Enbekshi QazaQ

Әлем

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ДЕГЕН ҚҰРМЕТ 21.06.2025
Медицина қызметкерлері күніне орай Меркі аудандық орталық ауруханасында салтанатты жиын ұйымдастырылды. Адам жанының арашашысы болып жүрген ақ халатты абзал жандардың төл мерекесіне арналған бұл шара – олардың еңбегіне көрсетілген құрметтің жарқын көрінісі болды. Мерекелік жиынға Меркі ауданы әкімінің орынбасары Ернар Әбілдаев арнайы қатысып, медицина саласының мамандарын аудан әкімінің атынан құттықтады. Ернар Ғалиұлы өз сөзінде денсаулық сақтау саласының қоғам өміріндегі орны ерекше екенін атап өтіп, халық саулығы жолында аянбай еңбек етіп жүрген дәрігерлер мен барша медицина қызметкерлеріне зор ризашылығын білдірді. Салтанатты шара барысында бірқатар медицина мамандары аудан әкімінің Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ, аудандық мәслихаттың Құрмет грамотасы, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі мен орталық аурухана әкімшілігінің Алғыс хаттары да лайықты иелерін тапты. Марапаттармен қатар, медицина қызметкерлеріне гүл шоқтары мен арнайы сыйлықтар табысталды. Бұл шара – әрбір медицина маманының күнделікті көрсетіп жүрген жанкешті еңбегіне деген шынайы алғыс пен ризашылықтың белгісі. Адам өміріне араша түсіп, денсаулығын сақтауға күш салып жүрген абзал жандардың еңбегі қашанда құрметке лайық.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-merke/press/news/details/1017764?lang=kk
Қазақстанда ауыр машина жасау саласының өндірістік қуаттарды арттырудағы рөлі 21.06.2025
 Ауыр машина жасау саласы Қазақстанның индустриялық өсуінің негізгі қозғаушы күштерінің бірі болып табылады. Бұл сектордың дамуы ел экономикасының жаңғыруына, өндірістік қуаттардың кеңеюіне және экспорттық әлеуеттің артуына ықпал етеді. Әсіресе теміржол машина жасау саласында айтарлықтай өсім байқалады, соңғы жылдары халықаралық инвесторлардың қатысуымен бірнеше ірі жобалар жүзеге асырылды.Саланың жетекші кәсіпорындарының бірі — Астанада орналасқан «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ (ЛҚЗ). 2009 жылдан бері зауыт «Қазақстан темір жолы» мен ТМД елдері үшін 500-ден астам жүк және жолаушы локомотивтерін өндірді. Өндірістік процестер АҚШ стандарттарына сай, ал мамандар шетелде оқытылған.«Электровоз құрастыру зауыты» АҚ — француздық Alstom компаниясының қатысуымен құрылған кәсіпорын. Зауыт жылына 70 электровозға дейін шығарып, теміржол машина жасау нарығының шамамен 30%-ын қамтиды. Негізгі өнімдері — KZ8A, AZ8A және KZ4AT модельдері, олар Қазақстан мен Әзербайжанға жеткізіледі.«Штадлер Қазақстан» ЖШС, швейцариялық Stadler Rail Group құрамына кіреді және Астанада жолаушылар вагондарын өндіру жобасын іске асыруда. СЭЗ «Астана – жаңа қала» аумағында орналасқан зауыт жылына 90 вагон шығаруға қабілетті.Екібастұз қаласында орналасқан «Қазақстан вагон жасаушы компания» ЖШС жылына 3000-ға дейін жүк тасымалдауға арналған жартылай вагондар шығарады. Өнімдер ішкі нарыққа және ТМД елдеріне, соның ішінде Түрікменстанға экспортталады.Атырау вагоностроительный зауыты (АВСЗ) — өңірлік маңызды кәсіпорын. Зауыт жартылай вагондар мен контейнерлік платформалар өндіріп, жобалаудан бастап жөндеу мен жаңғыртуға дейін вагонның бүкіл өмірлік циклын қамтиды.Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласындағы «ЗИКСТО» ЖШС теміржол жылжымалы құрамын құрастыру, дәнекерлеу және бояумен айналысады. Қазіргі таңда зауыт жүк вагондарының түрлі үлгілерін жобалау мен өндіру бағытында инновациялық жобаларды жүзеге асыруда.Осылайша, ауыр машина жасау саласы елімізде қуатты өнеркәсіптік негіз қалыптастырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға, халықаралық технологияларды енгізуге және Қазақстанның жаһандық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға елеулі үлес қосып отыр. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/1017572?lang=kk
Қазақстан Республикасының Президентінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі Жарлығы бойынша «Ұлы Отан Соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерекелік медалімен Алғабас ауылдық округінің тыл ардагерлерін арнайы барып әкімшілік ұжымы құттықтады. 21.06.2025
Қазақстан Республикасының Президентінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі Жарлығы бойынша «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерекелік медалімен Алғабас ауылдық округінің тыл ардагерлерін арнайы барып әкімшілік,клуб ұжымдары құттықтап Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан мерекелік медалдарын табыстады.Ардагерлерге медалмен қатар гүл шоқтары және әкімшілік тарапынан сыйлықтар ұсынылды.Мерекелік көңіл күй сыйлаған мектеп оқушыларына Ардагерлер батасын беріп алғыстарын айтты.Ерлік пен жеңіске көрсетілген құрмет жас ұрпаққа үлгі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey-algabas/press/news/details/1017775?lang=kk
Ведомствоаралық кеңес өткізілді 21.06.2025
12 маусым күні Қарғалы ауданына жұмыс сапарымен ведомствоаралық кеңес өткізу мақсатында Ақтөбе облысы прокурорының міндетін атқарушы Әлібаев Талғат Айтбайұлы, қылмыстық атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары Алпысбаев Қанат Қуандықұлы, Ақтөбе облысының Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметінің бастығы Құлжанов Айдос Ерболатұлы келді.Аудан әкімі Нұрлыбек Унербаевтің төрағалығымен өткен ведомствоаралық кеңестің күн тәртібінде қаралған мәселе: Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жалпы профилактикасы бойынша атқарылған және алдағы кезеңде атқарылатын жұмыстар туралы.Кеңесте аудан әкімі орынбасарының, аудандық полиция бөлімінің, аудандық пробация қызметінің, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің баяндамалары тыңдалды.Баяндамашыларға сұрақтар қойылып, тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілдіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-kargala/press/news/details/1017777?lang=kk
Маңызды күнге — қайырымды қадам 21.06.2025
14 маусымда атап өтілетін Дүниежүзілік донор күні қарсаңында Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері облыстық Қан орталығына барды.Қызметкерлер ерікті донорлық акция аясында қан тапсырып, қан құюға мұқтаж жандарға қолдау білдіріп, донорлықтың мейірімділік пен азаматтық жауапкершіліктің көрінісі екенін атап өтті.Мұндай бастамалар қоғамда қан донорлығының маңыздылығы туралы түсінікті арттырып, өзгелерді де осы игі іске үлес қосуға ынталандырады. Департамент қызметкерлері болашақта да осындай шараларға белсене қатысуға өз дайындықтарын көрсетті, себебі бір рет қан тапсыру – бір өмірді құтқаруы мүмкін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-zko/press/news/details/1017779?lang=kk
Жазғы лагерь 21.06.2025
Жазғы лагерь – бұл тек демалатын жер емес. Лагерь – әр түрлі жарыстарға қатысып, баланың ашылмай жүрген талантын, белгілі бір қабілетін ашатын орын. Жарыстардан бөлек онда балалар өздері концерттік қойылымдар ұйымдастырып, спорттық ойындар ойнайды. Онымен қоса жазғы лагерьлерінде балалар топпен жұмыс істеуге, көпшіліктің ортасында өзін көрсетуге бейімделеді. №7 орта мектебінің "Ғажайып әлем" жазғы лагерінің балалары жетінші күнінде табиғат аясында демалуға шықты. Табиғат аясында демалу – ең пайдалы әрі рухани нәр беретін тәсілдердің бірі. Табиғат – адам жанын тыныштандырып, тәнін емдейтін ерекше әлем. Ол бізге тек сұлулық пен шабыт емес, сонымен қатар денсаулық пен қуат сыйлайды.Табиғатта демалу – адам денсаулығы мен рухани дамуы үшін таптырмас мүмкіндік. Алайда табиғат бізге қандай мейіріммен қараса, біз де оған сондай жауап қатуымыз керек. Табиғат – біздің ортақ үйіміз. Оны аялау, қорғау – әрқайсымыздың борышымыз. Табиғатта демалудың пайдасы: Психологиялық тынығу. Орманның сыбдыры, құстардың үні, өзеннің сылдыры – бәрі адам психологиясына оң әсер етеді. Табиғи дыбыстар жүйкені тыныштандырып, күйзелісті азайтады.Физикалық белсенділік. Табиғат аясында серуендеу, тауға шығу, велосипед тебу – дене шынықтырудың ең табиғи әрі жағымды түрі. Мұндай әрекеттер жүрек-қан тамырлары жүйесін жақсартып, бұлшық етті нығайтады.Таза ауа. Қаладағы ластанған ауаға қарағанда ормандар мен таулы аймақтардағы ауа әлдеқайда таза. Бұл өкпенің жұмысын жақсартып, иммунитетті көтереді.Жан дүниені байыту. Табиғатпен етене болу адамның рухани әлеміне оң әсер етеді. Әсіресе, балалар үшін табиғатта демалу – қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік пен жанашырлықты тәрбиелейді. Міне, балалар А.Суханбаев атындағы орталық саябаққа серуенге барып "Әкелер, бұл жеңіс саған!" деген ұранмен көптеген спорттық жарыстарға қатысып марапатқа ие болды. Серуен барысында пайдалы тағамдармен қамтамасыз етілді. Соңында естелікке фотосуреттерге түсіп, жадыраңқы көңіл-күйде қайтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/otdel-bayzak-madeniet/press/news/details/1017720?lang=kk
Тазалық – өзімізден басталады 21.06.2025
 Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері мекеме аумағында сенбілік өткізді.Іс-шара аясында ұжым іргелес аумақты тазалап, қоқыс пен құрғақ бұтақтарды жинап, жолдарды сыпырып, көгалдар мен жасыл желектерді ретке келтірді. Сенбілік ұйымшыл әрі еңбекке толы атмосферада өтіп, қызметкерлерді ортақ мақсат — таза және ұқыпты кеңістік қалыптастыру жолында біріктірді.Мұндай шараларды өткізу игі дәстүрге айналып, экологиялық тәрбиенің маңызды бөлігіне, сондай-ақ әрбір қызметкердің қоршаған ортаны абаттандыруға қосқан жеке үлесінің көрінісіне айналды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-zko/press/news/details/1017782?lang=kk
Садовое ауылындағы Ленин көшесіндегі кентішілік жолдарды орташа жөндеу жұмыстары аяқталды 21.06.2025
Ағымдағы жылдың 1 мамырынан бастап Садовое ауылында Ленин көшесіне орташа жөндеу жұмыстары басталды. Бүгінгі таңда барлық жұмыстар аяқталды.# Таза ҚазақстанАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kostanai-michurin/press/news/details/1017787?lang=kk
Әке деген ұлы есім... 21.06.2025
Әке деген ұлы есім... Әке – әркімнің сүйенер тіреуі. Әке әркімге қымбат. Әкені ардақтай білу керек, өйткені ол отбасының ең басты мүшесі, яғни отағасы. «Әкеге қарап ұл өсер» дегендей әкенің балаға үйретері көп. Ол өзінің болашағына алаңдап ойланып толғанады. Ол болашақта баласының жақсы болуын қалайды.Әке жақсы болса, баласы да соған еліктейді. Бала қашан болмасын әкені ардақтауы керек. «Әке - асқар тау» деп бекер айтылмаған. Әркім өз әкесін әрқашан өзінен жоғары ұстауы керек. Әкені ардақтау - әркімнің міндеті, себебі әке бұл өмірде өте қымбат адамдардың бірі болып табылады. Бүгін №7 орта мектебінде "Ғажайып әлем" лагерінде "15 маусым — әкелер күніне" орай топтар арасында "Әке тұлғасы" тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылды. Мақсаты: сурет салу арқылы балалардың әкеге деген құрметі мен шексіз алғысын білдіру. Байқау нәтижесі бойынша "Ғарышкерлер" тобы 1-орын, "Табиғат" тобы 2-орын, "Алдар көсе" тобы 3-орынды иеленіп, мақтау қағаздарымен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/otdel-bayzak-economy/press/news/details/1017703?lang=kk
"Корнеевка ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау күні туралы АНОНС 21.06.2025
2025 жылғы 30 маусым «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігі әкімінің аппараты Корнеевка  ауылы» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауының нәтижелеріне жария талқылау жүргізіледі.Барлық мүдделі тұлғалар талқылауға қатыса алады.Талқылауға қатысу мәселелері бойынша 2025 жылғы 30 маусымға дейін (қоса алғанда) 31607 телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-esil-korneev/press/news/details/1017791?lang=kk
Өнеркәсіптік даму: Жамбыл облысында заманауи шыны өндірісі іске қосылды 21.06.2025
Жамбыл облысы Байзақ ауданына қарасты Үлгілі ауылында өңірдегі алғашқы шыңдалған шыны шығаратын зауыт өз жұмысын бастады. Индустриялық жобаны жергілікті кәсіпкер қаржыландырып, сәтті іске асырды.Жаңа өндіріс ошағының салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, облыстық мәслихат депутаттары, аудан әкімшілігі мен ауыл тұрғындары қатысты.– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың инвестициялық жобаларды қолдау және жаңа өндіріс орындарын ашу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында өңірде жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бүгін іске қосылған кәсіпорын – осы бастамалардың нақты жемісі. Бұл зауыт ел экономикасының дамуына және жергілікті халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған маңызды жобалардың бірі.«Туған жерге туыңды тік» деген халық даналығын ұстана отырып, туған өлкесіне инвестиция салып, іскерлік танытқан азаматтарға алғысымды білдіремін! Өндіріс ошағының жұмысы жемісті болсын! – деді облыс әкімі құттықтау сөзінде.Бұдан соң Ербол Қарашөкеев аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бердібек Омаровпен бірге зауыттың лентасын қиды.Жобаны «JS GLASS» ЖШС жүзеге асырды. Инвестиция көлемі – 1 млрд теңге. Кәсіпорын жылына 100 мың шаршы метр шыңдалған шыны өндіруге қауқарлы.Зауыт құрылтайшысы Жамалхан Ибрагимовтің сөзінше, мұнда сапа мен қауіпсіздік талаптарына сай заманауи технологиялар қолданылады. Шыны өңдеу кешенінде 40 ауыл тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.Өндіріс орны өңірдің ішкі қажеттілігін толық қамтамасыз етіп, өнімдерін Алматы және Түркістан облыстарының нарығына шығарады.– Соңғы үлгідегі қондырғылармен жұмыс істеуді қытайлық мамандардың көмегімен бір ай ішінде меңгердік. Ауылымызда зауыттың ашылғанына өте қуаныштымын. Жұмысым өзіме ұнайды, – дейді Үлгілі ауылының тұрғыны, зауыт қызметкері Дастан Абделиев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum-moyynkum/press/news/details/1017792?lang=kk
Power Central Asia + China форумы мұнай-газ химиясы мен «жасыл» энергетика саласында стратегиялық жобаларды іске қосады 21.06.2025
Астана, 2025 жылғы 16 маусым – Бүгін Астанада Power Central Asia + China алғашқы өңірлік энергетикалық форумы басталды. Халықаралық шара ҚР Энергетика министрлігі мен «Инфрақұрылым және инновациялық дамуға жәрдемдесу қауымдастығының» (АСИИР) ұйымдастыруымен өтуде. «Орталық Азия – Қытай» саммиті аясында ұйымдастырылған басқосуда үкіметтік және іскерлік топ өкілдері энергетика, өнеркәсіп және жоғары технологиялар саласындағы стратегиялық бастамаларды талқылап, іске қосуды жоспарлауда. Форумның басты мақсаты – Мемлекет басшылары  қол жеткізген екі ел арасындағы саяси ынтымақтастық пен келісімдерді іске асыру. Нәтижесінде еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтатын, шикізатты терең өңдеуді жеделдететін және тиімді энергетикалық экономикаға көшуге жағдай жасайтын стратегиялық жобалар жүзеге асып, ірі инвестициялық келісімдер жасалады. Форумның негізгі бағыттары ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов жиынды ашып, өз сөзінде форумның негізгі басымдықтарын атап өтті: «Энергетикалық ынтымақтастық – Қазақстан мен Қытай арасындағы әріптестіктің өзегі. Бүгінде біз «алтын отыз жылдыққа» қадам баса отырып, мемлекетаралық байланысты дамыту тарихында жаңа деңгейге көтеріліп жатырмыз. Негізгі бастамалар қатарында – Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту, Ақтөбе облысында карбамид өндіретін зауыт салу, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздері саласында ауқымды жобаларды іске асыру бар. Бұл – әртараптандырылған, технологиялық экономика құруға бағытталған қадамдар». Флагмандық жобалар мен келісімдер Пленарлық сессия барысында Қазақстан мен Қытай өкілдері стратегиялық келісімдер арқылы жүзеге асырылатын жобаларды таныстырды:Шымкент МӨЗ-ін жаңғырту: ҚР Энергетика министрлігі, «ҚазМұнайГаз» АҚ мен CNPC зауыт қуатын жылына 12 млн тоннаға дейін арттыруға бағытталған негіздемелік келісімге қол қояды. Нәтижесінде еліміздің шикізат өңдеу, мұнай өнімдерін экспорттау әлеуеті артады.Газ саласы: Ақтөбе облысында карбамид өндіретін зауытты іске қосу. Негіздемелік келісім «QazaqGaz» ҰК, Ақтөбе облысы әкімдігі мен қытайлық серіктестер арасында жасалады. Сонымен қатар, China Construction Bank Corporation инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру үшін 1 млрд доллар көлемінде несиелік желі ұсынатын болады. «Жасыл» энергетика: Форум жаңа бастамаларға жол ашады. Мәселен, энергия жинақтау құрылғысымен жабдықталған «Сауран» күн электр станциясының құрылысы, China Southern Power Grid компаниясымен гидроаккумуляциялық станциялар салу және China Energy International компаниясымен сутегі энергетикасы саласында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою жоспарланған. Технологиялық ынтымақтастық және өндірісті жергіліктендіру  Қытайлық PowerChina, Huawei және Longi корпорациялары Қазақстан аумағында озық технологияларды енгізіп қана қоймай, оларды жергіліктендіруге де дайын екендіктерін жеткізді. Форум аясында зерттеу және даму (R&D) орталықтарын құру, цифрлық шешімдерді енгізу және жоғары технологиялық өндірістерді дамыту жөнінде бірқатар келісімдер жасалады. Қорытынды және тың жобалар бастауы Форумдағы шешуші сәт – энергетика саласының жетекші өкілдері мен инвесторлардың келісімдер топтамасына ресми қол қою рәсімі. Негізгі құжаттардың қатарында Шымкент МӨЗ-ін жаңғырту, газ-химия өндірісін құру және жаңартылатын энергия көздері технологияларын енгізу жөніндегі келісімдер бар. Power Central Asia + China форумы Қазақстан мен Қытай арасындағы энергетика саласындағы әріптестіктің стратегиялық маңыздылығын көрсетті. Қол қойылған келісімдер мен ауқымды жобалар өңірлік энергетикалық қауіпсіздік пен тұрақты экономиканың негізі болмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/1017793?lang=kk
HR Enbek порталында электрондық ұжымдық шарт жасалуы мүмкін 21.06.2025
HR Enbek еңбек ресурстары порталында жұмыс беруші мен кәсіподақ ұйымы арасында электрондық ұжымдық шартты (бұдан әрі – ЭҰШ) жасасу мүмкіндігі бар.Кәсіподақ өкілі порталдағы жеке кабинетте ұжымдық шарт жобасын жасайды және оны жұмыс берушіге келісу үшін жібереді. Жұмыс беруші ЭҰШ жобасын бекіткен кезде ол еңбек заңнамасының сақталуын тексеру үшін автоматты түрде мемлекеттік еңбек инспекторының жеке кабинетіне жіберіледі. Мемлекеттік инспектор бекіткеннен кейін құжатқа жұмыс беруші қол қоя алады.Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін жүйе ЭҰШ-пен жұмыстың барлық кезеңдерінде: жобаға қол қойғанда, оны қайта қарауға жіберген кезде, мемлекеттік еңбек инспекторы құжатты қабылдағаннан немесе қабылдамағаннан кейін автоматты түрде жұмыс берушіге және кәсіподақ ұйымына хабарламалар жібереді.Қол қойылған ЭҰШ кәсіподақ үшін де, жұмыс беруші үшін де көруге және жүктеп алуға қолжетімді болады. Оның түпнұсқалығын электронды құжатта орналастырылған QR коды арқылы тексеруге болады.Ұжымдық шарттардың электрондық форматын енгізу еңбек қатынастарының заңдылығы мен ашықтығын арттыруға, жұмыс берушінің қабылдаған міндеттемелердің орындалуына бақылауды қамтамасыз етуге, жұмыс орындарының сапасын бақылауға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/malshybay-zhezkazgan/press/news/details/1017795?lang=kk
Ұлытау облысында 32 мың гектардан астам жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді 21.06.2025
Өңірде өсімдік шаруашылығымен айналысатын шамамен 40 шаруа қожалығы бар. 2025 жылы егілген егіс алқаптарының жалпы көлемі 32 мың гектарды құрайды, оның ішінде бидай – 22 мың га, арпа – 1,8 мың га, мал азықтық дақылдар – 3,5 мың га, көкөністер мен картоп – 1,0 мың га. Қазіргі уақытта жоспарланған егістік алқап толықтай егілді. Суармалы жер көлемі – 1 000 га. Дәнді дақылдарды себуге қажетті тұқым көлемі – 2 500 тонна. Өсімдік шаруашылығын дамытуға мемлекеттік қолдау шаралары аясында 141,1 млн теңге қарастырылған. Көктемгі егіс науқанына 70 трактор, 220 сепкіш, 2 егіс кешені, 37 жүк көлігі және шамамен 200 қосалқы техника жұмылдырылды. 2024 жылы шегірткеге қарсы химиялық өңдеу 14 900 гектар аумақта жүргізілсе, биыл 24 312 гектар жерге өңдеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Бүгінгі күні 17370 гектар аумаққа химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/malshybay-zhezkazgan/press/news/details/1017797?lang=kk
ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДА ТЫҢАЙТҚЫШТАР 60%-ҒА СУБСИДИЯЛАНДЫ 21.06.2025
Мемлекеттік қолдау шаралары аясында тыңайтқыштарды (аммофос 10-46) субсидиялау жұмыстары жалғасуда. Мамыр айында облыстық бюджеттен 67 миллион теңге көлемінде қаражат бөлініп, «ҚазФосфат» ЖШС-не төленді.Бұл шара нәтижесінде шаруа қожалықтары тыңайтқыш құнының тек 40 пайызын ғана төлеп, өнім сатып алу мүмкіндігіне ие болды. Қалған 60 пайызы мемлекет тарапынан субсидияланады.Шаруалар тарапынан тыңайтқыштарды уақытылы сатып алып, егіс алқаптарына енгізу жұмыстарын күшейту қажет.Қажеттілік туындаған жағдайда облыстық бюджеттен қосымша қаражат бөлу мәселесі қарастырыладыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/malshybay-zhezkazgan/press/news/details/1017799?lang=kk
📢 11 маусымда аудан әкімі Қайрат Омаров жұмыс сапарымен ауылдық округтерді аралады. Іс-сапар барысында оның жедел мәселелер жөніндегі орынбасары және аудан прокуроры Нұржан Қожанов бірге болды. 21.06.2025
Ауылдарды сумен қамтамасыз ету – басты басымдықтардың бірі. Осы орайда Ольгинка мен Повозочное ауылдарындағы су тарту және жол инфрақұрылымын жақсарту жұмыстарының барысы тексерілді.🔎 Аталған нысандардың құрылыс сапасына, жұмыс қарқынына және тұрғындардың қажеттіліктерін ескеруге ерекше көңіл бөлінді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-shalakyn/press/news/details/1017803?lang=kk
Астанада ТМД елдері ІІМ криминалдық бөліністері басшыларының кеңесі өтті 21.06.2025
Астанада ТМД-ға мүше мемлекеттердің Ішкі істер министрліктерінің жедел бөліністері басшыларының ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған кеңесі өтті.Іс-шараға қатысушылар алдында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ержан Саденов сөз сөйледі. Ол ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресте ғана емес, жалпы қылмыстың барлық түрлеріне қарсы іс-қимылда, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде және өзекті қауіп-қатерлерге ден қоюда мемлекетаралық өзара байланысты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.Кеңесте Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресті үйлестіру бюросының директоры полиция генерал-лейтенанты Олег Коновалов, сондай-ақ Әзірбайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан Ішкі істер министрліктерінің басшылары баяндама жасады.Кездесу барысында қарудың заңсыз айналымы арналарының жолын кесу, жедел ақпаратпен алмасуды күшейту және қылмыстық топтарға қарсы іс-қимыл шаралары талқыланды.Жиынға қатысушылар іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ризашылықтарын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1017807?lang=kk
Жазғы лагерь – бұл тек демалатын жер емес. 21.06.2025
Жазғы лагерь – бұл тек демалатын жер емес. Лагерь – әр түрлі жарыстарға қатысып, баланың ашылмай жүрген талантын, белгілі бір қабілетін ашатын орын. Жарыстардан бөлек онда балалар өздері концерттік қойылымдар ұйымдастырып, спорттық ойындар ойнайды. Онымен қоса жазғы лагерьлерінде балалар топпен жұмыс істеуге, көпшіліктің ортасында өзін көрсетуге бейімделеді. №7 орта мектебінің "Ғажайып әлем" жазғы лагерінің балалары жетінші күнінде табиғат аясында демалуға шықты. Табиғат аясында демалу – ең пайдалы әрі рухани нәр беретін тәсілдердің бірі. Табиғат – адам жанын тыныштандырып, тәнін емдейтін ерекше әлем. Ол бізге тек сұлулық пен шабыт емес, сонымен қатар денсаулық пен қуат сыйлайды.Табиғатта демалу – адам денсаулығы мен рухани дамуы үшін таптырмас мүмкіндік. Алайда табиғат бізге қандай мейіріммен қараса, біз де оған сондай жауап қатуымыз керек. Табиғат – біздің ортақ үйіміз. Оны аялау, қорғау – әрқайсымыздың борышымыз. Табиғатта демалудың пайдасы: Психологиялық тынығу. Орманның сыбдыры, құстардың үні, өзеннің сылдыры – бәрі адам психологиясына оң әсер етеді. Табиғи дыбыстар жүйкені тыныштандырып, күйзелісті азайтады.Физикалық белсенділік. Табиғат аясында серуендеу, тауға шығу, велосипед тебу – дене шынықтырудың ең табиғи әрі жағымды түрі. Мұндай әрекеттер жүрек-қан тамырлары жүйесін жақсартып, бұлшық етті нығайтады.Таза ауа. Қаладағы ластанған ауаға қарағанда ормандар мен таулы аймақтардағы ауа әлдеқайда таза. Бұл өкпенің жұмысын жақсартып, иммунитетті көтереді.Жан дүниені байыту. Табиғатпен етене болу адамның рухани әлеміне оң әсер етеді. Әсіресе, балалар үшін табиғатта демалу – қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік пен жанашырлықты тәрбиелейді. Міне, балалар А.Суханбаев атындағы орталық саябаққа серуенге барып "Әкелер, бұл жеңіс саған!" деген ұранмен көптеген спорттық жарыстарға қатысып марапатқа ие болды. Серуен барысында пайдалы тағамдармен қамтамасыз етілді. Соңында естелікке фотосуреттерге түсіп, жадыраңқы көңіл-күйде қайтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/otdel-bayzak-economy/press/news/details/1017700?lang=kk
Поэзияға жол: Ақмола облысының оқушылары еліміздің үздік оқырмандарының қатарында 21.06.2025
Алматы облысы Райымбек ауданындағы Қарасаз ауылында жалпы білім беру ұйымдарының 7-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Мұқағали Мақатаев оқулары» байқауының қорытынды кезеңі өтті.Іс-шара оқушылар арасында М.Мақатаевтың шығармаларын насихаттауға, жалпы білім беретін оқу орындарының оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тума талант, табиғи дарындарын анықтауға бағытталған.Ақмола облысынан республикалық турға облыстық кезеңнің 3 жеңімпазы қатысты;1.«Айтып өткен ақында арман бар ма?» номинациясы бойынша Айбек Иманғали -  Аршалы ауданы  Сарыоба ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің  7-сынып оқушысы;2.«Жыр эстафетасы» номинациясы бойынша Есенбай Айдана - "IQanat High school of Burabai" мектебінің 10-сынып оқушысы;3.«Көкірегімде жыр сәулесі маздайды...» номинациясы бойынша Алтын Әділет -  Целиноград ауданы  Жалғызқұдық ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы.Байқаудың қорытындысы бойынша біздің сайыскерлер тамаша нәтижелер көрсетті.- ІІІ-дәрежелі дипломмен және 30 мың теңге ақшалай сертификатпен Алтын Әділет марапатталды.-  Айбек Иманғали Грамотаға ие болды.Құттықтаймыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu/press/news/details/1017813?lang=kk
ШҚО әкімі және ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қатонқарағай ауданындағы шекара бөлімшелеріне барды 21.06.2025
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтаганов және ҚР Парламенті Мәжілісі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары Катонқарағай ауданындағы Р. Батырханов атындағы және «Өрел» шекара бөлімшелерінде болды. Облыс әкімі және Мәжіліс депутаттары: «Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті депутаттарымен бірге Шығыс Қазақстан облысындағы шекара қызметінің жұмысымен танысып шықтық.Шекарашылар жақсы дайындалған және олар мемлекет шекарасынан ешкімнің заңсыз өтуіне жол бермейді.Шекара заставаларының инфрақұрылымын жақсарту қажет. Депутаттармен келесі үш жылдық бюджет кезінде қаражат бөліп беру жайлы келісімге келдік. Сонымен қатар, аймақ бюджетінен де қаражат бөліп, шекара заставаларының жайлап әлемдік стандартқа жетуіне атсалысамыз. Бұдан бөлек, орталық атқарушы органдармен келісе отырып, пилотсыз ұшу аппараттары және басқа да жабдықтарды сатып алуға бастама көтеретін боламыз», - деді облыс әкімі Нұрымбет Сақтаганов.Айқындалған проблемалар қатарында 1930 жылдары салынған және әбден тозығы жеткен ғимараттар, тұрақты электр қуатымен қамтамасыз етілмеуі және көлік қатынасының шектелуі де бар. 14 маусымда «Уба» шекаралық бақылау бөліміне бару жоспарлануда, мұнда да негізгі мәселе көлік қатынасының шектелуімен байланысты болып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1017815?lang=kk