Әлем
Ақмола облысында егіс науқанына дайындық басталды 14.02.2025
Ақмола облысы – еліміздің ауыл шаруашылығы саласында жетекші орын алатын өңірлердің бірі. Дегенмен, аймақ тәуекелі жоғары егіншілік аймақта орналасқан. Осыған байланысты биылғы егіс науқанына дайындық әдеттегіден ерте басталды. Бұл – ауа райының қолайсыз әсерін азайтып, тұрақты өнім алуға мүмкіндік береді.Облыс әкімі Марат Ахметжанов ең өнімді аудандардың ауыл шаруашылығы өндірушілерімен және басшыларымен аймақтық кеңес өткізді. Сондай-ақ, өңірдегі ірі кәсіпорындарға барып, ауыл шаруашылығы техникасын дайындау, өнім жинау және қайта өңдеу барысымен танысты.«Көктемгі егіс – аса жауапты кезең. Жақында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы агроөнеркәсіптік кешеннің әлеуетін одан әрі арттыруға қатысты нақты міндеттер қойды. Президент өткен жылы ауыл шаруашылығы саласы жақсы көрсеткішке қол жеткізгенімен, көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарына жеңілдетілген несие көлемін ұлғайту қажет екенін атап өтті. Біз әр күнді барынша тиімді пайдалануымыз керек. Бұл – тәуекелдерді төмендетіп, өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты шарты», – деп атап өтті Марат Ахметжанов.Облыс әкімі шаруаларды қажетті техникамен, жанар-жағармаймен, тыңайтқыштармен және несие құралдарымен толық қамтамасыз ету үшін жұмысты күшейтуге шақырды.«Биыл жеңілдетілген несиені алғаш рет көктемгі егіс басталмай жатып беріп отырмыз. Яғни, науқанға дейін шаруалар толық дайын болуы тиіс. Мемлекет өз тарапынан барлық қолдауды көрсетуде: жеңілдетілген несие, субсидия, арзандатылған жанармай. Ал әкімдер мемлекеттік қолдау алатын шаруашылықтарды өздері барып бақылауы қажет. Басты мақсат – сапалы өнім алу, оны сақтау және өңдеу. Осы процестерге сіздер де мүдделі болуыңыз керек. Өнімділік пен табыс – сіздердің басқарушылық жетістіктеріңіздің бір бөлігі», – деді өңір басшысы.Жеңілдетілген несие беру «Кен Дала» және «Кен Дала 2» бағдарламалары арқылы өткен жылдың желтоқсан айынан басталды. Бүгінде 52,3 млрд теңгеге 329 өтінім түсіп, оның 217-сі мақұлданды.Биыл Ақмола облысында 5,4 млн гектар алқапқа егін егіледі, оның ішінде 4,7 млн гектары – дәнді және бұршақты дақылдарға тиесілі. Егіс жұмыстарына 36,5 мың дана ауыл шаруашылығы техникасы дайындалуда, оның 75%-ы қазірдің өзінде толық дайын. Сонымен қатар, техника паркін жаңарту мақсатында 7% жаңа техника сатып алынады. Марат Ахметжанов дәлме-дәл егіншілік технологияларын, цифрландыруды, ылғал сақтау әдістерін және өсімдіктерді кешенді қорғау шараларын белсенді енгізу қажеттігін айтты.«Барлығын ауа райына жауып қоюға болмайды. Агротехнологияларды қатаң сақтау ғана тұрақты өнім алуға және саланың рентабельділігін арттыруға мүмкіндік береді», – деп тілге тиек етті өңір басшысы.Биыл облыста алғаш рет Агрономиялық кеңес құрылды. Оның негізгі міндеті – тұқым сапасын бақылау және агротехнологиялардың сақталуын қамтамасыз ету.Облыс әкімінің орынбасары Мұрат Балпан кеңес барысында ауыл шаруашылығы кәсіпорындары бюджетке төлейтін салық көлемі алған субсидиясынан бір жарым есе аз екенін атап өтті. Бұл – мемлекеттің агросектордың ерекшелігін ескеріп, арнайы салық режимін енгізгенінің дәлелі. Мұндай жеңілдік басқа экономикалық салаларда жоқ.Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 1 наурызға дейін егіс алқаптарының құрылымын толық айқындап, майлы және мал азығы дақылдарының үлесін арттыру міндеті қойылды. Ал 1 сәуірге дейін зертханалық жағдайда тұқым сапасын толық талдап, ауыл шаруашылығы техникасының дайындығын аяқтау қажет.Облыс әкімі аудан әкімдеріне шаруалармен тығыз байланыс орнатып, нақты көмек көрсетуді және бөлінген несиелерді игеру жұмыстарын жеделдетуді тапсырды.«Көктемнің әр күні – бір жылдық азық. Біз қателікке жол бере алмаймыз. Сондықтан әр жауапты тұлға барынша ұқыптылық пен жеделдік танытып, қойылған міндеттерді толық орындауы қажет», – деп түйіндеді Марат Ахметжанов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/933257
Қажымұқан Мұңайтпасұлы ескерткіші енді кешкі уақытта айқын көрінеді 14.02.2025
Целиноград ауданында көше жарығын орнату жұмыстары жалғасуда. Қажымұқан ауылында әйгілі қазақ палуаны, цирк әртісі, кәсіпқойлар арасындағы классикалық күрестен бірнеше дүркін әлем чемпионы Қажымұқан Мұңайтпасұлының ескерткіші орналасқан аумақ жарықтандырылды.«КИПЭСТ» ЖШС қызметкерлерінің күшімен төрт жарық бағаны орнатылды. Жұмыстар демеушілік қаражат есебінен жүзеге асырылды. Енді ескерткіш кешкі уақытта бұрынғыдан да айқын көрініп, айналасындағы аумақ тұрғындар мен қонақтар үшін қауіпсіз әрі жайлы бола түсті.Ауыл тұрғындары абаттандыру жұмыстарына қосқан үлесі үшін аудан басшылығына шынайы алғыстарын білдірді. Олардың айтуынша, жарықтандыру тек ескерткіштің көркін арттырып қана қоймай, ұлы спортшының ерлігін еске алуға мүмкіндік беретін ерекше атмосфера қалыптастырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/933502
Облыс әкімі Марат Ахметжанов ақмолалық шорт-трекшілерді IX қысқы Азия ойындарында күміс жүлде жеңіп алуымен құттықтады 14.02.2025
«Барша ақмолалықтардың атынан Никиша Денисті, Хан Янаны, Жақсыбаев Мерсаидті және Тихонова Ольганы (Қытай) қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарындағы күміс жүлдесімен құттықтаймын!Сіздер шорт-тректен 2000 метрлік аралас эстафетада жоғары шеберлік танытып, күміс жүлдеге қол жеткіздіңіздер.Бұл жетістік бапкерлеріңіздің сенімін ақтап, жанкүйерлеріңізді қуантты, сондай-ақ аймақ спортшыларының жоғары деңгейде дайындалғанын тағы бір мәрте дәлелдеді.Алдағы жарыстарда жеңістеріңіз көбейіп, денсаулықтарыңыз мықты, отбасыларыңыз аман, табыстарыңыз мол болсын!» – делінген құттықтауда.Еске сала кетейік, бүгін Харбин (Қытай) қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында ақмолалық шорт-трекшілер 2000 метрлік аралас эстафетада ел қоржынына алғашқы жүлдені – күміс медальді сыйлады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/934217
Олжас Бектенов Қосшының бас жоспарымен және көпсалалы жаңа аурухананың құрылысымен танысты 14.02.2025
Премьер-министр Олжас Бектенов Ақмола облысына жұмыс сапары аясында Қосшы қаласын дамытудың бас жоспарымен танысып, өңірде әлеуметтік инфрақұрылым құру бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысын тексерді. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Премьер-министрді өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы хабардар етті.Қазіргі уақытта қалада ресми түрде 59 мыңға жуық адам тұрады, бұл ретте бағалау деректері бойынша тұрғындардың нақты саны 100 мыңнан астам адамды құрайды. 30 мың тұрғынға есептелген инженерлік желілерге айтарлықтай үлкен жүктеме түсуде. Болжам бойынша, халық саны 2038 жылға қарай 150 мыңға дейін өседі.Жаңа бас жоспар аумақты кеңейтуді, жаңартылған қызмет көрсету аймақтарына бөлуді, сондай-ақ инженерлік және көлік инфрақұрылымын жаңғыртуды көздейді. Қосшы әкімі Азамат Қапышев Үкімет басшысына қаланың тұрғын үй қорын кеңейту, жаңа әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандар ашу, сауықтыру аймақтарын дамыту және тағы басқа да жоспарланған шаралар туралы баяндады.Жаңа көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысына 360 гектардан астам, жеке тұрғын үй құрылысына 900 гектардан астам жер телімі бөлінген. Сондай-ақ 2038 жылға дейін 31 балабақша, 16 жалпы орта мектеп, облыстық аурухана және 7 емхана салу жоспарланып отыр. Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту және қосымша қуаттарды құру мақсатында жаңа қазандық, қосалқы электр стансасы мен ЭБЖ, сумен жабдықтау, тазарту құрылыстары және басқа да нысандар салу көзделген. 2024 жылы «Сары-Арқа» магистралды газ құбыры арқылы қаланы көгілдір отынмен қамту жұмыстары басталып, 2026 жылы аяқталады. Бұдан басқа, өндірістік және коммуналдық кәсіпорындарға арналған алаңдар салынады. Өнеркәсіпті дамыту және қаланың солтүстік-батыс бөлігінде жаңа жұмыс орындарын құру үшін жалпы ауданы 264 га индустриялық аймақ ашу көзделген. Елордаға апаратын жол салу жоспарлануда.Сонымен қатар саябақтар мен жаяу жүргіншілерге арналған гүлзарларды абаттандыру, ойын және спорт нысандары бар балалардың ойын-сауық және демалыс саябағын ашу жоспарланған. Жасыл желектер отырғызуға бөлінген жалпы аумақ 132,5 гектарды құрайды. Әкімшілік ғимараттар, орталық стадион, мұз сарайы, дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, мәдениет үйлері, жаңа неке сарайы, оқушылар сарайы, театр, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебін салу үшін аумақтар қарастырылған.Күрделі мәселелерді шешуге ерекше көңіл бөлінді. Атап айтқанда, Премьер-министр жаңа өрт сөндіру депосы құрылысының барысымен танысты. 4 жылдан кейін жұмыстың тек 60%-ы аяқталған. Алайда, мердігер ұйым қаржыландырудың жеткіліксіз екені туралы хабарлаған. Шарт бойынша заманауи қондырғылармен жабдықталған нысан құрылысына 1,2 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді. Олжас Бектенов қосымша қаржы қарастырылмайтынын, қаражат тек ЖСҚ-ға енгізілген сома шегінде бөлінетінін баса айтты. Премьер-министр мердігерлік ұйымнан жақын арада жұмыстарды аяқтауды талап етті, орындалмаған жағдайда шарт бұзылады.Сондай-ақ 537 үлескердің, оның ішінде «Сирень бағы» тұрғын үй кешенінің көпжылдық мәселесін шешу туралы баяндалды. Жаңа мердігер қала күніне орай 106 тұрғынға баспана кілті табысталады деп уәде беріп отыр, тағы 209 отбасы жақын арада көптен күткен жаңа үйлеріне қоныстанады. Өз кезегінде, өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев тиісті заңнаманы жетілдіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабарлады. Жұмыс сапары барысында Қосшыдағы көпсалалы аурухана құрылысына барған Олжас Бектенов өңірде тұрғындарға көрсетілетін медициналық қызмет сапасын арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды тексерді. 350 орындық стационары және бір ауысымда 1 мың келушіге дейін қабылдай алатын емханасы бар медициналық мекеме қала және Ақмола облысының астана маңындағы жеті ауданы тұрғындарына қызмет көрсетеді. Бүгінгі таңда Қосшы тұрғындарына мемлекеттік және жеке емханаларда ауысымына 250 келушіге дейін медициналық көмек көрсетіледі. Сонымен қатар соңғы 2 жылда тіркелген халық саны 24 мыңнан 42 мың адамға дейін өсті. Көпсалалы аурухананың құрылысы орын тапшылығы мәселесін шешеді. Мұнда хирургия, травматология, кардиохирургия, нейрохирургия, онкология, химиотерапия және басқа да бөлімшелер жұмыс істейді. Бұдан басқа, аумақта медицина қызметкерлеріне арналған екі көппәтерлі тұрғын үй және қала сыртынан келетін науқастарды орналастыру үшін пансионат құрылысы қарастырылған.Нысан Viamedis компаниясының жеке инвестициясы есебінен 28 млрд теңгеден астам сомаға салынуда. Оның 9 млрд теңгеден астамы аурухананы Siemens неміс компаниясының заманауи медициналық жабдықтарымен қамтамасыз етуге жұмсалады деп жоспарланып отыр. Премьер-министрге «Viamedis» ЖШС бас директоры Әсет Ахметов құрылыс-монтаждау жұмыстары мерзімінен бұрын жүргізіліп жатқанын баяндады. Жұмысқа барлығы 200-ге жуық адам жұмылдырылған, құрылыс материалдары негізінен отандық өндірушілерден сатып алынады. Емхана осы жылдың соңына дейін, стационар 2026 жылы ашылады деп жоспарланған. Медициналық жаңа мекеменің іске қосылуы 956 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында азаматтардың тұрмыс сапасына әсер ететін барлық мәселелерге назар аударуды тапсырды. Үкімет әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. primeminister.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/934222
Ақмолалық спортшы Константин Борцов IX қысқы Азия ойындарында спринтерлік жарыста күміс жүлдеге ие болды 14.02.2025
Ақмола облысының спортшысы Константин Борцов қысқы Азия ойындарындағы спринтерлік жарыста ел құрамасының қоржынына тағы бір медаль салды.«Жерлесіміз Константин Борцовты Азия ойындарының күміс жүлдесімен құттықтаймыз!Шаңғы жарысының ең тартысты сайыстарының бірі – классикалық спринтте біздің спортшымыз табысты өнер көрсетіп, қызу бәсекеде екінші орынға ие болды!Бүгінгі таңда бұл – біздің спортшылар жеңіп алған екінші медаль. Алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз. Сіздер – Ақмола облысының мақтанышысыздар!» – деп атап өтті Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов.Еске сала кетейік, Харбин (Қытай) қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында ақмолалық шорт-трекшілер – Денис Никиша, Хан Яна, Мерсаид Жақсыбаев және Ольга Тихонова 2000 метрлік аралас эстафетада күміс жүлдеге ие болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/934260
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов ақмолалық спортшыларды қысқы Азия ойындарындағы тарихи жеңісімен құттықтады 14.02.2025
«Қысқы Азия ойындарындағы тарихи жеңісімен ақмолалық спортшылар мен олардың бапкерлерін шын жүректен құттықтаймын!Біздің шорт-трекшілер Қазақстан спортының жаңа парағын ашып, 5000 метрлік эстафетада Азия ойындарының алғашқы алтынын жеңіп алды! Әсіресе, бұл жеңіске ақмолалық жерлестеріміз – Денис Никиша мен Мерсаид Жақсыбаевтың өз үлестерін қосқаны біз үшін үлкен қуаныш. Олардың шеберлігі, жеңіске деген жігері мен жанкешті еңбегі елімізге жоғары марапат әкелді!Сондай-ақ, біздің қыздар да күміс медаль жеңіп алып, керемет жетістікке жетті! Ольга Тихонова мен Яна Ханның осы жеңіске қосқан үлесіне мақтанамыз!Бұл жеңістер – спортшыларымыздың талантының, қажырлы еңбегі мен биік белестерді бағындыруға деген ұмтылысының айқын дәлелі. Олар жастарға үлгі болып, бәрімізге жігер береді!Спортшыларымызға зор денсаулық, жаңа жетістіктер және ең биік спорттық тұғырларды бағындыруды тілеймін!» – делінген облыс әкімінің құттықтауында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/934284
Малика Ермек жартылай финалда 14.02.2025
Қазақстандық шорт-трекші Малика Ермек Харбиндегі Азия ойындарында 1000 метрде жартылай финалға өтті.Фото: Сали САБИРОВАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/934275
Шорт-трекші Әділ Ғалиахметов 1000 метрде жартылай финалда бақ сынайды 14.02.2025
Харбиндегі қысқы Азия ойындарында шорт-тректен ерлер арасында 1000 метрде жарысқан Әділ Ғалиахметов өз тобында бірінші келіп, жартылай финалға жолдама алды.Фото: Сали САБИРОВАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/934276
Аяна Жолдас - Азия ойындарының қола жүлдегері 14.02.2025
IX қысқы Азия ойындарында фристайл-акробатикадан бақ сынаған қазақстандық Аяна Жолдас (76.54) қола жүлде еншіледі.Фото: Тұрар ҚАЗАНҒАПОВАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/934277
Шорт-трекшілеріміз 1000 метрде финалда сынға түседі 14.02.2025
2025 жылғы қысқы Азия ойындарында шорт-тректен әйелдер арасында 1000 метрде қатысқан Ұлттық құрама спортшысы Малика Ермек «А» финалына шықты.Сондай-ақ тағы бір отандасымыз Алина Әжғалиева «B» финалында бақ сынайды.Фото: Сали САБИРОВАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/934278
Шорт-трекші аруларымыз 3000 метрлік эстафетада күміс медаль жеңіп алды 14.02.2025
IX қысқы Азиа ойындарында шорт-тректен 3000 метр қашықтықта әйелдер арасындағы эстафетада қатысқан Қазақстан құрамасы күміс жүлде еншіледіКоманда мүшелері - Яна Хан Ольга Тихонова, Малика Ермек, Зейнеп Құмархан, Алина Әжғалиева мен Мәдина Жанбосынова.Фото: Сали САБИРОВАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/934279
Шорт-тректен Қазақстан ерлер құрамасы Азия ойындарының жеңімпазы 14.02.2025
Харбиндегі Азия ойындарында шорт-тректен 5000 метрлік эстафетада Қазақстан ерлер құрамасы топ жарды. Команда сапында Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Мерсаид Жақсыбаев, Айбек Нәсен, Абзал Әжіғалиев және Глеб Ивченко өнер көрсетті. Айта кетейік, бұл Қазақстан шорт-трегі тарихына Азия ойындарындағы алғашқы алтын медаль. Бұған дейін тек күміс, қола жеңген болатын. Фото: Сали САБИРОВАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/934281
Конкимен жүгіруден Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарының қола жүлдегері 14.02.2025
IX қысқы Азиадада конькимен жүгіруден әйелдер арасындағы командалық спринтте Қазақстан командасы үздік үштікті түйіндеді.Команда мүшелері - Кристина Силаева, Дарья Важенина, Надежда Морозова. Фото: Сали САБИРОВАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/934285
Туризм және спорт министрі мен ҰОК басшысы шорт-тректен тарихи алтын медаль жеңіп алған ерлер құрамасын құттықтады 14.02.2025
Харбинде өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында шорт-тректен ерлер құрамасы 5000 метрлік эстафетада жеңіске жетіп, Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медальді салды. Бұл жүлде – Қазақстанның қысқы Азия ойындарындағы шорт-трек тарихындағы алғашқы алтыны.ҚР Туризм және спорт министрі Қазақстан құрамасының IX қысқы Азия ойындарындағы алғашқы алтын жүлдесімен құттықтап, бұл жеңістің ел спорты үшін маңызын атап өтті:«Шорт-тректен Қазақстан ұлттық құрамасын тарихи жеңісімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін отандастарымыз барша жанкүйерді шаттық пен қуанышқа бөлеп, ел қоржынына алғашқы алтын жүлдені салды. Қытай төрінде әнұранымыз шырқалып, көк Туымыз биікте желбіреді. Бұл жүлденің біз үшін маңызы зор. Өйткені бұл — Қазақстанның шорт-трек спорты тарихындағы қысқы Азия ойындарында жеңіп алған алғашқы алтын медаль. Жеңіс жолында еңбек еткен жаттықтырушылар құрамына да ерекше алғысымды білдіремін». «Бүгін спортшыларымыз жеңіске деген ерік-жігерінің арқасында жеңіс тұғырына көтеріліп отыр. Біраз үзілістен кейін қысқы Азия біріншілігінде еліміздің әнұраны тағы да шырқалатын болды. Жалынды жерлестерімізді осы жеңіс жолына дайындаған жаттықтырушыларға ерекше алғыс айтамын. Бұл бүкіл ел үшін үлкен қуаныш болды. Рахмет. Алға, Қазақстан!»— деді Геннадий Головкин.Министр мен ҰОК басшысы құраманың барлық мүшесіне алғысын білдіріп, алдағы жарыстарға сәттілік тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/934287
Шайбалы хоккейден Әйелдер құрамасы топтық кезеңді жеңіспен аяқтады 14.02.2025
Шайбалы хоккейден әйелдер құрамасының арасындағы бәсекенің алғашқы топтық кезеңі аяқталды.Қазақстан арулары топтық кезеңнің шешуші ойынында Оңтүстік Корея құрамасымен кездесіп, овертаймда жеңіске жетті.Команда сапынан Александра Щегай жеңіс голын соқты.Келесі ойын 12 ақпанда Жапония құрамасына қарсы өтеді.Фото: Сали САБИРОВАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/934292
ІХ қысқы Азия ойындары-2025: 9 ақпандағы жарыс нәтижесі 14.02.2025
Шорт-трек5000 метрлік эстафетада Қазақстан ерлер құрамасы ел қоржынына алғашқы алтын жүлдені салды. Команда сапында Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Мерсаид Жақсыбаев, Айбек Нәсен, Абзал Ажғалиев және Глеб Ивченко өнер көрсетті.Ал 3000 метрге әйелдер арасындағы командалық сайыста еліміздің әйелдер құрамасы күміс жүлдеге ие болды. Команда мүшелері - Яна Хан, Ольга Тихонова, Малика Ермек, Зейнеп Құмархан, Алина Әжғалиева мен Мадина Жанбосынова.Сондай-ақ әйелдер арасындағы 1000 метрге жарыста Ольга Тихонова ширек финалда жеңілсе, Алина Әжғалиева В финалында, Малика Ермек А финалында өнер көрсетті.Ерлер бәсекесінде Айбек Нәсен ширек финалда жарыс жолынан шығып қалса, Әділ Ғалиахметов пен Глеб Ивченко В финалында бақ сынады.Конькимен жүгіруҚазақстан әйелдер құрамасы командалық спринтте қысқы Азия ойындарының қола жүлдесін иеленді. Команда мүшелері — Кристина Силаева, Дарья Важенина, Надежда Морозова.500 метрге жарыста Кристина Силаева 8-ші, Инесса Шумекова 14-ші, Дарья Важенина 15-ші, Маргарита Галиева 17-орынға ие болды.Ал 5000 метрге ерлер арасындағы бәсекеде Вадим Якубовский 9-шы, Бақдәулет Сағатов 12-ші және Виталий Щиголев 13-орынға табан тіреді.Фристайл-акробатикаАяна Жолдас қысқы Азия ойындарының финалдық сайысында 76.54 ұпай жинап, қола жүлде еншіледі. Ал Ардана Маханова финалға өте алмады.Ерлер жарысында Роман Иванов іріктеуден өте алмаса, Ұланбатыр Өмірзақов пен Асылхан Асан 5-ші және 6-орынға ие болды.КерлингҚазақстан әйелдер құрамасы Жапония спортшыларына жол берсе (4:10), ерлер Тайбей құрамасын айқын басымдықпен жеңді - 10:5.Шайбалы хоккейҚазақстан әйелдер құрамасы топтық кезеңнің шешуші ойынында Оңтүстік Кореямен кездесіп, овертаймда жеңіске жетті - 1:0.Ски-альпинизмЕрлер бәсекесінде Тимур Артюхин мен Шыңғыс Байкашев іріктеу кезеңінен өте алмаса, Нияз Жанұзақов пен Денис Власов жартылай финалда сүрінді. Әйелдер жарысында Асем Назырова финалға шыға алмады.Шаңғы жарысыӘйелдер арасында 5 шақырымға жарыста Надежда Степашкина 5-ші, Ксения Шалыгина 7-ші, Ангелина Шурыга 8-ші және Дарья Ряжко 9-сатыға тұрақтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/934296
Қазақстанда қыздарға арналған ЖИ бойынша оқу өтуде 14.02.2025
2025 жылғы 5-7 ақпан аралығында «Қыздарға арналған ЖИ дағдылары акселераторы» бағдарламасы аясында қыздарға арналған оқу өткізілуде. Іс-шараның ашылуына Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мадиев пен онлайн форматта Халықаралық электр байланысы одағының (ХЭО) ТМД аймағы бойынша өңірлік директоры Наталья Мочу қосылды.Оқыту қыздар мен әйелдердің жасанды интеллекттің заманауи технологияларына қатысты цифрлық дағдыларын арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Бұл екі жылдық бағдарламаны жүзеге асыру үшін ХЭО Даму секторы мен EY бірлесіп жұмыс атқаруда. Бағдарлама озық технологиялық білімге қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған.«Мемлекет басшысы елімізде жасанды интеллектті дамытуға ерекше көңіл бөлуде. Біз ЖИ-ді өміріміздің барлық саласына енгізуді жоспарлап отырмыз. Алдымызға үлкен мақсат қойдық – 5 жыл ішінде 1 миллион адамды оқыту. Оның ішінде 500 мың мектеп оқушысы, 300 мың студент, 90 мың мемлекеттік қызметкер, 80 мың корпоративтік сектор өкілі және 30 мың басқа салалардың өкілдері бар. Барлық бағыттар бойынша белгілі бір пилоттық жобалар жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, қазіргі және болашақ мемлекеттік қызметкерлер үшін ЖИ бойынша оқытуды міндетті ету талаптарын енгізуді жоспарлап отырмыз. Бұл пилоттық жобаны осы жылдың наурыз айында іске қосамыз. Көріп отырғаныңыздай, барлық азаматтар санатына арналған ЖИ бойынша оқыту бағдарламалары қарастырылған», – деп атап өтті министр Жаслан Мадиев.Бағдарлама қыздарға цифрлық, этикалық және басқарушылық дағдыларды меңгеруге көмектесіп, олардың инновациялық шешімдер әзірлеуіне және ЖИ-ді өз қауымдастықтарындағы мәселелерді шешу үшін қолдануына мүмкіндік береді.Екі жыл ішінде бағдарлама мынадай нәтижелерге қол жеткізеді:1000 қыз офлайн семинарлардан өтіп, білім алып, менторлық қолдау мен сарапшылардың көмегіне ие болады.Семинарлар әлем бойынша 12 елді қамтиды (әрбір ХЭО аймағына 2 елден).Қатысушылар байқауға қатысып, жеңімпаздар ХЭО-ның халықаралық ЖИ іс-шарасына бару мүмкіндігіне ие болады.Жоба ХЭО Даму секторы мен EY серіктестігі аясында жүзеге асырылуда.«Жасанды интеллект саласындағы дағдыларды дамыту қыздарға жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл оларға тек озық технологияларды игеруге ғана емес, сонымен қатар оларды өз қауымдастықтарының игілігіне пайдалануға көмектеседі. Бұл бағдарлама – неғұрлым инклюзивті және тең құқылы цифрлық болашаққа қарай жасалған қадам», – деп атап өтті ХЭО-ның ТМД аймағы бойынша өңірлік директоры Наталья Мочу.2024–2025 жылдарға арналған алғашқы қатысушы елдердің қатарына Үндістан, Иордания, Қазақстан, Кения, Мальта және Парагвай енді.https://www.itu.int/women-and-girls/women-in-ict/ai-skills-accelerator-for-girls/ ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/931542
Қазақстанда 2026 жылы Батыс-Шығыс оптикалық гипермагистралі салынады 14.02.2025
6 ақпанда Қазақстан Республикасының ЦДИАӨМ мен «Freedom Telecom Holding Ltd.» компаниясы арасында Батыс-Шығыс ұлттық талшықты-оптикалық гипермагистралін салу және Tier-III деңгейінен төмен емес деректерді өңдеу орталықтарын (ДӨО) құру салаларында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.Бұл бастамаларды жүзеге асыру елге Еуропа мен Шығыс Азия арасындағы халықаралық деректер транзиті үшін баламалы маршрут құруға, Қазақстанның цифрлық қызметтер саласындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және әлемдік ірі IT-компанияларды тартуға мүмкіндік береді.Батыс-Шығыс ұлттық гипермагистралінің құрылысы деректерді беру көлемін айтарлықтай ұлғайтып, Қазақстанды халықаралық интернет-трафик транзитіндегі негізгі қатысушыға айналдырмақ. Бұл жоба деректерді беру кідірістерін азайтуға, қосылу жылдамдығын арттыруға және Еуропа мен Азия арасындағы трафикті өткізуге баламалы маршрут қалыптастыруға бағытталған. Гипермагистраль құрылысы 2026 жылы аяқталады.Бұл әсіресе бұлтты технологиялар, қаржылық операциялар, жасанды интеллект және киберқауіпсіздік үшін өте маңызды. Сондай-ақ, гипермагистраль құрылысы ірі IT-компанияларды, телекоммуникациялық корпорацияларды және деректерді жылдам және қауіпсіз тасымалдауға мүдделі қаржы институттары секілді халықаралық клиенттерді тартуға ықпал етеді.Қазақстанның цифрлық инфрақұрылымын дамытудың негізгі элементтерінің бірі – заманауи деректерді өңдеу орталықтарын (ДӨО) салу. Бұл орталықтар контентті жинақтап, трафиктің тұрақты байланысын қамтамасыз етеді. Олар Tier-III халықаралық стандартына сәйкес салынатындықтан, жоғары сенімділік пен қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз етеді.«Батыс-Шығыс ұлттық гипермагистралін салу» және «Tier-III деңгейінен төмен емес ДӨО құру» жобалары бойынша меморандумға қол қою – Қазақстанның цифрлық дамуындағы стратегиялық маңызды қадам. Бұл бастамалар елдің халықаралық трафик транзитіндегі үлесін арттырып, сенімді деректерді сақтау инфрақұрылымын қалыптастыруға мүмкіндік береді.Жобаларды жеке инвестициялар есебінен қаржыландыру жоспарланған.ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/932986
Бюрократиядан қолайлылыққа: цифрландыру мемлекеттік қызметтерді қалай жақсартады 14.02.2025
«Government to citizens», яғни азаматтарға қызмет көрсету саласы да – маңызды басымдықтардың бірі. Цифрлық технологиялардың көмегімен біз азаматтардың күнделікті тіршілігін барынша жеңілдетуге және барлық адам үшін тең мүмкіндіктерге қол жеткізуді көздеп отырмыз», - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. 2024 жылы Қазақстан Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыруда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Цифрлық трансформацияның нормативтік және әдіснамалық негіздері әзірленді, сараптамалық база қалыптастырылды және түрлі салаларда ауқымды реформалар іске қосылды.Цифрлық трансформацияның негізгі құралдарының бірі бизнес-процестерді қайта құру болды. 1200-ден астам мемлекеттік үдерістерді қайта қарау нәтижесінде 23 мемлекеттік органда 468 бизнес-үдеріс оңтайландырылды, бұл олардың орындалу мерзімін орта есеппен 45%-ке қысқартуға мүмкіндік берді.Атап айтқанда, Ауыл шаруашылығы министрлігінде 98 процестің реинжинирингі қызмет көрсету мерзімінің 55%-ке қысқаруына әкелді. Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық экономика министрлігінде бұл көрсеткіш сәйкесінше 55% және 85%-ды құрады.Жылдың басты жетістігі мемлекеттік қызметтерді цифрландыру деңгейін арттыру болды. БҰҰ деректеріне сәйкес, Қазақстан онлайн-қызметтер индексі бойынша топ-10 елдің қатарына кіріп, цифрландыру деңгейі бойынша 193 мемлекеттің ішінде 24-ші орынды иеленді.Бүгінгі таңда халықтың 93%-тен астамы eGov порталы арқылы электрондық қызметтерге қол жеткізе алады. Мемлекеттік қызметтердің 90,8%-і смартфондар арқылы қолжетімді. Биометриялық сәйкестендіру мен QR-қолтаңбаларды енгізу электрондық қызметтерді алу процесін жеңілдетті — бір жыл ішінде қазақстандықтар QR-кодтар арқылы 23 миллионнан астам құжатқа қол қойды. Қазақстандағы цифрлық трансформация мемлекеттік қызметтерді неғұрлым қолайлы, қолжетімді және тиімді етуге бағытталған.Қазақстандықтар үшін нақты пайдасын көрсеткен бірнеше цифрлық шешімдерге тоқталғымыз келеді.Азаматтардың өмірін жақсартқан цифрлық шешімдердің мысалдары:• Сандық әскери билет қағаз құжаттарын толығымен ауыстырды.• Балабақшаларға онлайн тіркелу ваучерлік қаржыландыру жүйесінің арқасында процесті ашық етті.• "Еуропалық хаттаманы" енгізу сақтандыру төлемдерін алу мерзімін 40 күннен 5 күнге дейін қысқартып, полицияның қатысуынсыз ЖКА ресімдеуге мүмкіндік берді.• Атқарушылық іс жүргізуді автоматтандыру азаматтарға қаржылық жүктемені азайта отырып, жеке сот орындаушыларының қатысуын болдырмады.• Цифрландыру балабақшаларға, мектептерге, жоғары оқу орындары мен жатақханаларға түсуді жеңілдетті, сондай-ақ денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және тіркеу қызметтеріндегі процестерді оңтайландырды.2025 жылы 44 мемлекеттік қызметтің мерзімін қысқарту, 20 мемлекеттік қызметті проактивті форматқа ауыстыру, сондай-ақ 35 мемлекеттік қызметті трансформациялау жоспарланған.Цифрлық трансформацияның нәтижелері бүгінде миллиондаған қазақстандықтар үшін айқын. Әрбір жоба мемлекеттік қызметтердің ыңғайлылығын, ашықтығын және қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Цифрландыру деңгейін арттыру білім беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қызметтерге қолжетімділікті жақсартады, оларды ыңғайлы және әділ етеді. Қазір көптеген мемлекеттік қызмет онлайн-форматта, кезексіз және қосымша бюрократиялық рәсімдерсіз қолжетімді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/933097
Қазақстанда жасанды интеллект негізіндегі R&D жобалары іске асырылады 14.02.2025
Қазақстанда елдің жетекші университеттері негізінде R&D жобаларын жүзеге асыру жоспарлануда. Digital Almaty 2025 форумында Жасанды интеллект және инновацияларды даму комитеті, Agibot және Satbayev University, Халықаралық ақпараттық технологиялар Университеті (MUT), Қазақстан-Британ техникалық университеті (KBTU), Астана IT университеті және басқалар сияқты ірі техникалық университеттер арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.Келісімдер негізінде университеттер робототехника саласындағы алдыңғы қатарлы технологияларды пайдалануда тең мүмкіндіктерге ие болады. Agibot гуманоид роботтарын жасап, оларға жасанды интеллект негізіндегі шешімдер енгізеді. Бұл тәсіл ғылыми зерттеулер мен білім беру бастамалары үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.Келісім қазақстандық студенттерге робот құрастыру және жасанды интеллект шешімдерін интеграциялауға мүмкіндік беретін бірлескен R&D жобаларын жүзеге асыру мүмкіндіктерін ашады. Университеттер Agibot компаниясы мен Министрліктің үйлестіруімен R&D жобаларын әзірлеп, іске асыруды жоспарлап отыр, отандық ғылым мен технология үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.Меморандумдарға сәйкес, Agibot Alem.AI орталығында өзінің R&D орталығын ашуды жоспарлап отыр. Дәл осы халықаралық орталықты цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Digital Almaty 2025 форумында жасанды интеллект шешімдерін зерттеу және енгізу үшін негізгі платформа ретінде ұсынды.Alem.AI жасанды интеллект зерттеулері, стартаптар және халықаралық ынтымақтастық үшін басты орын болады. Орталық қазақстандық жасанды интеллект шешімдерінің экспортын 2029 жылға қарай 5 миллиард долларға дейін көтеріп, технологиялық және экономикалық өсудің жаңа толқынын бастайды деп күтілуде. Орталықтың бір қабаты R&D зерттеу зертханаларына арналып, онда ғалымдар мен әзірлеушілер ғылыми зерттеулер жүргізіп, озық жасанды интеллект шешімдерін әзірлей алады. Бұл зертханалар жасанды интеллект саласындағы инновацияны қолдау және зерттеу жобаларын жүзеге асыру үшін негізгі орын болады. Дереккөз:AgiBot – Қытайдың жетекші робототехника компаниясы, 2023 жылдың ақпанында құрылған, біріктірілген жасанды интеллект және кешенді қолданбалы экожүйемен гуманоидты роботтарға маманданған. Компанияның құны $960 млн (2024 жылдың қыркүйегі), тізімге енгізілмеген робототехника компанияларының көшбасшысы. ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/933596