Ғұсман Қырғызбаев ширек финалда!

Ғұсман Қырғызбаев ширек финалда!

21.06.2025 08:17:46 21705

Мажарстан астанасы Будапештте өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатының екінші күнінде 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғап жатқан Ғұсман Қырғызбаев Израиль спортшысы Гай Гатманды Golden Score қосымша уақытында «иппон» ұпайымен жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды.

Келесі белдесуінде Ғұсман тәжікстандық Нурали Эмомалимен татамиге шығады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1017537?lang=kk