Enbekshi QazaQ

Саясат

2025 жылы Абай облысының мал шаруашылығының дамуы туралы 20.04.2026
2025 жылы облыс шаруашылықтарының барлық санаттарымен 89,5 мың тонна немесе 2024 жылғы деңгейге қатысты алғанда 105,7% ет (сойыс салмағында), 315,8 мың тонна барлық түрдегі сүт (тиісінше 106,4%), 58,3 млн. дана жұмыртқа (99,5%), 0,5 мың тонна бал (107,7%), 2,1 мың тонна жүн (99,7%) өндірілді. Ет өндірудің өсіміне құс етін (5,5%), жылқы етін (4,4%), сиыр етін (6,6%) өткізу көлемінің артуы әсер етті. Сүт өндірудің өсімі - өнімді сиыр үйірінің көбеюімен қамтамасыз етілді.Еттің (тірідей салмақта) негізгі өндірушілері (аталған өнімнің 80,8%-ға жуығы) облыстың жеті өңіріндегі шаруашылықтар болып табылады. Олар: Семей қаласы (11,6 мың тонна), Абай (34,8 мың тонна), Жаңасемей (25,1 мың тонна), Жарма (18,0 мың тонна), Аягөз (17,6 мың тонна),  Ақсуат (11,4 мың тонна), Мақаншы (10,7 мың тонна)  аудандары. Сүт өндіру көлемінің жартысына жуығы Абай (45,3 мың тонна), Жарма (39,2 мың тонна), Бесқарағай (36,5 мың тонна),  Бородулиха(34,7 мың тонна)   және Үржар (32,3 мың тонна) аудандарында өндірілді. Алты ауданның шаруашылықтарымен 80% жұмыртқа өндірілді: олар Бородулиха (11,4 млн. дана), Үржар (10,9 млн. дана), Көкпекті (6,9 млн. дана),  Жаңасемей (6,6 млн. дана), Мақаншы (5,3 млн. дана) және Бесқарағай (5,1 млн. дана) аудандары. Бал өндіру Үржар  (128,5 тонна), Мақаншы (113,3 тонна),  Бородулиха (110,5 тонна), Бесқарағай (41,0 тонна)  аудандарының және Семей қаласының (41,0 тонна) шаруашылықтарында шоғырланған, оларға облыстағы аталған өнім көлемінің  90%-ға жуығы тиесілі. Әдіснамалық түсініктемелерМал шаруашылығы өнімдерін өндіру – ауыл шаруашылығы малдарын пайдалану нәтижесінде  дайын өнімдерді және шикізатты өндіру (сүт, жұмыртқа, жүн, тері және т.б.), мал және құстың барлық түрлерін шаруашылықта сою немесе союға өткізу, ара шаруашылығы және терісі бағалы аң шаруашылығы өнімі.Мал мен құстардың шаруашылықта сойылғаны немесе союға өткізілгені - тікелей шаруашылықта немесе қасапханада мал мен құсты етті өз қажеттіліктеріне пайдалану үшін, ұйымдарға, кәсіпорындарға және шаруашылықтың қызметкерлеріне, соның ішінде баспа-бас мәмілелер  бойынша сату немесе беру үшін сою, сондай-ақ мал мен құсты  базарларды қоса алғанда тамақтандыру желілері (асханалар, мейрамханалар, дәмханалар), сауда желісі арқылы даярлау ұйымдарына, өңдеу кәсіпорындарына союға сату, сондай-ақ экспортқа шығару.Сүт өндіру нақты сауылған сиыр, қой, ешкі, түйе, жылқы сүтін, оның өткізілгеніне немесе бір бөлігі шаруашылықта бұзаулар мен торайларды суаруға кеткеніне қарамастан сипаттайды. Емізіп асырау кезінде бұзаулар сорған сүт өнімге кірмейді және бір сиырдан сауылатын сүт мөлшерін анықтағанда есепке алынбайды. www.stat.gov.kz/ ҚР өңірлерінің статистикасы/Абай облысы/Электрондық кестелер/Ауыл шаруашылығы статистикасы Орындаушы ауыл шаруашылығы және  санақ статистикасы бөлім басшысы:Исатаева А.К.Тел. +7 (7222) 52-47-05E-mail: al.isataeva@aspire.gov.kzАдрес:180000, г.Семейул.Мәңгілік ел, 25 © Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/1204650?lang=kk
Алматы облысында орман қоры ұлғаюда 20.04.2026
Алматы облысының Кеген ауданы – қарағай өсіруден елімізде көш бастап тұрған аймақтардың бірі. Тау бөктерін жасыл-желекке бөлеген осындай сұлулықты сақтау үшін орман шаруашылығы қызметкерлері жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Қазіргі кезде орманшылардың діттеген басты мақсаты – жергілікті табиғатқа тән Шренк шыршасының санын көбейту, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.«Кеген орман шаруашылығы» КММ директоры Айболат Сұлтанғазиевтің айтуынша, бүгінде 154,4 гектар аумаққа 1 069 920 қылқан жапырақты ағаш отырғызылған. Одан бөлек 110 гектар аумаққа 118 мың ағаш көшеті егілген. Бұл жұмыстар топырақтың тозуына жол бермейді. Орманшылардың жұмысы отырғызылған көшеттердің санымен емес, олардың жергілікті аумаққа бейімделу деңгейімен бағаланады. Қазіргі таңда бұл көрсеткіш 75-80 пайызды көрсетіп отыр.Орманның алтын қоры тұқым өсіру станциялары және дендрарийлерде дайындалады. 2021-2025 жылдар аралығында орман шаруашылығы мамандары 1400 келіден астам іріктелген тұқым жинаған. Осылайша, сырттан көшет әкелмей-ақ, жергілікті жерде әзірленген тұқым арқылы орман алқабы одан сайын жайқалып келеді.Бұл бағыттағы негізгі нысан – дендрарий. Мұнда 3,25 гектар аумақта бірнеше жыл ішінде 2 879 000 көшет өсірілген. Бұл Саты ауылы маңындағы орманды толықтыруға арналған. Сонымен қатар көшеттер Алматы облысының өзге де аймақтарына жіберіледі. Болашақта дендрарийде өсірілген үш миллионға жуық ағаш орманнан орын тауып, экологиялық тұрақтылықты сақтауға оң әсерін тигізбек.Бүгінде жалпы аумағы 89 941 гектар болатын Орман шаруашылығында 109 адам еңбек етеді. Қажетті техникамен толық қамтамасыз етілген. Олардың қатарында жол талғамайтын 19 патрульдік автокөлік, 62 жылқы, 2 өрт сөндіру көлігі, 3 жүк көлігі, 6 дөңгелекті және 5 шынжыр табанды трактор, 1 шағын трактор және 1 экскаватор бар.Соңғы жылдары бұл салаға жас мамандар көптеп келуде. Бұған жалақының өсуі мен материалдық-техникалық құралдардың тұрақты жаңартылуы оң әсерін тигізіп отыр. Аталған жұмыстар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың екі миллиард ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасына сәйкес іске асуда. Сондай-ақ өңірдің экотуризмін дамытуға және табиғи байлығын сақтауға серпін беруде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1204341?lang=kk
«Таза Қазақстан» акциясы Алматы облысында тұрғындарды біріктіруде 18.04.2026
Алматы облысында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда. Бұл бастама елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартуға, жасыл желектерді көбейтуге және халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Өңірдің барлық аудандарында тұрғындар сенбіліктерге, ағаш отырғызуға және қоғамдық аумақтарды абаттандыруға белсене қатысуда.Оның айқын мысалдарының бірі – Еңбекшіқазақ ауданы. Мұнда акция әртүрлі буын өкілдерін біріктірді. Алмалы ауылындағы И. Шорманов атындағы орта мектепте «Жасыл мекен – жасыл болашақ» атты экологиялық іс-шара өтіп, педагогтар, оқушылар және жергілікті тұрғындар бірлесе көшеттер отырғызып, аумақты абаттандыру жұмыстарын жүргізді.Мектеп директоры Айжан Талқамбаева атап өткендей, туған жердің тазалығы мен көркеюі әр адамның жеке жауапкершілігінен басталады. Оның айтуынша, мұндай бастамалар оқушылардың табиғатқа деген жанашырлық көзқарасын қалыптастыруға ықпал етеді.Оқушылар да экологиялық акцияға жоғары жауапкершілікпен қатысып, өз үйлері мен көшелерін көгалдандыруға үлес қосуға ниетті екенін жеткізді. Олардың пікірінше, қоршаған ортаны таза ұстау – әр азаматтың күнделікті дағдысына айналуы тиіс.Игі бастама Іле ауданында да жалғасын тапты. Мұнда елді мекендерді абаттандыру мақсатында кезекті ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Оған ауыл тұрғындары, мекеме қызметкерлері мен белсенді азаматтар қатысты.Сенбілік барысында Өтеген батыр ауылындағы орталық стадион аумағы, Ажимуратов және Титов көшелері, сондай-ақ №13 орта мектеп маңы тазартылды. Қатысушылар қоқыстарды жинап, стадиондағы орындықтарды сырлап, көгалдарды ретке келтірді.Іле ауданы әкімінің орынбасары Аскар Садыковтың айтуынша, стадионды абаттандыру жұмыстары демеушілердің қолдауымен жүргізілуде және жалғасын табады. Сонымен қатар, Байсерке ауылындағы «Даму» логистикалық орталығында да 500-ге жуық адам қатысқан ірі сенбілік өтті. Мұнда ағаш отырғызу, аумақты тазалау және әктеу жұмыстары жүргізілді.Қарасай ауданында да «Таза Қазақстан» акциясына діни қызметкерлер белсене атсалысуда. «Түркістан» мешіті аумағында көгалдандыру жұмыстары ұйымдастырылып, жиырмадан астам ағаш отырғызылды. Іс-шараға ауданның бас имамы мен теолог мамандар қатысты.Бас имамның айтуынша, әр азамат өз үйі мен айналасын таза ұстауға жауапты, ал мұндай шаралар жас ұрпаққа үлгі болуға тиіс. Сонымен қатар, ол аудан тұрғындарын тазалық пен тәртіпті сақтауға шақырды.Облыс орталығы Қонаев қаласында да ауқымды көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде. Биылғы маусымда қала аумағында шамамен бес мыңға жуық ағаш отырғызылды. Жаңа көшеттер көшелер бойына, тұрғын үй аулаларына және бос жатқан аумақтарға егілді.Мамандардың айтуынша, сенбіліктерге тұрғындардың белсенді қатысуы қаланың келбетін жақсартып қана қоймай, экологиялық мәдениетті де қалыптастырады. Қала тұрғындары қоршаған ортаның тазалығы өз еңбегінің нәтижесі екенін түсіне бастаған.Осылайша, «Таза Қазақстан» акциясы қоғамды ортақ мақсат – жайлы, таза және экологиялық қолайлы ортаны қалыптастыру төңірегіне біріктіретін тиімді тетікке айналды. Аталған бағыттағы жұмыстар Алматы облысының барлық аудандарында кеңінен жүргізіліп, ұқсас іс-шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылуда. Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1203768?lang=kk
Кеген ауданындағы Саты ауылында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда 18.04.2026
Кеген ауданында Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жалғасуда. Аудан тұрғындары үшін бұл бастама тек сенбіліктер өткізумен шектелмей, елді мекендерді, қоғамдық орындарды және туристік бағыттарды абаттандыруға бағытталған ауқымды жұмыстарға ұласты.Экологиялық науқан аясында ауыл тұрғындары, әкімдік қызметкерлері, ұйымдар мен кәсіпорын өкілдері, сондай-ақ қоғамдық ұйым мүшелері көшелерді, аулаларды және әкімшілік ғимараттарға іргелес аумақтарды санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізуде. «Киелі мекен» апталығы барысында тарихи-мәдени ескерткіштердің аумақтарын абаттандыру шаралары ұйымдастырылды.Сонымен қатар, «Жасыл аймақ» бағдарламасы аясында биылғы 15 сәуірде 40 түп шырша көшеті отырғызылды. Бұған дейін 150 жас терек, 40 алма ағашы, 20 алмұрт және 150 қайың егілген болатын.Саты ауылы әкімінің орынбасары Олжас Қырғызжанұлының айтуынша, 4 мамырға дейін «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында ардагерлердің аулаларын абаттандыруға бағытталған бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Ал «Мөлдір бұлақ» акциясы шеңберінде су айдындары мен жағалауларды қоқыстан тазарту көзделген. Соңғы апталарда ауыл маңынан бірнеше тонна қоқыс шығарылды.Акция аясында көгалдандыру жұмыстарына ерекше мән берілуде. Биыл Саты ауылында және оған іргелес аумақтарда жүздеген көшет отырғызылды. Ағаш егу әр буын өкілдерін біріктіретін игі дәстүрге айналып, жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етуде. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1203765?lang=kk
Көшпенділер қалашығында ауқымды сенбілік өтіп, 500 түп ағаш егілді 18.04.2026
 «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясында Қонаев қаласындағы «Көшпенділер» қалашығы аумағында жалпы облыстық сенбілік өтті. Аталған шара аясында мәні зор мәдени нысанның маңы қоқыстан тазартылып, айналасына ағаштар егілді.Аталған тазалық жұмыстары мен тал егуге мемлекеттік мекемелер, жеке ұйымдар мен діни бірлестіктердің мүшелері, жастар, волонтерлік және үкіметтік емес ұйымдар, сондай-ақ эко белсенділер қатысты. Аталған ауқымды сенбілікте облыс әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев тазалық акциясының тағылымды шара екенін еске салды. «Табиғаты таңғажайып Іле өзенінің жағасындағы «Көшпенділер» қалашығы алда көрнекті туристік нысанға айналмақ. Сондықтан бұла аумақта келушілерге жайлы орта жарату үшін мұнда экопарк салынбақ.Бұл қадам өңіріміздің туристік әлеуетіне тың серпін береді деп ойлаймын. Бүгін сол игі бастамаға үн қосу үшін жиналдық» – деді Ғани Айдарұлы. 300-ге жуық адам қатысқан шарада «Көшпенділер » қалашығы маңына 500 түп ағаш егіліп, Іле өзенінің бойы тазаланды. Экологиялық акцияға қатысушылар табиғатты аялап, қоршаған ортаны таза ұстау – адам баласына жүктелген міндет екенін айтысты. «Жер бетіндегі тау, тастар, теңіздер, яғни, барша табиғат атаулы мен барлық нәрселер – Ұлы Алланың жаратқандары.Әсіресе, осы Табиғат ананы қорғап қалу мәселесінде ағаштарға көңіл бөлудің, тал, шыбық отырғызудың мәні өте зор. Себебі, тал егудің адамзат баласына тигізер пайдасы, жалпы қоршаған ортаға жақсы әсері бар екені баршаға белгілі» – дейді Қонаев қаласындағы Абай мешітінің наиб имамы Хожанепес Сейітұлы.Облыс әкімдігінің мәліметіне сүйенер болсақ, аймақ аумағындағы сенбілікке 32000-ға жуық адам қатысып, 225 техника жұмылдырылды. Сенбілік қорытындысы бойынша 264 тонна қоқыс шығарылып, 17800 түп ағаш отырғызылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аймағымызда қарқынды түрде жалғасуда. alatau_araiy_gazetiАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1203758?lang=kk
Марат Сұлтанғазиев бүлдіршіндердің тұсауын кесті 17.04.2026
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев оңалту орталығындағы ерекше балалардың тұсауын кесті. Бүлдіршіндер Талғар ауданындағы «Ақжол-М» орталығында ем қабылдайды. Олар өмірге деген құштарлығы мен табандылығының арқасында, тиімді ем шараларының нәтижесінде алғашқы қадамдарын жасап, өмірдің жаңа кезеңіне аяқ басты, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Шараға мемлекет және қоғам қайраткері Болат Жәмішев, «Қазақстан халқына» қорының төрайымы Ләззат Шыңғысбаева және өзге де қоғамдық қор өкілдері қатысып, бүлдіршіндер қадамының нық болуын тіледі. Сондай-ақ тілашар дәстүрінің куәсі болып, балалардың өнерін тамашалады.Аймақ басшысы өз сөзінде бұл кездесудің жөні де, мәні де бөлек екенін атап өтті. «Бүгінгі тілашар – ұзақ уақыт бойғы қажырлы еңбектің жемісі. Бабалардың шешендік қасиеті балаларымыздың бойына дарып, келешекте елінің мақтанышына айналатын қадірлі азамат болуын тілеймін. Тұсаукесер рәсімі – бала қадамының оң болуын тілеп, жолының ашық болуына ниет ететін маңызды жоралғы.Орталық жәрдем сұрап келген әр баланың өміріне сенім ұялатып, үміт отын жағуда. Алдағы жоспарларында қызмет сапасын бұдан да жоғары деңгейге көтеру міндеттері тұр. Біз өз тарапымыздан осы бағыттағы кез келген игі бастаманы әрдайым қолдауға дайынбыз», – деген аймақ басшысы орталық мамандарына ризашылығын білдіріп, тәрбиеленушілерге ізгі тілегін арнады.Мамандардың айтуынша, мұндай шаралар орталықта дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады. Қазіргі таңда 275 балаға көмек көрсетілуде. 2014 жылдан бері мұнда 1000-нан астам бала тегін ем қабылдаған.Өмір жолында кездескен қиын жағдайға мойымай, өмірге құштарлықтың үлгісін көрсеткен жандарға қолдау көрсету облыс әкімдігінің негізгі міндеттерінің бірі болып қала береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1203354?lang=kk
Талғарда жаңа жастар орталығы ашылды 17.04.2026
Талғар қаласында жастарға арналған сужаңа заманауи орталық ашылды, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Бұған дейін облыс әкімдігінің қолдауымен дәл осындай ғимарат Балқаш, Кеген, Райымбек, Қарасай аудандарында бой көтерген. Сондай-ақ Қонаев қаласы мен Іле, Ұйғыр аудандарында коворкинг орталықтар жастар игілігіне қызмет етуде. Талғардағы жаңа нысан – сол жұмыстың заңды жалғасы. Бұл орталық жастардың жан-жақты дамып, жетілуіне, тың идеяларды іске асыруына мүмкіндік береді.Ғимарат заманауи жиһазбен, құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Орталықта түрлі кездесулер өткізуге арналған мәжіліс залы, шығармашылыққа серпін беретін коворкинг алаңы қарастырылған. Сондай-ақ мейірім мен жанашырлыққа тәрбиелейтін еріктілер клубы жұмыс істейтін болады.Бүгінде Алматы облысында 432 мың жас бар. Оның 70 мыңнан астамы Талғар ауданында тұрады. Оның ішінде 2 мыңға жуығы NEET санатына жатады. Орталық мамандары оларға бағыт-бағдар көрсетіп, қоғаммен етене араласуына жағдай жасайды.Осылайша жаңа орталық жастарға жан-жақты қолдау көрсетіп, болашағының жарқын болуына ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1202686?lang=kk
В области начата подготовка к борьбе с саранчой 16.04.2026
В управлении сельского хозяйства Алматинской области состоялось семинар-совещание, посвящённое вопросам борьбы с особо опасными вредителями, в том числе саранчой. В ходе мероприятия заместитель акима области Бакытулы Бакытнур подчеркнул важность своевременного предотвращения распространения личинок саранчи и эффективной организации химических обработок, - сообщает пресс-служба акима Алматинской области..По его словам, в 2026 году в регионе планируется провести мониторинг на площади 1 831 690 гектаров. Из них на стадные виды саранчи приходится 1 650 700 гектаров, на нестадные - 180 990 гектаров. Объём весенне-летних обследований составит 887 700 гектаров.Химическая обработка против саранчи будет проведена на площади 153 963 гектаров. В частности, за счёт республиканского бюджета, где предусмотрено 257,2 млн тенге, обработка против особо опасных стадных видов охватит 83 389 гектаров, в том числе против итальянского пруса - 61 369 гектаров, против азиатской саранчи - 22 020 гектаров. За счёт средств местного бюджета планируется обработать 70 574 гектаров против нестадной саранчи.Определены подрядные организации. Авиационные работы будут выполнять компании AVIASILA и «КазАвиация» с привлечением одного лёгкого и шести сверхлёгких воздушных судов. Наземную обработку обеспечит компания 7SU TRADE, задействовав 30 единиц техники.Кроме того, в борьбе с вредителями будут использоваться два дрона, четыре опрыскивателя РГП «Фитосанитария», а также иная специализированная техника.На сегодняшний день мониторинг кубышек саранчи уже проведён на площади 12 778 гектаров. В том числе итальянский прус выявлен на 9 083 гектарах, азиатская саранча - на 2 070 гектарах, нестадная саранча - на 1 625 гектарах.В период кампании планируется задействовать 156 человек и десятки единиц техники. В работах примут участие сотрудники инспекции, специалисты Республиканского методического центра фитосанитарной диагностики и прогнозирования, а также временно привлечённые исследователи. Дополнительно через местные исполнительные органы и центры занятости будет привлечено ещё 48 человек.Начало химических обработок запланировано на первую декаду мая. Кроме того, с городом Алматы, а также Жамбылской, Карагандинской и областями и областью Жетысу заключены соглашения о сотрудничестве для проведения совместного мониторинга приграничных территорий и оперативного реагирования на угрозы.Отмечено, что все мероприятия находятся на особом контроле, а защита сельскохозяйственных угодий от вредителей является ключевым фактором обеспечения продовольственной безопасности региона.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1202148?lang=kk
Өндіріс – өңір дамуының өзегі: Алматы облысында екі ірі зауыт салынуда 16.04.2026
Агроөнеркәсіп саласы – Алматы облысының экономикалық дамуындағы негізгі бағыттардың бірі. Осыған орай Кеген ауданында екі жаңа нысан – қой жүнін терең өңдейтін комбинат және сиыр сүтін өңдейтін зауыт құрылысы жүріп жатыр, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.«MERGEN HOLDING» ЖШС іске асырып жатқан жүн өңдеу комбинатының аумағы – 2 мың шаршы метр. Инвестициялық құны – 1,2 млрд теңге. Жылына 2 мың тоннадан астам қой жүнін өңдеуге қуаты жетеді. Қазіргі уақытта құрылыс алаңын қоршау және тегістеу жұмыстары жүргізілуде. Қажетті жабдықтарды орнату үшін мердігерлермен келіссөздер жасалуда. Тазартылып, өңделген қой жүнінен көрпе, текемет және басқа да тұрмыстық бұйымдар өндіріліп, ішкі нарыққа шығарылады. Бір бөлігі шетелге экспортталмақ.Ал сүт зауытының құрылысын «Kegen milk» ЖШС жүргізіп жатыр. Онда тәулігіне 30 тоннаға дейін сиыр сүті өңделіп, май, қаймақ, құрт, ірімшік және басқа да сүт өнімдері дайындалады.Алдағы уақытта ірі қара терісін өңдейтін комбинаттың да құрылысы қарқын алмақ. Онда былғарыдан аяқ киім, күртеше және басқа да тері бұйымдары өндірілетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1202437?lang=kk
Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясы жалғасуда 15.04.2026
Алматы облысы Іле ауданында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы экологиялық акция өтті. Өтеген батыр ауылында ұйымдастырылған шараға тұрғындар, мекеме қызметкерлері мен ерікті жастар белсене қатысты. Тазалық жұмыстары барысында қоғамдық орындар, аулалар мен жол жиектері тазаланып, ағаш көшеттері отырғызылды, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. Акцияның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаға жауапкершілік сезімін нығайту және абаттандыру жұмысына жұртшылықты кеңінен тарту.Тазалық шарасына Іле ауданының әкімі Қайыржан Жақсымбетов те өз үлесін қосты. «Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» бағдарламасы – елдің экологиялық мәдениетін жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам. Бұл әр тұрғынның күнделікті өмір салтына айналуы тиіс. Тазалықты сақтау – жоғары мәдениет пен  туған жерге деген жанашырлықтың көрінісі. Бірлескен еңбектің арқасында өңірімізді одан әрі көркейте түсеміз», – деді ол.Акцияға қатысқан тұрғын Гамзи Бадриұлы: «Экологиялық шара тек тазалық жұмыстары емес. Мұның астарында үлкен тәрбие жатыр. Бұл адамдардың бір-біріне құрметпен қарап, таза ниетпен қарым-қатынас жасауына әсер етеді. Жас ұрпақ бойына елге деген сүйіспеншілік сезімін дарытады. Мұндай игі шараларға апта сайын атсалысамыз және әрқашан қолдаймыз», – деген лебізін білдірді.Айта кетейік, Алматы облысында экологиялық шаралар жүйелі түрде жүргізіледі. Ал Іле ауданында жыл басынан бері 10 мыңға жуық адам сенбілікке қатысып, 127 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 642 тонна қоқыс шығарылып, 21 мыңнан астам ағаш отырғызылды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жоспарға сәйкес жалғасын табады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1201165?lang=kk
Алматы облысында алма бақтар гүлдеді 14.04.2026
Алматы облысында алма өсіру және одан түрлі өнім шығару ісі жүйелі жолға қойылған. Жеміс ағашын күтіп-баптау машақаты көп жұмыс. Соған қарамастан, өңірде алма бақтарының аумағы мен өнім көлемі жыл өткен сайын ұлғайып келеді. Бүгінде өңір бойынша 7 мың гектар аумақта алма өсіріледі. Оның 2,2 мыңы – интенсивті бақтар. Қазіргі таңда алманың отаны саналатын Алатау баурайында алма бақтар гүлдеп, көздің жауын алатын әдемі көрініс тұрғындардың да туристердің де назарын аударуда. Осынау сұлулықты тамашалау үшін арнайы келетін адамдар саны да жыл сайын артып келеді, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Өңірдің климаттық ерекшелігіне орай алма ағашының сұрыптары да арнайы таңдалған. Сондай-ақ жоғары технологиялы аграрлық әдістер кеңінен қолданылады. Автоматтандырылған тамшылатып суару жүйесі іске қосылған. Бұл технология ерте өнім алуға, топырақ эрозиясының алдын алуға, өсімдік аурулары мен арамшөптердің таралу қаупін азайтуға, сондай-ақ тыңайтқыштар мен минералдарды әр көшеттің тамырына дәл жеткізуге мүмкіндік береді.Алматы облысында бұл бағыттағы көшбасшы кәсіпорындардың бірі – Талғар ауданындағы «Баймене» ЖШС. Кәсіпорында алманы өсіруден бастап, жинау, өңдеу және дайын өнімді ұзақ мерзімге сақтау жұмыстары түгел жолға қойылған.  Компания 2016 жылы интенсивті бақ отырғызу жұмысын бастаған. Бастапқыда 30 гектар аумаққа алма көшеті егілсе, қазіргі таңда жалпы аумағы 110 гектар жерде жеміс ағашы жайқалып тұр. Алдағы уақытта алқап көлемін  кеңейтуді жоспарлап отыр. Бақта су үнемдеуге септігін тигізетін тамшылатып суару технологиясы қолданылады. Оған минералды тыңайтқыштар қосылады. Бұл топырақ құнарын арттыра түседі.  Компанияның бас агрономы Георгий Чернышевтың айтуынша, көшет өскен сайын су да көбірек керек болады. Оны бақылау үшін танзиометр құрылғысы орнатылған. Ағаштар 30 минут, кейде 1-2 сағат сайын суарылады. «Әуелде алманың 7-8 сортын егіп көрдік. Кейін «Голден Делишес», «Ред Делишес», «Гала», «Фуджи» сияқты негізгі 4 түрін қалдырдық. Себебі оларға сұраныс жоғары әрі табиғат ерекшелігіне де сай келеді. Бақша жұмыстарының көбі арнайы техника мен заманауи құрылғылардың көмегімен атқарылады. Қазір жаңа сорттарды сынақтан өткізіп жатырмыз. Олардың қалай өсіп, өнім беретінін және тұтынушылардың пікірін бақылап, зерттейміз. Бұл сұрыптар 2-3 жылда жеміс бере бастайды. Интенсивті бақтың артықшылығы да сол – өнімге тез қол жеткізесің. Зиянкестер мен түрлі өсімдік ауруларынан ағаштарды сақтау үшін пестицид, фунгицид, инсектицид сияқты дәрілер қолданылады. Сонымен қатар бақылау жүйесі де бар. Ол феромонды тұзақ арқылы зиянкестердің таралуына жол бермейді», - дейді агроном.«Баймене» ЖШС директоры Евгений Камбаров кәсіпорында алманы сұрыптап, көлеміне қарай іріктеп, буып-түюге арналған арнайы желі жұмыс істейтінін айтты. Мұнда алмадан 100 пайыз табиғи шырын өндіріледі. 3 литр шырын алу үшін  6 келі алма пайдаланылады. Қосарланған пастерлеу тәсілі өнімнің барлық пайдалы қасиеттерін консервантсыз сақтауға мүмкіндік береді. Кәсіпорынның заманауи жеміс сақтау қоймаса да бар.  Онда 5100 тоннаға дейін өнімді сақтауға болады.  «Қазіргі таңда көшет отырғызу, күтіп-баптау жұмыстары жүргізілуде. Өнімді тамыз айында жинаймыз. Кейін қоймаға сақтауға жіберіледі. Біз жемісті ішкі нарыққа өткіземіз, сондай-ақ шетелдерге де экспорттаймыз. Өткен жылы 1500 тонна алма жинадық. Ал биыл екі мың тоннаға жеткізуді көздеп отырмыз. Кәсіпорында 18 техника жұмыс істейді. Олардың қатарында тракторлар, түрлі культиваторлар, дәрі немесе тыңайтқыш шашатын, ағаштарды кесіп, арасын сирететін техникалар бар. Көшеттер Голландия мен Италиядан әкелінеді. Ал биыл 30 гектарға жергілікті тұқымбақтан алынған көшеттерді отырғызуды жоспарлап отырмыз», – дейді компания директоры.Кәсіпорында 100-ден астам адам жұмыс істейді. Қызу еңбек кезінде жұмысшылардың да саны көбейеді. Оларға мамандар техникалардың қалай жұмыс істейтінін түсіндіріп, кеңес береді.Бүгінде аумағы 1600 шаршы метр болатын кешеннің құрылысы жүріп жатыр. Онда шырын, пюре, джем, смузи және балалар тағамын өндіру жоспарланған.Облыста бұдан өзге де алма бағын баптап, өсіретін кәсіпорындар көп. Оларға мемлекет тарапынан қолдау зор. Сондықтан болашақта Алматы облысының болмысын айшықтайтын алма бақтары бұдан да жандана түспек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1200739?lang=kk
Алматы облысында 30 мың тұрғын сенбілікке қатысты 11.04.2026
Бүгін Алматы облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауқымды сенбілік өтті. Оған өңір бойынша 30 мыңға жуық адам қатысып, 200 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 20 мыңға жуық ағаш отырғызылып, 394 тонна қоқыс шығарылды, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Айтулы шараның бірі Қонаев қаласында ұйымдастырылды. Онда 10 гектар аумақты қамтитын «Барыс» эко-паркінің негізі қаланып, алғашқы көшеттері отырғызылды. Игі шараға қала тұрғындары, жастар, мекеме қызметкерлері мен белсенділер қатысты. Сондай-ақ облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев те қолына кетпен-күрек алып, экологиялық акцияға өз үлесін қосты.«Қонаев қаласы – облыс орталығы ретінде қарқынды дамып келе жатқан шаһар. Сондықтан мұнда халықтың демалысына, салауатты өмір салтын ұстануына қолайлы жағдай жасау – біздің басты міндетіміз. «Барыс» эко-паркі тек ағаш егетін орын емес, ол – қала тұрғындары мен қонақтары үшін заманауи мәдени демалыс орталығы, жайлы қоғамдық кеңістік болмақ.Мұндай игі шараларға қоғам белсенділерінің, ардагерлеріміз бен жалынды жастарымыздың атсалысуы көңіл қуантады. «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген даналықты ұстанған халқымыз үшін ағаш егу – ең сауапты істердің бірі. Бұл акция өскелең ұрпақтың бойында патриотизм мен табиғатқа деген сүйіспеншілікті оятады деп сенемін», – деді Марат Елеусізұлы. Аймақ басшысының айтуынша, биыл өңірімізде 220 мың ағаш егу жоспарланса, жыл басынан бері оның 22 мыңы отырғызылған.Қала тұрғындары шаһардың көркейіп, дамуы ортақ жауапкершілік екенін айтып, игі бастамаға біркісідей атсалысты. Жұмылған жұмыстың нәтижесінде парк аумағына 200 түп көшет егілді. Алдағы уақытта бұл жерге жалпы саны 5 мың түп ағаш отырғызу жоспарланған. Жасыл-желек жайқалып өсуі үшін өңірдің климаттық ерекшелігі ескеріліп, төзімді әрі сәнді ағаш түрлері таңдап алынған. Одан бөлек мұнда жаяу жүргіншілер жолы, заманауи жарықтандыру жүйелері мен демалатын орындар жасалып, тұрғындар үшін жайлы ортаға айналмақ. Жыл соңына дейін толық пайдалануға беріледі. Сонымен қатар «Көшпенділер қалашығы» маңында да эко-парк құрылып, онда 500 түп ағаш отырғызу жоспарланған. Абаттандыру жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1199005?lang=kk
«Таза Қазақстан»: Алматы облысында экологиялық шаралар жоспары әзірленді 10.04.2026
Алматы облысында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында арнайы жоспар әзірленді. Оған әртүрлі форматтағы 300 экологиялық іс-шара енгізілді. Онда 25-30 адамнан тұратын шағын көлемдегі іс-шаралармен қатар, кең ауқымды акциялар, ағаш отырғызу науқандары, сенбіліктер, экологиялық челлендждер, ақпараттық-түсіндіру кездесулері және танымдық тренингтер қамтылған, – деп хабарлайды Алматы облысының баспасөз қызметі. Бүгін облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің төрағалығымен өткен жиында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар сараланып, алдағы жоспар бекітілді. Аймақ басшысы кемшіліктерді жойып, жұмыс қарқынын күшейту керегін айтты. Жыл басынан бері облыста экологиялық шараларға 120 мыңға жуық адам қатысқан. Нәтижесінде 1321 тонна қоқыс жиналып, 102 арнайы техника жұмылдырылды және 450 гектарға жуық аумақ тазартылды. Сонымен қатар Telegram-бот арқылы 1402 өтініш келіп түскен. Оның ішінде 1132-сі орындалды, 259-ы кері қайтарылды, ал қалған 11-і – орындалу сатысында.Бүгінде көктемгі-күзгі санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жүргізу бойынша қаулы қабылданған. Соған сәйкес облыстың әрбір ауданы мен қаласын, елді мекенін, сондай-ақ 2000-ға жуық кәсіпорынды қамтитын санитарлық тазарту және абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. Тұрғындар, жастар, бизнес өкілдері және қоғам белсенділерінің қатысуымен аптасына екі рет – бейсенбі және сенбі күндері ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылады. Ол үшін облыс бойынша 30 мың адам және 50-ге жуық арнайы техника жұмылдырылады. Биыл өңірде көгалдандыру бағытында 220 мың ағаш отырғызу жоспарланған. Жыл басынан бері оның 22 мыңы егілді. Қазіргі таңда Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қонаев қаласында экопарк құру жұмыстары басталды. Жоба 10 гектар аумақты қамтиды.Экопарк аумағын абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Онда 5 мың ағаш (терек, акация, ива, қарағаш, катальпа, сумах) отырғызу жоспарланған. Сонымен қатар «Көшпенділер қалашығы» маңында экопарк құру жұмыстары қолға алынған. Осы жылдың 18 сәуірінде алғашқы 500 түп ағаш отырғызылатын болады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың орман қорын ұлғайту тапсырмасына сәйкес 2021-2027 жылдар аралығында өңірде 23,8 мың гектар аумаққа 52,6 млн ағаш отырғызу жоспарланған. Өткен 5 жыл ішінде бұл жоспар 83 пайызға орындалды.Биыл 2077 гектар аумаққа 4,6 млн түп ағаш егу көзделген. Облыста жалпы аумағы 129,9 гектар болатын 12 тұқымбақ бар. Орман қорын молайту бағытындағы жұмыстар үшін тұқымбақта өсірілетін көшеттер толығымен жеткілікті. «Мөлдір бұлақ» экоакциясы аясындағы шаралар да басты назарға алынған. Осы уақытқа дейін Түрген шатқалындағы Киелі, Шилібастау, Диірмен базы, Құртты, Әлмерек баба және Еңбек ауылы маңындағы бұлақтар тазартылып, 300 түп ағаш отырғызылды. Шараға еріктілер, ақсақалдар және түрлі ұйым өкілдерінен құралған 1500-ден астам адам қатысты. 21 техника жұмыс істеді. Бұдан бөлек, «Алматыоблсушар» кәсіпорнының өндірістік учаскелері және Үлкен Алматы каналы филиалы тарапынан 42 шақырым канал тазаланып, 80 тал егілді.Марат Елеусізұлы өңірдегі экологиялық шаралар жоспарға сай жүргізілуі үшін жауапты мекемелерге нақты міндеттер жүктеді.- «Экологиялық шаралардан өңірдегі ешқандай елді мекен қалыс қалмауы керек. Тазалық сақтамаған жеке тұлғалар мен компанияларға тиісті шара қолданылуы қажет. Ол үшін бейнебақылау, жасырын мониторинг, рейд жүргізу шаралары күшейтілуі тиіс. Егілетін ағаш түрлері өңірдің табиғи-климаттық ерекшеліктеріне бейім болуы шарт. Қоғамда экологиялық мәдениет қалыптастыру маңызды. Ал тәртіпке бағынбаған жағдайда жауапқа тартылатынын түсінуі керек. Экологиялық акцияларға жастар мен еріктілер, кәсіпорындар мен үкіметтік емес ұйымдар, тұрғындар бір кісідей атсалысқанда ғана нақты нәтиже қол жеткіземіз», – деді облыс әкімі.Сондай-ақ бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуы керегін ерекше атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1198823?lang=kk
Белсенді ұзақ өмір орталығына – 1 жыл: нақты нәтижелер мен жүйелі дамудың жаңа кезеңі 09.04.2026
Алматы облысында әлеуметтік саясаттың мазмұны біртіндеп нақты нәтижеге бағытталып келеді. Соның айқын дәлелдерінің бірі – аға буын өкілдеріне арналған «Белсенді ұзақ өмір орталықтарының» жүйелі жұмысы. Бұл бастама жай ғана әлеуметтік қолдау емес, егде жастағы азаматтардың өмір сапасын арттыруға бағытталған кешенді саясаттың бір бөлігіне айналып отыр.Қарасай ауданындағы осындай орталық 2025 жылдың 16 сәуірінде Ұмтыл ауылдық мәдениет үйі базасында ашылған еді. Бір қарағанда қарапайым әлеуметтік нысан болып көрінгенімен, уақыт өте келе оның қоғам үшін маңызы айқындала түсті. Өйткені мұнда зейнет жасындағы азаматтар бос уақытын тиімді өткізіп қана қоймай, денсаулығын нығайтып, қоғамдық өмірге қайта араласуға мүмкіндік алды.Орталық жұмысының тиімділігі нақты көрсеткіштерден-ақ байқалады. Алғашқыда 65 адам тіркелсе, бүгінде бұл сан 121. Бұл – халық тарапынан сұраныстың артқанын және жобаның өміршеңдігін көрсететін маңызды көрсеткіш.Бір жылдық мерейтой аясында өткен шаралар да орталық қызметінің мазмұнын аша түсті. Ең бастысы – мұнда келушілер тек көрермен емес, белсенді қатысушыға айналған. Олар ұйымдастыру ісіне араласып, өз бастамаларын ұсынуда. Бұл – орталықтың негізгі мақсатының орындала бастағанының белгісі.Мерекелік күн еңбек терапиясы бағытындағы “Қолдан туған құндылық” көрмесімен басталды. Қатысушылардың қолынан шыққан бұйымдар олардың шығармашылық әлеуетінің жоғары екенін көрсетті. Кейін концерттік бағдарламаға ұласқан шарада күй күмбірлеп, ән шырқалып, би биленді. Сонымен қатар, орталықтың бір жылдық жұмысын қорытындылаған бейнематериал ұсынылды.Бүгінде мекеме 11 бағыт бойынша тұрақты қызмет көрсетеді. Алғаш келген азаматтардың денсаулық жағдайы мен әлеуметтік белсенділігі төмен болғаны жасырын емес. Көпшілігі цифрлық технологияларды қолдануда қиналып, қоғамнан оқшауланып қалған еді. Алайда жүйелі жұмыстың нәтижесінде жағдай айтарлықтай өзгерген.АҚарасай аудандық “Белсенді ұзақ өмір орталығы” филиалының кеңесшісі Аңса Дүйсенбай- бір жылдың ішінде қызмет алушылар арасында жаңа әлеуметтік байланыстар қалыптасып, олардың қоғамдық өмірге қатысу деңгейі артты. Ең маңызды жетістіктердің бірі – цифрлық сауаттылықтың өсуі. Қатысушылар смартфон, мессенджерлер мен бейнеқоңырауларды еркін меңгеріп, заманауи ақпараттық кеңістікке бейімделе бастаған. Бұл біздің ұжым үшін үлкен жетістік.Бұл өзгерістер – тек статистика емес, нақты адамдардың өміріндегі оң бетбұрыс. Әрбір жаңа дағды, әрбір жаңа байланыс – олардың өмір сапасын арттыруға жасалған қадам.Қорыта айтқанда, Қарасай ауданындағы «Белсенді ұзақ өмір орталығы» бір жылдың ішінде әлеуметтік жобадан нақты нәтиже беретін тиімді алаңға айналды. Мұнда әр көрсеткіштің артында – адам тағдыры тұр. Ал сол тағдырлардың жақсаруы – атқарылған жұмыстың басты өлшемі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1197456?lang=kk
Алматы облысында «Тайқазан – 2026» байқауы басталды 08.04.2026
Алматы облысында «Тайқазан – 2026» кәсіби шеберлік фестивалі басталды. Шараны облыстық Білім басқармасының қолдауымен «Қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар колледжі» ұйымдастырды, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Фестивальге Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Павлодар, Маңғыстау, Қызылорда, Абай, Жетісу облыстары және өзге де өңірлерден 100-ден астам өтініш түскен. Қатысушылар аспаздық шеберлік, тігін және дизайн саласында түрлі номинация бойынша сынға түсуде. Заманауи стильді ұлттық ерекшелікпен байланыстыру – маңызды талаптардың бірі.Қатысушылардың жұмысын Франция, Түркия, Египет, Италия, Ресей, сондай-ақ ТМД елдерінен келген халықаралық сарапшылар бағалайды.Фестиваль студенттердің кәсіби құзыретін дамытуға және заманауи білім беру тәжірибелерін енгізуге оң ықпал етеді. Байқау жеңімпаздары 10 сәуір күні белгілі болады.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1196775?lang=kk
Аида Балаева Алматы облысындағы туристік нысандардың жазғы маусымға дайындығын тексерді 08.04.2026
ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Алматы облысындағы туристік нысандардың жазғы маусымға дайындығын тексерді.Жұмыс сапарына орталық мемлекеттік органдардың, Үкімет аппаратының өкілдері, сондай-ақ Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысты.Тексеру барысында Қонаев қаласындағы коммуналдық жағажайлар мен «ASP Arena» көпфункционалды кешені қаралды. Облыс әкімдігі мен бейінді қызметтер санитариялық дайындық, қауіпсіздік шаралары, медициналық, құтқару және құқық қорғау қызметтерінің жұмысы, сондай-ақ демалушыларға қолайлы жағдай жасау жөнінде баяндады.Аида Балаева нысандардың толық дайындығын дәл қазірден бастап қамтамасыз ету қажеттігіне ерекше назар аударды. Сонымен қатар халықпен уақытылы түсіндіру жұмыстарын жүргізудің, судағы қауіпсіздікті, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және қоғамдық тәртіпті сақтаудың маңыздылығын атап өтті.Сонымен бірге барлық жағажайлар мен демалыс аймақтары әкімдіктердің қарауында емес екені де арнайы айтылды. Осыған байланысты Аида Балаева жекеменшік нысандардың иелері де тазалыққа, қоғамдық тәртіпке, инфрақұрылымның жай-күйіне және ең алдымен адамдардың судағы қауіпсіздігіне толық жауапкершілікпен қарауға тиіс екенін айтты. Облыс әкімдігіне демалыс аймақтары иелерінің атына қауіпсіздікті қамтамасыз ету, санитариялық талаптарды сақтау және жазғы маусым кезеңінде жұмысты тиісті деңгейде ұйымдастыру жөніндегі ұсынымдар қамтылған тиісті хабарламалар әзірлеу тапсырылды.Бұдан бөлек, туризм және спорт министріне туристік нысандар иелері мен жеке компаниялардың қажетті инфрақұрылымды қамтамасыз етуіне, қауіпсіздік талаптарын сақтауына және белгіленген нормаларды орындауына қатысты жауапкершілігін реттейтін құқықтық тетіктерді пысықтау тапсырылды. Жекеменшік демалыс аймақтары азаматтар мен мемлекет алдындағы тиісті жауапкершіліксіз тек коммерциялық қызметпен ғана шектелмеуге тиіс екені баса айтылды.Премьер-министрдің орынбасары туристік аймақтарда жұмыс істейтін қоғамдық тамақтану орындары мен өзге де сервистік нысандар қызметінің заңдылығын бақылау қажеттігіне де айрықша назар аударды. Уәкілетті органдарға еңбек заңнамасының сақталуын, қызметкерлермен, оның ішінде жұмысқа тартылатын жастармен және студенттермен жасалған еңбек шарттарының болуын, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі талаптарының орындалуын тексеруді қамтамасыз ету тапсырылды. Азаматтардың құқықтары толық көлемде сақталуға тиіс екені атап өтілді. Бұл демалушылардың да, жергілікті тұрғындар мен қызметкерлердің де құқықтарына бірдей қатысты.Сонымен қатар көлік логистикасы, автотұрақтардың жеткіліктілігі, жол қозғалысын ұйымдастыру және жаппай демалыс орындарындағы көлік ағынын реттеу мәселесі де көтерілді. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік талаптарын бұзуға қатаң әрекет ету қажеттігі бөлек көрсетілді. Аида Балаева барлық белгіленген талаптар мүлтіксіз сақталуға тиіс екенін, ал құқық бұзушыларға қатысты шаралар уақтылы әрі заңнамаға сәйкес қабылдануы қажет екенін атап өтті.«“Таза Қазақстан” идеологиясы жай ұран болып қалмай, туристік нысандардың жай-күйінен көрініс табуы керек. Ол тазалықтан, тәртіптен, кеңістіктің түсінікті ұйымдастырылуынан және ортақ демалыс орнына деген құрметтен байқалуға тиіс. Ал “Заң мен тәртіп” қағидаты барлық қызметтің нақты әрі үйлесімді жұмысынан және қауіпсіздік талаптары мен қоғамдық тәртіп нормаларын бұзғандарға қатысты шаралардың бұлтартпай қолданылуынан көрінуі қажет», — деді Аида Балаева.Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Премьер-министрдің орынбасары аумақтардың санитариялық жағдайын күшейтуді, инфрақұрылым мен қауіпсіздік қызметтерінің дайындығын қамтамасыз етуді, халықпен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жандандыруды, сондай-ақ коммуналдық және жекеменшік демалыс нысандарына жүйелі бақылау орнатуды тапсырды. Сонымен бірге заңдылықтың сақталуына, азаматтардың еңбек құқықтарын қорғалуына және меншік иелерінің қауіпсіздік, тәртіп пен көрсетілетін қызмет сапасы үшін жауапкершілігіне ерекше мән берілді.primeminister.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1196761?lang=kk
Жолаушы жолы жеңілдейді 08.04.2026
Алматы облысында көлік инфрақұрылымын дамыту және жолаушылар тасымалының сапасын арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Мемлекеттік бағдарлама аясында қоғамдық көліктерді кезең-кезеңімен жаңарту, бағытын кеңейту бойынша да нақты жұмыстар атқарылуда, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Елді мекендердің қоғамдық көлікке қолжетімділігін арттыру және жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту шаралары басты назарда. Мысалы, Алатау қаласы мен Ұйғыр ауданында екі жаңа автобус бағыты ашылды. Соның арқасында халықтың жүріп-тұруы жеңілдеп, өзге маршруттардың жүктемесі азайды. Сонымен қатар «Алматы облысы Автобус паркі» ЖШС екі жаңа маршрутты іске қосты.Қоғамдық көлікті жаңартуға да ерекше көңіл бөлінуде. Бұл тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ету, автопарктің техникалық жағдайын жақсартуға ықпал етеді. Жолаушыларға ыңғайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Биыл 31 жаңа автобус сатып алынады деп жоспарланған. Қазіргі таңда оның 9-ы Талғар ауданында іске қосылған. 5 бірлік Yutong және 4 бірлік Isuzu жаңа автобустары халық игілігіне қызмет етуде.Бұл бағыттағы жұмыстар жоспарға сай жалғасын табады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1195450?lang=kk
Шомылу маусымына дайындық күшейеді 08.04.2026
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев өңірде шомылу маусымына дайындық жұмыстарын күшейтуді тапсырды, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Аймақ басшысы жағажайдағы қауіпсіздік пен тәртіп, демалыс орындарының талаптарға сай болуы басты назарда болуы тиіс екенін айтты.«Адам шығынының болмауын қатаң бақылауда ұстау керек. Көбіне адам өлімі рұқсат етілмеген аймақтарда болады. Сондықтан мұндай орындарды қадағалап, жер иелерімен де жүйелі жұмыс жүргізу қажет. Шомылуға рұқсат етілген аймақтар тексеріліп, қауіпсіздік белгілері мен ескерту тақтайшалары орнатылуы тиіс», – деді Марат Сұлтанғазиев.Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, шомылу маусымына орай су түбін тазалау, санитарлық жағдайды бақылау және инфрақұрылымды ретке келтіру жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бақылау камералары жұмыс істейді. Қазіргі таңда демалыс орындарының 80 пайызы шомылу маусымына дайын. Жергілікті атқарушы орган, облыстық прокуратура, Полиция департаментімен бірігіп кешенді тексеру жұмысы жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1195463?lang=kk
Алматы облысында сақман басталды 06.04.2026
Алматы облысында мал шаруашылығы қарқынды дамып келеді.  Ата кәсіптің өркендеуіне жер жағдайы мен ауа-райы да өте қолайлы. Өңірде мал басы бойынша Жамбыл ауданы бірінші орында тұр. Қазір мұнда сақман басталып кетті, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің маманы Дүйсеналы Еңкелешовтың айтуынша, биыл 23 ауылдық округте 588 мыңнан астам саулық қой тіркелген. Оның 18500-і ауыл шаруашылық құрылымдарына, 455 мыңнан астамы шаруа қожалықтарына, 113800-і жеке тұрғындарға тиесілі. Биыл Жамбыл ауданындағы шопандар төлден шашау шығармай, жарты миллионнан астам (530 000 мың) қозы алуды жоспарлап отыр. Ол үшін 295 000 тонна шөп, 48 000 тонна жем азығы дайындалған.«Жыл сайын Жамбыл ауданындағы мал басы 5-10 пайызға артып келеді. Былтыр қой саны 1 млн 95 мың болса, биыл 1 млн 102 мыңға жетті. Төрт түлікті асылдандыру жұмысы тыңғылықты жүріп жатыр. Ауданда қазіргі таңда 260 мың бас асыл тұқымды қой бар. Негізгісі – қазақтың қылшықты, биазы және жартылай биазы жүнді қойлары. Жалпы санына шаққандағы үлесі – 18,6 пайыз. Оның 164 мыңы – саулық. Ендігі жоспар бұл көрсеткішті 30 пайызға жеткізу», – деді маман.Шопандардың айтуынша, биылғы қыс төрт түлікті өте жайлы болыпты. Мәтібұлақ, Талап, Үңгіртас, Ұзынағаш, Жамбыл, Теміржол, Қарасу, Айдарлы, Бозой, Сарытауқұм, Үлгілі ауылдық округінің шаруалары ақпан айының орта шегінен мал төлдететін қора-жайларына көшіп келген. Солардың бірі – Алмат Әлжанов. Ол өткен жылы 500 бас асылтұқымды гиссар қойын алып, шаруашылығын бастаған. Алдағы уақытта қой санын 3000-ға жеткізуді жоспарлап отыр. Мемлекет тарапынан бөлінетін субсидияға да өтініш беріпті.Айта кетейік, елімізде мал шаруашылығының дамуына ерекше көңіл бөлінген. Еті, сүті мен жүніне, мал бордақылау ісіне де жеңілдіктер қарастырылған. Әсіресе мал асылдандыруға ерекше қолдау көрсетіледі. Алматы облысында да бұл бағыттағы жұмыстар жоспарға сай жүргізілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1194419?lang=kk
Алматы облысының 29 дәрігері шетелде кәсіби біліктілігін арттырды 06.04.2026
Алматы облысының денсаулық сақтау саласының мамандары Ресей мен Беларусьтегі жетекші медициналық орталықтар мен оқу орындарында кәсіби тәжірибесін жетілдірді. Биыл облыстық медициналық ұйымдардан 29 дәрігер шетелдік озық тәжірибе мен жаңа технологияларды меңгеру мақсатында іс‑сапарға жіберілді.Дәрігерлер Санкт‑Петербургтегі В.А. Алмазов атындағы Ұлттық медициналық зерттеу орталығы, Санкт‑Петербург мемлекеттік педиатриялық медицина университеті және Беларусьтегі «Мать и дитя» республикалық ғылыми‑тәжірибелік орталығы сияқты жетекші ғылыми және клиникалық орталықтарда білімдерін арттырды. Олар балалардағы онкологиялық және гематологиялық аурулардың ерте белгілері, ерте даму және араласу, жедел кардиология, сондай-ақ хирургиялық ауруларды емдеудегі аз инвазивті технологиялар бағыттары бойынша практикалық дағдыларын жетілдірді.Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов: «Дәрігерлердің шетелдік тәжірибеден өтуі өңір тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттырудың маңызды бөлігі. Алынған білім мен тәжірибені әрбір аудан мен қалада тиімді қолданамыз, бұл әсіресе балалар мен созылмалы аурулары бар науқастар үшін өте маңызды», — деді.Барлық іс‑сапарлар облыстық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен ұйымдастырылып, дәрігерлер алған білімін тұрғындардың денсаулығын жақсарту мен жаңа емдеу әдістерін енгізу үшін қолданатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1194106?lang=kk