Enbekshi QazaQ

Әлем

Бәйтерек ауданындағы «Келешек мектептері» жобасы – қарқынды іске асуда 21.06.2025
«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Бәйтерек ауданында екі жаңа білім ордасының құрылысы жүргізілуде:🏫 Достық ауылында – 1200 орындық мектеп. Бұл нысан заманауи пәндік кабинеттермен толық жабдықталып, білім беру сапасын арттыруға мүмкіндік береді.🏫 Пугачев ауылында – 300 орындық мектептің құрылысы жүріп жатыр. Бұл жоба апатты жағдайдағы мектептің мәселесін шешуге бағытталған.🔹 Құрылыс жұмыстарының барысымен Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қайыржан Мендіғалиев және облыстық білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин арнайы танысып шықты.🔸 Аталған нысандар іске қосылған соң, аудандағы білім беру инфрақұрылымының сапасы артып, оқушылар үшін қолайлы, қауіпсіз орта қалыптасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/1017711?lang=kk
Әке деген ұлы есім... Әке – әркімнің сүйенер тіреуі. 21.06.2025
Әке әркімге қымбат. Әкені ардақтай білу керек, өйткені ол отбасының ең басты мүшесі, яғни отағасы. «Әкеге қарап ұл өсер» дегендей әкенің балаға үйретері көп. Ол өзінің болашағына алаңдап ойланып толғанады. Ол болашақта баласының жақсы болуын қалайды.Әке жақсы болса, баласы да соған еліктейді. Бала қашан болмасын әкені ардақтауы керек. «Әке - асқар тау» деп бекер айтылмаған. Әркім өз әкесін әрқашан өзінен жоғары ұстауы керек. Әкені ардақтау - әркімнің міндеті, себебі әке бұл өмірде өте қымбат адамдардың бірі болып табылады. Бүгін №7 орта мектебінде "Ғажайып әлем" лагерінде "15 маусым — әкелер күніне" орай топтар арасында "Әке тұлғасы" тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылды. Мақсаты: сурет салу арқылы балалардың әкеге деген құрметі мен шексіз алғысын білдіру. Байқау нәтижесі бойынша "Ғарышкерлер" тобы 1-орын, "Табиғат" тобы 2-орын, "Алдар көсе" тобы 3-орынды иеленіп, мақтау қағаздарымен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bayzak-otdel-zanyatost/press/news/details/1017713?lang=kk
Оралда ашылатын жаңа мектеп – білім сапасына жаңа серпін 21.06.2025
Орал қаласының Жәңгірхан көшесінде 600 орындық жаңа мектептің құрылысы қарқынды жүруде. Жоба «Келешек мектептері» ұлттық бастамасы аясында жүзеге асырылып, үш ауысымды оқыту мәселесін шешуді мақсат етеді.🔹 Құрылыс барысымен арнайы танысқан Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қайыржан Мендіғалиев пен облыстық білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин нысанның сапасы мен мерзімінде аяқталуын назарда ұстау қажеттігін атап өтті.🔸 Бұл мектеп іске қосылған кезде Орал қаласының білім инфрақұрылымына тың серпін беріп, оқушыларға заманауи, қауіпсіз және жайлы оқу ортасын ұсынатын болады.#келешекмектептеріАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/1017714?lang=kk
🏇 СҚО Бәйгеден екі жүлделі орынға ие болды 21.06.2025
Бүгін Бескөлдегі ипподромда ұлттық ат спортының басты оқиғаларының бірі — бәйгеден ел чемпионатының 4-іріктеу кезеңі өтті. Қомақты жүлде қоры мен финалға жолдама үшін елдің мықты шабандоздары бақ сынасты.Солтүстік Қазақстан облысының намысын 13 спортшы қорғап, жорға жарысы бойынша екі солтүстікқазақстандық шабандоз жүлделі орындарға ие болды! 🥈 Әлия Тоқтасынова және Град Лок есімді аты — екінші орын🥉 Андрей Ровдо және Триумф есімді аты — үшінші орын. Бұл жеңістер — солтүстікқазақстандық спортшылардың жоғары деңгейде дайындалғанын және ұлттық спорт түрлерінде көшбасшы болуға деген ұмтылысын дәлелдейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/1017715?lang=kk
Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады 21.06.2025
Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трампты туған күнімен құттықтады.  Қасым-Жомарт Тоқаев Америка көшбасшысының жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтау жолындағы белсенді әрі прагматикалық қызметін жоғары бағалайтынын атап өтті.   Мемлекет басшысы АҚШ Президентіне Қазақстанмен стратегиялық серіктестікті нығайтуды көздейтін ұстанымы үшін ризашылығын жеткізді.Сонымен қатар еліміздің Құрама Штаттармен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екенін растады.   Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың деніне саулық және жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс тіледі.t.me/aqorda_resmiАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kosshy/press/news/details/1017716?lang=kk
ЖШС «Корпорация Казахмыс» Жыланды кенішінің директоры Байсадыков Нурболат Сайлауовичпен кездесті 21.06.2025
🔹ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкілі А.Б. Каримов қызмет аясында ЖШС «Корпорация Казахмыс» Жыланды кенішінің директоры Байсадыков Нурболат Сайлауовичпен кездесті.Кездесу барысында еңбек ұжымының құқықтарын сақтау, өндірістік қауіпсіздік, жұмысшылардың әлеуметтік және еңбек жағдайлары, сондай-ақ еңбек дауларын шешу тетіктері бойынша бірқатар өзекті мәселелер талқыланды.А.Б. Каримов еңбек заңнамасының сақталуына, жұмыс орнындағы қауіпсіздік пен гигиена талаптарының орындалуына ерекше назар аударды. Өз кезегінде, Н.С. Байсадыков кеніш басшылығы тарапынан барлық заң талаптарының орындалатынын және жұмысшылардың құқықтарының бұзылуына жол берілмейтінін жеткізді.Кездесу қорытындысында тараптар өзара ынтымақтастықты нығайту, жұмысшылардың құқықтарын қорғау және әлеуметтік әріптестікті дамыту мақсатында бірлескен іс-шаралар өткізуге уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-ulytau-oblysy/press/news/details/1017717?lang=kk
«ҚазАгроҚаржы» өз лизинг бағдарламасын іске қосты 21.06.2025
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің компаниялар тобына кіретін «ҚазАгроҚаржы» АҚ өз қаражаты есебінен жаңа лизинг бағдарламасын нарыққа шығарды. Бағдарлама қажеттіліктері қолданыстағы жеңілдетілген бағдарламалардан асып түсетін ауыл шаруашылығы өндірушілеріне бағытталған. Жаңа өнім шаруаларға қазір қолжетімді.Бағдарлама «Бәйтерек» Холдингінің еншілес компанияларды қаржыландыру бағдарламалары бойынша мөлшерлемелерді біріздендіру жөніндегі жаңа стратегиясының шеңберінде әзірленді және жылдық 12,6% мөлшерлемені, 10 жылға дейінгі лизинг мерзімін және 15%-дан басталатын авансты көздейді. Қаржыландыру тек компанияның меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады, бұл өнімді ағымдағы сұраныс жағдайында ұзақ мерзімді инвестициялық ресурстарға өте икемді етпек.«Жаңа бағдарлама – нарық сұранысына біздің стратегиялық жауабымыз. Жеңілдетілген механизмдерден қалыс қалған бағыттар мен техника түрлері жетерлік. Оларды қаржыландыруға да қажеттілік сақталып отыр. Өз ресурстарымызды пайдалана отырып, біз мемлекеттік бағдарламалардан тыс қалғандар үшін қосымша мүмкіндіктерге жол ашып отырмыз.  Бұл жеңілдетілген шешімдерге балама емес, оларды логикалық және дер кезінде толықтыру», - деп атап өтті «ҚазАгроҚаржы» АҚ басқарма төрағасы Айдар Прашев.Осылайша, бағдарлама шеңберінде 2025 жылы АӨК субъектілерінің кең ауқымын қамти отыра, 20 млрд теңге шамасында қаржыландыру жоспарланып отыр.  Жаңа өніммен қатар, «ҚазАгроҚаржы» отандық техниканы жылдық 5%-бен лизингке берудің флагмандық жеңілдетілген бағдарламасын іске асыруды жалғастыруда. 2025 жылы оған 200 млрд теңге бөлінді, қазірдің өзінде 76 млрд теңге сомасына 4 мыңнан астам техника сатып алу қаржыландырылды. Сондай-ақ, «Қазақстанда жасалған», 6%-бен «Жеңілдетілген лизинг», «Өз жем-шөбіміз» бағдарламалары да қолданыста, осы бағдарламалар бойынша қаржыландыру 18,5 млрд теңге көлемінде деп болжанған.Бұл құралдардың барлығы ауыл шаруашылығын дамытуға, азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға және отандық машина жасауды қолдауға бағытталған.Дереккөз: ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми сайтыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/1017722?lang=kk
Қазақ күресінен облыс чемпионаты өтті 21.06.2025
11-13 маусым күндері Семей қаласында 2012-2013 жылы туған жасөспірімдер арасындақазақ күресінен Абай облысының чемпионаты өтті.Бұл дода – болашақ чемпиондарды анықтайтын маңызды алаң болды. Жас балуандар бозкілемде өз күш-жігерін, техникалық дайындықтарын көрсетіп, нағыз ерік-жігер мен табандылықтың үлгісін көрсетті.Қазақ күресі – ұлт рухының айнасы!Балуандарымызға алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-sport/press/news/details/1017723?lang=kk
Әке деген ұлы есім 21.06.2025
Әке – әркімнің сүйенер тіреуі. Әке әркімге қымбат. Әкені ардақтай білу керек, өйткені ол отбасының ең басты мүшесі, яғни отағасы. «Әкеге қарап ұл өсер» дегендей әкенің балаға үйретері көп. Ол өзінің болашағына алаңдап ойланып толғанады. Ол болашақта баласының жақсы болуын қалайды.Әке жақсы болса, баласы да соған еліктейді. Бала қашан болмасын әкені ардақтауы керек. «Әке - асқар тау» деп бекер айтылмаған. Әркім өз әкесін әрқашан өзінен жоғары ұстауы керек. Әкені ардақтау - әркімнің міндеті, себебі әке бұл өмірде өте қымбат адамдардың бірі болып табылады. Бүгін №7 орта мектебінде "Ғажайып әлем" лагерінде "15 маусым — әкелер күніне" орай топтар арасында "Әке тұлғасы" тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылды. Мақсаты: сурет салу арқылы балалардың әкеге деген құрметі мен шексіз алғысын білдіру. Байқау нәтижесі бойынша "Ғарышкерлер" тобы 1-орын, "Табиғат" тобы 2-орын, "Алдар көсе" тобы 3-орынды иеленіп, мақтау қағаздарымен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak-temirbek/press/news/details/1017712?lang=kk
Сегізінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының бірлескен тұрақты комиссиясы өтті 21.06.2025
Сегізінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының бірлескен тұрақты комисиясының кезекті отырысында 2024 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп қаралды.Жиынды тұрақты комиссия төрайымы Фарида Жүнісова ашып, жүргізіп отырды.Алдымен «Облыстық бюджеттің атқарылуы, өңірдің салық-бюджет саясатының тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында қабылданған негізгі бағыттарының іске асырылуы және даму жоспарының іске асырылуы туралы» облыс әкімінің міндетін атқарушы Н. Календеров баяндама жасады.«Облыстық бюджеттің атқарылуы туралы» облыстық тексеру комиссиясының төрағасы Н.Тұрлыбек баяндады.Сондай-ақ, өңірдің даму жоспарларының нысаналы индикаторларына қол жеткізілуі, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы С. Назарбек кеңінен айтып өтті.Және тұрақты комиссия төрайымы Фарида Жүнісова «Облыстық бюджеттің атқарылуы туралы қорытынды баяндама жасап, жиынды қорытындылады.Жиын барысында депутаттар өткен жылдың бюджетінің атқарылуы және басқа да мәселелер бойынша сұрақтар қойып, тұщымды жауаптар алдыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhambyl/press/news/details/1017735?lang=kk
Қосшы қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен әкелер күні қарсаңында «OTBASY FEST» фестивалі өтті 21.06.2025
Отбасы құндылықтарын нығайту, әкенің бала тәрбиесіндегі маңызын арттыру, әкелер мен балалар арасындағы байланысты күшейту мақсатында өткен шараның маңызы ерекше.Байқауға қатысқан белсенді әкелер:- шеге қағу;- қымыз ішу;- пазл құрау;- атқа шалма салу;- арқан тартыс сияқты сайыстармен сынға түсті.🏆 Байқайдың жеңімпаздары дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.I -орын - Арасанбек отбасы;II -орын - Балғожиндер отбасы;III - орын - Мұратхан отбасы жеңіп алды.Сондай ақ белсенді қатысқандары үшін:🔸 Бейсенбаевтар отбасы🔸 Апакаевтар отбасы🔸 Жанаберген отбасы марапатталды.Байқауға “Өнер” жас талалантар академиясының директоры - Жанар Шалқарбекқызы, “Jana bastau” әлеуметтік экономикалық, қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы - Дәулетқали Асау және Тайтөбе ауылдық Мәдениет үйінің директоры - Айбек Кеңес төрелік етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-kosshy/press/news/details/1017728?lang=kk
Алматы әкімі №4 ауруханадағы қайта жаңғырту жұмысын уақытында аяқтауды тапсырды 21.06.2025
Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды №4 қалалық клиникалық аурухананың қабылдау бөліміндегі қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты. Бұл - тәулік бойы үздіксіз қызмет көрсететін, Алматыдағы маңызды көпсалалы медициналық мекемелердің бірі.  Қабылдау бөліміне тәулігіне орта есеппен 250-300 науқас түседі. Жылына клиникада 12 500-ге дейін ота жасалады. Мұнда 260 дәрігерді қамтыған жалпы саны 1118 қызметкер жұмыс істейді.Жаңғырту жобасы жалпы ауданы 7 мың шаршы метрге жуық 5 бөлім мен 4 блокты қамтиды. Негізгі мақсат - қабылдау бөлімін кеңейту, халықаралық triage-сұрыптау жүйесін енгізу, жаңа операциялық залдарды ашу, 12 төсектік шұғыл ОАРИТ бөлімін құру, сондай-ақ өңірлік травматология және ортопедия орталығын қалыптастыру. Қайта жаңғыртуды аяқтау мерзімі - 2026 жылғы ақпан деп белгіленген.Құрылыс барысында медициналық мекеменің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету басты назарға алынған. Бұл үшін оқшауланған желдету жүйесі, нақты демонтажды бақылау, ангиографқа арналған «жасыл дәліз» және диагностикалық қызметтерге жеке қолжетімділік қарастырылған.Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды мердігер ұйымдарға барлық кезеңде жоғары сапаны қамтамасыз ете отырып, белгіленген мерзімдерге қатаң мән беруді тапсырды.Жұмыс сапары аясында қала әкіміне онкологиялық орталықтың қазіргі жағдайы туралы баяндалып, 250 төсек-орындық көпсалалы аурухана мен бір ауысымда 350 келушіні қабылдай алатын кеңес-диагностикалық орталықтың құрылыс жобасы ұсынылды.Жыл сайын онкология орталығына келетін науқастар саны өсуде. Соңғы алты жылда ем алғандар саны екі есеге артып, 12 мыңнан 24 мың адамға жетті. Осыған байланысты жаңа заманауи онкоорталық салу қажеттілігі туындап отыр.Қала әкімі Дархан Сатыбалды бейінді инфрақұрылымды дамыту мен халыққа жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімділігін арттырудың маңыздылығын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-densaulyk/press/news/details/1017740?lang=kk
Катонқарағай ауданындағы «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі аяқталды 21.06.2025
Шығыс Қазақстан облысында Катонқарағай ауданындағы «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі мәреге жетіп, нағыз мәдениет мерекесіне айналды. Шараға ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты. «Фестиваль мәдениеттердің жақындасып, тіл табысуына негіз болды. Ол бірлік рухымен, әуенімен, жарықпен және жылулыққа толы болды. Бұл шара қатысушылардың және көрермендердің жүректерінде терең із қалдырып, халқымыздың рухани мұрасын сақтау және дамыту жолындағы бастамаларына серпіліс береді», — деді ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов. Шоу-фестиваль аясындағы бағдарламада этноансамбльдердің көрсетілімі болды, Қазақстанның әр аймағынан және әлемнің 11 мемлекетінен келген эстрада жұлдыздары көрермендерге көтеріңді көңіл-күй мен мереке атмосферасын сыйлады. Қонақтар түркі әлеміның байлығы мен әралуандығын көрсететін бірегей музыкалық туындыларды тыңдады. Эпостық әуендердің қатарындағы «Очи Бала» (орындаушы — Болот Байрышев, Ресей Федерациясының Алтай Республикасынан), «Домбыра» (Архан Уйғу, Ресей Федерациясының Саха Республикасынан), «Осы музыка ұнайды» (Ернар Садырбаев) және «МузАрт» тобы орындаған «Ұлы Дала» әні кездесудің сәніне айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1017742?lang=kk
Абай облысының ақындары халықаралық және республикалық деңгейдегі жыр додаларында топ жарды 21.06.2025
Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданында өткен «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» атты халықаралық фестиваль аясында бірқатар әдеби-мәдени шаралар ұйымдастырылды. Абай облысының ақындары бұл жыр мерекесінде жүлделі орындарға ие болып, өңіріміздің шығармашылық әлеуетін тағы бір мәрте танытты.Топқайың ауылы маңында өткен «Төр Алтай Қалиханы мен Дидахметін жырлайды» атты республикалық поэзия фестивалінде Абай облысының ақындары Мерей Қарт пен Бауыржан Игілік жүлделі орын иеленді. Поэзия мен ғылым тоғысқан бұл әдеби жиын көрнекті қаламгерлер Қалихан Ысқақтың 90 жылдығы мен Дидахмет Әшімханұлының 75 жылдығына арналды. Фестивальде ұлттық болмыс, рухани сабақтастық және көркем сөздің қадірі кеңінен насихатталды.Сондай-ақ, фестиваль аясында өткен «Алтай – алтын бесігім» атты халықаралық ақындар айтысында жерлесіміз Рүстем Қайыртай жүлделі бірінші орынды жеңіп алды. Айтыс Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Бұл поэзиялық сайысқа Қазақстан, Қырғызстан және Моңғолиядан келген танымал ақындар қатысты.Бұл айтулы оқиға – түркі дүниесінің мәдениеттерін тоғыстырған, айтыс өнерінің рухани құндылығы мен мәртебесін көтерген маңызды мәдени басқосу болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-cultura-arhiv/press/news/details/1017745?lang=kk
Жетісу облысы әкімінің БАҚ өкілдері арасындағы «Құлагер» байқауының ережесі 21.06.2025
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ1.1. Жетісу облысы әкімі «Құлагер» сыйлығы үшін журналистер арасындағы байқау – облыстағы бұқаралық ақпарат құралдары (бұдан әрі – БАҚ) мен жаңа медиа өкілдері арасында дәстүрлі түрде өткізілетін байқау.Байқаудың ұйымдастырушысы – Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы (бұдан әрі – ҚДБ).1.2. «Құлагер» байқауы Жетісу облысының дамуын ақпараттық қолдауға бағытталған облыстық ауқымдағы іс-шара.1.3. Байқауға Жетісу облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен өзге де өзекті мәселелерін жариялап жүрген штаттық немесе штаттан тыс авторлар, өңірлік газеттердің редакциялары, телерадиокомпаниялар, шығармашылық бірлестіктер, ақпараттық агенттіктер мен жаңа медиа өкілдері қатыса алады.БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ МЕН  МІНДЕТТЕРІ2.1. Жетісу облысы әкімінің БАҚ өкілдері арасындағы  «Құлагер» байқауы халықты облыс аумағында атқарылып жатқан жұмыстардан хабардар ету мақсатында өтеді.2.2.    Байқаудың негізгі мақсаттары:- бұқаралық ақпарат құралдарын дамыту және ілгерілету;- жаңа медианы танымал ету (блогинг, мобильді журналистика және т.б.);- Жетісу облысының әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын көрсету.2.3      Байқаудың негізгі міндеттері:Баспа, электронды БАҚ және жаңа медиа өкілдерінің кәсіби дамуын, шығармашылықта өзін-өзі дамытуын моральдық және материалдық тұрғыда ынталандыру;Облыстағы журналистика қоғамдастығында жаңа перспективалы есімдерді анықтау.КОНКУРСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН  ТАЛАПТАР3.1. Жетісу облысы әкімінің БАҚ өкілдері арасындағы «Құлагер» байқауына қатысушылар:- өңірлік БАҚ, Республикалық БАҚ облыстағы меншікті қызметкелері;- жеке үміткерлер – өңірлік және республикалық БАҚ-та жұмыс істейтін журналистер (штаттық және штаттан тыс қызметкерлер), облыстық, қалалық, аудандық мерзімді басылымдар, телерадиокомпаниялар мен басқа да ақпараттық ұйымдардың өкілдері;- жаңа медиа өкілдері (блогерлер, қауымдастық әкімшілері және басқалар).3.2.   Үміткер ұсынылған материалдардың заңды құқықтарына толық жауапты. Үміткер туралы ақпарат өтінімді толтыру кезінде қолданылған орфография мен пунктуацияны сақтай отырып жарияланады;3.3. Өткен жылы (2024 жыл) конкурстың жеңімпазы атанған БАҚ және жаңа медиа өкілдері ағымдағы конкурсқа қатыспайды.                                                           КОНКУРС АТАЛЫМДАРЫ4.1. Байқау келесі аталымдар бойынша өткізіледі:         «Үздік мақала»;«Үздік телесюжет»;«Үздік оператор»;«Үздік бейне жұмыс»;«Үздік баспадизайн»;«Жұмысшы мамандықтарының жылы», «Таза Қазақстан», «Адал Азамат», «Заң және тәртіп» тықырыптарындағы үздік блогерлік жұмыс»;«Үздік фото».АРНАЙЫ НОМИНАЦИЯЛАР    «Үздік баспасөз қызметі»;«Ардагер журналист»;«Бейсен Құранбек атындағы кәсіби шеберлігі үшін».КОНКУРС МАТЕРИАЛДАРЫН БАҒАЛАУ  ӨЛШЕМДЕРІ:5.1.  Байқау бір кезеңде өткізіледі.5.2. Үміткерлер тек бір номинацияға ғана  қатыса алады. Тіркелген баспасөз, электрондық БАҚ-та және жаңа медиада 2024 жылғы 1 маусымнан бастап 2025 жылғы 23 маусым аралығында эфирге шыққан, жарияланған бір материал  ұсынылуы тиіс.5.3.  Берілген материалдардың біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалау үшін   ұйымдастырушылар әділқазылар алқасын құрып, бекітеді. Қазылар алқасы тиісті біліктілік талаптарына сәйкес материалдарды сараптамалық бағалау әдісімен саралайды.  5.4. БАҚ материалдарын бағалау өлшемдері (1-ден 5 баллға дейін):Ұсынылған аталымға сәйкестігі;Мәселенің әлеуметтік маңызын азаматтық тұрғыдан көрсету шеберлігі;Материалды ұсынудағы жаңалық және ерекшелік, кәсібилік пен публицистикалық шеберлік;Жарияланым сапасы (тұжырымдар, цифрлар, фактілер);Фотосуреттердегі арнайы эффектілер 30% дан аспауы керек, авторлық құқық бұзылмауы қажет.БЕЙНЕМАТЕРИАЛҒА ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР:Файл көлемі: 25 ГБ дейін;Формат: mp4;Видеокодек: H264 (MainConcept);Bitrate: 3 600-ден 10 000 kbps-ге дейін;Разрешение: 1280х720 немесе 1920 х 1080;Framerate: 25fps;Keyframe: әрқайсысы 25;Қажет болған жағдайда қазылар алқасының мүшелері әр номинацияға қосымша талаптар қоюы мүмкін.БАЙҚАУДЫҢ ӨТУ ТӘРТІБІ6.1.    Өтінімдер осы Ереже жарияланған күннен бастап 2025 жылғы  24 маусымға  дейін қабылданады. Конкурсқа 2024 жылдың 1 маусмынан 2025 жылғы 23 маусым аралығында интернетті қоса алғанда, тіркелген газеттерде, тағы басқа да  БАҚ-та, телеэфирлерде, әлеуметтік желілерде, блогтарда  жарияланған материалдарды ұсынуға болады.6.2.    Байқаудың қазылар алқасы берілген материалдарды бағалайды және ең үздік жұмыстарды іріктейді, солардың ішінен жеңімпазды анықтайды. Материалдардың авторы қазылар алқасы үшін жасырын болады.БАЙҚАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ7.1. Байқауды үйлестіру ұйымдастыру комитетіне жүктеледі.7.2. Ұйымдастыру комитеті байқауды өткізу кезінде деректер базасын әзірлеп, оның ішіне, байқауға қатысушылардың жіберген жұмыстарын, байқауға  қатысушылардың тізімін, байқау жеңімпаздарының тізімін енгізеді.7.3. Ұйымдастыру комитеті жұмыс барысында осы Ережені  басшылыққа алады.КОНКУРСТЫҢ ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ8.1. Конкурстық жұмыстарды бағалау үшін ұйымдастыру комитеті әр аталым бойынша  қазылар алқасын құрады;   8.2. Қазылар алқасы ізденушілер ұсынған материалдарды қарайды, саралайды және сараптамалық бағалау жасайды;  8.3.    Қазылар алқасының құрамына конкурстың ұйымдастырушысы –қоғамдық журналистік ұйымдардың, республикалық және аймақтық БАҚ өкілдері, қоғамдық бірлестіктер және т.б. 8.4. Қазылар алқасы байқау ұйымдастырушылары тарапынан бекітіледі. КОНКУРС ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРУ9.1. Қазылар алқасы конкурстың қорытындысы бойынша жеңімпаздарды анықтайды.9.2.  Марапатқа лайық материалдар болмаған жағдайда қазылар алқасы жүлделі орын бермеу жөнінде байқау  ұйымдастырушыларына ұсыныс жасауға хақылы. 9.3.  Ресми қорытындыларды шығару және жеңімпаздарды бағалы сыйлықтармен марапаттау 2025 жылдың 27 маусымда өтеді. Ресми марапаттау салтанатына жүлделі орын алған журналистер, журналистік ұжымдар, қазылар алқасының мүшелері, ұйымдастырушылар мен демеушілер, мемлекеттік органдардың, іскер, академиялық және журналистік топтардың өкілдері қатысады.9.4. Қазылар алқасымен анықталған байқаудың жеңімпаздары сертификатпен, мүсіншемен және ақшалай сыйақымен марапатталады.БАЙҚАУҒА МАТЕРИАЛДАРДЫ ҰСЫНУ  ШАРТТАРЫ10.1.    Байқауды өткізудің белгіленген мерзімінен бұрын немесе кейін жарияланған, сондай-ақ, бұрын жарияланып, қайта басылған материалдар байқауға қабылданбайды. Ұсынылған материалдардың коммерциялық сипаты болмауы керек. 10.2.    Конкурстық материалдар келесі мекенжайда қабылданады: Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, №28-үй, Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы  немесе мына электрондық мекенжай бойынша: 7su-smi@mail.ru .10.3.    Байқау жұмыстарының тілі – қазақ, орыс;10.4.    Материалдар баспа немесе электрондық түрде қабылданады.10.5.  Электронды басылымдарда өтінімдерді қабылдаудың шарттары:Материалдар MP4, full HD форматта қабылданады;Материалдың хронометражы 5 минуттан аспауы тиіс;Фотосуреттер ең төменгі кеңейтумен 2398х3602 пиксельден бастап.10.6.  Конкурстық материалдар өңделмейді және қайтарылмайды. Байқауға берілген материалдар бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ интернет ресурстарда  және басқа да дереккөздерде  толық немесе ішінара жариялануы мүмкін.Дереккөз: Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасыЖетісу облысы әкімінің БАҚ өкілдері арасындағы «Құлагер» байқауының ережесіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/1017748?lang=kk
Жоғары Сот Кеңесінде алғаш рет Кеңес Төрағасы Дмитрий Малахов Аппарат қызметкерлерінің теориялық және практикалық дағдыларын жұмыс орнынан қол үзбей жүйелі түрде жетілдіру туралы шешім қабылдады 21.06.2025
Жоғары Сот Кеңесінде алғаш рет Кеңес Төрағасы Дмитрий Малахов Аппарат қызметкерлерінің теориялық және практикалық дағдыларын жұмыс орнынан қол үзбей жүйелі түрде жетілдіру туралы шешім қабылдадыБекітілген құқықтық жалпы оқыту кестесіне сәйкес айына екі рет мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығы мен кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған оқыту семинарлары өткізіледі.Семинарлар қызметкерлердің түрлі бағыттар бойынша құзыреттерін арттыруға арналған.Оқыту барысында құқық шығармашылық үдерісін жетілдіру бойынша мемлекет қабылдап жатқан шаралар мен құқықтық актілерді әзірлеу кезінде қолданылатын қолданыстағы заңнама талаптары жан-жақты таныстырылды.Құжаттамалық қамтамасыз ету мәселелеріне жүйелі әрі сапалы тәсілді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің сарапшылары – Амангүл Ермағанбетова мен Шынар Шахманованың қатысуымен оқыту семинары өтті. Спикерлер істер номенклатурасын жүргізу мен архивтік сақтау ісін ұйымдастыру бойынша тәжірибелік ұсынымдарымен және кәсіби әдістемелерімен бөлісті.Мемлекет басшысының бюджет қаражатын ұтымды пайдалану жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында Аппарат қызметкерлері бюджет жоспарлау мәселелері бойынша оқытудан өтіп, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жекелеген аспектілерін зерделеді.Мемлекеттік қызметшілердің азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынасындағы моральдық-этикалық нормаларды сақтау қажеттілігі мәселесі жеке бағыт ретінде қаралды. Бұл тақырыптар сондай-ақ құмар ойындарға тәуелділікпен (лудоманиямен) күрес шараларына арналған семинарда талқыланды.Кеңес қызметіне ашықтық пен айқындық қағидаттарын енгізу шеңберінде бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша семинар ұйымдастырылды. Оны іскерлік және көпшілік коммуникациялар бойынша маман, PR-технолог Акерке Берлібай жүргізді.Қоғаммен тұрақты және сенімді диалог орнату, сондай-ақ азаматтардың өтініштерін қарау сапасын арттыру мақсатында азаматтарды жеке қабылдауды ұйымдастыру, сондай-ақ Кеңеске келіп түсетін азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі мәселелері бойынша семинарлар өткізілді.Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Аппарат қызметкерлерінің кәсіби деңгейін жүйелі түрде арттыруға ерекше назар аударады. Оқу-ағарту және түсіндіру жұмысы тәжірибелік маңыздылыққа, құзыреттерді дамытуға және Аппарат жұмысының сапасын тұрақты арттыруға баса назар аудара отырып, дәйекті түрде жалғастырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vss/press/news/details/1017750?lang=kk
Қазақстанда «Өрлеу» бизнесті қолдаудың жаңа бағдарламасы іске қосылды 21.06.2025
Шағын және орта бизнесті қолдау құралдары көбейді: Қазақстанда «Өрлеу» жеңілдікті несиелендірудің жаңа бағдарламасы іске қосылды. Сыйақы мөлшерлемесі - жылдық 12,6%-дан аспайды, мерзімі - 10 жылға дейін.«Жаңғыртуға, өндірісті кеңейтуге немесе отандық материалдар мен жабдықтарға көшуге инвестиция қажет пе? «Өрлеу» бағдарламасы - инвестициялық мақсаттарға 7 млрд теңгеге дейін және айналым қаражатына 3,5 млрд теңгеге дейін алу мүмкіндігіңіз. Мөлшерлеме - 12,6%-дан жоғары емес, мерзімі - 10 жылға дейін, қайта қаржыландыру бар. Ал егер жоба талаптарға сай келсе, онда «Даму» қорынан кепілдік алуға болады», - деп хабарлайды Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы.Қазақстанда тіркелген ШОБ субъектілері қатыса алады. Экономиканың келесі секторлары басымдыққа ие: өңдеу өнеркәсібі, көлік және қоймалау, туризм, білім беру, денсаулық сақтау.Өтінімдерді Freedom Bank, ЦентрКредит Банкі және Halyk bank қабылдайды.Толығырақ - damu.kz сайтында және 1408 нөмірі бойынша.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1017752?lang=kk
Жазғы лагерь – бұл тек демалатын жер емес 21.06.2025
Лагерь – әр түрлі жарыстарға қатысып, баланың ашылмай жүрген талантын, белгілі бір қабілетін ашатын орын. Жарыстардан бөлек онда балалар өздері концерттік қойылымдар ұйымдастырып, спорттық ойындар ойнайды. Онымен қоса жазғы лагерьлерінде балалар топпен жұмыс істеуге, көпшіліктің ортасында өзін көрсетуге бейімделеді. №7 орта мектебінің "Ғажайып әлем" жазғы лагерінің балалары жетінші күнінде табиғат аясында демалуға шықты. Табиғат аясында демалу – ең пайдалы әрі рухани нәр беретін тәсілдердің бірі. Табиғат – адам жанын тыныштандырып, тәнін емдейтін ерекше әлем. Ол бізге тек сұлулық пен шабыт емес, сонымен қатар денсаулық пен қуат сыйлайды.Табиғатта демалу – адам денсаулығы мен рухани дамуы үшін таптырмас мүмкіндік. Алайда табиғат бізге қандай мейіріммен қараса, біз де оған сондай жауап қатуымыз керек. Табиғат – біздің ортақ үйіміз. Оны аялау, қорғау – әрқайсымыздың борышымыз. Табиғатта демалудың пайдасы: Психологиялық тынығу. Орманның сыбдыры, құстардың үні, өзеннің сылдыры – бәрі адам психологиясына оң әсер етеді. Табиғи дыбыстар жүйкені тыныштандырып, күйзелісті азайтады.Физикалық белсенділік. Табиғат аясында серуендеу, тауға шығу, велосипед тебу – дене шынықтырудың ең табиғи әрі жағымды түрі. Мұндай әрекеттер жүрек-қан тамырлары жүйесін жақсартып, бұлшық етті нығайтады.Таза ауа. Қаладағы ластанған ауаға қарағанда ормандар мен таулы аймақтардағы ауа әлдеқайда таза. Бұл өкпенің жұмысын жақсартып, иммунитетті көтереді.Жан дүниені байыту. Табиғатпен етене болу адамның рухани әлеміне оң әсер етеді. Әсіресе, балалар үшін табиғатта демалу – қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік пен жанашырлықты тәрбиелейді. Міне, балалар А.Суханбаев атындағы орталық саябаққа серуенге барып "Әкелер, бұл жеңіс саған!" деген ұранмен көптеген спорттық жарыстарға қатысып марапатқа ие болды. Серуен барысында пайдалы тағамдармен қамтамасыз етілді. Соңында естелікке фотосуреттерге түсіп, жадыраңқы көңіл-күйде қайтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak-temirbek/press/news/details/1017709?lang=kk
Астық, майлы дақылдар және бұршақ дақылдарын өндірушілерге арналған сауда стратегиясы бойынша ұсыныстар 16.06.2025 21.06.2025
Дәнді дақылдарДәнді дақылдар нарығында 28 плюс дәнмаңызы бар 3 классты бидайдың құны өсті.элеватардан, ҚҚС-мен,  тг/кгАғымдағы баға(элеватор)ӨзгерістерҰсынымМүмкінмаксМүмкін минжұмсақ бидай 3 сыныпты, 28 клк +131+3ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ145-жұмсақ бидай 3 сыныпты, 25 клк дейін96-ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ100-жұмсақ бидай 3 сыныпты, 23 клк дейін91-ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ95-жұмсақ бидай 4 сыныпты, 20 клк дейін88-ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ92-жұмсақ бидай 5 сыныпты, 17клк дейін80-ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ84-арпа 2 сыныпты85-ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ87-Дурум (прот 14+)81-САТУ110-Дурум (прот 15+)94-САТУ13090Қызыл-бір апта ішінде төмендеу, жасыл-көтерілу, барлық бағалар-жаңа егінге қатыстыМайлы/Бұршақ Дақылдарытг/кг, с НДС, с элеватораТекущая ценаИзмененияРекомендацияВозможныймаксВозможный минЗығыр300+4ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ310-Рапс223-ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ250180Күнбағыс202-ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ210160Мақсары138-САТУ15085Соя204-ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ225-Қыша қара/ақ177-ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ300200Бұршақ (сары)*135-ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ14580Жасымық қызыл**238-ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ265-Зығыр395-ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ450-Майлы дақылдар тобында зығыр қымбаттады.- сыйақылы сапа кезінде солтүстік өңірлер, * * - ҚҚС-сыз Курсив жаңа өнім бөліп бердіТүсіндірме:Ағымдағы баға-келісімшарттар жасалатын элеваторда немесе вагонда Қазақстан ішіндегі ҚҚС-пен орташа өлшенген бағалар. Бағалар аймаққа, сапа көрсеткіштеріне, жеткізу шарттарына байланысты өзгеруі мүмкін.Ұсыныстар: Тоқтату-сауданы неғұрлым қолайлы бағаларға дейін тоқтата тұру ұсынылады; қажет болған жағдайда сату (техникалық, қаржылық); сату – тауарды сату ұсынылады, өйткені жақын арада қолайлы перспективалар күтілмейді.Мүмкін макс-бұл нақты брошюраның авторлары ағымдағы сауда маусымында бағаға жетуі мүмкін сияқты көрінетін бағаның жоғарғы шегі. Бұл пікір түпкілікті емес және жағдайға байланысты өзгеруі мүмкін.Мүмкін мин-бұл ағымдағы маусымда Мәдениет қол жеткізе алатын бағаның төменгі шегі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/1017761?lang=kk
202 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тен төлем алды 21.06.2025
2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 202,8 мың адамды құрады. Бұл ретте биыл 138,2 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалды. Төлемдердің жалпы сомасы 51,6 млрд теңге болды.Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған жұмыскерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады. Төлем жоғалған кірістің 45%-ына дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады.Төлем тағайындау үшін жұмыстан босатылған жұмыскерге:- eGov.kz порталында авторизациялану;- «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімінде «Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу» қызметін таңдау;- онлайн-қызметке тапсырыс беріп, барлық жолдарды толтыру және оған ЭЦҚ-мен қол қойып, өтінімді жіберу қажет;- бір күн ішінде тұрғылықты жеріңіздегі мансап орталығы (бұдан әрі – МО) бос жұмыс орындарын ұсынады;- егер жұмыс табылмаса, 3 жұмыс күні ішінде қашықтықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі (қажет болған жағдайда сізге МО қызметкері қосымша ақпарат жинау үшін хабарласады);Бұл қызметті онлайн режимінде Электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) арқылы да алуға болады.Жұмыссыз ретінде тіркелу туралы мәліметтер болған кезде Еңбекминінің ақпараттық жүйесі проактивті форматта МӘСҚ-тан төлемді тағайындау бойынша қызмет көрсетуге келісу үшін мобильді телефонға SMS-хабарлама жібереді. Келіскен жағдайда SMS-хабарламаға жауап беру қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады.Естеріңізге сала кетейік, МӘСҚ қаражаты есебінен жұмыстан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем жұмыстан шығу себептеріне қарамастан жүзеге асырылады және жұмыссыз адамды ол жұмыс іздеген кезеңде қолдауға арналған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/1017763?lang=kk