Enbekshi QazaQ

Саясат

Алматыда 2000-нан астам жеке тұрғын үйдің өртке қарсы қауіпсіздігі тексерілді 25.11.2024
23 қарашадан бастап, сенбі-жексенбі күні Алматы қаласының Алатау ауданында жеке тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша «Өртсіз өмір - қауіпсіз болашақ» ауқымды профилактикалық акциясы өтті. Іс-шара Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментімен және Өңірлік коммуникациялар қызметімен бірлесіп өткізілді. Акцияға БАҚ өкілдері, еріктілер және газ қызметінің қызметкерлері қатысты.Іс-шара барысында ТЖД мамандары 2297 үйдің тұрғындарын хабардар етті. Көмір және отынмен жылытылатын 16 мұқтаж отбасылар үйінде газ иісін анықтау датчиктері орнатылды.Алматы ТЖД басшысы Нұрлан Атығаев жеке тұрғын үйлердегі қауіпсіздікті арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабарлады. Көп балалы отбасыларды, зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қоса алғанда, халықтың әлеуметтік осал санаттарына ерекше назар аударылады.«2018 жылдан бастап Алматыда аз қамтылған отбасылар үшін өтеусіз негізде 1500-ге жуық газ иісін анықтайтын датчигі орнатылды. Алайда, кейбір тұрғындар оларды өшіріп тастайды, бұл үлкен қауіп төндіреді. Біз түсіндіру жұмыстарын жалғастырып, барлығын өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырамыз», - деп атап өтті Н. Атығаев.Аудан әкімдіктері атаулы көмек үшін халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 901 отбасын анықтады. Осы отбасылардың барлық 100% - ы профилактикамен қамтылған, оның ішінде 102 отбасы үйлерін қатты отынмен жылытады.Алатау ауданы әкімдігінің мәліметінше, демеушілер ХӘОТ үшін 200 датчик сатып алған. Датчиктерді орнату жұмыстары жалғасуда.«Қауіпсіздік үшін — Бірге», «Қөмек қолы» және «Таза түтін мұржасы» акциялары аясында 36 үйде атаулы өрт-профилактикалық көмек көрсетілді. Үйлерде түтін мұржаларын тазалау, жарықшақтарды бітеу, түтін арналары өтетін жерлерде қабырғаларды әктеу және іргелес аумақтарды тазалау жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, 41 үйде газ иісін анықтайтын датчиктер орнатылған.Сонымен қатар, мұқтаж отбасыларға жылыту үшін отын беру бойынша іс-шаралар ұйымдастырылды.Көпшілікті қамту үшін жұмысқа еріктілер, газ қызметі, аудан әкімдігінің қызметкерлері мен қоғам белсенділері жұмылдырылды. Тұрғындарға ТЖД-ның 8 арнайы машинасының көмегімен қосымша ақпарат берілді, олар тұрғындарды жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігі туралы хабардар етті.Сондай-ақ, мегаполистің ірі сауда орталықтарының бірінде ТЖД қоғамдық қабылдауы жұмыс істеді, онда барлық ниет білдірушілер өрт қауіпсіздігі саласында өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап ала алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/889323
Қарағанды облысында жерді қайтару жоспары артығымен орындалды 25.11.2024
Ағымдағы жылы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде Қарағанды облысы бойынша 161 064,0 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер мемлекетке қайтарылып, Жер ресурстарын басқару комитетімен 2024 жылға межеленген пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып берілген 130 000,0 га жерді қайтару жөніндегі жоспар 23,9%-ға артығымен орындалды.Қарағанды облысының жер ресурстарын басқару департаменті тарапынан жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында жер пайдаланушылар 11,5 мың гектар жерді игеруге кірісті, заңсыз берілген 4 050 га жердің жалдау шартының күші жойылды, сот шешімі бойынша 12 мың гектар жер мәжбүрлеп алынып , 6 335 га бойынша істер сотта қаралуда.Сонымен қатар, облыс бойынша қайтарылған жерлердің 94,3 мың гектары ерікті түрде бас тарту жолымен, ал 46,7 мың гектары жалдау шартының мерзімі өту себебімен қайтарылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/889305
Су кодексінің жобасына су нысандарын ластанудан, бітелуден және сарқылудан қорғау жөнінде жаңа пункттер қосылды 25.11.2024
Су ресурстары және ирригация министрлігі жаңа Су кодексінің жобасына су нысандарын ластанудан, бітелуден және сарқылудан қорғау бойынша жекелеген пункттер қосты.Мәселен, су нысандарына коммуналдық, өнеркәсіптік және басқа да қатты немесе ерімейтін қалдықтарды, сондай-ақ ластайтын заттарды тастауға тыйым салынады. Жіберілетін ағын су алдын ала тазалануы керек. Бұл ретте тазартылған ағын суды емдік-сауықтыру мақсатта пайдаланылатын су нысандарына жіберуге тыйым салынады.Су нысандарын сарқылудан қорғау үшін су пайдалану лимиттерін белгілеу, су ресурстарын басқарудың жаңа технологияларын енгізу әрі қолдану, су айындарын қорғау және басқа да іс-шаралар көзделеді.«Жаңа Су кодексінің жобасы су нысандарын қорғау жөніндегі іс-шараларды едәуір кеңейтеді және су пайдалануды реттеуді жетілдіреді. Су нысандары экожүйесін сақтау үшін судың ең төменгі рұқсат етілген деңгейі айқындалған - «экологиялық ағын» ұғымы енгізілуде. Бұл су көздерін сарқылудан және басқа да жағымсыз әсерлерден қорғайды»,- деді Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су саясаты департаментінің директоры Серікжан Бекетаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/889187
Қазақстан ТЖМ басшысы Атырау облысында жаңа өрт сөндіру бөлімін ашты 24.11.2024
24 қарашада Атырау облысы Қызылқоға ауданының Миялы ауылында №10 жаңа өрт сөндіру бөлімінің салтанатты ашылуы өтті. Салтанатты рәсімге Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов, Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов және өңірлік ТЖ департаментінің бастығы Нұрлан Жаңабаев қатысты.Жаңа өрт сөндіру бөлімінің ашылуы өңір үшін маңызды оқиға. Ол қауіпсіздік жүйесін жақсартуға елеулі үлес қосатын болады. Ведомство басшысы жаңа нысанды салу мен жарақтандыру Қазақстан Президентінің қолдауымен және министрлік жүргізіп жатқан жүйелі реформалардың арқасында мүмкін болғанын атап өтті."Құтқарушылар күні қарсаңында елордада салынған жаңа бірегей депоға президент келді. Сол кезде мен Мемлекет басшысына ауылдық жерлерде өрт сөндірушілердің де осындай жағдайлары болатынына уәде бердім. Сондықтан бүгінде министрлік ауылдарға басымдық береді. Қазір біздің ауылдық өрт сөндіру бөлімдері ең заманауи техникамен жарақтандырылуда. Сонымен қатар қызметкерлердің әлеуметтік және тұрмыстық жағдайлары жақсартылуда. Обьектілерді жөндеу және жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Биыл Атырау гарнизоны төтенше жағдайларға жедел ден қоюға мүмкіндік беретін жаңа техника алды. Бұл өрт сөндіру депосы ауыл тұрғындары үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етудің үлгісі болатынына сенімдімін. Министрлік ауылға ерекше назар аударады", - деді министр.Шыңғыс Әрінов облыс әкімі Серік Шәпкеновке өңірдің құтқару қызметтерінің инфрақұрылымын дамытудағы белсенді жұмысы үшін де алғысын білдірді, ал әкім өз кезегінде өрт сөндірушілер мен құтқарушыларға өз кәсібіне адалдығы мен төтенше жағдайлар кезіндегі жеделдігі үшін алғысын білдірді.Жергілікті бюджет есебінен салынған №10 жаңа өрт сөндіру бөлімі тиімді жұмыс істеу үшін қажетті барлық заттармен жабдықталған: бес бірлік заманауи өрт сөндіру және құтқару техникасы, ангар, байланыс пункті, психологиялық жеңілдеу және демалуға арналған бөлмелер, сондай-ақ жедел ден қоюға арналған екі шығу. Бөлімде жаңа формамен қамтамасыз етілген 58 қызметкер жұмыс істейді.Өңірде 14 өрт сөндіру бөлімі қызмет көрсетуде. Жаңа бөлімнің ашылуы Қазақстандағы қауіпсіздік жүйесін жетілдіру және азаматтарды төтенше жағдайлардан қорғауды нығайту бойынша тұрақты жұмыстың жарқын үлгісі болды. "Бұл өрт сөндіру бөлімін ашу ауыл тұрғындары үшін де, жалпы аймақ экономикасы үшін де қауіпсіздік деңгейін арттырудағы маңызды қадам болып табылады. Жаңа бөлім қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сенімді тірек болатынына сенімдіміз", - деп Атырау облысының әкімі Серік Шапкенов атап өтті.Сонымен қатар ТЖ-ға ден қоюға дайындықты жақсарту аясында жыл басынан бері Атырау облысы ТЖ департаментінің автопаркі 56 заманауи автокөлікпен толықтырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/889166
Мектеп қазандығы қалыпты жұмыс жасап тұр 24.11.2024
Ағымдағы жылдың 22 қарашасында Үржар ауылындағы Б.Момышұлы атындағы орта мектептің автономды қазандығының істен шығуы нәтижесінде аумақты қоқыстардан тазарту жүргізілді. Сондай-ақ, қосалқы қазандық іске қосылып, қажетті жылу параметрлеріне қол жеткізілді. Бұл жылу беруді жедел қалпына келтіруге мүмкіндік берді.Ал 23 қарашада таңертең жаңа қазандық жеткізіліп, орнатылды, сонымен қатар апат салдарынан зақымдалған қазандық ғимаратының шатыры қалпына келтірілді.Қазіргі уақытта негізгі қазандық жұмыс жасап тұр. Ал қосалқы қазандық резервке ауыстырылды. Мектепті жылумен жабдықтау температуралық кестеге сәйкес жүзеге асырылады, автономды қазандық штаттық режимде жұмыс істеп тұр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/889153
Абай облысының «Қыздарский» командасы «Жайдарман-2024» ойындарының вице-чемпионы атанды 24.11.2024
Жалынды жастардың басын қосқан «Жайдарман» әзілқойлар мен тапқырлар сайысының финалында осы жылы алты команда өнер көрсетті.Абай облысынан шыққан «Қыздарский» командасы «Жайдарман-2024» ойындарының вице-чемпионы атанды. Бұл олардың алғашқы жетістіктері емес. Команда осыған дейін 2023 жылы Шығыс Қазақстан облысы әкімі кубогының иегері, Семей қалалық лигасы және Ертіс Номад лигасының чемпионы атанған еді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/889154
Семейде Абай атындағы ғылыми-мәдени орталық ашылды 23.11.2024
«Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік мұражай-қорығы мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ынтымақтастығы аясында «Абай мұрасы мен қазіргі мұражай: таным тоғысында, білім, ғылым және тәрбие» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шара барысында ұлы ойшылдың туған жерінде арнайы ғылыми-мәдени орталық құру бастамасы айтылды.Жоба Абай мұрасын жастар арасында кеңінен насихаттаудың жаңа тәсілдерін іздестіру, оқу-ағарту, ғылыми және білім беру іс-шараларында заманауи мұражайлардың әлеуетін пайдалану, сондай-ақ өлкетануға басымдық беретін мәдени туризмді дамытуға бағытталған. Бастама музейге келуді арттыру және жаһандану жағдайында өскелең ұрпақты ұлттық тарих пен мәдениетті меңгеруге бағытталған.Ашылу салтанатынан кейін абайтанушылардың кездесуі өтті. Студенттерге Абай философиясы мен шығармашылығы туралы ашық дәрістер ұйымдастырылып, сарапшылар көрнекті ойшылдың мұрасы туралы өз зерттеулері мен бірегей пікірлерімен бөлісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/889142
Бородулиха ауданының инфрақұрылымы жаңғыртуды қажет етеді 23.11.2024
Бородулиха ауданына жұмыс сапары барысында облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаев тиісті басқарма басшыларымен бірге аудандағы әлеуметтік нысандардың жай-күйі мен құрылыс барысын бағамдады.Делегация барған алғашқы нысан – Новопокровка ауылындағы Мұхтар Әуезов атындағы орта мектеп. 1980 жылы салынған ғимарат 3852,3 шаршы метр аумақты қамтиды. 18 оқу кабинеті бар. Мұнда 125 оқушы білім алуда. Делегация мүшелері «Новопокровка орта мектебі» КММ-де де болды.Бородулиха колледжі де назардан тыс қалмады. Мұнда 140 студент тамақтандыру, ауыл шаруашылығын механикалау және дәнекерлеуші мамандықтарында білім алуда. Колледж 16 кәсіпорынмен ынтымақтаса отырып, өз түлектерін 100 пайыз жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.Делегация өкілдері қызмет алушылардың тұрмыс жағдайымен де танысты. Орталықтың жабдықталуын жетілдіру мәселесі, ерекше қажеттіліктері бар адамдардың жайлы және қауіпсіз тұруын қамтамасыз ететін көпфункционалды төсек-орындарды сатып алу жайы талқыланды. Орталық инфрақұрылымының басқа элементтерін жаңарту, атап айтқанда, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолжетімді ортаны құру және оңалту іс-шараларын өткізуге арналған үй-жайларды жаңғырту мүмкіндіктері қарастырылды.«Жоспарланған міндеттерді жүзеге асыру күш-жігерді біріктіруді талап етеді. Ауданды дамытуды басты назарда ұстап, әрбір тұрғынның жайлы өмір сүруіне жағдай жасау қажет. Әрбір басшы өзіне жүктелген жауапкершілікті түсініп, жүктелген міндеттерді жедел шешуі керек», – деді облыс әкімінің орынбасары.Бородулиха ауданының активімен өткен жиында облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаев пен Ішкі саясат басқармасының басшысы Айдар Садырбаев өңірдегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтау мен толеранттылықты нығайтудың маңызын атап өтті. Бірлік пен өзара түсіністікті нығайтуға бағытталған нақты шаралар талқыға түсті. Олардың қатарында өңірдегі өзге диаспоралардың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын кеңінен насихаттауға, бірлікті нығайтуға ықпал ететін қоғамдық бастамаларды қолдауға бағытталған мәдени шаралар да бар.Сапар нәтижесінде Жасұлан Сәрсебаев басқарма басшыларына ауданның әлеуметтік инфрақұрылымын жақсартуға үшін инвестиция тарту шараларын әзірлеуді, сондай-ақ аудан тұрғындары арасында толеранттылық, өзара іс-қимыл, өзара көмек идеяларын насихаттау бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/889138
Абай облысында жас ұстаздар форумына 200 жас мұғалім қатысты 23.11.2024
Абай облысында жас мұғалімдерге арналған форум өтті. Жас мамандардың кәсіби өсуіне арналған «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» облыстық форумның мақсаты – «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын іске асыру аясында жас педагогтерге кәсіби дамудың жаңа мүмкіндіктерін көрсету, педагогикалық тәжірибелерін жетілдіруге бағыт-бағдар беру.Форумның алғашқы бөлімі мотивациялық бағытта өтті. Спикерлер ретінде өз салаларында табысқа жеткен мамандар шақырылды. Олар қатысушылармен жеке тәжірибелері мен жетістіктерін бөлісті.Форумның екінші бөлімі жас мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған шеберлік сабақтарға жалғасты. Жас педагогтер білім беру процесіне инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізуге бағытталған тренингтер мен практикалық жұмыстарға қатысты. Сабақтар барысында оқыту әдістемесін жетілдіру, заманауи технологияларды тиімді қолдану және оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру жолдары талқыланды. Қатысушылар математикалық стильдегі креативті тәсілдерді, ағылшын тілі сабақтарында жасанды интеллектіні қолданудың тиімділігін, орта буын оқушыларына көркем шығарманы оқытуда цифрлық технологияларды пайдалану жолдарын қарастырды.Сонымен бірге инклюзивті білім беру жағдайында оқу үдерісін бейімдеу, оқушыларды олимпиадаға дайындау стратегиялары және STEAM негізіндегі инженерия мен дизайндағы инновациялық шешімдерді әзірлеу тәсілдері бойынша тәжірибе алмасып, кәсіби құзыреттіліктерін арттырды.Биыл үшінші рет ұйымдастырылған шараға облыстың білім беру мекемелерінен 200-ге жуық жас педагог қатысты. Қатысушылар форумнан өз салаларындағы жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеріп, кәсіби тәжірибелерін жетілдіруге арналған құнды ақпарат пен идеялар алды. Форум жас мамандардың өзара тәжірибе алмасу алаңына айналып, педагогикалық шеберліктерін дамытуға серпін берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/889139
Абай облысының оқушылары халықаралық робототехника чемпионаттарына жолдама алды 23.11.2024
Аbai Regional FIRST Championship 2024 аймақтық кезеңі өтті. Чемпионатқа Астана, Алматы қалалары және Абай, Ақмола, Жетісу облыстарынан 25 команда, 160 қатысушы қатысты. Байқау FLL Explore, FLL Challenge және FIRST Tech Challenge бағыттары бойынша ұйымдастырылды.Чемпионат қорытындысы бойынша бірқатар команда халықаралық деңгейде ел намысын қорғау құқығын иеленді.Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернатының Region18 командасы 14-16 желтоқсанда Индонезияда өтетін әлемдік чемпионатқа жолдама алды. Электротехникалық колледждің Алаш командасы ақпанда Үндістанда өтетін чемпионатқа қатысады. FTC бағыты бойынша Alash, Region18, Rai, Tengri командалары Орталық Азия чемпионатында бақ сынайды. FLL Challenge бойынша 2 Ro Álemi және НЗМ командалары аймақтық жарыстарда ел намысын қорғайды. Explore бағыты бойынша №5 гимназия және BilKids командалары Орталық Азия чемпионатына жолдама алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/889134
Астанада халықаралық STEM-олимпиада басталды 23.11.2024
Елордалық №103 мектепте STEM пәндері бойынша халықаралық олимпиада басталды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Зияткерлік сайыс білім берудегі инновацияларды ілгерілету мақсатында ұйымдастырылған.Оған Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Ресейден 200-ден астам оқушы қатысады. Қатысушылар бірнеше бағыт бойынша үздік атаққа таласады: инженерлік, Роботтар шайқасы, бағдарламалау және 3D модельдеу.Халықаралық олимпиадаға іріктеуге 1600 адам қатысты, соның ішінде 74 командада 200-ден астам қатысушы өтті.«Мен бұл олимпиадаға өткен жылдан бері қатысып келемін және бұл интеллектуалды турнирлердің өте маңызды деңгейі деп айта аламын. Біз турнирге дайындық барысында көп еңбектендік, жеңіске жетеміз деп үміттенеміз», - деді ташкенттік қатысушы Бохирбек Иброхимов.Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шараның басты мақсаты — дәл және инженерлік ғылымдарға қызығушылықты арттыру, оқушылардың шығармашылық және зерттеу әлеуетін дамыту, сондай-ақ инженерия, бағдарламалау, 3D-модельдеу және робототехника сияқты STEM-пәндерді танымал ету.«Бұл — болашақ ғылым мен технология көшбасшыларының әсерлі жиыны. Мен олардың әрқайсысы кездейсоқ емес екеніне сенімдімін. Бұл жай ғана бәсекелестік емес, бұл - сіздің біліміңізді көрсетудің және практикалық дағдыларды алудың бірегей мүмкіндігі. Мұндай іс-шараларға қатысу біздің елдеріміздің жас буыны арасында техникалық білім беруді дамытуға серпін береді», - деп атап өтті елордалық Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Дидар Сүлейманов.Олимпиаданы ұйымдастырушылар қолайлы жағдайдан басқа жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар дайындады. «Ұйымдастырушылар бізге роботтарымызбен жұмыс істеу үшін барлық мүмкіндікті берді. Материалдары жоғары сапалы, өте қуаныштымын», - деп атап өтті Өзбекстаннан келген қатысушы Бекзод Пардабаев.Олимпиада Астана әкімдігінің Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасының, «Астана Innovations» АҚ, «Дарын» РҒПО, елорданың Білім басқармасының және STEM Academia ғылыми-өндірістік компаниясының қолдауымен өткізіледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/889125
ТЖМ құтқарушылары елордада және оған іргелес елді мекендерде жаппай рейд өткізді 23.11.2024
Бүгін Астанада бірлескен профилактикалық жұмыс аясында елордалық және ақмолалық құтқарушылар елорда мен оған іргелес орналасқан облыстың аудандарында бірлескен рейд өткізді. Негізгі мақсат - өрттердің алдын алу, жеке секторда адам өлімін азайту және төтенше жағдайлардың алдын алу үшін мүдделі органдармен өзара іс-қимыл тетігін пысықтау. Оның ішінде пешпен жылытылатын тұрғын үйлерге ерекше назар аударылады.«Елорданың тұрғын секторында және оған іргелес орналасқан елді мекендерде өрт жағдайын тұрақтандыру мақсатында «Біз қауіпсіздік үшін» атты жаппай профилактикалық рейдтер өткізілуде. Жеке үйлер жылу және электр аспаптарын пайдалану ережелерін сақтамау салдарынан жоғары қауіпті аймақ болып қала береді», - деп ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Ерлан Төрегелдиев атап өтті.Жылыту кезеңі басталғаннан бері елімізде 913 өрт тіркелді, 41 адам қаза тауып, 28 адам жарақат алды. Сондықтан мұндай профилактикалық шараларды өткізу аса қажет.Құтқарушылар волонтерлермен бірлесіп үйлерге барып, тұрғындармен әңгімелесулер өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Тұрғандарға: * жылыту құрылғыларын қалай дұрыс пайдалану керек; * жарамды электр сымдарының маңыздылығы; * өрт сөндіру құралдарының болуының қажеттілігі; * өрт болған жағдайда қалай әрекет ету керек дегендей негізгі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.Құтқарушылар өрт қаупін азайту және адамдардың өмірін сақтап қалу азаматтарымыздың қауіпсіздік мәдениетін арттыру арқылы мүмкін болатынын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/889121
2 млн теңгеден айырылған: елордада интернет-алаяқтықпен күрес қалай жүріп жатыр 23.11.2024
2024 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша елорда аумағында 4100-ден астам интернет-алаяқтық дерегі тіркелді. Оның 730-ы бойынша қылмыстық іс ашылып, сот органдарына жіберілді. Бұл туралы Астана қаласы ПД Криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Айдар Қонысбек айтnы, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Жалпы, Астанада жыл басынан бері интернет-алаяқтықпен айналысқан 67 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, ал басқа да фактілер бойынша тергеу әрекеттері жалғасуда. Келтірілген залал 3 млрд теңгеден асады, оның 424 млн теңгесі өтелді.Криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілі алаяқтар банк карталарының деректерін алудың түрлі әдісін ойлап тапқанын айтады.«Алаяқтар өздерін банк, құқық қорғау органдары немесе ұялы байланыс операторы ретінде таныстырып, түрлі себептерді айтады. Мысалы, қазір алаяқтарды ұстау бойынша арнайы операция өтіп жатыр деп алдап, соған орай телефонға хабарлама арқылы келген құпия сандарды айтуды өтінеді. Онлайн-платформалар арқылы жоқ тауар мен қызметті ұсынып, алдын ала төлем жасауды сұрайды. Одан бөлек жалған жеткізу қызметін ұсынып, сілтеме арқылы деректерді толтыруды сұрайды. Осылайша, адамның жеке деректеріне қол жеткізеді. Кейде ақша көбейтудің жалған жолдарын ұсынып, бағалы қағаздар мен криптовалютаға тиімді инвестиция жасауға болатынын айтады. Алаяқтар сайттар жасап, ойдан шығарылған сауда-саттық ұымдастырып, толықтырулар мен кірістер туралы мәліметтер көрсетіледі. Қылмыскерлер WhatsApp мессенджерінің аккаунтына заңсыз кіру әрекетін де жасап жатыр. Онда зиянды сілтемені пайдаланып, әлеуметтік желідегі аккаунтын иемденіп алады. Сол адамның атынан барлық нөмірге жазып, қарызға ақша беруін сұрайды. Міне, осындай алаяқтық түрлері қазір жиі жасалады», - деді ол.Полиция басқармасы өкілінің айтуынша, елорда тұрғыны алаяқтардың арбауына түсіп, 2 миллион теңгесінен айырылған.«Астана қаласының тұрғынына белгісіз адам хабарласып, өзің телефон операторының қызметкері ретінде таныстырған. Әрі қарай қолданыстағы SIM-карта мезгілі өтіп бара жатқанын айтып, пайдалану мерзімін ұзарту үшін телефон нөміріне келген құпия санды айтуды сұраған. Қала тұрғыны алаяқтың айтқанына сеніп, хабарлама арқылы келген сандарды айтқан. Кейін тұрғынға басқа біреу хабарласып, өзің банк қызметкері деп таныстырған. Оған «Жаңа ғана алаяққа алданып қалдыңыз, ақшаңызды қауіпсіз жерге аударыңыз» деп сендірген. Елорда тұрғыны алаяқтың айтқанына көніп, ол жіберген шотқа 2 миллион 100 мың теңге ақша аударып жіберген, - дейді Айдар Қонысбек.Қазір интернет-дүкендердің қызметі тұтынушыларға түрлі мүмкіндіктер қарастырып қойған. Дегенмен алаляқтар интернет-дүкендерін пайдаланып, жеке тұлғаларды алдап, ақша жымқырып жүр.«Елорда тұрғынына белгісіз нөмір хабарласып, интернет-дүкен атынан автокөлік ұтып алғанын айтқан. Жәбірленушіге көлікті рәсімдеу және сақтандыру үшін ақша керегін айтып, 600 мың теңгеге алдап кеткен»,- деді полиция өкілі.Жыл басынан бері 900-ден астам түрлі заңсыз мазмұндағы сайттар бұғатталуға жіберілген.«Интернет-алаяқтықтың алдын алуға болады. Ол үшін күмән тудыратын сілтемелерге өтпеу керек. Ешкімге жеке деректер туралы айтпау қажет. Тауарларды әртүрлі интернет-алаңдарында сатып алатын кезде алдын ала төлем жіберу үшін мәліметтердің түпнұсқалығына көз жеткізу керек. Әлеуметтік желідегі жеке мәліметтерді сақтау үшін қиын құпиясөздер қою қажет», - деп түсіндірді полиция өкілі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/889107
«Энергетик» ықшам ауданының мәселелерін шешу бойынша Жол картасы әзірленеді 23.11.2024
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев «Энергетик» шағын ауданы тұрғындарымен кездесті. Аймақ басшысымен бұған дейінгі кездесуде тұрғындар абаттандыру, ыстық су, көше жарығы, балалар алаңын салуға қатысты мәселелерді жеткізген болатын.Бұл жолғы кездесуде шағын ауданды дамытудың нақты жоспары ұсынылып, проблемаларды кешенді түрде шешу үшін Жол картасының әзірленгені, алдағы уақытта толықтырылатыны айтылды.Жол картасына жылу, электр, су желілерін инвентаризациялау, құжаттарын ретке келтіріп, басқа құзырлы ұйымдардың балансына беру секілді шаралар енгізілген. Шағын ауданда аллеялар, жаяу жүргіншілер жолы мен балалар алаңдарын салу, көшелерге жарық орнату, аулаларды жөндеу жоспарланып отыр.«Ұзақ жылдар бойы қордаланған мәселелер бір күнде шешілмейді. Біртіндеп ретке келтіреміз. Біз «Энергетик» шағын ауданының тұрғындарға жайлы, жолдары сапалы, аулалары жаңа болғанын қалаймыз. Сол үшін арнайы Жол картасын әзірледік. Жұмыстың орындалу мерзімін белгіледік. Қалып қойған дүниелер болса қосамыз. Толықтырамыз. Жол картасы бойынша атқарылған жұмысты өздеріңізге хабардар етіп отырамыз. Сіздер барлығын білуге тиіссіздер. Бірде бір мәселе назардан тыс қалмайды» деді Нұрлан Ұранхаев.Тұрғындар өз кезегінде өтініштеріне құлақ асып, мәселелерін шешу жолдарын қарастырғаны үшін алғыс білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/889115
Қазақстанда Оксана Лут ауылдағы әлеуметтік-жауапты бизнестің табысты үлгісімен таныстырылды 23.11.2024
Қазақстанға жұмыс сапары барысында РФ Ауыл шаруашылығы министрі Оксана Лут "Родина "Агрофирма" ЖШС-не, сондай-ақ Ақмола облысының Целиноград ауданында орналасқан аттас ауылға барды.Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірінші форумында Мемлекет Басшысы "Родина" агрофирмасы ауыл шаруашылығында бизнесті қалай дұрыс жүргізу керектігінің тамаша үлгісі екенін айтты."Бұл елорданың азық-түлікпен қамтамасыз етілуіне және аймақ экономикасының дамуына елеулі үлес қосып қана қоймай, ең бастысы, өз қызметкерлері мен ауыл тұрғындарына шынымен қамқорлық жасайтын озық кәсіпорын", - деп атап өтті Президент.Министр Оксана Лут та бұған көз жеткізді. Бас директор Иван Сауэр агрофирманың сүт және ет бағыттарында жұмыс істейтіні туралы айтты.2022 жылы шаруашылықта суаруға жаңа технология енгізу бойынша жоба басталды: 2 мың гектарға 22 дөңгелек үлгідегі суару машинасы орнатылды, ауыр жүк көліктері мен заманауи егіс кешендерін сатып алуды қоса алғанда, ауыл шаруашылығы техникасын жаңғырту жүргізілді.20 мың тоннаға арналған тұқым дәрілері және астық терминалын шығаратын өзінің шағын зауыты жұмыс істейді. 750 кВт жел қондырғысы арзан электр энергиясын өндіруді қамтамасыз етеді, бұл агрофирманың тиімділігін арттырады.Оксана Лут пен делегация мүшелеріне "Глобал-90" және "Елочка" сауу қондырғыларымен жабдықталған, қуаттылығы 88 тоннаға жуық, сондай-ақ қуаттылығы тәулігіне 50 тонна қайта өңдейтін сүт зауыты жабдықталған 2,3 мың бас голштейн тұқымына арналған сүт-мал шаруашылығы кешендері көрсетілді.Күн сайын 35-45 тонна сүт және сүт өнімдері астананың сауда нүктелеріне жеткізіледі.Ауыл дамыған инфрақұрылымымен және жоғары жұмыспен қамтылуымен ерекшеленетін үлгілі елді мекен болып табылады.2023 жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында компания "Родина" ауылын қолдауға және дамытуға 791 млн теңге бағыттады. Елді мекенде екі мыңға жуық адам тұрады, толық қалалық инфрақұрылым, жайлы үйлер, кең көшелер, демалыс саябағы бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/889103
Қазақстандық аграрлық жоғары оқу орындары Ресей университеттерімен ынтымақтастықты күшейтеді 23.11.2024
Қазақстанға жұмыс сапары барысында РФ Ауыл шаруашылығы министрі Оксана Лут аграрлық ғылымның дамуымен және ҚР агроөнеркәсіптік кешеніне кадрлар даярлау жұмысымен танысты.Делегация мүшелеріне А.И. Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының қызметімен ҚР ауыл шаруашылығы министрі Айдабек Сапаров таныстырды. Онда оларға қазақстандық астық шаруашылығының тарихы мен жетістіктерімен, қазақстандық ғалымдардың селекциялық жұмысының нәтижелері көрсетіліп, Орталық жұмысы Ресей тарапының қызығушылығын арттырды.Министр екі мемлекетте де ауыл шаруашылығын одан әрі тұрақты дамыту үшін негіз болып табылатын тұқым шаруашылығы мен селекция саласындағы Ресей мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығы мен перспективаларын атап өтті.Айта кетейік, А.И. Бараев атындағы ғылыми орталық Ресейдің ғылыми мекемелерімен интеграцияны белсенді түрде дамытуда, соның ішінде "Н.И. Вавилов атындағы Бүкілресейлік өсімдіктердің генетикалық ресурстары институты" ФМБҒМ-мен және Алтай ауыл шаруашылығы ҒЗИ" ФМБҒМ-мен тәжірибе және генетикалық ресурстармен алмасуда.Институттармен ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы шарттар шеңберінде ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттарын құру бойынша бірлескен зерттеу жұмыстары жүргізілуде.Ресей делегациясының мүшелері С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде болды, ол Ресейдің 28 ғылыми және білім беру мекемелерімен, соның ішінде Сібір Мемлекеттік Геодезиялық Академиясы және Урал мемлекеттік аграрлық университетімен белсенді жұмыс істейді. ЖОО студенттері өз жобаларын таныстырды.Қонақтар ЖОО-ның материалдық-техникалық базасын, сондай-ақ зертханаларды тамашалады.Бүгінгі таңда ресейлік аграрлық жоғары оқу орындарында Қазақстаннан 64 студент, Ресейден 44 студент оқиды, бұл екі ел арасындағы ауыл шаруашылығы саласындағы білім беру ынтымақтастығына деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/889105
Жетісуда «Жаркент-Қорғас» автомобиль жолының негізгі учаскесі ашылды 23.11.2024
Жетісу облысы Панфилов ауданында ұзындығы 32 шақырым болатын «Жаркент-Қорғас» автомобиль жолының негізгі учаскесі салтанатты түрде ашылды. «Нұр жолы» кеден бекетіне, «Қорғас» ХШЫО-ға, Алтынкөл станциясына, «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА-ға баратын автокөліктер легі дәл осы жол арқылы жүреді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Автомобиль жолы қай кезде де елдің инфрақұрылымының маңызды бөлігі болып саналған. Мұндай негізгі артериялар тек жергілікті тұрғындардың ғана емес, көптеген туристердің де кедергісіз қозғалысына ықпал етіп, сонымен қатар экономиканың дамуына, басқа аймақтармен байланысты нығайтуға оң әсерін тигізеді. Бұл ретте шекаралас Панфилов ауданы да осы игі үрдістен тыс қалған жоқ.Ұзындығы 32 км болатын «Жаркент-Қорғас» жолы учаскесі Панфилов ауданының Қырыққұдық, Ақкент, Ават, Атамекен ауылдары арқылы өтеді. Бұл жол өткен ғасырдың 60-70 жылдарында салынғандықтан, соңғы жылдары көлік жүргізушілер мен жергілікті тұрғындарға біршама жайсыздық туғызған еді. Бұл ретте тұрғындар жөндеу жұмыстарының басталғанын қуана құп алып, құрылысшыларға барынша қолдау көрсетті.Құрылыс жұмыстары осы жылдың шілде айында басталып, белгіленген мердігер ұйымның жол жөндеушілері Жетісу облысы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ филиалының тапсырысымен жұмыстарды бес айдың ішінде аяқталды.- Өңірдің инфрақұрылымын дамыту және жолдардың сапасын көтеру мақсатында биыл біз Қорғас ауылынан Жаркент қаласына апаратын ескі жолға орташа жөндеу жүргіздік. Жоба аясында жаңа екі қабатты асфальт төсеу есебінен жол төсемінің сапасы жақсарды. Жол бойындағы елді мекендерде тротуар төселді, жарықтандыру, жаңа жол белгілері мен ақпараттық панельдер орнатылды, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін белгілер қойылды, - дейді «Қазавтожол» АҚ облыстық филиалының директоры Нұрхат Ақылтаев.Жолдың ашылу рәсіміне қатысқан ауыл тұрғындары алғыстарын білдірді. Үлкеншыған ауылдық округінің Қоғамдық кеңесінің төрағасы Тойлыбай Домбағұлов «Жаркент-Қорғас» жолының ұзына бойына тротуарлар, жаяу жүргіншілер өткелдері, жарықтандыру жасалғаны ауыл тұрғындары үшін қолайлы жағдай туғызғанын атап өтті. Оның айтуынша, жол сапасын күн сайын көлігімен әрлі-берлі сапарлайтын Жаркент жүргізушілері де оң бағалап отыр.Жалпы облыс аумағында республикалық маңызы бар автожолдарды қайта жаңғыртуға бағытталған ірі жобалар іске асырылуда. «Үшарал-Достық» республикалық маңызы бар жол пайдалануға берілді. Жуырда «Талдықорған – Үшарал» автожолын қайта жаңарту аяқталады, ондағы жұмыстар 98%-ға орындалды, нысанды толық аяқтау 2024 жылдың соңына жоспарланған. Сондай-ақ, Республикалық маңызы бар «Сарыөзек – Көктал» және «Айдарлы-Көктал» автожолдарында жөндеу жұмыстары жүргізілуде.Сонымен қатар осы жылы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын дамытуға 24,9 млрд. теңге бөлінді. Бұл қаражатқа 29 жоба іске асырылуда, оның аясында 193,4 км жол жөнделеді. Осылайша, 2024 жылдың соңына қарай жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті автомобиль жолдарының үлесін 94% жеткізу жоспарланған.Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/889095
«Түнгі жүгіріс»: елордада өткен іс-шараға 1500 әуесқой қатысты 23.11.2024
Астана тұрғындары үшін «Түнгі жүгіріс» іс-шарасы ұйымдастырылып, 22 қараша қараша күні 21:00-де Ботаникалық саябақта елордалықтар 4 шақырым қашықтықты бағындырды, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.Астана қаласының жұма түнінде сынап бағамы -8 градусты көрсетіп тұрды. Ұйымдастырушылар 1000 адамдық лимит қойғанына қарамастан Ботаникалық саябақта салауатты өмір салтын ұстанатын жандардың қарасы әдеттегідей өте көп болды. Кезекті ерекше «Түнгі жүгірісте» 1 500-ге жуық әуесқой спортшы тіркелді.«Бір жылда Астана қаласында 800-дей спорттық шара өткіземіз. Оның ішінде 34 мәрте марафондық жүгіріс ұйымдастырылды. Әйтсе де 2024 жылы алғаш рет «Түнгі жүгіріс» болды. Бірақ қала тұрғындары Жаңа жылдың алдында дәстүрлі түрде жүгіретіндіктен, бұл алғашқы тәжірибеміз деп айтуға келмейді. Неге Ботаникалық саябақ таңдалды? Өйткені, біріншіден, көптеген қатысушылар үшін тиімді локация. Екіншіден, қаладағы жол қозғалысына ешқандай кедергі келтірмей, емін-еркін, қауіпсіз түрде жүгіре аламыз. Үшіншіден, жүгіру жолағымен қамтылғандықтан, жарақат алу мүмкіндігі төмен. Онымен тоқтап қалмаймыз. Әлі алда отбасылық марафон жоспарымызда тұр», - деп Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ спорттық-бұқаралық іс-шараларды жоспарлау бөлімінің басшысы Көлбай Жанбек пікірін білдірді.Жүгіріске жиналған қатысушылардың ең жасы 10-да, ең егдесі 68 жаста болды. Әуесқой жүгірушілер тек қана 4 шақырымды еңсеріп қана қоймай, финиш аймағында ыстық шай мен сэндвич, тиісінше арнайы естелік медаль алды.Іс-шара соңында IPhone 15 Pro смартфоны мен 5 велосипед лотерея арқылы ойнатылып, «Таза Қазақстан» акциясы аясында қатысушылар қоқыстарын жинап кетті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/889096
Ақтөбе облысында лудоманияның алдын алу және тәуекел топтарын анықтау үшін халықтың әртүрлі топтары арасында скрининг жүргізіледі 22.11.2024
Сондай-ақ, облыс әкімінің тапсырмасымен құмар ойынның құрбаны болған адамдарға көмек көрсетуге маманданатын клиникалық психологтарды оқытуға қаражат бөлінеді.Аймақ басшысы Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен өңірлік штаб отырысында құмар ойындар мен қаржы пирамидаларының қызметіне қатысты мәселелер қаралды. Бұл проблемалар халық арасында, әсіресе жастар арасында өзекті бола түсуде. Қатысушылар лудоманияның алдын алу жолдарын және азаматтардың ақпараттандырылу деңгейін арттыру шараларын талқылады.«Ел Президентінің тапсырмасына сәйкес лудоманияның алдын алу және осы тәуелділіктен зардап шеккендерге көмек көрсетуге қатысты шаралар қабылдануда. Көптеген адамдар, әсіресе жастар арасында құмар ойындарға тәуелді бола бастағанын ескере отырып, лудоманияның алдын алуға және емдеуге бағытталған кешенді шараларды әзірлеу қажет», - деп атап өтті облыс әкімі.Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басқарма басшысы Жадан Бисенбиннің мәліметінше, биыл 20 млрд теңгеге жуық шығынды құрайтын қаржы пирамидаларын құру және басқару фактілері бойынша 57 қылмыстық іс тіркелген.IMAS жүйесінің көмегімен жаңалықтар порталдары, блогтар, сайттар мен аккаунттар бақыланып отыр, күдікті мазмұны бар барлық заңсыз контентке тоқтау салынды. Осы жылдың өзінде 403 финпирамидалық сілтемебұғатталды және 23 мың жазылушысы бар 6 аккаунт жойылды.Өз кезегінде Ішкі саясат басқармасының басшысы Әлібек Байнешов халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру, интернет-алаяқтық және лудоманияның алдын алу үшін қандай ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқаны туралы айтып берді.«Ақтөбе қаласында жастармен жұмыс істейтін мамандарға арналған мемлекеттік жастар саясаты мектебі өз жұмысын бастады. Жоба аясында жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлері лудомания, репродукциялық саулық тақырыптары бойынша үш күндік оқыту бағдарламасын өткізді. Алғашқы курсқа Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарының жастарынан 32 маман қатысты. Бұл аталған жобаның еліміздің барлық өңірлері үшін ауқымы кең екенін, маңыздылығын көрсетеді»,-деп атап өтті Әлібек Байнешов.Облыстық психикалық денсаулық орталығы басшысының орынбасары Гүлмира Оразова атап өткендей, барлық құмар ойыннан зардап шеккен азаматтар медициналық көмекке жүгінбейді. Бүгінгі таңда осы диагнозы бар науқастарды емдеу Жаңақоныс тұрғын алабында орналасқан орталық базасында жүзеге асырылады. Соңғы үш жылда төрт адам емделген, олар өздерінің ауруын мойындаудан қорықпапты және қолдау сұрай келген. Олар емдеу курсынан өтіп, динамикалық бақылауға алынған. Орталықта арнайы кабинет жұмыс істейді, онда пациенттер кеңес ала алады. Барлық өтініштер құпия түрде қаралады.Облыс әкімі жиын соңында құмар ойындарға тәуелділіктің таралуына қарсы күрес аясында оның зияны туралы мемлекеттік қызметшілер мен жалпы халық арасында насихаттау жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Жастарға профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізуге ерекше назар аударылуы тиіс. Түрлі алаңдарда, соның ішінде білім беру мекемелері мен мемлекеттік органдарда лудоманияның зияны және олардың адам өміріне, денсаулығы мен әл-ауқатына кері әсері туралы пікірталастар өткізу керек.Сондай-ақ, Асхат Шахаров ойынға тәуелділікке бейімділікті ерте кезеңдерде анықтауға мүмкіндік беретін бағдарламаны әзірлеу туралы ұсыныс жасады. Зардап шеккендерге білікті көмек көрсету үшін клиникалық психологтарды оқытуға қаражат бөлінеді. Лудоманияның алдын алу және халықтың әртүрлі топтары арасында тәуекел топтарын анықтау мақсатында скрининг жүргізу жоспарланған. Оқушыларға, қаржы қызметкерлеріне және мемлекеттік қызметшілерге ерекше көңіл бөлінеді. «Бұл құбылыстар, әсіресе жеңіл ақшаға оңай кенелудің құрбаны болған жастарға үлкен қауіп. Біз осындай схемаларды уақытылы анықтау және олардың таралуын болдырмасүшін күш біріктіруіміз керек», - деді аймақ басшысы. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/889072
Қазақстан мен Ресейдің ауыл шаруашылығы ведомстволары агроөнім саудасын жеңілдетуге ұмтылуда 22.11.2024
Бүгін Астанада Қазақстан мен Ресей Федерациясының Ауыл шаруашылығы министрлері Айдарбек Сапаров пен Оксана Лут кездесті. Тараптар АӨК саласындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады. «Қазақстан мен Ресей-ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша стратегиялық әріптестер, бұл ретте агроөнеркәсіптік кешен онда ерекше орын алады. Бүгінгі кездесу - өзекті мәселелерді нақты талқылауға, ынтымақтастығымызды одан да нәтижелі ету үшін бар кедергілерді жою үшін шешімдер іздеуге ден қоюға тамаша мүмкіндік», - деді Айдарбек Сапаров.Ол кездесудің ауыл шаруашылығы өнімдерінің сауда мүмкіндіктерін кеңейту үшін маңыздылығын атап өтіп, ҚР мен РФ өз аумақтарында тауарлардың едәуір көлемінің транзитін қамтамасыз ететінін, соның ішінде астық бойынша айтылды.«Бірлескен күш - жігермен біз экономикалық байланыстарды тереңдетіп қана қоймай, өзара іс-қимылдың жаңа деңгейлеріне шыға аламыз, бұл біздің фермерлер үшін де, тұтынушылар үшін де тиімді болады», - деп қосты министр.Өз кезегінде Оксана Лут біздің елдеріміздің ынтымақтастықты кеңейту үшін айтарлықтай әлеуеті бар екенін атап өтті.Атап айтқанда, ғылыми-техникалық, ауыл шаруашылығы дақылдарын іріктеу, жануарлар генетикасы және биотехнология саласында. Бұдан басқа, Ресей мен Қазақстан АӨК үшін кадрлар даярлау бойынша өзара іс - қимылды күшейте алады-бірінші кезекте бірлескен желілік білім беру бағдарламалары мен қос дипломдық бағдарламаларды құру есебінен.Ресей Федерациясы Ауыл шаруашылығы министрінің Қазақстанға жұмыс сапары аясында екі елдің өкілдері бірқатар проблемалық мәселелерді қарастырды. Атап айтқанда, тауарлардың ветеринариялық бақылауындағы, өсімдік шаруашылығы өнімдері транзитінің сауда кедергілері мен күрделілігі талқыланды.Ғылыми-техникалық ынтымақтастық, оның ішінде селекция және тұқым шаруашылығы, аграрлық білім беру, техникалық реттеу бойынша өзара іс-қимыл және ЕАЭО шеңберіндегі тарифтік реттеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.Сондай-ақ, Ресей делегациясына АӨК-де қолданылатын қазақстандық ақпараттық жүйелердің пулы таныстырылды.Айдарбек Сапаров деректерді жедел беру және біздің елдеріміз арасындағы тауарлардың қозғалысын есепке алу үшін ақпараттық жүйелерді синхрондаудағы елеулі прогреске назар аударды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/889048