Enbekshi QazaQ

Әлем

Қазақстанда көлік-логистикалық кешен саласында 25 жаңа мамандық пайда болады 09.01.2025
Еліміздің көлік-логистикалық кешенінің қарқынды дамуын ескере отырып, орта мерзімді перспективада 25 жаңа мамандық қажет болады деп күтілуде. Бұл туралы Үкімет отырысында Жұмысшы мамандықтары жылы аясындағы іс-шаралар жоспары қаралды, деп хабарлады көлік министрі Марат Қарабаев. Атап айтқанда, ол жаңа жобаларды іске асыру кезінде жобаның цифрлық аналогын және 3D-модельдеуді пайдалануды көздейтін BIM технологиясы бойынша автомобиль жолдарын салу мен реконструкциялауды жобалау көзделгенін хабарлады. Бұл бағытта «ақылды жолдар» бойынша тиісті инженер-жобалаушылар, BIM технологиясында жұмыс тәжірибесі бар прорабтар, құрылыс роботтарының операторы және цифрлық жобалаушы қажет болады. Көлік-логистика саласындағы ірі тораптарды басқару үшін цифрлық логистикалық карталар конструкторы мен операторы керек. Азаматтық авиацияда сыртқы пилоттандырылатын авиациялық жүйелердің пилоттары сұранысқа ие болады. Осыған орай, алдағы уақытта уәкілетті орган мен білім беру мекемелерімен бірге осы мамандықтарды ашу мәселесі қарастырылады. Бүгінгі таңда 9,7 млн жұмыспен қамтылған халықтың 772 мыңы көлік секторында жұмыс істейді, оның басым бөлігі теміржол және автомобиль көлігі, логистика және қоймалау салаларына тиесілі. @KZgovernmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/914395
Абай облысында балалардың қысқы демалысы ұйымдастырылды 09.01.2025
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың тапсырмасына орай өңір кәсіпкерлерінің қолдауымен жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау орталықтарының тәрбиеленушілері үшін қысқы демалыстың қызықты бағдарламасы ұйымдастырылды. Іс-шараға Семей қаласы мен Бородулиха ауданынан 155 бала қатысты.Бағдарлама аясында Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының 60, білім беруді қажет ететін орталықтың 50 және Новая-Шүлбі ауылының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының 45 тәрбиеленушісіне үлкен экранда анимациялық фильм көрсетілімі ұйымдастырылды.Сонымен қатар балалар биологиялық орталықта серуендеді. Жуырда пайдалануға берілген балалар пойызымен «Бейбітшілік»аралына саяхат жасады.Бұдан бөлек балалар арнайы жайылған дастарханнан дәм татты.Іс-шараның мақсаты - жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға қуаныш сыйлай отырып, қысқы демалысты көңілді өткізуге мүмкіндік беру.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/914420
Қазақстандағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасының мөлшері ұлғайтылды 09.01.2025
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасының (ЖМЗЖ) мөлшері ұлғайды. Қазір ол - 2,5%. Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық жұмыс берушілер зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға қатысып, БЖЗҚ-ға жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасын (ЖМЗЖ) өз қызметкерлерінің пайдасына аудара бастады. Осылайша, Қазақстанның жинақтаушы жүйесі жаңа құрамдауыш бөлікпен толықтырылды. Әлеуметтік кодекске сәйкес, қызметкерлер өз кірістерінен төлейтін 10% міндетті зейнетақы жарналарынан (МЗЖ) айырмашылығы – ЖМЗЖ-ны жұмыс беруші өз қаражаты есебінен аударады. Жыл сайын ЖМЗЖ мөлшері кезең-кезеңімен өсіп отырады (2024 жылы 1,5%, 2025 жылы 2,5%, 2026 жылы 3,5%, 2027 жылы 4,5%) және 2028 жылы 5% жетеді. Жұмыс берушінің ЖМЗЖ есептеу үшін қабылдайтын жұмыскердің табыс сомасы тиісті күнтізбелік жылға белгіленген ең төменгі жалақының (ЕТЖ) кем дегенде біреуін және көп дегенде 50-еселенген мөлшерінен аспауы тиіс. Жұмыс берушілер зейнет жасындағы, 1-ші және 2-ші топтағы мерзімсіз мүгедектігі бар, әскери қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ 1975 жылдың 1 қаңтарына дейін туған адамдардың пайдасына ЖМЗЖ төлеуден босатылды. Жұмыс берушілердің ЖМЗЖ-ны уақытылы және толық төлеп отыруын бақылау ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне жүктелген. Қызметкерлердің жеке зейнетақы шоттарына түсетін МЗЖ-дан тағы бір ерекшелігі, ЖМЗЖ шартты зейнетақы шоттарына есептеледі және қызметкерлердің меншігі болып саналмайды. Тиісінше, ЖМЗЖ есебінен қалыптасқан жинақтарды қызметкерлер мұраға қалдыра алмайды. ЖМЗЖ зейнетақыны ортақ (таратушы) қағидаты бойынша төлеуге арналған. Сондықтан, Қазақстан азаматтығынан айырылған немесе қайтыс болған адамдар үшін төленіп келген ЖМЗЖ қалған қатысушылар арасында бөлініп, өмір бойы төленетін болады. ЖМЗЖ енгізу 1975 жылы және одан кейін туған жұмысшылардың ортақ зейнетақы алуға мүмкіндік беретін 1998 жылға дейінгі жұмыс өтілінің жоқтығын немесе мүлде аз екендігін ескере отырып, осы азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыруға бағытталған. Болашақта олардың жиынтық зейнетақысы үш құрамдауыш көзден, яғни базалық - мемлекеттен, жинақтаушы - БЖЗҚ-ға аударған міндетті зейнетақы жарналары және шартты-жинақтаушы - жұмыс берушілердің жарналары есебінен қалыптасатын болады. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/915325
Премьер-министр авиация, теміржол және кеме қатынасында қажетті мамандар даярлауды, сондай-ақ ауылдық жерлерге мамандар тарту жоспарын әзірлеуді тапсырды 09.01.2025
Үкімет отырысында Президент жариялаған Жұмысшы мамандықтары жылын жүзеге асыру аясында көлік саласындағы, атап айтқанда, авиация, теміржол және кеме қатынасы сияқты жоғары технологиялық салалардағы кадр тапшылығы мәселелеріне назар аударылды. Көлік министрлігіне компаниялармен бірлесіп осы салалар үшін мамандар даярлаудың нақты жоспарын әзірлеу тапсырылды. Агроөнеркәсіп кешенін орнықты дамыту үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі өңір әкімдерімен бірлесіп, ауылдағы мамандарға тартымды жағдай жасау мәселелерін белсенді түрде пысықтап, осы бағытта жаңа бағдарламаларды іске қосуы қажет. Энергетика министрлігі компаниялармен бірлесе жер қойнауын пайдаланушылармен, жұмыс берушілермен, салалық колледждермен өзара тығыз қарым-қатынас жасай отырып, жұмысшы кадрлар даярлау бойынша үлкен жұмыс жүргізу керек. Сонымен қатар кадр даярлау және қайта даярлау процесіне бизнес те белсенді атсалысуы қажет. Елімізде жұмыс беруші есебінен біліктілігін арттыруға баратын қызметкерлер үлесі тек 6%-ды құрайды. Сондай-ақ ЭЫДҰ елдерінде бұл көрсеткіш 48%-ға жетеді. Осыған байланысты Премьер-министр бизнесті жұмысшы кадрлардың біліктілігін арттыруға, оларды әлеуметтік қолдауға және лайықты еңбек жағдайларын жасауға күш салуға шақырды. @KZgovernmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/914406
Өзбекстан Республикасына халықаралық автотасымалдарды жүзеге асыратын қазақстандық тасымалдаушылардың назарына 09.01.2025
Әлеуметтік желіде Өзбекстанның аумағына кіргенде қазақстандық тасымалдаушылар арнайы алым төлеуі керек екендігі туралы ақпарат шығуда. 2007 жылғы Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Өзбекстан Республикасының Yкiметi арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келiсiміне сәйкес тараптардың тасымалдаушылары алым төлеуден босатылған. Тасымалдаушылар тек ақылы жолдарды пайдаланғаны үшін ғана төлем жасауға міндетті. Бұдан басқа ешқандай алым төлеудің қажеті жоқ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/914959
ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу 09.01.2025
Дереккөз: ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми сайтыЖРВИ мен тұмаудың алдын алуАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/914440
Мемлекет басшысының Жарлығымен 2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жарияланды 09.01.2025
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/914592
Нұрдәулет Қилыбай Үкімет отырысында жұмысшы кадрларды қолдау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады 09.01.2025
Бүгін Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Президент жариялаған Жұмысшы мамандықтары жылын өткізу мәселелері қаралды.Жиында Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай жұмысшы кадрларды қолдау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндама жасады.Маңғыстау облысында жұмысшы мамандықтар жылын өткізу туралы іс-шаралар жоспары бекітіліп, өңірлік штаб өз жұмысын бастады.Жоспарда 2025-2026 жылдары колледждерде оқу-зертханалық ғимарат ашу, халықаралық салалық аккредиттеуден өту, «DostiSkills-2025» халықаралық салалық чемпионатын өткізу, жаңа идеялар хакатонын өткізу, ІТ хаб ашу, жұмыс беруші қаражаты есебінен құзыреттік орталықтарын ашу, жұмыс берушілердің нақты тапсырысы бойынша мақсатты білім беру тапсырысын ұлғайту, 2 жаңа мамандық ашу іс-шараларды өткізу қамтылған.Бұл жұмыстарға бюджеттен 142 млн теңге көлемінде қаражат бөлу жоспарланған.Нысаналы қаржыландыру шеңберінде Есенов атындағы университет 2024, 2025 жылдарға Маңғыстау облысының жаңа кәсіптер мен құзыреттіліктер атласы жұмыстарын жалғастыруда.Осы жылға құрылыс, энергетика, логистика салаларына басымдық беріліп отыр. Қазіргі таңда осы Атласқа сәйкес техникалық және кәсіптік білім ұйымдарының білім беру бағдарламалары бойынша микробіліктіліктерді жаңарту жұмыстары жүргізілуде.2024-2025 оқу жылына 65 мамандықтың 92 біліктілігі бойынша 5615 орынға (90%) мемлекеттік білім беру гранты бөлінді. Оның ішінде 70 жұмыс беруші мен колледж арасында келісім-шарт негізінде нақты сұранысына сәйкес мемлекеттік білім беру грантына 580 студент қабылданды.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/914616
Ақтөбе облысында жұмысшы мамандықтарын дамыту және насихаттауға бағытталған іс-шаралар жоспары әзірленді 09.01.2025
Мемлекет басшысы 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Осыған байланысты бірқатар іс-шара кәсіптік білім беру жүйесін нығайтуға және өңір экономикасының түрлі секторлары үшін жоғары білікті мамандар даярлауға бағытталған.Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен жиында облыста кәсіптік-техникалық білім беруді дамыту және жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру мәселелері қаралды.«Колледждер өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын және басқа да маңызды секторларды дамытуға негіз болатын жұмысшы кадрларды даярлауда шешуші рөл атқарады. Президенттің тапсырмасына сәйкес, 2025 жылы біз жұмысшы мамандықтарды дамытуға бағытталған білім беру бағдарламаларын жетілдіруге назар аударамыз. Біз еңбек нарығының қазіргі заманғы талаптарына сай келетін мамандарды жоғары сапалы даярлауды қамтамасыз етуіміз керек. Сондай-ақ, түлектеріміз өңір кәсіпорындарында табысты жұмыс істей алуы үшін оқу орындарын жаңғыртуға, заманауи технологиялар мен практикалық дағдыларды енгізуге көңіл бөлу маңызды», - деп атап өтті облыс әкімі.Білім басқармасы басшысының м.а. Нұргүл Бертілеуова атап өткендей, өңірде 94 мамандық және 139 біліктілік бойынша студенттерді оқытатын 40 колледж жұмыс істейді. 2024-2025 оқу жылына мемлекеттік тапсырыспен 7654 орын бөлінді, оның ішінде техникалық мамандықтарға арналған орындар саны едәуір артқан.Облыс колледждерінің 70%-дан астамын қамтитын дуалды білім беруді енгізуге ерекше назар аударылады. Бұл студенттерге кәсіпорындарда практикалық оқудан өтуге мүмкіндік береді, олардың жұмысқа орналасу мүмкіндігін айтарлықтай арттырады. Дуалды жүйе бойынша оқитын студенттердің жұмыспен қамту деңгейі 91%. Осы бастама аясында колледждер, кәсіпорындар мен студенттер арасында 948 үшжақты келісімге қол қойылды.Бұдан өзге, мұнай-газ, тау-кен, көлік және логистика, жаңартылатын энергия көздері және су шаруашылығы сияқты бес негізгі сала бойынша Ақтөбе облысында жаңа мамандықтар атласы дайындалды. Сондай-ақ, осы салалардың қажеттіліктеріне сәйкес білім беру бағдарламаларын бейімдеу бойынша іс-шараларды қамтитын колледждерді профильдеудің жол картасы жасалды. Картаны іске асыру аясында колледждердің салалық мамандануын ескере отырып, мемлекеттік тапсырысты түзетуге қатысты бірқатар іс-шара жүргізілді, бұл өңір экономикасының сұранысқа ие салалары үшін мамандар даярлауға мүмкіндік береді.Сонымен қатар, Ресей мен Қытайдың білім беру мекемелерімен халықаралық байланыстар белсенді дамып келеді, бұл студенттер мен оқытушыларға тағылымдамадан өтуге және тәжірибе алмасуға жол ашады.2025 жылы колледждерді одан әрі біріктіру, материалдық-техникалық базаны жаңғырту, сондай-ақ студенттердің біліктілігін және олардың еңбек нарығындағы сұранысын арттыру үшін жаңа білім беру бағдарламаларын енгізу жоспарлануда.Колледж түлектерін жұмысқа орналастыру туралы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева айтып берді. Ол аймаққа 7503 маман қажет екеніне назар аударып, оның 4812–і жұмысшы мамандықтары екенін жеткізді. 2025 жылға арналған болжамды сұраныс 2488 бірлікті құраса, оның ішінде 1609 жұмысшыға деген қажеттілік бар.Сұранысқа ие кадрларды даярлау үшін оқу ұзақтығы 6 айға дейінгі әртүрлі мамандықтарды қамтитын қысқа мерзімді кәсіптік даярлау бағдарламалары көзделген. 2024 жылы 860 адам оқытылды, оның 732-сі жұмысқа орналастырылды. «Электрондық еңбек биржасы» порталында кәсіптік оқыту бойынша 603 курс жарияланып, оның ішінде 271 курс тегін оқытылған. 2025 жылға 560 жұмыссыз бен 2220 адамды онлайн курстарда оқыту жоспарлануда.Асхат Шахаров Президент тапсырмаларын іске асыру шеңберінде жұмысшы кәсіптерінің мәртебесін жоғарылату үшін оқыту, жұмысшылардың біліктілігін арттыру, сондай-ақ кәсіптік білімді қолжетімді етуді қамтитын кешенді бағдарлама құрылатынын тағы да атап өтті. Жастарға олардың маңыздылығы мен тартымдылығын көрсету үшін жұмысшы кәсіптерін насихаттауға бағытталған конкурстар, іс-шаралар мен көрмелер ұйымдастыру жоспарлануда.«Қоғамда еңбекқор маман идеясын белсенді насихаттау, жұмыс дағдыларын дамыту, түрлі салаларда білікті мамандар даярлау үшін жағдай жасау қажет. Біз білім беру мекемелерімен, кәсіпорындармен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен жұмысшы мамандықтарына көбірек жастарды тарту және бұл тек беделді ғана емес, сонымен қатар мансаптық өсу тұрғысынан перспективалы екенін көрсету үшін жұмыс істейміз. Жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен әсер ететініне сенімдімін», - деді өңір басшысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/914334
Туризм саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 27,3%-ға артты: 2024 жылғы 11 айдың қорытындысы 09.01.2025
2024 жылдың 11 айында елімізде туризм саласындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 777,4 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 27,3%-ға көп (610,2 млрд теңге).Инвестициялар көлемінің өсуі 12 өңірде байқалды, көш бастап тұрған өңірлер:- Астана қаласы – 218,2%-ға өсті; - Батыс Қазақстан облысы – 94,5%-ға өсті; - Маңғыстау облысы – 50%-ға өсті; - Атырау облысы – 183%-ға өсті; - Түркістан облысы – 43,7%-ға өсті.Бұл деректер инвесторлардың Қазақстандағы туристік инфрақұрылымды дамытуға қызығушылығы артып жатқанын және саланың капитал тартуда үлкен әлеуетке ие екенін көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/914526
Көктемгі дала жұмыстары: Олжас Бектенов ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын қаржыландыру жұмыстарын жеделдету қажеттігіне назар аударды 09.01.2025
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Үкімет отырысында 2025 жылғы көктемгі дала жұмыстары үшін шаруаларға қаржы бөлу мәселесін көтерді. Қаржыландыру өткен жылы басталғаны атап өтілді.Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.«Біз қаржыландыруды өткен жылдың 29 қарашасында бастадық. Аталған жұмысқа жалпы 100 млрд теңге бөлініп, қазірдің өзінде оның 70 млрд теңгесі шаруаларға берілген. Әрі қарай жұмыс жүргізіліп жатыр. Облыстарда ӘКК әлі қосылмаған, оларды ӘКК арқылы да тарату керек, сонда жұмыс тезірек жүреді. Жалпы қаржы бар», — деді Айдарбек Сапаров.Премьер-министр жұмысты жеделдетуді тапсырды.Айта кету керек, Президент тапсырмасын орындау аясында 2025 жылғы көктемгі егін және күзгі жиын-терім жұмыстарына «Кең дала-2» бағдарламасы бойынша жалпы 700 млрд теңгеге дейін, оның ішінде 140 млрд теңгесі – бюджет қаражаты, 560 млрд теңгесі – нарық қаражаты жұмсалады. Шаруаларға өтеу мерзімі 2026 жылғы 1 наурызға дейін белгіленген жылдық 5%-бен несие беріледі.Ерте қаржыландыру дихандарға егіс науқанын уақтылы бастау үшін барлық қажетті құрал-жабдықты, соның ішінде тыңайтқыштарды алдын ала сатып алуға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/914691
2024 жылы 10,6 млн тонна астық теміржол көлігімен тасымалданды 09.01.2025
2024 жылы «Қазақстан Темір Жолы»ҰК» АҚ» желісі бойынша астық тасымалдаудың жалпы көлемі 10,6 млн тоннаны құрады.Ішкі тасымалдар 13% артып, 2,5 млн тоннадан асты, ал экспорт 8,1 млн тонна болды.Өткен жылы астық тасымалы Орталық Азия елдеріне: Тәжікстанға — 20%, Қырғызстанға — 92%, Әзірбайжанға 86% өсті. Иранға астық тиеу екі есеге ұлғайды.Ұнтақ өнімдерін тасымалдау да оң динамиканы көрсетті. 2024 жылы тасымалдау көлемі 3,2 млн тоннаны құраса, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 2% артық. Ұнтақ өнімдерінің экспорты 3% артып, 2,3 млн тоннаға жетті.Тәжікстан, Түрікменстан және Қырғызстанды қоса алғанда, Орталық Азия елдеріне ұнтақ өнімдерінің экспорты өсуде, мұнда 4%, 5% және 41% айтарлықтай өсім байқалуда. Қытай қазақстандық ұнтақ өнімдерінің импортын 34% арттырды.Астық және ұнтақ өнімдері сияқты әлеуметтік маңызы бар жүктерді тасымалдау ерекше бақылауда. Тасымалдардың үздіксіздігін және уақытылығын бақылау мен қадағалауды қамтамасыз етуде тасымалдауды үйлестіру үшін жедел астық штабы күнделікті жұмыс істейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/915161
Шегірткеге қарсы егістіктерді өңдеуге арналған техниканың саны 2 есеге артты 09.01.2025
Сонымен қатар жерүсті бүріккіш техникасы мен ҰҰА-ны (дрондар) сатып алу және пайдалану қолжетімділігін арттыру мақсатында ауыл шаруашылығы өндірушілері мен химиялық өңдеу жөніндегі қызметтерді ұсынушыларға сатып алынған техника құнының 25%-ы өтеледі. Бұл үшін Ауыл шаруашылығы министрлігінің инвестициялық субсидиялау ережелеріне тиісті өзгерістер енгізілді.Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Үкіметте шегірткеге қарсы күреске дайындық және көктемгі дала жұмыстарына әзірлік барысы туралы мәліметтер талқыланды.Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлының айтуынша, 2024 жылы химиялық өңдеу үшін 247 бірлік техника пайдаланылған болса, 2025 жылы бұл сан 443-ке дейін ұлғаймақ. Оның ішінде 46 агродрон бар, оларды Ауыл шаруашылығы министрлігі «Фитосанитария» РМК-ның аймақтық бөлімшелеріне сатып алған. Сондай-ақ 7 зерттеу ҰҰА алынған. «Түркістан облысында өткен жылдың көктемінде агродрондар арқылы алқаптарды бүрку және пестицидтерді сатып алу, тасымалдау, сақтау және өңдеуді қоса қамтитын орталықтандырылған қызметті пилоттық түрде сынақтан өткізу жобасының нәтижелері бойынша, Ауыл шаруашылығы министрлігі фитосанитариялық шараларды барлық өңірлерде «Бір жеткізуші – барлық жұмыстар» қағидаты бойынша ұйымдастыруды енгізді. Бұл бизнеске аталған қызметтерді сатып алуға қатысуды тартымды етіп, нәтижеге жауапкершілікті арттырады. Бұдан бөлек, біз фермерлер мен химиялық өңдеу қызметтерін жеткізушілерге агродрондар, жерүсті вентиляторлы және штангалы бүріккіштердің құнының 25%-ын өтеу арқылы қолайлы жағдай жасадық», — деді Ермек Кенжеханұлы.Сондай-ақ отырыста аймақтардың көктемгі дала жұмыстарына дайындығы қаралды. 2024 жылғы 29 қарашада басталған ерте қаржыландыру аясында бөлінген 100 млрд теңгенің 70 млрд теңгесі 671 ауыл шаруашылығы өндірушісіне бағытталды. Бұл қаржыны ең белсенді пайдаланғандар – дәнді дақылдар егетін аймақтар: Ақмола (15,4 млрд теңге), Қостанай (14,9 млрд теңге) және Солтүстік Қазақстан облыстары (14,5 млрд теңге). Ал оңтүстік аймақтарда – Түркістан, Жамбыл және Жетісу облыстарында, көктемгі егіс жұмыстары ертерек басталатын аймақтарда, өтінімдер сомасы небары 10 млрд теңгені құрайды. Аймақтардың алдын ала мәліметі бойынша, республикада көктемгі дала жұмыстарына ауыл шаруашылығы техникасының дайындығы қазіргі таңда шамамен 56%-ды құрайды. 2024 жылғы өнімге арналған тұқымға деген қажеттілік 2,3 млн тонна болса, оның 99%-ы дайындалған.Кеңес қорытындысы бойынша Серік Жұманғарин егістік алаңдарының құрылымын қайта қарауды, атап айтқанда, бидай егу алқаптарын қысқартып, майлы дақылдар мен басқа да жоғары тиімділігі бар дақылдарды көбейтуді тапсырды. Сондай-ақ 2024 жылғы өнімде ең жоғары нәтиже көрсеткен қазақстандық селекцияның элиталық тұқымдарын егу алаңдарын барынша ұлғайту қажеттігін айтты.Келесі сәрсенбіде Серік Жұманғарин көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысымен танысу және экономиканың нақты секторының дамуын талқылау үшін оңтүстік өңірлердің біріне баруды жоспарлап отыр. Бұдан бұрын хабарланғандай, 2024 жылғы 30 желтоқсанда Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Қарағанды облысында болып, ведомствоның жұмысы өңірлердегі жұмыспен кіріктірілетінін мәлімдеген болатын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/915628
АӨК-ке 595 мың жұмысшы маман жұмылдырылды 09.01.2025
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында бүгінде Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінде 1,1 млн адамды жұмыспен қамтамасыз ететін 300 мыңнан астам өндіруші, оның ішінде жұмысшы мамандарының 595 мыңы немесе 55%-ы жұмыс істейтінін хабарлады.Ол отбасылық коэффициентін ескере отырып, салада жұмыс істейтін әрбір маман орта есеппен үш адамды табыспен қамтамасыз ететініне тоқталды. Осылайша, ауыл шаруашылығы 4 млн адамның қаржылық әл-ауқатына тікелей немесе жанама түрде әсер етеді, бұл оны әлеуметтік тұрақтылықтың негізгі көздерінің біріне айналдырады.«Халықты жұмысшы мамандықтарына тарту үшін фермерлерге басқа салалармен қатар тұрғын үй құнын, жас мамандардың жалақысын және “ұрпақтар келісімшарты” бойынша субсидиялау сияқты мемлекет жүзеге асыратын ынталандыру шаралары қолжетімді. Министрлік тарапынан Аграрлық несие корпорациясы, ҚазАгроҚаржы, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар желісі бойынша түрлі мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі», — деп атап өтті Айдарбек Сапаров.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/914514
Қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы жаңа жұмыс дағдыларын талап етеді – АШМ 09.01.2025
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы соңғы жылдары жаңғыртылып, неғұрлым технологиялық және өнімділігі жоғары болғанын атап өтті. Ол ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің мәртебесі де қатар өсіп келе жатқанын, оны жалақыны көтеру, ауыл тұрғындарының әлеуметтік төлемдеріне ұлғайтылған коэффициентті қолдану есебінен одан әрі көтеру қажеттігіне тоқталды. Бұдан басқа, ауылда тұрғын үй құрылысын субсидиялау нормативін ұлғайту мүмкіндігін қарастыру ұсынылады. Ұсынылған шаралар ауыл шаруашылығы жұмысшы мамандарының беделін арттыруға және азаматтардың ауылға тұрақтап қалуына мүмкіндік береді. Заманауи ауыл шаруашылығы негізгі кәсіптік-техникалық білімнің болуымен қатар цифрлық жүйелермен және жоғары технологиялық жабдықтармен, соның ішінде жасанды интеллектімен жұмыс істеудің жаңа дағдыларын меңгеруді талап етеді.«Кадрларды даярлау сапасын арттыру мақсатында 2025 жылы 9 кәсіби стандарт, сондай-ақ даярлаудың аграрлық бағыттары бойынша білім беру бағдарламалары әзірленіп, жаңартылатын болады. Бұл мамандарды машинамен сауу, дрондар, астық өңдеу операторлары сияқты заманауи мамандықтарға және жоғары технологияларды қолдануға байланысты басқа да бағыттар бойынша оқытуға мүмкіндік береді», — деп толықтырды Айдарбек Сапаров.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/914689
Қазақстан мен Тәжікстан ауыл шаруашылығы мен азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда 09.01.2025
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Тәжікстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік материалдық резервтер агенттігінің директоры Нурмахмад Ахмадзодамен кездесті. Тараптар азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы өзара іс-қимыл мен агроөнеркәсіп кешені саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Кездесуге сондай-ақ «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асылхан Джувашев қатысты.Келіссөздердің басты тақырыбы астық экспорты көлемін арттыру мәселесі болды.Айта кетейік, Тәжікстан қазақстандық астық үшін дәстүрлі өткізу нарығы болып табылады.ҚТЖ мәліметінше, 2024 жылы Қазақстан Тәжікстанға шамамен 1,3 млн тонна астық экспорттаған, оның ішінде жаңа егіннің 633 мың тоннасы бар. Жаңа егіннің экспорт көлемі 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 57%-ға өскен.«Біз қарқынды арттырып, экспорт көлемін ұлғайтуымыз керек. Сондай-ақ, біз ұн жеткізуді жолға қоюды ұсынамыз. Ынтымақтастық үшін барлық жағдайды жасауға дайынбыз», – деп атап өтті Айдарбек Сапаров.Тәжікстандық тарапты қант, өсімдік майы, ет жеткізу көлемін ұлғайту мәселелері қызықтырды.Өз кезегінде министр жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.Кездесу соңында Айдарбек Сапаров айтылған бастамаларды жүзеге асыру сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ Орталық Азия өңірінің азық-түлік тұрақтылығын арттыруға ықпал ететінін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/914713
2 млн га пайдаланылмаған жерді 2025 жылы мемлекеттік меншікке қайтару жоспарлануда 09.01.2025
ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитеті 2025 жылы 2 млн га пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару жөнінде шаралар қабылдайтын болады.Сондай-ақ, басқа да негізгі бағыттар бойынша жұмыстар жандандырылатын болады.Мемлекет басшысының Бакудегі Климаттық саммитте айтқан бастамаларының жалғасында көміртекті егіншілікті дамыту жөніндегі жол картасы әзірленіп, бекітілетін болады. Бұл климаттың өзгеруімен күресудегі және топырақ құнарлылығын арттырудағы маңызды қадам.«2024-2030 жылдарға арналған топырақ құнарлылығын қалпына келтіру және арттыру жөніндегі жол картасын іске асыру жалғастырылатын болады. Құжат 2024 жылы бекітілді. Ағымдағы жылы жердің тозуына қарсы күреске баса назар аудара отырып, Жол картасын іске асыру жөніндегі өңірлік іс - қимыл жоспарларын бекітуге ерекше назар аударылатын болады», - деп хабарлады ЖРБК төрағасы Мұрат Теміржанов.Сондай-ақ Комитет заңнамалық базаны жетілдіру жөнінде шаралар қабылдайтын болады.Атап айтқанда, мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп Парламентте қаралып жатқан «Топырақты қорғау туралы» заң жобасын одан әрі ілгерілету жөнінде шаралар қабылданатын болады. Бұл топырақты қорғау, олардың сапасы мен құнарлы қабатын сақтау мәселелерін реттеудегі негізгі құжат болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/915485
С. Жақыпова Жұмысшы мамандықтары жылы аясында Еңбек министрлігі жоспарлаған іс-шаралар туралы хабарлады 09.01.2025
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова ҚР Үкіметінің отырысында Мемлекет басшысының Жұмысшы мамандықтары жылын өткізу жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында 2025 жылға жоспарланған іс-шаралар кешені туралы айтты.Министр сөз басында жұмысшы мамандықтары қазақстандық еңбек нарығының негізі болып қала беретінін атап өтті. 4,8 миллион адам немесе барлық жұмыс істейтін азаматтың 52%-ның кәсіптік немесе техникалық білімі бар. Бұл 2,3 миллионға жуық адам, олар 2,2 мың жұмысшы мамандығы бойынша жұмыс істейді. Мұндай мамандарға деген жоғары сұраныс көптеген бос жұмыс орындарымен расталады – өткен жылы 270 мыңнан астам бос жұмыс орнын құрады. Жұмысшы кадрлар көлік, сауда, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы сияқты салаларда көбірек сұранысқа ие.«Актуарлық модельдер негізінде әзірленген болжамдарымыз алдағы жылдары жұмысшы кадрларға деген қажеттілік тек арта түсетінін көрсетеді. Алдағы 6 жылда кадрларға жиынтық сұраныс 1,6 млн адам деп жоспарлануда, оның ішінде кәсіптік-техникалық білімі бар жұмыскерлерге жартысынан астамы тиесілі, олардың 400 мыңға жуығы жұмысшы мамандықтары болып табылады. Оларға мамандандырылған техниканың жүргізушілері, сантехниктер, дәнекерлеушілер, құрылыс мамандықтары мен техникалық бағыттағы жұмысшылар жатады», – деді Светлана Жақыпова.Оның айтуынша, кадрларды даярлауды, оның ішінде жұмысшы мамандықтарды тиімді жоспарлау мақсатында жобалардың Инновациялық навигаторы әзірленген.«Платформа қазірдің өзінде кадрларға деген қажеттілікті болжауға, сондай-ақ еңбек нарығының сұраныстарын ТжКБ ұйымдарында мамандар даярлаумен үндестіруге мүмкіндік береді.Жұмыс орындарын құру көрсеткіштері, еңбекақы қорының мөлшері, жалақыны уақтылы төлеу және әлеуметтік аударымдар негізінде біз жобалардың тиімділігін бағалауды жүзеге асыра аламыз. Бүгінде 150 мың жұмыс орнын құратын 755 инвестициялық жобаға мониторинг жүргізілуде», – деді Светлана Жақыпова.Министр талдау барысында әртүрлі өңірдегі еңбек нарығының қажеттіліктері мен колледж студенттерінің (ТжКБ) нақты түлектері арасындағы елеулі алшақтық анықталғанын атап өтті. Ең үлкен алшақтық құрылыс саласында және өнеркәсіпте байқалады. Сонымен қатар, кадр тапшылығының өңірлер бойынша біркелкі бөлінбеуі байқалады.«Біз сондай-ақ Қаржы министрлігінің ақпараттық жүйелерімен интеграциялауды аяқтадық және олардан деректер түскеннен кейін кадрларды даярлауды мемлекеттік бюджет есебінен іске асырылатын жобалармен үндестіре аламыз», – деп толықтырды Еңбекминінің басшысы.Кадрларды даярлау сапасын қамтамасыз ету үшін жұмысшы кәсіптері бойынша 1,6 мың кәсіптік стандарт жаңартылды. Олардың негізінде білім беру бағдарламаларының 87 % жаңартылды. Еуроодақ елдерінің стандартын қолдана отырып, 12 мыңнан астам дағдыларды қамтитын Электрондық дағдылар банкі құрылды.«Осы жылы тағы 100 кәсіптік стандарт әзірленіп, жаңартылуда.Біліктілікті тануды бағалау 4 тәуелсіз орталықтың базасында басталды. Биыл біз осындай тағы 5 орталықты, оның ішінде халықаралық стандарттар бойынша 2 орталықты ашуды жоспарлап отырмыз», – деді Светлана Жақыпова.Кәсіби мансапты таңдау және өзінің мансаптық траекториясын басқару үшін «Мансап компасы» жобасы іске асырылуда.Жұмыс берушілердің сұранысы бойынша кәсіптік оқыту және жұмыс орнында оқыту белсенді дамып келеді. Биыл 12 мыңға жуық адам осындай курстардан өтеді.Студенттердің практикалық дағдыларды игеруі үшін Электрондық еңбек биржасында өндірістік практикадан өту орнын табуға мүмкіндік беретін функционал іске қосылды. Онлайн оқыту платформасында бүгінде 643 курс қолжетімді, 410 мың адам оқытылды.Жұмысшы мамандықтары жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес тәлімгерлік институтын дамыту, бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізу және оқушылары мен ТжКБ студенттерін жұмыс іздеу мен жұмысқа орналастыру дағдыларына оқыту көзделген.Еңбекминінің басшысы жұмыскерлердің құқықтарын қорғауды күшейту үшін ведомство әлеуметтік әріптестермен бірлесіп іске асыратын шаралар туралы да айтты.Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы цифрлық мониторинг арқылы өндірістік жарақаттанудың алдын алу тетіктерін жетілдіру, кәсіпорындарға тәуекел класын бере отырып, кәсіптік тәуекелдерді интегралды бағалауды енгізу, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға және мамандандырылған ұйымдарға жауапты адамдарды оқытуға және олардың білімін тексеруге қойылатын талаптарды күшейту.«Сонымен қатар біз еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті күшейту мәселесін қарастыруды жоспарлап отырмыз», – деп қосты Светлана Жақыпова.Еңбек қатынастарының ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз ету үшін жұмыс берушілердің штат кестесін орналастыруын, еңбек және ұжымдық шарттар жасасу рәсімдерін электрондық форматқа ауыстыруды көздейтін еңбек қатынастарын декларациялау тетіктерін енгізу жоспарлануда.Халықаралық еңбек ұйымымен ынтымақтастық шеңберінде заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды көздейтін лайықты еңбек қағидаттарын ілгерілету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспары іске асырылатын болады.«Өткен жылы біз халықаралық стандарттарды ескере отырып, ең төмен жалақы мөлшерін белгілеу әдістемесін бекіттік. Биыл Халықаралық еңбек ұйымының «Дамушы елдерді ерекше ескере отырып, ең төмен жалақыны белгілеу туралы» № 131 Конвенциясын ратификациялауды жоспарлап отырмыз.Айтылған шараларды іске асыру үшін ХЕҰ-ның жобалық кеңсесі құрылады, оның жұмыс бағыттары айқындалып қойған», – деп хабарлады Светлана Жақыпова.Сөз соңында ведмство басшысы соңғы жылдары Министрлік азаматтарды және еңбек саласындағы бизнесті қолдаудың дамыған жүйесін құрғанын атап өтті. Ол көптеген онлайн қызметтерді біріктіреді және жұмыс іздеуден және өндірісте қауіпсіздікті қамтамасыз етуден бастап, кәсіби дағдыларды дамытуға, оның ішінде жұмысшы мамандықтарына дейінгі көптеген міндеттерді шешеді.«Жұмысшы мамандықтары саласындағы аса маңызды жобалардың бірі Кәсіпорынның цифрлық картасы болып табылады. Бұл бізге нақты уақыт режимінде кәсіпорындардағы тәуекелдерді алдын ала анықтауға және алдын алу шараларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Модельде қаржылық, әлеуметтік және еңбек сияқты 60-тан астам көрсеткіш бойынша мәліметтер қолданылады. Бұл бізге жоғары тәуекелге байланысты жұмыс мамандықтарына ерекше назар аударуға мүмкіндік береді.Кәсіпорынның цифрлық картасын бұрын құрылған Отбасының цифрлық картасымен үйлестіру жаңа мүмкіндіктер ашады. Жұмыс беруші кәсіпорындағы жұмыскерлердің әлеуметтік әл-ауқатын ескере отырып, тәуекелдерді автоматты түрде анықтай алады. Мысалы, егер жұмысшы баспанаға мұқтаж болса, оның отбасы көпбалалы немесе онда мүгедектігі бар адам мәртебесі берілген мүшесі болса, жұмыс беруші мұны біліп, тиісті қолдау көрсете алады.Бизнес үшін Кәсіпорынның цифрлық картасы – бұл жұмыскерлердің әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын іс жүзінде жүзеге асыруға арналған құрал», – деп түйіндеді министр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/914292
2024 жылы мүгедектікті белгілеу бойынша 97 мыңға жуық өтінім сырттай форматта қаралды 09.01.2025
2024 жылы мүгедектік тобын белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы бойынша пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде Қазақстанның барлық өңірлерінен 96,9 мыңнан астам өтінім қаралды, бұл куәландырудан өткен мүгедектігі бар адамдардың жалпы санының 37,4%-ын құрады. Бүгінде сырттай форматта куәландыру 30 нозологиялық нысан бойынша жүргізіледі.2023 жылы 76,4 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралды, бұл куәландырудан өткен мүгедектігі бар адамдардың жалпы санының 30,4%-ын құрайды.Бұған дейін хабарланғандай, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің VI отырысында Мемлекет басшысы ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін барынша қолайлы жағдай жасауды, олардың инстанциялар мен қағазбастылық бойынша жүруін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің көрсетілетін қызметті алушылармен байланысын болдырмауды тапсырды.Осы тапсырманы орындау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Денсаулық сақтау мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерімен бірлесіп Қазақстанның барлық 20 өңірінде пилоттық режимде медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС) жүргізудің сырттай форматы бойынша жобаны іске асыруда.Мүгедектік тобын белгілеу жөніндегі қызметті алу үшін өтініш берушіге тұрғылықты жері бойынша емханаға жүгіну және қажетті тексеруден өту қажет, қалған процестер ақпараттық жүйелерді интеграциялау есебінен оның қатысуынсыз өтеді.Сырттай куәландыруға көшу:- әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді жояды;- МӘС сараптамалық шешімдерінің ашықтығын қамтамасыз етеді;- мүгедектікті белгілеу және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау шараларын анықтау бойынша қызметтерді үйден шықпай-ақ алуға мүмкіндік береді;- көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушімен тікелей байланысын болдырмайды, сол арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/915018
Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2025 жылға арналған өңірлік квотасы бекітілді 09.01.2025
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2025 жылға арналған өңірлік квотасы 9 653 адам деп белгіленді, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 170 адамға артық.Бұйрықтың мақсаты Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындайтын өңірлерде қандастар мен қоныс аударушыларды оңтайлы қоныстандыру. 2025 жылы өңірлік квота облыстар бойынша төмендегідей бөлінді:- қандастар үшін: Павлодар облысы – 1 056 адам, Ақмола облысы – 285 адам, Шығыс Қазақстан облысы – 269 адам, Абай облысы – 244 адам, Солтүстік Қазақстан облысы – 175 адам, Қостанай облысы – 150 адам, Атырау облысы – 100 адам, Батыс Қазақстан облысы – 30 адам;- қоныс аударушылар үшін: Павлодар облысы – 3 050 адам, Солтүстік Қазақстан облысы – 2 969 адам, Қостанай облысы – 535 адам, Шығыс Қазақстан облысы – 372 адам, Абай облысы – 255 адам, Ұлытау облысы – 125 адам, Қарағанды облысы – 38 адам.Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген адамдарға мемлекеттік қолдау шарасы көрсетілетін болады, атап айтқанда:- көшуге субсидиялар – отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК бойынша біржолғы төлем;- 12 ай ішінде бір отбасына 15-тен 30 АЕК-ке дейін төленетін тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды жабу үшін субсидиялар;- 400 АЕК мөлшерінде қоныс аударуға жәрдем көрсететін жұмыс берушілер үшін субсидиялар;- қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жолдама;- жұмысқа орналасуға немесе кәсіпкерлік бастаманы дамытуға жәрдемдесу;- тұрғын үй сатып алуға экономикалық мобильділік сертификаттарын беру.Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылы 19,7 мыңнан астам этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды.1991 жылдан бастап 2025 жылғы 1 қаңтар аралығында 1 млн 148 мың астам этникалық қазақ тарихи отанына оралды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/914194