«Береке» шағын ауданында жол инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жалғасуда

«Береке» шағын ауданында жол инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жалғасуда

29.08.2026 13:24:15 135

Қазіргі уақытта шағын ауданда бес жол кеңейтіліп жатыр. Олардың ені 4 метрден 7 метрге дейін және 6 метрден 14 метрге дейін ұлғайтылуда. Сонымен қатар, «Жайлы мектеп» маңында алтыншы жаңа жол салынды. Бүгінде жолдарды кеңейту жұмыстарының 70 пайызы орындалды.

28 тамыздан бастап Дөненбаева көшесінен «Da Vinci» тұрғын үй кешеніне дейінгі ұзындығы 380 метр жол көлік қозғалысы үшін ашылады. Аталған учаскеде жолдың ені 6 метрден 14 метрге дейін кеңейтілді. Бұл көлік қозғалысының қолайлылығы мен қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.

Жол жұмыстарының қатарында іргелес аумақтағы инфрақұрылымды абаттандыру жұмыстары да жүргізілуде. Атап айтқанда, тротуарлар қайта жасалып, жаяу жүргіншілер үшін қолайлы жағдай қалыптастырылуда.

Біз үшін маңызды міндеттердің бірі — шағын ауданды жарықтандыру. Жыл соңына дейін мұнда 425 жарықтандыру бағаны орнатылады.

Жол қозғалысының қауіпсіздігіне де ерекше көңіл бөлінеді. Биыл қажетті жол белгілері орнатылады. Ал келесі жылы бүкіл шағын аудан бойынша жол қозғалысын реттеуге арналған кешенді шешімдер жүзеге асырылады.

2027 жылы «Береке» шағын ауданын абаттандыру жұмыстары жалғасады. Аялдамалар, шағын сәулет нысандары, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылып, аумақ көгалдандырылады.

«Береке» шағын ауданындағы инфрақұрылымдық жобалар аяқталғаннан кейін көгалдандыру, саябақтар мен скверлерді абаттандыру жұмыстары басталады

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1282354?lang=ru