Enbekshi QazaQ

Әлем

Қазақстанда "Government Accelerators" енгізу талқылануда 16.11.2024
2024 жылғы 6 қарашада Қазақстан Республикасы Ццифрлық даму министрлігінде ҚР Сенаты төрағасының орынбасары Жақып Асанов пен Цифрлық дамудың бірінші вице-министрі Қаныш Төлеушиннің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарымен кездесу өтті. Кездесу аясында жобалық басқарудың икемді әдістемесі және Біріккен Араб Әмірліктерінің «Government Accelerators» әдістемесі ұсынылдыҚазіргі уақытта ҮЕҰ ұлттық акселераторының алаңында 12 стратегиялық бастама әзірленуде және іске асырылуда: денсаулық сақтау, оқу-ағарту, көлік-логистика, энергетика, су саласы, өнеркәсіп және құрылыс, цифрландыру, инновациялар және т.б. саласын дамыту.«Government Accelerators» әдіснамасы бейімделгіш және тиімді тәсілдерді қолдану арқылы негізгі мемлекеттік бастамаларды іске асыруды жеделдетуге мүмкіндік береді, бұл кезең ішінде күрделі және басым міндеттерді шешу үшін өзекті - 100 күн. Бағдарлама ведомствоаралық өзара іс-қимылды жақсартуға, орындаушылардың жауапкершілігін арттыруға және жобалардың орындалу барысына жедел мониторингті күшейтуге бағытталған.Сенат депутаттары білім министрлігі таңдаған тақырыпты талқылау мысалында БАӘ әдіснамасы бойынша ыңғайлы мектептерді басқару жүйесін қарастырып, талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/879936
Интернеттегі ата-ана бақылауы қызметтеріне шолу 16.11.2024
Қазіргі уақытта ақпараттық технологиялар, ұялы байланыс, теледидар маңызы арта түсуде. Интернет тек ақпарат көзі ғана емес, сонымен қатар қарым-қатынас, ойын-сауық және білім берудің әмбебап ортасына айналды. Интернет қолданушыларының саны да күн сайын артып келеді. Интернеттің үздіксіз өсуіне және ауқымының кеңеюіне байланысты ондағы заңсыз материалдардың да саны көбеюде. Қазіргідей цифрлық әлемде балаларды желідегі қауіптерден қорғау маңызды мәселеге айналды. Мемлекеттік органдар осындай қауіптерге қарсы тұру үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда. Дегенмен, интернеттегі заңсыз әрекеттер мәселесін тек мемлекеттік құрылымдардың күшімен шешу мүмкін емес. Сондықтан, БАҚ саласындағы заңнамалық талаптардың орындалуын қадағалайтын ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ата-аналар үшін қолжетімді шешімдер шолуын ұсынады.Ата-ана бақылауы сервистері заңсыз контентке қол жеткізуді шектеуге, онлайн-әрекеттерді қадағалауға және құрылғыларды пайдалану уақытын бақылауға көмектеседі. Ата-ана бақылауына арналған танымал қосымшалар:- Kaspersky Safe Kids: сайттарды бұғаттау, геолокация, белсенділік туралы есептер.- Dr.Web Security Space: антивирус және ата-ана бақылауы, контентті сүзу.- Qustodio (Испания): контентті сүзу, экран уақытын шектеу, әлеуметтік желілерді бақылау.- Net Nanny (АҚШ): контентті бұғаттау, экран уақытын шектеу және орналасқан жерді қадағалау.- Norton Family: сайттарды сүзу, пайдалану уақытын шектеу және іздеу сұрауларын қадағалау.- Kidslox: экран уақытын шектеу, қосымшаларды бұғаттау және орналасқан жерді қадағалау.- Parental Control Kroha (Украина): қосымшаларды бұғаттау, веб-бақылау, белсенділікке мониторинг жасау.- Google Family Link: Android жүйесінде белсенділікті бақылауға арналған тегін қосымша. Ата-ана мен баланың құрылғыларына орнату қажет.- Kidlogger: белсенділікті қадағалауға мүмкіндік беретін пассивті бақылау.- Кірістірілген мүмкіндіктер: Android үшін Google Play арқылы, iOS үшін — геопозицияны қадағалау үшін «Экран уақыты» және «Орналасқан жерді анықтау».- TikTok Family Pairing: жасөспірімдердің TikTok қолдануын бақылау, экран уақытын шектеу және контентті сүзу мүмкіндігімен. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/879989
Жетісу облысында цифрландыру жөніндегі "Digital Jetisu Forum" алғашқы форумына ІТ саласының 300-ге жуық маманы қатысты 16.11.2024
Бүгін Жетісу облысында алғаш рет облыстық цифрлық технологиялар басқармасы мен «Jetisu Digital» IT-хабының ұйымдастыруымен цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күніне орай «Digital Jetisu Forum» цифрландыру форумы өтті. Форум саладағы инженерлердің, IT-сарапшылардың, әзірлеушілердің, сала көшбасшыларының басын қосты. Бұл шара аймақтағы цифрлық саланы дамытудың негізгі тақырыптарын талқылауға арналған жаңа алаңға айналды. Атап өтсек, облыста көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 96%–ы автоматтандырылған, облыстың елді мекендерінің 95,2%-ында интернет жеткізілген, бұл ретте облыс орталығы-Талдықорған қаласында 5G желісі үшін 13 базалық станция орнатылған, - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.Өңір басшысының атынан облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов кездесуге қатысушыларды құттықтап, тілегін тілдірді:- Бүгінгі іс-шара заманауи шешімдерді енгізуді жеделдетуге және өңірде ыңғайлы әрі тиімді цифрлық инфрақұрылымды құруға көмектесетін әдістерді талқылау, цифрлық технологиялар саласындағы мамандар мен сарапшылардың күш-жігерін біріктіру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Цифрлық трансформация дәуірінде мемлекеттік құрылымдардың алдында қызмет көрсетудің жеделдігін арттыру ғана емес, сонымен қатар азаматтармен өзара іс-қимылдың әр кезеңінде ашықтық пен есептілік қағидаттарын енгізу міндеті тұр. Жалпы алғанда, Жетісуда көрсетілетін 289 мемлекеттік қызмет пен қосалқы қызметтердің 277-сі немесе 96% автоматтандырылды. Қызмет іске қосылған сәттен бастап 1 370 өтінім келіп түсті, - деді Д.Есдәулетов.Сонымен қатар өңірде салаларды цифрландыру бойынша бірқатар жобалар табысты жұмыс істеп жатқаны да айтылды. Атап айтқанда, «Кілем жабыны» жобасы аясында полиция департаментінің жедел басқару орталығына 15 мыңнан астам бейнебақылау камерасы қосылған, сондай-ақ жол қауіпсіздігін күшейту үшін жол ережелерін бұзушыларды анықтауға және көлік легін өлшеуге мүмкіндік беретін 216 камера орнатылған.Денсаулық сақтау саласын цифрландыру мақсатында өңірдің 16 медициналық мекемесінде рентген сәулелерін жоғары дәлдікпен талдауға мүмкіндік беретін PACS-жүйесі енгізілді, бұл дәрігерлерге ерте кезеңдерде диагноз қоюға көмектеседі, әсіресе онкологиялық ауруларды ерте анықтауда маңызы зор. Жүйе жұмыс істегеннен бері 615 мыңнан астам зерттеу жүргізілген.Өңірдің білім беру саласын цифрландыру жұмыстары аясында Жетісу облысындағы 337 мектеп түгел интернетке қосылған. Оның ішінде осы жылы шалғайдағы 53 мектеп «Starlink» спутниктік жүйесі арқылы қосылды. Сондай-ақ, 69 мектепте сабаққа қатысуын бақылайтын, тамақтануын есепке алуатын, кітапханаларға кіруіне мүмкіндік беретін «Оқушының бірыңғай карточкасы» жүйесі енгізілді.Жоғары білікті ІТ-мамандарды даярлау мәселесі де шешілуде. Атап айтқанда, Талдықорғанда «Samsung Innovation Campus» бағдарламалау мектебі ашылды және «IT Hub Jetisu Digital» базасында курстар өткізілуде, онда мыңнан астам адам оқудан өтті.Осы күні форум аясында «Әлеуметтік әмиян - мемлекеттік қолдау шараларын цифрландыру» тақырыбында пленарлық сессия өтті.Спикерлердің бірі облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ермек Мизамбаев «Әлеуметтік әмиян» пилоттық жобасының мәніне егжей-тегжейлі тоқтала келе, жоба халықтың әлеуметтік осал топтарының қаржылық құралдарға қолжетімділігін қамтамасыз ету, әлеуметтік көмекті есептеу рәсімін жеңілдету, әлеуметтік қолдау құралдарын жетілдіру, сондай-ақ бюджет қаражатының шығыстарын оңтайландыру үшін құрылғанын айтты.Сол сияқты облыстық білім басқармасының басшысы Марат Сүлейменов, облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Айдына Темірбаев та сөз алып, цифрландыру бағытындағы жұмыстарға тоқталды.Форум негізгі тақырыбынан бөлек жасанды интеллект, деректерді талдау, киберқауіпсіздік, әлеуметтік қызметтерді цифрландыру, сондай-ақ көлік және қауіпсіздік сияқты маңызды бағыттарды да қамтыды.Сонымен, Google Developer сарапшысы Энес Тұран, MSP Global техникалық директоры Руслан Жансеңгіров IT-индустриядағы жаһандық трендтер мен өзгерістер, бизнес-процестердің тиімділігін жақсартудағы жасанды интеллектінің рөлі, киберқауіпсіздік саласындағы соңғы шешімдер мен технологиялар жайлы баяндады. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру, азаматтарды цифрлық қолдау мәселелері талқыланды. Сонымен қатар қоғамдық қауіпсіздікті арттыруға және қалалық қызметтерді қолдауға бағытталған «Қауіпсіз қала» жүйесі таныстырылды.Жиында пікірталас алаңдарымен қатар IT-компаниялардың, цифрландыру жөніндегі сарапшылардың цифрлық жобаларын ұсынатын «Jetisu IT Expo» көрмесі ұйымдастырылды.- Бүгінде цифрландыру біздің өміріміздің барлық саласына тән әрі жетісулықтар үшін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруда маңызды рөл атқарады. Біздің мақсатымыз – өңірдің әрбір тұрғыны білім беруде, денсаулық сақтауда, қалалық шаруашылықты басқаруда немесе мемлекеттік қызметтерді алуда заманауи технологияларды толық пайдалана алатындай ету. «Digital Jetisu Forum»-да ұсынылған жобалар цифрландырудағы жетістіктердің бір бөлігі ғана. Біз жаңа жобаларды әзірлеп, енгізуді жалғастырамыз, өйткені біздің басты міндетіміз – Жетісуды цифрлық технологиялар әркімнің игілігі үшін жұмыс істейтін өңірге айналдыру. Сондай - ақ, біз өңірдің талантты азаматтары өз әлеуетін ашып, өз жобаларын іске асыра алатын цифрлық ортаны қалыптастыруға тырысамыз, - деп атап өтті форумды қорытындылап, журналистерге берген сұхбатында Айдын Темірбаев.Осы күні форум аясында цифрландыру саласындағы жетістіктері үшін өңірдің ІТ-мамандары марапатталды. Олардың қатарында «Future-IT» роботехника мектебінің директоры Дамир Нұркежанов, Қаратал орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Кирилл Михов, Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің бизнес-стаптап жобаларының жетекшісі Әсел Құлынтаева, «Jetisu Digital» IT-хаб және «Astana Hub» IT-стаптабы халықаралық технопаркінің ұжымы және басқалары бар.Форум соңында «Jetisu Idea Battle» идеялар байқауының қорытындысы шығарылады, оның аясында өңірдің дәстүрлі үздік стартаперлері өз жобаларын дамытуға берілетін ақшалай сыйлықтармен марапатталады.Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіФотограф: Жұмабай МұсабековАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/879862
ТҮРКІСТАН: 800-ГЕ ЖУЫҚ МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ БІЛІКТІЛІК АРТТЫРУ КУРСЫНА ҚАТЫСТЫ 16.11.2024
Түркістан өңірінің мектеп директорлары «Мектеп менеджменті: басқару аспектілері мен әдістері» бағдарламасы бойынша оқыту курсына қатысуда. Білім басқармасы және «Педагогикалық шеберлік орталығы», облыстық «Әдістемелік орталығының» ұйымдастыруымен жалпы 767 орта білім беру ұйымы басшысын біліктілікті арттыру курсынан өткізу жоспарланған. Дәрістерді Алматыдан арнайы келген «Педагогика шеберлік орталығының» тренері Берік Асубаев өткізді.Бүгін облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев біліктілікті арттыру курсының жүргізілу барысымен танысты. Кездесуде тренер-оқытушы және мектеп директорларымен пікірлесіп, тың жаңалықтарды бөлісті.— Білім жүйесі және оның сапасын көтеру үнемі назарда. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды салаға өзі бас-көз болып, игі бастамаларға әрдайым қолдау көрсетіп келеді. Ұстаздардың білімін жетілдіру арқылы тәрбие бағытын ілгерілетумен қатар жаңа көшбасшыларды анықтаймыз. Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетімен республикада алғаш рет біздің облыстың 41 педагогы арнайы менеджмент курстарынан өтті. Халықаралық деңгейде шет елдеріндегі оқу курстарында тәжірибе жинақтады. Сондай-ақ үздік сала қызметкерлерін басшылық қызметке конкурссыз тағайындау мақсатында Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп, 150 адамнан тұратын кадрлық резерв жасақталуда. 2025 жылы да жалғасын тауып, арнайы лидерлердің кадрлық жасағын қалыптастырамыз. Мемлекет тарапынан білім саласына, оның ішінде ұстаздар қауымына жасалынып жатқан қамқорлық ерекше. Жан-жақты қолдаулар тоқтамайды. Адал еңбегіміз арқылы күш біріктіріп, саналы ұрпақ тәрбиелеуге атсалысайық! – деді Бейсенбай Дәулетұлы.21 қазанда басталған «Мектеп менеджменті: басқару аспектілері мен әдістері» бағдарламасы аясындағы курс сәтті аяқталды. Оқыту 3 лекке бөлінді. Қатысушыларға сертификат беріліп, әрі қарай сүйемелдеу жүргізіледі. Ұйымдастырушылардың мәлімдеуіне мұндай ауқымды іс-шаралар тұрақты өткізілмек.Айта кетейік, бұған дейін түркістандық ұстаздар мен әдіскерлер Жапонияда «lesson study» әдісі, АҚШ-та «инклюзивті білім беру», Қытайда «техникалық және кәсіптік оқыту» бағыттары бойынша халықаралық деңгейде тәжірибе алмасты. Жаңа оқу жылында да осы үрдіс жалғасып, педагогтар Франция, Малайзия, Финляндия, Сингапур елдерінде арнайы тәжірибелік курстарына қатысады. Мұнда «Жайлы мектеп» пен «Мақсатты мектеп» ұстаздарына басымдық беріледі.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/879902
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ЖЕТІСАЙ МЕН МАҚТААРАЛДЫҢ ШАРУАЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ 16.11.2024
Түркістан облысында 25 мың агроқұрылым мақта шаруашылығымен айналысады. 2024 жылы 106,4 мың гектарға мақта дақылы егіліп, жалпы егістіктің 12 пайызын құрады.Күзгі жиын-терім барысында туындаған мәселелерді дер кезінде шешу және тауар өндірушілер арасында ақпараттық түсіндіру шараларын жүргізу үшін облыс әкімі Дархан Сатыбалды арнайы жұмыс тобын жасақтап, жағдайды тұрақты бақылауына алды.Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Жетісай және Мақтаарал ауданының шаруаларымен кездесіп, алқалы мәжіліс өткізді.Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов мемлекеттік қолдау аясында қаржылардың басым бөлігі мақта шаруашылығын дамытуға бағытталғанын айта келе, бағдарламалар бойынша атқарылған жұмыс есебін ұсынды.Мақта зауыттарының өкілдері мен шаруалар күрмеулі мәселелерін ортаға салып, ұсыныстарын жеткізді. Мақта қабылдау бекеттерінің жұмысын жүйелеу, мақтаны сұрыптай отырып бағалау, су үнемдеу технологиясын ендіруге қатысты сұрақтарға жауап бере отырып Нұрбол Тұрашбеков:– Мақтаның бағасы түспеу үшін өздеріңізбен бірге оның сапасын арттыруға күш салуымыз керек. Ұсыныстарыңыз орынды, егілетін мақта тұқымына көңіл бөлу керек. Бұл бағыттағы әкімдік тарапынан қолға алынған бастамалар ең алдымен шаруашылықтардың мүддесін көздейтінін атап өткім келеді, – деді ол.Қазіргі таңда әкімдік тарапынан мақта өңдеуші зауыт басшыларының және қоғамдық ұйымдардың келісімдерімен, сондай-ақ қоғамдық ұйым белсенділерін қатыстыра отырып арнайы мобильді жұмыс тобы құрылды. Мобильді топ арқылы қыркүйек айында бақылау жүргізіліп, мақта өңдеу зауыттарының мақта қабылдау бекеттеріндегі зертханалар мен таразылар толық сертификаттаудан өткізілді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/879904
ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА 100-ДЕН АСТАМ ТІК ДРЕНАЖ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛГЕН 16.11.2024
Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Жетісай ауданына жасаған іссапары барысында «Киікбай Строй Сервис» ЖШС тарапынан жүргізіліп жатқан тік дренажды ұңғымалардың құрылысымен танысты.Негізгі табысы мен күн көріс көзі агросектормен тікелей байланысты ауданда соңғы 10 жылда ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімі мен сапасы төмендеген. Бұл аудан аумағында орналасқан 380 дана тік дренажды ұңғымаларының 210 данасының істен шығып, жерасты суы деңгейінің көтерілуімен тікелей байланысты.Аудандағы жалпы аумағы 16 010 гектар аумақта орналасқан 97 дана дренажды, нақтырағы, Мақталы ауылдық округіндегі 7932 гектар алқапты қамтитын 47 дана, Қызылқұм ауылдық округіндегі 5766 гектар алқапты қамтитын 41 дана және Абай ауылдық округінің 2312 гектар алқабын қамтитын 9 дана дренаждың құрылысын жүргізуі тиіс «Киікбай Строй Сервис» ЖШС мекемесі бүгінде 46 дана жаңа тік дренажды ұңғымаларды бұрғылаған.Ал суармалы жердің 35 921 гектарының 19 911 гектарына 113 дана дренаж орнатуды жоспарлап отырған «Арт-Құрылыс» ЖШС мекемесі Ынтымақ, Ш.Ділдәбеков және Ж.Ералиев ауылдық округтерінен 95 дана ұңғыманы бұрғылаған.Нұрбол Әбдісаттарұлы сала мамандарымен жүздесу барысында мемлекеттік қаржы есебінен жүзеге асып жатқан жобалардың сапасы мен өндірістік кестеге сай жүргізілуін тапсырды.Өткен жылдың қазан айында ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі «ҚазСушар» РМК тапсырысымен «Ислам Даму Банкі» қаржысы есебінен басталған 210 тік дренажды ұңғымаларды қайта қалпына келтіру жұмыстары 2026 жылы толығымен аяқталып, ел игілігіне тапсырылады деп күтілуде. Бүгінде 210 тік дренажды ұңғыманың 141-і қалпына келтірілген.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/879906
Құрметті Түркістан облысының тұрғындары! 16.11.2024
2025 жылдың 5 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабеков бизнес өкілдерімен, тұрғындармен кездесу өткізеді және азаматтарды жеке қабылдайды.Өтетін орны: Түркістан облысы, Жолбарысхан к., 1/2, "Ұлы дала елі" музейі, конференц залы Халықпен және бизнес өкілдерімен кездесу сағат 11:00 – 12:00;БАҚ өкілдерімен кездесу – сағат 12:00 – 12:15;Азаматтарды қабылдау – сағат 12:15 – 12:45;Сіз Сауда және интеграция Вице-министрімен кездесуде сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды WhatsApp-қа жібере аласыз: +7 701 786 3919 (СИМ).Азаматтарды қабылдауға және кездесуге жазылу үшін мына телефонға хабарласуыңызды сұраймыз: +7 701 786 3919 (Азиза Нұрпейісова).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1117997?lang=kk
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ЖЫЛЫНА 120 МЫҢ ДЕМАЛУШЫНЫ ҚАБЫЛДАЙТЫН ТАУ ШАҢҒЫСЫ КУРОРТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР 16.11.2024
Төлеби ауданында жыл бойы туристік қызмет көрсететін халықаралық деңгейдегі тау шаңғы курортының құрылысы жүргізіліп жатыр. «Қасқасу туристік-рекреациялық кешенінің» аумағында бірнеше қонақ үйлер, мейрамханалар, арқан жолы мен бассейн салу жоспарланған. Жоба бойынша шаңғы трассасының биіктігі 1880 мен 3155 метр аралығын құрап, жалпы ұзындығы 33,4 шақырым болмақ. Кешен толық іске қосылған жағдайда жылына 120 000-ға жуық демалушы қабылданып, 2 000-нан астам адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде.Жалпы Төлеби ауданында демалушыларға қызмет көрсететін орындардың саны 194-ке жеткен. Сондай-ақ, ауданда жыл басынан бері құны 1,2 млрд теңгені құрайтын төрт туристік нысан ашылған. Бүгінде туризм саласын дамытып, инвестиция тарту үшін Біркөлік, Ақмешіт, Қасқасу елді мекендеріндегі туристік рекреациялық аймақтарының даму жоспары әзірленуде. Айта кетейік, ауданда 2024–2030 жылдары туризмді дамыту мақсатында жалпы құны 78,1 млрд теңге болатын ірі жобаларды іске асыру жоспарлануда.Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/879909
ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки БҚО ғылыми қауымдастығы өкілдерімен кездесті 16.11.2024
ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки БҚО ғылыми қауымдастығы өкілдерімен кездесті ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде өңірдің ғылыми қауымдастығы өкілдерімен кездесу өткізді. Ең алдымен вице-министр Махамбет университетінің ғылыми және білім беру қызметінің негізгі жетістіктерінің көрмесімен танысты. Кездесудің негізгі тақырыбы Қазақстанда ғылым мен жоғары білім беруді дамыту мәселелері болды. Дархан Ахмед-Заки Министрліктің 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмысын қорытындылап, негізгі жетістіктерін жиналғандар назарына ұсынды. Өз баяндамасында сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған мемлекеттік бастамалар туралы айтты. Вице-министр тоқталған негізгі бағдарламалардың қатарында жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бар. ҚР Президентінің тапсырмасы шеңберінде жасанды интеллектті енгізуге және цифрлық технологияларды дамытуға ерекше назар аударылды. Дархан Ахмед-Закидің пікірінше, бұл – елдің білім беру және ғылым саласын табысты дамыту үшін маңызды элемент болмақ. Сондай-ақ вице-министр брифинг өткізіп, жергілікті БАҚ өкілдерінің өзекті сұрақтарына жауап берді. Брифингтен кейін Дархан Ахмед-Заки азаматтарды жеке қабылдауында сала мамандарын мазалайтын сұрақтарына көңіл бөлді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/879900
Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесінің 10 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті 16.11.2024
Бүгін Астана қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің 10 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтті.Іс-шараға ҚХА төрағасының орынбасары – ҚР ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері және ҚХА Аналар кеңесінің мүшелері қатысты.Айзада Құрманова өзінің құттықтау сөзінде аналардың патриотизмді, ұлттық рухты қалыптастырудағы және отбасылық құндылықтарды сақтаудағы рөлінің маңызын атап өтті. Аналар кеңесі 10 жыл ішінде көптеген бастамаларды жүзеге асырып, этносаралық келісімді дамытуға және отбасылық дәстүрлерді нығайтуға елеулі үлес қосқанын да сөз етті.Сондай-ақ, вице-министр республика бойынша 1700-ден астам Аналар кеңесі гендерлік теңдікті сақтау, әйелдердің құқықтарын қорғау, отбасы институтын дамыту, әрі нашақорлық пен зорлық-зомбылық сияқты әлеуметтік мәселелермен күресу сияқты мемлекеттік басымдықтар шеңберінде өз қызметін белсенді жүргізіп жатқанын атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша Аналар кеңесінің белсенді мүшелері азаматтық қоғамды дамытуға және этносаралық бірлікті нығайтуға қосқан үлесі үшін марапатталды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/879912
Атыраулық оқушылардың жобасы әлемнің ең үздік 100 инновациясының қатарына енді 16.11.2024
Атырау қаласындағы «Білім-инновация» лицейінің 11-сынып оқушылары Хайдар Атагулла мен Қайырхан Лұқпанов әзірлеген «Ақылды көзілдірік» жобасы әлемнің үздік 100 жобасы қатарына енді. Жоба Jasscience-2024 байқауының жеңімпазы болып, әлемдегі ең беделді бағдарламалардың бірі 100 Rise Global Winners 2024 тізіміне енгізілді.Нәтижесінде, жоба авторларының бірі Хайдар Атагулла әлемнің кез келген университетінде тегін оқу мүмкіндігіне ие болды.«Көзілдірік RikaAI жасанды интеллект негізінде жұмыс істейді. Бұл саусақпен басу арқылы іске қосылатын интуитивті бағдарлама. Ол қолданушыға құлаққап арқылы дауыстық командалар береді және сол арқылы құрылғымен өзара әрекеттесуге мүмкіндігі туындайды. Біз материал жасау үшін 3D принтерді қолдандық, ал камера, құлаққаптар мен микрофонды арнайы тапсырыс бойынша алдық», — дейді Хайдар Атагулла.«Көзілдіріктер төрт негізгі функцияны атқарады. Біріншіден, олар ChatGPT немесе Wikipedia сияқты қойылған сұрақтарға жауап береді. Екіншіден, мәтінді сканерлеп, дыбыстап оқиды. Үшіншіден, көзілдірік қозғалыс кезінде кедергілер туралы ескертіп отырады, бұл көру қабілеті нашар адамдарда құлау мен жарақаттанудың алдын алуға көмектеседі. Төртіншіден, көзілдіріктер бөлмеде болып жатқан оқиғалар туралы ақпарат беріп, сипаттай алады. Болашақта біз құрылғының қызметін кеңейтуді жоспарлап отырмыз», — деп толықтырды Қайырхан Лұқпанов.Министрлік жас ғалымдардың жетістіктерін мақтаныш етеді және олардың білім мен ғылым саласындағы инновациялық технологияларды дамытуға бағытталған талпыныстарына жан-жақты қолдау білдіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/879884
8-11 сынып оқушылары арасында «Адам өз құқықтарын не үшін білу керек?» тақырыбына арналған республикалық эссе байқауын өткізу туралы хабарландыру 16.11.2024
Байқау 10 желтоқсан – Халықаралық Адам құқықтары күніне орай жарияланады.Байқаудың негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін, құқықтық санасын қалыптастыру.Байқау Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында, конкурсқа қатысушыларды алдын ала іріктеусіз, бір турмен өткізіледі.Байқау 2024 жылғы 8 қарашадан 29 қарашаға дейін өткізіледі.Жұмыстар қазақ және орыс тілдерінде 2024 жылғы 29 қарашаға дейін мына электронды мекенжай бойынша қабылданады: kanc@adilet.gov.kz.Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздарға Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің атынан алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етіледі.Байқау қорытындысы 2024 жылғы 5 желтоқсанда www.gov.kz сайтында жарияланады.Байқау туралы ереже қоса беріледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/879850
Маңғыстау ауданында «Ауыл аманаты» жобасы тиімді жүзеге асырылуда 16.11.2024
Биыл Маңғыстау ауданында «Ауыл аманаты» жобасы мал шаруашылығы мен өзге бизнес түрлерін дамытуға басымдық берді. Мал шаруашылығына 24 жоба қаржыландырылып, өзге бизнес түрлеріне 30 жобаға қолдау көрсетілуде. Бұл жобалар іске асқанда аудан бойынша жұмыссыздықты төмендетіп, қосымша 50 жұмыс орнын ашуға ықпал етпек.Жобаның алғашқы кезеңінде аудан көлемінде 12 ауылдың тұрғындарына саралау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 193 әлеуметтік көмек алушы мен 1611 жұмыссыз тұрғын анықталды.2023 жылы аудан тұрғындарының табысын арттыру мақсатында 23 жобаға несие бөлінді. Оның ішінде 19 жоба мал шаруашылығына, 4 жоба өсімдік шаруашылығына берілді. Мал шаруашылығы жобасы аясында 342 бас мал сатып алынып, Жыңғылды ауылында бақша өнімдерін өсірумен айналысатын кооператив құрылды.«Каспий» ӘКК арқылы несие алған Шетпе ауылы 12, Жыңғылды 6, Шайыр, Онды, Ақтөбе, Жармыш және Тұщықұдық ауылдық округтері 1 жобадан іске асырды.Сонымен қатар, «Ауыл аманаты» жобасы аясында түйе сүтін арттыруға 10 жоба ұсынылды. Маңғыстау ауданы облыстағы түйе басының 40%-ын қамтитын болғандықтан, кәсіпкерлерге қосымша жеңілдіктер қарастырылып отыр. Жылына 20 мың тонна сүт өндірілетіндіктен өнімді ірі сүт зауыттарына жеткізу жоспарлануда.Ал ет өндірісін дамытуға 12 жоба және тауық етін өндіруге 2 жоба қарастырылған. Өндірілген өнімдерді Ақтау қаласындағы көтерме сауда орталығына тарату үшін барлық қажетті қолдау көрсетіледі.Айта кетейік, «Ауыл аманаты» жобасы аудан көлемінде жұмыссыздықты төмендетуге, шағын кәсіпкерлікті дамытуға және аудан экономикасын нығайтуға бағытталған.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/879768
Қарағанды облысында ұлттық өнер фестивалінің жеңімпаздары анықталды 16.11.2024
Қарағандыда «Өнеріміз саған, Қазақстан!» атты облыстық фестиваль өтті. Қазақтың әні мен биі, домбырсы мен қобызы дәріптелді. Бұл фестиваль қазақ ұлттық өнерін меңгерген этномәдени бірлестіктердің өкілдері арасында ұйымдастырылды.Байқау үш аталым бойынша өтті: "Вокал" (Қазақ тіліндегі әндер), "би" (Қазақ ұлттық биі), "Ұлттық аспаптарда шығарма орындау" (қазақ халық музыкалық аспаптары). Шараға облысқа қарасты қала аудандардан келген өкілдер қатысты.Фестиваль жеңімпаздары:- Юнус Магомадов-Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының "Вайнах" шешен-ингуш этномәдени бірлестігі " ҚБ;- "Киппым" би ансамблі – "Қарағанды облысы корей этномәдени бірлестігі"ҚБ;- Карина Түсіпбекова – Бұқар Жырау ауданы Новоузенка кентінің Мәшһүр Жүсіп атындағы жалпы білім беретін мектептің 7-сынып оқушысы.Барлық қатысушылар дипломдармен, сертификаттар және естелік сыйлықтармен марапатталды.Фестивальді Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ ұйымдастырды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/879738
Көптен күткен нысан: Ақтөбе облысында жаңа медпункт пайдалануға берілді 16.11.2024
Жаңа нысан қазіргі заман талабына сай. Ауыл тұрғындарының қажетті медициналық көмек алуына барлық жағдай қаралған.Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Аққайың ауылындағы жаңа медициналық пункт Мемлекет басшысының тапсырмасымен бекітілген «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында бой көтерді. Жобаның құны – 237 млн.теңге.«Мемлекет басшысының Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елімізде «Ауылдық жерлерде денсаулық сақтауды жаңғырту» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Оның аясында Мәртөк ауылында екі бірдей нысанның құрылысы жүріп жатыр. Соның бірі бүгін ашылды. Сіздерге құтты болсын. Жаңа нысанның ашылуы біріншіден, медициналық көмекті қолжетімді етеді, екіншіден, жаңа жұмыс орны», - деп атап өтті нысанның салтанатты ашылуында сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Жолдас Батырхан.Жаңа ғимараттың ашылуына денсаулық сақтау басқармасының басшысы Н.Тымпиев, Мәртөк ауданының әкімі М.Ысқақов та қатысты.Пункте әзірге бір медбике жұмыс істейді. Алдағы уақытта тағы 3 ауыл тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылмақ.Мұнда тәулігіне 20 адамды қабылдауға мүмкіндік бар. Күндізгі стационар және физиотерапия кабинеттері тұрғындардың денсаулығын жақсартуға бағытталған, сондай-ақ, олар скринингтен өтіп, екпе ала алады. Бүгінде Аққайың ауылында 410 адам тұрады, басым бөлігі - аға буын өкілдері. 33 жылда заманауи әрі жаңа ғимаратқа қол жеткізген олар қуанып отыр. Ауыл тұрғындары медициналық көмекті ауылдық клуб ғимаратындағы арнайы бөлмеде алып келген.«Ем керек болса, 35 шақырым жерде орналасқан ауылдық клубқа барып жүрдік. Енді міне, үйіміздің қасынан ашылып жатыр. Қажет деген дәрі-дәрмегімізді оңай әрі уақытылы алатын болдық. Өте қуаныштымыз. Ғимаратты салуға атсалысқан барша азаматқа алғысымды білдіремін», - деп ауыл ақсақалы Сәрсенбай Ермағамбетов батасын берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/879770
Абай облысының делегациясы Қазан қаласындағы «Химград» инновациялық индустриялық паркінде болды 16.11.2024
Қазан қаласына жұмыс сапары аясында облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев бастаған Абай облысының делегациясы инновациялық индустриялық парк – «Химград» технополисінде болды. Бұл заманауи индустриялық парк Қазанның солтүстік-батыс бөлігіндегі «Волга» федералды тас жолының кіре берісінде орналасқан. 131 гектар аумақты алып жатыр, ал ғимараттар мен құрылыстардың жалпы ауданы 500 мың шаршы метрден асады.«Химград» шағын көлемді химия, полимерлерді өңдеу, нанотехнологиялар, энергияны үнемдейтін технологиялар, ресурстарды үнемдеу, медициналық әзірлемелер сияқты инновациялық салаларда табысты жұмыс істейтін шағын және орта бизнес кәсіпорындарыментанымал.Осы көпсалалы қызметтің арқасында парк аймақтың экономикасы мен технологиялық дамуында маңызды рөл атқарады. Мұнда резиденттерге жаңа технологияларды енгізуге мүмкіндік мол.Сапар барысында Абай облысынан келген делегация технопарктегі озық технологияларды енгізу тәжірибесін зерделеді. Екі жақты ынтымақтастықты дамыту мен инновациялармен алмасудың болашағын талқылады. Делегация мүшелері Қазақстанда бизнес пен өнеркәсіптің тұрақты дамуы үшін осындай озық технологияларды интеграциялаудың маңызын атап өтті.«Химград» технопаркінің жұмысымен танысу екі жақты қарым-қатынастарды нығайтуға, Қазақстан мен Татарстан арасындағы технология және кәсіпкерлік саласындағы өзара іс-қимылды дамытуға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/879774
Заманауи автоматты араластырғыштарды сатып алу 40 %-ға арзанға түсті 16.11.2024
Алматылық Stark Alpha өндірістік-сауда компаниясы еліміздегі технологиялық жабдықтарды сатып алуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша мемлекеттік ынталандыру шараларын алған алғашқы кәсіпорындардың бірі. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларының жаңа түрі осы жылдың мамыр айынан бастап енгізілген.Шыныпакеттерге арналған материалдар өндірумен айналысатын Stark Alpha компаниясы QazIndustry арқылы 2 түркиялық автоматты араластырғыштарын сатып алуға жұмсаған шығындарын өтеді. Өтемақы сомасы 28,3 млн теңгені құрады. Аталған араластырғыштар шыныпакеттер өндірісінде қолданылатын полисульфидті тығыздағышты(герметик) шығаруға арналған. Соның нәтижесінде шыныпакеттердің беріктігі артады.Қазіргі күні компоненттерді араластыру процесі жылдам әрі сапалы болып отыр. Жаңа араластырғыштар температура мен технологиялық операцияның уақытын реттейді.Алматылық кәсіпорын Қазақстандағы шыныпакеттерге арналған екі компонентті тығыздағыштың жалғыз өндірушісі. Компания 2011 жылы құрылған. Мұнда автоматтандырылған желілер арқылы және қолмен құрастырылатын шыныпакеттерге арналған тығыздағыштар шығарылады.Stark Alpha компаниясы жыл сайын 4000 тоннадан астам өнім шығарады. Кәсіпорын Basf, Honeywell, Eastman, Ineos, «Омия» сияқты әлемдік өндірушілерден алынған шикізаттарды пайдаланады. Сонымен қатар, зауыт Қазақстандағы Nedex ресми дистрибьюторы болып табылады, және шыныпакеттерге арналған қосалқы бөлшектер – молекулалық електер және аралық рамкаларды сатады.Ішкі нарықтан бөлек, компания Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Моңғолия нарықтарын екі компонентті тығыздағышпен қамтамасыз етеді.«Мемлекеттік ынталандыру шаралары туралы естігенде, біз қуанып қалдық. Соның нәтижесінде, заманауи автоматты араластырғыштарды сатып алу компанияға 40 пайызға арзанға түсті. QazIndustry арқылы өтелген қаражатқа біз өндіріс үшін шикізат сатып алдық», – деп бөлісті кәсіпорында.Естеріңізге сала кетейік, а.ж. 12 мамырынан бастап «QazIndustry» Қазақстандық идустрия және экспорт орталығы кәсіпорындарға технологиялық жабдықтарды сатып алуға жұмсалған шығындарының бір бөлігін өтеуді бастады. Тарихи кезең екі жылды құрайды, яғни кәсіпорын соңғы екі жыл мерзімінде сатып алынған жабдықтарға жұмсалған шығындарының 40 пайызын өтей алады (өтелетін қаржы 60 млн теңгеден аспайды).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/879802
Қарулы күштерде әскери журналистер кәсіби мерекесін атап өтті 16.11.2024
Осы орайда Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің өкілдерімен, әскери журналистермен, операторлармен, фотографтармен, дизайнерлермен және бейнемонтаж мамандарымен кездесті.Министрдің орынбасары бұқаралық ақпарат құралдарының адам құндылықтары жүйесін қалыптастырудағы, патриотизм, азаматтық және Отанға қызмет етуге дайын болу сияқты қасиеттерді тәрбиелеудегі рөліне тоқталды.– Қарулы күштердің бұқаралық ақпарат құралдарының қалыптасуына офицерлер Виль Рахманқұлов, Алтынбай Дәуренбеков, Сапарғали Жағыпаров, Совет Сейітов, Александр Бавтуто, Марат Нұрсейітов, Қайыр Дінбаянов, Кәкімхан Құттыбаев, Әбубәкір Смайылов, Сәндібай Күмісбеков, Жүніс Омар, Құдайберген Медиманов, Хосай Абраимов, Серік Қанапьянов, Марат Жүніс-Бек, Мұхарбек Махамбет, Қарулы күштердің қызметкері Гүлмира Тойболдина және басқалар үлкен үлес қосты, – деп ол ардагерлердің әскери журналистиканың дамуына сіңірген еңбегін атап өтті.Бүгінде Қарулы күштердің қызметі туралы кең аудиторияны хабардар етуді және жұртшылықпен байланысты Қорғаныс министрлігінің, Қарулы күштер түрлерінің, әскери жоғары оқу орындары баспасөз қызметтерінің және Медиа-контент орталығының мамандары жүзеге асырады.Генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев Қорғаныс министрлігінің шығармашылық ұжымына жемісті жұмыс және жаңа идеялар мен жобаларды іске асыруда табыс тіледі.Естеріңізге сала кетейік, қорғаныс ведомствосының қолдауымен «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналы жарыққа шығады. Қорғаныс ведомствосының «Әскери дискурс» практикалық семинары танымал болып келеді. Ведомствоның барлық баспасөз қызметі бөлімшелерінің үйлесімді жұмысының арқасында пайдаланушылардың кең аудиториясы күн сайын ведомствоның ресми сайтында, сондай-ақ Telegram, Instagram, YouTube және TikTok платформаларында Қарулы күштердің қызметі туралы өзекті ақпарат ала алады.Іс-шара соңында генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев бірқатар әскери журналистерге медальдар, грамоталар мен алғыс хаттар табыс етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/879783
Қазан қаласында «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп...» тақырыбында көрме ашылды 16.11.2024
Қазан қаласындағы көрмеге Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығынан 80-нен астам экспонат қойылды.Көрмеде ұлы тұлғалардың бай мәдени мұрасы мен маңызын көрсететін бірегей жәдігерлер ұсынылды. Олардың ішінде Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мұхтар Әуезов сияқты көрнекті тұлғалармен байланысты жеке заттар, кітаптар, қолжазбалар мен өнер туындылары бар.Ұлттық мәдениет пен тарихымыздың тереңдігін ашатын суретші Әбілхан Қастеевтің туындыларына да ерекше көңіл бөлінді.Сондай-ақ, жәдігерлер арасында Ұлы Абайдың домбырасы мен кісе белбеуі, шоқпар, айбалта, торсық және ақын оқыған медреседен кітаптар ұсынылды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/879815
Нұрдәулет Қилыбай Бейнеу ауданының тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады 16.11.2024
7 қараша күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Бейнеу ауданының тұрғындарымен кездесуден кейін жеке мәселелері бойынша 50-ден астам тұрғынды қабылдады.Облыс әкімінің қабылдауына келген бейнеуліктердің басым бөлігі жұмыспен қамту, тұрғын үй алу, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік көмек, қоғамдық мәселелер және басқа да маңызды тақырыптарды көтерді.Нұрдәулет Қилыбай барлық өтініштерді мұқият тыңдап, әрбір мәселені заң аясында шешу үшін тиісті мемлекеттік органдарға тапсырмалар берді. Облыс басшысы тұрғындардың сұрақтарын және мәселелерін шешу үшін нақты шаралар қабылданып, үнемі бақылауда болатынын атап өтті.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/879760