Қаржы министрлігі отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсетуді күшейтуді қолға алды
27.06.2025 08:02:05 473
Қаржы министрлігі қазақстандық тауар өндірушілеріне көрсетілетін қолдауды күшейту үшін мемлекеттік сатып алу саласындағы құқықтық базаны жетілдіріп келеді. Мәселен, 2025 жылдың 24 маусымындағы №321 бұйрыққа сәйкес Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына түзетулер енгізілді.
Негізгі өзгерістер Қазақстанның тауар өндірушілеріне:
- келісімшарт бойынша тауарларды жеткізу мерзімдерін 15 күнтізбелік күннер 60 дейін ұлғайтуға мүмкіндік беріп, бұл тиісті міндеттемелерді орындау мерзімін сақтауға жол ашады;
- тауарларды жеткізгені үшін төлем мерзімдерін 30 күнтізбелік күннен 10 жұмыс күніне дейін азайту қарастырылған. Аталған амал өндірушілердің қаржылық жүктемелерін азайтуға септеседі;
- аванс төлем мөлшерін 30% 50% дейін ұлғайту көзделген.
Тұтастай алғанда, осы өзгерістер жергілікті өндірістің өсімін ынталандыруға және отандық бизнесті дамытуға бағытталған.
Бұйрық жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң ресми түрде қолданысқа енгізіледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1025261?lang=kk