Саясат
Астанада насыбайдың заңсыз саудасы анықталды: рейд жүріп жатыр 17.01.2025
Елорданың Есіл ауданында полиция қызметкерлері мен әкімдік өкілдері насыбай мен снюстың заңсыз айналымы фактілерін анықтау мақсатында кезекті рейд жүргізді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Аудан әкімдігінің өкілдері мен полиция бөлімшелерінің қызметкерлері де шегілмейтін темекі өнімдерін сатуға тыйым салу жөнінде кәсіпкерлерге түсіндіру жүргізді.Тексеру барысында 10 сауда нысаны тексеріліп, оның бірінде тыйым салынған насыбайдың сатылғаны тіркелді.Сауда нүктесінің иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалып, 25 АЕК көлемінде айыппұл салынды.Есіл ауданы әкімдігінің басшысы Әли Жолтабар мұндай іс-шаралар қала тұрғындары үшін салауатты және қауіпсіз орта құруға ықпал ететінін атап өтті.«Біз осындай тауарлардың таралуын болдырмау және тұрғындарды олардың қауіптері туралы хабардар ету үшін осы бағытта белсенді жұмыс істеуіміз керек», - деді ол.Құқық бұзушылықтарды анықтауға арналған рейдтер жастар арасында зиянды әдеттердің алдын алуға және кәсіпкерлердің заңды сақтаудағы жауапкершілігін арттыруға бағытталған.Шара барысында Астана қаласының барлық алты ауданында дүкен сатушыларына профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/919839
Астанада өзгенің мүлкін бүлдірген 330-дан астам бұзақы ұсталып, жазаланды 17.01.2025
Астанада вандализм және бөтеннің мүлкіне зиян келтіру әрекеттерімен күресу бойынша қарқынды және күшейтілген жұмыстар жүріп жатыр. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері қала басшылығымен бірлесе отырып, осындай заң бұзушыларды анықтауға және алдын алуға бағытталған іс-шараларды белсенді жүргізіп жатыр, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.2024 жылы жалпы сомасы 17 млн 112 мың 420 теңгені құрайтын 360-тан астам бұзақылық оқиғасы анықталды. 2025 жылы жыл басынан 393 мың 200 теңгені құрайтын 10 факті тіркелді.Бұзақылық жасағаны үшін 337 азамат жауапкершілікке тартылып, оның 198-іне айыппұл салынып, 139-ы әкімшілік қамауға алынды.Барлық құқық бұзушы табылып, ҚР ӘҚБтК-нің 147-1 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Оқиғаның бірі қаладағы тұрғын үйлердің бірінде болды. 34 жастағы тұрғын лифт есігін теуіп әдейі сындырған. Полицейлер құқық бұзушыны анықтап, нәтижесінде ол бөтеннің мүлкін қасақана жойғаны немесе бүлдіргені үшін жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен ер адам 15 тәулікке уақытша ұстау изоляторына қамалды.Естеріңізге сала кетейік, бұзақылық әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. Мұндай әрекет үшін айыппұл салынып, өтемақы немесе тіпті қамауға алынуы мүмкін.Полицейлер қалада тәртіп пен тазалықты сақтауға, сондай-ақ қоғамға жат әрекеттердің алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстарды тұрақты түрде жүргізеді. Акцияның мақсаты – кез келген бұзақылық жағдайды тоқтату және елордада тазалық пен тәртіпті сақтау.Бұзақылықтың алдын алу жұмыстары қалалық прокуратура және полиция бөлімімен келісе отырып жүргізіліп жатыр. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/920078
Нұра ауданындағы сауда орындарының иелеріне насыбай мен снюс сатқаны үшін айыппұл салынды 17.01.2025
Нұра ауданының әкімдігі аудандық Полиция басқармасымен бірлесіп, шегілмейтін темекі өнімдерін заңсыз сату фактілерін анықтау мақсатында кезекті рейд жүргізді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Рейд аясында олар аудандағы ірі тұрғын үй кешендерінде орналасқан кәсіпкерлік нысандарын тексерді. Нәтижесінде екі дүкеннен насыбай мен снюс табылды.Полиция қызметкерлері жалпы құны 12 250 теңге тұратын 20-ға жуық насыбай мен 15 бума снюс тәркіледі. Сауда нүктелерінің иелері ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 98 300 теңге (25 АЕК) айыппұл салынды.«Ауданымызда мониторингтік іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Жыл басынан бері 16 дүкен тексерілді. 2 нысанда заңбұзушылықтар анықталып, ол үшін дүкен иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Біз барлық кәсіпкерге тыйым салынған тауарларды сатпау мәселесін ескертеміз», - деп атап өтті кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Батырхан Жанпейісов.Жедел профилактикалық іс-шараларды аудан әкімдіктерінің қызметкерлері Астана қаласы ПД Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп жүргізуде. Рейдте жеке кәсіпкерлік нысандары – сауда орталықтары, азық-түлік дүкендері тексеріледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/920152
Астанада бір жылда 41 мыңнан астам адам «Жанұя» орталығына жүгінді 17.01.2025
Астанада бірнеше жылдан бері «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы жұмыс істейді. Өткен жылы мұнда 41 мыңнан астам азамат 44 мың түрлі мәселе бойынша көмек сұрады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Астана әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға жан-жақты қолдау көрсету үшін құрылған.2024 жылы «Жанұяға» 44 мыңнан астам мәселе бойынша 41 мыңнан астам адам жүгінді, оның ішінде:- Заң көмегіне 1 243 өтініш;- психологиялық көмек бойынша 495 өтініш;- 27 653 өтініш әлеуметтік қызметтер портының жұмысы мәселелеріне: 17 208 өтініш қабылданды, 10 445 адамға кеңес берілді.Айта кетерлігі, 2051 отбасы қайырымдылық қорларымен бірлесіп, орталықтан азық-түлік себетін, гигиеналық құралдарды, тұрмыстық химия құралдарын алып, мәдени-ойын-сауық шараларына бару түрінде қайырымдылық көмек көрсетті.Өмірлік қиын жағдайдағы отбасылар үшін 64 іс-шара өткізілді, олар – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша іс-шаралар: мәдени-сауық іс-шаралары, семинарлар мен тренингтер, шеберлік сабақтары, құқықтық мәселелер бойынша ашық есік күндері, құқықтық сауаттылық және психологиялық көмек көрсету бойынша тікелей эфирлер.«Жанұя» орталығына +7 (7172) 72-51-51 телефоны бойынша байланыс орталығы немесе zhanuya@otbasy-astana.kz электронды поштасы арқылы хабарласуға болады.Мекеме дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00 (түскі ас 13.00-ден 14.00-ге дейін) аралығында жұмыс істейді. Мекенжайы : Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік, 14.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/920223
Алматы облысы бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің басшысы тағайындалды 17.01.2025
Бүгін Алматы облысы әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергеновтің төрағалығымен өткен жиында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өңірлік департаментінің жаңа басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы лауазымына тағайындалған Нұрсұлтан Сейдалиев таныстырылды. Жиынға Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Салауат Мүксімов қатысты.Салауат Мүксімов өз сөзінде Нұрсұлтан Сейдалиевтің мемлекеттік қызмет саласындағы көпжылдық тәжірибесін және басқарушылық қабілетін атап өтіп, оның жаңа қызметте облыстағы мемлекеттік қызмет сапасын жақсартуға үлкен үлес қосатынына сенім білдірді.Өз кезегінде Нұржан Құдайбергенов жаңа басшыға сәттілік тілеп, облыс әкімдігі тарапынан өңірдегі мемлекеттік қызмет сапасын арттыру мен әдеп стандарттарын нығайтуға қажетті қолдау көрсетілетінін жеткізді.Нұрсұлтан Сейдалиев сенім білдіргені үшін алғыс айтып, өңірдегі мемлекеттік қызметті дамыту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және этикалық нормаларды сақтау бағытындағы жұмыстарды жалғастыратынын мәлімдеді.Шара барысында қатысушылар Нұрсұлтан Сейдалиевтің тағайындалуы өңірдегі мемлекеттік қызмет сапасын арттыруға серпін беретініне сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/919693
7 жасар қонаевтық оқушы ашық суда жүзуден күміс жеңіп алды 17.01.2025
Дубайда өткен «Оушенмен» жарысында Қонаев қаласының спортшысы, 7 жасар Дмитрий Кремпин күміс медаль жеңіп алды.Халықаралық додаға 20 елден 4 пен 17 жас аралығындағы 100-ден астам бала мен жасөспірім қатысып, ашық суда жүзуден жарысты. Жас спортшылардың қатарында Дмитрий де болды. Ол 500 метр қашықтықты бағындырып, жүлделі ІІ орынға табан тіреді. Қазақстан намысын қорғаған Дмитрий 5 жасынан бастап жүзумен айналысып келеді.Дмитрий Қонаев қаласындағы «Айдария» бассейнінде жаттығады. Анасы Лариса Кремпина ұлының осы спорт түрін таңдағанына қуанышты.Ал Дмитрийдің жаттықтырушысы – Мадияр Кемелжан. Ол осы жетістіктермен шектеліп қалмай, келесі жылы өз шәкірттерін ірі додаларға көбірек қатыстыруды жоспарлап отыр.Облыс орталығы Қонаев қаласында жүзу спортына арналған тек бір бассейн ғана бар. Оның қызметі ақылы. Мекеме көпбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арнайы жеңілдіктер ұсынады. Бүгінгі күні мұнда 115 бала жаттығады, олардың шамамен 20-сы мүмкіндігі шектеулі балалар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/919724
Қызылорда облысында жаңадан су қоймасы мен каналдар салынады 17.01.2025
Су ресурстары және ирригация министрлігі Қызылорда облысына жаңадан су қоймасы мен каналдар салуды жоспарлап отыр. Бұдан бөлек, 2 су торабы мен 4 гидротехникалық құрылысқа реконструкция жасалады. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов аймақтың су шаруашылығы өкілдерімен кездесті.Ведомство басшысы министрліктің негізгі бағыттар бойынша атқарған жұмысы туралы баяндады. Бүгінгі таңда, Қызылорда облысында жалпы ұзындығы 232 шақырымға жуық 5 каналда суды есепке алудың автоматтандырылған жүйесін орната отырып, су жинау станцияларын реконструкциялау жобасы іске асырылып жатыр. Оған қоса, ұзындығы 2600 шақырымнан асатын 16 магистральдық және шаруашылықаралық арналарды автоматтандыру үшін жобалау- сметалық құжаттама әзірленуде.Облыста су үнемдеу технологияларын енгізу бойынша да жұмыс жалғасуда. Мәселен, өткен жылы Қызылорда облысының шаруалары су үнемдеу технологияларын енгізудің нәтижесінде 200 млн текше метрге жуық су үнемдеді.«Көршілес елдермен екіжақты және үшжақты келіссөздер мен қабылданған шешімдердің нәтижесінде 2024 жылы Шардара су қоймасына 15 млрд текше метрден астам су келді. Оның 4,8 млрд текше метрі суару кезеңінде, ал 10,3 млрд текше метрі вегетацияаралық кезеңде жиналды. Қаратерең су бекеті арқылы Солтүстік Аралға 2,6 млрд текше метр су жіберілді. Салыстырмалы түрде айтсақ, 2022 жылы Аралға бар болғаны 816 млн текше метр су жіберілген еді» ,- деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/919521
СІЗДІҢ ДАУЫСЫҢЫЗ ҚАУІПСІЗДІК ҮШІН: ТЖМ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ САУАЛНАМА 17.01.2025
Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі барлық азаматтарды маңызды сауалнамаға қатысуға шақырады. Мақсаты-ТЖМ жұртшылықпен өзара іс-қимыл деңгейін, сондай-ақ ведомство қызметі туралы ақпараттың қолжетімділігі мен ашықтығын бағалау. Сіздердің жауаптарыңыз бен ұсыныстарыңыз халықпен қарым-қатынасты жақсартуға, ТЖМ жұмысының тиімділігін арттыруға және қауіпсіздік шаралары туралы өзекті ақпаратпен қамтамасыз етуге көмектеседі. Сауалнамадан бірнеше минут ішінде өтуге болады. Алынған барлық деректер тек министрліктің баспасөз қызметінің жұмысын талдау және одан әрі жақсарту үшін пайдаланылатын болады. Сауалнама 2025 жылғы 16-31 қаңтар аралығында ТЖМ ресми сайтында қолжетімді. Сауалнамаға қатысып, өз пікіріңізбен бөлісіңіз! Сіздің белсенділігіңіз біздің жұмысымызды одан да тиімді етуге көмектеседі. Сауалнама сілтемесі: https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/survey/2012?lang=kk. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/919235
Жетісу облысында оңалту орталығы ашылды 17.01.2025
Бүгін Жетісу облысында 3 пен 18 жас аралығындағы неврологиялық диагнозы бар балаларды кешенді оңалтуға бағытталған «Қамқорлық» оңалту орталығы ашылды. Бұл шара Мемлекет басшысының мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту бойынша маңызды әлеуметтік міндетті шешуге үкіметтік емес секторды тарту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру аясында жүзеге асырылды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Оңалту орталығы Сарқан аудандық ауруханасының ғимаратында ашылды. Бірқатар қоғамдық қордың демеушілігінің арқасында және бюджеттен қаржы бөлініп, орталық аурухана ғимаратының біріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, заман талабына сай жабдықталды. Жаңа нысанда емдік дене шынықтыру кабинеті, шунгит, тұз және интерактивті кабинеттер, сондай-ақ шомылу ванналарын қабылдау бөлмесі бар. «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры төрағасының орынбасары Ләззат Шыңғысбаева айтуынша, орталық Сарқан ауданынан бөлек, жақын маңдағы Ақсу және Алакөл аудандарының тұрғындары да ем алады.– Мемлекет басшысы атап өткендей, оңалту қызметінің сапалы болуы және оның ерекше балалар үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету маңызды. Осыған орай ауданда заманауи оңалту орталығының ашылды. Біз мамандарды даярлау мен олардың біліктілігін арттыруға көмектесеміз, – деді Л. Шыңғысбаева.Орталықта невропатолог, реабилитолог, педиатр және терапевт, ортопед, логопед, дефектолог, психолог сияқты білікті мамандар қызмет істейді. Мұнда өзге облыстан келген мамандар да бар.– Жұмысқа Атырау қаласынан арнайы келдім. Оңалту орталығында баланың әлеуметтік бейімделуі мен танымдық саласының дамуы үшін барлық жағдай жасалыпты. Мамандығым бойынша мен реабилитологпын. Өз тарапымнан оңалту сапасын жақсартуға бар күшімді саламын, – деді Әсем Нұрқасымова.Айта кетейік, жоба орталық жүйке жүйесі зақымданған балаларды оңалтуға, оларды әлеуметтік бейімдеуге және ерте мүгедектіктің алдын алуға бағытталған. Бір жылдың ішінде орталық 21 күндік сауықтыру курсын ұсынып, 600 баланы қабылдай алады. Бұл ретте үздіксіз ем алу үшін балалардың 2-3 ай сайын оңалтудан өтуіне мүмкіндік бар. Орталықта ай сайын сал ауруы, шала туылу, даун синдромы, үдемелі бұлшықет дистрофиясы, босану кезіндегі жарақат сияқты диагнозы бар 50 баланы қабылдауға мүмкіндік бар.– Менің балам церебральды сал ауруымен ауырады. Балама оңалту кешенін жүргізу үшін алдымен Талдықорғанға, сосын Алматы мен Астанаға баруға тура келді. Ауырған баланы әр қалаға тасу оңай емес. Оған жан-жақты және тұрақты оңалту қажет. Енді қаламызда заманауи оңалту орталығының ашылуымен жұмыс әлдеқайда жеңілдеді. Басқа қалаға бармаймыз, – дейді қала тұрғыны Майра Тұрсынова.Балаларды оңалту орталығы облыс басшылығы мен қайырымдылық қорлардың бірлескен жұмысының арқасында ашылғанын айта кеткен жөн. Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі Фототілші: Қанат БайдрақымовАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/919489
ҚР АШМ бірыңғай цифрлық платформаға ауыл шаруашылығы техникасын есепке алу жүйесін енгізуде 16.01.2025
ҚР АШМ ЦДИАӨМ және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен бірге «2.0 ХҚКО» АЖ бірыңғай цифрлық платформасы шеңберінде ауыл шаруашылығы техникасын есепке алу жүйесін құру жөніндегі жобаны іске қосады.Жоба Премьер-Министрдің ауыл шаруашылығы техникасын тіркеу рәсімдерін жеңілдетуге, сондай-ақ аграршылар үшін мемлекеттік қызметтердің ашықтығы мен қолжетімділігін жақсартуға бағытталған тапсырмасына сәйкес бастамашылық етті.Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов «2.0 ХҚКО» АЖ-дағы ауыл шаруашылығы техникасын есепке алу жүйесі мемлекеттік қызмет көрсету уақытын қысқартуға, деректерді өңдеу кезінде қателерді барынша азайтуға және ауыл шаруашылығы техникасын есепке алу мен тіркеу үшін бірыңғай цифрлық кеңістік құруға мүмкіндік беретінін атап өтіп, жобаны іске асыру туралы айтты.Машиналарды бастапқы тіркеу жөніндегі функцияның пилоттық іске қосылуы 2024 жылғы тамызда Алматы және Қостанай қалаларында өтті. Жүйенің мүмкіндіктері, оның ішінде көрсетілетін қызметті алушылар үшін әлеуметтік жеңілдіктерді ескере отырып, электрондық кезек арқылы өтінімдерді қабылдау, орталықтандырылған деректер базасы арқылы құжаттар мен техника туралы деректерді тексеру, цифрлық тіркеу құжаттарын беру бойынша сынақтан өткізілді.2025 жылдың екінші тоқсанынан бастап ауыл шаруашылығы техникасын есепке алу саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер ХҚКО арқылы көрсетілетін болады. Қызметтер тізбесіне техниканы тіркеу және қайта тіркеу, тракторшы-машинист куәліктерін беру, кепілдерді мемлекеттік тіркеу және техникалық байқау жүргізу кіреді.«Қызмет көрсетудің цифрлық форматы Қазақстанның ауыл шаруашылығын жаңғырту мен цифрландыруға жасалған маңызды қадам болып табылады, бұл ұзақ мерзімді перспективада өнімділікті жақсартуға және аграршыларды күнделікті қызметінде қолдауға ықпал ететін болады», - деп түйіндеді вице-министр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/918879
Al Karal жемшөп қоспалары мен тыңайтқыштар шығаратын зауытты іске қосты 16.01.2025
Black Biotechnology биокорпорациясы жылына 6000 тонна Al Karal брендімен жемшөп қоспалары мен тыңайтқыштар шығаратын зауыт іске қосылатынын жариялады.2020 жылдан бастап кәсіпорын мал мен құсқа арналған жемшөп қоспаларын, өсімдіктерге арналған органоминералды тыңайтқыштарды, үй жануарларына арналған биологиялық қоспаларды шығарады.Компания командасына жоғары білікті биологтар, органикалық химиктер, ветеринария және агрономия мамандары кіреді, бұл өнімнің жоғары сапасы мен инновациясын қамтамасыз етеді. Жемшөп қоспалары мен тыңайтқыштарды өндіру үшін олар көптеген зерттеулер мен сараптамалар жүргізеді. Барлық өнімдер компания ғалымдары мен инженерлері әзірлеген бірегей жабдықты пайдалана отырып шығарылады.Бастапқыда барлық өнім Алматыда қуаты айына 90 тоннаға дейін шағын кәсіпорында өндірілді. Алайда, алыс шетелдердің нарықтарына шығу жоспарларын ескере отырып, өндірісті кеңейту туралы шешім қабылданды.Ауданы 3 мың шаршы метр зауыт бір жылда Алматы индустриалды аймағының аумағында салынды. Оның қуаттылығы айына 500 тонна өнімді құрайды.Қазіргі уақытта зауытта заманауи жабдықтар орнатылуда, сондай-ақ экспорт географиясын кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілуде.«Al Karal өнімдерінің 40% -ы жақын және алыс шетелдерге экспортталады. 2024 жылы біз Вьетнаммен екі меморандумға, Қытаймен үш меморандумға қол қойдық, сондай-ақ Аргентина мен Бразилиямен уағдаластыққа қол жеткіздік. Біз сондай - ақ Катармен және БАӘ-мен келіссөздер жүргізіп жатырмыз», - деді компанияның негізін қалаушы Әсем Кенжебек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/919124
Қазақстанда жоғары технологиялық дрондар өндірісі жоспарлануда 16.01.2025
Yesil Technology Company компаниясы Алматы облысында жоғары технологиялық дрондар шығаратын кәсіпорын салуды жоспарлап отыр.Жобаны Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «KAZAKH INVEST» АҚ қолдауымен жүзеге асыру көзделген.Бүгін ҚР АШМ өкілдері мен инвесторлар арасында өзара әрекеттестік туралы меморандумға қол қойылды.Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуы мен экономиканы әртараптандыруды қолдауға бағытталған жобаның құны шамамен 12 миллион АҚШ долларын құрайды.Өндірілетін дрондар Қазақстанның ішкі нарығына ғана емес, Орталық Азия елдеріне де экспортталатын болады.Өндірістік процеске халықаралық тәжірибесі бар жетекші инженерлер мен қазақстандық мамандар қатысады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/919448
3,2 млн балық шабағы Атырау облысындағы Бақсай су арнасында құтқарылды 16.01.2025
Махамбет ауданына қарасты Х.Ерғалиев елді мекені маңындағы Бақсай су арнасында балық шабақтарын құтқару жұмыстары жалғасуда.Су арнасында балық шабақтарының жиналуы 13 қаңтарда анықталған.Жедел мәліметтерге сәйкес, 16 қаңтарда 1,2 миллионға жуық шабақ құтқарылды.Салмағы 5-6 грамм болатын құтқарылған қарабалық пен сазан шабақтары тірі күйінде Жайық өзеніне жеткізілуде.Жалпы, бірнеше күннің ішінде құтқарылған балық шабақтарының саны 3,2 миллионға жетті.Іс-шараларға 40 адам және 7 техника жұмылдырылған.Жағдай ерекше бақылауға алынған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/919451
Ақмола облысының әкімі «KOKSHE» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясында кеңес өткізді 16.01.2025
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «KOKSHE» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясында (ӘКК) кеңес өткізді. Бұл корпорация өңір үшін маңызды «Кең дала 2» және «Ауыл Аманаты» бағдарламаларын, сүт-тауар фермаларын салу бойынша инвестициялық жобаларды, «Цифрлық теңге» пилоттық жобасын, тұрғын үй қорын жаңғырту сынды ауқымды бастамаларды іске асырады.«KOKSHE» ӘКК басқарма төрағасының орынбасары Еркебұлан Баяхметов 2024 жылы «Кең дала 2» бағдарламасы аясында 11 млрд теңгеге 35 өтінім мақұлданып қаржыландырылғанын атап өтті. 2025 жылғы көктемгі егіс жұмыстарына дайындықты бастау үшін жеңілдетілген несиелерге өтінім қабылдау өткен жылдың желтоқсан айынан басталды. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ мен «KOKSHE» ӘКК арасында 32 млрд теңгеге негіздемелік келісім жасалды. Фермерлер жеңілдетілген несиелер алып, егіс жұмыстарына дайындалуда.Сонымен қатар, ӘКК төрағасының орынбасары өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру, әлеуметтік маңызы бар тауарлар өндірушілері мен қайта өңдеу кәсіпорындарын форвардтық қаржыландыру, сондай-ақ сүт-тауарлы фермалар құрылысына бағытталған жеті инвестициялық жоба туралы баяндады.Негізгі көрсеткіштер бойынша есептерді тыңдағаннан кейін Марат Ахметжанов мемлекеттік қолдау ретінде жеңілдетілген несиелер мен субсидиялар алған ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өнімділік пен сапа бойынша жоғары нәтижелер көрсетуі тиіс екенін атап өтті. Ол тиімді нәтижелерге қол жеткізу үшін аудан әкімдіктерінің аграрийлермен және «KOKSHE» ӘКК-мен үйлесімді жұмыс істеуі қажет екенін ескертті.«KOKSHE» ӘКК өңіріміз үшін маңызды міндеттерді шешуі керек. «Ауыл Аманаты» және «Кең Дала 2» несие беру бағдарламаларына ерекше назар аудару қажет. Бұл несиелеу бағдарламалары өз салаларында ауыл шаруашылығы мен жалпы экономиканың тұрақты дамуының негізі болып табылады. Сондықтан бағдарлама қатысушыларын белсенді ақпараттандыруды қамтамасыз етіп, несиелеуге өтінімдерді жедел беру мен қарау үшін барлық қажетті жағдайларды жасау қажет», – деп атап өтті М. Ахметжанов.Аудан әкімдеріне «Ауыл Аманаты» бағдарламасының әлеуетті қатысушыларын анықтау үшін елді мекендерді скринингтен өткізу және әрбір қарыз алушыны сүйемелдеуді қамтамасыз ету тапсырылды. Бұл бағдарламаны іске асыруға 1,8 млрд теңге бөлініп, 391 жаңа жұмыс орнын құруға жол ашатын кемінде 308 шағын несие беру жоспарлануда.Сонымен қатар, облыс әкіміне Көкшетаудағы тұрғын үй қорын жаңарту туралы баяндалды. Уәлиханов – Гоголь, Саин – Быковский көшелерінің шаршысында алты ескі үй сүріліп, екі көпқабатты үйдің іргетасы құйылып, мұнаралы крандар орнатылды.«Сіздің тапсырмаңыз бойынша бұл бағдарламаны екі кезеңге бөлдік: бірінші кезең – 2025-2027 жылдар, екінші кезең – 2028-2030 жылдар. Нүктелі құрылысқа сәйкес келетін екі кварталды аймақты қарастыруды ұсынамыз. Вернадский 11 мекенжайындағы апатты үй мәселесі ескеріліп отыр. Екінші орын: Абай-Тәшенов-Әуезов-Пушкин көшелерінің шаршысы. Бұл жерде 66 пәтер бар, қазір меншік иелерімен жұмыс жүргізілуде, олар пәтерлерін сатуға дайын», – деп атап өтті ӘКК төрағасының орынбасары Әли Әлиев. Ол тұрғын үй қорын жаңғырту бағдарламасы халық арасында жақсы пікірлер туындатып қана қоймай, құрылыс компаниялары арасындағы әлеуетті инвесторларды да тартқанын тілге тиек етті.Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов кеңес қорытындысы бойынша аталған жобалар өңір экономикасын айтарлықтай жақсартуға қабілетті екенін атап өтіп, жұмысты белсенді жалғастыруды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/919483
Жетісу облысында жыл соңына дейін орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету деңгейі 92,5%-ға жетеді 16.01.2025
Жетісу облысында 2025 жылдың қорытындысы бойынша орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету деңгейі 92,5% немесе 331 елді мекенге жетеді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметтері бойынша қазіргі кезеңде өңірде 321 ауылды қоса алғанда, 358 елді мекеннің 327-сі немесе 91,3 пайыз орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген.- Өткен жылы сумен жабдықтау жүйелерін салу және қайта жаңарту бойынша 9 жаңа және 13 өтпелі жобаны қоса алғанда, 22 жобаны іске асыруға республикалық және жергілікті бюджеттерден 7,7 млрд.теңге бөлінді. Нәтижесінде 267 шақырым желі салынды, 14 елді мекенде ауыз судың сапасы жақсарды. Сондай-ақ, Алакөл ауданындағы 2 ауыл орталықтандырылған су жүйесіне қосылды. Бұл ретте 6 елді мекенде жобалар өтпелі болып табылады. Сонымен қатар, Алакөл ауданы Теректі, Қоңыр, Лепсі, Ескелді ауданы Жалғызағаш, Қаратал ауданы Ұмтыл, Кербұлақ ауданы Ақбастау, Тастыөзек, Панфилов ауданы Қырыққұдық, Шолақай, Керімағаш ауылдарында және Көксу ауданы Көксу станциясында, сондай-ақ Талдықорған және Текелі қалаларында 2025 жылға республикалық бюджеттен 14 жобаны іске асыру үшін осы кезеңде 3,4 млрд. теңге қарастырылған. Нәтижесінде 2604 адам тұратын Алакөл, Қаратал, Ақсу, Панфилов аудандарының 4 ауылы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етіледі. 267 шақырым сумен жабдықтау желілері салынып, қайта жаңартылады, - деп мәлімдеді басқарма өкілдері.Жалпы, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Жетісу облысында орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету деңгейі 92,5% немесе 331 елді мекенге жетеді.Айта кетсек, өңірдегі су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы 3 935 шақырым. Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі Суреттер архивтен алынғанАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/918734
Ақмола облысында Чаглинка өзенінің арнасы тереңдетіліп жатыр 16.01.2025
Ақмола облысында көктемгі су тасқынына дайындық белсенді түрде жүргізілуде, әсіресе су айдындарын тереңдету және тазарту жұмыстарына ерекше назар аударылуда.Зеренді ауданындағы Шағалалы (Чаглинка) өзенінде бірінші шұңқырды қазу жұмыстары аяқталып, топырақ пен құнарлы өсімдік қабаты алынды. Екінші шұңқырды қазу жұмыстары аяқталуға жақын. Жақын күндері мердігер үшінші шұңқырды қазуға кіріседі. Жұмыстарды осы жылдың наурызына дейін аяқтау жоспарлануда.«Qazaq Union» ЖШС директоры Ұлан Қабдиннің айтуынша, көктемгі су тасқыны кезінде құрылыс техникасының кезекшілігі ұйымдастырылады. Жұмыстар екі ауысымда жүргізіліп, шамамен 20 техника жұмылдырылған. Жұмыстардың жалпы орындалу көлемі 75%-ды құрайды.Жұмыстардың барысымен облыс әкімі Марат Ахметжанов танысып, құрылыс сапасы мен қарқынын жоғары бағалады. «Шағалалы өзені облыс орталығына жақын орналасқан. Сондықтан барлық жұмыстар сапалы және уақытында орындалуы тиіс», – деп атап өтті М. Ахметжанов.«Бұл бөгеттер – біздің ауылдық округіміздің ұзақ уақыт шешілмей келе жатқан ең өзекті мәселелерінің бірі. Өңір басшылығының қолдауымен бұл шараның жүзеге асырылып жатқанына қуаныштымын. Бөгет құрылысы мен өзен жағалауын нығайту біз, ауыл тұрғындары үшін оң әсерін тигізеді», – деді Қабыкен Дүйсенов.Айта кетейік, қазіргі уақытта өңірде Жабай, Шағалалы және Колутон өзендерінің жағалауын нығайту және түбін тереңдету, Жібек Жолы ауылында қорғаныс бөгеттерін салу жұмыстары жүргізілуде, бұл су тасқыны суларын тасуын болдырмауға және жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, Шортанды ауданының Дамса ауылында және Жақсы ауданының Чапаевская бөгетінде су өткізу құрылыстарын олардың өткізу қабілетін арттыру және су басу қаупін азайту мақсатында қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Іс-шаралар «Демеу Қазақстан қоры» корпоративтік қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылуда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/919481
Алматының қоғамдық орындарында алғаш рет 24 дербес кітапханалар орнатылды 16.01.2025
Алматы кітапхана саласына инновациялық шешімдерді белсенді енгізуді жалғастыруда. Қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша мегаполистің қоғамдық орындарында алғаш рет кітап беруге арналған заманауи автоматтар орнатылды. Осындай 24 дербес кітапхана тоғыз метро станциясында пайда болды: «Райымбек батыр», «Жібек жолы», «Алмалы», «Абай», «Байқоңыр», «Мұхтар Әуезов», «Алатау», «Сайран» және «Мәскеу», сондай-ақ Медеу және Әуезов аудандарының ХҚКО-тарында, «Спутник», «Атакент», «Азия паркі» сынды сауда орталықтарында, Медеу және Түрксіб аудандарындағы жастар комьюнити орталықтарында және Sail коворкингінде.Осы автоматты қондырғылардың көмегімен оқырмандар дәстүрлі кітапханаға бармай-ақ кітаптарды таңдап, ала алады, сонымен қатар әдебиеттерді 24 машинаның кез келгеніне немесе қалалық кітапханалар филиалына қайтара алады. Ол үшін оқу билеті болуы керек. Егер ол болмаса, сіз тіркеуден өтіп, «Қала оқырмандары клубына қосыла аласыз».Қажет болған жағдайда әрбір тілек білдіруші «Алматы кітапханалары» 28 филиалының бірінен оқырман билетін ала алады, оның үшеуі тәулік бойы жұмыс істейді. Осыдан кейін кітап әуесқойлары almatylibrary.kz сайтты да пайдаланып, қажетті кітаптарды таңдап, тапсырыс беріп, оларды онлайн режимінде сақтай алады. Берешек пен борышкерлерді автоматты түрде есепке алу үшін қайтару мерзімдерін қадағалау жүйесі енгізілді.«Біз оқырмандар үшін жақсы жағдай жасаймыз, ең озық шешімдерді енгіземіз. Өткен жылы бірнеше жаңа кітапханалар ашылды, бұл жұмыс 2025 жылы да жалғасады. Жалпы, қазір қала тұрғындары үшін кітап беретін 28 кітапхана мен 24 дербес кітапхана-аппарат бар. Біз қаланың әрбір тұрғынының кітап оқығанын, оқығанды ұнататынын және білімді болғанын қалаймыз. Бұл үшін кітапханалар қолжетімді болды, соның ішінде жер астында – метро станцияларында. Кітапхана саласын дамыту мәселесі қала әкімінің ерекше бақылауында»,- деп атап өтті Алматы қаласының мәдениет басқармасы.Жалпы, Алматы мәдениет басқармасына қарасты кітапханалардың барлық жұмысы автоматтандырылған. 1,3 миллионнан астам кітапты құрайтын бүкіл кітап қорының бірыңғай есебі құрылды. Қызметкерлер электронды каталог жүргізеді, әдебиеттердің қозғалысын жедел қадағалайды, бұл қызмет көрсетуді едәуір жылдамдатады. Кітаптар мен олардың қол жетімділігі туралы барлық ақпарат бірыңғай мәліметтер базасында қол жетімді, ал қорларды пайдалану статистикасы қызметкерлерге әдебиетке деген сұранысты талдауға көмектеседі.Айтпақшы, 2024 жылы қалалық кітапханаларға 3 миллионнан астам келушілер тіркелген. Айта кетейік, қала кітапханаларының 95%-ы жаңғыртылған. Әр кітапханада жиһаз және материалдық-техникалық база жаңартылды, Интернетке қолжетімділік қамтамасыз етілді, сондай-ақ әлемдік стандарттарға сәйкес шешімдер енгізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/918382
Астанада 2 600-ден астам жол жұмысшы қар күреуге шықты 16.01.2025
Елорданың коммуналдық қызметі тәулік бойы тоқтаусыз режимде жұмысын жалғастыруда. Күн сайын қар тазалау жұмысына мыңдаған адам мен арнайы техника жұмылдырылады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. 16 қаңтар күні таңертең қар тазалау жұмысына 2 600-ден астам жол жұмысшы және 1 300-ден астам арнайы техника шықты.16 қаңтарға қараған түні елордадан қар полигондарына 1 871 рейспен 25 мың текше метрден астам қар шығарылды.Қыс мезгілінің басынан бастап қаладан 255 673 ауыр жүк рейсімен 3,2 млн текше метрден астам қар шығарылды.Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұраймыз.Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне хабарласыңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/918698
Жұмысшы мамандықтары жылы: елордада 21 жоба іске асырылады 16.01.2025
Қазір елордада екі арнайы экономикалық аймақ (АЭА) жұмыс істейді. Бірі – «Астана – жаңа қала», екіншісі – «Астана-Технополис» экономикалық аймағы. Осы АЭА-тың басқарушы компаниясы – «Astana Invest» қалалық инвестицияларды дамыту орталығы. Бүгінде орталыққа қарасты №1 Индустриялық паркте заманға сай түрлі өнім шығаратын көптеген кәсіпорын бар, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Әрі отандық және шетелдік инвесторлар қаржы құйған зауыт пен өндіріс орындары жыл сайын ашылып жатыр.«Бүгінгі таңда АЭА-тағы өнеркәсіптік объектілерінің инвестициялық портфелі 130 жобадан құралған. Оның ішінде бүгінге дейін 5 700-ден астам тұрақты жұмыс орнын қамтитын 70 жоба пайдалануға берілді. Ал алдағы 3 жыл ішінде 3 200 жұмыс орнын құратын 60 жоба іске асырылмақ. Сондай-ақ осы №1 Индустриялық паркте локомотивтер, электровоздар шығаратын, арнайы киімдер тігетін, оптикалық құрылғылар, құрылыс материалдарын шығаратын үлкен зауыттар жұмыс істеп тұр. Аталған барлық кәсіпорында инженер-механик, слесарь, дәнекерлеуші, электрик, сандық бағдарламалық басқару операторлары, өндіріс менеджерлері сияқты өз саласына жетік мамандар жұмыс істейді», - дейді Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының АЭА, өнеркәсіп және экспортты ілгерілету бөлімінің басшысы Айдын Қиылымбеков.Бөлім басшысының сөзінше, былтыр мұнда 770-тен астам жұмыс орнын құруға қауқарлы 13 жоба пайдалануға берілген. Ал осы жылы 1300-ден астам жұмыс орнынан тұратын 21 жобаны іске қосу жоспарланып отыр.Айта кетейік, №1 Индустриялық парк республикалық көрсеткіштер бойынша елдегі барлық парк арасында елде көшбасшы болып отыр. Жұмыс істеу кезеңінде бұл парк *8,6* трлн теңге өндіріс көлеміне жетті. Сондай-ақ аталған парктің табысты тәжірибесі №2 Индустриялық паркті іске қосуды да жеделдететіні анық. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/918735
Қоқысты қайта өңдеуге өткіз: елорда тұрғындары қаланың тазалығына қалай атсалысады 16.01.2025
Астанада «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экоакциясы жалғасып жатыр. Елорда тұрғындары да шет қалмай, түрлі экологиялық шараларға қатысады. Қала тазалығы мен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға үлес қосудың тағы бір жолы – тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап, қайта өңдеуге тапсыру. Бұл жұмыс туралы толығырақ «LS Astana» директоры Сәуле Тәжібаева айтып берді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.Сәуле Тәжібаева қайталама шикізатты жинау және бастапқы өңдеумен айналысады. Оның айтуынша, соңғы жылдары тұрғындардың қаладағы экологиялық жағдайға көңілі артқан.«Күн сайын бір қабылдау пунктіне 1 тоннадан астам, айына 25-30 тоннадай шикізат келеді. Осы қоқыстардың барлығы полигонға араласқан қалпы жіберілуі мүмкін еді, бірақ енді ол қайтадан пайдаланылатын болды. Тұрғындарымыздың хабардарлығы қуантады. Қайта өңдеуге жарамды материалдарды тапсыратындардың 70-80 пайызы табыс табу үшін емес, қаланы таза ұстау үшін осындай қадамға барады», - деп атап өтті LS Astana басшысы.Оның айтуынша, елордада қалдықтарды бөлу жүйесі белсенді түрде дамып жатыр. Мысалы, астаналықтар қайта өңделетін материалдарды тапсыра алатын қалада 5 LS Astana пункті бар.«Біз қосымша материалдардың 17-ден астам түрін әрі қарай өңдеуге қабылдаймыз. Олардың негізгілері картон, полиэтилен, пластик бөтелкелер, алюминий банкалар, канистрлер, макулатуралар (кітаптар, газеттер, журналдар және т.б.). Қалдықтарды кәдеге жарату үшін Телжан Шонанұлы көшесі, 36/1а мекенжайында орналасқан негізгі базаға, сондай-ақ қаланың бірнеше жерінде орналасқан қабылдау пунктеріне әкелуге болады. Бұл пунктер тұрғындарға ыңғайлы болу үшін арнайы ашылған. Біз қабылдау кестесін барынша ыңғайлы етуге тырыстық», - деді Сәуле.Қайта өңдеуге болатын материалдарды таза түрде тапсыру керек екенін есте ұстаған жөн. Мысалы, майлы картон немесе сусын қалдықтары бар бөтелкелер қабылданбайды. Қайта өңделетін материалдар түрі бойынша алдын ала сұрыпталуы керек.«Біздің қызметкерлер пунктерге түсетін қалдықтарды қоймада әртүрлі түрге сұрыптайды. Көп мөлшерде жиналған кезде оларды негізгі қоймаға тасымалдаймыз. Қайта өңдеу зауыттары қайта өңделетін материалдарды белгілі бір формада қабылдайды. Мысалы, пластикалық бөтелкелерді қайта өңдеу үшін біз оларды ашық және қаралау деп бөлу үшін сұрыптау таспасын қолданамыз. Содан кейін шикізат престеледі және қатты пластик ұсақталады. 20 тонна материал жиналып, отандық зауыттарға өңдеуге жіберіледі», - дейді ол.Қалдықтарды кәдеге жаратқаны үшін астаналықтар прайс-парақшаға сәйкес ақшалай сыйақы ала алады. Құны қайта өңделетін материалдың әрбір түріне 1 кг үшін анықталады. Қалдықтарды қабылдау кезінде пункттегі қызметкер оны өлшеп, есеп береді.Естеріңізге сала кетейік, елордада «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» акциясы жалғасуда. Экологиялық акция аясында қаланы, нөсер және суару арықтарының кәріз желілерін санитарлық тазалау, көшелерді, тротуарларды, кварталішілік аумақтарды, қоғамдық орындар мен аулаларды тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/918953