ЖОСПАР-2025: ШЫМКЕНТТЕ 59 КӨПҚАБАТТЫ ҮЙ ЖӨНДЕЛЕДІ

ЖОСПАР-2025: ШЫМКЕНТТЕ 59 КӨПҚАБАТТЫ ҮЙ ЖӨНДЕЛЕДІ

21.02.2025 01:46:05 1067

Биыл Шымкент қаласының басты көшелерінде орналасқан 59 көпқабатты тұрғын үйге ағымдағы немесе күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Бұл жұмыстар көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттері мен шатырларын жаңартып, бірыңғай сәулеттік келбет қалыптастыруға бағытталуда.

Қазіргі таңда техникалық зерттеу жұмыстарын жүргізуге қатысты мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде. Техникалық зерттеу нәтижелері бойынша жөндеуді қажет ететін тұрғын үйлердің тізімі анықталды. Атап айтқанда:
1. Әл-Фараби ауданында – 20 көппәтерлі тұрғын үй
2. Еңбекші ауданында – 8 көппәтерлі тұрғын үй
3. Тұран ауданында – 31 көппәтерлі тұрғын үй.

Осы тізімге енген үйлерге ағымдағы немесе күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/938710