Әлем
Грузияның Экономика және тұрақты даму министрінің Қазақстанға сапары өтті 23.07.2025
2025 жылғы 21-22 шілдеде Грузияның Экономика және тұрақты даму министрі Мариам Квривишвилидің Қазақстан Республикасына ресми сапары өтті.Сапар барысында ҚР Премьер-министрі О.Бектенов, Көлік министрі Н.Сауранбаев, Энергетика министрі Е. Ақкенженовпен келіссөздер өтті. Сонымен қатар, сапар аясында екі елдің теміржол басшыларының жеке кездесулері өтті.https://primeminister.kz/news/olzhas-bektenov-gruziyanyn-ekonomika-ministri-mariam-kvrivishvilimen-sauda-ekonomikalyk-yntymaktastykty-nygaytu-zhane-transkaspiy-bagytyn-damytu-maselelerin-talkylady-30307Премьер-министр Олжас Бектенов Грузияның экономика және тұрақты даму министрі Мариам Квривишвилимен кездесу өткізді. Онда сауда мен инвестицияларды дамытуды, инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруды, көлік-логистикалық байланыстарды кеңейтуді, оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) шеңберінде, сондай-ақ АӨК-дегі тауар айналымын арттыруды қоса алғанда, екіжақты ынтымақтастық мәселелері қаралды.Премьер-министр Қазақстан Грузияны тұрақты және өзара тиімді диалог құратын сенімді экономикалық әріптес ретінде қарастыратынын атап өтті. 2025 жылғы қаңтар-мамыр айларында екі ел арасындағы тауар айналымы $75,2 млн-ды құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35,7%-ға артық.Кездесу барысында көліктік-логистикалық өзара іс-қимылды нығайтуға көңіл бөлінді. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында елдер арасындағы теміржол жүк тасымалының көлемі 159,5 мың тоннадан асты, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 67%-ға артық.ТХКБ-ны дамытудағы маңызды қадам PTC Holding компаниясы салған жобалық қуаты жылына 120 мың ЖФЭ құрайтын Грузияның Поти портында жаңа қазақстандық контейнер терминалының іске қосылуы болды. Бұл Грузияның негізгі теңіз хабтарының бірінің аумағында жүзеге асырылған алғашқы қазақстандық инфрақұрылымдық жоба.«Бұл орта дәліз бойынша жүк ағынының көлемін арттыруда маңызды рөл атқаратын бірлескен табысты жұмыстың жарқын мысалы. Аталмыш жоба Қытайдың Ляньюньган және Сиань қалаларындағы логистикалық терминалдарды қоса алғанда, ТХКБ шеңберінде Қазақстанның қолданыстағы инфрақұрылымын үйлесімді түрде толықтырып отырғанын атап өту маңызды. Осылайша, Шығыс Азияны Еуропамен байланыстыратын біртұтас, дәйекті логистикалық тізбек құрылуда», — деп атап өтті Олжас Бектенов.Маршрутты одан әрі дамыту дәліздің тиімділігін арттыруға, қосымша транзиттік жүктер мен инвестицияларды тартуға, сондай-ақ Қазақстан мен Грузияның өңірдің негізгі логистикалық орталықтары ретіндегі позициясын нығайтуға мүмкіндік береді.Сонымен қатар, Батуми мұнай терминалы мен портының қуатын кеңейту, қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін - астық, ұн, ет-сүт және кондитерлік өнімдерді грузин нарығына жеткізуді ұлғайту мүмкіндіктері талқыланды.Грузияның Экономика және тұрақты даму министрі Мариам Квривишвили Қазақстанмен сауда, туризм және логистикалық инфрақұрылым салаларында әріптестікті кеңейтудің маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар туристік байланыстарды нығайтудың, экономикалық өсімді ынталандыру мен көлік желісін дамытудың маңыздылығы атап өтілді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға және Үкіметаралық комиссия шеңберінде жұмысты жалғастыруға дайын екендіктерін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tbilisi/press/news/details/1039058?lang=kk
Интернеттегі жалған уағызшылардың ықпалына түсуден қалай аулақ болуға болады 23.07.2025
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1039049?lang=kk
Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбек бақ өкілдеріне брифинг берді 23.07.2025
Бүгін Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбек ауданның 6 айында атқарылған жұмыстардың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатын өткізді. Онда аудан әкімі ағымдағы жылы ауданымыздың экономикалық және әлеуметтік салаларында атқарылған жұмыстар туралы баяндап, БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді.Аудан басшысының баяндамасында келесі негізгі бағыттар қамтылды:Ауыл шаруашылығы: Биылғы егін егу жұмыстары мен мал шаруашылығындағы жетістіктерге тоқталып, жаңа агроинновациялық жобалар туралы айтты.Білім беру және денсаулық сақтау: Ауданда жаңа мектеп пен медициналық нысандардың салынуы, материалдық-техникалық базаның жаңартылуы сөз болды.Жол-көлік инфрақұрылымы: Аудан жолдарын жөндеу, елді мекендерді көгілдір отынмен қамтамасыз ету және жарықтандыру жұмыстарының жүргізіліп жатқаны айтылды.Жұмыспен қамту және кәсіпкерлік: «Ауыл – ел бесігі» және басқа мемлекеттік бағдарламалар арқылы жаңа жұмыс орындарының ашылғаны, шағын және орта бизнесті қолдау шаралары баяндалды.Мәдениет пен спорт: Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, мәдени іс-шаралар мен спорттық жарыстардың жиі өткізіліп жатқаны жөнінде ақпарат берілді.Сонымен қатар, әкім халықтың ұсыныс-пікірлері үнемі ескерілетінін жеткізді. Жиын соңында журналистер аудан басшысына түрлі салаға қатысты сұрақтар қойып, нақты жауаптар алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1039052?lang=kk
Спорт жеңісі – ел мерейі: Ерасыл Сәулебековке құрмет көрсетілді 23.07.2025
Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек ауыр атлетикадан жастар арасындағы Азия чемпионатының жеңімпазы, жерлесіміз Ерасыл Сәулебековті арнайы қабылдады.Өз сөзінде аудан басшысы:“Ерасыл – Қармақшының мақтанышы. Бұл жеңіс – тек спорттық табыс емес, жастарымыздың биікке ұмтылуына үлгі болатын тарихи сәт. Аудан атынан сіздерге алғыс айтып, жаңа белестерді бағындыруларыңызға тілектеспін,” – деп атап өтті.Аудан әкімі халықаралық аренада ел абыройын асқақтатқан Ерасылға Алғыс хат пен қаржылай сертификат табыстады. Сондай-ақ, қажырлы еңбегі мен табандылығы үшін жеке бапкері Айдар Ералиевке де құрмет көрсетілді.Шара барысында Қармақшы ауданының мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков құттықтау сөз сөйлеп, Ерасылдың жеңісі – аудан ғана емес, күллі Сыр өңірінің мерейін үстем еткен үлкен жетістік екенін жеткізіп, жас спортшымызға баталарын берді.Айта кету керек, қазіргі таңда Қармақшы ауданында бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Оның ішінде ауыр атлетика бөлімі 2014 жылдан бастап құрылып, әлем және ел біріншіліктерінің жеңімпаздары тәрбиеленіп шығуда. Бүгінде онда 50-ге жуық жас спортшы кәсіби деңгейге жету жолында еңбек етіп келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1039054?lang=kk
Ықылас, қамқорлық және патриотизм: әскери қызметшілердің балалары «Балдәуренде» демалыста 23.07.2025
Қорғаныс министрлігі мен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруді жетілдіру жөніндегі бірлескен жоспарын іске асыру шеңберінде әскери қызметшілердің балаларына жыл сайын жазғы демалыс ұйымдастырылады.Биыл ата-анасы Алматы гарнизонында қызмет өткеріп жатқан Қонаев қаласының мектептерінен 9-10 сынып оқушыларының үлкен тобы Қапшағай су қоймасындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығына барды. Үш апта ішінде көп балалы, толық емес отбасылардан шыққан 28 бала, сондай-ақ ерекше күтімді қажет ететін балалар өсіріп отырған отбасылар денсаулығын нығайтып, күш-қуат ала алады.Таза ауада демалудан басқа, балаларға арналған тамаша бағдарламалар да бар: түрлі үйірмелердегі сабақтар (музыка, театр, сурет салу), оған қоса әскери-патриоттық іс-шаралар. Балаларға әскери бөлімдерде ашық есік күндері үнемі өткізіліп тұрады, онда оқушылар әскери техникамен, қару-жарақпен танысады, тіпті қолдарында шынайы автоматты ұстап көреді. Парашютпен секіруге арналған тренажерді сынап көруге болатын әуе-десанттық кешенге бару және қоян-қолтық ұрыстың элементтерін көрсету де балалардың ерекше қызығушылығын тудырады.Алматы гарнизоны әскери қызметшілерінің отбасы мүшелерімен жұмыс жөніндегі қызмет бастығы Адалят Насырованың айтуынша, мұндай іс-шаралар балалардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, олардың патриоттық тәрбиесіне де ықпал етеді.- Жыл сайын балаларымыздың үйге біраз нәрсе үйреніп оралғанын көреміз. Олар жаңа достар тауып, уақытты тиімді өткізеді, ең бастысы – ата-аналарының қызметі туралы мақтанышпен айтады. Бұл біздің әскери қызметшілердің отбасыларын қолдау және болашақ Отан қорғаушыларды тәрбиелеу жөніндегі жұмысымыздың маңызды бөлігі, – деп атап өтті ол.Жыл сайын «Балдәурен» орталығында және оның филиалдарында мыңнан аса әскери қызметшінің балалары демалады, бұл Қорғаныс министрлігінің өз қызметкерлерінің отбасыларын қолдауға жүйелі көзқарасын көрсетеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1039055?lang=kk
2025 жылғы 24 және 25 шілдеде салықтар мен төлемдерді төлеу мерзімі аяқталады. 23.07.2025
2025 жылғы 24 және 25 шілдеде салықтар мен төлемдерді төлеу мерзімі аяқталады.Төлеу қажет: 25 шілдеге дейін:Шетелдік персоналдың табыстарынан ұсталатын ЖТС (Жеке табыс салығы);2025 жылғы маусымда есептен шығарылған жағдайда ұсынылатын жою декларациясы бойынша ҚҚС (Қосылған құн салығы). 25 шілдеден кешіктірмей: 2025 жылғы шілде үшін:КТС (Корпоративтік табыс салығы) бойынша аванстық төлемдер;Сыртқы (визуалды) жарнама орналастыру үшін төлем.2025 жылғы маусым үшін:Төлем көзіне салық салынатын КТС және ЖТС;ШОБ қолданатын СНР бойынша дара кәсіпкерлердің табыстарынан ЖТС;Әлеуметтік салық, біріңғай төлем, МЗЖ (міндетті зейнетақы жарналары),МЗЖР (міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары), ҚМЗЖ (қосымша міндетті зейнетақы жарналары),әлеуметтік аударымдар, МӘМС жарналары (жұмыс берушінің және қызметкердің). Сондай-ақ төлеу қажет:Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем — егер жер пайдалану шарты 2025 жылғы маусымда жасалса;Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлем — егер рұқсат маусым айында алынған болса.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1039039?lang=kk
ЖК: Міндетті тіркеу талаптары 2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап өзгереді 23.07.2025
ЖК тіркеуі: не өзгереді?Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 35-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына енгізілген өзгерістерге сәйкес,2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап келесі талаптардың кемінде біріне сәйкес келетін жеке тұлғалар міндетті түрде жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс:тұрақты негізде жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланатындар;ҚР салық заңнамасына сәйкес есептелетін жылдық табысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 360 еселенген мөлшерінен асып кететін тұлғалар.Осылайша, жеке кәсіпкер ретінде тіркелу үшін табыс шегі бұрынғыдай ең төменгі жалақының (ЕТЖ) 12 еселенген мөлшерімен емес, айлық есептік көрсеткішпен (АЕК) есептелетін болады.2025 жылы бұл сома:ЕТЖ бойынша — 1 020 000 теңгеАЕК бойынша — 1 415 520 теңге (360 АЕК)Өзгерістер 2025 жылғы 15 шілдеде қабылданған № 207-VIII ҚР Заңымен енгізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1039041?lang=kk
Қайрат Чакпантаев Самар ауданының құрметті азаматы атанды 23.07.2025
Қайрат Чакпантаев Самар ауданының құрметті азаматы атандыАудан әкімдігінің отырысында Қайрат Мұратұлы Чакпантаевқа «Самар ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді. Медаль мен куәлікті аудан әкімі Серік Жеңісов табыс етті.Қайрат Чакпантаев — Абай облыстық сотының төрағасы, Самар ауылының тумасы. 40 жылдан астам еңбек еткен ол өзін жоғары білікті заңгер, білікті басшы және қазақстандық сот жүйесінің лайықты өкілі ретінде көрсете білді. Ол бірнеше рет мемлекеттік наградалармен марапатталған, бүгінде туған жерінде ерекше құрметке ие болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1038998?lang=kk
Жаңа жол белгілер орнатылды. 23.07.2025
Ауылішлік автомобиль жолдарын күтіп ұстаушы мердігер мекеме тарапынан, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жасанды жол кедергілерімен жол белгілері орнатылуда.Бұл жұмыстар одан әрі өз жалғасын табатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1039002?lang=kk
Ауыл мектебі — жаңа келбет, жаңа мүмкіндіктер 23.07.2025
Талғар ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясындағы жұмыстар қарқынды жалғасуда. Кайнар ауылдық округіне қарасты Жалғамыс ауылында 900 орындық жаңа мектептің құрылысы аяқталып, алғашқы оқушыларын қабылдады. Ал «Айғаным» шағын ауданындағы Көктал ауылында салынып жатқан 600 орындық мектептің құрылысы да мәреге таяп қалды – білім ордасының есігі жаңа оқу жылының басында ашылады деп жоспарланып отыр.Аудандық білім бөлімі таратқан мәліметке сәйкес, осыған дейін мыңнан астам бала көрші ауылдар мен Іле ауданына қатынап оқуға мәжбүр болған. Атап айтқанда, олар Қызыл-Ту ауылындағы №24 мектепке және Іле ауданындағы №7, 13, 24, 38 мектептерге барып жүрген. Бұл ата-аналар мен балалар үшін үлкен қиындық туғызды. Тұрғындар бірнеше рет Білім министрлігіне өз ауылдарында мектеп салу туралы өтініш жолдаған.Мәселе «Жайлы мектеп» жобасына енгізілуінің арқасында шешімін тапты. Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу бір жылға жуық уақытты алды. Құрылыс республикалық бюджет есебінен қаржыландырылып отыр. Тапсырыс беруші – «Самұрық-Қазына» қоры, мердігер ұйым – «KazSMU» ЖШС. Нысанды биылғы қазан айында тапсыру жоспарланған. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары 90% орындалды: қаңқасы толық аяқталған, ішкі әрлеу, инженерлік желілерді тарту және аумақты абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр.Жаңа мектепте кітапхана, спорт залы және кең асхана қарастырылған. Ғимарат қазіргі заманның барлық талаптарына толық сәйкес келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1039014?lang=kk
"Жасыл ел" еңбек жасағы өз жұмысын бастады. 23.07.2025
“Жасыл ел” жастар еңбек жасағы жаңа еңбек маусымын ресми түрде бастады. Ауылдың тазалығы мен көркеюіне үлес қосатын жастар тобы биыл да белсенді жұмыс атқаруға дайын екенін білдірді.Ауыл әкімі орынбасары Салымжан Мәлікұлы жас сарбаздарға сәттілік тілеп, еңбектерінің ел игілігі үшін маңызды екенін атап өтті.Жасақ мүшелері алдағы уақытта көгалдандыру, абаттандыру және тазалық жұмыстарына атсалысып, ауылымыздың көркеюіне өз үлестерін қосатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1038981?lang=kk
Қазақстан мен Пәкістан АТ саласындағы ынтымақтастықты дамытуда 23.07.2025
Исламабад, 2025 жылғы 22 шілде – Қазақстан мен Пәкістанның АТ-индустриясын өкілдік ететін қауымдастықтары мен компаниялары арасында онлайн форматта келіссөздер өтті.Қазақстан тарапынан кездесуге Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, Qaztech технологиялық компаниялар альянсының, халықаралық Astana Hub технопаркінің, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, сондай-ақ Блокчейн және жасанды интеллект технологиялары орталығының өкілдері қатысты.Қазақстандық қатысушылар өз қызметінің негізгі бағыттары, енгізіліп жатқан цифрлық шешімдер, электрондық үкіметтің даму тәжірибесі және онлайн-форматта мемлекеттік қызметтер көрсетуде қол жеткізілген прогресс туралы презентациялар ұсынды.Өз кезегінде, Пәкістан тарапынан кездесуге Пәкістанның бағдарламалық жасақтамасын әзірлеушілер қауымдастығының (P@SHA) басшылығы қатысты. Олар АТ- индустриясындағы, ел ішінде және одан тыс жерлерде мемлекеттік қызметтерді цифрландырудағы тәжірибесімен бөлісті.Тараптар әріптестік байланыстарды орнатуға, екіжақты өзара іс-қимылды дамытуға және ақпараттық технологиялар саласында тәжірибе алмасуға өзара мүдделілік білдірді.Кездесу қорытындысы бойынша АТ-индустриясында бірлескен жобаларды іске асыру мақсатында тұрақты диалогты нығайту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1038984?lang=kk
АҢДАТПА! «Жалпыға бірдей декларациялау бойынша Салық кодексіне енгізілген өзгерістер туралы» тақырыбында тікелей эфир өтеді 23.07.2025
2025 жылғы 25 шілдеде сағат 11:00-де mkd_aqmol Instagram парақшасында « Жалпыға бірдей декларациялау бойынша Салық кодексіне енгізілген өзгерістер туралы " тақырыбында тікелей эфир өтеді.Спикер - Назгүл Аюпова өңдірістік емес төлемдер басқармасының басшысыМодератор – Айнұр Елікбаева түсіндіру жұмыстар және байланыс орталығы басқармасының басшысы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1038949?lang=kk
Жаңа “Street Workaut” орнатылды. 23.07.2025
Баянды-3 тұрғын үй массивіне көшеде жаттығумен шұғылдануға арналған 1-бірлік “Street Workaut” орнату жұмыстары аяқталып, қолданысқа берілді.📌Орнатылған құрылғылар денені шынықтыруға мол мүмкіндік беретіндігін ескере отырып, ауыл тұрғындарынан күтіп ұстауларыңызды сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1038964?lang=kk
Балалы отбасыларды қолдауда әлеуметтік сақтандырудың рөлі 23.07.2025
Ұлттық және әлеуметтiк-экономикалық ерекшелiктердi негiзге ала отырып, барлық елдер өз шындықтарына бейiмделген халықты әлеуметтiк қорғаудың меншiктi жүйелерiн құрады.Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда әлеуметтік қамсыздандырудың көп деңгейлі жүйесі, оның ішінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі арқылы кешенді қамтамасыз етілетін халықты халықаралық стандарттарға сәйкес әлеуметтік қолдау жүйесі құрылды.Өз кезегінде Әлеуметтік кодекстің 9-тарауында қарастырылған отбасыларды әлеуметтік қорғау шаралары маңызды орын алады. Олардың қатарына бюджет қаражаты есебiнен берiлетiн базалық мемлекеттiк жәрдемақылардың түрлерi және Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан (Қор) төленетiн әлеуметтiк төлемдер кiредi.Қазақстанда 2005 жылы енгізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі бастапқыда әлеуметтік тәуекелдердің үш түрін қамтыды: еңбекке қабілеттіліктен айрылу, асыраушысынан айрылу, жұмысынан айрылу.Жұмыс істейтін әйелдердің мүдделерін қорғау мақсатында 2008 жылдан бастап міндетті әлеуметтік сақтандыру ана болу мен бала күтіміне байланысты қосымша екі әлеуметтік тәуекелмен толықтырылды.ҚР Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс істейтін әйелдерге жүктілігі және босануы бойынша әлеуметтік демалыс беріледі. Мұндай демалысты ресімдегеннен кейін болашақ ана жүктілігіне және босануына байланысты табысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау үшін Қорға жүгінеді.Аталған біржолғы төлемнің мөлшері әйелдердің соңғы 1 жылда әлеуметтік аударымдар Қорға төленген орташа айлық кірістеріне байланысты. 2025 жылдың 5 айында Қызылорда облысы бойынша шамамен 5,0 мың әйел адам 6,1 млрд.теңге сомаға осындай төлем алды және тағайындалған төлемнің орташа мөлшері 1,3 млн. теңгені құрады.Бүгінгі күні бала туған кезде ата-аналардың біреуі еңбек қызметін жүзеге асыруына қарамастан, бала тууға арналған мемлекеттік жәрдемақыны бюджет қаражаты есебінен алады, оның мөлшері бірінші, екінші, үшінші балаға - 38 айлық есептік көрсеткішті (АЕК), ал төртінші және одан да көп балаға - 63 АЕК құрайды.Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сәйкес, соңғы 5 жылда Қызылорда облысы бойынша 104,7 мың бала, оның ішінде 2024 жылы 18,5 мың бала дүниеге келді.Бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша Қордан төленетін әлеуметтік төлем әрбір балаға жеке тағайындалады. 2024 жылда аталған төлемді Қызылорда облысындағы жаңа туған балалары бар отбасылардың 79,3 %-ы алды.2025 жылдың 5 айында бұл төлем Қызылорда облысындағы 5,6 мың адамға тағайындалды, ай сайынғы орташа мөлшері 81,1 мың теңгені құрады. Төлем 8,4 млрд. теңге сомасында жүргізілді.Осылайша, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар бала туғанға дейінгі соңғы 2 жылда Қорға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық кірістің 40% -ы мөлшерінде төлемдерді ала алады.Бала күтімі бойынша демалыс кезеңінде ай сайын әлеуметтік төлем алып отыратындар үшін міндетті зейнетақы жарналарының (МЗЖ) түсуі жалғастырылатынын атап өтеміз. Біржолғы және ай сайынғы әлеуметтік төлемдерден 10% мөлшерінде МЗЖ ұсталынып, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылады. Сондай-ақ, бала күтімі кезеңінде зейнетақы жинақтарын толыққанды қалыптастыру мақсатында мемлекет міндетті зейнетақы жарналарын қосымша субсидиялайды.Мемлекеттік қызметтер көрсету бөлігінде Қор цифрлық сервистерді белсенді енгізуде. Осылайша, Қордан тағайындалатын әлеуметтік төлемдерге дәстүрлі жолмен - «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) бөлімшелері арқылы да, электронды түрде де үйден шықпай-ақ жүгіне алады.Мысалы, жүктілікке және босануға байланысты біржолғы төлемді тағайындау үшін egov.kz электрондық үкімет порталы немесе Мемлекеттік корпорация бөлімшесі арқылы, ал бала күтімі бойынша ай сайынғы әлеуметтік төлемге - egov.kz электрондық үкімет порталы, екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары немесе Мемлекеттік корпорация бөлімшесі арқылы жүгінуге болады.Сондай-ақ, әлеуметтік төлемдер sms-хабарламамен растау жолымен әлеуметтік төлемдерді алу құқығын іске асыруға өтініш берушінің келісімін алу арқылы проактивті түрде тағайындалуы мүмкін.Төлемдерді тағайындау кезінде Қордың филиалдары құжаттардың (мәліметтердің) дұрыстығын тексеретінін атап өткен жөн. Осыған байланысты, әлеуметтік аударымдардың уақтылы және толық төленбеген, МЗЖ сомалары төленген кірістің әлеуметтік аударымдарға сәйкес келмеген жағдайларда Қор алынған материалдарды қайта ресімдеуге жібереді. Мұндай жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 30 жұмыс күніне дейін ұзартылады. Бұл кезең тиісті мемлекеттік органдардан, жұмыс берушіден және басқа да ұйымдардан қажетті қосымша мәліметтер алу үшін қажет.Осыған байланысты жұмыс істейтін азаматтар жұмыс берушілердің олар үшін әлеуметтік аударымдарды Қорға төлеу фактілерін тексеріп отыру маңызды.Мұндай ақпаратты egov.kz электрондық үкімет порталы (Басты бет / Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту / Міндетті әлеуметтік сақтандырудың әлеуметтік аударымдары туралы ақпарат) немесе екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның бөлімшелеріне немесе Қордың филиалына жеке басын куәландыратын құжатпен жүгіну арқылы алуға болады.Бүгін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне Қызылорда облысы бойынша шамамен 195,1 мың жұмыс істейтін азамат қатысады, оның ішінде 2025 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша 48,6 мың адам Қордан әлеуметтік төлем алушылар болып табылады.Қор цифрлық сервистерді дамытуды және төлемдерді алудың қолжетімділігін қамтамасыз етуді жалғастыруда. Республика бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 70%-нан астамы электрондық форматта ұсынылады, бұл процесті жылдам және ыңғайлы етеді.Қор қызметінің стратегиялық бағыттары барлық жүйенің орнықтылығына, қаражатты пайдаланудың тиімділігіне және халықаралық стандарттарға сәйкес келуіне бағытталған.Осылайша, міндетті әлеуметтік сақтандыру әлеуметтік қатер туындаған кезеңде, сондай-ақ бала туу және оның күтімі сияқты маңызды кезеңдерде қазақстандықтарды әлеуметтік қолдауды жүзеге асыруға өз үлесін қосуда.Қызылорда облысы бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ филиалыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1038901?lang=kk
Абаттандыру жұмыстары 23.07.2025
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында ауыл аумағын абаттандыру және көріктендіру мақсатында, ауыл аумағындағы орындықтар мен стела жазуларына сырлау жұмыстары жүргізіліп, қоғамдық орындардың сыртқы көрінісі жаңартылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1273003?lang=ru
Салмағы 870 грамм сәби Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасынан шығарылды 23.07.2025
Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасында ерекше жағдай орын алды: дәрігерлер салмағы небәрі 870 грамм болатын шала туылған нәрестенің өмірін аман алып қалды. Бұл жағдай неонатологиялық көмек пен жоғары деңгейлі медициналық техниканың маңыздылығын көрсетті.Шала туылған қыз жүктіліктің 28-ші аптасында өте төмен салмақпен дүниеге келді. Клиникаға түскен кезде сәбидің салмағы 1030 грамм болды. Нәресте тез арада реанимациялық көмек көрсетуді қажет ететін жоғары тәуекел тобына жатқандықтан, қарқынды терапия жағдайында дәрігерлер оған жан-жақты ем көрсетті. Оның ішінде зонд арқылы арнайы тамақтану, өмірлік маңызды белгілерді бақылау, сондай-ақ ықтимал инфекциялық асқынулардың алдын алу.«55 күн бойы стационарда болған сәбидің жағдайы тұрақты жақсарғаны байқалды. Дәрігерлердің үнемі бақылауында болып, оның салмағы 2155 граммға дейін өсті, бұл тұрақты күтім режиміне көшудің маңызды көрсеткіші. Қалпына келтіру процесінде оның өсуі мен дамуы үшін оңтайлы жағдайларды қамтамасыз ететін заманауи терапия әдістері қолданылды. Мысалы, терморегуляция және қажетті ылғалдылықты сақтау үшін кувездерді қолдану, сондай-ақ дене салмағының өсуіне ықпал ететін бейімделген диеталық тамақтану»,- дейді неонатолог дәрігер Салтанат Әлмұхамбетова.Бұл қыздың тарихы медицина мамандары мен неонатология саласындағы заманауи технологиялар арасындағы өзара әрекеттесудің әсерлі мысалы. Дәрігерлердің табандылығы мен жоғары біліктілік деңгейінің арқасында нәресте жаңа өмір бастауға мүмкіндік алды. Бұл жағдай басқа медицина қызметкерлерін шала туылған нәрестелерді күту саласында үздіксіз жетілдіруге шабыттандырады, бұл әрбір жеке пациенттің денсаулық сақтау жүйесіндегі маңыздылығын көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/1038843?lang=kk
Жұмыссыздар үшін МӘМС жарнасы бюджет есебінен төленеді 23.07.2025
МӘМС жүйесінегі заңнамалық өзгерістер 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Аталған Заңға Мемлекет басшысының өзі қол қойды. Өзгешелікке сәйкес, тегін медициналық көмек пен МӘМС арасындағы айырмашылық алынып тасталынады. Бұл дегеніміз вакцинация, онкоскринингтер , жұқпалы және әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеу, жедел және паллиативтік көмек пен мейіргерлік күтім сақтандыру мәртебесіне қарамастан көрсетіледі. Реформаның негізінде халықты МӘМС жүйесімен қамтуды кем дегенде 95%-ға жеткізу көзделген. Ең бір қуантарлығы , ендігіде азаматтар 5 жыл тұрақты жарна төлеген болса, табысы тоқтаған жағдайда да 6 айға дейін сақтандырылған болып қала береді.«Әлеуметтік осал азаматтарды МӘМС жүйесіне тарту үшін жергілікті атқарушы органдар жауапты болады. Алматы облысы әкімдігі 3 826 млн теңге қаржы бөліп, 56,6 мың сақтандырылмаған азаматты медициналық қызметпен қамтуды қамтамасыз ететінін растайды»,-дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов .Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әлеуметтік осал санаттарға жататын азаматтар үшін медициналық сақтандыруға аударымдар жергілікті бюджет есебінен төленуі тиіс», деген еді. Мемлекет басшысының пәрменінен кейін, жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік әл-ауқат деңгейі бойынша дағдарыстық және шұғыл жағдайдағы (D және E деңгейі) санаттарына жататын азаматтар үшін МӘМС жарналарын төлейтін болады. Сонымен қатар, ресми тіркелген жұмыссыздар үшін де жарналар жергілікті бюджет есебінен төленетін болады.«МӘМС жүйесінде қосымша міндеттемелердің қосылуына байланысты жүйенің қаржылық жүктемесі күрт өсіп отыр. Осыған байланысты мемлекет тарапынан жарна мөлшерлемелерін кезең-кезеңімен арттыру ұсынылуда. 2027 жылы – 2,2%, 2037 жылға дейін – 4,7%-ға дейін біртіндеп өсіру жоспарланған.Бұл ретте жұмыс берушілер мен жұмыскерлер үшін жарна мөлшерлемелері өзгеріссіз қалады»,-дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облыстық филиалы директоры Тілеухан Әбілдаев..Еске саламыз, Алматы облысындағы медициналық мекемелерге 1 630 198 адам тіркелген. Оның ішінде МӘМС жүйесінде «Сақтандырылған» мәртебесі бар азаматтар саны - 1 327 179, яғни, 81,5% болса, «Сақтандырылмаған» халықтың саны – 303 019 болып тұр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/1038848?lang=kk
2025 жылы көпбалалы отбасылар мен марапатталған аналарды қолдау: жәрдемақылардың жаңа мөлшері мен қамтылу көлемі 23.07.2025
Ағымдағы жылдың маусым айында аталған төлемдермен 867,4 мың адам қамтылды, жалпы сома – 51,3 млрд теңге. Оның ішінде:көпбалалы отбасыларға – 623,5 мың отбасыға 44,8 млрд теңге,марапатталған аналарға – 243,9 мың адамға 6,5 млрд теңге төленді.Көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.2025 жылы көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақының мөлшері бала санына қарай сараланады:4 баласы бар отбасыға – 16,03 АЕК немесе 63 030 теңге;5 баласы бар – 20,04 АЕК немесе 78 798 теңге;6 баласы бар – 24,05 АЕК немесе 94 565 теңге;7 баласы бар – 28,06 АЕК немесе 110 332 теңге;8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 15 728 теңгеден төленеді.Марапатталған аналарға арналған жәрдемақы «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған, бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ «Ана даңқы» I және II дәрежелі ордендерімен марапатталған әйелдерге тағайындалады.Аталған аналарға ай сайын мынадай мөлшерде жәрдемақы төленеді:«Күміс алқа» иегерлеріне – 6,40 АЕК немесе 25 165 теңге;«Алтын алқа», «Батыр ана» атағын алған немесе «Ана даңқы» I және II дәрежелі ордендерімен марапатталғандарға – 7,40 АЕК немесе 29 097 теңге.2025 жылғы 1 қаңтардан бастап балалары бар отбасыларға арналған барлық мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар 6,5%-ға арттырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1038777?lang=kk
Қазақстан мен Қытай «Ақылды кеден» қанатқақты жобасын қолға алды 23.07.2025
Қазақстан-Қытай экономикалық ынтымақтастығын нығайту шеңберінде «Бақты (ҚР) - Покиту» (ҚХР) шекаралық өткізу пункттерінде «ақылды кеден» қанатқақты жобасын іске асыру басталды. Аталған бастаманың маңызды элементтерінің бірі кедендік логистиканың тиімділігін арттырып, цифрландыруға бағытталған автономды (пилотсыз) жүк тасымалдарын жүзеге асыру саналады.Бұл жоба ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиевтің Тачэн қаласының (Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы) партия комитетінің хатшысы Чжи Сяньвэймен болған кездесуде келісілген еді.Тараптар ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған болатын. Соған сәйкес осы жобаны бірлесіп іске асыру, сондай-ақ кедендік және логистикалық процестерді цифрландыру саласындағы іс-қимылдарды үйлестіріп, тәжірибе алысу көзделген.«Ақылды кеден» – шекарадан жылдам әрі жайлы өтуге септесетін бірнеше заманауи шешімді қамтиды. Жүктер шекарадан жүргізушісіз автоматты түрде машиналармен тасымалданатын болады.Сонымен қоса екі елмен расталатын бірыңғай электронды декларация іске қосылғанын айта кетейік. Құжаттарды рәсімдеу мен жүктерді алып жүру толығымен цифрлы форматта болады. Осы жұмыс табысты іске асырылған соң жүктер тәулік бойы автоматты навигация мен бақылау жүйелері (көлік жүргізушілерісіз) арқылы жөнелтілетін болады.Болжанып отырған нәтиже:жүк көлемін жылына 10 млн тоннаға дейін ұлғайту;кедендік рәсімдеу уақытын едәуір азайту;көлік шығындарын төмендету;логистикалық операциялардың ашықтығы мен қауіпсіздігін арттыру;автомобиль инфрақұрылымына түсетін жүктемені азайтып, логистикалық хабтарды дамыту;астық, майлы дақылдар, ет және өңделген тауарларды қоса алғанда, аграрлық өнімнің экспортын ынталандыру.«Ақылды кеден» шекарадағы инфрақұрылымды жаңартып, жұмыс орындарын ашу мен инвестиция тартуға оң әсер етеді. Сонымен қатар бұл ҚХР-мен арадағы сауданы ұлғайтуға және Қазақстанның Орталық Азиядағы маңызды транзитті орталық ретіндегі рөлін нығайтуға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1038766?lang=kk