Әлем
Миролюбовrf ауылдық округі тұрғындарының жиындары өткізілді 25.04.2025
Миролюбов ауылдық округінің ауылдарында тұрғындар жиыны өткізілді. Күн тәртібінде мәселелер қаралды:Мал жаюды ұйымдастыру; Округті санитарлық тазалауды жүргізу; Әр түрлі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-mirolubovka/press/news/details/981809?lang=kk
Ұландықтар арасында үстел теннисінен турнир өтті 25.04.2025
Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының спорт залында үстел теннисінен біріншілік өтті.Жарысқа бас басқармалардың, басқармалардың және Бас қолбасшылық қызметтерінің 15 командасы қатысты.Жарыстың басты мақсаты — әскери қызметшілер арасында үстел теннисін насихаттау мен дамыту және салауатты өмір салтын дәріптеу.Жарыс қорытындысы бойынша: І орынды Ұйымдастыру-жұмылдыру басқармасы мен Кадрлар және әскери білім басқармасының әскери қызметшілерінен құралған команда иеленді. ІІ орынды жауынгерлік дайындық бас басқармасының командасы иеленді. Ал жүлделі ІІІ орынды Бюджеттік-қаржылық басқару және құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының жиынтық командасы иеленді.Жеке біріншілікте:- І орынды Кадрлар және әскери білім басқармасы бөлімінің аға офицері майор Саят Шыныбай иеленді;- ІІ орынды Бюджет-қаржы басқармасы бастығының орынбасары полковник Алексей Малых иеленді;- ІІІ орын Бронды техника бөлімінің аға офицері майор Артем Зацепинге бұйырды.Марапаттау рәсімінде Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары генерал-майор Бауыржан Әбжанов әскердің Бас қолбасшысы атынан жеңімпаздарды ауыспалы кубокпен, дипломдармен және грамоталармен марапаттады. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/981835?lang=kk
7319 лицензиясыз бөтелке: Орал қаласында бұзушылықтары бар алкоголь өнімдері тәркіленді 25.04.2025
🚨 7319 лицензиясыз бөтелке: Орал қаласында бұзушылықтары бар алкоголь өнімдері тәркіленді🚨Акцизделетін өнімнің заңсыз айналымының жолын кесу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар шеңберінде Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті өзінің аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп тексеру іс-шараларын жүргізуде.🔍 Тақырыптық тексеру барысында Орал қаласының орталық базары ауданында тиісті лицензиясыз алкоголь өнімдерін сату фактілері анықталды.📦 нәтижесінде заңсыз айналымнан түрлі атаудағы 7319 бөтелке алкоголь өнімі тәркіленді.📁 Бұзушылық фактілері бойынша барлық материалдар тиісті процестік шешім қабылдау үшін Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді.📢 БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті еске салады: акцизделетін өнім айналымы саласындағы заңнаманы сақтау нарықтың барлық қатысушылары үшін міндетті шарт болып табылады. Алкогольді заңсыз сату заңды бизнесті бұзып қана қоймай, тұтынушылардың денсаулығына тікелей қауіп төндіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zko/press/news/details/981885?lang=kk
Кеден өкілдерін тізілімге енгізу мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін қандай негіздер болуы мүмкін? 25.04.2025
Кеден өкілдерін тізілімге енгізу мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін қандай негіздер болуы мүмкін?1) көрсетілетін қызметті алушының мынадай талаптарға сәйкес келмеуі:* өкілі болып отырған тұлғалардың мүлкіне зиян келтіру немесе осы тұлғалармен жасалған шарттарды бұзу салдарынан басталуы мүмкін кеден өкілінің азаматтық жауапкершілігінің тәуекелін, сақтандыру шартында белгіленетін сақтандыру сомасына сақтандыру шартының болуы;* Комиссия айқындайтын мөлшерде, ал кеден өкілі ретіндегі қызмет аясы кедендік әкету баждары салынбайтын және экспорттың кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты кедендік операциялар жасаумен шектелетін заңды тұлғаға қатысты валюта бағамы қолданыла отырып, бір жүз елу мың еуроға баламалы мөлшерде кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету;* көрсетілетін қызметті берушіге кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу туралы өтініш берілген күнге кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша белгіленген мерзімде орындалмаған міндеттің болмауы;* электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдалану туралы шарттың (келісімнің) болуы;2) осы Тізбенің 8-тармағында көрсетілген барлық құжаттарды ұсынбауы;
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
4) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kyzylorda/press/news/details/981901?lang=kk
Абай облысындағы мәдениет 25.04.2025
2025 жылғы 1 қаңтарда Абай облысында: 137 қоғамдық кітапхана, 123 мәдени-демалыс ұйымдары,10 музей, 5 ойын-сауық және демалыс саябағы, 2 концерттік ұйым, 1 театр жұмыс істеді.2025 жылы кітапханаларда (2059,9 мың бару), музейлерде (265,3мың бару), мәдени-демалыс мекемелерінде (940,1 мың бару) келушілер көп болды. Бұл ретте мәдени іс-шараларды ең көбі мәдени-демалыс ұйымдары (6 мың бірлік), кітапханалар(6 мың бірлік),музейлер(1 мың бірлік), театрлар (757 бірлік), ойын-сауық және демалыс саябақтары (84 бірлік) және концерттік ұйымдарында (394 бірлік) өтті.Өңірлік бөліністе 2025 жылы кітапханаларға барушылар саны Семей қаласы (921 мың бару), Аягөз ауданы (202 мың бару), Абайауданы (114 мың бару) ,Ақсуат ауданында (119,1 мың бару), Бесқарағай ауданы (164,9 мың бару), Бородулиха ауданы (168,3 мың бару) ,Жарма ауданы (102,4 мың бару) көп болды. Музейлерге ең көп барушылар саны Семей қаласы (240,2 мың адам) болған. 2026 жылғы 1 қаңтарға арналған мәдениет мекемелерінің желісібірлік ТеатрларМузейлерМәдени-демалысмекемелеріКітапханаларКонцерттікұйымдарСаябақтарХайуанаттар бағыОблыс бойынша барлығы 110123 13725x Семей Қ.Ә. 1 4 3 13 2 3x Курчатов Қ.Ә.- - 1 1---Абай ауданы-x 9 10-1-Ақсуат ауданы-2 x 11---Аягөз ауданы-x x 23---Бесқарағай ауданы-- 4 19---Бородулиха ауданы- - 9 22---Жаңасемей ауданы-- 14 5---Жарма ауданы-- 18 13---Көкпекті ауданы-- 13 x---Мақаншы ауданы-x 8x-1-Үржар ауданы-x 11 5--- Әдістемелік түсініктемелерКітапхана - ақпараттық, мәдени, білім беру функцияларын орындайтын, ұйымдастырылған баспа және қолжазба құжаттары қоры, графикалық, аудиовизуалды материалдар, электрондық жеткізгіштердегі құжаттар бар және оларды жеке және заңды тұлғаларға уақытша пайдалануға беретін мәдениет ұйымы.Концерттік ұйымдар - әдебиет пен өнер туындыларын көпшілік алдында орындауға жағдай жасау және көркем ұжымдар мен жекелеген орындаушыларды танымал ету үшін шаралар кешенін іске асыратын ойын-сауық ұйымдары.Музейлер - музей экспонаттары мен музей коллекцияларын сақтау, зерделеу және көпшілік алдында ұсыну үшін құрылған, мәдени, білім беру және ғылыми-зерттеу функцияларын жүзеге асыруға және Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасын танымал етуді қамтамасыз етуге арналған мәдениет ұйымдар.Театрлар - әдебиет пен өнер туындыларының сахналық қойылымдарын жүзеге асыратын ойын-сауық ұйымдары (драмалық, музыкалық-драмалық, музыкалық, хореографиялық, қуыршақ, пантомималар, балалар мен жасөспірімдерге арналған сатиралар мен әзілдер, жастар, эксперименттік). www.stat.gov.kz/ ҚР өңірлерінің статистикасы/Абай облысы/Электрондық кестелер/Ішкі сауда статистикасы Орындаушы: Сауда және қызмет көрсету статистикасы бөлімінің басшысы: Г.Т.ТолегеноваТел. +7 7222 362612Адрес:180000, Cемей қаласыМәңгілік ел көшесі, 25 © Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/1206555?lang=kk
5-6 сынып оқушылары арасында волейболдан облыстық жарыстар өткізу туралы 25.04.2025
2025 жылдың 14-18 сәуірінен бастап мектепте. Қарағанды қ. Ж. Ташенева "Ұлттық Мектеп лигасы" аясында жалпы білім беретін мектептер мен мамандандырылған мектеп-лицей - интернаттарының 5-6 сынып оқушылары арасында волейболдан облыстық жарыстар өтті. "№8 жалпы білім беретін мектеп" КММ командасы құрметті үшінші орынға ие болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/981278?lang=kk
Сіз сұрадыңыз – Біз жауап береміз 25.04.2025
Тақырыбы: «2026 жылғы өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған жаңа режим»1-сұрақ: Мен өзім үшін жұмыс істеймін (үйде торт пісіремін). Табысым тұрақты емес. Заңды жұмыс істеу үшін маған ЖК ашу міндетті ме?Жауап: Жоқ, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ЖК тіркеудің қажеті жоқ. Жеке еңбегінен табыс табатын азаматтар үшін жаңа арнаулы салық режимі (АСР) енгізілді. Басты шарттар: сіз жалдамалы қызметкерлерді тартпай, өз бетіңізше жұмыс істейсіз, ал табысыңыз айына 300 АЕК-тен (шамамен 1,3 млн теңге) аспауы тиіс.2-сұрақ: Маған қанша көлемде салық төлеуге тура келеді? Ал егер бұл айда менде мүлдем клиенттер болмаса ше?Жауап: Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін бірыңғай мөлшерлеме – нақты табыстың 4%-ы белгіленген. Бұл ретте жеке табыс салығы (ЖТС) 0%-ға тең. Барлық сома (4%) толығымен Сіздің әлеуметтік кепілдіктеріңізге: зейнетақы жарналарына (МЗЖ және ЖМЗЖ), әлеуметтік аударымдарға және медициналық сақтандыруға (МӘМС) жұмсалады. Режимнің басты артықшылығы: «табыс жоқ – төлем де жоқ» ережесі қолданылады. Егер Сіз бір ай ішінде ештеңе таппасаңыз, ештеңе төлеудің қажеті жоқ.3-сұрақ: Мен бухгалтерияны түсінбеймін. Есептерді қалай тапсырып, салықтарды қалай төлеу керек?Жауап: Салық декларацияларын тапсырудың қажеті жоқ. Барлық есепке алу барынша автоматтандырылған және смартфонда жүргізіледі. Сізге «e-Salyq Business» мобильді қосымшасын орнату немесе «Halyk» немесе «Kaspi» банктерінің қосымшаларындағы арнайы сервистерді пайдалану қажет. Мысалы, Kaspi.kz қосымшасында бұл «Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған аударымдар» бөлімі, ал Halyk Bank-те – «Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар» сервисі. Төлем алған кезде Сіз электрондық чекті тікелей қосымшада қалыптастырасыз. Айдың соңында жүйенің өзі келесі айдың 25-іне дейін төленуі тиіс салықтың жалпы сомасын (4%) есептейді (мысалы, сәуір айы үшін салық 25 мамырға дейін төленеді). Төлем тікелей қосымшада жүргізіледі – ақша автоматты түрде Сіздің зейнетақы, әлеуметтік және медициналық жарналарыңызға бөлінеді.4-сұрақ: Мұндай табыстар үшін жеке банк картасын ашу қажет пе?Жауап: Иә. Жеке аударымдарды кәсіби табыстардан бөлу үшін өзін-өзі жұмыспен қамтығандар банкке өтініш беріп, жеке ағымдағы шот ашуы қажет. Дәл осы шотқа Сіз өз қызметтеріңіз үшін төлем қабылдайтын боласыз.5-сұрақ: Мен өз пәтерімді жалға беремін. Мен бұл мәртебені қолдана аламын ба?Жауап: Иә. Жеке меншік немесе жалға алынған тұрғын үй жылжымайтын мүлігін жалға немесе қосалқы жалға беру ресми түрде осы режим үшін рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесіне кіреді.6-сұрақ: Егер маған қызмет алу үшін заңды тұлға (мысалы, ЖШС) жүгінсе, мен олармен жұмыс істей аламын ба? Оларға ЭШФ жазып беру қажет пе?Жауап: Иә, Сіз компанияларға қызмет көрсете аласыз. Компаниялар (оңайлатылған декларация бойынша жұмыс істейтін) Сіздің қызметтеріңізді шегерімдерге жатқызуға құқылы. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға электрондық шот-фактураларды (ЭШФ) жазып берудің қажеті жоқ. Компанияның шығыстарын растау үшін Сіздің мобильді қосымшадағы чегіңіз жеткілікті. Орындалған жұмыстар актісіне (ОЖА) қабылдаушы тарап (тапсырыс беруші) талап еткен жағдайда ғана қол қойылады.Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысыжәне Байланыс-орталығы басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1209331?lang=kk
Интернет уақытша жұмыс жасамағанда бақылау-касса машинасын қолдануға бола ма? 25.04.2025
Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасында (БКМ) техникалық ақауы болған, электр энергиясы немесе телекоммуникация желісіне қосылу болмаған жағдайда БКМ автономды жұмыс режимінде жұмыс істейтінін хабарлайды. Кассалық аппараттың автономды режимге өтуі туралы кассирге хабарлама арқылы хабарланады.Автономды режимде болған кезде БКМ автономды фискалдық белгісі көрсетілген чектерді басып шығаруды жалғастыра алады. Барлық басылған чектерді бақылау-касса машинасы өз жадысында сақтайды. Сонымен қатар, БКМ жинақтауышында сақталған деректер негізінде Z-есебін жасайды.Автономды режимде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы жоқ БКМ 72 сағат жұмыс істей алады.БКМ автономды режимге көшкен соң жауапты тұлға БКМ пайдалану кезінде «Бақылау-касса машиналарын қолданудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы №208 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша тауар чектерін беруі қажет. Тауар чектерінің кітабын мемлекеттік кірістер органдарында тіркемей толтыруға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/982025?lang=kk
Үздік дойбышыларды құттықтаймыз 25.04.2025
Павлодарда XXIII облыстық Спартакиада бағдарламасы аясында мемлекеттік қызметшілер арасында дойбыдан жарыс өтті. Жарыс "Ұлы ерікке мәңгілік тағзым: Туған өлкен-Отанға" республикалық акциясы аясында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған. 11 әкімшілік мекеменің ішінде Павлодар облысы бойынша МКД командасы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының командасына ғана жол бере отырып, табанды күресте 2 орынға ие болды. Жарыстың кейіпкерлері: Сейлханов Азамат, Павлодар қаласы бойынша МКБ-ның ЕАЭО шеңберінде ҚҚС әкімшілендіру бөлімінің бас маманы, Увалиев Арман, МКД-ның уәкілетті органдарымен жұмыс бөлімінің басшысы, Утенова Салтанат, Павлодар қаласы бойынша МКБ-ның жеке кәсіпкерлерді камералдық бақылау және әкімшілендіру бөлімінің бас маманы. Біздіңдойбышылардықұттықтаймыз, осындайқызықтыойындарменжарқынжеңістертілеймі! Павлодар облысы бойынша МКДтүсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/981343?lang=kk
Әскери полиция қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтті 25.04.2025
Әскери полиция күніне орай Қорғаныс министрлігінде басшылық пен жеке құрамның қатысуымен салтанатты жиын өтті. Әскери полиция бас басқармасының бастығы полковник Руслан Құлымбетов құттықтау сөзінде ардагерлердің Қазақстан әскеріндегі құқық қорғау құрылымының қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесін атап өтті.– Биылғы жылы кәсіби мереке Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған шеруге дайындықпен тұспа-тұс келді. Сондықтан қазір әскери полицияның құрама жасағы өздеріне жүктелген кәсіби міндеттерін орындайды, көлік лектеріне ілесіп жүреді, далалық лагерь аумағында қауіпсіздік пен құқықтық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді, – деді полковник Р.Құлымбетов. Басқарма басшысы Жеңіс парадына жалпы 300-ден аса әскери полиция қызметкері қатысатынын атап өтті. Олар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен қатар, салтанатты есептоп құрамында да адымдап өтеді. Мерекелік шарада ерекше көзге түскен әскери қызметшілер Әскери полиция бас басқармасы бастығының атынан грамоталармен, алғыс хаттармен және ведомстволық төсбелгілермен марапатталды. Бірқатар әскери қызметшілерге кезекті әскери атақ мерзімінен бұрын берілді. Шараның соңы ҚР Қарулы күштері Әскери полиция органдарының құрылғанына 28 жыл толуына арналған мерекелік концертпен аяқталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/981345?lang=kk
Глубокое ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топтың көшпелі акциясы өтті 25.04.2025
Ағымдағы жылдың 22 сәуірінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильдік топ» жобасын іске асыру шеңберінде Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданына сапар өтті. Іс-шараның мақсаты халық арасында «Заң мен тәртіп» нарративін насихаттау, сондай-ақ азаматтарға заңгерлік көмек көрсету болды.Акцияны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті ұйымдастырды. Халыққа кеңес беруге түрлі мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары мен өкілдері, сондай-ақ өз еркімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер қатарына қосылған кәсіби заңгерлер тартылды.Іс-шара барысында ауданның 85 тұрғынына заң көмегі көрсетілді. Өтініштердің ең көп саны тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және денсаулық сақтау саласындағы мәселелерге қатысты болды. Барлық өтініштер сол жерде қаралды, олар бойынша білікті мамандар түсініктемелер мен ұсынымдар берілді.«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» жобасы халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ азаматтардың өзекті мәселелерін шешуге жәрдемдесуге бағытталған.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет еске салады: егер сіз сыбайлас жемқорлық фактілері туралы білсеңіз, 1424 нөмірі бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Call-орталығына жүгіне аласыз. Желі тәулік бойы жұмыс істейді.#Заң_мен_тәртіп#ЗАҢменТӘРТІПАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-vko/press/news/details/981131?lang=kk
БАҚ үшін ақпарат 25.04.2025
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Жамбыл облысы бойынша Департаменті қызметкері А.Е. Кожабекованың «TIK TOK» әлеуметтік желісінде Департаменттің қызметтік мәселелеріне қатысты көпшілік алдында айтылған сөз сөйлеуі медиакеңістігінде таралуда.Ішкі қауіпсіздік басқармасы бейінді бөлімшемен бірлесіп, арызданушының уәждеріне қатысты тексеру жүргізді, нәтижесінде айтылған фактілер расталмады. Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pravstat/press/news/details/981153?lang=kk
«Заң мен тәртіп» нарративін ілгерілету аясында Катонқарағай ауданының активімен кездесу өтті 25.04.2025
«Заң мен тәртіп» нарративін ілгерілету аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Зайсан өңірі бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ауданаралық бөлімінің басшысы Роман Хусаинов ШҚО Катон-Қарағай ауданының активімен кездесу өткізді. Іс-шара мемлекеттік органдар басшыларының және ауданның квазимемлекеттік сектор субъектілері өкілдерінің қатысуымен өтті.Іс-шараның негізгі мақсаты жергілікті деңгейде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылау, сондай-ақ мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының және «Заң мен тәртіп» нарративінің негізгі ережелерін түсіндіру болды.Кездесу барысында Роман Хусаинов қоғамда сыбайлас жемқорлықтан бас тарту мәдениетін қалыптастырудың, халықтың құқықтық сауаттылығын арттырудың және азаматтардың мемлекеттік билік институттарына деген сенімін нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларды іске асырудың нақты мысалдары ұсынылды, сондай-ақ мемлекеттік қызмет және жергілікті өзін-өзі басқару саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша ұсыныстар берілді.Аудан активі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен тығыз ынтымақтастыққа және қоғамдық өмірде ашықтық пен әділдікті қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды қолдауға дайын екендігін білдірді.#Заң_мен_тәртіп#ЗАҢменТӘРТІП Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-vko/press/news/details/981168?lang=kk
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге тәртібі 25.04.2025
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызметін Шелек ауылдық округінің әкімі көрсетеді. Аталған мемлекеттік қызметті қызмет беруші арқылы не портал /«е-лицензия»/ арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (көрсетілетін қызметті алушы) портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге мыналарды ұсынады.1)Нысан бойынша жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш.2)Жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген кезде, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнына тең соманы бюджет кірісіне төлеу, оның қадастрлық (бағалау) құны актісінің көшірмесі, қажет болған жағдайда бюджетке кадастрлық (бағалау) құн арасындағы айырмаға тең соманы төлеу. Аталған мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі-13 жұмыс күні. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: көрсетілетін қызметті берушінің сатып алу-сату шартын (жер учаскесін сатып алған жағдайда) қоса бере отырып, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешімі не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:1)мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы.2)көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-1-бабы 8-тармағының он екінші және он үшінші бөліктерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі. Қосымша ақпарат алу үшін Шелек ауылдық округі әкімінің аппаратына хабарласуға болады.Мекен-жайы: Шелек ауылы, Жібек жолы көшесі, 40Байланыс телефоны: 8 (72776) 2-14-30 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbekshikazakh-shelek/press/news/details/1223511?lang=kk
Қарағандыда субсидияларды жымқыру фактісі бойынша кінәлілер бас бостандығынан айырылды 25.04.2025
Қарағандыда «Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту» ұлттық жобасы аясында сүт өнімдерінің бағасын арзандатуға бөлінген 339 миллион теңге көлеміндегі мемлекеттік субсидияларды жымқыру фактісі бойынша айыптау үкімі шығарылды.Аталған істі ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаменті тергеді.«DIAS» шаруа қожалығының басшылары жергілікті ветеринарлық дәрігермен сөз байласып, субсидия алу мақсатында ірі қара мал, сондай-ақ сүт өнімдерін өндіру және сату туралы жалған құжаттар тапсырған.Алайда, іс жүзінде шаруа қожалығының қарамағында өндірістік қызмет жүргізуге жарамсыз шағын мал шаруашылығы базасы ғана болған.Тиісінше, сүт өнімдерін өндіру мен өңдеу іс жүзінде жүзеге асырылмаған.Күдіктілер жымқырылған субсидияның бір бөлігін ет бағытындағы 60 асыл тұқымды бұқа сатып алуға жұмсап, нәтижесінде 9 миллион теңге көлемінде субсидиялар түрінде қосымша қылмыстық табыс алынды.Сот үкімімен олар ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (алаяқтық), 218-бабы 2-бөлігі 1-тармағы (қылмыстық жолмен алынған кірісті заңдастыру) және 206-бабы 3-бөлігі 2-тармағы (ақпаратты заңсыз жою немесе өзгерту) бойынша кінәлі деп танылып, 5 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды.Сондай-ақ, сот Ауыл шаруашылығы басқармасының 339 миллион теңге сомасындағы азаматтық талабын қанағаттандырды.Үкім заңды күшіне енген жоқ.Егер Сізге экономикалық құқық бұзушылық жасау фактілері белгілі болса, бұл туралы "АФМ Insider" телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз. Анонимділікке кепілдік беріледі. ҚР ҚМА Баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm/press/news/details/981214?lang=kk
Қазақстан Қорғаныс министрлігіне Руанда дипломаты келді 25.04.2025
Астанада Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаевтың Руанданың Түркиядағы және Қазақстандағы қоса атқарушы Елшісі Чарльз Кайонгпен жұмыс кездесуі өтті. Тараптар әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықтың сондай-ақ, бітімгерлік қызметтің ықтимал бағыттарын талқылады.Сапар аясында шетелдік мейман өзге де министрліктер мен ведомстволарда, сондай-ақ қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің кәсіпорындарында болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/981225?lang=kk
Әскери колледжге экскурсия: оқушылар Отан қорғаушы мамандығымен танысты 25.04.2025
Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері Кеңес Одағының Батыры генерал-майор Сабыр Рақымов атындағы Әскери колледжде болды. Балаларды оқу орнының бастығы полковник Мақсат Ақшалов қарсы алды, колледждің тарихы, оқу жағдайы, бағдарламасы және әскери қызметші болудың перспективалары туралы айтты. – Біздің оқу орнына қабылдау 15 жастан басталады. Бірінші курста оқушылар 10-11 сынып бағдарламасының жалпы білім беру пәндері бойынша білім алады. Оқытумен қатар спортқа, дене шынықтыруға көп көңіл бөлінеді, – деп атап өтті полковник М. Ақшалов.Ол сондай-ақ екінші курстан бастап терең әскери дайындық жүріп жатқанын түсіндірді. Онда тактикалық, атыс, саптық, жарғылар мен әскери топография зерделенеді. Үшінші курста колледж тәрбиеленушілері таңдаған әскери мамандықты игеріп, әскери бөлімдерде оқу-далалық жиындар мен тағылымдамадан өтеді.Колледж түлектері техникалық және кәсіптік білім туралы диплом, жүргізушілерді даярлау туралы куәлік, кіші сержант атағы берілген әскери билет алады. Бұл ретте озаттар қызмет орнын таңдау құқығын пайдалана алады, сондай-ақ жоғары әскери оқу орнының екінші курсына емтихансыз қабылдану мүмкіндігі бар.Колледж басшылығымен кездесуден кейін тәрбиеленушілер оқу роталарының командирлерімен бірге оқу сыныптарын, казармаларды, асхананы және басқа да инфрақұрылым нысандарын аралады.– Біздің тәрбиеленушілердің арасында өз өмірін әскермен байланыстыруды көптен армандайтындар бар. Колледжге барғаннан кейін балалар осы оқу орнына түсуге ниет білдірді, – деді өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығы директорының орынбасары Сәрсенбек Алтенбаев.Кездесу соңында орталық басшылығы мен тәрбиеленушілері осындай іс-шаралар Отан қорғаушы мамандығына деген құрметті қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтіп, жылы қабылдағаны үшін алғыстарын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/980991?lang=kk
Мұқан Төлебаев атындағы VІІ халықаралық «Алтын таяқша» дирижерлер мен «Кестелі орамал» вокалистер байқауының Гала-концерті 25.04.2025
Мұқан Төлебаев атындағы VІІ халықаралық «Алтын таяқша» дирижерлер мен «Кестелі орамал» вокалистер байқауының Гала-концерті Өтетін орны: Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрыӨтетін уақыты: 2025 жыл, 25 сәуір, сағат 18:00Байланыс телефондары:8 (7282) 24-34-07Электронды почта: 7su.ocnt@mail.ruКІРУ ТЕГІНАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/980995?lang=kk
Жетісуда WorldSkills Zhetysu – 2025 өз бастауын алды! 25.04.2025
І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында техникалық және кәсіптік білімнің мәртебесін көтеру, жас мамандардың кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында «WorldSkills Zhetysu – 2025» аймақтық чемпионаты салтанатты түрде ашылды!21-25 сәуір аралығында өтетін бұл ауқымды шара – жастардың шығармашылығын, еңбекке деген сүйіспеншілігін, заманауи дағдыларын көрсетуге арналған кәсіби алаң.Бүгінгі күні:– Қатысушылар тіркеліп, алғашқы кезеңдерге қатысты– Сарапшылар мен тәуелсіз эксперттер жұмысқа кірісті– Колледж базаларында түрлі құзыреттілік бойынша бәсекелер басталып кетті25 құзыреттілік, 155 қатысушы, 4 колледж базасы, еліміз бен шетелден келген мамандар – барлығы бір арнада:Болашақ мамандардың дамуы үшін!Қатысушылар IT, графикалық дизайн, инженерия, аспаздық, дрондар, видеомонтаж және басқа да бағыттарда өз шеберліктерін сынауда.Чемпионат жеңімпаздары Астана қаласында өтетін Ұлттық чемпионатқа жолдама алады!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/981008?lang=kk
Махамбет театры Талдықорғанда! 25.04.2025
Махамбет атындағы Атырау академиялық қазақ драма театры Талдықорған қаласына өнерсүйер қауымға арналған гастрольдік іссапармен келді. Күні кеше келген театр ұжымы Ә.Рахаттың «Қыр баласы» драмасын көрерменге ұсынды.Ендігі кезекте 22 сәуір М.Отарбаевтың Өң мен түс шығармасының желісі бойынша «Баянды бақ» қойылымы, 23 сәуір Б.Сарыбайдың «Кішкентай ауылдағы үлкен махаббат» әңгімелер жинағынан алынған қойылымы, 24 сәуір Ә.Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» қойылымы сахналанатын болады.Гастрольдік сапардың басты мақсаты – мәдени байланыстарды нығайтып, театр өнері арқылы өңір тұрғындарымен жақын танысу, сондай-ақ, Батыс Қазақстан мәдениетін басқа өңірлерде кеңінен таныту.Қала тұрғындарын және қонақтарын театр қойылымдарын тамашалауға шақырамыз! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/981011?lang=kk