Enbekshi QazaQ

Әлем

ЖОСПАР-2025: ШЫМКЕНТТЕ 59 КӨПҚАБАТТЫ ҮЙ ЖӨНДЕЛЕДІ 21.02.2025
Биыл Шымкент қаласының басты көшелерінде орналасқан 59 көпқабатты тұрғын үйге ағымдағы немесе күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Бұл жұмыстар көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттері мен шатырларын жаңартып, бірыңғай сәулеттік келбет қалыптастыруға бағытталуда.Қазіргі таңда техникалық зерттеу жұмыстарын жүргізуге қатысты мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде. Техникалық зерттеу нәтижелері бойынша жөндеуді қажет ететін тұрғын үйлердің тізімі анықталды. Атап айтқанда:1. Әл-Фараби ауданында – 20 көппәтерлі тұрғын үй2. Еңбекші ауданында – 8 көппәтерлі тұрғын үй3. Тұран ауданында – 31 көппәтерлі тұрғын үй.Осы тізімге енген үйлерге ағымдағы немесе күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/938710
Жаңа технологиялар және өндіріспен ынтымақтастық: университеттер «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалінде қандай жобалар ұсынды 21.02.2025
Жаңа технологиялар және өндіріспен ынтымақтастық: университеттер «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалінде қандай жобалар ұсындыМемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтарының жылы аясында 11-15 ақпан аралығында Астанада EXPO көрме алаңында «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі өтіп жатыр.Фестиваль болашақ мамандардың, жұмыс берушілер мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өзара ынтымақтастық алаңына айналады.Қалашықтағы 40 интерактивті көрмеде 200-ден астам мамандықтың қыр-сырына қанығып, экономика секторларының ерекшеліктерімен танысуға болады. Фестиваль аясында бірнеше күн бойы түрлі семинарлар, шеберлік сағаттары, инновациялық сессиялар мен жұмыс жәрмеңкелері ұйымдастырылады.«Жұмысшы мамандықтар» қаласында Satbayev University, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті және С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің көрме нысандары, сондай-ақ «Мамандығым – Болашағым» жобасы ұсынылған. Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті фестивальде Қазақстандағы ең ірі автоөндіруші Hyundai Trans Kazakhstan-мен бірлесіп автомобиль бояу бойынша бірегей VR-зертханасын таныстырды. Бұл инновациялық әзірлеме – университеттің 100% өнімі. Зертхананың көмегімен студенттер университет қабырғасынан шықпай-ақ Hyundai Trans Kazakhstan бояу цехында болып, автомобиль бояуының озық технологияларымен таныса алады, сондай-ақ лакбояу материалдарды жағу бойынша практикалық дағдыларды алу мүмкіндігіне ие. Өз кезегінде, өндіріс жұмысқа жаңадан қабылданған қызметкерлерді шығын материалдарын пайдаланбай оқытады. Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті инженерлік технологиялар саласындағы ең жаңа жетістіктерді көрсетті. Университеттің таныстырылымында көлік саласын трансформациялау бағытындағы маңызды жобалар ерекше назарға алынды. Осы бағыттағы басты жобалардың бірі – Лу Бань шеберханасы болды. Лу Бань шеберханасы осы саладағы электрлі көліктер, көлік басқарудағы жасанды интеллект және көлік ағындарын оңтайландыру сияқты өзекті тақырыптарға негізделген.Фестивальде таныстырылған тағы бір маңызды жоба – мобильді платформа, ол роботтардың автопилоттық жүйесімен жұмыс істеу принциптерін зерттеуге арналған. Бұл платформа көлік тасымалдау, жеткізу және басқа да арнайы міндеттер үшін қолданылуы мүмкін. Роботтың жұмыс істеу принципі бойынша ол толықтай автономды режимде қозғала алады. С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті студенттері мен ғалымдары көрмеде «VR виртуалды кен орны» технологиясын таныстырды. VR технологияның көмегімен студенттер виртуалды ортада түрлі кен орындарын зерттеп, теориялық білімдерін бекіте алады. Жобаның артықшылығы – қауіпсіз эксперименттік орта, виртуалды экскурсиялар, интерактивті және иммерсивті оқу процесі. «Мамандығым – Болашағым» жобасы аясында жаңа кәсіптердің Өңірлік атластарын әзірлеу бойынша жұмыс нәтижелері таныстырылды. Атап өтер болсақ, қазіргі уақытта жоба 9 аймақты қамтиды және оны барлық өңірлерді толықтай қамту жыл соңына дейін жоспарланған. Сондай-ақ жоба аясында экономиканың 43 саласында 500-ден астам жаңа кәсіп анықталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/938775
Қанат Шарлапаев «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалінде болды 21.02.2025
Бүгін ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалінде болды. Ол болашақ мамандарды, жұмыс берушілерді және кәсіптік білім беру ұйымдарын біріктірді. Бұл Президент жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясындағы алғашқы ауқымды іс-шара.Министр тау-кен, металлургия, машина жасау, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салалары бойынша кәсіптік білім беру ұйымдарында мамандарды даярлау барысымен танысты.Министрлік бақылайтын салалар бойынша 13 тақырыптық үй ұсынылды, олар Тау-кен ісі және металлургия, Машина жасаушылар және Құрылысшылар көшелерінде орналасқан.Фестиваль Қазақмыс корпорациясы, QARMET, Eurasian Resources Group, AK Altynalmas, Tau-Ken Samruk, Allur, BI Group, Nur Astana Құрылыс, Сардар Групп, «Қазақстан автомобиль одағы» ЗТБ демеуші компаниялардың қолдауымен ұйымдастырылды.Тақырыптық үйлер келесі оқу орындарының тікелей қатысуымен құрал-жабдықтармен жабдықталған: Семей қаласының геологиялық барлау колледжі, Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжі, Степногорск тау-кен техникалық колледжі, Теміртау жоғары политехникалық колледжі, «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі, Қарағанды жоғары политехникалық колледжі, ASTANA автокөлік колледжі, Қостанай жоғары көлік колледжі. ПОЛИТЕХНИКА, Қарағанды техникалық-құрылыс колледжі, Алматы құрылыс-техникалық колледжі, Астана қаласы әкімдігінің сервис және туризм колледжі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/938675
Мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнама: құқық қолдану тәжірибесінің мәселелері 21.02.2025
Алматыда «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа Заңға арналған дөңгелек үстел өтті. Шараға ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил, мемлекеттік органдардың, Кәсіпкерлер палатасының, бизнес-қауымдастықтың өкілдері және қалалық мәслихат депутаттары қатысты.Дөңгелек үстелге қатысушылар 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның негізгі тармақтарын талқылады. Д. Кеңбеил заңның тиімді тұстары мен оның алғашқы нәтижелеріне тоқталды. Осылайша, енді сатып алулардың жеңімпаздары 10 жұмыс күні ішінде анықталады, ал рейтингтік-баллдық жүйе бойынша конкурстар небәрі 5 жұмыс күні ішінде өтеді. Бұл ретте жергілікті жеткізушілер үшін шартты жеңілдіктер 1-ден 2%-ға дейін ұлғайтылды.Вице-министрдің айтуынша, қазірдің өзінде әлеуметтік маңызы бар нысандар бойынша келісім-шарттар жасалып, жеңімпаздардың басым бөлігі болып жергілікті компаниялар анықталған. Ағымдағы жылдың бір жарым айында жалпы құны 1,3 триллион теңгеден асатын 330 мың келісімшарт жасалса, өткен жылы осы кезеңде 339 миллиард теңгеге келісімшарт жасалған.Қатысушылар жаңа Заңның бизнес-климатқа оң ықпалын, сатып алынатын тауарлардың сапасын арттырып, отандық тауар өндірушілерді қолдауға бағытталғанын атап өтті.Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил : «Біздің министрлік мемлекеттік сатып алудың барынша ашық жүйесін құруға ұмтыла отырып, бизнес пен мемлекеттік органдардың ұсыныстарына әрқашан ашық», - деп атап өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/938776
Қор нарығының қатысушыларымен кездесу өткізілді 21.02.2025
2025 жылдың 14 ақпаны KASE конференциясы аясында «Tabadul Digital Hubs-ке қосылу» капитал нарықтарының инфрақұрылымын дамыту бойынша негізгі аспектілер талқыланды.Іс-шара аясында Қаржы вице-министрі Кенбеил Д.М. екінші деңгейдегі банктердің, қаржы ұйымдарының және нарықтың басқа қатысушыларының өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында ағымдағы жылға арналған негізгі қарыз алу жоспары мен бағыттары ұсынылды. Кездесу қатысушылары Қаржы министрлігінің бағалы қағаздарының тартымдылығын арттыру бойынша ұсыныстар беріп, инвесторлардың шешім қабылдауына әсер ететін факторларды талқылады.Конференция мемлекет пен қаржы нарығына қатысушылар арасындағы диалог үшін маңызды платформаға айналып, капитал нарығы инфрақұрылымын дамытудың негізгі басымдықтарын анықтады.Конференция барысында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ұлттық капитал нарығын дамытудағы рөліне ерекше назар аударылды. Осы бағыттағы елеулі үлесі үшін Қаржы министрі М.Такиев және министрлік командасы «Мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастырудағы 20 жылдық табысты серіктестік» дипломымен марапатталды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/938809
Қарғалының шаруалары мемлекеттік қолдаулар тетіктерін тиімді пайдалануда 21.02.2025
Қарғалы ауданының Қос-Естек ауылында «Қуаныш» шаруа қожалығы әулиекөл сиырының тұқымын өсірумен айналысады.Қарғалы ауданына жұмыс сапары барысында облыс әкімі Қос-Естек ауылында болды. Ол әулиекөл ірі қара малының тұқымын өсірумен табысты айналысып жатқан «Қуаныш» фермерлік шаруашылығына барды.2023 жылы шаруашылық 100 бас аналық ірі қара мал мен 4 өндіруші бұқаны сатып алып, екінші жылы жоғары нәтижеге қол жеткізген, бүгін малдың 85% төлдеген. Қазір фермерлер мал басын 500 аналыққа жеткізіп, Қазақстан аумағында малды сату мақсатында тұқымның көбеюін дамытуды жоспарлауда. «Қуаныш» ФҚ зоотехнигі Арман Илюповтің айтуынша, әулиекөл тұқымы өңірдің климатына жақсы бейімделген және күтімі қиындықтар туғызбайды.Шаруашылық сонымен қатар өсімдік шаруашылығымен айналысады, өзін-өзі жеммен қамтамасыз етеді. 2024 жылы 1118 гектар жерге бидай, арпа және сұлы еккен.Облыс әкімі шаруашылық жұмысының тыныс-тіршілігімен танысып, қожалық басшылығымен одан әрі дамыту жоспарларын талқылап, фермерлерді мемлекеттік қолдаудың маңыздылығын атап өтті. Мұндай бастамалар өңірдегі экономикалық жағдайды жақсартуға және азық-түлік қауіпсіздігін арттыруға көмектесетінін алға тартты.Содан кейін аймақ басшысы Қос-Естек ауылында орналасқан «Моя семья» наубайханасына барды.Оны тоғыз бала тәрбиелеп отырған көпбалалы ана Наталья Роде ашқан. Балалармен бірге олар 700-ге дейін нан және басқа да нан өнімдерін пісіріп, ауылдарға жеткізеді.«2020 жылы «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында төрт миллион теңге көлемінде грантқа ие болдым. Осы ақшаға жабдықтар мен пештер сатып алдым. Бастапқыда нанды үйде пісірдім, қыздарым көмектесті, ал ұлдар нан тасымалдаумен айналысты. Нан-тоқаш өнімдері сұранысқа ие бола бастады және біз кәсіпті кеңейтіп, наубайхана салуды жөнінде шешім қабылдадық. 2023 жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы қамыр илейтін құрал-жабдық, қалып және тоңазытқыш сатып алу үшін 1,3 миллион теңге көлемінде несие алдық. Біз бұл несиені тезірек жауып, ол отбасылық бизнесіміздің дамуына оң әсер етті», - деді Наталья өз ісі туралы.Енді кәсіпкер мемлекеттік қолдау бағдарламасы арқылы нан тасымалдау үшін көлік сатып алуды жоспарлап отыр.«Ауылдағы отбасылық бизнес - бұл тұрақтылық пен өсудің кепілі. Мұнымен тоқтамай, әрі қарай дамыңыздар. Балаларыңыз сізге көмектесіп жатыр - бұл дәстүр мен сабақтастықты сақтаудың маңызды қадамы. Нанға деген қажеттілік әрқашан болады. Табысқа жетудің барлық негіздері жолға қойылған», - деп әкім кәсіпкерге табыс тіледі.Бұдан әрі облыс әкімі Велиховка ауылында болып, Юрий Барановтың басшылығымен 1999 жылдан бері дамып келе жатқан жергілікті фермерлік шаруашылықтың қызметімен танысты.«Велиховка» ШҚ өсімдік және мал шаруашылығымен айналысады. Егістік алқаптарының ауданы – 4 405 га, шабындық – 536 га, тағы 1 968 га жайылымға бөлінген. Мал басының саны 400-ге жуық. Былтырғы жылы 4 297 га дәнді дақылдар егілді, 228 га жемшөпке бөлінді.Шаруашылық заманауи ауыл шаруашылығы техникасымен жабдықталған. Бүгінгі таңда фермада 30 адам жұмыс істейді, олар кәсіпорынның үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді.«Ауыл шаруашылығын дамытып қана қоймай, бүкіл аймақтың өркендеуіне ықпал ететін жұмыс орындарын құратын фермерлерге қолдау көрсету маңызды. Біз бизнесті кеңейтуге, жабдықты жаңартуға және еңбек жағдайларын жақсартуға көмектесетін бастамаларға қолдау көрсетуді жалғастырамыз. Бірлескен күш-жігердің арқасында ғана біз орнықты дамуға қол жеткізе аламыз, ауылдық жерлердегі өмірді жақсарта аламыз және келер ұрпақ үшін табысты болашақты қамтамасыз ете аламыз», - деп атап өтті облыс әкімі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/938754
Бадамшада «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы бойынша «Балапан» балабақшасы жөнделді 21.02.2025
Ғимаратты жөндеу 2024 жылы аяқталған, оны «Бабэк Құрылыс» ЖШС компаниясы жүзеге асырды. Жұмыс құны – 176,6 млн теңге. Күрделі жөндеу және ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп, заманауи өрт дабылы жүйесі орнатылған, электрмен жабдықтау ретке келтіріліп, балабақша аумағы абаттандырылды, балалар карусельдері мен ойын алаңдары қойылды.Қарғалы ауданына жұмыс сапары барысында өңір басшысы Бадамшадағы «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы аясында жөнделген мектепке дейінгі мекемеге барды. Әкім атқарылған жұмыстарды бағамдап, балалардың тұрғын жағдайларымен танысты.«Балапан» мектепке дейінгі мекемесінің директоры Жанат Биманбаева сәбилердің жайлы және қауіпсіз ортала тәрбиеленуі үшін барлық жағдай жасалғанын атап өтті. Қазір балабақшаға 82 бала келеді, штат 29 қызметкерден тұрады, оның ішінде 13 тәрбиеші мен әдіскер бар. Аудан орталығында балабақша кезегінде екі жасқа дейінгі 31 бала тұр.Балабақшада балалардың көркемдік дамуына арналған кабинет, ойын бөлмелері, музыка залы, медициналық кабинет жаңартылды. Ас блогында тоңазытқыш камералары бар заманауи ас үй жабдықтары орнатылған. Балабақша ғимаратында мұғалімдердің жұмысына ыңғайлы болу үшін Wi-Fi бар.«Біз балалар үшін қолайлы және қауіпсіз жағдай жасау үшін ауылдарда инфрақұрылымды белсенді қолдауды және дамытуды жалғастырамыз. Бұл тұрғылықты жеріне қарамастан, әр бала үшін тең мүмкіндіктер бағытындағы маңызды қадам. Әр баланың әлеуетін ашуға көмектесетін сапалы білімге қол жеткізуін қамтамасыз ету қажет. Балалардың психикалық дамуына ерекше назар аудару керек. Қажет болса, біз Монтессори сияқты мамандандырылған кабинеттерді немесе ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеу үшін түзету кабинеттерін ашамыз. Бұл әр балаға жалпы дағдыларды дамытып қана қоймай, жеке ерекшеліктеріне қарамастан үйлесімді дамуға көмектеседі», - деп атап өтті әкім.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/938826
Қарғалы ауданының ауруханасына жапсарлас ғимарат салынады 21.02.2025
Қарғалы ауданына жұмыс сапары кезінде облыс әкімі орталық ауруханаға барып, диагностикалық бөлімшені орналастыру үшін салынатын қосымша жобамен танысты.Аудандық аурухананың бас дәрігері Берік Жаржанов бұл нысан пациенттерге қызмет көрсету сапасын едәуір жақсартуға және диагностика мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік беретінін айтты.Аурухана 1955 жылы салынған. Оның жанында 54 төсек-орынға шақталған стационар жұмыс істейді. Сондай-ақ, бір ауысымда 150 науқасқа қызмет көрсететін емхана бар. Ауруханаға 6 дәрігерлік амбулатория және ауданның 9 медициналық пункті бекітілген. Аурухана ұжымы 162 адамды құрайды.«Қарғалы ауданы қарқынды дамуда. Мұнда жаңа үйлер салынуда, халық саны артып келеді. Жапсарлас нысанды салу және денсаулық сақтау инфрақұрылымын жақсарту - бұл процестің маңызды қадамы. Аудан тұрғындары сапалы медициналық қызмет алуы үшін біз денсаулық сақтау жұмыстарын қолдап, жақсартуды жалғастырамыз», - деді облыс әкімі.Өңір басшысы ауруханаға қосымша құрылыс салу жобасын қаржыландыру мәселесі облыстық мәслихат сессиясында қаралатынын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/938841
Ядролық медицина және онкология орталығында заманауи қондырғылар іске қосылды 20.02.2025
Абай облысының ядролық медицина және онкология орталығында SOMATOM go.Sim компьютерлік томографы мен TrueBeam сәулелік терапия жүйесі іске қосылды. Аталған қондырғылар «Қазақстан Халқына» Қоғамдық Қорының қолдауымен алынып отыр. Шараға Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев, «Қазақстан Халқына» Қоғамдық Қорының басқарма төрайымы Ләззат Шыңғысбаева, орталық ұжымы қатысты.«Бүгінгі қуанышты оқиға Абай облысы әкімдігімен бірлесе іске асырған сәтті жобалардың бірі болды. Облыс тұрғындарының денсаулығын жақсартуда бұл заманауи қондырғылардың тигізер пайдасы мол екені анық. Біз Абай облысымен денсаулық саласында ғана емес, білім, спорт сияқты өзге де әлеуметтік салаларда бірлесе жұмыс жасап келеміз. Әріптестігіміз алдағы уақытта да жалғаса береді», -деді «Қазақстан Халқына» Қоғамдық Қорының басқарма төрайымы Ләззат Шыңғысбаева.Жоғары технологиялық қондырғылар диагностика мен емдеудің сапасын арттыруға, өңіріміз ғана емес бүкіл Қазақстанның тұрғындары үшін заманауи онкологиялық көмектің қолжетімділігін кеңейтуіне ықпал етеді.«SOMATOM go.Sim компьютерлік томографы сәулелік терапияны дәл жоспарлау үшін ісіктерді егжей-тегжейлі бейнелеуге, кескіннің жоғары сапасын сақтай отырып, сәулелену дозасын азайтуға, ағзаның табиғи физиологиялық процестерін( тыныс алу, жүрек соғысы) ескере отырып, емдеу процедурасын жүргізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, сәтті емдеу мүмкіндігін арттыра отырып, сәулелік терапияның ең күрделі әдістерін жоспарлау процесін жеделдетеді»,-дейді ядролық медицина және онкология орталығының директоры Саят Таңатаров.Ал, TrueBeam сәулелік терапия жүйесі тек қатерлі жасушаларға әсер ететін сәулеленудің инновациялық әдістерін қолдануға, динамикалық бақылау технологиясының арқасында ең күрделі және қозғалмалы ісіктерді емдеуге мүмкіндік береді. Одан бөлек, сеанстардың ұзақтығын азайтып, жайлылықты арттырады. Ең бастысы, емделушілердің өмір сүру сапасын бұзбайды.Демек, алдағы уақытта орталықта ем қабылдаушылар жаңа қондырғылардың арқасында сырқатының диагноздарын дәл анықтап, дәрігерлердің одан арғы көмегіне жүгіне алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/938278
Автомобильдік транзиттік тасымалдау көлемі жыл сайын артып келеді 20.02.2025
Өткен 2024 жылмен салыстырғанда ел бойынша автомобильдік транзиттік тасымалдау көлемі 39 пайызға артып, шамамен 5 миллион тонна жүкті құрады.Бұл ретте Қытайдан транзит 67%-ға өсті (1,5 млн. тоннадан 2,5 млн. тоннаға дейін). Транзиттік тасымалдардың динамикасын сақтау және одан әрі өсуін қамтамасыз ету үшін Министрлік келесі шараларды жүзеге асырады:- Түркия, Ресей, Латвия, Литва -елдерімен шетелдік рұқсат бланкілерін электронды форматына көшу. - Португалия және Даниямен автомобиль тасымалы бойынша жаңа Үкіметаралық келісімдер жасау арқылы тасымалдау географиясын кеңейту.Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру үшін Қазақстан қазіргі уақытта 42 Үкіметаралық келісім жасасты, олардың негізінде министрлік жыл сайын рұқсат бланкілерімен алмасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/938263
«Ашық НҚА» порталында НҚА жобасын орналастыру туралы хабарлау 20.02.2025
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі «Мемлекеттің ұсынылатын және (немесе) іске асырылатын жобалары мен бастамаларына халықтың кері байланысын жинау және бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 16 қаңтардағы № 17-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасын қоғамдық талқылауды бастау туралы хабарлайды.Аталған бұйрық жобасы https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15444654 сілтемесі бойынша қол жетімді.Сізден жобаны талқылауға қатысуыңызды сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/938083
«Алтын Адам» анимациялық фильмі көрерменге жол тартады 20.02.2025
Биыл Қазақстан кинотеатрларында экшн және фэнтези жанрындағы «Алтын Адам» толықметражды анимациялық фильмі көрерменге ұсынылады.Мультфильм Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен әзірленген.«Алтын Адам» – өмір отын іздеп, Хан тәңірі шыңына шыққан сақ жауынгерінің оқиғасын баяндайды. Ол сол сапарда сенімді дос табады, қауіпті қарсыластармен шайқасады. Сан түрлі сынақтан өтіп, ол нағыз жауынгерге атанып, туған жерін зұлымдықтан қорғайды.Фильмнің режиссерлері – Тұрдыбек Майдан («Мұзбалақ» жобасының авторы) және Тілек Төлеуғазы.«Алтын Адам» жобасының басты мақсаты – адамның тек сырты ғана емес, ішкі жан дүниесі де «алтын» бола алатынын көрсету. Фильмге Есік қорғанынан табылған Алтын адам археологиялық мұрасы арқау болған. Жоба 2D форматында жасалды. Бұл әдіс ежелгі дәуірді қаз-қалпында бейнелеуге, сол кезеңнің қабырға суреттері мен сәулет өнерін көрсетуге мүмкіндік берді.«Алтын Адам» – бұл тек ерлік пен батырдық туралы хикая ғана емес, жас көрерменге терең философиялық ой салатын туынды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/938303
Қасым-Жомарт Тоқаев Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде жүргізіліп жатқан қайта жөндеу жұмыстарының барысымен танысты 20.02.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде жүргізіліп жатқан қайта жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.Мемлекет басшысына жаңғырту жұмыстарынан кейін бас ғимараттың көлемі 10 мың шаршы метрге ұлғайып, 38 мың шаршы метрге жуықтағаны жөнінде баяндалды.Соның нәтижесінде жаңа арнаулы аудиториялар ашуға мүмкіндік туды. Ауқымды іс-шаралар өткізетін 1100 орындық үлкен концерт залы пайдалануға беріледі.Бұдан бөлек, оқу корпусында академиялық музыкаға арналған камералық зал, дайындық студиялары, студенттер мен өзге де суретшілердің туындылары қойылатын көрме галереялары бар.АқордаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/938378
ТЖМ-де Шығыс Қазақстан облысының батыры марапатталды 20.02.2025
ТЖ вице-министрі генерал-майор Кеген Тұрсынбаев Төтенше жағдайлар министрінің атынан «Өркен» шаруа қожалығының басшысы Талғат Мұсірәтке тұрғын үйдегі өрт кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы, адам өмірлерін сақтап қалғаны үшін «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалін табыстады. Вице-министр медальді тапсыра отырып: «Талғат Мүсірәт батылдықты ғана емес, сонымен қатар үлкен жауапкершілікті талап ететін нағыз ерлікті көрсетті. Оның бұл әрекеті шабыттандырып, барлығына үлгі болады. Мұндай адамдар өз заманының нағыз батырлары және біз олардың ерліктерін мақтан тұтамыз», - деп атап өтті. Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың 7 ақпанында Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Айнабұлақ ауылында жеке тұрғын үйде өрт шыққан. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін көршісі Талғат Мүсірәт өз өмірін қатерге тігіп, терезе арқылы қатты түтіндеген үйге кіріп, қарт әйел мен төрт баланы құтқарып, қауіпті аймақтан шығуға көмектесті. Өрт сөндірушілер сол жерге келіп, 30 шаршы метр аумақтағы өртті жойды. Өрттің себебі электр жабдықтарын монтаждау кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау болды, Батырдың өзі марапатқа ризашылығын білдіріп: «Мен адамдарға қауіп төніп тұрғанын көргенде шетте қарап тұра алмадым. Мен түйсігіммен әрекет еттім, егер де тағы да осындай жағдайға тап болсам, де солай істейтін едім. Мен үшін ең бастысы – құтқарылған өмір», - деп айтып өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/938649
Су тасқынына дайындық: халықты қорғау үшін күштер мен құралдар дайындыққа келтірілді 20.02.2025
2025 жылғы 14 ақпанда ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Су тасқыны кезеңіне дайындық туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Спикер ретінде ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті төрағасының міндетін атқарушы Жылқайдаров Әсет Думанұлы сөз сөйледі. Төтенше жағдайлар министрлігі орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп су тасқыны кезеңіне дайындық жөніндегі іс шаралар кешенін жалғастыруда. Су тасқынының болжамды тәуекелдеріне байланысты оңтүстік және батыс өңірлерде орналасқан учаскелерде жағдайды бақылайтын және қалыптасқан жағдай туралы өзекті ақпаратты беретін тәулік бойы қызмет атқаратын бекеттер қойылды. «Жағдай нашарлаған кезде біз зардап шеккен өңірлерге қосымша күштер мен құралдарды жедел жеткіземіз, сондай-ақ халықты эвакуациялауға және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге дайындаламыз», - деп Әсет Жылқайдаров хабарлады. Дайындық шеңберінде азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері жоғары дайындыққа келтірілді, жедел кезекшілікте құтқару авиациясы бар. Тәулік бойы режимде ТЖМ жедел су тасқынына қарсы штабы жұмыс істейді, оған ІІМ, Қорғанысмині, ҰҰ, Қазгидромет, Қазсушар және Қазавтожол сияқты негізгі мемлекеттік органдардың мамандары тартылған. Сондай-ақ іс-қимылдарды жедел үйлестіру үшін өңірлерде осындай штабтар да жұмыс істейді. Жеделдікті жақсарту үшін командалық-штабтық машиналар базасында жедел басқару топтары құрылды, ол ықтимал төтенше жағдайлар аймақтарынан нақты уақыт режимінде ақпаратты беруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ жедел ден қою үшін күштер мен құралдар резерві дайындалды. Сондай-ақ жедел ден қою үшін күштер мен құралдар резерві дайындалды. Қазгидрометтің алдын ала болжамы бойынша 9 өңірде (Ақтөбе, Абай, Ақмола, ШҚО, БҚО, Қарағанды, Ұлытау, СҚО, Қостанай облыстары) жоғары су басу қаупі күтілуде. ТЖМ су тасқыны салдарын азайту және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға дайын. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/938734
ҚР ТЖ вице-министрі ШҚО-ға жұмыс сапарымен келді 20.02.2025
Серік Төленбергенов Шығыс Қазақстанға жұмыс сапары аясында ШҚО ТЖД өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасында кеңес өткізді. Өндірістік объектілердегі авариялар мен оқиғалардың алдын алу, кеніштерде позициялау жүйесінің бар-жоғын бақылау, өнеркәсіпте цифрлық технологияларды қолдану, өндіріс қауіпсіздігі бойынша заманауи шешімдерді енгізу мәселелері талқыланды. Серік Төленбергенов ШҚО ТЖД бастығымен жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен және Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабының басшылығымен бірлесіп облыстың бірқатар өнеркәсіптік объектілерін аралап шықты. Сондай-ақ «Қазмырыш» ЖШС Шығыс Қазақстан тау-кен байыту кешенін алқап кенішіне барды, онда кен өндіру процестері бүкіл ТМД бойынша жалғыз «Rail veyor» көлік жүйесімен бақыланатын өндіріс басқармасының орталығымен танысты. ҚР ТЖ вице-министрі қауіпсіздік мониторингі жүйесін, шахтадағы басты желдету қондырғысының жұмысын, бетон-толтырымдық кешеннің жұмысын, үйінді астында іздеу жүйесін және персонал мен өздігінен жүретін жабдықты жақындастыру жүйесін зерделеді. Серік Төленбергенов жұмыс сапарының аясында кәсіпорындардағы жарақаттанудың алдын алу, инциденттер мен авариялар қаупін азайту бойынша тапсырмалар берді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/938866
АЛҒАШ РЕТ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ 11-ШІ ҚАЙТА ҚАРАЛҒАН АУРУЛАРДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖІКТЕМЕСІ ҰСЫНЫЛДЫ 20.02.2025
Алғаш рет мемлекеттік тілде 11-ші қайта қаралған аурулардың халықаралық жіктемесі (АХЖ-11) ұсынылды.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) ресми түрде қазақ тіліндегі нұсқасын қамтитын 11-ші қайта қаралған аурулардың халықаралық жіктемесінің (АХЖ-11) жаңартылған нұсқасын ұсынды.Бұл медициналық деректердің дәлдігін, егжей-тегжейін және үйлесімділігін арттыруға ықпал ететін Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін дамытудағы маңызды қадам. Қазіргі уақытта әлемнің 132 елі АХЖ-11 енгізу бойынша жұмыс істеуде, бұл ретте қазақ тілі АХЖ-11 ресми аударылған 11-ші тілге айналды. Бұған дейін ағылшын, испан, орыс, өзбек және басқа да бірнеше тілдердегі нұсқалары шыққан.АХЖ-11 аурулар мен денсаулыққа қатысты мәселелерді жіктеу мен кодтаудың жаһандық стандартын білдіреді. Құжатта жарақаттардың, аурулардың және өлім себептерінің шамамен 55 000 бірегей коды бар. Ол медициналық құжаттаманы жүргізуді стандарттауға, аурулардың нақты есебін қамтамасыз етуге және ұлттық және халықаралық деңгейде деректермен алмасуды жеңілдетуге мүмкіндік береді.«АХЖ-11 қазақ тіліндегі нұсқасы статистика мен сырқаттанушылықты талдау процесін жақсартуға, эпидемиологиялық ақпаратты жинауға және есепке алуға мүмкіндік береді, бастапқы буындағы медициналық-санитариялық көмекті жақсартуға ықпал етеді, профилактика және емдеу мәселелерін сапалы реттеуге жәрдемдеседі, медициналық деректерді елде және шетелде бірдей түсіндіруге мүмкіндік береді», - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Гүлнар Сәрсембаева.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясында АХЖ-11 мақұлдағаннан кейін, 2019 жылдың мамырында ДДҰ-ға мүше елдердің алдыңғы нұсқадан (АХЖ-10) кезең-кезеңімен көшу процесін бастады. Қазақстанда қазақ тіліне аудару жобасы 2023 жылы Салидат Қайырбекова атындағы ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы мен медицина университеттерінің белсенді қатысуымен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен басталды. Бұл үдерісте ДДҰ сарапшылары техникалық қолдау көрсетті.«Қазақ тілін АХЖ-11-ге қосу - Қазақстан үшін маңызды қадам. Бұл медицина қызметкерлерінің жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, медициналық құжаттама мен статистикалық мәліметтердің сапасын арттырады. Бұл денсаулық жағдайын талдауға және денсаулық сақтау жүйесін дамытуды стратегиялық жоспарлауға көмектесетініне сенімдімін»,-деп атап өтті ДДҰ-ның Қазақстан Республикасындағы өкілі доктор Skender Syla.АХЖ-11 туралы қосымша ақпаратты ДДҰ-ның: https://www.who.int/standards/classifications/classification-of-diseases ресми парағынан табуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/938338
ВИЦЕ-МИНИСТР Е. НҰРЛЫБАЕВ АҚТӨБЕДЕГІ ӨҢІРЛІК ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ АЛҚАСЫНА ҚАТЫСТЫ 20.02.2025
Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев Ақтөбе облысының медициналық ұйымдарына барып, өңірлік денсаулық сақтау басқармасы алқасының кеңейтілген отырысына қатысты.Жұмыс сапары шеңберінде Ержан Нұрлыбаев биылғы жылы жаңа туған нәрестелер хирургиясы орталығы мен №3 қалалық емхананы ашу жоспарланған облыстық перинаталдық орталыққа барды.Сапардың шеңберінде облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту туралы екіжақты меморандумға қол қойылды.Бұл құжат медицина кадрларын даярлау, практикалық медицина және ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ денсаулық сақтау саласына инновацияларды бірлесіп енгізуге бағытталған.Сондай-ақ, вице-министр Марата Оспанов атындағы БҚМУ медициналық орталығы бөлімшелерінің жұмысымен танысты және жоғары оқу орнының ұжымымен кездесу өткізді.Кеңейтілген алқа барысында вице-министр өңірлік денсаулық сақтау қызметінің 2024 жылғы қорытындыларымен танысты, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған денсаулық сақтау жүйесін дамыту жөніндегі міндеттерді белгіледі.«Біз ана мен бала денсаулығын сақтауды күшейту бойынша бірқатар шаралар қабылдап жатырмыз. Бұл Ақтөбе отбасыларын гравидаралды даярлықпен қамтуды кеңейту, МСАК мамандары мен көпбейінді стационарлардың арасындағы кәсіби байланысты нығайту, арнайы бейінді мамандардың біліктілігін арттыру», - деп атап өтті Ақтөбе облысы ДСБ басшысы Ерлан Сұлтангереев.Алқа барысында ауылдық жерлерде кадрлармен жеткіліксіз қамтылу мәселелері көтерілді. Медицина мамандары әлеуметтік қолдау шараларының арқасында ауылдық жерлерде 100-ге жуық маман, оның 25-і арнайы бейін маманы жұмысқа орналастырылды.Алқаның қорытындысы бойынша Ержан Нұрлыбаев ақтөбелік әріптестерімен бірлесіп өңірлік денсаулық сақтаудың проблемалық мәселелеріне талдау жүргізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/938751
АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА ФЕЛЬДШЕРЛІК-АКУШЕРЛІК ПУНКТ АШЫЛДЫ 20.02.2025
Атырау облысы Құрманғазы ауданының Кудряшово ауылында Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев пен денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Әбдалиевтің қатысуымен жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт (ФАП) ашылды.Жаңа медициналық нысан мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылатын ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаның шеңберінде салынды.2 мыңға жуық жергілікті тұрғынға қызмет көрсететін салынған ФАП ыңғайлы жағдайда медициналық көмек алуға мүмкіндік береді. Медициналық ұйым штатында пациенттерді 1 дәрігер және 5 орта буын медицина маманы қабылдайды.Жаңа нысан сумен жабдықтау және кәріз жүйесіне қосылған, сондай-ақ медициналық жабдықтармен толық жарақтандырылған, физиотерапия, вакцинациялау кабинеттері, дәріхана пункті бар.Ұлттық жобаның шеңберінде Атырау облысында 18 медициналық нысанның құрылысы жоспарланған, оның 13-і пайдалануға берілген.Өңірде ауылдық елді мекендерді білікті медицина кадрларымен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді. Ол үшін ауылдық медициналық ұйымдарға жұмыс істеуге келген мамандар үшін 10 миллион теңгеге дейін біржолғы көтерме төлем енгізілді.Денсаулық сақтаудың бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев жаңа ФАП ашу ауыл халқының денсаулығын жақсартудағы маңызды қадам екенін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/938798
Нұрғиса Тілендиев – қазақ музыкасының символдық тұлғасы, оның шығармашылығы ұлттық мәдениеттің айғағы 20.02.2025
Композитор, дирижер, «Отырар сазы» оркестрінің негізін қалаушы ретінде ол қазақ даласының терең жанын музыка арқылы жеткізді.Қонаев қаласында ұлы маэстроның 100 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті. Кешке көрнекті мәдениет қайраткерлері, оның мұрасын құрметтейтіндер және қазақ халқының дәстүрі мен бірегейлігін бейнелейтін өнерге жақын жандар жиналды.Мәдениет үйі лық толды: адамдар бірнеше ұрпақтың жадында қалған таныс әуендерді қайта тыңдау үшін келді. Композитордың Мемориалдық музейінен алынған көрме құнды экспонаттарды ұсынды: қолжазбалар, жеке заттар, фотоматериалдар және залды қазақ тарихының рухымен толтырған аңызға айналған домбыра.– Мұндай ұлы тұлғаларды ұлықтау – біздің парызымыз, себебі мәдениетімізді қолдап, келер ұрпаққа жеткізсек қана ол мәңгі жасайды, – деп атап өтті Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев. Жыл бойы өңірде Тілендиевтің мерейтойына арналған іс-шаралар өтеді: ескерткіштер орнату, мемориалдық орындарды қалпына келтіру, оның есімін қоғамдық маңызы бар нысандарға беру жоспарлануда.Концерттік бағдарламада әрбір қазақстандыққа таныс шығармалар орындалды. «Алтынай» мемлекеттік халық би ансамблі көркем қойылымдарын ұсынса, «Үшқоңыр» ансамблі дала рухы мен халық философиясына толы күйлерді орындады.Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан құттықтау жолдап, композитордың қазақ аспаптық музыкасын дамытудағы рөлінің маңыздылығын атап өтті.– Оның шығармашылығы ұлттық музыканы жаңа деңгейге көтеріп, қазақ күйінің қайталанбас үнін әлемге танытты. Оның туындылары – біздің мәдени мұрамыздың ажырамас бөлігі, – деді Отарбаев. – ЮНЕСКО-ның 2025 жылды Нұрғиса Тілендиев жылы деп жариялауы оның дүниежүзілік маңызын айғақтайды.Мерекелік бағдарламада Майра́мбек Беспаев, Тамара Асар, Айгүл Қосанова, Мадина Сәдуақасова, Мирас пен Құралай, Гүлнұр Оразымбетова сынды танымал орындаушылар өнер көрсетті. Олар композитордың дарыны мен мұрасына деген құрмет пен сүйіспеншілікке толы әндерді орындады.Актерлер Ерлан Біләл, Еділ Рамазан және Ақбота Рахат Тілендиевтің өмірі мен тағдырына арналған өлеңдерді оқыды. Ол жастайынан ерлік көрсетіп, майданға аттанды, кейін бар ғұмырын қазақ музыкасын дамытуға арнады.Кештің ерекше қонағы – композитордың қызы Динара (Дінзухра) Нұрғисақызы Тілендиева болды. Қазақстандық дирижер, 2011 жылғы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ол 2009 жылдан бері Н.Тілендиев атындағы Мемлекеттік академиялық фольклорлық-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері қызметін атқарып келеді. Оның шараға қатысуы дәстүр сабақтастығы мен ұлы композитордың музыкалық мұрасын сақтаудың маңыздылығын айқындай түсті.Оның музыкасы – заманның айнасы, халықтың дәстүрі мен құндылықтарын жеткізетін тірі тарих. «Аққу» күйі, «Құстар әні» әні, «Махамбет» оркестрлік поэмасы әлі күнге өзекті болып, концерт залдарында орындалып, жас музыканттарға шабыт беруде.Мерейтойлық кеш Нұрғиса Тілендиев мұрасының маңыздылығын тағы бір мәрте еске салды. Оның шығармалары ұрпақтарды біріктіріп, дала рухын, еркіндік пен туған жердің шексіз махаббатын жеткізуді жалғастыруда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/941821