Әлем
Астанадағы No3 мамандандырылған өрт сөндіру бекетінде ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды 24.12.2024
Астананың орталығында орналасқан No3 мамандандырылған өрт сөндіру бекетінде ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды. Жаңғырту Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әріновтың тапсырмасы бойынша жеке құрамның қызмет көрсету және тұрмыстық жағдайын жақсарту мақсатында жүргізілді. Жөндеу жұмыстары 2024 жылдың ақпанында Төтенше жағдайлар министрі құтқарушылардың еңбек және тұрмыс жағдайын бағалап, елорданың барлық өрт сөндіру бөлімшелерін аралады. Сапар барысында қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін қажетті қолайлы жағдайлар жасау, сондай-ақ жеке құрамның еңбек жағдайын жақсарту бойынша бірқатар тапсырмалар берілді. Жұмыс алты айға жетпей аяқталып, елеулі өзгерістер енгізілді. Бөлімше ғимаратының екі қабаты жаңартылды, резервтік қораптың және трансформаторлық қосалқы станцияның шатыры ауыстырылды, ғимараттың айналасындағы соқыр аумақ бетондалды. Ішкі үй-жайлар да күрделі өзгерістерге ұшырады: душ, дәретханалар, оқу бөлмелері, асхана, демалыс бөлмелері және кеңсе бөлмелері жөнделді. «Батыр командасы» спорт залы да жаңартылды.Бөлім аумағында спортпен айналысуға арналған жаңа воркаут алаңдары орнатылып, жасыл аллея ретке келтірілді, қарағай мен шырша отырғызылды, бұл ерекше көрік береді. өрт сөндірушілер мен олардың отбасы мүшелерінің бос уақытын өткізуге арналған атмосфера. Министр сондай-ақ аумақтық департаменттердің басшыларына Төтенше жағдайлар министрлігінің өңірлердегі нысандарының инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстарын жүргізуді тапсырды, олар сондай-ақ жаңартылған өрт сөндіру бекетін аралады. «Бүгінгі таңда өрт сөндіру бекеттерін жаңғырту және жөндеу жұмыстары жүргізілуде. республика бойынша жүргізілуде, біз тек негізгі жұмыс бөлмелеріне ғана емес, сонымен қатар қызмет көрсететін жатақханаларға да назар аударып отырмыз. Біз құтқарушылардың жайлы және тиімді жұмысын жеңілдететін жағдай жасауға ұмтыламыз. Қызметтік пәтерлері бар бірегей No23 өрт сөндіру бекетіне ұқсас кеңістік құру маңызды», - деді Төтенше жағдайлар министрі, генерал-майор Шыңғыс Әрінов. No3 өрт сөндіру бөлімінде 90-ға жуық қызметкер кезекшілік етеді. Төтенше жағдайларды жоюға белсенді қатысатын күн сайын. Екінші кезеңде қызметтік жатақханаларды күрделі жөндеуден өткізу жоспарлануда. Жақсартылған жағдайлар олардың жұмысының тиімділігін арттыруға ықпал етеді және кез келген уақытта көмектесуге дайын адамдарға барынша жайлылық береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/907006
«Ақтөбе» қоғамдық-саяси газеті ғасыр тойын атап өтті 24.12.2024
Басылымның 100 жылдық мерейтойына арналған шара Тахауи Ахтанов атындағы облыстық драма театрда ұйымдастырылды. Облыс әкімі Асхат Шахаров ардагер журналистерді, газеті ұжымы мен оқырмандарын мерейлі мерекемен құттықтады. Алдымен өңір басшысы ғасыр тойына арнайылап келген құрметті меймандармен бірге қазақ әдебиетінің классиктері Тахауи Ахтанов пен Қуандық Шаңғытбаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.Театр сахнасында облыс әкімі құттықтау сөз сөйлеп, «Ақтөбе» газетінің баспасөздегі орнын, оның өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосып отырған үлесі ерекше екенін атап өтті, әлі де мағыналы мақалалар мен жағымды жаңалықтардың жаршысы болатынына сенім білдірді.««Ақтөбе» газеті қай кезде де елдің бүгіні мен ертеңіне арналған шараларға белсене атсалысты. Әр кезеңнің алға қойған міндеттеріне сәйкес қызмет етіп, тиімді идеология құралы ретіндегі рөлін ойдағыдай атқарып отырды. Өңірдің қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени-әлеуметтік өмірінің айнасы ретінде танылған басылым облыс аймағындағы өзекті мәселелер мен шешімін күткен проблемаларды батыл жазды. Олардың дер кезінде шешілуіне барынша үлес қосты. Газет өткен жылдар ішінде қарапайым халықты билік орындарымен жалғап тұратын дәнекер ретінде де рөл атқарды. Оқырман хаттары мен ұсыныс-пікірлеріне мол орын беріліп, арнаулы беттер жарық көріп тұрды. Бір ғасыр аз уақыт емес. Осы жүз жылда «Ақтөбенің» алған бағыты, мақсат-мұраты өзгерген жоқ. Алдағы уақытта да, «Ақтөбе» газетінің ұжымынан жағымды жаңалықтар, мағыналы мақалалар асыға күтеміз», - деді ол.Асхат Шахаров салтанатты шарада «Ақтөбенің» бірқатар қызметкерін алғыс хатпен марапаттады. Ал тілшілер Мейрамгүл Рахатқызы, Арайлым Нұрбаева және Айбек Тасқалиев «Ақпарат саласының үздігі» атанды.Кеш барысында Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың құттықтау хатын оқып берді.Мерекелік шарада өңір өнерпаздары ән мен күйден шашу шашты. Шара соңында мерейтойлық газет ұжымы облыстық филармония әртістерімен бірге Сәтжан Дәрібайдың сөзіне, Орал Байсеңгірдің музыкасына жазылған және Бақытбек Зейнеловтің аранжировкасымен өңделген газеттің әнұранын орындады.1924 жылдың 7 маусымында «Кедей» деген атпен басылған газет әр жылдары түрлі атаулармен жарық көріп, әр заманның талабына сай оқырманға қызмет етіп келеді. Еске салайық, биылғы жылдың 7 маусымында газет ұжымына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтау хатын жіберген еді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/907007
Харбиндегі қысқы Азиадаға Шығыс Қазақстан облысынан 15 спортшы қатысады 24.12.2024
Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов өңірдегі бірқатар спорт нысанын аралап, жұмыс барысымен танысты.Сапар барысында Министр Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика манежіне барды. 2013 жылы қолданысқа берілген спорт кешенінде жыл бойы жаттығу жасау үшін барлық жағдай жасалған, сондай-ақ мұнда облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі спорттық жарыстар тұрақты түрде өткізіліп тұрады.Сонымен қатар ведомство басшысы Өскемендегі Үстел теннисі орталығын аралады. Орталық үстел теннисі бойынша облыстағы балалар мен жасөспірімдерге арналған олимпиадалық резерв спорт мектебінің базасында құрылған. Мұнда ірі жарыстар, бұқаралық спорттық іс-шаралар мен оқу-жаттығу жиындары өтеді. Ғимарат заманауи спорт құралдарымен жабдықталған. Орталықта спортшылардың жарыстан кейін немесе жарақат алған кезде физиотерапия ем-шараларын алып, қалыпқа келуіне мүмкіндік беретін дәрігерлік-денешынықтыру диспансері бар.Туризм және спорт министрі Үстел теннисі орталығында олимпиадалық, олимпиадалық емес және ұлттық спорт түрлері бойынша облыстың аға жаттықтырушыларымен кездесіп, олардың ұсыныстары мен пікірлерін тыңдады. Кездесу барысында Министр аймақ спортын дамыту, жаттықтырушылардың біліктілігін арттыру және спортшылардың дайындық деңгейін көтеру қажеттілігін атап өтті.Шығыс Қазақстан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можанов жабық футбол стадионы мен теннис академиясын салу жобасын таныстырды. Бұл жобаларды жүзеге асыру Мемлекет басшысының өңірге жасаған сапары кезінде тапсырылған болатын.«Шығыс Қазақстан облысы – елімізді әлемге танытып, көк байрағымызды желбіреткен талантты спортшыларды дүниеге әкелген өңір. Бұл аймақта даңқты хоккейші Борис Александров, Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова, фристайлдан қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Юлия Галышева сияқты дарынды спортшыларымыз дүниеге келген. Жалпы, ШҚО қысқы спорт түрлері бойынша ұлттық құрамалардың негізгі орталығы саналады.Сол себепті дайындық барысында қолда бар әлеует пен ресурстарды тиімді пайдалану қажет. Келесі жылы Қытайдың Харбин қаласында қысқы Азия ойындары өтетіні белгілі. Қазақстан құрамасынан 6 спорт түрінен 139 спортшы қатысады деп жоспарлануда. Оның ішінде Шығыс Қазақстан облысынан биатлон, тау шаңғысы, шорт-трек және шайбалы хоккей сияқты спорт түрлерінен 15 спортшы бақ сынайды», – деді Ербол Мырзабосынов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/906996
Қазақстан футбол федерациясының жаңа президенті сайланды 24.12.2024
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың қатысуымен Қазақстан футбол федерациясының ХХVІI кезектен тыс конференция отырысы өтті. Іс-шара барысында федерацияның жаңа президенті сайланды.Қазақстан футбол федерациясының президенттігіне кандидаттар ретінде «Алматы облысының футбол қауымдастығы» ЗТБ атынан Алтай Даумов, «Ақмола облыстық футбол қауымдастығы» ЗТБ атынан Ербол Қайыров және «Астана қаласы футбол федерациясы қауымдастығы» ЗТБ атынан Марат Омаров үміткер атанды.ҚФФ Бас хатшысы Саян Хамитжанов жиынды ашып, күн тәртібіндегі мәселелерді атап өтті. Одан кейін президенттікке үміткерлерге сөз берілді. Отырыстың ресми бөлігі аяқталған соң облыстық футбол қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігінің, футбол ұйымдарының және футбол мектептерінің өкілдері жаңа президентті сайлау үшін дауыс берді. Нәтижесінде қатысушылар М.Омаровтың кандидатурасын қолдады.Министр Ербол Мырзабосынов Марат Омаровты жаңа лауазымымен құттықтап, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.«Қазақстан футбол федерациясының жұмысында үлкен өзгерістер болып жатыр. Бүгін құрылымның жаңа президенті тағайындалды. Басшылыққа Марат Омаров келіп отыр. Футбол әлемдегі ең қызықты әрі танымал спорт түрі. Қазақстан үшін де дәл солай. Жаңа президенттің басшылымен ұлттық құрама жақсы нәтижелер көрсетеді деп сенемін. Марат Талғатұлы салаға жаңаша серпін әкеліп, осы уақытқа дейін жинаған тәжірибесін отандық футболдың дамуына жұмсайды деген ойдамын. Ел азаматтары футболға ерекше қызығушылықпен қарайды. Сондықтан футболды жаңаша дамытуымыз керек. Әсіресе, халықаралық деңгейдегі ынтымақтастықты арттыру қажет. Футболшылардың, әлемдік деңгейдегі бапкерлер мен төрешілердің дайындығына, резервті даярлауға ерекше көңіл бөлу маңызды», – деді Ербол Мырзабосынов.Айта кетейік, бүгінгі таңда бұл спорт түрімен 1 миллионнан астам адам тұрақты түрде айналысады. Оның ішінде ауылдық жерлерде 537 мың адам шұғылданады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/906997
Маңғыстау облысында ауыз су мәселесін шешу бағытында 10 жоба іске асып жатыр 24.12.2024
Маңғыстау облысында ауыз сумен қамту әлі де өзекті. Мәселені кезең-кезеңімен шешу үшін 2025 жылға дейін жалпы су тұщыту қуаты қуаты 140,5 мың текше метрді құрайтын 10 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Оның ішінде:Қаражанбас кен орнында тәулігіне 17 мың текше метр су тұщыту зауыты іске қосылды. Нәтижесінде «Астрахан - Маңғыстау» су құбырынан босаған 15 мың текше метр ауыз су Жаңаөзен қаласы, Бейнеу, Жетібай ауылдары тұрғындарының игілігіне пайдаланылуда.«Каспий» су тұщыту зауытының қуатын 40 мың текше метрге дейін жеткізудің 2-ші кезеңі бойынша жұмыстар жалғасуда. Биыл жыл аяғына дейін бұл жұмыстарды толықтай аяқтау көзделіп отыр.Ақтау қаласында жеке инвестор есебінен қуаттылығы тәулігіне 7 000 текше метр су тұщыту зауытын салу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда зауыт тәулігіне 5 мың текше метр ауыз су беріп отыр.Сайын Шапағатов ауылында жеке инвестор тарапынан қуаттылығы тәулінгіне 6500 текше метр су тұщыту қондырғысы орнатылды. Бүгінгі күні қондырғы 4000 мшекше метр ауыз су өндіріп, Ақшұқыр, Сайын Шапағатов ауылдарын ауыз сумен қастамасыз етіп отыр.Қондырғының қуаты алдағы уақытта арттырылатын болады.«Биыл Форт-Шевченко қаласында тәулігіне 5 мың текше метр, «МАЭК» аумағында 24 мың текше метр және Кендірлі аймағында 50 мың текше метр су тұщыту қондырғыларын салу жұмыстары басталды. Зауыт құрылысы «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясының қолдауымен жүзеге асырылуда және аталған жобаларды 2025 жылға дейін аяқтау үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтын боламыз»,- деді облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай.Су ресурстарының баламалы көздерінің бірі – Ақтау қаласынан 43 шақырымда орналасқан «Құйылыс» кен орны. Бүгінде құбыр толығымен ескірген. Сондықтан осы кен орнының суын игеру үшін «Каспий» су тұщыту зауытына дейін су құбыры жаңартылуда. Бұл жұмыстар Мемлекет басшысының жіті бақылауында тұр.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/906399
Маңғыстау облысында «Кендірлі» курортты қаласы салынады 24.12.2024
2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Маңғыстауға шет мемлекеттер мен ел аймақтарынан 215 мың турист келді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20%-ға көп. Туризм саласында көрсетілген қызметтер көлемі де 40% өсіп, 6,6 млрд.теңгені құрады. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай баяндады.Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында «Жылы жағажай» ауданында орналасқан инвестициялық жобаларды іске асыруды тапсырған болатын. Осы тапсырма шеңберінде 2027 жылға дейін өңірде инвестициялық құны 100 млрд.теңге болатын 11 жобаны жүзеге асыруды жоспарланды. Биыл 8,5 млрд.теңгеге 3 жоба іске қосылды.«Президент тапсырмасына сәйкес, «Кендерлі» курорттық аймағының бас жоспары әзірленді. Бұл аймақта жылына 300 мың адамға дейін қабылдай алатын туристік қала салынады. Инженерлік инфрақұрылым құрылысы басталды. Жоба іске асқан кезде Жаңаөзен қаласының тұрғындарын жұмыспен қамтып, негізгі жүктеменің төмендеуіне әсер етеді»,- деді Нұрдәулет Қилыбай.Сондай-ақ, келер жылы Маңғыстау өңіріндегі «Жыланды» мүйісі туристік орын ретінде абаттандырылып, Бекет Ата жолының бойынан саяхаттаушылар үшін визит-орталығы салынады.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/906423
Маңғыстау облысының автобус паркі 97%-ға жаңартылады 24.12.2024
Ақтау қаласына 91 дана жолаушы автобусы сатып алынып, қала автобусының паркі 100%-ға жаңартылды. Бұл туралы ОКҚ өткен баспасөз конференциясында Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай мәлімдеді.Былтыр Маңғыстауда лизингтік қаржыландыру арқылы метан отынымен жүретін барлығы 120 автобус сатып алынды. Оның 70 данасы Ақтау қалаішілік маршруттарға, қалған 50 данасы ауданаралық қоғамдық көлік маршруттарына берілді.Биыл да өңірде қалыптасқан механизм арқылы 120 автобус сатып алу жоспарланды. Бүгінде оның 70 данасы облысқа жеткізілді, қалған 50 данасы келер жылдың ақпан айында келеді деп күтілуде.Қоғамдық көліктерді жаңарту жұмыстары «Каспий» ӘКК» АҚ-мен бірлесіп, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ отандық автоөндірушілерді қолдау шеңберінде автобус паркін жаңарту бойынша лизингтік қаржыландыру бағдарламасына сәйкес жүргізілуде.Осы жұмыстардың нәтижесінде жыл соңына дейін Маңғыстау облысының автобус паркі 97%-ға жаңартылады.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/906426
Маңғыстауда 30 жыл үзілістен кейін кәсіби балық аулау шаруашылығы қайта жандануда 24.12.2024
Биыл Маңғыстау облысында балықпен айналысатын 3 кәсіпорын 45,5 тонна бекіре тұқымдас және жайын балықтарын өсірді. Ал, 2025 жылы өңірде 286 тонна балық өсіру жоспарлануда. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай айтып берді.Биыл Түпқараған ауданында бекіре балығы мен уылдырық өндіретін ферма салу үшін 56 гектар жер учаскесі берілді. Ферма құрылысы 2025 жылдың басында басталады деп күтілуде. Жоба іске қосылғаннан кейін 30 тұрақты жұмыс орны ашылады. Маселен Швейцарияның әйгілі балық фермасы бассейнде бекіре тұқымдас балық түрлерін өсіру және ас уылдырығын өндіру жобасын іске асырады. Жоба құны құны 4,2 млрд теңге. Ал, Қарақия ауданында шаян тәрізділер мен балық өсіру жобасы іске асырылады.Жалпы 2025-2027 жылдары құны 12 млрд.теңге болатын 8 инвестициялық жобаны іске асыру көзделіп отыр. Оның ішінде ең ірісі – «Organic fish» серіктестігінің тор қоршамада бекіре тұқымдас балық түрлерін өсіру жобасы. Жобаның қуаты жылына 5 мың тонна, инвестициялық құны 7,4 млрд теңге.Аталған жобалар іске қосылған жағдайда «Қазақстанда жасалған» деген отандық бренд қалыптасып, ел нарығын жергілікті өніммен қамту жоспарланып отыр.Маңғыстауда 30 жыл үзілістен кейін кәсіби балық аулау шаруашылығын дамыту қолға алынды. Кеңес дәуірі кезінде қарқынды дамып, кейін тоқтап қалған бұл шаруашылықты қайта жаңғырту үшін бірқатар инвесторлар тартылды. Бүгінгі күні Каспийден балық аулайтын замануи кемелер сатып алынды. Келер жылы тағы төрт кеме алу жоспарланып отыр. Осылайша 2025 жылы теңізден 20 мың тоннаға дейін балық аулау көзделуде.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/906431
Маңғыстау облысында жаңартылған энергия көздері қарқынды дамып келеді 24.12.2024
Маңғыстау облысында қуаты тәулігіне 50 МВт жел электр станциясы және жасыл сутегі өндірісіне бағытталған ірі инвестициялық жобалар жүзеге асуда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай мәлімдеді.Облыс әкімінің айтуынша, Қарақия ауданына қарасты Мұнайшы ауылында салынатын «Сарқылмас Қуат» жел электр станциясы 2025 жылы іске қосылады деп жоспарланып отыр. Құны 13,474 миллиард теңгені құрайтын жоба 45,5 гектар аумақты алып жатыр. Әрқайсысы 6,25 МВт қуат беретін 8 жел генераторынан тұрады.Құрылыс барысында 120 адам жұмыс істесе, пайдалану кезеңінде 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ.Бұдан бөлек Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Жаңаөзен қаласына жаңартылған энергия көздері гибридті электр стансасын салу көзделіп отыр.Жоба бойынша қуаттылығы 50 МВт күн электр стансасы (75 000 дана), қуаттылығы 77 МВт жел электр стансасы (11 дана), қуаттылығы 120 МВт газ поршенді электр стансасы электр энергиясын өндіреді. Құрылыс мерзімі 2024-2026 ж.ж.Сондай-ақ, облыста «жасыл» сутегін өндіру жобасы жүзеге асырылмақ. «Немістің Svevind компаниясы жүзеге асыратын жасыл сутегі өндіру жобасы аясында су тұшыту зауыты, 40 гигаватттық жаңартылатын энергия көздері (жел, күн) станциялары және қуаты 20 ГВт болатын суды электролиздеу қондырғысы салынып, жылына 2 миллион тонна «жасыл» сутегі немесе 11 миллион тонна «жасыл» аммиак өндіруге мүмкіндік береді.Жобаға 50 миллиард еуро инвестиция құйылып, құрылыс кезінде 3500 жұмыс орны ашылады, ал жобаны пайдалану барысында 1800 тұрақты жұмыс орны пайда болады. Жоба 2030 жылы толық іске қосылады», - деді Нұрдәулет Қилыбай.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/906432
Биыл маңғыстаулық кәсіпкерлер 1 трлн.теңгенің өнімін шығарды 24.12.2024
2024 жылдың 11 айында шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 76,8 мыңды құрап, олармен 1 трлн.теңгенің өнімі шығарылды. Жалпы бұл саланың өңір экономикасындағы үлесі жыл санап өсіп келеді. Бұл туралы ОКҚ өткен баспасөз конференциясында облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай мәлімдеді.Маңғыстау облысында шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар саны - 147,4 мың адам, бұл өңірдегі экономикалық белсенді халықтың - 42,2% құрайды.Биыл кәсіпкерлікті қолдаудың бірыңғай кешенді бағдарламасы шеңберінде 17,5 млрд.теңге бөлінді. Бұл қаражатқа 1231 жобаға қолдау көрсетіліп, 411 жұмыс орны сақталды. Сондай-ақ, 373 жаңа жұмыс орыны ашылуда.Сонымен қатар, аталған бағдарламамен әлеуметтік кәсіпкерлердің 20 жобасына 100 млн.теңге көлемінде мемлекеттік грант берілді.«Біздің мақсатымыз – бизнеске қолайлы орта қалыптастыру, оларға ынталандыру шараларын ұсына отырып тиісті жағдай жасау. Бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтетін боламыз»,- деді спикер.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/906436
Ақтауда 50 жыл жөндеу көрмеген жылу құбырлары жаңартылды 24.12.2024
Ақтау қаласының тұрғындарын сапалы коммуналдық қызметпен қамтамасыз ету мақсатында 2024-2026 жылдары 44 шақырым магистралдық жылу құбырын жаңғырту жоспарланған. Биыл жобаның 1-ші кезеңі бойынша тозығы жеткен 11,5 ш/қ жылу құбыры толық ауыстырылды. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 12 млрд.теңге бөлінді. Бұл туралы ОКҚ өткен баспасөз конференциясында облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай айтты.Сондай-ақ, тұрғындарды үздіксіз жылумен қамтамасыз ету мақсатында өткен жылы шұғыл шаралар кешені қабылданды. Жергілікті бюджет есебінен қуаты65 МВт құрайтын 9 блокты модульді жылу қазандығы орнатылды. Сонымен қатар Ақтауда тұрғын үйлерге 479 автоматтандырылған жылу басқару торабы орнатылды.Аталған жылу басқару тораптары жылу энергиясын тиімді қолдануға жол береді.Бүгінгі таңда қаланың жылу жүйелеріне жылу беру штаттық режимде жүзеге асырылып отыр. Жылумен қамтамасыз ету жайы аймақ басшылығының қатаң бақылауында. Ақтау қаласының жылу желілерін жаңарту бойынша облыс әкімдігімен тиісті іс-шаралар атқарылуда.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/906442
Биыл Маңғыстауда 18 мектеп пайдалануға берілді 24.12.2024
Биыл Маңғыстау облысында «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры» арқылы 4 800 орындық 4 мектеп пайдалануға берілді. Сонымен қатар, 6 510 орындық 14 жекеменшік мектеп ашылды. Бұл туралы ОКҚ өткен баспасөз конференциясында облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай айтып берді.Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасында берген тапсырмасына сай, Ақтау қаласында балалардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін көтеру үшін 1500 орындық «Оқушылар сарайы» қолданысқа берілді. Бүгінде заман талабына сай салынған орталықта 3500-ден астам бала тегін қосымша біліммен қамтамасыз етілуде.Сондай-ақ, демеушілердің есебінен колледж студенттеріне арналған 500 орындық жатақхана ашылды. Осылайша Ақтау қаласында орналасқан колледждерде жатақхана мәселесі толықтай шешілді.«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында биыл 13 мектептің құрылысы басталды.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/906446
2025 жылы Ақтау қаласы Түркі әлемінің мәдени астанасы болады 24.12.2024
Ақтау қаласы - Түркі әлемінің 2025 жылғы мәдени астанасы ретінде белгіленді. Бір жыл бойы Ақтау қаласы төрткүл дүниенің ерекше назарында болады. Бұл туралы ОКҚ өткен баспасөз конференциясында Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай баяндады.Өңірде түркітілдес ұлттар арасындағы бауырластық байланыстар мен достықты, түркілік мәдениет пен өнерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, оны әлемге таныту мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады.Мәселен, Ақтауда классикалық және халық музыкасының концерттері, фото-картина көрмелері, театр труппаларының, музыкалық және би ұжымдарының, сондай-ақ түркі әлемінің басқа да өнер өкілдерінің фестивальдері жоспарлануда.Мәдени жыл наурыз айында TURKSOY ұйымына қатысушы елдердің мәдениет министрлері кеңесінің отырысымен және түркі елдері жұлдыздарының гала-концертімен ашылады.«Түркі әлемінің мәдени астанасы болу Маңғыстау өңірі үшін ұлттық салт-дәстүр мен төл өнерімізді әлемге танытып қана қоймай, аймақтың туристік әлеуетінің артуына, өңір халқының әл-ауқатының жақсаруына оң әсерін тигізеді»,- деді аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбай.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/906449
Энергетика министрі энергетика саласының қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады 24.12.2024
Энергетика министрлігінде энергетика саласының кәсіби мерекесіне орай салтанатты шара өтті. Оған энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев қатысты. Іс-шара барысында саланың жұмыс нәтижелері қорытындыланып, энергетика секторын дамытуға елеулі үлес қосқан үздік мамандар марапатталды.Өз сөзінде министр тәуелсіздік жылдарында электр энергетикасы саласында жүзеге асырылған ірі жобаларды атап өтті. Бұл жобалар электр энергиясын өндіру көлемін айтарлықтай ұлғайтуға мүмкіндік берді – 83 миллиард киловатт-сағаттан 112 миллиард киловатт-сағатқа дейін.«2024 жылғы 8 шілдеде Мемлекет басшысы «Жылу энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл құжат жылу энергиясын өндіру, тасымалдау, сату және тұтыну процестерінде туындайтын қоғамдық қатынастарды алғаш рет дербес заң ретінде реттейді. Заң жылумен жабдықтау жүйелерінің сапалы жұмыс істеуі мен дамуына негіз болмақ», – деп атап өтті министр.Министр 2024 жылғы 1 шілдеден бастап енгізілген Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының рөліне ерекше назар аударды. Бұл жаңашылдық электр энергиясын өндіру мен тұтыну тепе-теңдігін айтарлықтай жақсартуға, сондай-ақ тапшылық кезеңдерінде импортталатын энергияға тарифтердің төмендеуіне ықпал етті.Салтанатты шара барысында министр саладағы еңбегі мен кәсібилігі үшін үздік мамандарға марапаттар табыстады.«Сіздердің еңбектеріңіздің ел үшін маңызы зор, және сіздердің арқаларыңызда Қазақстан энергетикасы дамып, ел экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз етуде. Біз сіздердің жетістіктеріңізбен мақтанамыз және энергетика саласының дамуына қосқан баға жетпес үлестеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз», – деді министр.Шара соңында министр сала қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, оларға денсаулық, амандық және Қазақстанның энергетика секторын одан әрі дамыту жолында табыстар тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/906901
Ербол Қарашөкеев Тараз қаласының тұрғындарымен кездесті 24.12.2024
Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Тараз қаласының тұрғындарымен кездесті.Алдымен Ербол Қарашөкеев халықты облыста атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша экономикалық өсім 4,1 пайызды құрады.814,7 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді. 239,3 млрд. теңгенің құрылыс жұмыстары атқарылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 18 пайызға артты.Ербол Қарашөкеев Тараз қаласының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінде оң динамика қалыптасып отырғанын атап өтті.Көне шаһарға тартылған инвестиция көлемі 5,3 пайызға, құрылыс жұмыстарының көлемі 2,8 пайызға артқан. Баспана кезегінде тұрған азаматтарға 317,4 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.Биыл Тараз қаласындағы М-1 жылу магистралінің 4,1 шақырымы қайта жаңғыртудан өтті. 2025 жылы М-3 жылу желілері мен жылу магистралін жаңарту жоспарлануда.Бұдан соң Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков халық алдында есеп берді.Негізгі баяндамалардан кейін тұрғындар көкейлерінде жүрген сауалдарын ортаға салды. Атап айтқанда, жарық, жол, байланыс, ауыз су мәселесін көтерді, сондай-ақ әлеуметтік нысандардың құрылысын жүргізу, бағдаршам орнату, жаяу жүргіншілер жолағын салу бойынша ұсыныс-пікірлерін білдірді.- Тараз қаласында тұрғын үйге, жылуға, көше жарығы мен жолына қатысты көкейкесті мәселелер бар. Дегенмен аталған түйткілдердің түйінін бірден тарқату мүмкін емес. Оған уақыт пен қаржы керек. Бүгінде нақты жоспарға сәйкес мәселелер рет-ретімен шешімін тауып келеді, – деді облыс әкімі.Ербол Қарашөкеев Тараз қаласының әкімдігіне халықтың өмір сүру сапасын арттыруға ерекше назар аударып, тұрғындардың, оның ішінде жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендетуге бағытталған шараларды жандандыруды тапсырды.Сонымен бірге құрылыс жұмыстарының сапасы мен мерзімінде аяқталуын қамтамасыз етуді, қала аумағын абаттандыру, санитарлық тазалық шараларын тұрақты бақылауға алуды, азық-түлік, жанар-жағармай, сұйытылған газ тапшылығын болдырмау мақсатында кәсіпкерлермен жүйелі жұмыс жүргізуді жүктеді. Ең бастысы, халықпен тұрақты кері байланыс орнатып, олардың мәселелеріне дер кезінде жауап беруді міндеттеді.Кездесуден кейін облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.Айта кетейік, Жамбыл облысында бүгінге дейін барлық деңгейдегі әкімдер 758 кездесу өткізіп, халықтың 2 745 мәселесіне құлақ түрді. Оның 2 053-і шешімін тапты, 452 түйткілге түсінік берілілсе, 240 сауал бақылауға алынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/906910
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШАҒЫН АВИАЦИЯНЫ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАЛДЫ 24.12.2024
Түркістан облысында көлік инфрақұрылымы қарқынды дамып келеді. Соның ішінде шағын авиацияны дамыту мәселесі де назарға алынған. Бұл өңірге барыс-келісті жақсартып, туризмді дамытуда маңызды рөл атқарады. Осы бастама аясында шағын авиация талаптарына сай жаңа әуе бағыттарын ашу және аэродромдар салу жобалары қарастырылуда. Аталған мәселе облыс әкімдігінде талқыланды.Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды осы саланы дамытып, тиісті ұсыныстар енгізуді тапсырды. Сонымен бірге Түркістандағы халықаралық әуежайдың әлеуетін көтеруді тапсырды.– Түркістанның халықаралық әуежайының мүмкіндігі өте жоғары. Соны тиімді пайдалану керек. Бұл – бірінші кезекте көлік инфрақұрылымын дамытады. Екіншіден, туризм саласы өркендейді. Ізденіңіздер, шетел тәжірибелерін зерделеңіздер. Шағын авиацияны дамыту бойынша да нақты ұсыныстар күтемін. Жұмысты ширатыңыздар, – деді Дархан Сатыбалды.Мәжілісте Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қуатжан Жұматаев авиация саласын жүйелеу бағытындағы жұмыстар мен жоспарларды баяндады. Бүгінде бірнеше әуе компанияларының өкілдерімен, сондай-ақ шағын авиацияны дамытуға қызығушылық танытқан кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізілуде. Ішкі рейстерді қалыптастыру және туризмді дамыту мақсатында Түркістан облысында ішкі рейстерін ашу көзделген. Сонымен бірге «Түркістан-Ташкент», «Түркістан-Самарқанд» бағыттарында халықаралық рейс ашу мәселесі де талқыланып жатыр. Қысқа қашықтықтарға жолаушылар тасымалдау үшін 19 орындық шағын ұшақтарын пайдалану жоспарлануда. Шағын авиацияның қызмет көрсету инфрақұрылымын дамыту мақсатында аймақта шағын аэродромдар салу қажет. Бұл жобалар әлі талқыланып, қаржыландыру көздері зерделеніп, тиісті келіссөздер жалғасады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/906559
ТҮРКІСТАНДА ЕРЕКШЕ ЖАНДАРҒА ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ 24.12.2024
Түркістан қаласында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға Жаңа жыл мерекесі ұйымдастырылды. Түркістан қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қолға алған бұл бастама ерекше жандарға қуаныш сыйлап, тең қоғам құндылықтарын насихаттауды мақсат етті.Мерекелік кештің шымылдығын Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев жүрекжарды құттықтауымен ашты. Шараға арнайы қатысқан қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев да өзінің жылы лебізін білдірді.Кеш барысында ерекше жандар өз өнерлерін көрсетіп, көпшіліктің ықыласына бөленді. Мерекелік концерттің соңында қатысушыларға арнайы сыйлықтар табысталып, шара мейірім мен қуанышқа толы сәттермен аяқталды.Бұл мерекелік шара ерекше жандарға қуаныш сыйлап қана қоймай, қоғамның жылы қарым-қатынасы мен қамқорлығын тағы бір мәрте айшықтай түсті.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/906562
ТҮРКІСТАНДА БЕКЗАТ САТТАРХАНОВ АТЫНДАҒЫ СПОРТ КЕШЕНІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ 24.12.2024
Түркістанда Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешені пайдалануға берілді. Заман талабына сай ғимараттың ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, бапкерлер мен спортшылар және спорт ардагерлері қатысты. Өңір басшысы көпшілікті ғимараттың ашылуымен құттықтады.– Алдымен баршаңызды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құтықтаймын! Бүгін Түркістан төрінде қуанышты сәтте жолығып тұрмыз. Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы халыққа Жолдауында спорт саласын дамыту міндетін жүктеді. Әсіресе, балалардың спортпен айналысуына жағдай жасау қажет екенін айтты. Осы бағытта Түркістан облысында спорт инфрақұрылымын жақсартуға көңіл бөлінуде. Өңірде 3500-ден астам спорт нысаны бар. Биыл 11 айда облыста 10 ірі спорт кешені пайдалануға берілді. Түркістан қаласы облыс орталығы болғалы бері шаһарда «Түркістан-Арена» стадионы, «Olympic Center» спорт кешені, «Теннис орталығы», «Мұз сарайы» ғимараттары пайдалануға беріліп, спортшыларымыз тыңғылықты жаттығу жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі таңда ескек есу каналы мен халықаралық талапқа сай атшабардың құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұның бәрі – спорт саласына жасалған қамқорлық әрі үлкен қолдау. Ал бүгін қазақ халқының даңқты перзенті, Түркістаннан шыққан Олимпиада чемпионы Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешені ел игілігіне берілуде. Түркістан өңірінде чемпионның атын ұлықтау бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Бүгін ашылғалы тұрған спорт кешенін де ел перзентіне лайықты құрмет деп білеміз. Біз спортты дамыту бағытындағы жұмысты жалғастыра береміз, – деді Дархан Сатыбалды.Бекзаттың анасы Сырлыкүл Саттарханова игі іске мұрындық болған азаматтарға алғысын айтып, аймақта «чемпионның ізбасарлары көбейе берсін» деген тілегін жеткізді.«Самұрық-Қазына» АҚ корпоративтік басқару, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов та көпшілікті құттықтап, жаңа ғимарат чемпиондарды даярлауға үлесін қосатынын атап өтті.Бұл нысанның құрылысына Түркістан облысы әкімдігі тарапынан 2,7 млрд теңге бағытталды. «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы атынан «Samruk-Kazyna Trust» қайырымдылық қорынан технологиялық құрал-жабдықпен қамтамасыз етуге, ішкі әрлеуге, инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге 500 млн теңге бөлінді. Ғимараттың ауданы – 7248 шаршы метр, жалпы жер ауданы – 1,8 гектар.Бұл спорт кешенінде бокс, қазақ күресі, грек-рим, еркін күрес, әйелдер күресі, таеквондо, каратэ, үстел теннисі және ойын спорт түрлерін дамытуға мүмкіндік бар. 300-ден астам жанкүйер сыятын көрермен залы, жаттығу залдарымен қамтылған. Республикалық және халықаралық жарыстарды өткізуге болады.Айта кетейік, Түркістан облысында спорт қарқынды дамып келеді. Өңірде 29 олимпиадалық, 34 ұлттық және олимпиадалық емес спорт түрлері дамып жатыр. Биыл Түркістан облысының спортшылары әлем чемпионаттарынан 106 медаль, Азия чемпионаттарынан 214 медаль жеңіп алды. Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 16 алтын, 10 күміс, 5 қола медаль олжалады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/906581
ТҮРКІСТАНДА «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 2 МЫҢ ОРЫНДЫҚ ТАҒЫ БІР МЕКТЕП АШЫЛДЫ 24.12.2024
Түркістанда «Жайлы мектеп» жобасы аясында тағы бір мектеп ашылды. 2 мың оқушыға арналған білім ұясы «Жаңа қала» ықшамауданында бой көтерді. Мұнда балалардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалған.Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен салынған білім ұясының ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мен білім саласының ардагерлері қатысты.– Еліміздің болашағы – білімді ұрпақтың қолында. Мемлекет басшысының бастамасымен бүгінгі таңда елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қабылданып, заманауи, озық үлгідегі білім ошақтары салынуда. Бұл бастама апатты және үш ауысымдық мектептер мәселесін шешіп, оқушы орындарының тапшылығын жояды. Сіздердің мектептеріңіз жай ғана жаңа ғимарат емес. Бұл – даму мен оқу үшін тамаша жағдайлар жасалған орын. Жаңа білім ордасының ашылуы құтты болсын! – деді Дархан Сатыбалды.Аталған білім ордасы қаладағы 2 мектептегі жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Түркістан қаласының «Жаңа қала» аумағында салынған 4 қабатты білім ордасындағы физика, химия, биология және робототехника кабинеттері заманауи құралдармен жабдықталған. Білім алушылардың жан-жақты дамуы үшін мектепте спорт залдары, шеберлік залдары, зертханалар мен демалыс аймақтары ұйымдастырылған. Жоғары жылдамдықтағы интернетке қосылған. Бастауыш пен жоғары сынып оқушылары жекелеген блоктарда оқиды. Балалардың жас ерекшелігіне орай блоктардың әрқайсысы оқу сыныптарымен, санитарлық тораптармен, спорт залдарымен және жеке шкафтармен қамтылған.Айта кетейік, елімізде «Жайлы мектептердің» басым бөлігі Түркістан облысында салынуда. Қазір өңірде 29 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Оның үшеуі ашылып үлгерді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/906868
ТҮРКІСТАНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ 24.12.2024
Бүгін Түркістан қаласы, Отырар мөлтек ауданында азық-түлік тауарларының жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеде ет, сүт, ауыл шаруашылығы өнімдері тиімді әрі арзан бағада ұсынылып, халық күнделікті тұтынатын әлеуметтік маңызы бар 19-дан астам тауар түрі нарықтағы бағадан 40-50 пайызға төмен бағада саудаланды.Мәселен, нан бөлкесінің бағасы - 70 теңге болса, жұмыртқа данасы - 40 теңге, тұз - 45 теңге, ал пияз - 77 теңгеден сатылды. Картоп пен сәбіз - 100 теңге, І сұрыпты бидай құны – 190 теңге, күнбағыс майы - 520 теңгеден бағаланды. Тұрғындар қолжетімді өнімдер үшін ризашылығын білдірді.Баға тұрақтылығын сақтау бағытындағы жәрмеңкелер «Түркістан әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ бастамасымен тұрақты түрде өткізіліп келеді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/906875