмыстан бөлек, халықты алғашқы көмек көрсету дағдыларына үйретумен белсенді айналысады. Оның сабақтары түсінікті әрі қызықты, ол күрделі ақпаратты қарапайым тілмен жеткізе біледі. Манат – тек көмек көрсетіп қана қоймай, өзгелерге де өмірді қалай құтқаруға болатынын үйрететін маман. Оның білімі, мейірімділігі мен тәжірибе бөлісуге деген ынтасы оны нағыз ұстаз, беделді маман етеді. Адамдарға көмек көрсету – оның шынайы өмірлік миссиясы.  Фельдшерлер – бұл жай медицина қызметкері ғана емес. Бұл – әрбір адам өмірі үшін күрес жолындағы батылдық пен жанкештіліктің көрінісі. Біз олардың әрқайсысын мақтан тұтамыз және кәсібіне деген адалдығы, ерлігі мен жан жылуы үшін алғыс білдіреміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/1017610?lang=kk
Қазақстанда Әкелер күні аталып өтіп жатыр 21.06.2025
2023 жылдан бастап маусым айының үшінші жексенбісінде Қазақстанда ресми түрде Әкелер күні атап өтіледі.  Әкелер – күнделікті өмірдің шынайы қаһармандары. Олар – балалары мен отбасысы үшін күш-қуаттың, даналық пен жауапкершіліктің қайнар көзі. Әке – тек асыраушы ғана емес, сонымен қатар тәрбиеші, баланың тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ететін рухани тірек.Қазақ халқы әкені әрдайым отбасының тірегі, кеңесшісі әрі қамқор тәрбиеші ретінде бағалаған. Бұл жөнінде Мұхтар Әуезов: «Әке – асқар тау» деп тамаша айтып кеткен. Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин де бала тәрбиесіндегі әкенің рөлін ерекше атап көрсеткен: «Балалардың тәрбиесіне бірінші кезекте олардың ата-аналары, әсіресе – әкелері жауапты».Әкелердің қолдауы мен қамқорлығы – әрбір баланың және тұтас қоғамның болашағы үшін берік негіз қалыптастырады.Айта кету керек, Қазақстанда заңнамалық тұрғыда әкелердің бала күтіміне байланысты демалыс алу құқығы бекітілген. Бұл – отбасындағы теңдік пен өзара қолдаудың айқын көрінісі.Елімізде әке институтын дамыту – отбасылық және гендерлік саясаттың маңызды бағыты. Бұл міндет 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасында көрініс тапқан және осы бағытта нақты шаралар қабылдануда.Әке институтын қолдау мақсатында жыл сайын 7 мыңнан астам іс-шара өткізіліп, 600 мыңнан астам адамды қамтиды. Биыл да әкелер мен балалардың бірлескен демалысын ұйымдастыруға бағытталған ауқымды шаралар – спорттық турнирлер, тақырыптық концерттер, театр қойылымдары өтуде.2012 жылдан бері елімізде республикалық «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігі табысты жұмыс істеп келеді. Бұл – еліміздің барлық өңірлерінен жиналған белсенді әкелерді біріктіретін алаң. Мектептер жанынан 500-ден астам әкелер кеңесі, балабақшаларда әкелер клубтары құрылып, олар отбасы мен бала тәрбиесіне белсенді қатысып келеді.«Әкелер одағы» бірқатар маңызды жобаларды жүзеге асыруда, олардың қатарында: «Аламан» әкелер футбол лигасы, «Әкелер апталығы», «Саналы әке» тренингтері, зорлық-зомбылықпен күреске арналған Орталық Азия семинары, «Ерекше балалардың ерекше әкелері» бағдарламасы, жалғызбасты әкелерге қолдау көрсету, «Бала Толағай» атты әкелер мен балалар арасындағы спорттық жарыстар бар.«Әкелер одағының» бастамасымен және Ұлттық комиссияның қолдауымен Республикалық әкелер форумы өткізіледі – бұл отбасы құндылықтарын нығайту мен тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін маңызды алаң.Айта кетерлігі, VII Республикалық форум қатысушыларының бастамасымен бүгінгі мереке – Әкелер күні – елімізде ресми түрде бекітілді.Биыл 10-шы мерейтойлық Республикалық форум өтті. Бұл – елдің түкпір-түкпірінен белсенді азаматтар мен әкелерді біріктіретін жыл сайынғы маңызды шара. Форум аясында бала тәрбиесіне қатысты өзекті мәселелер, қазіргі заманғы отбасындағы әкенің рөлі, жауапты әке болудың үздік тәжірибелері талқыланды. Соңғы 10 жылда бұл форумға 3 мыңнан астам белсенді әке қатысты.Әке институтының дамуы өз жемісін беруде. Сауалнама нәтижесі бойынша, респонденттердің 75%-дан астамы бүгінгі таңда әке мен бала арасындағы қарым-қатынас бұрынғыдан әлдеқайда сенімді бола түскенін атап өтуде. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1017611?lang=kk