Әлем
Заманауи автоматты араластырғыштарды сатып алу 40 %-ға арзанға түсті 16.11.2024
Алматылық Stark Alpha өндірістік-сауда компаниясы еліміздегі технологиялық жабдықтарды сатып алуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша мемлекеттік ынталандыру шараларын алған алғашқы кәсіпорындардың бірі. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларының жаңа түрі осы жылдың мамыр айынан бастап енгізілген.Шыныпакеттерге арналған материалдар өндірумен айналысатын Stark Alpha компаниясы QazIndustry арқылы 2 түркиялық автоматты араластырғыштарын сатып алуға жұмсаған шығындарын өтеді. Өтемақы сомасы 28,3 млн теңгені құрады. Аталған араластырғыштар шыныпакеттер өндірісінде қолданылатын полисульфидті тығыздағышты(герметик) шығаруға арналған. Соның нәтижесінде шыныпакеттердің беріктігі артады.Қазіргі күні компоненттерді араластыру процесі жылдам әрі сапалы болып отыр. Жаңа араластырғыштар температура мен технологиялық операцияның уақытын реттейді.Алматылық кәсіпорын Қазақстандағы шыныпакеттерге арналған екі компонентті тығыздағыштың жалғыз өндірушісі. Компания 2011 жылы құрылған. Мұнда автоматтандырылған желілер арқылы және қолмен құрастырылатын шыныпакеттерге арналған тығыздағыштар шығарылады.Stark Alpha компаниясы жыл сайын 4000 тоннадан астам өнім шығарады. Кәсіпорын Basf, Honeywell, Eastman, Ineos, «Омия» сияқты әлемдік өндірушілерден алынған шикізаттарды пайдаланады. Сонымен қатар, зауыт Қазақстандағы Nedex ресми дистрибьюторы болып табылады, және шыныпакеттерге арналған қосалқы бөлшектер – молекулалық електер және аралық рамкаларды сатады.Ішкі нарықтан бөлек, компания Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Моңғолия нарықтарын екі компонентті тығыздағышпен қамтамасыз етеді.«Мемлекеттік ынталандыру шаралары туралы естігенде, біз қуанып қалдық. Соның нәтижесінде, заманауи автоматты араластырғыштарды сатып алу компанияға 40 пайызға арзанға түсті. QazIndustry арқылы өтелген қаражатқа біз өндіріс үшін шикізат сатып алдық», – деп бөлісті кәсіпорында.Естеріңізге сала кетейік, а.ж. 12 мамырынан бастап «QazIndustry» Қазақстандық идустрия және экспорт орталығы кәсіпорындарға технологиялық жабдықтарды сатып алуға жұмсалған шығындарының бір бөлігін өтеуді бастады. Тарихи кезең екі жылды құрайды, яғни кәсіпорын соңғы екі жыл мерзімінде сатып алынған жабдықтарға жұмсалған шығындарының 40 пайызын өтей алады (өтелетін қаржы 60 млн теңгеден аспайды).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/879802
Қарулы күштерде әскери журналистер кәсіби мерекесін атап өтті 16.11.2024
Осы орайда Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің өкілдерімен, әскери журналистермен, операторлармен, фотографтармен, дизайнерлермен және бейнемонтаж мамандарымен кездесті.Министрдің орынбасары бұқаралық ақпарат құралдарының адам құндылықтары жүйесін қалыптастырудағы, патриотизм, азаматтық және Отанға қызмет етуге дайын болу сияқты қасиеттерді тәрбиелеудегі рөліне тоқталды.– Қарулы күштердің бұқаралық ақпарат құралдарының қалыптасуына офицерлер Виль Рахманқұлов, Алтынбай Дәуренбеков, Сапарғали Жағыпаров, Совет Сейітов, Александр Бавтуто, Марат Нұрсейітов, Қайыр Дінбаянов, Кәкімхан Құттыбаев, Әбубәкір Смайылов, Сәндібай Күмісбеков, Жүніс Омар, Құдайберген Медиманов, Хосай Абраимов, Серік Қанапьянов, Марат Жүніс-Бек, Мұхарбек Махамбет, Қарулы күштердің қызметкері Гүлмира Тойболдина және басқалар үлкен үлес қосты, – деп ол ардагерлердің әскери журналистиканың дамуына сіңірген еңбегін атап өтті.Бүгінде Қарулы күштердің қызметі туралы кең аудиторияны хабардар етуді және жұртшылықпен байланысты Қорғаныс министрлігінің, Қарулы күштер түрлерінің, әскери жоғары оқу орындары баспасөз қызметтерінің және Медиа-контент орталығының мамандары жүзеге асырады.Генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев Қорғаныс министрлігінің шығармашылық ұжымына жемісті жұмыс және жаңа идеялар мен жобаларды іске асыруда табыс тіледі.Естеріңізге сала кетейік, қорғаныс ведомствосының қолдауымен «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналы жарыққа шығады. Қорғаныс ведомствосының «Әскери дискурс» практикалық семинары танымал болып келеді. Ведомствоның барлық баспасөз қызметі бөлімшелерінің үйлесімді жұмысының арқасында пайдаланушылардың кең аудиториясы күн сайын ведомствоның ресми сайтында, сондай-ақ Telegram, Instagram, YouTube және TikTok платформаларында Қарулы күштердің қызметі туралы өзекті ақпарат ала алады.Іс-шара соңында генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев бірқатар әскери журналистерге медальдар, грамоталар мен алғыс хаттар табыс етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/879783
Қазан қаласында «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп...» тақырыбында көрме ашылды 16.11.2024
Қазан қаласындағы көрмеге Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығынан 80-нен астам экспонат қойылды.Көрмеде ұлы тұлғалардың бай мәдени мұрасы мен маңызын көрсететін бірегей жәдігерлер ұсынылды. Олардың ішінде Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мұхтар Әуезов сияқты көрнекті тұлғалармен байланысты жеке заттар, кітаптар, қолжазбалар мен өнер туындылары бар.Ұлттық мәдениет пен тарихымыздың тереңдігін ашатын суретші Әбілхан Қастеевтің туындыларына да ерекше көңіл бөлінді.Сондай-ақ, жәдігерлер арасында Ұлы Абайдың домбырасы мен кісе белбеуі, шоқпар, айбалта, торсық және ақын оқыған медреседен кітаптар ұсынылды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/879815
Нұрдәулет Қилыбай Бейнеу ауданының тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады 16.11.2024
7 қараша күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Бейнеу ауданының тұрғындарымен кездесуден кейін жеке мәселелері бойынша 50-ден астам тұрғынды қабылдады.Облыс әкімінің қабылдауына келген бейнеуліктердің басым бөлігі жұмыспен қамту, тұрғын үй алу, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік көмек, қоғамдық мәселелер және басқа да маңызды тақырыптарды көтерді.Нұрдәулет Қилыбай барлық өтініштерді мұқият тыңдап, әрбір мәселені заң аясында шешу үшін тиісті мемлекеттік органдарға тапсырмалар берді. Облыс басшысы тұрғындардың сұрақтарын және мәселелерін шешу үшін нақты шаралар қабылданып, үнемі бақылауда болатынын атап өтті.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/879760
Сайөтес ауылында оң өзгеріс көп 16.11.2024
Маңғыстау ауданына қарасты Сайөтес ауылында көше жарықтандыру жұмыстары қарқынды жүруде. Ауыл көшелеріне 9 шақырымды қамтитын 300 электр бағаны мен 300 жарық шамы орнатылды.Бұдан басқа, 1965 жылы салынған ескі екі қабатты 19 үйдің 15-іне жөндеу жұмыстары жүргізіліп, апаттық жағдайда деп танылған 3 үйдің тұрғындарына жаңа баспана салынуда.Тағы бір жағымды жаңалық Сайөтес ауылында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді. Нысанның құрылысы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.Мәдениет үйінде 200 орындық концерт залы мен үйірмелер үшін бірнеше кабинет қарастырылған. Әдіскер, ансамбль, хор, вокаль, көрермен залы, сахна, гример, костюмер бөлмелері, би, домбыра, қолөнер үйірмелері, жарық-дыбыс студиялары мен мамандарға арналған кабинеттер заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген. Құны 691 миллион теңге болатын жаңа ғимаратта ауыл кітапханасы да орналасты.Айта кетсек, Сайөтес ауылдық клубы алғаш рет 1965 жылы теміржол ғимаратында ашылған. Клуб құрылымында 1983-2010 жылдар аралығында ән, домбыра үйірмелері мен 10 көркемөнерпаз жұмыс істеген. Қазіргі таңда клубтың құрамы 12 адамға толығып, 131 көркемөнерпаз және 6 құрылым халыққа қызмет көрсетіп отыр.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/879765
Сейфуллин даңғылы учаскесінде қозғалысты уақытша шектеу туралы 16.11.2024
8 қараша сағат 23:00-ден 10 қараша сағат 21:00-ге дейін Жансүгіров көшесінен Сейфуллин даңғылына дейінгі съезд жолында көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Шектеу Краснодар және Черноморская көшелеріндегі кәріз желілерін қалалық коллекторға қосуға қатысты.Бұл учаскеде кәріз тарату желілерін салу және су құбырын қайта құру бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстар Қозыбаев, Рысқұлов, Тәтібеков көшелері және Райымбек даңғылы алаңдарын қамтиды. Жоба Жетісу ауданының 15 мың тұрғынының тұрмыс жағдайын жақсарту үшін 58 көшеде 42,9 км су құбыры және 15,1 км кәріз желілерін салу қарастырылған.Алматы қаласының энергетика және сумен жабдықтау басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/879753
Қазақстан мен Халықаралық азаматтық авиация ұйымы өзара іс-қимылды нығайтуда 16.11.2024
Астана, 2024 жылғы 7 қараша – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) Еуропа және Солтүстік Атлантика бюросының директоры Николя Ралломен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар Қазақстанның ИКАО-мен өзара іс-қимылының кең ауқымды мәселелерін, соның ішінде ұшу қауіпсіздігі деңгейін арттыруды, азаматтық авиацияға заманауи технологияларды енгізуді және халықаралық стандарттарды сақтауды талқылады.А. Рахметуллин авиациялық инфрақұрылымды жақсарту арқылы еліміздің авиация саласын нығайтуға және дамытуға бағытталған қазақстандық бастамаларды қолдағаны үшін ИКАО-ға алғысын білдірді. Сондай-ақ ол 2024 жылғы 6-8 қараша аралығында Алматыдағы ИКАО-ның Қауіпсіз аспан жөніндегі консультативтік комитетпен бірлесіп ұйымдастырылған «Тәуекелдерді бағалау және жанжалды аймақтардың үстінен немесе оған жақын ұшу» өңірлік семинарының маңыздылығын атап өтіп, іс-шараның авиацияны орнықты дамыту саласындағы тәжірибелермен алмасуға бірегей мүмкіндіктер туғызатынын жеткізді.Өз кезегінде Н. Ралло ИКАО-ның Қазақстанға азаматтық авиацияны дамытуда жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастырып жатқанын жеткізді.Тараптар өзекті мәселелерді шешу және азаматтық авиация саласындағы ортақ мақсаттарға қол жеткізу бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/879757
Астана процесі аясында өтетін Сирия мәселесі бойынша 22-ші халықаралық кездесуге бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін аккредиттеу туралы 16.11.2024
Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!2024 жылғы 11-12 қарашада Астана қаласында Астана процесі шеңберінде Сирия бойынша 22-ші халықаралық кездесу өтеді.Бірінші күні делегациялардың екіжақты және үшжақты консультациялары өткізіледі, келесі күні кездесулер жалғасып, олардың қорытындысы бойынша пленарлық отырыстың өтуі және баспасөз конференциясы берілуі жоспарлануда.Кездесудің күн тәртібіне келесі мәселелер енгізілді:Сирия айналасындағы өңірлік ахуалдың дамуы;САР-да жан-жақты реттеу бойынша күш-жігер;Сириядағы «жергілікті» жағдай;Сенім шаралары, оның ішінде тұтқындарды босату және жоғалғандарды іздеу;Сириядағы гуманитарлық жағдай және қақтығыстан кейінгі қалпына келтіруге жәрдемдесу және сириялық босқындардың отанына оралуына жағдай жасау мақсатында халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін жұмылдыру.Сирия мәселесі бойынша өтетін 22-ші халықаралық кездесудің пленарлық отырысын ақпараттық сүйемелдеуге БАҚ өкілдерін шақырамыз. Отырыс ү.ж. 12 қарашада Д. Қонаев көшесі, 7 мекенжайы бойынша орналасқан «Rixos» қонақ үйінде өтеді (отырыстың басталу уақыты қосымша хабарланады).Осыған байланысты ү.ж. 11 қарашада сағат 12:00-ге дейін келесі сілтеме арқылы аккредиттеу нысанын толтыруды сұраймыз: https://forms.gle/BGTfwufjcGEr7dAU6Аккредиттеу мәселелері бойынша +7 (7172) 72-02-36 нөмірі бойынша хабарласуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/879762
МАЖ-ДЫ ОҢТАЙЛАНДЫРУ МЕДИЦИНАЛЫҚ ПЕРСОНАЛҒА ЖҮКТЕМЕНІ ЕКІ ЕСЕ АЗАЙТУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ 16.11.2024
Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық ақпараттық жүйелерді (МАЖ) оңтайландыруды жүргізуде, нәтижесінде ақпараттық жүйелердегі медициналық персоналдың жұмыс уақыты екі есеге жуық қысқарады.Бүгінгі күні медицина қызметкері әртүрлі тапсырмаларды орындау үшін екі түрлі жүйенің арасында ауысуға мәжбүр, бұл қосымша уақытты және үнемі назар аударуды қажет етеді. Бұл қайталану мен қателіктер қаупін арттырады, сонымен қатар сәйкестікті тексеру үшін қосымша күш жұмсауды қажет етеді.Интеграциялық процестер аяқталғаннан кейін маман барлық қажетті ақпарат қолжетімді болатын бір жүйемен жұмыс істейді, бұл деректерге қол жеткізуді жеңілдетеді, шешім қабылдау жылдамдығын арттырады және пациенттерге қызмет көрсету сапасын жақсартады.Оңтайландыру МАЖ-дағы жұмыс уақытын 50%-ға қысқартады деп күтілуде, бұл медицина қызметкеріне пациентке көбірек уақыт бөлуге және медициналық көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/879751
ШІЛДЕ АЙЫНЫҢ БАСЫНАН БАСТАП ҚАЗАҚСТАНДА 68 МЛН. АСТАМ ДӘРІ-ДӘРМЕК ҚАПТАМАСЫ ТАҢБАЛАНҒАН 16.11.2024
Қазақстанда дәрі-дәрмектерді таңбалау жүйесі енгізілген сәттен бастап төрт айдың ішінде таңбалау кодтары препараттардың 66,2 млн. қаптамасына жазылды.Оның ішінде 39,3 млн. қаптама импорттық препараттардың үлесіне тиесілі, 29,4 млн.қаптама – отандық өндіріс, қазір айналымда 28,5 млн. дәрілік қаптама бар.Таңбалау дәрі-дәрмек нарығының толық ашықтығын қамтамасыз етуге және өндіріс кезеңінен бастап соңғы тұтынушыға дейін препараттың әрбір қаптамасының толық өмірлік циклін бақылауға мүмкіндік береді. Бұл көлеңкелі нарық үлесін азайтуға, жалған өнімнің айналымын қоспағанда, қауіпсіздік пен сапа кепілдігімен пациентке бағдарланған дәрілік қамтамасыз ету жүйесін құруға мүмкіндік береді.Сонымен қатар, таңбалау жүйесі дәрі-дәрмектерді ұтымды пайдалануға және сатып алуды жоспарлауға әсер етіп, бюджет қаражатын едәуір үнемдеуге әкелуі керек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/879755
Маңғыстауда экологиялық мәдениетті қалыптастыру 16.11.2024
8 қараша күні Маңғыстау облысында «Таза Қазақстан: экологиялық мәдениет» тақырыбында кездесу өтті. Іс-шараны Маңғыстау облысы Ішкі саясат басқармасы, «Эко Маңғыстау» ҮЕҰ, «Жасыл мектеп TAZA.LIKEE» қоғамдық қоры және кафедра студенттері бірлесіп ұйымдастырды. Кездесу Ш. Есенов атындағы университетте өтті. Талқылауға Маңғыстау облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының, облыстық экология департаментінің, сондай-ақ облыстық энергетика және ТКШ басқармасының өкілдері қатысты.Мақсат – экологиялық мәдениетті арттыру, халыққа қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын түсіндіру, табиғи ресурстарға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру және экология мәселелерінде мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың ынтымақтастығын дамыту. Лекторлар баяндамалар жасап, өңірдің өзекті экологиялық мәселелерін талқылап, осындай кездесулердің экологиялық тұрақты қоғам құру үшін маңыздылығын атап өтті. Іс-шара барысында спикерлер әр адамның өңірдің экологиялық күн тәртібіндегі рөліне назар аударды.«Эко Маңғыстау» ҮЕҰ директоры Кирилл Осиннің айтуынша, «Таза Қазақстан» бағдарламасы – жай ғана мемлекеттік бастама емес, ол әрбір тұрғынның болашақ алдындағы ортақ жауапкершілігінің бір бөлігі. Ол қалдықтар мен басқа да экологиялық мәселелерді шешу үшін мемлекеттен бастап қарапайым азаматтарға дейін әркімнің қатысуы қажет екенін атап өтті. Осиннің айтуынша, «Таза Қазақстан» бағдарламасы өмір сүру сапасын және қалалық ортаны жақсартуға бағыт беріп қана қоймай, сонымен қатар адамдарға түрткі болуы керек.«Жасыл мектеп TAZA.LIKEE» қорының директоры Ирина Татиева өздерінің білім беру бастамалары арқылы халықтың экологиялық санасында оң өзгерістер байқалып жатқанын айтты. Татиева жасыл мектептің экологиялық ағартумен белсенді айналысып, саналы қоғам қалыптастыру мақсатында акциялар мен бағдарламалар ұйымдастырып жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, ол жауапкершілікті сезінетін азаматтардың саны артып келе жатқанына сенім білдірді. Оның айтуынша, бұл өңір экологиясына оң әсер етуде, және ол мемлекеттік органдар мен бизнесті олардың бастамаларына қосылуға шақырды.Студенттердің сұрақтары мен белсенді талқылау кездесу барысында маңызды бөлікке айналды. Қатысушылар спикерлерге сұрақ қойып, өзекті экологиялық тақырыптарды талқылауға мүмкіндік алды, бұл пікір алмасуды жандандырып, экологиялық күн тәртібіне деген қызығушылықты арттырды.Сондай-ақ, «Таза Қазақстан» акциясы аясында Ақтау қаласындағы Тұтқабай Ашимбаев атындағы №11 лицейде «Адам қызметінің қоршаған ортаға әсері» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың негізгі мақсаты – оқушылардың қоршаған ортаға саналы қарым-қатынасын дамыту және адам қызметінің табиғатқа әсерін түсіндіру болды.Биология пәнінің мұғалімі, педагог-эксперт Балжан Манаеваның айтуынша, «Балаларға кішкентай кезінен бастап қоршаған ортаға деген құрметті сіңіру және экологияға ұқыпты қарау сезімін қалыптастыруымыз қажет. Бұл – болашақта табиғатты қорғап, жауапты шешімдер қабылдайтын ұрпақты тәрбиелеудің негізі».Биология пәнінің мұғалімі, педагог-модератор Елдос Оразалин былай деп қосты: «Экологиялық сана әр баланың дүниетанымының ажырамас бөлігіне айналуы керек. Бұл құндылықтарды неғұрлым ертерек сіңірсек, болашақта біздің планетамыз соғұрлым тұрақты әрі сау болады».Айта кету керек, Тұтқабай Әшімбаев атындағы №11 лицей 2024-2025 оқу жылында қалалық байқауда 1-орын алып, «Табиғатпен үндес білім ұйымы» тақырыбындағы облыстық байқауда 1-дәрежелі диплом, кубок және ақшалай сыйлықпен марапатталды. Бұл марапат лицейге Маңғыстау облысы Білім басқармасы мен Ақтау қалалық білім бөлімінің қолдауы арқасында экологиялық білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін берілді.Сонымен қатар, Бейнеу ауданының бір мектебінде «Таза ой, таза іс – Таза Қазақстан» тақырыбында мектепаралық семинар өтті, оған шамамен 200 оқушы қатысты. Бұған қоса, Жастар ресурстық орталығында «Жастар және Экологиялық жауапкершілік» тақырыбында 20-30 адам қатысқан дөңгелек үстел ұйымдастырылып, онда жастардың экологиялық жауапкершілігі мәселелері талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/879735
Қарағандыда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жаңа ойын алаңдары салынды 16.11.2024
Қарағандыда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған 16 заманауи ойын алаңдары салынды.Оларды Орталық парк пен Майқұдық мәдениет үйінің жанында орнатты. «Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған бұл әткеншектер инклюзивті орта құруда маңызды рөл атқарады. Әрбір бала өзін қатарластарымен тең сезіне алады.Бұл ойын алаңдары барлық балаларға қолжетімді. Бірақ басымдық көмекке көбірек мұқтаж балаларда болу керек», – деп атап өтті Қарағанды қаласының мәдениет және демалыс саябақтары басқармасының өкілі.Әткеншектер кең, мүгедек арбасында отырған баланы да орналастыруға болады.Мұндай алаңдар – әрбір бала қоғамда қабылданғанын сезінуі үшін жасалған қадам. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/879659
Діни ағымдардың алдын алу: Астанада түсіндіру акциясы ұйымдастырылды 16.11.2024
Діндерді зерттеу орталығы «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығында «Ашық алаң» көпшілікке арналған ақпараттық-түсіндіру акциясын ұйымдастырды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.Астана қаласы әкімдігі Дін істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген акция Қазақстан Республикасының 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын, сондай-ақ экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдың 2023-2025 жылдарға арналған мемлекеттік жүйесін дамытудың кешенді жоспарын орындау аясында өтті.«Аталған акция осымен үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Бұған дейін бұл жобамыз «Аружан» сауда үйінде, «Астаналық базар» аумағында өткізіліп, көпшіліктің ықыласына бөленген болатын. Бүгін «Хан шатыр» сауда орталығында өткізіп жатырмыз. Негізгі мақсат – салт-дәстүр, ұлттық құндылықтар, ел тарихы мен дін мәселелеріне қатысты викториналық сауалдар ұйымдастыру арқылы жас ұрпақтың патриоттық сезімдерін ояту.Бұдан бөлек, діни ағымдардан сақтану, олардың белгілері туралы бейнероликтер күні бойы көрсетілді. Сондай-ақ, волонтерлермен бірлесе отырып, үш мыңға жуық елордалыққа дін саласына қатысты арнайы ақпараттық буклеттерді үлестірдік. Осы іс-шараға белсенді атсалысқан волонтерлерді де марапаттайтын боламыз», - деді Діндерді зерттеу орталығының бөлім басшысы Нұрсұлтан Жаншин.Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған акция келесі жылы да жалғасын таппақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/879701
Елімізде тағы бір республикалық маңызы бар жол ауқымды жөндеу жұмыстарымен қамтылады 16.11.2024
Жалпы ұзындығы 954 шақырымды құрайтын «Жезқазған – Петропавл» жолы Қазақстанның төрт өңірі арқылы өтеді (СҚО, Қостанай, Ақмола, Ұлытау өңірлері).Ұзындығы 359 шақырымды құрайтын учаске Солтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Дәл осы өңірде ауқымды жөндеу жұмыстары атқарылуда. 2025 жылдың соңына дейін 300 шақырым жол жөнделеді.Қазіргі уақытта өңірде "Жезқазған – Петропавл" жолының 83 шақырымында жұмыстар аяқталуда. Атап айтқанда, Николаевка және Покровка ауылдары арасындағы 40 шақырымдық учаскені қоса алғанда, Ломоносовка және Ставрополка, Тоқсан би және Новоишимка ауылдары арасындағы 43 шақырымда жаңа асфальт төселді. 2025 жылы тағы 215 шақырым жөнделеді. Бескөл ауылы мен Покровка ауылы арасындағы 69 шақырым, Сергеевка қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейінгі жалпы ұзындығы 146 шақырым жолда жөндеу жұмыстары өтеді. Сол аралықтарда қазір су өткізу құбырларын ауыстыру және құрылыс материалдарын дайындау жұмыстары жүріп жатыр.2025 жылдың соңына дейін жолды орташа жөндеуден өткізіп қана қоймай су тасқынынан зақымдалған 24 су өткізу құбырын ауыстырып, тағы 72 су өткізу қыбыры жөнделеді.СҚО-да «Жезқазған-Петропавл» жолының басым бөлігінде өткен ғасырдың 80-жылдарынан бастап ауқымды жұмыстар жүргізілген жоқ. Тек 2017-2018 жылдары Бескөл ауылы мен Петропавл қаласы арасындағы учаске қайта жаңартылды және 2023 жылы Сергеевка қаласы мен Николаевка ауылы арасындағы 51 шақырымдық жол учаскесіне орташа жөндеу жүргізілді. Тоқсан би ауылынан Ақмола облысы Есіл ауданына барар жол әбден ескірген.«Жезқазған – Петропавл» автожолының қалған үш өңірден өтетін аралықтары да жөндеуден өтеді. Мәселен, 2025 жылдың соңына дейін Ақмола облысында 113 шақырым, Ұлытау облысында 109 шақырым, Қостанай облысында 71 шақырым жол жөнделеді. Демек, жолдың басым бөлігі жаңартылып, халық игілігіне берілмек. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/879675
«Атамекен» ҰКП-да АӨК дамытудың өзекті мәселелерін талқылады 16.11.2024
Астанада «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының XII Съезі өтті, оған еліміздің түкпір-түкпірінен 360-тан астам делегат және 180-ге жуық бизнес-қауымдастық өкілдері қатысты.Іс-шараға ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов, жетекші даму институттарының өкілдері, кәсіпкерлер қатысты. Қатысушылар қазақстандық бизнестің өзекті мәселелерін талқылады.Азат Сұлтанов аграрлық секторды мемлекеттік қолдау және АӨК дамыту шаралары туралы айтып берді.Фермерлер орташа өнімділігі 16 ц/га болатын 26,6 миллион тонна астық жинай алды.Қант қызылшасының рекордтық өнімі күтілуде, 1,2 млн.тоннадан астам. Жоғары рентабельді дақылдардың пайдасына егіс алқаптарын әртараптандыру сәтті жүргізілді, 1,2 млн.тоннадан астам минералды тыңайтқыштар енгізілді, элиталық тұқымдардың үлесі 7,1% - дан 9,5% - ға дейін, ал ауыл шаруашылығы техникасымен жаңарту деңгейі 4,5% - дан 5,5% - ға дейін ұлғайтылды.Табыстың негізгі факторы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыру көлемінің 2023 жылмен салыстырғанда үш еседен астам ұлғаюы болды. Бұл коммерциялық қаражат пен қаржы құралдарын біріктіру, сондай-ақ ӘКК, АКК және ЕДБ қоса алғанда, әртүрлі арналар арқылы фермерлерге жылдық 5% жеңілдікпен несие беру арқылы мүмкін болды. Енгізілген кепілдік қарыз сомасының 85% - на дейін кепілмен қамтамасыз етілуі жеткіліксіз аграрийлер үшін қаржыландыруға қолжетімділікті кеңейтуге мүмкіндік берді. «Жеңілдікті лизинг» бағдарламасы аясында отандық өндірістің ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға 120 млрд.теңге бағытталды.«Келесі жылы Ауыл шаруашылығын жеңілдетілген қаржыландыру көлемін 900 млрд.теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр, оның алғашқы 100 млрд. теңгесі ағымдағы жылдың желтоқсан айында қолжетімді болады. Ауыл шаруашылығы техникасын жылына 8-10% - ға дейін жаңартудың нысаналы көрсеткішіне қол жеткізу үшін ауыл шаруашылығы техникасының лизингіне кемінде 200 млрд. теңге бөлу жоспарлануда. Мемлекеттік қолдау тетіктерін оңтайландыру шеңберінде кредиттердің сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялаудан кредиторларды, техника мен тыңайтқыштар өндірушілерді, сондай-ақ суармалы су жеткізушілерді субсидиялауға көшу жоспарлануда. Бұл ашықтықты арттырады және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады»,-деп атап өтті вице-министр.Су үнемдеу технологияларын енгізуге және АӨК-дегі қайта өңделген өнім үлесін 70% - ға дейін арттыруға ерекше назар аударылады.Осыған байланысты Үкімет ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамытудың 2028 жылға дейінгі Кешенді жоспарын қабылдады. 5 жыл ішінде салаға 372 млрд. теңге бағытталады.Съезд барысында түрлі салалар мен өңірлердің кәсіпкерлерін толғандыратын аса өткір мәселелерге қатысты мәселелер айтылды. Іс-шарада Қазақстандағы іскерлік ахуалды жақсарту үшін бес басым шара ұсынылды. Олардың қатарында Салық заңнамасын оңайлату, ШОБ қолдау бағдарламасын іске қосу, Мемлекеттік сатып алулардағы ашықтықты арттыру, мемлекет пен бизнес арасындағы белсенді өзара іс-қимыл, сондай-ақ білім беруге Инвестициялар бар. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/879602
Алматы облысында жылына 3,5 мың тонна өнім өндіру қуатымен ет комбинаты салынуда 16.11.2024
Кеген ауданының Тасашы ауылында «Кеген МясоПром» ет өңдеу зауытын салу бойынша инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Жобаның құны - 2,5 млрд теңге.Зауыт ірі және ұсақ малдың, сондай-ақ жылқы етін өңдейді, Алматы облысының тұрғындарын жоғары сапалы ет, шұжық және консервіленген өнімдермен қамтамасыз етеді.Жоба 2024 жылдың желтоқсанында пайдалануға беріледі. Зауыттың өндірістік қуаты бір ауысымда 40 бас ірі қара, 150 бас ұсақ мал және 10 жылқыны союға есептелген.Шұжық цехының қуаты бір ауысымда 1,5 тонна шұжық өнімдерін, консерві зауытының қуаты 1 000 банка өнім шығаруға есептелген.Толық қуатына шыққаннан кейін ет комбинаты жылына 3 мың тоннаға дейін ет өңдейді және 331,5 тонна шұжық өнімдерін, 66 тонна ет консервісін шығарады.Кеген және Райымбек аудандарының тұрғындарынан мал нарықтық бағамен сатып алынады, ет комбинатын өз шикізатымен үздіксіз қамтамасыз ету үшін өздігінен азықтандыру алаңдарын ашу жоспарлануда.Жоба аймақтағы мал шаруашылығы саласының дамуын ынталандыруға және сапалы және арзан ет өнімдеріне қол жетімділікті қамтамасыз ету арқылы тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын айтарлықтай жақсартуға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/879727
ТЖМ құтқарушылары студенттермен кездесу өткізді 16.11.2024
Спасатели МЧС провели встречу с молодежным крылом и преподавательским составом Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева в г. Астана.Целью встречи стала адаптация существующих обучающих материалов с учетом современных трендов и получение рекомендаций по их разработке. Новые подходы и идеи призваны привлечь представителей разных поколений и повысить «культуру безопасности» среди населения, ориентируясь на их предпочтения в восприятии информации.На встрече были продемонстрированы профилактические видеоролики и материалы Департамента по чрезвычайным ситуациям г. Астана. Представители молодежного блока предложили креативные идеи для их обновления и адаптации. Например, поддержана идея создания электронной памятки в формате комиксов для молодежи и концепции в стиле «ретро» для старшего поколения.Первым шагом совместной работы стала переработка обучающего ролика о действиях при пожаре. В съемках участвовали студенты, исполняя роли актеров и режиссеров. Результаты их работы будут продемонстрированы в ближайшее время. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/879598
Қысқа дайындық: ТЖ вице-министрі ШҚО-ға барды 16.11.2024
ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды. Сапар аясында ол Өскеменде орналасқан ҚР ТЖМ екінші құтқару батальонында болып, құтқарушылар мен әскери қызметшілердің қызмет өткеру шарттарымен танысты. Ол құтқарушылар жұмыс істейтін жабдықтың техникалық жағдайына да баға беріп, жеке құраммен ағымдағы міндеттер мен мәселелер туралы сөйлесті.Сонымен қатар вице-министр Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінде жұмыс кеңесін өткізді. Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов қатысты. Кездесу барысында өңірдің азаматтық қорғау қызметтерінің қысқы кезеңге дайындығына, жылыту маусымының өтуіне және сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты негізгі мәселелер талқыланды. Су тасқынының алдын алуға және профилактикалық іс-шараларды уақтылы іске асыруға бағытталған шараларға ерекше назар аударылды.Вице-министр өңірдің қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін профилактикалық шараларды алдын ала орындаудың маңыздылығын айтып:«Алдын алу іс-шараларын алдын ала іске асыру төтенше жағдайлардан қорғалу деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Біз апатты күтпей, оның алдын алу үшін барлық шараларды қабылдауымыз керек. Азаматтардың қауіпсіздігі - біздің басты міндетіміз», - деп ол өз сөзінде атап өтті.Жұмыс сапары барысында вице-министр көктемгі су тасқыны кезеңінде болуы мүмкін төтенше жағдайларға дайындығын бағалау үшін облыстың су тасқыны қаупі бар аудандарына да барады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/879724
Қазақстанда ваучерлік қаржыландырудың енгізілуі: мектепке дейінгі сапалы білім алуға жасалған қадам 16.11.2024
Қазақстанда жан басына шаққандағы қаржыландыру әдістемесімен мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға берілетін мемлекеттік тапсырысты дербестендіру жұмыстары жүргізілуде.Бүгінгі таңда мектепке дейінгі білім беруде ваучерлік қаржыландыру жүйесі Тараз (Жамбыл облысы),Түркістан және Шымкент қалаларында пилоттық жоба ретінде жүзеге асуда.Тараз қаласында ваучерлік қаржыландырудың енгізілуі үш ай ішінде 21 мыңнан астам ваучердің таратылуына мүмкіндік берді. Бірінші рет қала бойынша түзету балабақшасы тізімге енді. Қазіргі уақытта Тараз қаласында орналасқан барлық 157 мектепке дейінгі білім беру ұйымы ваучерлік механизм бойынша қаржыландырылуда. Оның ішінде 19 білім беру мекемесінің жаңадан ашылғанын және соған қарамастан тізімге еніп, ваучерлік қаржыландыруға қатысуға мүмкіндік алғанын айта кету керек.Шымкент қаласында 608 мектепке дейінгі ұйымның 589-ы бүгіннің өзінде ваучерлік қаржыландыруға көшіп үлгерді. Кезектегі балаларға ваучер беру 17 қазанда басталды. Осы кезең ішінде 4646 бала балабақшаға жолдама алды. Түркістанда орналақан барлық 144 мектепке дейінгі ұйым жаңа механизм бойынша қаржыландыруға көшті, бүгінге дейін 236 ваучер берілді.Естеріңізге сала кетейік, ваучерлік қаржыландыру жүйесі белгіленген талаптарға сай келетін барлық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына бюджеттік қаржыландыруға қол жеткізуге мүмкіндік береді.Ата-аналарға балабақшаны өз бетінше таңдау мүмкіндігі берілді, бұл тек жеке ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар арасында да бәсекелестіктің болуына ықпал етеді.Жүйе арқылы ең алдымен, бүкіл қаржыландыру процесінің ашықтығы көзделген, мұнда «ақша мекемеге емес, балаға жұмсалады» қағидасы жүзеге асырылады. Қаражатты есептеу және аудару ата-аналар баланың қатысу табеліндегі мәліметтерді растағаннан кейін ғана жүргізіледі. Келесі жылдан бастап пилоттық жоба еліміздің басқа да өңірлеріне таратылады деп жоспарлануда.Анықтама үшін: Қазақстанда 11 642 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, оның ішінде 5 532 мемлекеттік, 6 110 жеке мектепке дейінгі ұйымдар бар. Қазір кезекте тұрған балалардың есебінен алғанда 2 жастан мектепке дейінгі білім берумен қамту 91,5 % құрайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/879656
Жол картасы аясында қосымша білім беру ұйымдарын салу жоспарлануда. Соңғы жылда елімізде 16 нысан пайдалануға берілді 16.11.2024
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/879679