Әлем
Ғұсман Қырғызбаев ширек финалда! 21.06.2025
Мажарстан астанасы Будапештте өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатының екінші күнінде 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғап жатқан Ғұсман Қырғызбаев Израиль спортшысы Гай Гатманды Golden Score қосымша уақытында «иппон» ұпайымен жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды.Келесі белдесуінде Ғұсман тәжікстандық Нурали Эмомалимен татамиге шығады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1017537?lang=kk
«Орталық Азия – Қытай» II саммиті: ҚазҰУ-да Алматы Хартиясына қол қойылды 21.06.2025
«Орталық Азия – Қытай» II саммиті: ҚазҰУ-да Алматы Хартиясына қол қойылдыӘл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Орталық Азия – Қытай» II саммиті аясында II Халықаралық академиктер форумы өтті. Ауқымды шараны әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы және Сиань Цзяотун университеті бірлесіп ұйымдастырды.Форумның мақсаты – ғылыми зерттеулер мен озық технологияларды енгізу арқылы климаттың өзгеруі, шөлейттену, халықтың өсуі және кедейлікпен күресу сияқты өзекті жаһандық сын-қатерлерді шешуге жәрдемдесу.Форумға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев, ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев, Сиань Цзяотун университетінің (XJTU) атқарушы вице-президенті Би Чжаохун, ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглова, Алматы қаласы әкімдігі, министрлік өкілдері, сондай-ақ Орталық Азия және Қытай елдерінен энергетика саласындағы ғалымдар мен сарапшылар қатысты.ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев мәртебелі қонақтар мен қатысушыларды қарсы алып, 16 маусымда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың шақыруымен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға келетінін атап өтті. 17 маусымда Астанада Орталық Азия – Қытай екінші саммиті өтеді, оған өңірдің мемлекет басшылары қатысады.Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесуде:«Қытай біз үшін тек жақын көрші емес, сонымен қатар жақын дос және уақытпен сыналған сенімді серіктес», – деген болатын. Өз тарапынан Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин:«Мен Қытайдың Қазақстанмен қатынастарын стратегиялық биіктіктен және ұзақ мерзімді перспективада қарастыратынын растағым келеді. Қытай әрқашан Қазақстанның сенімді тірегі болады», – деді.«Дәл осы Қазақстан мен Қытай мемлекет басшылары арасындағы жоғары деңгейдегі жылы және сенімді қатынастар бүгінгі өзара әрекеттесуіміздің берік негізі болды. Осы саммит аясында бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Орталық Азия және Қытай ғылым академиясының академиктері бас қосты», – деп тілге тиек етті ҚазҰУ ректоры.Айта кету керек, мемлекет басшылары саммиті аясында «Орталық Азия – Қытай» Іскерлік кеңесінің екінші отырысында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ үш келісімге қол қоюды жоспарлап отыр.Біріншісі – КазҰУ мен Қытайдың TusHoldings корпорациясы арасында, ол Қытайдағы инновациялық кәсіпкерліктің жетекші институттарының бірі. Құжат стартаптарды дамыту үшін DeepTech, цифрлық және жасыл технологиялар, биомедицина және жасанды интеллект салаларында бірлескен бизнес-инкубатор құруды қарастырады.Екіншісі – «Huibo» (Хуэйбо) цифрлық интеллектуалдық шеберханасын жасақтау, ол заманауи оқу-ғылыми платформа болады.Үшіншісі – жердегі спутник станциясын құру туралы келісім. Бұл бастама ғарыштық зерттеулер саласындағы халықаралық ынтымақтастықты және технологиялық алмасуды кеңейту үшін маңызды қадам болмақ.Қазіргі уақытта ҚазҰУ 65 Қытай университеттері мен ұйымдарымен тығыз серіктестік орнатқан. Қытайдан келген шетелдік студенттердің жалпы саны 1440 адамды құрайды. Сондай-ақ Орталық Азия елдерімен халықаралық ынтымақтастық белсенді дамып, өңірлік университеттерімен 55 келісім жасалған. Әзірбайжан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан және Өзбекстанда екі дипломды бағдарламалар мен бірлескен білім беру жобалары сәтті жүзеге асырылуда.«Бүгінгі форумның мақсаты – тек пікір алмасу емес, жасыл технологиялар саласындағы интеграцияны тереңдетуге бағытталған нақты ынтымақтастықты ілгерілету», – деді Жансейіт Түймебаев.Шара барысында ҚР ҰҒА академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев баяндама оқыды.«2023 жылы Сианда өткен алғашқы саммит және сол жерде қабылданған Сиань декларациясы өзара әрекеттесудің жаңа дәуірін ашты», – деп атап өтті. – «Бұл форум – интеграцияны тереңдетудің қадамы. Қазақстан өнеркәсіптік және ғылыми әлеуетке ие және жасыл өтпелі мәселелер бойынша аймақтық күн тәртібінің белсенді ұйымдастырушысы болып табылады. ҚР Ұлттық ғылым академиясы әрқашан Қытаймен және Орталық Азия елдерімен ғылыми серіктестікті дамытуға қолдау көрсетуге дайын. Бұл форум – біріктірілген ғылыми кеңістікті қалыптастыруға маңызды қадам. Біз бірлескен күш-жігеріміздің өңірдің тұрақты дамуына әкелетініне сенімдімін», – деді академия президенті.ҚР ҰҒА президенті Ақылбек Күрішбаев «Орталық Азияның биоалуантүрлілігін қорғау бойынша үйлестіруші механизм ретінде «Орталық Азия биоалуантүрлілігі жөніндегі Кеңес» құруды ұсынды.Пленарлық отырыста ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің Орталық Азия мен Қытай елдерінің ғылыми қауымына арналған құттықтау хатын ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглова оқып берді.«Бүгінгі іс-шара «Бір белдеу, бір жол» бастамасы шеңберінде жасыл энергетика саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге, «Жасыл Жібек жолы» тұжырымдамасын іске асыруға, озық технологиялармен алмасуға елеулі үлес қосады. Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық серіктестік жаңа деңгейге көтерілді. Қос Мемлекет басшылары арасындағы өзара сенім мен достық екі ел қарым-қатынасының берік негізі болып отыр. Осы тұрғыда ҚазҰУ-да өтіп жатқан форум әріптестіктің айқын көрінісі», – делінген хатта.Сондай-ақ Сиань университетінің вице-президенті Би Чжаохун, Қырғыз Республикасының Ұлттық ғылым академиясының президенті Қанатбек Абдрахматов және Тәжікстан Ғылым академиясының вице-президенті Саидмұхамед Ибадов құттықтау сөздерін жеткізді.Форум барысында ҚР ҰҒА, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, Сиань Цзяотун университетінің (ҚХР), Қырғыз Республикасының Ұлттық ғылым академиясының, Қырғызстан халықаралық университетінің және Самарқанд мемлекеттік университетінің (Өзбекстан) өкілдері жасыл энергетика саласындағы ынтымақтастық туралы Алматы хартиясына қол қойды.Форум жұмысы тақырыптық панельдік секциялармен жалғасты. Қатысушылар жасыл энергетикаға көшу үдерісін жеделдету бойынша өз әзірлемелерін ұсынды, тәжірибе және пікір алмасты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/1017538?lang=kk
Нариман Төреғалиев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады 21.06.2025
Бүгін медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай облыс орталығында салтанатты жиын өтті. Шараға Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, ақ халатты абзал жандарды шын жүректен құттықтады.Салтанатты жиында аймақ басшысы өңірдегі денсаулық сақтау саласында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, медицина мамандарының қоғамдағы орны ерекше екенін атап өтті.«Күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың қоғамдағы рөлі зор екенін атап өтті. Президент: «Дәрігер болу – жүректің ісі. Біз сіздердің ерліктеріңізді бағалаймыз»дей келе, ақ халатты абзал жандардың еңбегін ескеріп, мәртебесін жоғарылатты.Облыс көлемінде де денсаулық саласын қолдау мақсатында ауқымды нақты жұмыстар атқарылып келеді», - деді Нариман Төреғалиев.Өңір басшысы өз сөзінде «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында облысымызда 50 медициналық нысанның құрылысы жоспарланын, оның бүгінде 38 нысаны пайдалануға берілгенін хабарлады. Қалған 12 нысанның құрылысы маусым-шілде айларында аяқталмақ. Сонымен қатар, 2023–2025 жылдар аралығында өңірде денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту бағытында: 37 нысанда күрделі жөндеу жүргізілсе, тағы 5 нысанның күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Сондай-ақ, 8 модульдік медициналық ғимарат сатып алынып, қолданысқа берілді.2023-24 жылдары облыстағы денсаулық сақтау ұйымдарына су жаңа 131 санитариялық автокөлік берілді. 405 бірлік медициналық құрал-жабдық сатып алынып, оған жергілікті бюджеттен 3 миллиард теңге қаражат бөлінген.Жиын барысында сала үздіктеріне «Еңбек ардагері» медалі және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» және «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгілері, “Құрмет” грамоталары, сондай-ақ облыс әкімінің алғыс хаттары табыс етілді.Мерекелік шара концерттік бағдарламаға ұласты.БҚО әкімдігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko/press/news/details/1017539?lang=kk
«Семей орманы» резерватына орман өрттерін ерте анықтау жүйесі енгізілуде 21.06.2025
Бүгін "Семей орманы" резерватының Бородулиха филиалының Камышен орманшылығында Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е.Нысанбаев пен "Қазақтелеком" АҚ Басқарма төрағасы Б. Мусиннің қатысуымен өртті ерте анықтау жүйесінің автоматтандырылған мониторинг жүйесін орнату орындары ашылды."Семей орманы" резерватының аумағында ерте анықтау жүйесі іске қосылды. Ол орман өрттеріне жедел ден қоюға, ықтимал тәуекелдерді бағалауға және өртті ерте кезеңдерде оқшаулауға мүмкіндік береді. "Семей орманы" резерваты еліміздің орман өртіне бейім өңірлерінің бірі. Ағымдағы жылдың басынан бастап 42 өрт ошағы тіркелді, олардың едәуір бөлігі табиғи факторлардан, соның ішінде құрғақ найзағай разрядтарынан туындады.Сонымен қатар, инвесторлармен кездесуде ЖТҚ әзірлеу көлемін ұлғайту бойынша нақты нұсқаулар берілді. Министр туындаған мәселелерді жедел шешудің маңыздылығын атап өтіп, жағдайды тұрақтандыру және көлемдерді уақтылы игеру үшін маусым айының соңына дейін мерзім белгіледі.Енгізілген жүйе қазіргі заманғы термовизиялық және оптикалық камераларды пайдалана отырып, орман алқаптарының тәулік бойы бейнемониторингіне арналған. Камералар биіктігі 30 метр антенна-діңгек құрылыстарына орналастырылады, 360 градусқа айналады және жасанды интеллект көмегімен түтін немесе от белгілері автоматты түрде ерте кезеңдерде танылады.Өрт белгілері анықталған кезде жүйе жедел басқару орталығына сигналды бірден жібереді, бұл өрт ошағын тез оқшаулауға және жоюға мүмкіндік береді.Болашақта жүйе ҚР ТЖМ Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығына қосылады, бұл тиімді басқару шешімдерін қабылдау үшін республикалық деңгейде орман алқаптарының орталықтандырылған мониторингін қамтамасыз етеді.Осылайша, "Семей орманы" жобасы-табиғатты сақтауға және орман алқаптары маңында тұратын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шешім.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1017541?lang=kk
Шымкентте ағаш шеберлерінің халықаралық фестивалі басталды 21.06.2025
Бүгін Шымкент қаласында Shymkent Usta Fest – тұтас ағаштан жасалатын қолөнер шеберлерінің халықаралық фестивалі басталды. Іс-шара Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылуда.Қаладағы «Арбат» алаңында өтіп жатқан фестивальдің ашылу рәсіміне Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек арнайы қатысып, шеберлерге сәттілік тілеп, фестивальдің маңыздылығына тоқталды.Айта кетейік, Shymkent Usta Fest фестивалі елімізде тұңғыш рет Шымкент қаласында өтуде. Оған елімізден өзге, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия және Ресей Федерациясынан келген ағаш өңдеу өнерінің шеберлері қатысып жатыр.Фестиваль бағдарламасы аясында алты күн бойы «Арбат» алаңында жәрмеңкелер, көрмелер және түрлі мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады. Қала тұрғындары мен қонақтары ұлттық нақыштағы ерекше бұйымдарды тамашалап қана қоймай, олардың жасалу барысын да көре алады.Фестивальдің салтанатты жабылу рәсімі мен гала-концерті 20 маусым күні өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/1017543?lang=kk
«Семей орманы» табиғи резерваты аумағында орман өртін ерте анықтау жүйесі іске қосылды 21.06.2025
Бүгін «Семей орманы» мемлекеттік табиғи резерватында орман өртінің алдын алу бағытындағы маңызды жобаның таныстырылымы өтті. Іс-шараға Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин және облыс әкімінің орынбасары Қуаныш Сүлейменов қатысты.Резерваттың Бородулиха филиалының Камышенка орманшылығында орман өртін ерте анықтауға арналған автоматтандырылған мониторинг жүйесінің алғашқы құрылғылары орнатылды. Бұл жоба — орман өртінің алдын алу мен жедел әрекет етуге мүмкіндік беретін заманауи технологиялық шешім.Жүйе тәулік бойы жұмыс істейтін оптикалық және термовизиялық камералар арқылы орман аумағын толық бақылайды. Биіктігі 30 метрлік антенна-діңгектерге орнатылған камералар 360 градусқа айналып, түтін мен өрт белгілерін автоматты түрде анықтайды. Қауіп анықталған сәтте сигнал бірден жедел басқару орталығына жіберіледі. Бұл өрт ошақтарын уақтылы оқшаулап, залалды азайтуға мүмкіндік береді.Жүйе болашақта Төтенше жағдайлар министрлігінің басқару орталығымен біріктірілмек. Бұл барлық орман алқаптарын республикалық деңгейде бақылауға жол ашады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/1017545?lang=kk
Қазақстан Елшісі Украина Президентіне сенім грамоталарын тапсырды 21.06.2025
Киев, 2025 жылғы 13 маусым – Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшісі Төлежан Барлыбаев Украина Президенті Владимир Зеленскийге сенім грамоталарын тапсырды.Тапсыру рәсімі ЮНЕСКО Дүниежүзілік мұрасы ескерткіштерінің тізіміне кіретін «Киевтік София» (1037 ж.) ұлттық қорықтың аумағында өтті.Қысқаша сұхбат барысында дәстүрлі достық қазақ-украиналық қарым-қатынастардың жағдайы мен болашағы, сондай-ақ әртүрлі салалардағы іскерлік ынтымақтастық мәселелері талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1017546?lang=kk
Ғұсман Қырғызбаев жұбаныш белдесуде күреседі 21.06.2025
Будапешттегі дзюдодан әлем чемпионатының ширек финалында Ғұсман Қырғызбаев (66 кг) тәжікстандық дзюдошы Нурали Эмомалиге есе жібердіОтандасымыз енді жұбаныш белдесуінде күреседі. Қарсыласы жақын арада белгілі болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1017547?lang=kk
Ғұсман Қырғызбаев әлем чемпионатын аяқтады 21.06.2025
Дзюдодан әлем чемпионатының жұбаныш белдесуінде Ғұсман Қырғызбаев екі дүркін Олимпиада чемпионы Хифуми Абэге «юко» ұпайымен жеңілді.Осылайша, отандасымыз 2025 жылғы дзюдодан әлем чемпионатында 7-орынға тұрақтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1017548?lang=kk
Медицина мамандарын кәсіби мерекемен құттықтады 21.06.2025
Елімізде маусымның әр үшінші жексенбісі — медицина қызметкерлерінің күні. Адам өмірі деген баға жетпес құндылықты сақтап қалуға күш салатын аса жоғары жауапкершілік медицина мамандарына жүктелген. Аталмыш мерекеге орай, Қызылорда облысы ТЖД бастығының міндетін атқарушы Темірбек Бейсенбин ҚР ТЖМ «Апаттар медицинасы орталығының» өңірлік филиалының ұжымын кәсіби мерекелерімен құттықтап, құттықтау адресатын және гүл шоқтарын табыс етті. Ұжымыңыздың кәсіптеріне деген адалдықтарына, төтенше жағдайлар кезінде адам өмірін сақтау жолында еткен еңбектеріңізге зор алғыс білдіреміз! Қызылорда облысы ТЖДАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-kyzylorda/press/news/details/1017549?lang=kk
ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ӨКІЛДЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫС ЕТТІ 21.06.2025
Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарымен үздік дәрігерлер, денсаулық сақтау қайраткерлері, түрлі бағыттағы мамандар жоғары мемлекеттік наградаларға ие болды, олар жылдар бойы өздерінің қажырлы еңбегімен ұлт денсаулығын сақтауға зор үлес қосып келеді.Денсаулық сақтау саласының 68 өкілі «Барыс», «Парасат», «Достық», «Құрмет» ордендерімен, сондай-ақ «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медальдарымен марапатталды.«Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағын ел алдындағы ерекше еңбегі үшін биыл 8 дәрігер иеленді.Бұл марапаттар олардың жоғары жауапкершілігін, біліктілігін және мамандыққа адалдығын лайықты мойындау болып табылады.2024 жылы Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен дәрігерлерді кешенді — заңды, қаржылық және кәсіби қорғауға бағытталған заң қабылданды.Өткен жылдан бастап Мемлекет басшысы «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағын тағайындады, ол дәрігерлерге деген ерекше құрмет символына айналды.Бүгін медицина қызметкерлерін салтанатты марапаттау рәсімінде сөйлеген сөзінде Президент соңғы бес жылда денсаулық сақтау саласындағы жалақы екі есеге жуық өскенін атап өтті. Бейінді университеттер мен колледждерде стипендиялар ұлғайды. Сондай-ақ білікті дәрігерлерде тәлімгерлікті ұйымдастыру және жас мамандарды одан әрі бейімдеу үшін барлық қажетті жағдайлар жасалуда.Ол мемлекет медицина қызметкерлеріне қолдау көрсетуді жалғастыратынын атап өтті.«Дәрігерлерді халық денсаулығын сақтаушылар деп атайды. Әр адам осы шындықты жақсы біліп, олардың жұмысын құрметтеуі керек. Алайда, өкінішке орай, біздің қоғамда медицина қызметкерлерінің жұмысына кедергі келтіретін, кейде тіпті олардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін адамдар әлі де бар. Мұндай заңсыз әрекеттерге мүлдем жол берілмейді. Қоғамдық тәртіпті бұзатын адамдар міндетті түрде заңның барлық қатаңдығына жауап береді. «Заң және тәртіп» қағидаты мүлтіксіз және барлық жерде сақталуы керек. Тек осылай ғана біз әділ және қауіпсіз Қазақстан құра аламыз. Бұл тұрғыда медицина қызметкеріне айрықша рөл беріледі,-деп атап өтті бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев.Биылғы жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағына 8 дәрігер ие болды, оның ішінде: Тұрсынгүл Көбжасарқызы Ботабекова, «Қазақстандық офтальмологтар қоғамы» РҚБ президенті, Орынбай Дайырбекұлы Дайырбеков, «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Жақсылық Ақмырзайұлы Досқалиев, еңбек ардагері, Азамат Белгібайұлы Мағзұмов, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Көпбейінді облыстық аурухана» КМК терапевт дәрігері, Сергей Львович Новичевский,Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының «№ 1 Павлодар облыстық перинаталдық орталығы» КМК бөлімше меңгерушісі , Жекшембай Нсанов, Атырау облысының еңбек ардагері, Айслу Сағадатқызы Нұрмағамбетова, «MedLineСервис» медициналық орталығының оториноларинголог дәрігері, Асылбек Тоқмырзайұлы Тогизбаев, «Дертке дауа» ЖШС клиникасының директоры.Бүгінгі таңда республиканың денсаулық сақтау жүйесінде 280 мыңнан астам медицина қызметкері, оның ішінде 80 мыңнан астам дәрігер мен 190 мың мейіргер жұмыс істейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-densaulyk/press/news/details/1017553?lang=kk
Ақтөбеде Медицина қызметкерлері күні салтанатты түрде аталып өтті 21.06.2025
13 маусым күні Облыстық жедел және шұғыл медициналық көмек станциясының алдында Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.Мерекелік жиынға облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерлан Сұлтангереев, «QAMQOR» кәсіподағының төрағасы Қайрат Сабыр, саланың ардагерлері және өңірдің медицина қызметкерлері қатысты.Іс-шара аясында:* 4 дәрігерге қызметтік пәтер кілттері табысталды* 15 медициналық ұйымға жаңа жедел жәрдем автокөліктері берілді* Саланың үздік өкілдері республикалық және өңірлік деңгейде марапатталды: \«Ерен еңбегі» медалімен**, \«Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен, \ Денсаулық сақтау министрлігі, әкімдік және кәсіподақ атынан Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарымен.Салтанатты жиында сөз сөйлеген Қайрат Қанатұлы Сабыр медицина қауымдастығының өңір дамуына қосқан үлесін ерекше атап өтті.Бұл күн — тек құрмет қана емес, денсаулық пен өмір күзетінде тұрған жандардың еңбегіне деген шынайы мойындау.Барша медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз!Сіздердің жанашырлық пен кәсібилікке толы еңбектеріңіз — алғысқа, құрметке және игілікке бөлене берсін! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-densaulyk/press/news/details/1017554?lang=kk
Катонқарағай ауданында әсерге толы «Аламан бәйге» жарысы өтті 21.06.2025
Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданында халықаралық «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» фестивалі аясында ұлттық спорт түрлерінен ірі жарыстардың бірі – «Аламан бәйге» өтті.XXIII халық спорт ойындарының аясында ұйымдастырылған бұл жарыс өңірдің түкпір-түкпірінен келген көрермендерге арналған үлкен мерекеге айналды. Ат спорты мен ұлттық дәстүрлерді ұлықтаған бұл шарада көрермендер тартысты додаға куә болды.Жарыстың құрметті қонағы – Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов. Ол бәйгені тамашалап, жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне қатысты.25 шақырымдық бәйгеде жүлделі орындар келесідей бөлінді: Тарбағатай ауданынан келген Манап Әбілмансұр «Зағип» атты тұлпарымен бірінші орынға ие болды. Күршім ауданынан Дәулет Темірлан «Барыс» атты тұлпарымен екінші орын алды. Үшінші орынды Зайсан ауданынан келген Дулат Нұралин мен оның «Арбат» атты тұлпары жеңіп алды.Жүлде қоры да ерекше болды: бірінші орынға — автокөлік, екінші орынға — 1 миллион теңге, үшінші орынға — 700 мың теңге берілді.«Аламан бәйге» — бұл тек спорттық дода ғана емес, сонымен қатар ұрпақтар сабақтастығын жалғап, дала рухын, ұлттық бірлікті еске салатын ұлы дәстүр. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1017557?lang=kk
Катонқарағай ауданында «Алтай – алтын бесігім» атты халықаралық айтыс өтті 21.06.2025
Катонқарағай ауданында «Алтай – алтын бесігім» атты халықаралық айтыс өтті. Бұл поэзиялық сайыс Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» атты ауқымды фестиваль аясында өткізілді.Айтыс сахнасына Қазақстан, Қырғызстан және Моңғолиядан келген танымал ақындар шықты. Қатысушылардың қатарында республикалық және халықаралық айтыстардың жеңімпаздары, «Алтын домбыра», «Асыл домбыра» иегерлері мен мемлекеттік сыйлықтардың лауреаттары болды.Жарыс екі кезеңнен тұрды. Ақтық сынға үздік жұптар шығып, шешуші айтыс өтті. Айтыс аралығында көрермендер «Назқоңыр», «Дарабоз» вокалдық топтарының және мәдениет пен өнер саласының көрнекті өкілдерінің қатысуымен өткен концерттік бағдарламаны тамашалады.Қорытынды сөз сөйлеп, бас жүлдені ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов табыстады.Шара түркі дүниесінің мәдениеттерін тоғыстырған, қазақтың айтыс өнерінің рухани құндылығы мен мәртебесін көтерген айтулы оқиға болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1017558?lang=kk
«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі»: Катонқарағай төрінде халықаралық фестиваль өтті 21.06.2025
Шығыс Қазақстанда жылдың ең жарқын мәдени оқиғаларының бірі – «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» атты халықаралық фестиваль өтті. Катонқарағайдағы көркем табиғат аясында ұйымдастырылған іс-шараға алты мыңнан астам қонақ қатысты. Мәдени іс-шара өңірдің инфрақұрылымын, туризм және жергілікті экономиканы дамытуға серпін берді.Фестивальге Қазақстанның әр өңірінен, сондай-ақ Орталық Азия мен түркі дүниесінен келген қонақтар мен жергілікті тұрғындар қатысты. Ұйымдастырушылар іс-шара қонақтарға ыңғайлы болу үшін алаңға киіз үйлер, шатырлар, кэмпинг орындары мен туристерге ақпарат беретін QR-орындар орнатқан.Фестиваль аясында «Ұлы даланың алтыны» атты бірегей жылжымалы көрме ашылды. Көрмеге мыңнан астам жәдігер қойылған. Атап айтқанда, қаған тәжінің көшірмелері мен алтын әшекейлерден бастап, қимақ жауынгерінің, Үржар абыз әйелі мен Шіліктіден табылған әйгілі «Алтын адамның» реконструкцияланған бейнелеріне дейін бар. Көрме қонақтардың зор қызығушылығын тудырып, меймандар өңірдің бай мәдени мұрасына қанықты. Іс-шараның соңында Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Татарстан, Якутия және Түркиядан келген әртістердің қатысуымен үлкен гала-концерт өтті.Катонқарағай ауданы фестивальге тыңғылықты дайындалғанын атап өткен жөн. Өңірдегі ипподром толықтай қайта жөнделіп, трибуналар орнатылып, жарық, су және электр желілері тартылған. Жолдар жаңартылып, заманауи автобекеттер қойылып, ғимараттарды безендіруге арналған бірыңғай дизайн-код жасалған.Фестиваль тек мәдени мереке ғана емес, сонымен қатар өңірді дамытуға бағытталған маңызды қадам болды. Іс-шара халықаралық байланыстарды нығайтып, ішкі және келу туризмнің өсуіне, ұлттық дәстүрлерді насихаттауға зор ықпал етті. Ұйымдастырушылар фестивальді екі жылда бір рет тұрақты өткізуді жоспарлап отыр.Фото: Altainews.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/1017560?lang=kk
Шығыс Қазақстан облысында «Қонақжай отбасы» жобасы басталды 21.06.2025
2025жылғы15-30маусымаралығында облыстың Катонқарағай, ҮлкенНарын және Шемонаиха аудандарында жыл сайынғы «Қонақжай отбасы» әлеуметтік-білім беру жобасы басталды.Риддер қаласынан, Шемонаиха, Тарбағатай және Зайсан аудандарынан жобаға қатысушыларды «Ақниет» мектеп-интернатының базасында жылы қарсы алды. Кездесуді Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің еріктілері ұйымдастырды. Қатысушыларға қонақжай отбасыларына орналасу және жайлы тұру әдептері туралы кеңестер берілді.Еріктілер қатысушыларды бір-бірімен таныстыруға және достық атмосфераны құруға бағытталған іс-шаралар өткізді.Жобаның алғашқы күндеріндегі есте қаларлық оқиғаға айналған жарқын флешмоб қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.Бағдарламада тақырыптық әңгімелер, зияткерлік ойындар, бос уақытты тиімді өткізу түрлері ұйымдастырылды.Волонтерлердің жұмысы жобаға қатысушылар болатын ауылдық елді мекендерде жалғасады. Волонтерлер бағдарламаны тиімді іске асыруға ықпал ете отырып, жан-жақты қолдау көрсететін болады. Іс-шара барысында білім басқармасы бастығының орынбасары А.Д. Ахмадиева жобаға қатысушыларды маңызды кезеңнің басталуымен құттықтап, жобаның маңыздылығын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1017563?lang=kk
Астрахан ауданында медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті 21.06.2025
Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Аудандық мәдениет үйінде Астрахан ауданының денсаулық сақтау жүйесінің өкілдерін құрметтеуге арналған салтанатты іс-шара өтті. Аудан әкімі Ерсейітов Талғат Аманбайұлы құттықтау сөз сөйлеп, дәрігерлерге жанқиярлық еңбегі, жоғары кәсібилігі және таңдаған ісіне адалдығы үшін ризашылықтарын білдірді. Іс-шараға "AQNIET" Денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының облыстық филиалының төрағасы Асылхан Сапақбаев қатысушыларды құттықтап, марапаттар табыстады. Астрахан аудандық ауруханасының бас дәрігері Казизова Әсемгүл Қабиденқызы ағымдағы жылдың бес айындағы жұмыстың қорытындысын айтып, оң көрсеткіштерді атап өтті. Мерекелік атмосфера ауданның шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарламамен толықтырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-astrahan/press/news/details/1017564?lang=kk
Апаттар медицинасы орталығы: төтенше жағдайлар мен автожолдардағы шұғыл көмек 21.06.2025
Апаттар медицинасы орталығы төтенше жағдайларға тап болған азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау бойынша маңызды міндеттерді белсенді түрде атқарып келеді. Орталықтың мамандары табиғи зілзалалар, техногендік апаттар және жол-көлік оқиғалары секілді әртүрлі төтенше жағдайларға жедел әрекет етеді. 2025 жылдың басынан бастап орталық филиалдарының бригадалары төтенше жағдайлар орындарына 3 464 рет шықты. 753 зардап шеккен адамға шұғыл медициналық көмек көрсетілді, оның ішінде 102-сі емдеу мекемелеріне жеткізілді. 2011 жылдан бастап «Саламатты Қазақстан» Қазақстан Республикасының мемлекеттік денсаулық сақтауды дамыту бағдарламасы аясында көліктік медицинаны дамыту белсенді түрде қолға алынды. 2012–2014 жылдар аралығында республиканың қауіпті автожол учаскелерінде 41 трассалық медициналық-құтқару пункті кезең кезеңімен құрылып, бүгінгі күнге дейін тұрақты жұмыс істеп келеді. Бұл зардап шеккендерге оқиға орнында жедел медициналық көмек көрсету және оларды емдеу мекемелеріне санитарлық көлікпен жеткізу мүмкіндігін едәуір арттырды. 2025 жылы ТМҚП бригадалары 745 рет шығу жасап, 800 адамға медициналық көмек көрсетті, 493 адам ауруханаларға жатқызылды. Сонымен қатар қарлы борандар мен автокөлік бұзылған кезде трассаларда 11 адам құтқарылды. Апаттар медицинасы орталығы шұғыл медициналық көмекті көрсету тетіктерін жетілдіруді және кез келген күрделі жағдайда халықтың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін әрекет ету жылдамдығын арттыруды жалғастыруда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/1017565?lang=kk
Астанада «Қытай – Орталық Азия» іскерлік кеңесінің отырысына байланысты бірқатар көше жабылады 21.06.2025
2025 жылдың 16-18 маусымы аралығында Астанаға Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин ресми сапармен келеді. 17 маусым күні елордада Орталық Азия мемлекеттері басшыларының қатысуымен «Қытай – Орталық Азия» іскерлік кеңесінің екінші отырысы өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.Осы іс-шараға байланысты елордада 16-18 маусым аралығында бірқатар көшеде көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі. Жол қозғалысы мына учаскелерде тоқтатылады:Қабанбай батыр даңғылы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайынан бастап Мәңгілік Ел даңғылына дейін;Мәңгілік Ел даңғылы Қабанбай батыр даңғылынан Д.Қонаев көшесіне дейін;Қонаев көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі аралық;Қабанбай батыр даңғылының Қорғалжын тас жолына дейінгі бөлігі.Сондай-ақ, 2025 жылғы 17 маусым күні мынп көшелерде уақытша қозғалыс шектеледі:Керей-Жәнібек хандар көшесі – Мәңгілік Ел даңғылынан бастап Шерхан Мұртаза көшесіне дейін;Тәуелсіздік даңғылы – Керей-Жәнібек хандар көшесінен А. Байтұрсынұлы көшесіне дейін.Бұған қоса, 17 маусымда сағат 14:00-ден 20:30-ға дейін Бейбітшілік және келісім сарайы маңындағы Қ. Аманжолов және Ж.Нәжімеденов көшелерінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жол қозғалысында болатын өзгерістерді ескере отырып, бағытын алдын ала жоспарлағаны жөн.Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жолдағы қолайсыздықты азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен нұсқағыштар орнатылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1017567?lang=kk
Астанада Тұран даңғылының учаскесі жөндеу жұмыстарынан кейін қайта ашылды 21.06.2025
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Тұран даңғылының Сарайшық көшесінен Сығанақ көшесіне дейінгі аралығындағы орташа жөндеу жұмыстарын аяқтады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Осыған байланысты, 15 маусымнан бастап аталған учаскеде көлік қозғалысы толық қалпына келтірілді және екі бағытта да қайта ашылды.Еске сала кетейік, жөндеу жұмыстары 10-15 маусым аралығында кезең-кезеңмен жүргізілді. Осы уақыт аралығында қозғалыс бірінші әуежайдан қалаға қарай, кейін қаладан әуежайға қарай бір бағытта ұйымдастырылған болатын.Айта кетейік, бұған дейін 2023 жылы Тұлпар көпірінен Сарайшық көшесіне дейінгі, ал 2024 жылы Керей-Жәнібек хандар көшесінен Жұлдыз айналымына дейінгі аралықта жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1017568?lang=kk