Саясат
Биыл Жетісуда 2708 пәтер салынды және сатып алынды 24.12.2024
Жетісу облысында биыл тұрғын үй құрылысына 7,6 млрд. теңге бөлінді. Бұл қаржы 56 көп қабатты мен 214 жеке тұрғын үй салуға бағытталды. Бұдан бөлек, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 866 пәтер сатып алынды, оған 15,9 млрд. теңге көзделген. Бұл жөнінде бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев айтты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Өңір басшысы апатты тұрғын үй мәселелерін шешуге ерекше назар аударылатынын атап өтті. Оның айтуынша, 2023 жылдың басында облыста 348 пәтер апатты деп танылып, өткен жылы 1,3 млрд. теңгеге 137 пәтер сатып алынған. Ал биыл жергілікті бюджеттен бөлінген 2,4 млрд. теңгеге 155 жаңа пәтер, атап айтқанда, Кербұлақ ауданында, Текелі және Талдықорған қалаларында сатып алынды. Сондай-ақ «Самұрық-Қазына ҰӘҚ» АҚ демеушілерінің есебінен 560 пәтерлік 9 үй салынуда.- Жалпы биыл 2 708 пәтер салынды және сатып алынды, оның 1113 пәтерлік 129 үйі бюджет есебінен, 469 пәтерлік 9 үй - коммерциялық тұрғын үй, 866 пәтер тұрғын үй сатып алу арқылы, 260 пәтерлік 4 үй демеушілер есебінен, - деді Б. Исабаев. Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Фотосуреттерді түсірген: Жеңіс Ысқабай, Дмитрий ЕрофеевАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/905743
Жетісу облысында газдандыру деңгейі биыл 56,5%-ға жетті 24.12.2024
В области Жетісу из 192 населенных пунктов, подлежащих газификации, в настоящее время газифицировано 63, в том числе из них с начала года доступ к газу получили 30 населенных пунктов. Благодаря чему уровень газификации достиг 56,5%, доступ к голубому топливу получили 394,9 тыс. жителей. Об этом стало известно в ходе брифинга акима области Бейбита Исабаева, состоявшегося сегодня на площадке СЦК при Президенте РК, - сообщает пресс-служба акима области Жетісу.По словам главы региона, в следующем году продолжится строительство 21 объекта и начнется строительство еще 42. Так, к концу 2025 года газифицируются все 126 населенных пунктов от Кербулакского района до Талдыкоргана. В результате доступ к газу получат свыше 500 тыс. жителей или 71,4% всего населения.Как было отмечено, 19 августа было начато строительство магистрального газопровода «Талдыкорган-Ушарал». Ожидается, что проект будет завершен в следующем году. Параллельно начата разработка проекта газораспределительных сетей для 66 населенных пунктов Аксуского, Сарканского, Алакольского районов.- К 2029 году планируется газифицировать все 192 населенных пункта области и обеспечить доступ к газу для более 642 тысяч жителей или 91,9% от общей численности населения, - резюмировал аким области Жетісу Бейбит Исабаев.Пресс-служба акима области ЖетісуФотографы: Жеңіс Ысқабай, Дмитрий ЕрофеевАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/905751
Жетісуда әлеуметтік объектілерді жаңарту деңгейі 50%-ға жетті 24.12.2024
Жетісу облысы құрылғаннан бері жөндеу мен жаңа құрылыс жүргізудің арқасында объектілерді жаңарту 50%-ға жетті. Мысалы, білім беру саласында 5310 орынды 15 жаңа мектеп пайдалануға беріліп, 19 нысан күрделі жөндеуден өтті. Ал денсаулық сақтау саласында 98 нысан іске қосылды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев айтты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Бейбіт Исабаев өз баяндамасында әлеуметтік инфрақұрылымдарды жақсартудың жай-күйіне тоқталды. Оның айтуынша, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының аясында 2023 жылы басталған 1800 орынды 2 мектептің біреуі биыл қолданысқа берілсе, екіншісінің құрылысы келесі жылы да жалғасады. Жалпы 2025 жылы 7 мектеп салу жоспарланған. Соның нәтижесінде жөндеуге жататын 95 мектептің 38-і немесе 40%-ы жаңартылады.Ал денсаулық сақтау саласында соңғы үш жылда 98 нысан пайдалануға берілсе, соның 31-і жаңадан салынған, 61 блокты-модульді медициналық кешендер орнатылып, 6 нысан күрделі жөндеуден өтті. Биылғы жылдың өзінде 51 нысан бой көтерген, соның 25-і жаңа құрылыс, 26-сы – блокты-модульді конструкция.– Айта кету керек, біздің облыс блокты-модульді медициналық кешендерді орнату тәжірибесін алғашқылардың бірі болып кеңінен қолдана бастады. Келесі жылы тағы 69 нысанды қолданысқа беру жоспарлануда. Қабылданған шаралардың нәтижесінде облыста жөндеуге жататын 292 денсаулық сақтау нысанының 167-і немесе 57,2% жаңартылады, - деді Б. Исабаев.Мәдениет саласында 2022-2024 жылдары 12 мәдениет үйі пайдалануға беріліп, 10 нысан күрделі жөндеуден өткен. Келесі жылы тағы 7 нысан пайдалануға беріліп, жаңару деңгейі 33,3%-ға жетеді.Ал спорт саласына келсек, облыс әкімінің мәліметінше, дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, спорт кешендері, күрес залдары, стадион сияқты жалпы 18 нысан іске қосылып, 10 блокты-модульді спорт кешені орнатылды. Сонымен қатар Талдықорғанда Қазақстанда баламасы жоқ «Жетісу» волейбол орталығы және инвестор есебінен спортшыларға арнап салынған төрт қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Оған қоса жақында инвестордың қаржысына Үстел теннисі орталығы ашылды.- Соның нәтижесінде нысандардың 74,4% жаңартылып, халықты спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету 1000 адамға шаққанда 64%-ға жетті, - деді өз сөзінде облыс әкімі. Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Фотосуреттерді түсірген: Жеңіс Ысқабай, Дмитрий ЕрофеевАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/905759
Жетісу облысында орталықтандырылған сумен қамту деңгейі 91,3 % жетті 24.12.2024
Биыл Жетісу облысында орталықтандырылған ауыз сумен қамту деңгейі 91,3% жетті, бұл халық санына шаққанда – 99,7 %. Бұл туралы бүгін Астанада Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифинг барысында Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев айтты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.- Биыл орталықтандырылған ауыз су жүйесіне Алакөл ауданындағы Тоқжайлау, Бибақан ауылдары қосылды, 298 км желі жөнделіп, облыстың 17 елді мекенінде ауыз судың сапасы жақсарды, - деді облыс басшысы.Жалпы 2023-2024 жылдары 125,3 км сумен жабдықтау желілері салынып, 306,8 км желілер қайта жаңғыртылды.Атап өтсек, 2025 жылға 13 жобаны іске асыру үшін 4,3 млрд. теңге бөлінді. 2025 жылдың қорытындысында орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету деңгейі 92,5% жетеді немесе 331 елді мекен қамтылады.Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/905766
Астанада ерекше балаларға арналған кезекті бес инклюзия кабинеті ашылды 24.12.2024
Елордада №65 мектеп-гимназияда инклюзияны қолдау кабинеті салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Жобаны «Самұрық-Қазына» АҚ Астана әкімдігімен бірлесіп жүзеге асырды. Ол ерекше әдіс-тәсілге мұқтаж балаларды оқыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.Іс-шара Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкеннің, «Самұрық-Қазына» АҚ, Білім басқармасы өкілдерінің, елордалық мектеп директорларының, педагогтар мен ерекше балалардың ата-аналарының қатысуымен өтті.«Самұрық-Қазына» АҚ корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі аясында біз ерекше қажеттіліктері бар адамдарды кешенді түрде қолдаймыз. Қазақстан өңірлерінде оңалту орталықтарын, спорт кешендерін және бейімделген спорт секцияларын ашамыз. Біз мүгедектігі бар жастарды цифрлық кәсіптерге үйретеміз және жұмысқа орналасуына жәрдемдесеміз. Біз адамдарға өмірге келгеннен бастап көмектесеміз және олардың қоғамда әлеуметтенуіне белсенді ықпал етеміз. Инклюзия кабинеттері – бұл жүйенің маңызды бөлігі», – деп атап өтті «Самұрық-Қазына» АҚ басшысы Нұрлан Жақыпов.Кабинет Open Space форматында дайындалған және дефектолог, логопед, психолог және керамика шеберханасының жұмысына арналған орындарды қамтиды. Сонымен қатар, қажетті спорттық жабдықтары бар емдік дене шынықтыру кабинеті де бар. Осылайша, Астанада бес жаңа кабинет салтанатты түрде ашылды. Олар №32, 52, 61, 65 және 90 мектептерде орналасқан. Бұл инклюзия кабинеттеріне 240 бала бара алады.«Инклюзияны қолдау кабинеттері ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін, оның ішінде психикалық және сөйлеу қабілеті уақытылы дамымаған, сондай-ақ қарым-қатынас жасауы қиын оқушылар үшін қолайлы орта жасайды. Біз осы кеңселер желісін кеңейтуді жалғастырамыз. Әрбір жаңа кабинет арқылы әрбір баланың дамуы үшін тең мүмкіндіктері бар инклюзивті білім беру ортасының шекарасын кеңейтеміз», – деп атап өтті Астана қаласы Білім басқармасының бас маманы Гүлшат Исинова.Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айында елордадағы №22, 36, 59, 76 және 97 мектептерде жаңа форматтағы кабинеттер алғаш рет ашылды. Астанадағы инклюзия кабинеттеріне қалада тұратын мектеп жасындағы ерекше қажеттіліктері бар балалардың шамамен 16%-ы қатысады. Жалпы елордада ерекше қажеттіліктері бар 21 107 бала бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/906099
Жүздеген адам жауапқа тартылды: Астанада вандализмге қарсы күрес жүріп жатыр 24.12.2024
Өзгелердің мүлкіне зиян келтірген кезекті вандалдар жауапқа тартылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.14 желтоқсанға қараған түні 30 жастағы азамат мас күйінде көліктің терезе тазалағыштарын сындырып, капотын ұрып, майыстырып кеткен. Осылайшп ол 400 мың теңге сомасына материалдық шығын келтірді.16 желтоқсан күні кешке Мұстафин көшесінде жүрген 32 жастағы ер адам өзге біреудің мүлкіне қасақана зиян келтірді.ҚР ӘҚБтК-нің 147-1-бабы бойынша тәртіп бұзушылар табылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Астанада еріктілер, белсенділер, белгілі спортшылар, қала тұрғындары қолдаған «Тоқта, вандал» акциясы аясында профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатыр.Акцияның мақсаты – вандализмнің кез келген жағдайын болдырмау және елордада тазалық пен тәртіпті сақтау.Жыл басынан бері сот 300-ден астам адамды бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіргені, жалпы пайдалану орындарын ластағаны, ғимараттар мен тұрғын үй-жайларды бүлдіргені үшін жазалады. Олардың барлығы жауапқа тартылды.Вандализмнің алдын алу жұмысы қалалық прокуратура мен полиция департаментінің үйлестіруімен жүргізіледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/906100
Борышкер сот талаптарын орындамайды: мұндай жағдайда не істеу керек екені айтылды 24.12.2024
Астана қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары Жанна Сүйімбаева елордалық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәжбүрлеп орындау шаралары туралы айтып берді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Жанна Сүйімбаеваның айтуынша, егер борышкер сот актісінің талаптарын ерікті түрде орындамаса, сот орындаушысы оған мәжбүрлеп орындау шараларын қолданады.«Заңның 31-бабына сәйкес сот орындаушысы өз ісін жүргізуге қабылдаған атқарушылық құжат және Заңда көзделген ерікті түрде орындау мерзімінің аяқталуы мәжбүрлеп орындау шараларын қолдану үшін негіз болып саналады. Атап айтқанда, осындай шаралардың бірі – мүлікке тыйым салу және оны сату арқылы борышкердің мүлкінен өндіріп алу», – деді спикер.Мәселен, борышкердің мүлкіне тыйым салу мүліктің тізімдемесінен, оған иелік етуге тыйым салудан, ал қажет болған жағдайда осы мүлікті пайдалану құқығын шектеуден, оны алып қоюдан немесе сақтауға беруден, содан кейін осы мүлікті саудалау арқылы өткізуден тұрады.Сот орындаушысы мен өндіріп алушы арасындағы сауда-саттықта мүлікті сатқаннан кейін орындалған жұмыстарды қабылдау-тапсыру актісіне қол қойылады.Одан түскен қаражат өндіріп алушылар арасында өндіріп алынатын сомаларға барабар бөлінеді. Бұл жағдайда мүлікті сату сот актілерін орындаудың мәжбүрлеу шараларын жүзеге асыру тәсілі болып саналады.«Мысалы, жеке сот орындаушысы борышкерге қатысты атқарушылық іс жүргізуде. А.И. Дауменова пайдасына сот орындаушысы Б.А. Мықтыбек борышкердің мүліктік жағдайын анықтау мақсатында сұрау салуды уәкілетті және тіркеуші органдарға жібереді. Сауалға жауап ретінде борышкер А.И. Дауменованың сот орындаушысы алатын «Тойота Камри» маркалы автомашинасы бар екені анықталды. Содан кейін сот орындаушысы бағалау жүргізу туралы қаулы шығарады, кейін автомашина аукцион арқылы сатылады, ал оны сатудан түскен соманы өндіріп алушы Б.А. Мықтыбекке береді, осылайша мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары сот актісінің нақты орындалуына әкеледі», – деп түсіндірді Жанна Сүйімбаева.Мүлікті сатудан басқа заңда сот актілерін мәжбүрлеп орындаудың басқа да шаралары көзделген:1) борышкердің мүлкіне, оның не өзге жеке немесе заңды тұлғалардың (оның ішінде банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарында) ақшасы мен бағалы қағаздарын қоса алғанда, тыйым салу;2) борышкердің өзіндегі не өзге де жеке немесе заңды тұлғалардан мүлкін алып қою;3) борышкерге белгілі бір әрекеттер жасауға тыйым салу;4) борышкерге өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлікті, оның ішінде ақшаны пайдалануға тыйым салу не оны сот орындаушысы белгілеген шекте пайдалануға нұсқау беру;5) борышкердің мүлкіне мөр басу;6) құқық белгілейтін құжаттарды алып қою;7) басқа адамдарға мүлікті, оның ішінде ақшаны борышкерге беруге немесе оған қатысты өзге де міндеттемелерді орындауға тыйым салу.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/906103
ТЖМ құтқарушылары су айдындарында 7 мыңнан астам рейд пен патрульдеу жүргізді 24.12.2024
ТЖМ бір ай бұрын 16 қарашада басталған «Мұз-2024» республикалық үгіт-профилактикалық акциясының аралық қорытындысын шығарды. Қазақстанның солтүстігінде мұздың қалыңдығы қауіпсіз деңгейге жетсе, оңтүстігінде мұз қату кезеңі енді ғана басталды. Бірқатар өңірлерде, мәселен Атырау, Қызылорда, Жамбыл және Ақтөбе облыстарында су айдындарының мұз жамылғысы алдамшы, яғни мұз әлі толық қатқан жоқ. Акция аясында ТЖМ құтқарушылары мобильді топтардың құрамында еліміздің су айдындарында 7 268 рейд пен патрульдеуді жүзеге асырды. Рейдтер барысында мұзда үстіндегі қауіпсіздік және мұзда балық аулау ережелері түсіндіріледі, барлығы 52 284 адамға нұсқау берілді. Олардың жартысынан көбі балық аулау әуесқойлары мен аңшылар. Ең жоғары тәуекел аймағындағы халықты көбірек қамту үшін балық аулау құралдары мен басқа да аңшылық керек-жарақтарын бөлшек саудада сатудың 760 нүктесі қамтылды, әр дүкенде үгіт материалдары таратылды. Тек акция кезеңіндегі рейдтік іс-шаралар кезінде 9 ересек адам мен 2 баланың қаза болуының алдын алды, қар құрсауында көлікте тұрып қалған адамдарға көмек көрсетілді, Шардара су қоймасының жағасынан 10 км қашықтықта тұманда адасқан 2 балықшы табылып, эвакуацияланды. Айта кету керек, мұндай жағдайлар қарапайым қауіпсіздік ережелерін бұзу нәтижесінде адамдардың кінәсінен болады. Құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Тек акция кезеңінде 156 хаттама жасалды, жалпы сомасы 4 млн. астам теңге айыппұл салынды. Бұл жағдайда айыппұл өлімнің алдын алу құралы болып табылады. «Мұз-2024» республикалық үгіт-профилактикалық акциясы 2025 жылғы қыс мезгілі соңына дейін және жұқа мұз кезеңі бойы өткізілетін болады! ТЖМ-нің негізгі міндеті – адам өлімінің алдын алу және су айдындарындағы (мұздағы) қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға (соның ішінде жұқа мұзға) жедел ден қою! ТЖМ қараңғыда, нашар көрінген кезде және мұздың қатуы мен еруі кезінде мұзға шығуға қатаң тыйым салынатынын, және мұздың қауіпсіз қалыңдығы бір адам үшін 10 сантиметрден кем емес екендігін ескереді.Мұзда болған кезде:1) мұздың жұқа және толық қатпаған жерлеріне шығуға;2) мұздың жекелеген (қауіпті) учаскелерінде топтармен жиналуға;3) мұздағы ойықтарға, жарықтарға жақындауға;4) өткелдер үшін бөлінген орындардың шекарасынан тыс көлік құралдарымен мұзға шығуға;5) от жағуға;6) 20 сантиметрден аз қашықтықта екі тесікті, ал басқа жұп тесіктерден 2 метрден аз қашықтықта екі тесікті тесу;7) мұзда жабдықтар мен қоқыстарды қалдыруға жол берілмейді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/905815
Ақмола облысының әкімі Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесті 24.12.2024
Облыс әкімі Марат Ахметжанов пен Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бақтиер Ибрагимов өңірлер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өсу әлеуетін талқылады.Алғы сөзінде өңір басшысы өңірдің жетістіктеріне тоқталып, негізгі бағыттары туралы айтып берді.«Ақмола облысы - Қазақстанның негізгі ауыл шаруашылығы өңірлерінің бірі және Біз Өзбекстан Республикасын Қазақстанның Орталық Азиядағы негізгі әріптестерінің бірі ретінде қарастырамыз. Бүгінгі іс-шара біздің ынтымақтастығымызды жандандыратынына сенімдімін. Ақмола облысы экономиканы дамытуға инвестиция тарту үшін үлкен әлеуетке ие және ынтымақтастықты кеңейту үшін кез келген ұсыныстарды қарастыруға дайын», – деп атап өтті Марат Ахметжанов.Өз кезегінде Бахтиер Ибрагимов өңірдің, әсіресе ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және туризм саласындағы ынтымақтастығының жоғары әлеуетін атап өтті. Ол сондай-ақ екі ел халықтары арасындағы тығыз байланыстар өңірдің тұрақты дамуы үшін маңызды фактор болып табылатынын атап өтті.Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Өзбекстан өңірлері арасындағы экономика, сауда, туризм және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады. Өзара инвестицияларды кеңейту, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту перспективаларына ерекше назар аударылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/905497
Олжас Бектенов Dalian Group холдингі басшылығымен бидайды терең өңдеу кәсіпорнын салу мәселесін талқылады 24.12.2024
Премьер-министр Олжас Бектенов Dalian Hesheng Holdings Group Co., Ltd. компаниялар тобының басқарма төрағасының орынбасары Ма Хуньхан бастаған қытай делегациясымен кездесу өткізді. Агроөнеркәсіп кешені саласындағы инвестициялық ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ көмір химиясы мен машина жасау салаларындағы өзара іс-қимыл перспективалары талқыланды.Қытайлық көпсалалы Dalian Hesheng Holdings компаниясы бидайды өңдеу және ашыту саласындағы технологиялық патенттің иегері саналады және озық цифрлық технологияларды пайдаланады. Ақмола облысында бидайды тереңдете өңдеу бойынша тігінен кіріктірілген өнеркәсіптік парк құрылысының жаңа инвестициялық жобасын іске асыру жоспарланып отыр. Бірінші кезеңде инвестиция көлемі $500-800 млн-ды құраса, жобаны іске асырудың екінші және үшінші кезеңдері тағы $1 млрд-қа бағалануда. Алғашқы кезеңде қайта өңдеу қуаты жылына 3 млн тоннаға дейін өсу перспективасымен 1 млн тоннаны құрайды. 2 мыңға жуық жұмыс орны ашылады. Жобада көмір жылу электр стансасы мен көмір химиясы кешенінің құрылысы да қарастырылған. Көмірді қайта өңдеу нәтижесінде жылына 150-400 мың тонна сұйық аммиак алынады деп күтілуде.Жалпы, жаңа агрожобаны іске асыру мультипликативті әсер береді, ауыл шаруашылығын жаңғыртуға ықпал етеді, сондай-ақ логистика және сауда секілді еншілес салалардың дамуына серпін береді.Премьер-министр астық жинауда рекордтық көрсеткіштерге қол жеткізуді ескере отырып, бидайды қайта өңдеуді белсенді түрде арттырудың маңызды екеніне тоқталды.«Қазақстан – аграрлық секторы дамыған ел. Біз қосылған құны жоғары өнім шығаруды арттыруға ұмтыламыз. Бұл – біздің еліміз үшін басым бағыт. Үкімет өндірісті локлизациялауға және озық технологияларды трансферттеуге бағытталған», - деп атап өтті Олжас Бектенов.Dalian Hesheng қытайлық компаниялар тобы басқарма төрағасының орынбасары Ма Хуньхан өз кезегінде Қазақстандағы ынтымақтастық пен өндірісті дамыту перспективаларын жоғары бағалады. Қолайлы іскерлік ахуал және бизнесті жүргізуге жасалған жағдай атап өтілді. Ма Хуньхан зауыттың құрылысын 2025 жылдың екінші тоқсанына жоспарланып отырғанын айтты.Сондай-ақ кездесу барысында Dalian Hesheng Holdings Group компаниясының аграрлық бағыт жөніндегі басқарма төрағасы Юй Юфэй, бидай биоферментациясының бірегей технологиясын әзірлеуші және саладағы озық шешімдердің авторы, аға инженер Шу Сонгпо сөз сөйледі.Кездесу қорытындысы бойынша Премьер-министр мүдделі мемлекеттік органдарға қысқа мерзімде қытайлық әріптестермен инвестициялық келісім жасау бойынша тиісті жұмыстар жүргізуді тапсырды.#Олжас Бектенов #ҚР Премьер-министрі #АӨК #ИнвестицияларАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/905508
Айдарлы ауылында су құбыры қолданысқа берілді 24.12.2024
Зеренді ауданына қарасты Айдарлы ауылында су құбыры қолданысқа беріліп, ауыл тұрғындары сапалы ауыз суға қол жеткізді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.Бұл қуанышты жаңалықты тұрғындар көптен күткен. Қазіргі уақытта, ауылдағы 320 тұрғынның 76 үйі таза сумен қамтамасыз етілді.Айдарлы ауылындағы су құбырының іске қосылуы Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы сәйкес ауылдарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Бағдарлама шеңберінде ел бойынша көптеген ауылдарға таза ауыз су жеткізіліп жатыр. Айдарлы ауылы да осы тізімге енген. Су тазартқыш құрылғысы КБН жүйесі бойынша орнатылып, тұрғындар тексерілген, сапалы ауыз суға қол жеткізіп отыр.Құрылыс жұмыстарының нәтижесінде ауылға су құбырының жалпы ұзындығы 7812 метрді құрайтын жүйе жүргізілді. Оның ішінде 2181 метр су құбыры және 4006 метр елді мекен ішіндегі су тарату желілері орнатылды. Су көзі ретінде жұмыс істейтін және резервтік скважиналардан алынған су пайдаланылып, екі насос станциясы мен 50 м³ көлемінде су жинақтайтын су мұнарасы құрылды.Айдарлы ауылының тұрғындары су сапасының айтарлықтай жақсарғанын айтуда. Әр үйде таза ауыз су пайдалануға мүмкіндік туғаны ауыл тұрғындары үшін үлкен жаңалық болды. Бұл құрылғының орнатылуы халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды.Зеренді ауданы әкімінің орынбасары Серік Исаханов аудан бойынша су сапасын өз бақылауында ұстап, тұрғын үйлердің жағдайын тексеріп шықты. Оның айтуынша, Айдарлы ауылындағы су жүйесінің сапасы толықтай талапқа сай және ауыл халқы үшін маңызды әлеуметтік мәселе шешілді.Ауыл тұрғындары мұндай өзгерістерді ұзақ күткенін, енді таза суға қол жеткізгендерін айтып, қуаныштарын білдіруде.Бұл жоба келесі жылы да жалғасын табады деп жоспарлануда. Басқа да ауылдарда су құбырлары орнатылып, халық сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілмек. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/905551
Ақкөл ауданында 18 көпбалалы отбасы пәтерлі болды 24.12.2024
Ақкөл ауданында көпбалалы отбасыларға жаңа пәтерлердің кілттерін тапсыру рәсімі өтті. Аудан әкімінің айтуынша, бұл шара халықтың әлеуметтік осал топтарына мемлекеттік қолдауды нығайту және оларға қолжетімді әрі жайлы тұрғын үймен қамтамасыз ету бағытындағы маңызды қадам болып табылады.Ақкөл ауданының әкімі Біржан Әбдірахманов 18 көпбалалы отбасымен кездесіп, оларға жаңа пәтерлердің кілттерін табыс етті.«Бүгінде біз азаматтарымыздың өмірін жақсартуға маңызды қадам жасап жатырмыз. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындай отырып, біз көп балалы отбасыларға қолайлы жағдай жасау жұмыстарын жалғастырудамыз. Бүгін айтулы оқиға – көп балалы отбасылар үшін сенімді және жайлы баспанаға айналатын жаңа үйлердің кілттерінің тұсаукесері», - деп атап өтті Біржан Әбдірахманов.Бұл іс-шара халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудың нәтижесі болып табылады.Тұрғын үй сатып алу механизмдерінің жетілдірілуі, инфрақұрылымның жақсаруы және отбасылардың өмір сүру жағдайларын жақсартуға ерекше көңіл бөлінуі осы маңызды қадамның мүмкін болуына себеп болды. Пәтерлердің сапасы мен тұрғындардың жайлылығы басты назарда болғаны сөзсіз.Кілт алған көпбалалы отбасылар өз алғыстарын білдіріп, аудан басшылығына көрсетілген қолдау үшін ризашылықтарын жеткізді. Жаңа пәтерлер оларға тек қажетті кеңістік беріп қана қоймай, балаларын қауіпсіз әрі жайлы жағдайда тәрбиелеуге мүмкіндік туғызады.Алдағы уақытта Ақкөл ауданында әлеуметтік осал топтарды қолдау және тұрғын үй құрылысын дамыту бағытында жаңа бағдарламалар жүзеге асырылып, осы саладағы жұмыстарды одан әрі жалғастыру жоспарлануда. Бұл, өз кезегінде, ауданның әлеуметтік жағдайын жақсартып, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік береді.Ақкөл ауданында жаңа тұрғын үй кешендері мен әлеуметтік қолдау шараларының дамуы, көпбалалы отбасылар мен басқа да әлеуметтік топтарға қолайлы жағдай жасап, ауданның болашақтағы дамуына оң әсерін тигізері сөзсіз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/905700
Шортанды ауданында диеталық тағам қоспаларын өндіретін зауыт ашылды 24.12.2024
Шортанды ауданының Бозайғыр ауылында «Hormesis» брендімен инновациялық диеталық өнім шығаруға маманданған «HealthInvest» ЖШС зауыты ашылды. Жоба «Ғылым қоры» АҚ және кәсіпорынның өз инвестициялары есебінен іске асты.Зауыттың іске қосылуы отандық пайдалы тағам өндірісінің дамуындағы жаңа кезеңнің бастауы болмақ. Кәсіпорынның жобалық қуаты жылына 1 200 000 дайын өнім данасын құрайды. Бұл еліміздегі сұранысты толық қанағаттандыруға қауқар береді.Өндіріс алаңы - 500 шаршы метр. Мұнда заманауи өндіріс цехтері, зертханалар мен шаруашылық үй-жайы бар. Жоғары сапалы өнім өндіру үшін зауыт әлемдік стандарттарға сай инновациялық технологиямен жабдықталған.Компания басшысы Нұрсұлтан Каламовтың айтуынша, «Hormesis» өнімі Қазақ тағамтану академиясының барлық қажетті зертханалық сынақтары мен сараптамаларынан өтіп, тиісті сертификатқа ие болды.«Hormesis» гелі – бұл тек қуат көзі ғана емес. Ол адам ағзасына оң ықпалын тигізіп, денсаулық пен белсенділікті арттырады. Біз тұтынушыға Қазақстанда жасалған сапалы әрі пайдалы өнімді ұсынып жатқанымызбен мақтанамыз», - деді Нұрсұлтан Каламов.Өндірістің іске қосылуының арқасында бес адам жұмыспен қамтылды. Олардың орташа еңбекақысы - 370 мың теңге. Жоба өңірдің инфрақұрылымын дамытуға оң септігін тигізіп, Ақмола облысының экономикалық әлеуетін арттыруға ықпал етеді.«HealthInvest» жобасының басшылығы «Ғылым қоры» АҚ, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне және жергілікті атқарушы органдарға жобаға қолдау көрсеткендері үшін алғыс білдірді. «Біз өңірімізді дамытуға өз үлесімізді қосып жатқанымызға қуанамыз. Осы өндірісті іске қосуда бізге көмек көрсеткен барша тарапқа алғыс айтамыз», - деп атап өтті компания жетекшісі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/905721
Жыл қорытындысы: Еліміздің энергетика саласындағы басты жетістіктері мен болашақ даму бағыттары 24.12.2024
Еліміздің энергетикалық секторы экономиканың негізгі салаларының бірі саналады. Орнықты дамуға және жаһандық төмен көміртекті даму үлгісіне көшуге бет бұру жағдайында Қазақстан сенімді энергия көзімен жабдықтауды қамтамасыз етуге бағытталған бастамаларды белсенді түрде іске асыруда. Экономикалық белсенділіктің артуына байланысты электр энергиясын тұтыну өсуде, бұл өндіріс қуатын кеңейтуді қажет етеді. 2024 жылы Үкімет дәстүрлі және жаңартылатын энергия көздерін теңгерімді дамыту үшін маңызды қадамдар жасады. Еліміздің электр энергетикалық кәсіпорындары республиканың өнеркәсіп және коммуналдық-тұрмыстық секторының қажеттілігі үшін жылуды тұрақты жеткізуді қамтамасыз етеді. Саланы 2035 жылға дейін дамыту бойынша кем дегенде 26 ГВт жаңа қуаттарды енгізуді көздейтін жоспар бекітілді.PrimeMinister.kz сайтының редакциясы Қазақстанның 2024 жылғы даму қорытындылары туралы жарияланым топтамасын жалғастыруда.Қазақстанның ұлттық электр желісін дамытуБүгінгі таңда Қазақстанның бірыңғай электр энергетикалық жүйесі штаттық режимде жұмыс істеп тұр. 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жалпы қолда бар қуат көлемі 20,4 ГВт-ты, жұмыс қуаты 15,4 ГВт-ты құрады. Ағымдағы жылыту маусымында тұтынудың ең жоғары деңгейі 16,6 ГВт-қа жетті, ал ең жоғарғы мөлшерлі генерация – 15,1 ГВт.Қазақстанда 222 электр стансасы жұмыс істейді (КЭС – 6 бірлік, ЖЭО – 41 бірлік, ГТЭС – 14 бірлік, ГПЭС – 7 бірлік, СЭС – 6 бірлік, ЖЭК – 148 бірлік). Оның ішінде 148 ЖЭК нысанның (шағын СЭС – 51 бірлік, ЖЭС – 54 бірлік, КЭС – 42 бірлік, БЭҚ – 1 бірлік) жалпы қуаты 2,9 ГВт. 2024 жылы Энергетика министрлігінің «Жылу-электр энергетикасын дамыту» бюджеттік бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 14 жобаны (6 жылумен жабдықтау, 8 электрмен жабдықтау) іске асыруға 58,3 млрд теңге бөлінді. Жобалардың бірі, Орал қаласының «Ақжайық» ЕТЖҚ ауданындағы 110/10 кВ қосалқы стансасы пайдалануға берілді.Сонымен қатар қайтарымды инвестициялардың жылдық лимиті 32 млрд теңгеден 428 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды. Бұл жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар үшін негізгі жабдықты жаңғырту, кеңейту және реконструкциялау жөніндегі жобалар пулын кеңейтуге мүмкіндік берді.Қазіргі уақытта жалпы қуаты 2,8 ГВт болатын 22 инвестициялық келісім бар, оның ішінде лимит ұлғайғаннан кейін жалпы қуаты 1,36 ГВт болатын 13 келісім жасалды.2023 жылғы қарашада «Қазақстан БЭЖ Батыс аймағының электр желісін күшейту» жобасы сәтті іске асырылды, оның шеңберінде «Батыс Қазақстан энергия торабы – Атырау – Маңғыстау» бағыты бойынша ұзындығы 780 км болатын 220 кВ электр беру желісі (ЭБЖ) салынды. Бұл қадам электр қуатының өткізу мүмкіндігі мен сенімділігін арттыруға бағытталған. Келесі қадам ретінде 2028 жылдың соңына дейін Батыс аймақтың электр желілерін Бірыңғай электр энергетикалық жүйемен біріктіру жобасы іске асырылатын болады, ол үшін Ақтөбе және Атырау облыстарын жалғайтын ұзындығы 604 км болатын 500 кВ ЭБЖ салынады. Бұл Солтүстік және Оңтүстік аймақтардың электр энергиясы мен қуатының теңгерімсіздігін өтеу үшін Батыс аймақтың маневрлі газ энергия көздерін пайдалануды қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде, құрылыс-монтаждау жұмыстарына 2025 жылы кіріседі.Оңтүстік өңірлердің тұтынушыларын энергиямен жабдықтау сенімділігін арттыру және Орталық Азия елдерінің энергия жүйелерінің жұмыс режимдерімен байланысты апаттық бұзушылықтардың туындау тәуекелдерін азайту Оңтүстік аймақтың (Шу–Жамбыл–Шымкент) электр желілерін күшейтуді талап етеді. Қазіргі уақытта «KEGOC» АҚ аталған жобаны іске асыруды бастады, оның 1-кезеңі 2027 жылы аяқталады, оның шеңберінде Шу–Жамбыл–Шымкент бағыты бойынша ұзындығы 475 км 500 кВ ӘЖ салынады. Қазіргі уақытта ЖСҚ әзірлеу жүріп жатыр. Еліміздің солтүстік және оңтүстік өңірлері арасындағы байланысты одан әрі күшейту, сондай-ақ транзиттік әлеуетті арттыру үшін кернеуі +/-500 кВ «Солтүстік-Оңтүстік» тұрақты ток желілерін салу жоспарлануда. Өткізу мүмкіндігі 2000 МВт-қа артады.Қазақстанның бүкіл Біртұтас электр энергетикалық жүйесін айналып өтуге мүмкіндік беретін еліміздің батыс және оңтүстік аймағын жалғайтын тұрақты ток желісін салудың орындылығын зерделеу жүргізілуде.Бұл жобаларды іске асыру тұрақты әрі сенімді электрмен жабдықтауға мүмкіндік береді, сондай-ақ ұзақ мерзімді энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, Қазақстанның энергетикалық инфрақұрылымын дамытуға ықпал етеді. Жылу генерациясыБиыл Екібастұз 1-ГРЭС-те қуаты 500 МВт жаңа генерацияланатын бірінші энергоблок желіге қосылды, жыл соңына дейін Атырау ЖЭО-да тағы 65 МВт, сондай-ақ 2025 жылы Топар ГРЭС-те 130 МВт іске қосылады деп күтілуде.Қолданыстағы электр стансаларын реконструкциялау және кеңейту есебінен қосымша 5,6 ГВт іске қосу қамтамасыз етілетін болады, оның ішінде 2024 жылы Министрлік энергия өндіруші ұйымдармен жалпы қуаты 1,4 ГВт болатын 13 инвестициялық келісім жасасты. Мұндай жобалар қатарында Ақсу ГРЭС-тегі қуаты 325 МВт №7 блоктың құрылысы, Қарағанды ЖЭО-3-те қазандық агрегатының құрылысы мен турбинаны ауыстыру және «Karabatan Utility Solution» ЖШС-нің бу-газ қондырғысын 310 МВт-тан 620 МВт-қа дейін кеңейту ісі бар.Өткен жылы жалпы қуаты шамамен 9 ГВт жаңа генерация салу жоспарлары анықталды. Қазіргі уақытта бұл жобалар іске асырудың әртүрлі кезеңдерінде.Аукциондық сауда-саттық шеңберінде маневрлік генерацияны іріктеу бойынша 2,5 ГВт жаңа қуаттарды іске қосу жоспарлануда.Бүгінгі таңда Түркістан, Қызылорда облыстарында, Ұлытау облысы мен Алматыда іске асырылатын жалпы қуаты шамамен 1,8 ГВт болатын бу-газ қондырғыларының төрт ірі жобасы бойынша құрылыс жұмысы жүргізілуде, олардың аяқталу мерзімі 2026 жылға жоспарланған. Сонымен қатар 2024 жылдың тамызында Қазақстанда жалпы қуаты 700 МВт болатын кезекті аукциондық сауда-саттық өтті, оның қорытындысы бойынша Жамбыл, Ақтөбе және Атырау облыстарында бу-газ қондырғыларын сату құқығына төрт жеңімпаз анықталды. Қазіргі уақытта аяқтау мерзімі 2028 жылға жоспарланған жобаларды іске асыруға кірісті. 2029 жылға дейін инвестициялардың күтілетін көлемі 8 трлн теңгеден астам соманы құрайды. Үкіметаралық келісім шеңберінде стратегиялық инвесторлардың қатысуымен қуаты 2 ГВт ауқымды жобаларды пысықтау жүргізілуде.Мысалы, Қатармен қол қойылған үкіметаралық келісім шеңберінде Қызылорда облысында қуаты 1100 МВт бу-газ қондырғысын (БГҚ) салу жоспарланып отыр, оның аяқталу мерзімі – 2029 жыл.Тағы бір үкіметаралық келісім – Ресеймен Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында көмір генерациясы базасында жаңа жылу электр орталықтарын (ЖЭО) салуға бағытталған (Көкшетау ЖЭО — 240 МВт, Семей — 360 МВт, Өскемен — 360 МВт), пайдалануға берудің жоспарланған мерзімі – 2028-2030 жылдар. Бұл жобалар «таза» көмір технологияларын пайдалана отырып іске асырылатын болады және ұзақ жылыту кезеңімен әрі газ тасымалдау инфрақұрылымының болмауымен ерекшеленетін Қазақстанның солтүстік өңірлеріндегі қолданыстағы көмір паркін алмастыруға бағытталған.Шекті тарифтерді түзету және энергия блоктарын жөндеу2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Энергетика министрлігі берілген өтінімдерге сәйкес 49 энергия өндіруші ұйымның 24-і үшін электр энергиясының шекті тарифтерін өзгертті. Жүйелік оператордың жөндеу кестесіне сәйкес электр стансаларында 2024 жылы 10 энергия блокты, 55 қазандықты және 45 турбинаны күрделі жөндеу жоспарланған. Қазіргі сәтте 9 энергия блокта, 53 қазандықта және 40 турбинада жөндеу жұмысы аяқталды. 1 энергия блокта, 2 қазандықта және 5 турбинада жөндеу жұмысының соңғы кезеңі жүргізілуде.ӨЭК электр желілерінде 20,7 км электр беру желілері, 422 қосалқы станса және 4 мың трансформаторлық қосалқы станса жөнделді.Жылумен жабдықтау желілерінде биылға жоспарланған 542 км-ді жөндеу және реконструкциялау толық көлемде орындалды. Уақытылы жүргізілген жұмыстың арқасында жылыту кезеңін тұтастай жұмыла бастауға және оны ірі технологиялық бұзушылықтарсыз жүзеге асыруға мүмкіндік туды.Мұнай өндіру және өңдеу2024 жылға арналған мұнай өндіру жоспары 90,3 млн тоннаны құрайды (2023 жылғы деңгейге 100,4%). Осы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша мұнай өндіру 80,5 млн тоннаны құрады, бұл жоспардан 1,8 млн тоннаға аз (82,3 млн тоннаға белгіленген мақсаттан 97,8%).2024 жылғы қаңтар-қарашада Қазақстанда мұнай өңдеу көлемі 16,7 млн тоннаны құрады, бұл жоспардың 102%-ын құрайды (жоспар – 16,4 млн тонна). 2024 жылдың қорытындысы бойынша мұнай өңдеу көлемі 17,9 млн тоннаға дейін ұлғаяды деп күтілуде, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 1,1%-ға артық. Мұнай өнімдерін (бензин, дизель отыны, мазут, авиакеросин, битум) өндіру 2024 жылғы қаңтар-қарашада 13,1 млн тоннаны немесе жоспарлы көрсеткіштің 100%-ын құрады.Елімізде мұнай өңдеу саласын дамыту 2024-2040 жылдарға арналған Тұжырымдаманы бекіту арқылы қолдау татпы, бұл аталған саланың Қазақстанның экономикалық өсуі үшін стратегиялық маңызын атап көрсетеді.Көмірсутектер саласында жасалған келісімшарттар және олардағы қазақстандық қамту үлесіҚазіргі уақытта көмірсутектер бойынша 315 келісімшарт жасалды, оның ішінде:9 – өнімді бөлу туралы келісімдер (ӨБК); 122 – өндіруге;173 – барлау мен өндіруге;11 – барлау үшін.2024 жылдың 9 айында көмірсутек секторы саласына инвестициялар 2,8 трлн теңгені құрады, оның ішінде: барлау шығындары — 125,9 млрд теңге, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына аударымдар (ӨӘЭД) — 46,5 млрд теңге, оқыту шығындары — 12,483 млрд теңге, ҒЗТКЖ шығындары — 7,03 млрд теңге.Энергетикалық сектордың жер қойнауын пайдаланушыларының ТЖҚ (тауарларын, жұмыстары мен қызметтерін) сатып алуларының жалпы көлемі 9 айда 4,3 трлн теңгені құрады, оның ішінде қазақстандық өнім берушілердің елішілік құндылық (ЕҚ) үлесі 61,4%-ды құрады, бұл 2,7 трлн теңгеге балама:783,5 млрд теңгеге тауарлар сатып алынды, ЕҚ үлесі – 36,5%, бұл 285,7 млрд теңгені құрайды;жұмыстар 1,6 трлн теңгеге орындалды, ЕҚ үлесі – 79,6%, бұл 1,3 трлн теңгені құрайды;1,9 трлн теңгеге қызмет көрсетілді, ЕҚ үлесі – 56,3 %, бұл 1,1 трлн теңгені құрайды.2024 жылдың 3 тоқсанының қорытындысы бойынша энергетикалық сектордың жер қойнауын пайдаланушы компаниялары қызметкерлерінің жалпы штат саны 81 191 адамды құрады, оның 80 033-і Қазақстан Республикасының азаматы саналады (98,57 %).2020 жылдан 2024 жылдың шілдесіне дейін Энергетика министрлігі көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге 10 электрондық аукцион өткізді, нәтижесінде 116 жер қойнауы учаскесі сатылды (барлау мен өндіруге 97, өндіруге 19).Бюджетке төленген қорытынды қол қою бонусы шамамен 54,1 млрд теңгені құрады, ал геологиялық барлауға жарияланған инвестициялар – $479,8 млн-нан астам.Қазақстандық өнім берушілердің (ЕҚ) 2024 жылға арналған тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуының болжамды көлемі энергетика секторындағы сатып алулардың жалпы көлемінің 61,8% деңгейінде күтіледі (2023 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 4,1 трлн теңге сомасына 61%-ды құрады).Газ саласын дамыту перспективалары Қазақстанның газ секторы ішкі нарықты табиғи газбен қамтамасыз ете отырып белсенді дамуын жалғастыруда әрі өндіру көлемін ұлғайтуға ұмтылуда. Қазіргі уақытта елімізде табиғи газ өндіру деңгейі жылына 55 млрд м3 астам құрайды. 2030 жылға қарай газ өндіру деңгейі 86,5 млрд м3 жетеді деп болжануда.Қазақстандағы негізгі газ кен орындары – Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ. Сондай-ақ газдың ресурстық базасын ұлғайту мақсатында Анабай және Шығыс Өріктау, Рожковское сияқты жаңа кен орындары белсенді дамып келеді. Таяу келешекте Батыс Прорва, Орталық Өріктау, Барханная (2025-2026 жылдар кезеңінде) кен орындарын іске қосу күтілуде, олардың жиынтық алынатын қорлары 50 млрд м3-тен асады.Газ саласын дамытудың маңызды бағыттары инфрақұрылымды жаңғырту, жаңа кен орындарын дамыту, сондай-ақ жаңа газ өңдеу қуаттарын пайдалануға беру арқылы тауарлық газдың ресурстық базасын арттыру болып қала береді.Негізгі бағыттардың бірі – ілеспе газды утилизациялау, бұл қалдықтарды айтарлықтай азайтады және еліміздегі экологиялық жағдайды жақсартуға ықпал етеді. Соңғы жылдары ауада жанып кететін газ көлемі жылына 3,1 млрд м3-тен 0,3 млрд м3-ке дейін қысқарды, бұл ретте газ өндіру деңгейі 27 млрд м3-тен 59,1 млрд м3-ке дейін ұлғайды.Республикада тауарлық газдың ресурстық базасын ұлғайту мақсатында газ саласын дамытуды жалғастыру жоспарлануда. Атап айтқанда, Атырау облысында қуаты жылына 1 млрд м3 газ өңдейтін зауыт салынуда, ол Қашаған кен орнының шикізатында жұмыс істейтін болады. Бұдан басқа, 2030 жылға қарай Қашаған кен орнын игеру шеңберінде қуаты жылына 2,5 млрд м3 газ өңдеу зауытының құрылысы жобасын іске асыру жоспарлануда. Бұл жобаларды жүзеге асыру үшін қатарлық инвестор — UCC Holding тартылды.Маңғыстау облысында, Жаңаөзен қаласында ескі Қазақ газ өңдеу зауытының базасында қуаты жылына 900 млн м3 жаңа зауыт салынуда. Қарашығанақ кен орнында қуаты жылына 4 млрд м3 газ өңдеу зауытын салу бойынша келіссөздер жүргізілуде, ол 2030 жылдан кешіктірілмей пайдалануға берілуі тиіс. Осы жобалардың барлығын іске асыру 2030 жылға қарай тауарлық газ өндірісін ағымдағы 23 млрд м3-тен жылына 31 млрд м3-ке дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.Қызылорда облысында Оңтүстік Қайыркелді секілді жаңа кен орындарын пайдалануға беру жоспарлануда (өндіру көлемі жылына 35 млн м3).Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының бастамасы бойынша газды түпкілікті тұтынушылардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған түзетулерді қамтитын заң жобасы ұсынылады. Атап айтқанда, газды есепке алуды цифрландыру және белгіленген тұтыну нормаларынан асып кеткені үшін нормативтен тыс коэффициенттерді қолдану сияқты ұқыпты тұтыну тетіктері енгізілуде.Бұдан басқа, заң жобасында елді газдандыруға республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат шеңберінде салынып жатқан объектілердің сапасын жақсартуға бағытталған нормалар көзделген.Табиғи газды мотор отыны ретінде пайдалануды кеңейту шаралары жаңа автокөлік газ толтыру компрессорлық станса (АГТКС) салуды және табиғи газға арналған маршруттық автобустарды жаңартуды көздейтін 2024-2027 жылдарға арналған Жол картасын жасауды қамтиды. 2025 жылы 1567 жаңа автобус сатып алу, сондай-ақ 5 жаңа АГТКС салу жоспарланып отыр, бұл табиғи газдың мотор отыны ретінде қолжетімділігін арттырады.Бұдан басқа, өз машиналарын сұйытылған табиғи газға (СТГ) ауыстырғысы келетін автокөлік жүргізушілері үшін ынталандыру тетіктерін енгізу жоспарлануда.Сондай-ақ Шымкент пен Батыс Қазақстан облысында атаулы әлеуметтік және тұрғын үй көмегін алушылар үшін тауарлық газға жеңілдіктер беру үшін пайдаланылатын «Әлеуметтік әмиян» пилоттық жобасы іске қосылды. Бұл жоба газға жеңілдіктер беру жүйесін кеңейтуге және автоматтандыруға, сондай-ақ мұқтаждар үшін отынның қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.ЖЭК дамытуБүгінгі таңда белгіленген қуаты 2 903,7 МВт болатын 148 ЖЭК нысаны (100 кВт-тан жоғары) іске қосылды. Атап айтқанда:– қуаты – 1 409,55 МВт жел электр стансаларының 59 нысаны;– қуаты – 1 222,61 МВт күн электр стансаларының 46 нысаны;– қуаты 269,785 МВт болатын су электр стансаларының 40 нысаны;– қуаты 1,77 МВт болатын биогаз электр стансаларының 3 нысаны жұмыс істейді. Өткізілген аукциондық сауда-саттықтың және «ЖЭК қолдау бойынша есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС-мен жасалған шарттардың қорытындысы бойынша тартылған инвестиция көлемі шамамен 720 млрд теңгені құрайтын, жиынтық қуаты 1 682,4 МВт болатын 66 ЖЭК жобасын:- қуаты 311,11 МВт болатын 34 су электр стансаларының 34 нысаны:- қуаты 1 110 МВт жел электр стансаларының 20 нысаны;- күн электр стансаларының 9 нысаны 250 МВТ;- қуаты 11,35 МВт биогаз электр стансаларының 3 нысанын пайдалануға беру жоспарланып отыр.Жыл соңына дейін жалпы қуаты 163,35 МВт болатын сегіз жаңа ЖЭК жобасын іске асыру көзделген. Ақмола облысында «Jasil jel» ЖШС 4,95 және 10 МВт-қа екі жел электр стансасы салынды; Жамбыл облысында «HEVEL KAZAKHSTAN» ЖШС 20 МВт-қа күн электр стансасы салынды; Алматы облысында іске асыру сатысында қуаты 3 МВт «ЖЭС Толқын» ЖШС су электр стансасы тұр; Жетісу облысында «Baskan Power» ЖШС14,9 МВт-қа су электр стансасының құрылысы іске асырылуда; Ақтөбе облысында «ERG Capital Project» ЖШС 12,5 МВт жел электр станциясын іске асыру сатысында; Маңғыстау облысында «Sarkylmas Kuat»ЖШС 50 МВт жел электр станциясының құрылысы жүргізілуде; Атырау облысында «Дивитэл» ЖШС 48 МВт жел электр стансасы іске асыру сатысында. 2027 жылға дейін Энергетика министрлігі ЖЭК жобаларын іске асыру бойынша жалпы белгіленген қуаты 4 500 МВт-тан астам ЖЭК генерациясының әртүріне аукциондық сауда-саттық өткізуді жоспарлап отыр.Үкіметаралық уағдаластықтар шеңберінде Энергетика министрлігі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-мен бірлесіп ЖЭК жобаларын іске асыруға кірісті: Жамбыл облысында Total Energies ЖЭС 1 ГВт; Жамбыл облысында Masdar ЖЭС 1 ГВт; Юнигрин Энерджи 1 ГВт; Жетісу облысында ЖЭС 1 ГВт жобасы.Жоғарыда аталған жобалар шеңберінде отандық өндіріс жабдықтарын кемінде 30% қолдану күтілуде. Ауқымды жобалар 2025 жылы құрылыс-монтаж жұмыстарын бастайды.Қытай Халық Республикасымен ЖЭК саласындағы жобаларды іске асыру жөніндегі үкіметаралық келісімге қол қойылды, оның шеңберінде жалпы қуаты 1,8 ГВт ЖЭК объектілерін салу жоспарлануда. Осы Келісімге сәйкес үкіметаралық келісімнің жобасына қосымша ЖЭК жобаларын енгізу мүмкіндігі бар. АЭСАтом генерациясын құру жоспарларын іске асыру және 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу міндеті тұрғысында 2024 жылғы 6 қазанда республикалық референдум өткізілді, онда азаматтардың көпшілігі АЭС салу идеясын қолдады. Қазіргі уақытта Алматы облысы Жамбыл ауданындағы Үлкен ауылының маңында 2-ден 2,8 ГВт-қа дейінгі атом электр стансасының құрылысы қаралуда, сондай-ақ ядролық технологияның әлеуетті жеткізушілерімен келіссөздер жүргізілуде, ведомствоаралық комиссия құрылды, ол барлық вендорлардың ұсыныстарын бәсекелестік негізде қарайды. Жаңартылатын, баламалы энергия көздерін және газ генерациясын енгізу электр энергиясын тұтыну көлеміндегі көмір генерациясының үлесін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді. Осылайша, 2035 жылға қарай көміртекті офсетке жылына 44 млн тонна СО2 деңгейіне қол жеткізу жоспарлануда.Энергия көздері штаттық режимде жұмыс істеп тұр, жылыту маусымы тұрақты. Іске асырылып жатқан жобалар бастапқы ресурстармен жеткілікті көлемде қамтамасыз етілген.#Атом энергетикасы #Мұнай-газ саласы #Президенттің тапсырмасы #Энергетика Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/905802
Жыл қорытындысы. Жастар саясаты 24.12.2024
Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі.Биылғы жылы «Ақтөбе жастары» тұрғын үй бағдарламасының екінші кезеңі бастау алып, оған 1 млрд. теңге бағытталды. Аталған қаражат аясында 70-тен астам жас отбасы баспанамен қамтамасыз етілді. Бұл мақсатта жергілікті бюджеттен 500 млн. теңге бөлінді.Айта кету керек, Ақтөбе облысы «Жасыл Ел» жобасы аясында жастарды жұмыспен қамтуда республика бойынша көш бастап тұр. 2024 жылы 2 100 жас еңбекке тартылды. Келер жылы кемінде 3 500 жас жұмыспен қамтылады деп күтілуде.Бұған қоса, «Таза Қазақстан» акциясына облыстың 418 мың тұрғыны қатысып, 106 мың аула, 1500 әлеуметтік нысан аумағы тазаланып, елді мекендерде 363 мың түп ағаш отырғызылды.Сонымен бірге, «ZHAS PROJECT» жобасы бойынша28 жастың әлеуметтік жобасын іске асыруға шағын гранттар берілді.Жастар бастамаларын қолдау үшін «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасына өтінімдер қабылданды, 200-ге жуық жасқа қолдау көрсетіледі деген жоспар бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/905864
Жыл қорытындысы. Автомобиль жолдары 24.12.2024
Ақтөбе облысы географиялық орналасуына байланысты мол транзиттік әлеуетке ие.Жергілікті маңызы бар жолдардың сапасын арттыруға биыл 64,5 млрд.теңгеге 193 жобаны іске асыру көзделді.Биылғы жылдың қорытындысы бойынша нормативтік жағдайдағы жергілікті маңызы бар автожолдардың үлесі 78%-ға жетті (2023 ж. - 75%).Бүгінгі күні өңірде 500 шақырымнан астам жол жабындысы (асфальт және негіз) төселді.Облыс орталығы Ақтөбе қаласында 200-ден астам немесе 47 шақырым көшені нормативтік жағдайға келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.Халықаралық «Самара-Шымкент» автожолының «Ақтөбе-Хромтау» бағытында бүгінде 2 учаске бойынша барлық қажетті құжаттама әзірленді. Ақтөбе қаласының Өлке тұрғын алабынан Хромтау ауданы Ақжар ауылына дейін учаскеде 4 жолақты тас жолдың негізін салу және коммуникацияларды қайта құру жұмыстары басталды.Сонымен қатар, республикалық «Орталық-Батыс» көлік дәлізінде орналасқан «Қандыағаш - Ембі - Шалқар - Ырғыз» (401 шақырым) республикалық автожолын орташа жөндеу жалғасуда. Қазіргі уақытта, 25 шақырым пайдалануға беріліп, «Қазавтожолмен» бірлесе жұмыс жүргізілуде.Бұған қоса, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Атырау облысымен байланыстыратын 90 шақырымдық республикалық маңызы бар «Ақтөбе-Қандыағаш» автожолының құрылысы аяқталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/905992
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров азаматтарды қабылдады 24.12.2024
Тұрғындардың мәселелерін сондай-ақ, облыстық мәслихат төрағасы Гүлқасима Сүйінтаева, қала әкімі Азамат Бекет, «Amanat» партиясының Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Ербол Данағұлов, қалалық мәслихат төрағасы Анар Даржанова, басқармалар мен департаменттердің басшылары, аудан әкімдерінің орынбасарлары тыңдады.Облыс әкімінің қабылдауына тіркелген азаматтар тұрғын үй беру, аулаларды абаттандыру, жеке қосалқы шаруашылықтарды дамытуға несие алу және басқа да мәселелерді қаузады. Мәселен, Қобда ауданының Ақсай ауылының тұрғындары фермерлік шаруашылықты электр энергиясымен қамтамасыз етуге көмек сұрап келді. Алға ауданының Бестамақ ауылының тұрғындары ауыл ортасынан өтетін жол бойында оқшаулау қалқандарын орнатуды сұрады. Ақтөбе қаласындағы тұрғын алаптардың бірінде тұратындар жолды жөндеу және көшелерді жарықтандыру мәселесін көтерді.Облыс әкімі барлық өтініштерді тыңдап, жауапты органдарға жедел және заң аясында мәселелердің әрқайсысы бойынша шараларды қарастыру мен қабылдауды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/906028
Аймақ басшысы Серік Шәпкенов Мақат ауданының тұрғындарымен кездесті 24.12.2024
Бүгін аймақ басшысы Серік Шәпкенов Мақат ауданының тұрғындарымен кездесті. Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері мен алдағы даму бағыты талқыланды,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.Серік Шәпкенов Мақатта атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады. Ауданда апатты үйді сүру мәселесі өзекті. Мұны шешу үшін биыл салынған екі пәтерлік 28 үй (56 пәтер) сатып алынды. Оның 14-не (28 пәтер) тұрғындар желтоқсанда көшірілді, келер жылы ақпанда тағы 20 отбасы қоныс той тойламақ.Сондай-ақ аймақ басшысы білім беру саласында қолға алынған істерге тоқталды.- Облыста орталығында заманауи екі Binom мектебі ашылып, тағы екеуінің құрылысы басталды. Бұл жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Енді Құлсары және Мақат аудандарында осындай заманауи білім ордаларын салуды жоспарлап отырмыз. Балаларға сапалы білім беру үшін барлық жағдайды жасау керек. Бұл мектептер заманауи технологиялармен жабдықталған, қажетті мүмкіндіктің бәрі бар. Бұдан бөлек, «NCOC» компаниясының демеушілігімен Мақат кентіндегі №2 бастауыш мектебіне жапсарлас 250 орындық ғимарат құрылысын бастауға сараптаманың оң қорытындысы алынды. Құрылысты келер жылы бастау күтіліп отыр,-деді С.Шәпкенов.Мақаттықтардың жиі көтеретін мәселесі - автобус аялдамаларын салу. Келер жылы 54 автобус аялдамасын салу жоспарланды.Ал Доссор кентіндегі вокзал перронын күрделі жөндеуден өткізу үшін жасалған жобалық-сметалық құжаттамаға өзгеріс енуінен, құрылыс жұмыстары келесі жылға шегерілді. Серік Шәпкенов аудан әкіміне бұл мәселені қатаң қадағалауда ұстауды тапсырды.Кейін мақаттықтар жұмыспен қамту, баспана беру, таза ауыз сумен қамту сынды өзге де мәселелерді көтерді.Аймақ басшысы жиында көтерілген сауалдар заң аясында кезең-кезеңімен шешілетінін айтты. Кейін жұртшылықты жеке мәселесі бойынша қабылдап, сала мамандарымен бірге сұрақтарға жауап берді.Облыс әкімінің Мақат ауданы тұрғындарымен кездесуі аудан әкімдігінің facebook, instagram желілеріндегі ресми парақшаларында тікелей эфирде көрсетілді.Кездесуден кейін Серік Шәпкенов әлеуметтік нысандардың жай-күйімен танысты.Алдымен Мақат кентінде салынып жатқан үш қабатты 60 пәтерлік тұрғын үйге барды. Қазір құрылыс 60%-ға аяқталған. Серік Шәпкенов жауапты басшыларға ЖСҚ-ға түзетулер енгізуді, инженерлік инфрақұрылым жүргізу жұмыстарын жеделдетуді тапсырды.Кейін кенттегі күрделі жөндеуді қажет ететін аудандық қорғаныс бөлімінің ғимаратымен танысты. 1974 жылы салынған нысан әлі күнге дейін жөндеу көрмеген, жауын-шашын кезінде ескірген шатырдан су ағады. Жылыту қазандығы да ескірген. Серік Шәпкенов ғимаратты күрделі жөндеуден өткізуге немесе типтік үлгідегі жаңа ғимарат салуды айтты.Бұдан соң бос тұрған әкімшілік ғимаратына барды. Ғимарат ескі, күрделі жөндеуді қажет етеді. Жергілікті әкімдік әлеуметтік қызмет көрсету орталығына айналдыруға ниетті. Бүгінде мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Аймақ басшысы конкурстық рәсімдерді жеделдетуді жүктеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/906055
Астанада қар күреу жұмысына 2 600-ден астам жол жұмысшы тартылды 24.12.2024
Елорданың коммуналдық қызметтері қар мен мұзды күреу бойынша тәулік бойы үздіксіз жұмыс істеп жатыр. Қыс мезгілінің басынан бастап олардың күшімен қаладан миллион текше метрден астам қар шығарылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.19 желтоқсанда күндізгі ауысымға қала көшелерінің қарын күреуге 2,6 мыңнан астам жол жұмысшы мен 1200-ге жуық арнайы техника шықты.19 желтоқсанға қараған түні қар полигондарына 639 ауыр жүк рейсімен 8,4 мың текше метрден астам қар шығарылды.Қыс мезгілінің басынан бері елордадан 92 188 рейспен 1,1 млн текше метрден астам қар шығарылды.Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұраймыз.Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне хабарласыңыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/905472
«Таза Қазақстан»: елордада әкелер қар күреу челленджін бастады 24.12.2024
Астана мектептерінде «Таза Қазақстан» акциясы аясында «100 мектеп – 1000 әке» қар күреу челленджі өтіп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Астана қаласының №1 арнайы мектеп-интернатының әкелер кеңесінің өкілдері балалары оқитын білім беру мекемесінің қар күреу челленджін іске қосты.«Ұлы Абай айтқандай, «Мықты мемлекет құрғың келсе, отбасын тәрбиелеуден баста». Отбасы – жеке тұлғаны қалыптастырудың негізі. Оның бірлігі әкенің рөліне тікелей байланысты. Біз әкелерді тәрбие процесіне белсенді араласуға тартуға тырысамыз. Оқу орындарындағы тазалық пен тәртіп – бұл әрбір азаматтың жауапкершілігі», – деп атап өтті ұйымдастырушылар.Челленджді эстафета форматында Қазақстанның басқа қалаларына жолдай отырып, ұлттық деңгейге шығаруды жоспарлап отыр. Осылайша, акцияға қатысушылар ұлттық бірлікті нығайтуға және жастардың патриоттық рухын нығайтуғп өз үлестерін қосуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/905518