Әлем
Қаржы министрлігі отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсетуді күшейтуді қолға алды 27.06.2025
Қаржы министрлігі қазақстандық тауар өндірушілеріне көрсетілетін қолдауды күшейту үшін мемлекеттік сатып алу саласындағы құқықтық базаны жетілдіріп келеді. Мәселен, 2025 жылдың 24 маусымындағы №321 бұйрыққа сәйкес Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына түзетулер енгізілді. Негізгі өзгерістер Қазақстанның тауар өндірушілеріне:- келісімшарт бойынша тауарларды жеткізу мерзімдерін 15 күнтізбелік күннер 60 дейін ұлғайтуға мүмкіндік беріп, бұл тиісті міндеттемелерді орындау мерзімін сақтауға жол ашады;- тауарларды жеткізгені үшін төлем мерзімдерін 30 күнтізбелік күннен 10 жұмыс күніне дейін азайту қарастырылған. Аталған амал өндірушілердің қаржылық жүктемелерін азайтуға септеседі;- аванс төлем мөлшерін 30% 50% дейін ұлғайту көзделген.Тұтастай алғанда, осы өзгерістер жергілікті өндірістің өсімін ынталандыруға және отандық бизнесті дамытуға бағытталған.Бұйрық жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң ресми түрде қолданысқа енгізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1025261?lang=kk
Будапештте Түркі мемлекеттер ұйымының І-академиялық конференциясы өтуде 27.06.2025
Будапешт, 2025 жылғы 25 маусым – Мажарстанда Түркі мемлекеттері ұйымының Будапешттегі кеңсесінің ұйымдастыруымен I-академиялық конфереция өтуде. Ғылыми-академиялық шара Мажарстан мен ТМҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы ғылым мен білім беру саласындағы ынтымастықты нығайтуға, мемлекеттер арасынадғы осы бағыттағы кооперацияның жаңа көкжиектерін дамытуға бағыттылған.Конференцияның ашылу салтанатына Мажарстан мәдениет және инновациялар министрі Ханко Балаж, Сыртқы және салалық министрліктердің өкілдері, ТМҰ Будапешттегі кеңсенің директоры, Будапештте аккредиттелген түркі мемлекеттерінің елшілері, ТМҰ мүше елдерінің университет ректорлары, академиялық топ өкілдері қатысуда. Еліміздің университеттерін Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Техникалық университетінің ректоры Рахметуллина Сәуле мен Басқарма мүшесі-стратегиялық даму жөніндегі Проректор Несіпқалиев Ұлан және ҚазҰСШИУ ректоры Кәмшат Тұсұпова өкілдік етуде. Шарада сөз алған Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы екі ел арасындағы жоғары білім беру саласындағы көпжылдық ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталып өтіп, бұл кооперацияның іргетасы 2013 жылы қол қойылған Білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісім болатынын айтты. Қазақ дипломаты бұдан басқа, 2023 жылы мажар Премьер-министрі Виктор Орбанның Қазақстанға ресми сапары барысында Жоғары білім саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылып, «Stipendium Hungaricum» бағдарламасы аясында қазақ жастарына 250 грант бөлініп келеді, деді. А.Сапарбекұлы Қазақстанның аймақтық академиялық орталық ретіндегі стратегиялық қадамдары, атап айтқанда 23 шетелдік университеттердің өкілдері жұмыс істеп жатқанын баяндап, 2029 жылға дейін олардың саны 39-ға дейін өспек, деп баяндамасын жалғастырды. Айта кетері, Қазақстан шетелдік студенттердің тартымды білім алу еліне айналып 2024 жылы 31 мың 500 студент қабылдап, 2029 жылы 150 мыңға шетелдік студентті тарту жоспарлануда. Бас дипломат өзінің баяндамасында, қазіргі таңдағы білімнің стратегиялық құндылығына ерекше мән берілетініне, ТМҰ-ға мүше мемлекеттер арасында ғылым мен білім беру саласындағы кооперацияны одан әру нығайтып, жүйелі интеграцияны орнатуға және университтер желісін құруға шақырды. Ол тыңдаушылардың назарын қос дипломдық бағдарламалар, бірлескен ғылыми консорциумдар құру, цифрландыру, профессорлар мен студенттер алмасу мүмкіндіктеріне аударды. Бұдан басқа, Конференцияда Түркі мемлекеттері арасындағы ғылыми серіктесудің әлеуеті және ТМҰ-ның оны қолдаудағы рөлі, ТМҰ Ғылыми-зерттеу қорын құру мәселесі, жас ғалымдардың біліктілігін арттыру, арнайы стипендиялар белгілеу, студенттер мен зерттеушілердің академиялық алмасуын қарастыру мүмкіндіктері талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1025263?lang=kk
Қостанай облысында еңбек заңнамасын сақтау туралы 27.06.2025
2025 жылғы 25 маусымда Қостанай облысы бойынша білім беру ұйымдарының басшыларымен және жауапты қызметкерлерімен кеңес өткізілді.Оған Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторы Р.Е. Жумагулов қатысып, «Қостанай облысында еңбек заңнамасын сақтау туралы» тақырыбында сөз сөйледі.Іс-шараға 100-нен астам адам қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-enbek/press/news/details/1025267?lang=kk
Бас прокуратурада есірткі бизнесінің жаһандық сын-қатерлерін талқылады 26.06.2025
Бас прокуратурада «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Халықаралық есірткіге қарсы күрес күніне орайластырылған Қазақстан Республикасының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өткізілді.Кеңес алаңында есірткінің заңсыз айналымына байланысты қазіргі заманғы сын-қатерлер қаралып, оларды ұлттық және халықаралық деңгейде бейтараптандыру бойынша бірлескен шаралар әзірленді.Отырысқа Президент Әкімшілігінің, Үкіметтің өкілдері, Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, халықаралық серіктестер, соның ішінде БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы, ЕҚЫҰ, ОАӨАҮО (Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы), CADAP, шет елдердің дипломатиялық миссиялары (Қазақстандағы АҚШ, Германия, Қытай, Сауд Аравия Корольдігі, Түркия мемлекеттерінің елшіліктері), сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.Өз сөзінде Бас Прокурор Берік Асылов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде есірткі бизнесін ұйымдастырушылардың қылмыстық жауапкершілігін қатаңдатуға, есірткі арналарын анықтау және жолын кесу тетіктерін цифрландыруға, қаржы ағындарын жабуға және халықаралық өзара іс-қимылды кеңейтуге негізделген есірткіге қарсы жүйелі саясат іске асырылып жатқанын атап өтті.Есірткіні бақылау жөніндегі БҰҰ-ның барлық үш негізгі конвенциясын ратификациялаған Қазақстан БҰҰ-ның есірткі жөніндегі комиссиясының құрамына сайланған және 2029 жылға дейін Азия-Тынық мұхиты өңірінің атынан өкілдік етеді, бұл біздің елімізге елеулі жауапкершілікті жүктейді.Соңғы бес жылда заңсыз айналымнан алынған синтетикалық есірткінің көлемі 100 есеге - 13 кг - нан 1,5 тоннаға дейін ұлғайған.Тек ағымдағы жылдың басынан бастап 9 ұйымдасқан қылмыстық топ, оның ішінде 3 трансұлттық топ жойылған. Есірткі жеткізудің 111 арнасы жабылған, оның 19 - ы халықаралық.Құқық қорғау органдары барлығы 10 млрд теңгеден астам сомаға есірткі табысын бұғаттаған. «Follow the money» қағидаты бойынша криптовалюталарды пайдалана отырып, жасалған қылмыстық схемалардың жолы кесілген, 2,4 млрд теңгеден астам сомаға 50 мыңнан астам дроп-шоттар бұғатталған.Резонанстық тергеулердің нақты мысалдары жария етілді.Маңғыстау облысында қылмыстық топ жойылған, олардың 2,3 млрд теңге сомасына қолма-қол ақшалары мен цифрлық активтері тәркіленген.Ұлытау облысында шетел азаматтары ұйымдастырған «Kaef-mafia» ірі есірткі алаңы анықталып, жойылған. 6 миллион АҚШ доллары көлеміндегі криптовалюта бұғатталып, үш адам ұсталған, төртеуіне іздеу жарияланған.Халықаралық ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударылған.Шымкент қаласында арнайы прокурорлар алғаш рет АҚШ Әділет министрлігінің есірткіге қарсы күрес басқармасымен (DEA) бірлесіп, «Карбон» есірткі маркетіне қатысты іс бойынша мемлекетаралық жедел-тергеу тобын құрған. Криптовалюта транзакциясын қоса алғанда, шетелдік шоттар анықталған.Нәтижесінде халықаралық қылмыстық схема ашылып, 70 млрд теңгеге 500 мың заңсыз транзакция анықталған, 500 млн теңге мүлікке тыйым тәркіленді. 24 қылмыскер ұсталып, 18-і қамауға алынды.Б. Асылов атап өткендей, цифрлық есірткі желісі Қазақстан үшін жаңа шындыққа айналған. Есірткі қылмыстарының барлығы дерлік интернет кеңістігінде жасалады және көбінесе шетелден ұйымдастырылады.Есірткі бизнесінің жаһандануы мемлекеттік органдардың, халықаралық серіктестердің және азаматтық қоғамның жаңа тәсілдері мен күш-жігерін шоғырландыруды талап етеді.Заңнамалық реформа басталған.Сондай-ақ, есірткі өндіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін жаза күшейтілгені айтылды. Бір мезгілде есірткі тізбегінің ең төменгі буынына жататын «есірткі жасырып кетушілер» үшін жазалау шаралары жеңілдетілген.Бұл өзгерістер 3 800-ден астам сотталушыға әсер еткен: 328-і босатылып, 2 600-ден астамына жазалау мерзімі қысқартылған.Отырыс барысында, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері бірлескен іс-қимылдарға қатысуға дайын екендіктерін растады.Сонымен бірге, Бас Прокурор уәкілетті органдардың назарын трансұлттық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл, халықаралық қаржы институттарымен және криптобиржалармен ынтымақтастық, есірткі жарнамасының жолын кесу бойынша қосымша шаралар қабылдау қажеттігіне аударды.Нашақорларды оңалту мәселелеріне ерекше назар аударылды.Қадағалау ведомствосының басшысы қоғамның нашақорлыққа, әсіресе жастар арасында тұрақты иммунитетін қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдарға Оқу-ағарту және Ішкі істер министрліктерімен бірлесе отырып, азаматтарды нашақорлыққа қарсы іс-қимылға тарту арқылы профилактикалық жұмысты жандандыру ұсынылды.Қоғамдық ұйымдар, оның ішінде ІІМ жанындағы Есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңесі салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған ақпараттық компанияларды блогерлердің, спортшылардың және жастар бірлестіктерінің қатысуымен өткізу бойынша бастамалар көтерді.Отырыс соңында есірткі бизнесімен күреске үлес қосқан құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлері, сондай-ақ есірткіге қарсы саясат пен халықаралық ынтымақтастықты дамытуға елеулі үлес қосқан халықаралық әріптестер мен азаматтық сектор өкілдері марапатталды.Отырыс қорытындысы бойынша трансұлттық есірткі бизнесінің одан әрі жолын кесуге, оның қаржы ағындарын бұғаттауға, халықаралық үйлестіруді күшейтуге, талдау мен мониторингтің цифрлық құралдарын дамытуға, сондай-ақ профилактикалық және оңалту бағдарламаларын кеңейтуге бағытталған ұсынымдар әзірленді.Бұл бағыттағы жұмыс ведомствоаралық өзара іс-қимыл, халықаралық әріптестік және заманауи технологияларды қолдану негізінде дәйекті түрде жалғастырылатын болады. ҚР Бас прокуратурасының Баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuror/press/news/details/1025247?lang=kk
Женевада Қазақстандағы адам құқықтары саласындағы реформалар жөніндегі тұсаукесер өтті 26.06.2025
Женева, 2025 жылғы 25 маусым – БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитетінің 144-ші сессиясы аясында Қазақстанның Швейцариядағы Елшілігінің көмегімен «Сотталғандардың құқықтарын қорғау» тақырыбында сайд-ивент өттіІс-шарада Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Денсаулық сақтау министрлігінің және Әділет министрлігінің өкілдерімен бірге Елшіліктің кеңесшісі, ҚР Бас прокуратурасының өкілі Б.Құрманов баяндама жасады.Оның сөзінде Қазақстан Республикасындағы қылмыс деңгейін төмендетуге, сотталғандар санын азайтуға, сотталғандарды құқықтық қорғауды күшейтуге бағытталған ауқымды ведомствоаралық жұмыстың нәтижелерімен таныстырды.Ол Қазақстанның жаһандық құқықтық рейтингтердегі позициясындағы оң өзгерістерді атап өтіп, қамауға алынғандармен қарым-қатынастың заңдылығын қамтамасыз етудегі прокуратураның рөлін ерекше атап өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bern/press/news/details/1025249?lang=kk
ҚР Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов жұмыс сапарымен Алматы облысына келді 26.06.2025
2025 жылғы 26 маусымда Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов жұмыс сапарымен Алматы облысына келді. Сапар аясында ол Қонаев қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді.Кездесу барысында вице-министр өңірдің отын-энергетика кешенінің қазіргі жағдайы туралы айтып, жылумен қамту, газдандыру және электрмен жабдықтау мәселелері бойынша тұрғындардың сауалдарына жауап берді.Қала тұрғындары газдандыру деңгейі, ЖЭС-3 жөндеу жұмыстарының барысы және жанар-жағармаймен қамтамасыз ету мәселелерін көтерді. Бұл сұрақтарға нақты әрі жан-жақты жауаптар берілді. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы саласына арналған дизель отынын жеткізу және сұйытылған мұнай газына қолжетімділік мәселелері де талқыланды.Әлібек Жамауов өңірдің жаңартылатын энергия көздерін дамытудағы әлеуетіне де тоқталып, бұл бағыттағы барлық жобалардың Үкіметтің тұрақты бақылауында екенін атап өтті.Сапар аясында азаматтарды жеке қабылдау ұйымдастырылды.Вице-министрдің бұл сапары өңірдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайту мен халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1025250?lang=kk
Женевада сотталғандардың құқықтарын қамтамасыз ету бойынша Қазақстанның тәжірибесі ұсынылды 26.06.2025
Женева, 2025 жылғы 25 маусым – БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің 59-шы сессиясы аясында сотталғандардың құқықтарын қамтамасыз етуге қатысты Қазақстанның тәжірибесі мен саясатына арналған арнайы іс-шара өтті.Іс-шара барысында ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары С.Әділов, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі А.Амангелдиев, ҚР Әділет министрінің инклюзия жөніндегі кеңесшісі Л.Қалтаева, сондай-ақ ҚР Бас прокуратурасының Берн қаласындағы ресми өкілі Б.Құрманов баяндамалар жасады.Панелистер Қазақстан Үкіметінің пенитенциарлық жүйені жаңарту, пробация институтын дамыту, азаптауға қарсы іс-қимылдар, мекемелерде электрондық мониторинг пен цифрлық бақылауды енгізу, тәуелсіз алдын алу тетіктерін жетілдіру, «Нельсон Мандела ережелерін» енгізу, сондай-ақ қамауға алу жағдайларын жақсарту, еңбекпен қамтуды арттыру бойынша жүргізіп жатқан шаралары мен азаматтық қоғамның осы үдерістердегі рөлі туралы мәселелерге егжей-тегжейлі тоқталды.Қатысушыларға арнаған сөзінде АҚШ-тың «INHR» халықаралық үкіметтік емес ұйымының басшысы Э.Ричардсон Қазақстанның адам құқықтарын қорғау бойынша реформаларын, оның ішінде пенитенциарлық денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру, жабық мекемелерде психологиялық сүйемелдеу бойынша жүргізіп жатқан шараларын жоғары бағалады, сондай-ақ азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылды нығайтудың және халықаралық стандарттарды одан әрі енгізудің маңыздылығын атап өтті.Іс-шараға БҰҰ-ға мүше 20-дан астам мемлекеттің және Женевада аккредиттелген халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың 50-ден астам өкілі қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-geneva/press/news/details/1025235?lang=kk
Нақты тапсырмалар берілді 26.06.2025
Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен аудан әкімдігінің отырысы өтіп, күн тәртібінде 2 мәселе қаралды.Күн тәртібіндегі бірінші мәселе – төрт түлікті түгендеу, олардың арасында қауіпті аурулар таралуының алдын алу туралы аудандық ветеринариялық стансаның басшысы Н.Дәулетбаев хабарлама жасады. Аудан бойынша 2025 жылдың 5 айында барлығы 3047 ветеринариялық анықтамалар беру қызметі мен 4934 ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіру жұмыстары жүргізілген. Ветеринариялық стансаның басшысы энзоотиялық ауруларға қарсы іс-шаралар, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, иесіз ит-мысықтарды аулау, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруына қарсы іс-шаралар туралы ақпарат берді.Аудан әкімі сала жұмысын жандандырып, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы жануарларында қауіпті ауралар таралмау керектігін ескертті. Мәжілістегі екінші мәселе – Шіркейлі ауылдық округіндегі атқарылған жұмыстар және алдағы міндеттер туралы ауыл әкімі Т.Құламқадіров баяндады. Жыл басынан бері "Қызылорда – Қоғалыкөл – Шіркейлі" бағытындағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ауылішілік 1,2 шақырым жол асфальтталған. Сондай-ақ, Б.Жақыпов көшесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Ауыл аманаты» жобасы, "Кең дала" бағдарламасы мен "Ұлттық жоба" аясында ауыл тұрғындары кәсіптерін жандандырған.Берік Әбдіғаппарұлы елді мекендегі қоғамдық-саяси ахуалды тұрақты ұстып, ауылды көркейту бағытында жұмыстар атқаруды тапсырды.Әкімдік отырысында күн тәртібіндегі мәселелерден бөлек, кәсіпкерлік, МӘМС, көлік салығы, ескерткіштерді құжаттандыру секілді қосымша мәселелер қаралып, хаттамалық тапсырмалар жүктелді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1025198?lang=kk
26 маусымда БҰҰ Дүниежүзілік есірткіге қарсы күрес күнін атап өтеді 26.06.2025
Есірткінің кең таралуы әлемдегі барлық елдердің алдында тұрған ең маңызды мәселелердің бірі болып қала береді. Есірткі – адамдардың өмірін бұзады, ұйымдасқан қылмыс пен террористік ұйымдар үшін пайда көзі, планетаның көптеген өңірлеріндегі тұрақсыздықты күшейтеді. БҰҰ мәліметтері бойынша ағымдағы жылы 300 миллионнан астам адам есірткіге тәуелді. Синтетикалық есірткі өндірісінің өсуі ерекше қауіп төндіреді.Қазақстан БҰҰ-ның осы жаһандық проблемамен күрестегі жетекші рөлін қолдайды. Еліміз есірткіге қарсы күрес саласындағы БҰҰ-ның барлық үш конвенциясына қосылды. Биыл Қазақстан 2026-2029 жылдарға арналған БҰҰ Есірткі құралдары жөніндегі комиссиясының мүшесі болып бесінші рет сайланды және жаһандық есірткіге қарсы стратегиясын іске асыруға елеулі үлес қосуда.Қазақстандық өкілдер ТМД, ҰҚШҰ және ШЫҰ қамқорлығымен есірткіге қарсы операцияларға белсене қатысып, Еуропа, Азия және АҚШ құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасайды. Алматыда орналасқан Есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия үйлестіру орталығы ақпарат алмасуды жүзеге асырады және Орталық Азия мен одан тыс жерлерде есірткі трафигінің жолын кесу бойынша бірлескен операциялар жүргізеді.Ұлттық деңгейде 2023-2025 жылдарға арналған Нашақорлыққа және есірткі саудасына қарсы күрес бойынша кешенді жоспар іске асырылуда. Оның басым бағыттары қылмыстық әрекеттің жолын кесу ғана емес, сонымен бірге жастармен профилактикалық жұмыс істеу, психологиялық және медициналық көмек көрсету, қоғамның барлық топтарын нашақорлықпен күреске тарту.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1025208?lang=kk
Құрметті Курчатов қаласының тұрғындары! 26.06.2025
Құрметті Курчатов қаласының тұрғындары!Мемлекет басшысы 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды.Өз сайлау учаскеңізді төменде көрсетілген телефон нөмірлері арқылы немесе Telegram-бот арқылы біле аласыздар:📞 Call-орталық: 109 8 (72251) 2 77 26⭐️ Telegram-бот: t.me/vote_abai_botАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1164712?lang=kk
Сот қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады 26.06.2025
Аудан әкімі Берік Сәрменбаев Судья және сот қызметкерлері күніне орай мекерекелік қабылдау өткізді. Іс-шараға аудан ардагерлері, ауданның сот саласының қызметкерлері, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының басшылары, бөлім басшылары мен қызметкерлер арнайы қатысты.Мерекелік қабылдауда аудан басшысы заң үстемдігі мен сот төрелігін қамтамасыз етудегі сала қызметкерлерінің еңбектеріне тоқталып өтті.– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Заң мен Тәртіп – әділетті қоғамның негізгі өлшемі. Бұл – заң алдында бәрі бірдей, тең құқылы деген сөз. Сол себепті, сот органдары азаматтардың басты қорғаны болуы керек. Елде заң үстемдігі орнаса, халықтың билікке деген сенімі нығаяды» деп атап көрсетті. Сот жүйесі – мемлекеттің маңызды тіректерінің бірі. Оның беделі мен азаматтардың сот билігіне деген сенімінің деңгейі сала қызметкерлерінің жоғары біліктілігі мен моральдық-этикалық нормаларын сақтауға тікелей байланысты. Қазақстанның сот билігі Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында қарқынды даму үстінде. Сіздердің заң үстемдігі мен сот төрелігін қамтамасыз етудегі еңбектеріңіз еселі, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.Іс-шарада аудан әкімі сала қызметкерлеріне «Алғыс хат» табыс етіп, құрмет көрсетті.Қабылдауда аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев, облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов және мемлекеттік қызмет саласының ардагері Балшекер Өтегенова сөз сөйлеп, мерекелік лебіздерін жеткізді. Ал аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы Кәмшат Сәдуақасова кәсіби мерекеде арнайы құрмет көрсеткені үшін шынайы алғысын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1025183?lang=kk
Алматы облысының дәрігерлері Ресейдің жетекші университеттерінде біліктілігін арттыруда 26.06.2025
Асқазан-ішек жолдарының ағзаларында жасалатын лапароскопиялық операциялар – бұл іш қабырғасында үлкен тілік жасамай, шағын тесіктер арқылы жүзеге асырылатын аз инвазиялық хирургиялық араласулар. Мұндай әдіс арқылы асқазан-ішек ауруларын диагностикадан өткізіп, емдеуге болады. Бұл – тіндердің зақымдануын азайтып, науқастың операциядан кейінгі ауырсынуын төмендетіп, тезірек сауығуына мүмкіндік береді.Осы бағытта біліктілікті арттыру мақсатында Қонаев қалалық көпбейінді ауруханасының хирург-дәрігерлері – Қизатов Айдос Талапович пен Шкуралиев Тахир Закирович – қазіргі уақытта И.П. Павлов атындағы Бірінші Санкт-Петербург мемлекеттік медицина университетінде екі апталық оқудан өтуде. Бірқатар операцияларды медицина ғылымдарының докторы, хирургия кафедрасының меңгерушісі, 30 жылға жуық тәжірибесі бар хирург Андрей Юрьевич Корольков жетекшілік етіп жүргізуде.Айдос Талаповичтің айтуынша, лапароскопиялық операциялардың науқас үшін тиімділігі айқын болғанымен, техникалық жағынан алғанда бұл әдістер дәстүрлі операцияларға қарағанда әлдеқайда күрделі дайындық пен мол тәжірибені талап етеді:«Оқыту барысында бізді ашық және лапароскопиялық операциялардың барлық түрлеріне белсенді түрде қатыстыруда. Негізгі назар лапароскопиялық хирургияға аударылып отыр. Бұл – тіндердің жарақаттануын азайтып, ауырсыну синдромын төмендететін және науқастың оңалу уақытын қысқартатын аз инвазиялық әдіс. Операциялар лапароскопиялық стойка арқылы ішке кішкентай тесіктер жасау арқылы жүргізіледі», – дейді ол.Тахир Закирович Шкуралиев өз сөзінде оқудың мазмұнына кеңінен тоқталды:«Біз қазірдің өзінде бірнеше күрделі операцияларға қатыстық: лапароскопиялық гастрэктомия – асқазанды алып тастау, сол жақ колэктомия – тоқ ішектің сол бөлігін алу, сондай-ақ лапароскопиялық әдіспен жасалған шап жарығы операциялары. Сонымен қатар біз бауырдың сол жақ бөлігін алып тастау – гемигепатэктомия операциясына қатыстық. Бұл – техникалық жағынан ең күрделі операциялардың бірі, бірақ заманауи аз инвазиялық хирургия тұрғысынан алғанда өте маңызды әрі көрнекті тәжірибе. Жалпы, оқыту барысында аз инвазиялық әдістерді меңгеруге баса назар аударылуда, бұл қазіргі заманғы хирургиялық тәжірибе талаптарына толық сәйкес келеді».Дәрігерлердің оқуын аяқтау келесі айдың басына жоспарланған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/1025121?lang=kk
АҚШ-тың Тәуелсіздік күніне орай қабылдау 26.06.2025
2026 жылғы 30 маусымда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов Америка Құрама Штаттарының Тәуелсіздігінің 250 жылдығына арналған салтанатты қабылдауға қатысты. Іс-шараға Қазақстандағы АҚШ Елшісі Джули Стаффт пен Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Тараптар Қазақстан-Америка арасындағы жоғары деңгейдегі қарым-қатынастарды атап өтіп, саяси диалогтың белсенді дамуын, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың нығаюын, сондай-ақ сауда-экономикалық пен инвестициялық байланыстардың маңыздылығын атап өтті. Сөз соңында тараптар Қазақстан мен Құрама Штаттары арасындағы достық және өзара тиімді ынтымақтастықтың одан әрі тереңдей түсетініне сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1250917?lang=ru
Салықты төлеу мен қайтару туралы топ сұрақ-жауаптар 26.06.2025
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу және қайтару бойынша ең маңызды 12 сұрақ-жауап ұсынады. 1.Сұрақ: Салықтың артық төленген (өндіріп алынған) сомасы дегеніміз не?Жауап: Есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізу күніне салықтың, бюджетке төленетін төлемнің аталған түрі, өсімпұл бойынша бюджетке төленген (өндіріп алынған) (есепке жатқызылғанды және қайтарылғанды шегергенде) және есептелген, есепке жазылған (азайтылғанды шегергенде) сомалары арасындағы оң айырма салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген (өндіріп алынған) сомасы болып табылады. 2.Сұрақ: Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомасын салық төлеушінің салықтық өтініші негізінде есепке жатқызу мен қайтарудың мерзімі қандай?Жауап: Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомасын салық төлеушінің салықтық өтініші негізінде есепке жатқызу мен қайтаруды осындай өтінішті тіркеген күннен бастап есептелетін 5 жұмыс күні ішінде жүргізеді. 3.Сұрақ: Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомасын есепке жатқызу қай мемлекеттік кірістер органымен жүргізіледі?Жауап: Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомаларын есепке жатқызуды тиісті салық, бюджетке төленетін төлем, өсімпұл бойынша жеке шоттарды жүргізу орны бойынша және (немесе) жеке шоттар жүргізілмейтін бюджетке төленетін төлемдерді төлеу орны бойынша жүргізіледі. 4.Сұрақ: Есепке жатқызудың және қайтарудың тәртібі қандай?Жауап: Салық органы салықтың, бюджетке төленетін төлемнің (қайтарылуға жатпайтын алымдар мен төлемақыларды қоспағанда), өсімпұлдың артық төленген (өндіріп алынған) сомаларын есепке жатқызуды және қайтаруды мынадай тәртіппен:тиісті салық, бюджетке төленетін төлем, өсімпұл бойынша жеке шоттарды жүргізу орны бойынша – осындай жеке шоттардың мәліметтері негізінде;жеке шоттар жүргізілмейтін бюджетке төленетін төлемдерді төлеу орны бойынша – тиісті уәкілетті мемлекеттік орган берген, жүзеге асырылуы үшін бюджетке төлемдерді төлеу көзделген әрекеттердің жасалмағанын растайтын, салық төлеуші ұсынған құжаттардың негізінде жүргізеді. 5.Сұрақ: Салықтың артық төленген (өндіріп алынған) сомасын қайтару қалай жүргізіледі?Жауап: Салық органы салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген (өндіріп алынған) сомасын қайтаруды бюджетке салықтық берешегі болмаған кезде салық төлеушінің салықтық өтініші негізінде оның банктік шотына жүргізеді.Салық органы салықтық берешегі болған кезде есепке жатқызуға арналған салықтық өтінішті ұсынбастан, орын алған салықтық берешекті өтеу есебіне салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомасын есепке жатқызуды жүргізеді.Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомасының қалдығы есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін қайтарылуға жатады. 6.Сұрақ: Қандай салықтар және төлемдер есепке жатқызу мен қайтаруға жатпайды?Жауап: Мыналар:1) есепке жатқызуға жатпайды:заңды тұлға мен оның құрылымдық бөлімшесі арасындағы есепке жатқызудан басқа, салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген (өндіріп алынған) сомасы басқа салық төлеушінің салықтық берешегін өтеу есебіне;мемлекеттік баждың төленген сомасы;2) есепке жатқызуға және қайтаруға:Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүргені үшін алымның, консулдық алымның, жер учаскелерін пайдаланғаны, пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде мемлекеттің жер қойнауы учаскесін бергені, жануарлар дүниесін пайдаланғаны, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақының төленген сомасы, осындай сомалардың қате төленген жағдайларын қоспағанда, есепке жатқызуға және қайтаруға жатпайды. 7.Сұрақ: Қандай сомалар салықтың қате төленген сомасы болып табылады?Жауап: Аудару кезінде мынадай қателердің кез келгені жіберілген:1) төлем құжатында төлемнің мәтіндік мақсаты төлем мақсатының кодына және (немесе) кірістердің бюджеттік сыныптамасының кодына сәйкес келмеген;2) екінші деңгейдегі банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық төлеушінің төлем құжатын қате орындаған;3) ақша жөнелтуші – салық төлеуші тіркеу есебінде тұрмаған салық органына төлем жүргізген;4) ақша жөнелтуші – салық төлеуші салықтың немесе бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың осы түрі бойынша төлеуші болып табылмайтын кездегі сома салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың қате төленген сомасы болып табылады. 8.Сұрақ: Салықтың қате төленген сомасын есепке жатқызу, қайтару қалай жүргізіледі?Жауап: Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың қате төленген сомасын есепке жатқызу, қайтару:1) салық төлеушінің салықтық өтініші;2) екінші деңгейдегі банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның өтініші;3) қате фактісі анықталған жағдайда, салық органы жасаған салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың қате төленген сомасының туындау себептері туралы хаттама бойынша жүргізіледі. 9.Сұрақ: Салықтың қате төленген сомасын есепке жатқызу, қайтару мерзімі қандай?Жауап: Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың қате төленген сомасын есепке жатқызу, қайтару:салық төлеушінің салықтық өтініші, екінші деңгейдегі банктің өтініші ұсынылған;салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың қате төленген сомасы түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі. 10.Сұрақ: Кедендік алымдар сомасы қайтарылады ма, егер қайтарылса қандай жағдайда?Жауап: Кедендік алымдар сомасы артық төленген (артық өндіріп алынған) немесе қате төленген жағдайда есепке жатқызу (қайтару) жүргізіледі. 11.Сұрақ: Мемлекеттiк баждың сомаларын қайтару қалай жүргізіледі?Жауап: Салық органы мемлекеттік баждың артық төленген сомасын қайтаруды салық төлеуші ұсынған салықтық өтініштің және тиісті мемлекеттік органның қайтарудың құқыққа сыйымдылығын растайтын құжатының негізінде жүргізеді. Мемлекеттік баждың артық төленген сомасын қайтаруды оның төленген жері бойынша салық органы қайтаруға арналған салықтық өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік баж сомасы есепке жазылған бюджеттік сыныптаманың тиісті кодынан салық төлеушінің банктік шотына жүргізеді. 12.Сұрақ: Мемлекеттік баждың артық төленген сомасын қайтаруға арналған құжаттар қандай мерзім өткенге дейін ұсынылуға тиіс?Жауап: Мемлекеттік баждың артық төленген сомасын қайтаруға арналған құжаттар салық органына мемлекеттік баждың мұндай сомасы бюджетке төленген күннен бастап үш жыл мерзім өткенге дейін ұсынылуға тиіс.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1024991?lang=kk
Аудан әкімі жылыжай жұмысымен танысты 26.06.2025
Аудан әкімі Берік Сәрменбаев Қалжан ахун ауылында орналасқан жылыжай жұмысымен танысты.Жылыжаймен танысу барысында аудан басшысы кәсіпкермен пікірлесіп, мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін пайдалануды атап көрсетті. – Мемлекет басшысы елімізде кәсіпкерлік саласын дамытуға үлкен қолдау көрсетуде. Аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Президент тапсырмасының Сыр елінде орындалуына ауқымды міндеттер жүктеді. Сондықтан кәсіп ашып, оны кеңейтетін адамдарға әркез қолдау көрсетеміз, – деді Берік Әбдіғаппарлы.Нысанның жұмыс барысы туралы «Береке» ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің жетекшісі Серік Әбжалиев ақпарат беріп, алдағы жоспарларымен бөлісті. Кәсіпкер 2023 жылы "Ауыл аманаты" жобасымен 8,6 млн. теңге, 2024 жылы «Өңірлік инвестициялық орталығы» арқылы тамақ өнеркәсібін дамыту жобасы бойынша 35 млн. теңге төмендетілген несие алып, жылыжай жұмысын жандандырған. Мұнда қияр және қызанақ өсірілуде. Қазіргі таңда сұраныс мол екенін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1024983?lang=kk
Дзюдодан CISM әлем чемпионатында армия спортшылары екі қола медаль жеңіп алды 26.06.2025
Германияның Варендорф қаласында әскери қызметшілер арасында дзюдодан CISM әлем чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күні армия спортшылары ҚР Қарулы күштерінің қызметкері Шерзод Давлатов пен қатардағы жауынгер Нұрқанат Серікбаев екі қола медаль жеңіп алды.60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Шерзод Давлатов Бахрейн спортшысы Руслан Полторацкийден жеңіліп қалды. Жұбаныш жекпе-жегінде Алжир мен Франциядан келген спортшылардан басым түсіп, үшінші орын үшін болған кездесуде Кувейт өкілін жеңді.Қатардағы жауынгер Нұрқанат Серікбаев 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Тунис спортшысын жеңгенімен, алжирлік спортшыға есе жіберді. Алайда швейцариялық және неміс дзюдошыларын жеңіп, қол медаль үшін болған жекпе-жекте итальяндық спортшыдан басым түсті.Дзюдодан CISM әлем чемпионатына 35 елден 200 спортшы қатысып жатқанын айта кету керек. Жарыс 30 маусымға дейін жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1024928?lang=kk
Қазақстан Қорғаныс министрі ШЫҰ кеңесіне қатысты 26.06.2025
Қытайдың Циндао қаласында қабылдаушы тараптың төрағалығымен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер Қорғаныс министрлерінің кеңесі өтті.Отырыста қорғаныс ведомстволарының басшылары жаһандық және өңірлік қауіпсіздік мәселелері бойынша пікір алмасып, қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты нығайту жөніндегі ұсыныстарын ортаға салды.Сонымен бірге Қазақстан Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосановтың Ресей, Қытай, Үндістан, Пәкістан қорғаныс ведомстволарының басшыларымен және ШЫҰ Бас хатшысымен екіжақты кездесулері өтті.Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы елдері қорғаныс ведомстволары басшыларының келесі кездесуі 2026 жылы Қырғызстанда өтеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1024944?lang=kk
Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беру бойынша «Keden» ақпараттық жүйелеріне іске қосу: мүдделі тұлғалар үшін өзгерістер 26.06.2025
«Keden» ақпараттық жүйесін кезең-кезеңімен енгізу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетімен берлесіп өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті (бұдан-әрі – ӨМТК) беру жөніндегі функционалды пайдалануға енгізеді:2025 жылғы 23 маусымнан бастап ӨМТК өтініштерді беру және өңдеу «Keden» АЖ жүзегеде асырылатын болады.Ағымдағы жылдың 20 маусымда сағат 18:30-да «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша «Бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінде ӨМТК алу өтініштерді қабылдау тоқтатылатынын атап өтеміз.Өтінішті толтыру тәртібі, сондай-ақ жүйеде тіркеу бойынша нұсқаулықтар порталдағы басты бетте орналастырылған https://keden.kgd.gov.kz, сондай-ақ жеке телеграм чаты жасалған https://t.me/kedenkgdgovkz/57621 – зияткерлік меншік объектілері үшін.Өтініштердің мәртебесі туралы хабарламалар алу мүмкіндігі үшін қолданыстағы ұялы телефон нөмірлерін және электрондық пошта мекен-жайларын тіркеу кезінде көрсету қажеттілігіне назар аударамыз.Қосымша ақпарат пен кеңес алу үшін Қолдау қызметіне хабарласыңыз:- +7 7172 73 55 19- +7 705 956 53 89- e-mail: keden_support@kgd.minfin.gov.kz.- Telegram арнасы: https://t.me/kedenkgdgovkz.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1024899?lang=kk
Астанада еліміздің инвестициялық ахуалын жақсарту бойынша семинар ұйымдастырылды 26.06.2025
Астана, 2025 жылғы 26 маусым – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ҚР Бас прокуратурасымен бірлесіп «Kazakh Invest» ұлттық компаниясының алаңында «Ашық есік күні» семинарын ұйымдастырды. Іс-шараға өңірлер әкімдерінің орынбасарлары, облыс прокурорларының орынбасарлары, мемлекеттік органдар мен даму институттарының өкілдері, сондай-ақ онлайн форматта қосылған 1000-нан астам бизнес өкілі қатысты.Кездесудің мақсаты инвестициялық ахуалды жақсарту, ірі инвестициялық жобаларды сүйемелдеудің тиімділігін арттыру, Ұлттық цифрлық инвестициялық платформасының (ҰЦИП) мүмкіндіктерін көрсету және инвесторлар тап болатын жүйелі мәселелерді талқылау болды.Семинарды ҚР СІМ Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидулла Оспанкулов ашты. «Инвесторларды сүйемелдеудің заманауи цифрлық инфрақұрылымын құру – жобаларды жедел іске асырудың кілті. ҰЦИП бюрократиялық рәсімдерді қысқартып, ашықтықты арттырады және бизнес пен мемлекеттік органдар арасындағы өзара әрекеттестікті жеңілдетеді. Бұл – инвесторлар үшін қолайлы және болжамды орта қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам», – деді ол.ҚР Бас прокуратурасы атынан Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі бастығының орынбасары Мәди Айхимбеков сөз сөйледі. Ол прокуратура органдарының инвесторлардың құқықтарын қорғау бағытындағы қызметі туралы айтып, соңғы жылдары қадағалау органдарының қатысуымен 1000-нан астам проблемалық мәселе шешілгенін атап өтті. Ерекше назар тізімге енгізілген инвесторларға қатысты бақылау іс-шараларын келісу механизміне аударылды.«Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Мадияр Сұлтанбек ведомствоаралық өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті: «СІМ, «Kazakh Invest» және Бас прокуратураның бірлескен күш-жігері бизнесті жүргізуге қолайлы және қауіпсіз құқықтық орта қалыптастыруға мүмкіндік береді. Процестерді цифрландыру мен институционалдық қолдаудың артуы мемлекеттің инвесторлармен конструктивті диалогқа дайын екенін көрсетеді».Семинар барысында қатысушыларға ҰЦИП платформасының жұмысы көрсетіліп, Бірыңғай реестрдегі нақты кейстер мен қабылданған нормативтік өзгерістер таныстырылды.«Сұрақ-жауап» сессиясында инвесторлар практикалық сипаттағы көптеген сұрақтар қойып, мемлекеттік органдар тарапынан нақты жауаптар алды. Жобаларды жүзеге асыру барысында туындаған жүйелі қиындықтарға байланысты бірқатар мәселелер Бас прокуратура қызметкерлерінің бақылауына алынды.Бизнес өкілдері іс-шараның практикалық құндылығын атап өтіп, мемлекеттік органдармен тікелей диалогтың маңызын және жобаларды іске асыру бойынша өзекті мәселелерге жедел түсініктеме алуға мүмкіндік бар екенін айтты. Олардың айтуынша, мұндай форматтар қолданыстағы кедергілерді ғана анықтап қоймай, сонымен қатар іскерлік ортаны жақсартуға және инвесторлар мен мемлекет арасындағы сенімді нығайтуға ықпал ететін бірлескен шешімдерді табуға мүмкіндік береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1024909?lang=kk
Бас қолбасшы тактикалық іс-қимылдарды модельдеуге арналған аудиторияны таныстырды 26.06.2025
Ішкі істер министрінің орынбасары — Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Аңсаған Балтабеков өзара іс-қимыл жасайтын органдардың өкілдерін ІІМ басқару Академиясындағы Ұлттық ұлан аудиториясының мүмкіндіктерімен таныстырды.Бұған дейін “Заң мен тәртіп” апталығы аясында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Басқару академиясының салтанатты ашылуы өткен болатын.Аудитория заманауи техникалық құралдармен жабдықталған. Мұнда нақты жағдайларға ұқсас тактикалық сценарийлерді қайта құруға мүмкіндік беретін жүйелер орнатылған. Күнделікті қызметте қолданылатын автоматтандырылған басқару жүйесі де енгізілген.– Мұндай аудиторияның ашылуы – болашақ офицерлерді даярлаудағы маңызды қадам. Бұл – тәжірибеге негізделген оқыту тәсілін жүзеге асырып, командирлік қабілетті жетілдіруге бағытталған алаң. Әрбір автоматтандырылған жұмыс орны тактикалық іс-қимылдарды модельдеуге арналған және әскери бөлімдерді басқаруға қажетті ақпараттық ресурстарға қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде жаттығу кезінде тактикалық тапсырмаларды тиімді пысықтауға жол ашады, – деді генерал-майор Аңсаған Балтабеков.Аудиторияға енгізілген цифрлық шешімдерге бірыңғай ақпараттық орта кіреді. Ол өңірлердегі жедел ахуал туралы мәліметтерді орталықтандырылған түрде қабылдап, өңдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар шешім қабылдауды қолдау жүйесі мен геоақпараттық жүйе енгізілген. Бұл платформаларда нормативтік құжаттар мен жеке құрамның іс-әрекеттерінің алгоритмдері қамтылған.Сондай-ақ патрульдік бағыттар бойынша әскери жасақтардың қозғалысын нақты уақыт режимінде көрсететін жауынгерлік кезекшілікті бақылау және мониторинг жүйесі де жұмыс істейді.Қазіргі таңда Ұлттық ұлан еліміздің 21 қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде. Қоғамдық қауіпсіздік пен маңызды нысандарды күзету ісіне 7 мыңнан астам әскери қызметші жұмылдырылған. Сонымен қатар ІІМ-ге қарасты 39 қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін күзету де олардың міндетіне кіреді.Ұлттық ұланның қызметі құқық қорғау органдарымен, атап айтқанда ІІМ, ҰҚК, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Қаржылық мониторинг агенттіктерімен бірлескен арнайы операцияларға қатысуды да қамтиды.ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1024862?lang=kk