Әлем
Рудный қаласының қоғамдық кеңесінің отырысы туралы хабарлама 18.04.2025
Отырыс тақырыбы:Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін арттыру туралыНормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарау Өтетін күні мен орны: 2025 жылғы 16 cәуір, Рудный қаласы, Ленин көшесі, 95Анықтама телефоны: 8 (71431) 39318, 45637. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-rudnyy/press/news/details/978590?lang=kk
«Е-Архив» бағдарламасына құжаттарды енгізу туралы өндірістік оқу өткізілді 18.04.2025
«Жетісу облысының мемлекеттік архивінің» мамандары «Е-архив» бағдарламасына құжаттарды енгізу жөнінде өндірістік оқу өткізді. Оқуға мемлекеттік мекемелердің іс қағаздарға және ведомствалық архивке жауапты мамандары қатысты. Оқу барысында «Е-Архив» бағдарламасына құжаттарды енгізу туралы слайд көрсетілді және түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Өндірістік оқу барысында қойылған барлық сұрақтарға толық жауап берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/978553?lang=kk
Ағымдағы жылдың 11 сәуірінде аудан әкімдігінің мәжіліс залында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қатысуымен Жер заңнамасының нормаларын қолдану, жерді ұтымды пайдалану және топырақтың тозуына жол бермеу бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстары бойынша Аграрлық кеңес өткізілді. 18.04.2025
Ағымдағы жылдың 11 сәуірінде аудан әкімдігінің мәжіліс залында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қатысуымен Жер заңнамасының нормаларын қолдану, жерді ұтымды пайдалану және топырақтың тозуына жол бермеу бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстары бойынша Аграрлық кеңес өткізілді.Кеңесте Қостанай облысының Жер ресурстарын басқару департаментінің, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының, "Жерді зерттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізудің мемлекеттік институты" облыстық филиалының, " Агрохимиялық қызметтің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы"филиалының өкілдері сөз сөйледі.Кеңес барысында шаруалар баяндамашыларға оларды толғандыратын сұрақтарын қойып, жауап алды.Кеңес соңында аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Қасымханұлы қорытынды жасап, шаруаларға алдағы егіс науқанына сәттілік тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/978519?lang=kk
Жалғыз тұрғынжайы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен авариялық деп танылған азаматтарды есепке алу осы тұрғынжайдың орналасқан жері бойынша жүзеге асырылады. 18.04.2025
Жалғыз тұрғынжайы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен авариялық деп танылған азаматтарды есепке алу осы тұрғынжайдың орналасқан жері бойынша жүзеге асырылады.Өтініш, жұмыс уақытынан тыс уақытта немесе мереке күндері келіп түскен жағдайда, қарау мерзімі бірінші жұмыс күнінен бастап есептеледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamystin-audany-akimat/press/news/details/978493?lang=kk
Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының. 18.04.2025
Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 234 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32880 болып тіркелген) "Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларын бекіту туралы" қағидасында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, жаңа тұрғылықты жері бойынша, оның отбасы мүшелерін қоса алғанда, меншік құқығында тұрғын үйі болмаған жағдайда жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру мақсатында құрылған мемлекеттік мекемелерде жүзеге асырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamystin-audany-akimat/press/news/details/978488?lang=kk
Мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу мемлекеттік мекемедегі жұмыс орны бойынша жүзеге асырылады. 18.04.2025
Мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу мемлекеттік мекемедегі жұмыс орны бойынша жүзеге асырылады. Есепке осы мекеменің қызметкерлері қойылады.Мемлекеттік мекемелер мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтарының кезектілік тізімдерін жүргізеді және тұрғынжай алған тұлғалардың тізімдерін олардың кезектілігін көрсете отырып, өздерінің интернет-ресурстарында жариялайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamystin-audany-akimat/press/news/details/978481?lang=kk
Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың заңды өкілдері жетім балалар 18.04.2025
Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың заңды өкілдері жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар білім беру ұйымына, медициналық немесе басқа да ұйымға келіп түскен күннен бастап немесе осындай балаларға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгіленген күннен не патронат тәрбиешімен шарт жасалған күннен бастап үш ай ішінде баланы тұрғын үй алу үшін жергілікті атқарушы органда есепке қояды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamystin-audany-akimat/press/news/details/978476?lang=kk
Заңның 68-бабының 1-1), 1-2), 2), 3), 4), 5), 7), 8), 10) және 11) тармақшаларында көрсетілген отбасының әрбір мүшесі үшін тұрғын 18.04.2025
Заңның 68-бабының 1-1), 1-2), 2), 3), 4), 5), 7), 8), 10) және 11) тармақшаларында көрсетілген отбасының әрбір мүшесі үшін тұрғын үй алуға өтініш бергенге дейін соңғы он екі айдағы жиынтық орташа айлық табысы тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен төмен болған халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген коэффициенті мүгедектігі бар балаларға қолданылмайдымемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкеріне және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдарғажалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар есепке қойылады.Қазақстан Республикасының азаматтарын республикалық маңызы бар қалаларда, астанада есепке қою үшін кемінде үш жыл тұрақты тұруы талап етіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamystin-audany-akimat/press/news/details/978466?lang=kk
Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж. 18.04.2025
Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж, осы елді мекенде (тұру мерзіміне қарамастан) тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары және:1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;2) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;3) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға, көпбалалы отбасыларға жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына беріледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamystin-audany-akimat/press/news/details/978456?lang=kk
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz "электрондық үкімет" 18.04.2025
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға 1 - қосымшаға сәйкес өтінішті, сондай-ақ осы Қағидаларға 4-қосымша "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – Тізбе) 8-тармағына сәйкес көрсетілген құжаттардың тізбесін жолдайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamystin-audany-akimat/press/news/details/978444?lang=kk
"Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының 18.04.2025
"Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың тұрғын үй қатынастары саласында функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдары көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamystin-audany-akimat/press/news/details/978436?lang=kk
Осы Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының 18.04.2025
Осы Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-2 бабының 9-2) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді, сондай-ақ "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасымен мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою тәртібін айқындайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamystin-audany-akimat/press/news/details/978434?lang=kk
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою тәртібі 18.04.2025
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік ақпараттық жүйелерге сәйкестігі тұрғысынан "Кезекте тұрғандарды есепке алудың бірыңғай ұлттық жүйесі" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - Ақпараттық жүйе) арқылы көрсетілген қызметті алушының тұрақты тіркелуде болуын, санатқа тиесілігін растау, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары үшін кірісінің болуын, меншік құқығында оған тиесілі тұрғын үйдің Қазақстан Республикасы бойынша бар-жоғын, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы соңғы бес жылдың iшiнде өз тұрғын үй жағдайларын қасақана нашарлатуы салдарынан мұқтажға айналғанын тексереді. Мәліметтерді жаңарту, өзгерту немесе толықтыру үшін өтініш беруші порталға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес өтінішті, сондай-ақ Тізбенің 8-тармағында көзделген құжаттарды негіздер туындаған немесе көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефонына sms-хабарлама алған сәттен бастап ұсынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamystin-audany-akimat/press/news/details/978425?lang=kk
Светофор нысандарын жаңарту жұмыстары туралы 18.04.2025
2025 жылғы 17-21 сәуір аралығында Баймағамбетов-Назарбаев қиылысында екі бағдаршам объектісін жаңғырту жүргізілетін болады. Жол қозғалысына қатысушылардан осы жол учаскесінде өте мұқият және сақ болуын сұраймыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/978422?lang=kk
Қазақстан Елшісі Солтүстік Македонияның бұрынғы президентімен кездесті 18.04.2025
Скопье, 2025 жылғы 15 сәуір – Қазақстан Елшісі Сатыбалды Бұршақов Солтүстік Македонияның бұрынғы президенті (2009-2019 жж.) Георге Ивановпен кездесті.Кездесу барысында Елші Г.Ивановты еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарымен, сондай-ақ Қазақстан-Македония ынтымақтастығын кеңейту перспективаларымен таныстырды.С.Бұршақов Қазақстанның жыл сайынғы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін өткізу жөніндегі бастамасына ерекше назар аударды. Съездің 2023-2033 жылдарға арналған тұжырымдамасы мен қатысушылары туралы айтты.Президент Г.Иванов Астанада 2010 жылы ЕҚЫҰ саммитіне қатысу үшін және 2012 жылы мемлекеттік сапармен болғанын жылы шыраймен еске алып, Қазақстанның Скопьедегі Елшілігінің ашылуын құптады және Солтүстік Македонияда Қазақстан Достары қоғамын құру идеясын қолдады.Саясаткер өзі басқаратын Өркениеттер Альянсы халықаралық орталықтың (ICAC) қызметі, оның маңыздылығы мен әлеуеті туралы айтты. Өз басқаратын қордың жұмыс бағытын ескере отырып, Г.Иванов Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі жұмысының практикалық аспектілеріне қызығушылық білдірді.Кездесу соңында бұрынғы президент Г.Иванов Қазақстанға тұрақтылық, қоғамдық келісім және одан әрі өркендеу тіледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-skopje/press/news/details/978369?lang=kk
«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы аясында салтанатты шара өтті 18.04.2025
Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Панфилов ауданының құрметті азаматы Бұлдыбай Анарбай Сағиұлының қатысуымен «Кітапханаға кітап сыйла» атты игі бастама аясында кітапхана қорына кітаптарды сыйға тарту салтанатты шарасы өткізілді. Шараның мақсаты – қоғамда кітап оқуды насихаттау, рухани құндылықтарды дәріптеу және кітапхана қорын жаңа басылымдармен толықтыру болып табылады. Бұлдыбай Анарбай Сағиұлы кітапхана қорына өзінің ғылыми және көркем шығармаларын, сондай-ақ бірқатар құнды 200-ге жуық әдебиеттерді тарту етті. Салтанатты іс-шараға әдебиет және мәдениет саласының көрнекті өкілдері қатысты. Атап айтқанда, жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Әли Ысқабай, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, жазушы Нұрила Бектемірова, балалар жазушысы, Көксу ауданының құрметті азаматы Жұмабала Балақаранова, айтыскер ақын Айтақын Бұлғақов, сондай-ақ Қазақстан Жазушылар одағы Жетісу облыстық филиалының төрағасы Жангелді Немеребай қатысты. Кездесу барысында қатысушылар кітаптың қоғамдағы рөлі, жас буынның әдебиетке деген қызығушылығы, қазіргі қазақ әдебиетінің бағыт-бағдары төңірегінде пікір алмасып, шығармашылық және мәдени мәселелер бойынша өз ойларын ортаға салды. «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы аясында өткізілген бұл шара – рухани мұраны насихаттауға, кітап оқуды қолдауға және ұлт мәдениетін дамытуға бағытталған маңызды бастамалардың бірі ретінде жоғары бағаланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/978354?lang=kk
«Зияткерлік меншік: AI пен креативті индустриялар дәуіріндегі сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» атты панельдік сессия туралы 18.04.2025
2025 жылғы 29 мамырда Астана қаласында өтетін Астана халықаралық форумы аясында «Зияткерлік меншік: AI пен креативті индустриялар дәуіріндегі сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» атты панельдік сессия өткізіледі.Панельдік сессия барысында зияткерлік меншікті құқықтық реттеудегі заманауи үрдістер, тиімді құқықтық қорғауды қамтамасыз ету мәселелері, сондай-ақ жасанды интеллект технологияларының авторлар мен жасаушылардың құқықтарына әсері талқыланатын болады.Спикерлер ретінде Қазақстан Республикасының Әділет министрі Ерлан Жақсылықұлы Сәрсембаев, Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының Бас директоры Тан Дарен, Еуразиялық патенттік ведомствоның президенті Григорий Петрович Ивлиев, Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов, Қытай Халық Республикасы Ұлттық зияткерлік меншік басқармасының өкілі СЮ Цзянь мәлімделді.БАЙЛАНЫС:Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің баспасөз қызметіТелефон: +7 (7172) 74-06-21Электрондық пошта: a.lurova@adilet.gov.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/978348?lang=kk
Балқаш қаласының білім беру ұйымдары басшыларына арналған семинар 18.04.2025
Қарағанды облысы Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің басшысы, еңбек инспекторы Саягүл Еркебекова облыс білім басқармасымен бірлесе ұйымдастырған Қарағанды облысының білім, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымы өткізген семинар-кеңеске қатысты.Өз сөзінде Саягүл Еркебекова ұжымдық келісім-шарттардың маңыздылығын ғана емес, сонымен қатар олардың іс жүзінде қалай жұмыс істейтінін, педагогтардың құқықтарын қорғаудан бастап, еңбек жағдайларын жақсартуға дейін нақты көрсетті. Ол ұжымдық келісім-шарттың тек формальдылық емес, жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасындағы баланс орнатуға көмектесетін тірі механизм екенін атап өтті.Семинар қатысушылары әрбір мысалға зор назар аударып, сұрақтар қойып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Көптеген адамдар ұжымдық келісім-шарттардың мүмкіндіктеріне жаңаша көзқараспен қарап, оларды еңбек ұжымдарын дамыту мен қолдаудың қуатты құралы ретінде бағалайтындарын айтты.Мұндай семинарлар тек тәжірибе алмасу орны ғана емес, сондай-ақ оң өзгерістерге әсер ететін катализаторға айналады — дәл осында жаңа идеялар қалыптасып, бастамалар туындап, білім беру саласындағы еңбек жағдайларын жақсартуға мүмкіндік беретін серіктестік қатынастар құрылуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-enbek/press/news/details/978346?lang=kk
Уақытша кедендік бақылау аймақтары, уақытша сақтау орындары кейбір мәселелері туралы 18.04.2025
"Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 404-бабының 4-тармағына сәйкес кедендік бақылаудың тұрақты аймақтарынан тыс жерлерде тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кедендік бақылауды, жүк және өзге де операциялар жасауды жүзеге асыру мақсатында аумақтық органның лауазымды тұлғасының қызметтік жазбасы, оның ішінде еркін түрде жасалған мүдделі тұлғаның өтініші негізінде мемлекеттік кірістер органдарының басшылары немесе оның орынбасарлары уақытша кедендік бақылау аймағын құру туралы шешім қабылдайды.Аумақтық орган өтінішті аумақтық органда тіркелген күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде қарайды.Уақытша кедендік бақылау аймағын құру мерзімін белгілеу 24 сағатты құрайды. Қызметтік жазбаның негізінде мерзім тағы 24 сағатқа дейін ұзартылуы мүмкін.Тауарларды теміржол көлігімен тасығанда жеткізетін бекетте кедендік бақылау аймағы болмаған жағдайда оны құру туралы шешім қабылданған күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні мерзімінен аспайтын уақытша кедендік бақылау аймағы құрылады."Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 502-бабының 4-тармағына, 509-бабының 5-тармағына, 516-бабының 4-тармағына сәйкес, уақытша сақтау қоймасы, ашық және жабық типті кеден қоймасы, еркін қойма ретінде пайдалануға арналған немесе пайдаланылатын құрылысжайларды, үй-жайлар және ашық алаңдар:- тауарлардың сақталуын және тауарларға қатысты өкілеттіліктері жоқ Қойма қызметкерлері болып табылмайтын не осындай өкілеттіктері бар тұлғалардың өкілі болып табылмайтын оларға бөгде тұлғалардың рұқсатының болмауын;- осы тауарларға қатысты кедендік бақылау жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етуге орналастырылады, жайластырылады және жабдықталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/978329?lang=kk
Мамыр айында әлеуметтік нысандардың бірқатары пайдалануға беріледі 18.04.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қала аумағындағы құрылыс нысандарын аралап, алдымен «Көрме залы» орталығының құрылыс алаңына барды. Одан кейін нан, кондитерлік және макарон өнімдерін өндіретін кешендегі жұмыспен танысты. Бұл жобаға мемлекеттік қолдау ретінде 5 гектар жер беріліп, су және кәріз жүйелерін жеткізуге қаржы қарастырылған. Жобаның І кезеңі биыл іске қосылады. Қазіргі таңда жұмыстың 80 пайызы орындалған. Нысанда 30-дан астам жұмысшы еңбек етуде, 10-нан астам техника бар.Сол жағалаудағы жаңа стадионның шығыс және батыс трибуналарының металл конструкциялары орнатылып, қабырғалары мен ішкі бөліктері, сыртқы витраждары қалануда. Жылу, су, электр, желдету желілері тартылуда. Қазіргі кезде футбол алаңын жабдықтау және аумақты абаттандыру жұмыстары қолға алынған.Физика-математика мектеп-интернатында ішкі әрлеу жұмыстары аяқталуға жақын. Нысанда техникалық жабдықтау мен аумақты абаттандыру қатар жүргізілуде. Құрылыс басында 150 жұмысшы мен 20 техника бар. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/978294?lang=kk