Enbekshi QazaQ

Әлем

Жоғары Сот Кеңесінде судьяларды конкурстық іріктеу 14.10.2025
Жоғары Сот Кеңесінде судьяларды конкурстық іріктеуҚазақстанда судьялық лауазымдарға тағайындау тек қана конкурс арқылы жүзеге асырылады.Жоғары Сот Кеңесі конкурстық рәсімдерді қамтамасыз ететін уәкілетті орган болып табылады.Жоғары Сот Кеңесі конкурстық іріктеу рәсімін кезең-кезеңімен жаңғыртып, бүгінгі күні ол үміткерлерді бағалаудың көпсатылы және жүйелі тетігіне айналды.Конкурсқа қатыса алады:Кеңес жанындағы біліктілік емтиханын сәтті тапсырған тұлғалар;Сот төрелігі академиясының түлектері;жүйе ішінде ауысқысы келетін жұмыс істеп жүрген судьялар;бұрын судьялық лауазым атқарған тұлғалар.Конкурстық іріктеу рәсімі мынадай кезеңдерден тұрады:хабарландыруды жариялау және құжаттарды қабылдау;талаптарға сәйкестігін тексеру;цифрландыруға жатпайтын мәліметтер бойынша кешенді бағалау;цифрлық критерийлер бойынша автоматтандырылған бағалау;қоғам пікірін зерделеу;құзыреттілік бойынша сұхбат (жұмыс жасап жүрген судьялардан басқа үміткерлер үшін);Конкурстық іріктеу комиссиясының отырысы;Жоғары Сот Кеңесінің қорытынды отырысы.Конкурстың барысы, оның кезеңдері мен нәтижелері туралы барлық ақпарат Кеңестің ресми интернет-ресурсында және әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланады.Жоғары Сот Кеңесі Төраға Дмитрий Малаховтың басшылығымен ішкі үдерістерді оңтайландыру есебінен өткізілетін конкурстар санын арттырды. Бұл ретте іріктеу сапасы төмендеген жоқ, керісінше үміткерлерге қойылатын талаптар күшейтілді. Мұндай жұмыс бос лауазымдарды уақтылы толтыруға және жұмыс жасап жүрген судьялардың жүктемесін азайтуға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vss/press/news/details/1072100?lang=kk
Сыр өңірінің делегациясы Семейдегі бірқатар нысандарды аралады 14.10.2025
Абай облысында өтетін Қызылорда облысының өнер күндеріне барған Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бастаған делегация Семейдегі «Абай ұлдарымен» ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Делегация құрамында Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Н.Байқадамов, Р.Рүстемов, М.Ергешбаев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Дүйсенбаев, аймақ ардагерлері, зиялы қауым өкілдері, Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар, симфония оркестрлері, «Сыр самалы» вокалды-аспапты, «Томирис» би ансамбльдері, хор ұжымы, басқа да өнерпаздар бар.Сыр елі делегациясының мүшелері Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығын аралап, құнды жәдігерлермен танысты. Абай облысының әкімі Берік Уәли қонақтарға «Semey Smart City» шағын ауданының құрылыс жобасын таныстырды. Қаланың солтүстік бөлігінде орналасқан жаңа ауданда 75 мың тұрғынға арналған тұрғын үй кешендері, 40-тан астам әкімшілік, коммерциялық және әлеуметтік нысандар, саябақтар бой көтермек.Мемлекет басшысының қолдауымен басталған «Абайға құрмет» акциясы аясында еліміздің 11 өңірі Семей қаласына бір нысан салып беруге өз ұсыныстарын берді. Маңғыстау облысы Достық үйінің іргетасын қалады. Шымкент қаласы шығармашылық орталығын, Түркістан облысы көрме орталығын, Астана қаласы Келешек мектебін, Ақтөбе облысы жекпе жек орталығын, Павлодар облысы үстел теннисі орталығын, Солтүстік Қазақстан облысы Рәміздер алаңын, Батыс Қазақстан облысы желілік саябақ салуды, Шығыс Қазақстан облысы Ертіс жағажайын абаттандыруды жоспарлаған.Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Мемлекет басшысының бастамасын қолдайтынын жеткізді. «Барлық бастамаларыңызға сәттілік тілейміз. Мемлекет басшысының, Үкіметтің қолдауымен үлкен жобаны қолға алған екенсіздер. Біз де бұл игілікті іске өз үлесімізді қосамыз. Қызылорда қаласында «Анаға тағзым» орталығы бар. Сондай ғимараттың бірін жоспарлаймыз» деді.Делегация Семей қаласында орналасқан еліміздегі автобус құрастыратын жетекші кәсіпорындардың бірі «Daewoo Bus Kazakhstan», жүк көліктерін, арнайы техника құрастырумен айналысатын «СемАЗ» және түрлі баспа өнімдерін шығарумен шұғылданатын «Казполиграф» серіктестіктерін аралады. Кәсіпорындардың өнімдеріне қызығушылық танытып, алдағы уақытта бірлесе жұмыс істеуге дайын екендерін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1072119?lang=kk
АҢДАТПА! «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» тақырыбында тікелей эфир өтеді 14.10.2025
АҢДАТПА!  «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» тақырыбында тікелей эфир өтеді2025 жылғы 23 қырқүйекте сағат 16:00-де mkd_aqmol  Instagram парақшасында «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» тақырыбында тікелей эфир өтеді.Спикер - Тобыл Демесинов  дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасының  басшысыМодератор – Айнұр Елікбаева түсіндіру жұмыстар және байланыс орталығы басқармасының басшысы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1072161?lang=kk
Талғарлық дәрігерлер денесін ауыр күйік шалған науқастың өмірін сақтап қалды 14.10.2025
Талғар аудандық орталық ауруханасының қабылдау бөліміне жедел жәрдем көлігімен 1980 жылы туған ер адам ауыр хәлде түскен. Анықталғандай науқастың жалыннан денесінің үштен бір бөлігін күйік шалған. Беті, мойны, кеудесі, қолдары мен аяқтары күйіп, ауыр тыныстап, жоғарғы тыныс жолдары да зақымданған еді.Әр минут қымбат болды, аз ғана кідіріс өмірге қауіп төндіретін еді. Дәрігерлер науқасты қабылдап, бір секунд та жоғалтпай күресті бастап кетті. Мұндай сәтте адам тағдыры таразыға түседі, ал нәтижені тек кәсібилік, тәжірибе және команданың бірлігі өзгерте алады.Кәдімгі тұрмыстық күн ер адам үшін үлкен апатқа айналды: газ баллоны жарылып, оның өмірін бір сәтте «бұрын» және «кейін» деп екіге бөлді. Салдарынан беті, мойны, кеудесі, екі қолы мен аяғы күйіп, денесінің 35%-ы зақымданды. Бұған қоса, пациентке барожарақат және жоғарғы тыныс жолдарының күйігі диагнозы қойылды.Жағдайдың ауырлығын түсінген дәрігерлер оны бірден жансақтау бөліміне жатқызды. Мұнда шұғыл шаралар жасалып, тынысы тұрақтандырылды, ауырсынуы басылды, қарқынды инфузиялық және уытсыздандыру терапиясы басталды. Дәл осы жерде уақыт ұтып, дәрігерлер ағзаның өмірлік маңызды функцияларын тұрақтандыра алды.Жағдайы жақсарған соң ол травматология бөліміне ауыстырылды. Мұнда емді бөлім меңгерушісі Талғат Аманбекұлының басшылығымен, травматолог Нұрлыбай Самат Қалдарбекұлы мен комбустиолог Бекмұратов Әлішер Яхяұлы жалғастырды. Сондай-ақ реаниматологтар да, бөлім меңгерушісі Ербол Әбілғазиевичтің жетекшілігімен, белсенді атсалысты.Емдеу хаттамаға сай жүргізілді:• ауырсынуды басу және инфузиялық уытсыздандыру терапиясы,• күйік беттерін реттеу,• антибиотиктер мен анальгетиктер тағайындау,• тұрақты бақылау және күтім,• тыныс алу функциясын қолдау және өмірлік көрсеткіштерді қадағалау,• қозғалыс белсенділігін қалпына келтіруге көмек.Талғар ауруханасының медициналық персоналының бірлескен еңбегінің және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясындағы қамқорлықтың арқасында науқас үш аптадан кейін қанағаттанарлық жағдайда үйіне шығарылды.Бұл оқиға тағы бір рет өмірдің бір сәтте өзгеріп кетуі мүмкін екенін көрсетті. Қайғы-қасірет уақытты да, орынды да таңдамайды. Бірақ дәл осындай сәттерде жаныңда тез, анық әрі жүрекпен әрекет ете білетін адамдардың болуы аса маңызды.Талғар ауруханасының дәрігерлері медицинаның тек ғылым ғана емес, батылдық, жауапкершілік және кәсібіне адалдық екенін дәлелдеді. Олардың білімдері мен адамгершілік қамқорлығының арқасында ауыр күйік алған ер адам қалыпты өмірге қайта оралып, бүгінде отбасымен бірге. Мұның барлығы дәрігерлер командасының мүмкіндіктің шегінен де асқан еңбегінің нәтижесі.Бұл – медицинаның, кәсібиліктің және адам жүрегінің жеңісі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/1072168?lang=kk
Шалғай ауылдарға сапалы медицина: Алматы облысында мобильді дәрігерлер тобы 1300-ден аса адамды тексерді 14.10.2025
Алматы облысында шетелде біліктілігін арттырған жоғары санатты дәрігерлерден құралған арнайы мобильді топ шалғай аудандарды аралап, тұрғындарға кешенді медициналық көмек көрсетті. Негізгі мақсат – мамандандырылған медициналық көмекті шалғай елді мекен тұрғындарына қолжетімді ету, созылмалы және алғаш рет анықталған ауруларды ерте кезеңде диагностикалау, сондай-ақ жергілікті медициналық кадрлардың біліктілігін арттыру.Бұл туралы Алматы облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов мәлімдеді.Мобильді топтың жұмысы – сапалы медициналық көмекті әрбір тұрғынға жақындатудың нақты жолы. Бұл бастама шалғай ауыл тұрғындары үшін маңызды және әлеуметтік маңызы зор, – деді Ержан Сүлейменов.Мобильді топ Балқаш, Райымбек, Кеген және Ұйғыр аудандарында жұмыс жүргізіп, жалпы саны 1337 адамды тексеруден өткізді. Медициналық қызметтердің ауқымы кең болды: созылмалы аурулар бойынша бақылау, алғаш рет анықталған диагноздар бойынша кеңес беру, сондай-ақ күрделі оталарды орындау сияқты жоғары білікті көмектер көрсетілді.29 күрделі ота сәтті жүзеге асырылып, көптеген тұрғынға дер кезінде медициналық жәрдем көрсетілді. Сонымен қатар, ауруларды ерте сатыда анықтау арқылы диспансерлік бақылауға алу жұмыстары жүргізілді. Бұл шалғай өңірлерде денсаулық сақтау қызметтерінің қолжетімділігін арттыруға айтарлықтай әсер етті, - деді Алматы аймақтық көпсалалы клиниканың онкохирург-дәрігері Рашид-ага Мамедов.Мобильді топ құрамында хирург, травматолог, акушер-гинеколог, невропатолог және онкохирург сияқты білікті мамандар жұмыс істеді. Айта кетейік, бұл бастама денсаулық сақтау қызметтерінің қолжетімділігін арттырудың және медициналық көмектің сапасын көтерудің тиімді жолы ретінде бағаланып отыр. Мұндай форматтағы жұмыс алдағы уақытта да жоспарлы түрде жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/1072174?lang=kk
Семейдегі Қызылорда облысының өнер күндері аясында «Сыр өңірі – түркі өркениетінің алтын бесігі» атты көрме өтті 14.10.2025
Семей қаласында Абайдың 180 жылдығына арналған «Сұлу Сырдан - ұлы Абай еліне» атты Қызылорда облысының өнер күндері өтті. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бастаған делегация құрамында Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Н.Байқадамов, Р.Рүстемов, М.Ергешбаев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Дүйсенбаев, аймақ ардагерлері, зиялы қауым өкілдері, Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар, симфония оркестрлері, «Сыр самалы» вокалды-аспапты, «Томирис» би ансамбльдері, хор ұжымы, басқа да өнерпаздар бар.Алдымен Семейдегі Абай атындағы театрда «Сыр өңірі – түркі өркениетінің алтын бесігі» атты көрме ашылды. Оны Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Абай облысының әкімі Берік Уәли аралап көрді.Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі қорындағы құнды жәдігерлерден жасақталған көрме 3 бөлімнен тұрады.Ондағы «Шірік Рабат сақ жауынгері», «Сығанақ ханшайымы», «Түгіскен көсемі», «Жетіасар ақсүйек әйелі» археологиялық реконструкциялары археологиялық-этнографиялық экспедициялар кезінде табылған жәдігерлерді негізге алып жасалған. Келушілер назарына археологиялық алтындар коллекциясы, атап айтқанда Шірік Рабат және Бәбіш мола қалашықтарынан табылған алтын жапсырмалар, Сығанақ қалашығынан табылған алтын сырғалар, тұмар, түймелер және маржан моншақтардың түпнұсқа коллекциясы ұсынылды. Жанкент, Асанас, Қышқала, Сығанақтан т.б. табылған терракоталар, глазурлі қаптамалар, қыш ыдыстар және Бидайықасар қалашығынан табылған қоссаз домбыра көшірмесі де Абай елі тұрғындарының қызығушылығын туғызды. Көрмеге қойылған зергерлік бұйымдар коллекциясының тарихы бай. Сыр бойының қазақ әйелдері тағынған күміс әшекейлердің, яғни өңіржиек, жырға, алқаның, тұтынған ағаш жиһаздарының, ыдыстардың, тері бұйымдарының, ер қаруы болған қылыш, айбалта, семсер, шоқпар, найза, қалқан, жебенің құндылығы жайында білгісі келетіндер қатары көп болды. Сондай-ақ, түркі дүниесінің ұлы абызы Қорқыт атаның «Деде Қорқыт» кітабының Дрезден нұсқасы, нар қобыз, ЮНЕСКО сертификаты, кәдесыйлар, үш жүздің пірі болған Марал ишаннан жеткен көк аса, Марал бабаның оққағары болған Тәжіге тиесілі Керей ерінің түпнұсқасы, Қалқай ишан, Сердалы Бекшорин, Ер Сейтпенбет, Бұқарбай батыр пайдаланған мөрлердің көшірмелері де көрме төрінен орын алған. Семейліктер Абайдың 1922 жылы жарық көрген өлеңдер жинағының, Қызылорданың Қазақ АКСР-інің астанасы болғанына 100 жыл толуына орай фото және архивтік құжаттардың қыр-сырына қанықты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1072216?lang=kk
Қорғаныс министрі екі дүркін әлем чемпионын медальмен марапаттады 14.10.2025
Қорғаныс министрлігінде армия спортшысы, бокстан екі дүркін әлем чемпионы қатардағы жауынгер Алуа Балқыбекованың құрметіне арналған салтанатты іс-шара өтті. Ол Ливерпульде өткен әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов спортшыны жеңісімен құттықтап, оның ерлігі мен табандылығын атап өтті. Министрдің айтуынша, Балқыбекованың жетістіктері жастарға үлгі болып, жеңіске деген сенім мен жігердің маңызын көрсетеді.Сонымен қатар қорғаныс министрі Армия орталық спорт клубы бокс командасының басшысы аға лейтенант Әлішер Омаркұловқа кәсіби еңбегі мен чемпионды дайындаудағы үлесі үшін алғыс айтты.Елеулі жетістіктері үшін Алуа Балқыбекова «Ел қорғаны» ведомстволық медалімен марапатталды. Ал Әлішер Омаркұловқа мерзімінен бұрын «капитан» әскери атағы берілді.Өз кезегінде Алуа Балқыбекова қолдау білдіргені үшін ризашылығын білдіріп, Қорғаныс министрлігіне әйелдер құрамасының әлем чемпиондары қол қойған бокс қолғаптарын сыйға тартты.«Мен армия спортының бір бөлігі болғаныма мақтанамын. Әріптестеріме, жаттықтырушыма және Қорғаныс министрлігіне қолдауы үшін алғыс айтамын. Жеңістерім жастарды спортқа баулиды деп сенемін», – деді чемпион.Іс-шара соңында спортшылар мен жаттықтырушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді. Бұл салтанат армия спортын дамыту – жоғары жетістіктерге жететін мамандарды дайындаудың маңызды бөлігі екенін көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1072217?lang=kk
Астанада өткен ең ірі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне 50 мыңнан астам адам келді 14.10.2025
20–21 қыркүйек күндері Астанада кезекті өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Оған 50 мыңнан астам тұрғын мен қонақ қатысты. Бұл шара елорда өміріндегі елеулі оқиғаға айналып, Абай және Атырау облыстарынан келген 200-ден астам тауар өндірушіні біріктірді. Жәрмеңке «Қазанат» ипподромының автотұрақ аумағында ұйымдастырылып, келушілер фермерлердің өздері өндірген өнімдерін қолжетімді бағамен сатып алу мүмкіндігіне ие болды.Жәрмеңкеде ет, балық, сүт, түрлі бакалея өнімдері, сонымен қатар жаңа піскен көкөніс, жеміс-жидек пен бал ұсынылды. Барлығы шамамен 400 тонна өнім саудаланды. Оның ішінде – 140 тонна ет пен ет өнімдері, 80 тонна көкөніс пен жеміс-жидек, 70 тонна бал, 50 тонна бақша өнімдері, 25 тонна балық және 15 тонна сүт өнімдері. Бұл шара елордада азық-түліктің қолжетімділігін арттыруға әрі отандық өндірушілерді қолдауға ықпал етеді.Сонымен қатар жәрмеңке қонақтары Абай мен Атырау облыстарынан келген өнер ұжымдарының концерттік бағдарламасын тамашалап, мерекелік көңіл-күйге бөленді.Жәрмеңке алдағы аптада да жалғасады. 27–28 қыркүйекте Алматы және Маңғыстау облыстарының өндірушілері елорда тұрғындарына өз өнімдерін ұсынады. Бұл жолы да қала жұртшылығы сапалы ауыл шаруашылығы тауарларын тиімді бағамен сатып ала алады.Келушілердің ыңғайы үшін №18, 37 және 303 бағытындағы автобустар жүріп, Қарқаралы тас жолы, 1 мекенжайындағы жәрмеңке орнына қатынауды жеңілдетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1072218?lang=kk
Қазақстан СІМ-де қазақ-неміс ынтымақтастығын дамыту мәселелері талқыланды 14.10.2025
Астана, 2025 жылғы 19 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Германия Федеративтік Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Бас инспекторы Сабина Штёрмен кездесу өткізді.Тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы әріптестікті нығайту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ шетелдегі мекемелердің жұмысына қатысты өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.Серіктестікті одан әрі нығайтуға және бірлескен жобаларды дамытуға өзара мүдделілік аталып өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1071854?lang=kk
Серік Шәпкенов Қызылқоға ауданының тұрғындарымен кездесті 14.10.2025
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Тайсойған ауылында Қызылқоға ауданының тұрғындармен кездесті. Аймақ басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндап, негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің 21,5%-ға өскенін, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы өндірісінде өсім барын және әлеуметтік инфрақұрылымның қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Әлеуметтік инфрақұрылым•Соңғы екі жылда 7 мектеп жаңғыртылды: жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа жиһаздар мен кабинеттер сатып алынды.•Сағызда Жастар үйі мен Өнер орталығына ғимараттар алынды.•Жамансорда 80 орындық мектеп пен 30 орындық интернат салынуда.•Қарабауда 120 орындық бастауыш мектеп салу жоспарланған, мердігер анықталуда.•Жасқайратта 100 орындық, Тайсойғанда 50 орындық балабақша құрылысының жобасы дайындалуда.•Биыл Мұқырда (400 орын) және Қарабауда (300 орын) салынып жатқан мәдениет үйлерінің құрылысы аяқталады. 2026 жылы Миялыда 500 орындық мәдениет үйі мен Тайсойғанда шығармашылық орталықтың құрылысы басталады.•Спорт саласында Мұқыр, Қарабау, Қоныстану және Қаракөл ауылдарында спорт кешендері салынуда, Жангелдин және Тайсойғандағы кешендер 2026 жылы пайдалануға беріледі. Әлеуметтік инфрақұрылым•Соңғы екі жылда 7 мектеп жаңғыртылды: жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа жиһаздар мен кабинеттер сатып алынды.•Сағызда Жастар үйі мен Өнер орталығына ғимараттар алынды.•Жамансорда 80 орындық мектеп пен 30 орындық интернат салынуда.•Қарабауда 150 орындық бастауыш мектеп салу жоспарланған, мердігер анықталуда.•Жасқайратта 100 орындық, Тайсойғанда 50 орындық балабақшаның құрылысы басталады. •Биыл Мұқырда (400 орын) және Қарабауда (300 орын) салынып жатқан мәдениет үйлерінің құрылысы аяқталады. 2026 жылы Миялыда 500 орындық мәдениет үйінің құрылысы басталса, Тайсойғандағы шығармашылық орталықтың мердігер мекеме анықталып, құрылысы биыл басталады. •Спорт саласында Мұқыр, Қарабау, Қоныстану және Қаракөл ауылдарында спорт кешендері салынуда, Жангелдин және Тайсойғандағы кешендер биыл пайдалануға берілді. Биыл ауданда 8 спорт кешенінің құрылысы жүріп, оның екеуі биыл пайдалануға берілсе, үшеуі жыл соңына дейін, тағы үшеуі келесі жылы халық игілігіне беріледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1071868?lang=kk
Қарулы күштердің әскери қызметшілері қоян-қолтық ұрыстан жастар арасындағы өткен әлем чемпионатында алтын мен күміс олжалады 14.10.2025
Арнайы операциялар күштерінің өкілдері Ақтауда жастар арасында өткен қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетті. «Халық Арена» спорт кешенінде өткен әлем біріншілігіне 23 елден 250-ден астам жас спортшы қатысты.«Жекпе-жекте» татамиге шыққан әскери қызметшілер алтын мен күміс медаль еншіледі.Офицер-мерген лейтенант Дархан Жорағұл 97 келі салмақта алтын иеленсе, 88 келі салмақта топ сержанты – дене шынықтыру және жауынгерлік даярлық бойынша нұсқаушы сержант Азамат Асылбекұлы екінші сатысынан көрінді.  Дархан Жорағұл Құрлық әскерлерінің әскери институтында оқып жүрген кезден бері спортпен шұғылдана бастады. Ол 2021 және 2024 жылдардағы жастар арасындағы халықаралық турнирлердің жеңімпазы, генерал-майор Әубәкір Арыстанбековті еске алуға арналған республикалық турнирдің чемпионы.Сержант Азамат Асылбекұлының спорттық мансабы 2013 жылы Тараздағы спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатта басталды. Ол қоян-қолтық ұрыстан төрт дүркін ел чемпионы, қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан Кубогы және армиялық қоян-қолтық ұрыстан ТМД чемпионы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1071892?lang=kk
Польшаның Өкілімен кездесу өтті 14.10.2025
2025 жылғы 16 қыркүйек, Монреаль. Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Тимур Тлегенов мырза Ұйым штаб-пәтеріндегі Қазақстанның Тұрақты өкілдігіне ізеттілік сапармен келген Польша Республикасы Азаматтық авиация басқармасының Әуе көлік мәселелері бойынша вице-президенті, ИКАО жанындағы Польша Тұрақты өкілінің орынбасары Матеуш Бачковский мырзамен кездесті.Кездесу барысында Қазақстан мен Польшаның азаматтық авиация саласындағы екіжақты ынтымақтастығы жөніндегі өзекті мәселелер қаралды. Атап айтқанда, Тараптар 2025 жылғы 23 қыркүйек – 3 қазан аралығында Монреаль қаласында өтетін ИКАО Ассамблеясының 42-сессиясына дайындық, Қазақстан мен Польшаның жұмыс құжаттарын өзара қолдау, сондай-ақ қос ел арасындағы тікелей әуе рейстер географиясын кеңейту мүмкіндіктері бойынша мәселелері талқылады.Польша Республикасы ИКАО Кеңесінің III тобына (географиялық қағидатпен сайланатын мемлекеттер) Орталық Еуропаның ротациялық тобынан Румынияның орнына үміткер болып отыр.Келіссөздер достық және сенімді ахуалда өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazakhstanicao/press/news/details/1071907?lang=kk
ИКАО жанындағы Ресей Федерациясының Өкілімен кездесу өтті 14.10.2025
2025 жылғы 17 қыркүйек, Монреаль. Ресей тарапының бастамасымен Ұйым штаб-пәтеріндегі Қазақстанның Тұрақты өкілдігінде Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Тимур Тлегенов мырза ИКАО жанындағы Ресей Федерациясының өкілі Александр Баталов мырзамен кездесті. өтті.Кездесу барысында Тараптар 2025 жылғы 23 қыркүйек – 3 қазанда Монреальде өтетін ИКАО Ассамблеясының 42-ші сессиясына дайындық, сондай-ақ қос елдің жұмыс құжаттарын өзара қолдау сұрақтарын қосқанда Қазақстан мен Ресейдің азаматтық авиация саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелер қарастырды.Ресей Федерациясы ИКАО Кеңесінің I тобына (азаматтық авиация саласындағы жетекші мемлекеттер) кандидат болып отырғанын атап өту қажет.Келіссөздер достық және сенімді ахуалда өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazakhstanicao/press/news/details/1071908?lang=kk
ИКАО жанындағы Белиздің Тұрақты өкілімен кездесу өтті 14.10.2025
2025 жылғы 17 қыркүйек, Монреаль. Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Тимур Тлегенов мырза Ұйым штаб-пәтеріндегі Қазақстанның Тұрақты өкілдігіне ізеттілік сапармен келген ИКАО жанындағы Белиздің жаңадан тағайындалған Тұрақты өкілі Кеннеди Каррильо ханыммен кездесті.Кездесу барысында Қазақстан мен Белиздің Ұйым алаңындағы ынтымақтастығының болашағы талқыланды. Атап айтқанда, Тараптар 2025 жылғы 23 қыркүйек – 3 қазан аралығында Монреаль қаласында өтетін ИКАО Ассамблеясының 42-сессиясына дайындық пен ИКАО алаңында өзара қолдау мәселелерін қарастырды.Белиз алғаш рет ИКАО Кеңесінің III тобына (географиялық қағидатпен сайланатын мемлекеттер) Орталық Америка ротациялық тобынан атынан Эль Сальвадордың орнына үміткер болып отырғанын атап өткен жөн.Кездесу достық және сенімді ахуалда өттіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazakhstanicao/press/news/details/1071909?lang=kk
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Rwanda Mines, Petroleum and Gas Board (RMB) бас директоры Алис Уваcе және Ngali Holdings бас директоры Джозеф Бутерамен кездесті 14.10.2025
 «Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Rwanda Mines, Petroleum and Gas Board (RMB) бас директоры Алис Уваcе және Ngali Holdings бас директоры Джозеф Бутерамен кездесті.Тараптар ықтимал серіктестіктің перспективаларын талқылады.«Біз Руандадағы жаңа мүмкіндіктерді жоғары бағалаймыз және бұл серіктестікті дамытуға деген ұмтылысыңыз үшін ризашылығымызды білдіреміз», – деді кездесуде Жақыпов.2025 жылы мамырда «Самұрық-Қазына» қоры мен RMB ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған. Құжат Руанда аумағында өндірілетін бериллий шикізатын «Қазатомөнеркәсіп» АҚ қажеттіліктеріне пайдалану мүмкіндіктерін қарастырады.RMB – пайдалы қазбаларды, мұнай мен газ өндіру саласын реттеу және басқаруға жауап беретін мемлекеттік орган.Ngali Holdings – Африкадағы ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыратын мемлекеттік инвестициялық компания.https://sk.kz/press-center/news/78492/?lang=kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-nairobi/press/news/details/1071912?lang=kk
Қазақстан және Украина сыртқы істер министрлері Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы аясында кездесті 14.10.2025
Нью-Йорк, 2025 жылғы 20 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Украина Сыртқы істер министрі Андрей Сибигамен кездесу өткізді.Сұхбат барысында халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер және қазақ-украин ынтымақтастығының қазіргі даму ахуалы бойынша пікір алмасу орын алды.М.Нұртілеу Қазақстанның Украинадағы жағдайды тез арада реттеуге және елде тұрақты бейбітшіліктің орнауына мүдделі екенін растады.Атап айтқанда, Астана қақтығысты БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқықтың негізгі қағидаттарына сәйкес саяси-дипломатиялық жолмен реттеуді қолдап келгенін және бұл ұстанымда екені аталып өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1071933?lang=kk
Қазақстан халықаралық гуманитарлық құқықты сақтау бойынша үндеу жасады 14.10.2025
Нью-Йорк, 2025 жылғы 21 қыркүйек – Қазақстан, Бразилия, Иордания, Қытай, Франция және Оңтүстік Африка Республикасының басшылары Халықаралық Қызыл Крест Комитетімен (ХҚКК) бірлесіп, соғыс кезінде ізгілікті сақтауға шақыратын мәлімдеме жасады.Өз мәлімдемесінде мемлекет басшылары бүкіл әлемдегі қақтығыстарда халықаралық гуманитарлық құқықтың (ХГҚ) кең ауқымда бұзылуына және оның салдарынан болып жатқан адамзаттық қасіретке алаңдаушылық білдірді. Олар барлық мемлекеттер мен қарулы қақтығыстардың тараптарын ХГҚ-ны, атап айтқанда, бейбіт тұрғындарды, азаматтық нысандарды, сондай-ақ медицина және гуманитарлық сала қызметкерлерін қорғауға қатысты нормаларды сақтауға шақырды. Сондай-ақ мемлекет басшылары 2026 жылы соғыс кезінде ізгілікті сақтауға арналған жоғары деңгейдегі жаһандық кездесу ұйымдастырылатынын жариялады.Бұл мәлімдеме халықаралық гуманитарлық құқыққа саяси бейілділікті күшейту жөніндегі Жаһандық бастаманы ілгерілету аясында жасалды. Бастама ХГҚ-ның неғұрлым қатаң сақталуын қамтамасыз ету бойынша практикалық ұсынымдар әзірлеуге бағытталған және 2024 жылғы 27 қыркүйекте Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 79-шы сессиясы аясында бастамашы алты елдің СІМ басшылығы мен ХҚКК кездесуі барысында жарияланды. Қазіргі уақытта бастамаға 89 мемлекет ресми түрде қосылды, ал 130-дан астамы жеті тақырыптық бағыт бойынша жаһандық және өңірлік консультацияларға қатысты.Бірлескен мәлімдеме әлем жұртшылығын кеңінен хабардар ету мақсатында БҰҰ-ның алты ресми тілінде, сондай-ақ қазақ және португал тілдерінде жарияланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-pretoria/press/news/details/1077073?lang=kk
Әлемдегі ең үлкен түйе керуені Рекорд Гиннесса жобасы аясында Алматы облысында өткізілді 14.10.2025
2025 жылдың 20 қыркүйегінде Алматы облысы Іле ауданының Күрті ауылдық округіндегі Ақши ауылында ел тарихына алтын әріптермен жазылатын тарихи оқиға орын алды. Ұлттық рухты жаңғырту, көшпелі мәдениетті дәріптеу, сондай-ақ туризм мен кәсіпкерлікті дамыту мақсатында ұйымдастырылған «Әлемдегі ең үлкен түйе керуені – 2025» атты ауқымды мәдени шара әлемдік деңгейде рекорд орнатты.Бұл бастама Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен және өңірдің ірі шаруашылықтарының бірі – «Даулет-Бекет» компаниясының жетекшілігімен жүзеге асты. Керуен құрамына 1000 түйе енгізіліп, олар арнайы дайындалған 1 шақырымдық жолды жүріп өтті. Бұған дейінгі әлемдік рекорд 2022 жылы Қытайда тіркелген болатын. Ол кезде тек 365 түйе қатысқан еді. Осылайша, Қазақстан бұл жетістікті үш еседен астам арттырып, әлем назарын өзіне аударды.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің соңғы Жолдауында: «Ұлттық мәдениетімізді сақтау мен дамыту – әрбір азаматтың парызы. Біз өз дәстүрімізді құрметтеп, жастарға жеткізуіміз керек»,– деген болатын.Алматы облысы әкімінің орынбасары Бақытұлы Бақытнұр бұл шараның ел үшін маңызын ерекше атап өтті: «Бұл – тек мәдени іс-шара ғана емес. Бүгінгі мың түйеден құралған керуен халқымыздың көшпелі өмір салтының айшықты мұрасын әлемге паш етіп, жаңа заманға үн қатқан тарихи оқиға. Бұл арқылы біз жастарға ата-бабамыздың ұлы мұрасын танытып, туризмді дамытамыз, аймақ экономикасына серпін береміз», – деді ол.Шара барысында ұлттық нақыштағы бес киіз үй тігіліп, қонақтарға дәстүрлі тағамдар ұсынылды. Арнайы фудкорт аймағы жұмыс істеп, шұбаттың дәмін тату мүмкіндігі жасалды. Сонымен қатар белгілі эстрада жұлдыздары мен өңір өнерпаздары қатысқан концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.Керуеннің қауіпсіз әрі ұйымдасқан түрде өтуіне ерекше мән берілді. Патрульдік полиция қызметкерлері, өрт сөндіру техникасы, медициналық қызмет және ветеринарлық бақылау толық қамтамасыз етілді. Қоғамдық тәртіпті сақтау үшін турникеттер орнатылып, көрермендердің керуенге жақындауына шектеу қойылды.Ауқымды шараны республикалық БАҚ пен телеарналар тікелей эфир арқылы көрсетті. Туристік агенттіктермен бірлесе отырып, отандық және шетелдік туристердің қатысуы қамтамасыз етілді. Мыңдаған көрермен тарихи сәттің куәсі болды.Бұл рекордқа бастамашы болған «Даулет-Бекет» шаруа қожалығы түйе шаруашылығы саласында аймақтық қана емес, халықаралық деңгейде де көш бастап келеді. Кәсіпорын 2011 жылы «Асыл тұқымды мал өсіру шаруашылығы» мәртебесін иеленген.2012 жылы Қарөткел жәрмеңкесінде «Алтын белгіге»,2013 жылы «Лидер отрасли» атағына ие болып, «Слава Казахстана» орденімен марапатталған.2015 жылы Сочиде өткен аймақаралық форумда «Даулет-Бекет» шұбаты үздік өнім деп танылған.2021 жылы кәсіпорын жеке инвестиция есебінен 1 миллиард теңге көлемінде жаңа сүт өңдеу зауытын іске қосып, Қытай мен Ресейге кептірілген түйе сүтін экспорттауды бастады. Бүгінде бұл шаруашылық ТМД елдері арасында шұбат өндіру бойынша көшбасшы болып саналады.Шаруашылық басшысы Сыдық Даулетов өз сөзінде:«Біздің мақсатымыз – түйе шаруашылығын дамыту арқылы ұлттық өнімдерді әлемдік нарыққа шығару. Бұл шара – Қазақстанның тек рекорд жаңартып қана қоймай, өз бренді мен мәдениетін танытудың үлкен қадамы», – деді.Іс-шараға Англиядан арнайы келген Гиннестің рекордтар кітабының өкілі Ричард Стэннинг қатысып, керуеннің әр қимылын қатаң бақылап отырды. Тарихи сәттен кейін ол былай деп пікір білдірді:«Мен мұндай көлемдегі түйе керуенін бірінші рет көріп отырмын. Қазақстанның бұл жетістігі тек ұлттық мәдени мұра ғана емес, бүкіл әлемдік қазына ретінде бағалануы тиіс», – деді ол.Осылайша, Қазақстан ресми түрде «Әлемдегі ең үлкен түйе керуені» атағын иеленуге ат салысты деуге болады. Бұл – ел тарихында ғана емес, бүкіл түркі әлемінде тұңғыш рет тіркелген жетістік болады.Бұл шара Алматы облысының туризм саласына жаңа дем бермек. Аймақтың табиғи байлығы мен мәдени мұрасын насихаттау арқылы ішкі және сыртқы туризмнің әлеуетін арттыру көзделіп отыр.Әкім орынбасары Бақытұлы Бақытнұр бұл бағыттағы жұмыстардың жалғасатынын атап өтті: «Іле Алатауы мен Балқаш көлінің аралығында орналасқан біздің өңірде туризмді дамыту үшін зор мүмкіндік бар. Біз мәдени шараларды жиі өткізу арқылы туристерді тартуды көздейміз», – деді ол.«Әлемдегі ең үлкен түйе керуені – 2025» іс-шарасы Қазақстанның ұлттық құндылықтарын дәріптеп қана қоймай, еліміздің мәдени және туристік брендіне айналуға жол ашты.Бұл шара көшпелі өркениеттің ұлы мұрасын жаңғыртып, ел тарихындағы жаңа парақты ашты. Алматы облысының ғана емес, бүкіл Қазақстанның абыройын асқақтатқан бұл рекорд келешек ұрпаққа мақтаныш ретінде қалатыны сөзсіз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1071948?lang=kk
Семейдегі ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері: 19,5 тонна сиыр еті мен мыңдаған килограмм көкөніс төмен бағамен сатылды 14.10.2025
Абай облысының орталығы Семей қаласында әр сенбі сайын «Северный» сауда-логистикалық орталығында (СЛО) ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері тұрақты түрде өтеді. Жәрмеңкелердің басты мақсаты - қала тұрғындарын сапалы әрі қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз ету.Қаланың оң жағалауында орналасқан «Северный» СЛО (мекенжайы: Северный өндірістік торабы, 2) – заманауи үлгідегі тұрақты сауда алаңы. Аталған орталықпен жасалған меморандум аясында 24 сауда орны тегін беріліп отыр, бұл өз кезегінде өнім бағасының төмен болуына ықпал етеді.Жәрмеңкеде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері, яғни ет, сүт өнімдері, көкөністер, наубайхана бұйымдары мен жармалар ұсынылды. Бағалар нарықтағы бағадан төмен:сиыр еті - 3500 тг/кгтауық еті - 1500 тг/кгбірінші сортты ұн - 180 тг/кгнан - 150 тгкүнбағыс майы («Заречное») — 850 тг/лсары май («Бородулиха ауданы») - 2800 тг/кгкартоп - 180 тг/кгсәбіз - 200 тг/кгпияз - 170 тг/кгорамжапырақ - 190 тг/кгқант - 490 тг/кгжұмыртқа - 580 тг/ондыққарақұмық - 250 тг/кгБүгінгі жәрмеңкеде 19,5 тонна сиыр еті, 1000 кг картоп, 1000 кг пияз, 250 кг сәбіз, 250 кг орамжапырақ сатылып, халыққа ұсынылды.Бұл көлем тұрғындардың жәрмеңкеге деген сұранысының жоғары екенін көрсетеді. Семейліктер қолжетімді баға мен өнім сапасын оң бағалауда.Қазіргі таңда Абай облысы әкімдігі қыркүйек-желтоқсан айларына арналған қосымша ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің кестесін әзірлеуде. Бұл күз-қыс мезгілінде де тұрғындарды үздіксіз әрі қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Семейдегі ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері - бұл жай ғана сауда емес, халықтың әлеуметтік қолдау тетігі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1071955?lang=kk
Қарағандыда «Ауыл береке – 2025» күзгі жәрмеңкесі басталды: 50 тоннадан астам сиыр еті төмендетілген бағамен ұсынылды 14.10.2025
2025 жылғы 20 қыркүйекте Қарағанды қаласындағы «Global City» сауда-ойын-сауық орталығы аумағында дәстүрлі «Ауыл береке – 2025» атты күзгі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінің ашылуы өтті. Маусым сайын ұйымдастырылатын бұл шара биыл да қала тұрғындарының қызығушылығын тудырып, сапалы әрі қолжетімді өнімдерді сатып алуға тамаша мүмкіндік ұсынды.Жәрмеңкеде халықтың ерекше назарын аударған өнім — сиыр еті болды. Сауда алаңына 50 тоннадан астам сиыр еті жеткізіліп, ол нарықтық бағадан 10–15%-ға төмен бағамен сатылды. Бұл баға саясаты қазіргі экономикалық жағдайда тұрғындар үшін өте тиімді. Сонымен қатар, жәрмеңкеде қой еті, жылқы еті, құс еті, сүт және сүт өнімдері, балық пен балық өнімдері, көкөністер, жұмыртқа, жарма және басқа да тауарлар ұсынылды.Жәрмеңкеге облыстың жеті ауданынан және қаладағы өңдеу кәсіпорындарынан келген 90-нан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші қатысты. Барлығы 120 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі сатылымға шығарылды. Оның ішінде: 52,2 тонна ет, 25 тонна картоп, 7 тонна көкөніс, 16 тонна сүт өнімдері, 4 тонна балық және балық өнімдері, 175 мың дана жұмыртқа және 10 тоннадан астам өзге де өнімдер бар.Жәрмеңке жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен ұйымдастырылып, қала тұрғындарын қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз етуге және отандық тауар өндірушілерді қолдауға бағытталған. Шаруалар мен тұтынушылар арасында тікелей сауда жасау мүмкіндігі бағаны тұрақты ұстап тұруға септігін тигізіп, өнімдердің кең аудиторияға қолжетімді болуына жағдай жасады.«Ауыл береке – 2025» жәрмеңкесі алдағы демалыс күндері де өз жұмысын жалғастырады. Қарағандылықтар ауыл шаруашылығы өнімдерін делдалсыз, тікелей өндірушіден тиімді бағада сатып ала алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1071958?lang=kk