Enbekshi QazaQ

Қоғам

2025 жылғы 30 сәуірде мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтеді 18.05.2025
GOV.KZАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamysty-arka/press/news/details/989790?lang=kk
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Ноғайұлы Асылов: Таза Қазақстан – адал азаматтың таңдауы 18.05.2025
GOV.KZАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamysty-arka/press/news/details/989823?lang=kk
Тұрақты елді мекені тұсындағы Бөген өзенінің арнасында нығайту жұмыстары жүргізілді 18.05.2025
 Бәйдібек ауданына қарасты Тұрақты елді мекенінің маңынан өтетін Бөген өзенінің арнасында су тасқынының алдын алу мақсатында арна нығайту және жағалау бекіту жұмыстары жүргізілді. Аталған жұмыстар ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, табиғи апаттардың алдын алу және су шаруашылығын тиімді жүргізу мақсатында қолға алынды. Көктемгі жауын-шашын мен еріген қар суларының көлемі артқан жағдайда өзен суының арнасынан асып, маңайдағы аумақтарға қауіп төндіруі ықтимал. Осыны ескере отырып, аудан әкімдігінің тапсырысы бойынша өзен арнасын тереңдету, жағалауларын нығайту және қорғаныс бөгеттерін қалпына келтіру жұмыстары жүйелі түрде атқарылды. Жобаны жүзеге асыру барысында арнайы техникалармен өзен табаны кеңейтіліп, топырақтан жасалған бөгеттер күшейтілді. Сонымен қатар, су ағысын реттейтін құрылғылар орнатылып, гидротехникалық қауіпсіздік шаралары пысықталды.Жергілікті тұрғындар атқарылған жұмыстарға ризашылығын білдіріп, мұндай шаралар ауыл өмірінің қауіпсіздігі мен жайлылығына оң әсер ететінін атап өтті. Бұл жұмыстар табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен экологиялық тепе-теңдікті сақтау тұрғысынан да маңызды. Аудан әкімі Ерлан Нұрмахановтың тапсырмасына сәйкес, су нысандарына қатысты осындай алдын алу және қалпына келтіру жұмыстары алдағы уақытта басқа да елді мекендерде жалғасын табатын болады. Бұл өз кезегінде аудан көлеміндегі су қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ауыл шаруашылығы қажеттіліктеріне бағытталған су ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-baidibek-audany/press/news/details/989873?lang=kk
📌Вакциналардың қысқаша тарихы 18.05.2025
GOV.KZАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-mangistau/press/news/details/989900?lang=kk
ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫ АТАЛЫП ӨТТІ 18.05.2025
Бүгін Түркістан қаласы әкімдігі мен қалалық прокуратураның бірлесе ұйымдастыруымен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өтті.Мерекелік жиынға ардагерлер мен тыл еңбеккерлері, жастар мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.Салтанатты шараны қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы салтанатты түрде ашып, қатысушыларды Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады.— Сіздерді Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн – тек мереке емес, ұрпақтың парызы мен тарихи жадының нышаны. Тарихы терең Түркістан үшін айтулы күнді жастардың санасына сіңдіріп, отансүйгіштікке, бейбітшілікті бағалауға, батыр бабалар жолын ұмытпауға тәрбиелеуіміз керек. Біз үшін әрбіріңіздің алар орындарыңыз бөлек, мәртебелеріңіз биік.— деді қала әкімі өз сөзінде.Бүгінде Түркістан қаласында 255 тыл ардагері тұрып жатыр. Олардың ерлігі мен жанкешті еңбегі — ел бірлігі мен бейбітшіліктің негізі.Мерекелік бағдарлама «Батырлар туған Түркістан» атты көрініс-қойылыммен басталып, халық әндері мен патриоттық композициялармен жалғасты. Түрлі жанрдағы музыкалық қойылымдар, соғыс жылдарындағы әндер мен ұлттық билер көрермендерге ерекше әсер сыйлады.Салтанатты жиында Түркістан қаласының мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев пен қала прокуроры Кәукен Нәрікбаев ардагерлерге алғыс білдіріп, естелік сыйлықтар табыс етті.Сондай-ақ, облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенұлы бата беріп, бейбітшілік пен ел бірлігін тілек етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/989921?lang=kk
ТҮРКІСТАНДЫҚ ШАХМАТШЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТТЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ 18.05.2025
Алматы қаласында 20 жасқа дейінгі жастар арасында шахматтан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Ауқымды турнирге еліміздің түкпір-түкпірінен келген 100-ден астам жас шахматшы қатысып, ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатының финалы мен Азия чемпионатына жолдама үшін бақ сынасты.Жарыс швейцар жүйесі бойынша 9 турдан тұрды және 60 минут + 30 секундтық уақыт форматы бойынша ұйымдастырылды. Қатысушылардың әрқайсысы шеберлігі мен ойлау жылдамдығын ортаға салып, тартысты бәсекеде өз мүмкіндіктерін көрсетті.Аталған жарыста Түркістан қалалық Балалар мен жасөспірімдер спорт клубының намысын қорғаған шахматшы Әсия Асылхан жоғары деңгейде ойын көрсетіп, 1-орынды жеңіп алды. Осылайша, ол 2025 жылғы 20 мамыр мен 2 шілде аралығында өтетін ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының финалына қатысу мүмкіндігіне ие болды.Айта кету керек, Әсия Асылхан – Түркістан облысы тарихында шахмат спортынан спорт шебері атанған алғашқы жас спортшы. Бұл жетістік – тек жеке табыс қана емес, бүкіл өңірдегі шахмат спортының даму қарқынын айқындайтын айтулы көрсеткіш.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/989923?lang=kk
Әлеуметтік көмек алу тәртібі бойынша оқыту семинары 18.05.2025
     2025  жылдың 05 мамырында Аягөз аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алу тәртібі бойынша оқыту семинары өтті. Семинарға қала және ауыл мектептерінің әлеуметтік жұмысқа жауапты мамандары қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ayagoz-roo/press/news/details/989984?lang=kk
Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай өзге ұлт өкілдеріне сый-сияпат табысталды 18.05.2025
Бүгін 1 мамыр "Қазақстан халықтарының бірлігі " күніне орай Қарабөгет ауылдық округінің әкімі Дюсембаев Алмас Ермекұлы ауылымызда 40 жылдан астам уақыт тұратын, өзге ұлт өкілдері Шаповалова Пелогея Дмитриевна мен Токарев Валерий Федоровичті шын жүректен құттықтай отырып, ел ішіндегі бейбітшілік пен ұлтаралық татулықты нығайтуға қосқан үлестері үшін алғысын білдіріп, сый-сыяпат табыстады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan-karaboget/press/news/details/990031?lang=kk
ҚАРАҚОҢЫР АУЫЛ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ 18.05.2025
2025 жылы 04 мамырда өткен Қарақоңыр ауыл округі әкімі сайлауының нәтижелеріне сәйкес, аудандық сайлау комиссиясының шешімімен Қарақоңыр ауылдық округінің әкімі болып Олжатаев Шерхан Дәулетбекұлы сайланды.Бүгін аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы жаңадан сайланған лауазым иесін Қарақоңыр ауыл округі әкімдігінің активіне таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Кездесуде аудан басшысы ауылдың әлеуметтік - экономикалық дамуын қамтамасыз ету, тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау маңызды бағыттардың бірі екенін атап өтіп, негізгі міндеттерді абыроймен атқаратынына сенім білдірді.Қарақоңыр ауыл округі әкімі сайлауы бойынша сайлаушылар тізіміне 1658 азамат енгізілді, олардың ішінде 1069 азамат дауыс беруге қатысып, өз таңдауларын жасады. Жиын барысында аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Нурлан Жубаев куәлік табыстады.Олжатаев Шерхан Дәулетбекұлы 1 сәуір 1992 жылы Отырар ауданы, Қарақоңыр ауыл округі, Ш.Қалдаяқов ауылында туылған.Білімі жоғары, 2013 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтын информатика, 2016 жылы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін экономика мамандықтары бойынша бітірген.Алғашқы еңбек жолын 2013 жылы Шымкент қаласындағы “Еuroharma” ЖШС-нің операторы болып бастаған. 2016-2021 жылдары Отырар ауданы Қарақоңыр ауыл округі әкімі аппаратының бас маман-іс басқырушысы, 2021-2023 жылдары Қарақоңыр ауыл округі әкімі аппаратының бас маман-әлеуметтік қызметкері, 2023 жылдан осы уақытқа дейін Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының бас маманы қызметін атқарып келген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-audany/press/news/details/990034?lang=kk
🏅 Тыл ардагерлеріне құрмет көрсетілді 18.05.2025
🏅 Тыл ардагерлеріне құрмет көрсетілдіСарқан ауданы әкімінің орынбасары Қалиасқаров Асқат Мейрамғалиұлы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Қарабөгет ауылдық округінің Тыл ардагерлеріне арнайы медальдар табыстады.Аудан әкімінің орынбасары ардагерлерге шын жүректен алғыс айтып, олардың ерлікке толы еңбектерін жоғары бағалады.Ардагерлерге естелік сыйлықтар да табысталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan-karaboget/press/news/details/990037?lang=kk
7 мамыр Отан қорғаушылар күнімен! 18.05.2025
GOV.KZАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/op-priozersk/press/news/details/990101?lang=kk
Қапал ауылдық округінде орналасқан спорт алаңына абаттандыру жұмыстары жүргізілуде 18.05.2025
GOV.KZАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-aksu-qapal/press/news/details/990201?lang=kk
Құрметті Саяқ кентінің тұрғындары! 18.05.2025
GOV.KZАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-balhash-sayak/press/news/details/990260?lang=kk
Қызылжар ауданында 7 мамыр-9 мамыр мерекелеріне арналған іс-шаралар жоспары 18.05.2025
GOV.KZАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-kyzylzhar/press/news/details/990382?lang=kk
2025 жылғы 5 мамырда Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Абай институты: Жаһандану дәуіріндегі қазақ мәдениеті мен тілін дамыту перспективалары» атты ғылыми конференция өтті. 18.05.2025
Басқосудың мақсаты – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында көтерген Абай институтын дамыту идеясын кеңінен талқылап, оның қазақ руханиятындағы орнын айқындау әрі институттың болашақ бағыт-бағдарын ғылыми негізде саралау болды.Конференцияны ашқан ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары Эльмира Асан Ұлттық құрылтайда Президент көтерген мәселелерге, Абай институтын дамыту тапсырмасына тоқталып, қатысушыларды ортақ мақсатта жұмыла жұмыс істеуге шақырды.Филология ғылымдарының докторы, белгілі абайтанушы Тұрсын Жұртбай Абайды дүние жүзіне ұлттың рухани көсемі ретінде танытудың маңыздылығына тоқталды. «Абайдың сөзін тек оның жан дүниесін терең түсінген адам ғана аудара алады. Сондықтан сапалы аударма – рухани жауапкершілік», – деді ол.Назарбаев университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Гүлтас Құрманбай «Толық адам тұғыры – әділет» атты баяндамасында Алаш идеясының рухани бастау көзін Абайдан іздеу қажеттігін айта отырып, әділет ұғымының Абай философиясындағы орнын тарқатты.Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жанындағы Абай академиясының директоры Жандос Әубәкір мен Астанадағы Абай атындағы № 87 мектеп-гимназиясы музейінің меңгерушісі Алмахан Мұхаметқалиқызы ұлы ойшылдың мұрасын насихаттау ісінде Абай орталықтарының қызметін бір арнаға тоғыстыру қажеттігін алға тартты.Басқосуға Абайдың ұрпағы Ләйлә Мухлисқызы арнайы шақырылып, Абай музейіндегі көп жылғы еңбегі жайлы естелік әңгіме айтып, абайтанушылардың тың жұмыстарына шолу жасады.«Тіл-Қазына» орталығы жанындағы Абай институтының жетекшісі Ләйлә Демесінова бес жылдан бері жұмыс істеп жатқан институттың жобаларымен таныстырды. Институт әлемнің 8 елінде қазақ диаспорасы мен өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету курстарын өткізеді, жылына 150 адам осы курстардан тілді меңгеріп жүр, қазақ тіліне, мәдениетіне қызығушылардың саны жылдан жылға өсіп келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Абай институты қазақ тілі мен әдебиетін насихаттауға бағытталған толыққанды мәдени-ағарту мекемесіне айналуы тиіс. Өткен конференция – сол рухани жауапкершілікті ғылыми қауымдастықпен бірлесіп жүзеге асырудағы қадамдардың бірі.Офлайн және онлайн форматта өткен ғылыми конференция жұмысына еліміздің беделді жоғары оқу орындарының оқытушылары, докторанттар мен магистранттар, тіл саясаты саласындағы білікті мамандар, ғылыми-зерттеу институттарының сарапшылары қатысты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/language/press/news/details/990394?lang=kk
Өсімдіктер астынан тазарту 18.05.2025
GOV.KZАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-auliekol-timofeev/press/news/details/990515?lang=kk
Ұлы Жеңіске 80 жыл: бала жүректен туған бейнелер 18.05.2025
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының қабырғасында ерекше мазмұндағы іс-шара өтті.6-13 жас аралығындағы қызметкерлердің балалары арасында "Ешкім ұмытылмайды, ештеңе ұмытылмайды" атты сурет байқауы ұйымдастырылды.Байқаудың басты мақсаты — бала қиялы мен сезімі арқылы тарихқа тағзым етіп, жеңістің қадір-қасиетін ұғындыру, ұлт рухын дәріптеу. Әр сурет — соғыстың зардабын жүрекпен сезініп, бейбіт өмір сыйлаған ардагерлерге деген шынайы алғыс пен құрметтің көрінісі.Барлығы 28 бала қатысқан бұл байқауда жас суретшілер өздерінің әсерлі туындылары арқылы көрермен көңілінен шықты.Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар төмендегідей анықталды:І орын — Құлымбетова ДанельІІ орын — Таткенова Таифа және Амангелді АлауІІІ орын — Жақсылықова Алина, Тлектес Темірлан АйдосұлыЖүлдегерлер академия бастығының алғыс хаттарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.Бұл байқау — өскелең ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыруда, бейбіт өмірдің бағасын ұғындыруда маңызды қадам болды. Бала жүректен шыққан суреттер — өткен мен бүгінді жалғаған руханиАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/990573?lang=kk
Халықпен есептік кездесулер 18.05.2025
GOV.KZАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-akkol/press/news/details/990582?lang=kk
ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ: ШЫМКЕНТТЕ АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА 18.05.2025
Бүгінде Шымкент қаласында мүгедектігі бар азаматтарға арналған бірқатар әлеуметтік нысандардың құрылысы, жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жобалар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылуда.Бозарық шағынауданында 150 орынға лайықталған оңалту орталығының құрылысы басталды. Нысанды келесі жылы пайдалануға беру жоспарлануда.Психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан азаматтарға арналған №1 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының аумағынан қосымша 50 орындық ғимарат салынуда. Нысан жыл соңына дейін қолданысқа беріледі.№2 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттары аяқталып, мемлекеттік сараптамаға ұсынылуда.№6 балалар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Бұл жұмыстар биыл тамыз айында аяқталады деп жоспарлануда.Биыл 3-18 жас аралығындағы психоневрологиялық және тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған 150 орындық жаңа орталық ашу көзделіп отыр.18-35 жасқа дейінгі азаматтарға арналған 50 орындық арнайы мекеме де биыл ашылады. Екі нысанның да құрылыс жұмыстары мамыр айының соңына дейін аяқталады деп күтілуде.Бұл бастамалар мүгедектігі бар жандардың өмір сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам болары сөзсіз.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/990597?lang=kk