Enbekshi QazaQ

Әлем

Әлеуметтік көмек алу тәртібі бойынша оқыту семинары 18.05.2025
     2025  жылдың 05 мамырында Аягөз аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алу тәртібі бойынша оқыту семинары өтті. Семинарға қала және ауыл мектептерінің әлеуметтік жұмысқа жауапты мамандары қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ayagoz-roo/press/news/details/989984?lang=kk
Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай өзге ұлт өкілдеріне сый-сияпат табысталды 18.05.2025
Бүгін 1 мамыр "Қазақстан халықтарының бірлігі " күніне орай Қарабөгет ауылдық округінің әкімі Дюсембаев Алмас Ермекұлы ауылымызда 40 жылдан астам уақыт тұратын, өзге ұлт өкілдері Шаповалова Пелогея Дмитриевна мен Токарев Валерий Федоровичті шын жүректен құттықтай отырып, ел ішіндегі бейбітшілік пен ұлтаралық татулықты нығайтуға қосқан үлестері үшін алғысын білдіріп, сый-сыяпат табыстады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan-karaboget/press/news/details/990031?lang=kk
ҚАРАҚОҢЫР АУЫЛ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ 18.05.2025
2025 жылы 04 мамырда өткен Қарақоңыр ауыл округі әкімі сайлауының нәтижелеріне сәйкес, аудандық сайлау комиссиясының шешімімен Қарақоңыр ауылдық округінің әкімі болып Олжатаев Шерхан Дәулетбекұлы сайланды.Бүгін аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы жаңадан сайланған лауазым иесін Қарақоңыр ауыл округі әкімдігінің активіне таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Кездесуде аудан басшысы ауылдың әлеуметтік - экономикалық дамуын қамтамасыз ету, тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау маңызды бағыттардың бірі екенін атап өтіп, негізгі міндеттерді абыроймен атқаратынына сенім білдірді.Қарақоңыр ауыл округі әкімі сайлауы бойынша сайлаушылар тізіміне 1658 азамат енгізілді, олардың ішінде 1069 азамат дауыс беруге қатысып, өз таңдауларын жасады. Жиын барысында аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Нурлан Жубаев куәлік табыстады.Олжатаев Шерхан Дәулетбекұлы 1 сәуір 1992 жылы Отырар ауданы, Қарақоңыр ауыл округі, Ш.Қалдаяқов ауылында туылған.Білімі жоғары, 2013 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтын информатика, 2016 жылы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін экономика мамандықтары бойынша бітірген.Алғашқы еңбек жолын 2013 жылы Шымкент қаласындағы “Еuroharma” ЖШС-нің операторы болып бастаған. 2016-2021 жылдары Отырар ауданы Қарақоңыр ауыл округі әкімі аппаратының бас маман-іс басқырушысы, 2021-2023 жылдары Қарақоңыр ауыл округі әкімі аппаратының бас маман-әлеуметтік қызметкері, 2023 жылдан осы уақытқа дейін Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының бас маманы қызметін атқарып келген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-audany/press/news/details/990034?lang=kk
🏅 Тыл ардагерлеріне құрмет көрсетілді 18.05.2025
🏅 Тыл ардагерлеріне құрмет көрсетілдіСарқан ауданы әкімінің орынбасары Қалиасқаров Асқат Мейрамғалиұлы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Қарабөгет ауылдық округінің Тыл ардагерлеріне арнайы медальдар табыстады.Аудан әкімінің орынбасары ардагерлерге шын жүректен алғыс айтып, олардың ерлікке толы еңбектерін жоғары бағалады.Ардагерлерге естелік сыйлықтар да табысталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan-karaboget/press/news/details/990037?lang=kk
7 мамыр Отан қорғаушылар күнімен! 18.05.2025
GOV.KZАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/op-priozersk/press/news/details/990101?lang=kk
Қапал ауылдық округінде орналасқан спорт алаңына абаттандыру жұмыстары жүргізілуде 18.05.2025
GOV.KZАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-aksu-qapal/press/news/details/990201?lang=kk
Құрметті Саяқ кентінің тұрғындары! 18.05.2025
GOV.KZАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-balhash-sayak/press/news/details/990260?lang=kk
Қызылжар ауданында 7 мамыр-9 мамыр мерекелеріне арналған іс-шаралар жоспары 18.05.2025
GOV.KZАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-kyzylzhar/press/news/details/990382?lang=kk
2025 жылғы 5 мамырда Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Абай институты: Жаһандану дәуіріндегі қазақ мәдениеті мен тілін дамыту перспективалары» атты ғылыми конференция өтті. 18.05.2025
Басқосудың мақсаты – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында көтерген Абай институтын дамыту идеясын кеңінен талқылап, оның қазақ руханиятындағы орнын айқындау әрі институттың болашақ бағыт-бағдарын ғылыми негізде саралау болды.Конференцияны ашқан ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары Эльмира Асан Ұлттық құрылтайда Президент көтерген мәселелерге, Абай институтын дамыту тапсырмасына тоқталып, қатысушыларды ортақ мақсатта жұмыла жұмыс істеуге шақырды.Филология ғылымдарының докторы, белгілі абайтанушы Тұрсын Жұртбай Абайды дүние жүзіне ұлттың рухани көсемі ретінде танытудың маңыздылығына тоқталды. «Абайдың сөзін тек оның жан дүниесін терең түсінген адам ғана аудара алады. Сондықтан сапалы аударма – рухани жауапкершілік», – деді ол.Назарбаев университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Гүлтас Құрманбай «Толық адам тұғыры – әділет» атты баяндамасында Алаш идеясының рухани бастау көзін Абайдан іздеу қажеттігін айта отырып, әділет ұғымының Абай философиясындағы орнын тарқатты.Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жанындағы Абай академиясының директоры Жандос Әубәкір мен Астанадағы Абай атындағы № 87 мектеп-гимназиясы музейінің меңгерушісі Алмахан Мұхаметқалиқызы ұлы ойшылдың мұрасын насихаттау ісінде Абай орталықтарының қызметін бір арнаға тоғыстыру қажеттігін алға тартты.Басқосуға Абайдың ұрпағы Ләйлә Мухлисқызы арнайы шақырылып, Абай музейіндегі көп жылғы еңбегі жайлы естелік әңгіме айтып, абайтанушылардың тың жұмыстарына шолу жасады.«Тіл-Қазына» орталығы жанындағы Абай институтының жетекшісі Ләйлә Демесінова бес жылдан бері жұмыс істеп жатқан институттың жобаларымен таныстырды. Институт әлемнің 8 елінде қазақ диаспорасы мен өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету курстарын өткізеді, жылына 150 адам осы курстардан тілді меңгеріп жүр, қазақ тіліне, мәдениетіне қызығушылардың саны жылдан жылға өсіп келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Абай институты қазақ тілі мен әдебиетін насихаттауға бағытталған толыққанды мәдени-ағарту мекемесіне айналуы тиіс. Өткен конференция – сол рухани жауапкершілікті ғылыми қауымдастықпен бірлесіп жүзеге асырудағы қадамдардың бірі.Офлайн және онлайн форматта өткен ғылыми конференция жұмысына еліміздің беделді жоғары оқу орындарының оқытушылары, докторанттар мен магистранттар, тіл саясаты саласындағы білікті мамандар, ғылыми-зерттеу институттарының сарапшылары қатысты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/language/press/news/details/990394?lang=kk
Өсімдіктер астынан тазарту 18.05.2025
GOV.KZАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-auliekol-timofeev/press/news/details/990515?lang=kk
Ұлы Жеңіске 80 жыл: бала жүректен туған бейнелер 18.05.2025
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының қабырғасында ерекше мазмұндағы іс-шара өтті.6-13 жас аралығындағы қызметкерлердің балалары арасында "Ешкім ұмытылмайды, ештеңе ұмытылмайды" атты сурет байқауы ұйымдастырылды.Байқаудың басты мақсаты — бала қиялы мен сезімі арқылы тарихқа тағзым етіп, жеңістің қадір-қасиетін ұғындыру, ұлт рухын дәріптеу. Әр сурет — соғыстың зардабын жүрекпен сезініп, бейбіт өмір сыйлаған ардагерлерге деген шынайы алғыс пен құрметтің көрінісі.Барлығы 28 бала қатысқан бұл байқауда жас суретшілер өздерінің әсерлі туындылары арқылы көрермен көңілінен шықты.Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар төмендегідей анықталды:І орын — Құлымбетова ДанельІІ орын — Таткенова Таифа және Амангелді АлауІІІ орын — Жақсылықова Алина, Тлектес Темірлан АйдосұлыЖүлдегерлер академия бастығының алғыс хаттарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.Бұл байқау — өскелең ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыруда, бейбіт өмірдің бағасын ұғындыруда маңызды қадам болды. Бала жүректен шыққан суреттер — өткен мен бүгінді жалғаған руханиАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/990573?lang=kk
Халықпен есептік кездесулер 18.05.2025
GOV.KZАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-akkol/press/news/details/990582?lang=kk
ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ: ШЫМКЕНТТЕ АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА 18.05.2025
Бүгінде Шымкент қаласында мүгедектігі бар азаматтарға арналған бірқатар әлеуметтік нысандардың құрылысы, жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жобалар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылуда.Бозарық шағынауданында 150 орынға лайықталған оңалту орталығының құрылысы басталды. Нысанды келесі жылы пайдалануға беру жоспарлануда.Психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан азаматтарға арналған №1 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының аумағынан қосымша 50 орындық ғимарат салынуда. Нысан жыл соңына дейін қолданысқа беріледі.№2 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттары аяқталып, мемлекеттік сараптамаға ұсынылуда.№6 балалар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Бұл жұмыстар биыл тамыз айында аяқталады деп жоспарлануда.Биыл 3-18 жас аралығындағы психоневрологиялық және тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған 150 орындық жаңа орталық ашу көзделіп отыр.18-35 жасқа дейінгі азаматтарға арналған 50 орындық арнайы мекеме де биыл ашылады. Екі нысанның да құрылыс жұмыстары мамыр айының соңына дейін аяқталады деп күтілуде.Бұл бастамалар мүгедектігі бар жандардың өмір сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам болары сөзсіз.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/990597?lang=kk
Құрметті Приозерск қаласының тұрғындары! 18.05.2025
2025 жылғы 19 мамырдан 27 маусымға дейін аралықта Приозерск қаласы  əкімдігінің мемлекеттік мекемелерінде және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлық тəуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады. Ішкі сыбайлас жемқорлық тəуекелдерін талдау шеңберінде проблемалық мəселелермен байланысты cұрақтар мен нақты фактілер туындаған жағдайда, сіз  Приозерск қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы  бөліміне жүгіне аласыз  8 (71039) 53248.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zem-priozersk/press/news/details/990295?lang=kk
Установка специального знака в селе Сапак 18.05.2025
В сельском округе Сапак был установлен специальный знак с названием села, который подсвечивается в ночное время, создавая красивое зрелище для гостей и жителей. Этот шаг, повышающий честь нашей деревни, — наша общая радость!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-sapak/press/news/details/990694?lang=kk
Ұлы Отан соғысының,тыл және еңбек ардагері,Үш мәрте «Қызыл жұлдыз» ордендері, «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін» және мерекелік медальдардың, Бас қолбасшы Сталинның алғыс хаттарының иегері Әбділхақ Оспанов атындағы үстел теннисінен білім қызметкерлері, 5 – 11 класс оқушылары арасындағы командалық жарысы 18.05.2025
     2025 жылдың 5-6 мамыр  аралығында  Д.Бабатайұлы  атындағы  орта  мектебінде  Ұлы  Отан   соғысының,тыл және еңбек   ардагері,Үш  мәрте  «Қызыл жұлдыз» ордендері, «Ерлігі  үшін», «Германияны  жеңгені үшін» және  мерекелік медальдардың, Бас  қолбасшы Сталинның алғыс хаттарының  иегері Ә.Оспанов атындағы  үстел  теннисінен мектеп қызметкерлері, 5 – 11 класс оқушылары арасындағы командалық  жарысы өткізілді.Мектеп  оқушылары әсем әнмен, спорттық  бимен көрермендерді  тәнті  етті.         Жарыстың  ашылуында аудандық  білім  бөлімінің  басшысы  Н.Азимбаев,атамыздың ұлы  Әбділқадыр Оспанов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Ахмешев, ақсақалдар кеңесінің төрағасы А.Жумағазин,қатысушыларды жарыстың ашылуымен,келе жатқан мерекелермен құттықтап, жылы  лебіздерін  білдірді.     Қысқаша  атамыздың  өмір – баянына  келетін  болсақ, Әбділхақ 1916 жылдың  11 ақпан  күні Семей  облысы Аягөз  ауданы Нарын  ауылдық Кеңесіне  қарасты Шыңғожа ауылында  дүниеге  келген. 1925 жылы бастауыш  мектептің 1 класына  барады, 3 жылдық  білім  алады. Жастайынан  еңбекке  араласады. Әке- шешесіне  мал  бағуға  көмектеседі. 1939 жылы 27 қыркүйекте әскерге  шақырылып, Семей  облысы  Аягөз ауданы Нарын  ауылдық  кеңесіне  қарасты «Красный  Октябрь» колхозынан  әскерге  аттанады. Әскери  міндетін батыс  аймақта 19 БАО әскери бөлімде атқарған,әскери дәрежесі қатардағы қызыл әскер,әскери дәрежесі  қатардағы қызыл әскер,әскери қызметін сапер болып бастап, соғыс  соңында 12 атқыштар полкінің атқыштар бөлімінің  командирі, кіші  сержант дәрежесінде  аяқтаған. Фин  соғысына қатысқан. Коммунистік партия қатарына өткен. Соғыс  басталғанда  шекарадан 20 км  қашықтықтағы әскери  бөлімде  болған. Соғыстың  1 – ші  күні әскери әскери  бөлім  артқа  шегіну  туралы  бұйрық  алып, 40 км  артқа шегінеді,  бірақ, өздері  тұрған әскери  бөлімде  құнды құжаттарды жоюға жібереді. Жау  басып, алған  бұрынғы әскери  бөлімге барып,  құнды  документтерді жою  кезінде қиян- кескі ұрыс  болды. Жаудың  бейқам болып, совет  әскерлерінің қайта келуін күтпеуі,  түнгі уақыттың болуы нәтижесінде, құнды  документтер толықтай жойылады. Қатты ұрыстан аз-ақ солдат  аман  келеді. Соғыс  кезінде Кеңес  Одағының Маршалы Рокосовский басқарған 65 армия дивизия 1103/1203 полктер құрамында соғыста  болып, Батыс, Орталық, Оңтүстік,  Украина,  Беларусь, 1 –ші және  2 – ші Беларусь майдандарында соғыстың 1 – ші күнінен аяғына  дейін ерлікпен шайқасты. Әбділхақ 5 рет  жараланды.1. 23 желтоқсан 1941 жылы2. 16 тамыз 1942 жылы3. 17 қыркүйек  1943 жылы4. 4 желтоқсан 1943 жылы5. 22 ақпан 1945 жылы   Соғыс  кезіндегі ерліктері мен жанқиярлық  батырлығын мына  архив  документтерден  көруге  болады.1.  23 желтоқсан   1941 жылы Курс  қаласы маңында қызыләскер Оспанов өз  өмірін қауіпке тіге  отырып, неміс артиллериясының жауып  тұрған оғына  қарамай, қала  шетіне қарай бірінші болып ұмтылады және өзінің автоматымен 3 немісті  өлтірген.2. 16 тамызда 1942 жылы  немістердің қатты шабуылы кезінде ауыр жарақат алған Ә. Оспанов соғыс майданын тастап кетпеді, қайта немістерге қайтара соққы берді3.  19 сентябрь 1943 ж. Днепр өзенінің оң жағына өту кезінде Оспанов немістердің қарсы шабуылына соққы бере отырып , өзінің автоматы арқылы  5 немісті өлтіріп , осы қиян кескі ұрыста өзі қатты жарақат алады .4,  4  декабрь 1943 ж. Прудки селосы маңында кескілескен шайқаста жау шабуылына соққы бере отырып  ,  оң жамбас сүйегімен Оспанов тағы да жарақат алады .5, 1944 ж. мартта 354 дивизия Озаричи  елді мекенді азат етіп , неміс концлагерінен 9 мың тұтқын орыс әйелдері бала = шағасымен босатады  .Осы азат етуде Оспанов батыл іс -  қимылмен , өжеттілігімен көзге түсіп , ерлік көрсетті. Бобруйск темір жол станциясының алғанда атқыш Оспанов тағыда ерлік үлгісін көрсетеді .6 .  17    январь 1945 ж. Корнаты деревнясы  Плоск   уөзі  Варшава әскери аймағында , қанды ұрыста Оспанов қарсы шабуылға тойтарыс беріп , шешуші кезеңде батылдығымен ,нағыз ер жүректілімен , соғыс тәсілін ұтымды пайдаланып,тапқырлығымен 7 немісті жер жастандырған .  (  архивтен алынды )Оспанов  1945 жылдың 9 майын Штральзунд қаласында қарсы алады .1946 жылдың 6 июнінде елге оралады .Соғыстан кейінгі жылдары тың игеруге қатысады , зейнетке шыққанға дейін  ауылшаруашылығында еңбек етеді ."Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін " және " Еңбек ардагері " медалдарымен марапатталған.   Абділхақ  атамыздың  ерліктері  болашақ  ұрпақтарымызға  үлгі, ерліктерін естіген ұстаздар,  оқушылар рухани  бір  байып  қалатындары  сөзсіз.   Жарысқа  келетін  болсақ, жарысқа ауданымыздың білім  қызметкерлері  және  оқушылары  арасынан  жиыны 18  команда,54ойыншы   қатысты. Жарыстың  бас  төрешісі  Т.Оспанбеков жарыс  тәртібімен  таныстырып, жарыс  басталып  кетті.     Жарыс  өте  шиеленісті  өтті.Команда  ойыншылары бар  айла – тәсілдерін  қолдана  отырып,  қарсыластарын  қапы  қалтыруға  тырысты. Дегенмен,  шын мықты , мықты  екенін  дәлелдейді.Білім қызметкерлері  арасында тартысты  ойындар барысында  барлық  командаларды  сан  қақтырып, І  орынды № 1 орта мектебінің(Е.Орынғожин,Б.Абдуллин,А.Толеуханова) командасы  иеленсе,ІІ орынды Д.Бабатайұлы  атындағы орта мектебінің(Т.Оспанбеков,Қ.Тураров,Б.Есмухаметова) командасы, ІІІ орынды   мектеп-гимназия(М.Тұраров, А.Омарбеков, Ш.Көкиева) командасы  иеленді.   Оқушылар  арасында  І  орынды № 5 орта мектебінің командасы (Мелисханов Бекжан,Тауфик Сұлтан,Қайырбек Арай,Касымханова Раушан), ІІ  орынды Шынқожа  батыр  атындағы  орта мектебінің командасы(СеріковЕрнұр,Амангелдин Мейрамбек,Мұратбекқызы Іңкәр), ІІІ  орынды  Ж.Жабаев  атындағы  орта  мектебінің командасы (Сейілханов Арын,Уақас Бағжан,Орыншаихова Балжан) иеленді.    Жарыс  соңында жеңімпаздар мен  жүлдегерлер     атамыздың  ұрпақтарының  арнайы  кубоктарымен,медальдарымен,ақшалай сыйлықтарымен,  мақтау  қағаздарымен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ayagoz-roo/press/news/details/990738?lang=kk
2025 жылдың 30 сәуірінде аудандық мәслихаттың мәжіліс залында Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті 18.05.2025
GOV.KZАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-shet/press/news/details/990741?lang=kk
7 Мамыр — Қазақстан Қарулы күштері күні. 18.05.2025
Құрметті, жігіттер, әріптестер! 7 Мамыр — Қазақстан Қарулы күштері күні.Жігіттерімізге амандық, денсаулық тілейміз. Еңселеріңіз биік, мерейлеріңіз үстем болсын. Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңыздар. Жүректеріңіз оттай лаулап, жандарыңыз әрдайым жас болсын. Қайратты, мақсатты болыңыздар. Еңбекте табыс, тілейміз. Таусылмайтын дәулет, арылмайтын бақыт тілейміз. Шаңырақтарыңыз биік, керегелеріңіз берік болсын. Әрдайым нәзік жандарға тірек болып, алақандағы гүлдеріңізді аялап жүріңіздер. Биік шыңдардан көрініңіздер!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aiyrtau-edu/press/news/details/990774?lang=kk
Қадірлі жерлестер, Отандастар! 18.05.2025
Қадірлі жерлестер, Отандастар!Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар , Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері күнімен шын жүректен құттықтаймын!     Қашанда Отан үшін оққа кеудесін тосқан әкелеріміздің ерлігін ұмытпау, бүгінгі бейбіт өмірді ұрпаққа аманат ету біздің перзенттік парызымыз. Біздің ардагерлерге деген құрметіміз аудан көлемінде әр түрлі шаралар арқылы көрініс табуда. Бүгінгі мерейлі мерекеде бар өмірін әскери қызметке арнап, өз қызметін мінсіз атқарып жүрген ер азаматтарымыз бен азаматшаларымызға алғысымызды білдіреміз.     Тәуелсіздігіміз бен бейбітшілігімізді қас қақпай күзетіп, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!Бейбітшілікті мақсат еткен Тәуелсіз еліміздің абыройын асқақтата түсетін қуанышты күндер көп болсын!     Құрметті Отан қорғаушылар!Баршаңызды мерекемен құттықтай отырып, Сіздерге мықты денсаулық, зор табыс тілеймін. Әрқашан да аспанымыз ашық, еліміз тыныш болсын! Отан қорғаушылар күні құтты болсын!Мақаншы ауданы мәслихатының төрағасы Б.Биболов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/makanshy-maslihat/press/news/details/990832?lang=kk