Enbekshi QazaQ

Ғылым

Қостанайдағы ауыл әкімдерінің форумы: ауылдық аумақтарды дамытудағы жаңа қадамдар 02.12.2024
Бүгін Қостанайда ауыл әкімдерінің бірінші өңірлік форумы аясында 300-ден астам адам, оның ішінде ауылдық елді мекендердің әкімдері, «AMANAT» партиясының өкілдері, сондай-ақ облыстық департаменттер мен кәсіпорындардың басшылары жиналды. Форумды «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Алмат Кәкімжанұлы Досмұхамедов ашты.Форум аясында ауылдық аумақтарды дамытуға, ауылдық жерлерде өмір сүру сапасын жақсартуға және сайлау алдындағы уәделерді орындауға қатысты маңызды тақырыптар көтерілді. Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов ауылдық аумақтардың орнықты әлеуметтік-экономикалық өсуінің, сондай-ақ ауыл шаруашылығын қолдау мен инфрақұрылымды жақсартудың маңыздылығын атап өтті.«Азаматтарымыздың әл-ауқаты мен олардың өмір сүру сапасы – басым міндеттер. Биыл жол, коммуналдық инфрақұрылымды жақсартуға және әлеуметтік саланы дамытуға қомақты қаржы жұмсалды. Барлық бастамалар жергілікті тұрғындардың мүдделерін ескере отырып іске асырылуы тиіс», - деп атап өтті Құмар Ақсақалов.Сумен жабдықтауды, газдандыру мен абаттандыруды жақсартуға бағытталған жобаларға ерекше назар аударылды. 2024 жылы 15 ауылды орталық сумен жабдықтау жүйесіне қосуды және газбен жабдықтау бойынша ірі жобаларды іске асыруды аяқтау жоспарлануда.Маңызды аспектілердің бірі – ауылдық жерлерде шағын және орта бизнесті дамыту. Облыстың оңтүстік өңірлерінің кәсіпкерлері экономиканың нақты секторын дамыту үшін «Бизнес-Көмек» бағдарламасы бойынша қаржы ала алады.Форум Қостанай облысының даму стратегиясындағы маңызды кезең болды, онда жергілікті атқарушы органдар ауылдық елді мекендердегі өмір сүру жағдайларын жақсарту үшін бизнеспен және жергілікті тұрғындармен бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендерін айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/894555
Ауыл мектептерін дамыту: өңірде 226 ауыл мектебін қайта жаңартуға 8,2 млрд. теңге жұмсалды 02.12.2024
Ауыл мектептерін дамыту мәселесі облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде қаралды.Білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан ауылдық мектептердің әлеуетін жақсартуда қандай шаралар қабылданып жатқанын айтты. Ақтөбе облысындағы 434 мектептің 280-і (немесе 70%) – ауыл мектебі болса, оның 201-і (46%) – шағын жинақты.Жайық Сұлтан ауыл мектептерінің негізгі проблемаларын тоқталып өтті. Олардың ішінде кадр тапшылығы және педагогтердің сапалық құрамының төмендігі, сондай-ақ инфрақұрылымдық проблемалар бар.Аталған мәселелерді шешу үшін жүйелі жұмыс жүргізілген. Соңғы үш жылда 1030 орындық 8 ауылдық мектеп пайдалануға берілді. 10 ауылда 2350 орындық жаңа мектептер салынуда, олардың үшеуі «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында бой көтеруде. Білім сапасы да айтарлықтай жақсарған.«Мемлекет басшысының «Шағын қалалар мен ауылдардағы 1000 мектепті жаңғырту» тапсырмасына сәйкес өңірде 226 ауыл мектебі 8,2 млрд. теңгеге жаңғыртылды. Қалғаны 2025 жылдың соңына дейін толықтай қамтылады. 2023-2024 оқу жылында өңірде «Цифрлық технологияларды пайдалана отырып, Ақтөбе облысының шағын жинақты ауыл мектептерінің әлеуетін дамыту» пилоттық жобасы іске асырылды. «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қаржылай қолдауымен пилоттық жобаға кірген шағын жинақты мектептердің материалдық-техникалық базасы нығайтылды. Бұған дейін интернет жылдамдығын арттырудың техникалық мүмкіндігі болмаған 46 мектеп Starlink жүйесіне қосылды. Жергілікті бюджеттен жобаға қатысқан 165 педагогтің қосалқы жұмысын ынталандыруға 54,4 млн. теңге үстеме ақы төленді. 1068 мұғалім мен 204 мектеп директоры біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Оқыту семинарлары мен вебинарлар өткізілді, әдістемелік ұсынымдар әзірленді. Нәтижесінде шағын жинақты мектептердегі білім сапасы 4-11%-ға артқан. Онлайн оқытуды интеграциялау арқылы шағын мектептердегі кадр тапшылығы мәселесі шешілді. Ауыл мектептерін дамыту жұмыстары жалғасады», - деді Жайық Сұлтан.«Өңірдің басым міндеттерінің бірі – барлық баланың қай жерде тұратындығына қарамастан, қалада немесе ауылдық жерде сапалы білім алуы үшін жағдай жасау. Біз қалалық және ауылдық мектептер арасындағы білім алшақтығы бар екенін көріп келеміз, мәселені шешу – мақсатымыз. Ол үшін ауыл мектептерінің материалдық-техникалық базасын жоспарлы түрде нығайтып, мұғалімдердің біліктілігін арттырып, заманауи технологияларға қолжеткізуді қамтамасыз етуіміз керек. Ауыл мектептерін дамыту – өңірдің және бүкіл елдің болашағына салынған инвестиция», - деді әкім кеңес барысында.Асхат Шахаров сонымен қатар ауыл мектептерінің мәселелерін шешуге және білім беру сапасын арттыруға бағытталған бірқатар тапсырмалар берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/894559
ЖАМБЫЛ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМІ 460 МЫҢҒА ЖУЫҚ ШАҚЫРТУҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТТІ 02.12.2024
Жамбыл жедел медициналық жәрдем станциясына ағымдағы жылдың 10 айында 481 627 өтініш келіп түсті, оның ішінде 459 405 шақыртуға қызмет көрсетілді.Емханалардың жанындағы «жедел жәрдем» бригадалары 4-санат бойынша 167 519 шақыртуға, 1-санат бойынша 27 мыңнан астам шақыртуға, 2 -анат бойынша 156 778 шақыртуға және 3-санат бойынша 103 943 шақыртуға шықты.9 880 жағдайда телефон арқылы консультация берілді. Облыстың стационарларына 89 944 пациент жеткізілді. Есепті кезеңде 21 сәтті реанимациялық іс-шара өткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/894538
ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ БРИГАДАЛАРЫ 7 МЛН АСТАМ ШАҚЫРТУҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТТІ 02.12.2024
Ағымдағы жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында Қазақстанда жедел медициналық жәрдем (ЖМЖ) бригадалары 7 млн-нан астам шақыртуға қызмет көрсетті.Өткен жылмен салыстырғанда шақыртулар санының артуына қарамастан, табысты реанимацияның негізгі көрсеткіші 7,1%-ға артып, барлық жағдайлардың 51,7%-на жетті.«103»- ке шақырту түскен сәттен бастап пациентке жеткенге дейінгі ЖМЖ бригадасына жетудің орташа уақыты мынадай нормативке сәйкес келеді: жеделдіктің 1-санаты бойынша – 9 минут, жеделдіктің 2-санаты бойынша – 12,3 минут, жеделдіктің 3-санаты бойынша – 17,9 минут, 4-санат бойынша – 24,3 минут.ЖМЖ қызметі ел бойынша 20 дербес станциядан, 98 қалалық кіші станциядан және 232 аудандық бөлімшеден тұрады.Облыстық және қалалық жедел жәрдем станцияларында бір ауысымда 1 491 көшпелі бригада жұмыс істейді, республика бойынша шұғылдықтың 4-санатындағы шақыртуларға қызмет көрсету үшін МСАК ұйымдарының жанындағы ЖМЖ бөлімшелерінде 446 бригада жұмыс істейді.Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және 17 облыста шақыртуларды автоматтандырылған басқару жүйесімен (АБЖ) жарақтандыру деңгейі 100%-ды құрайды.Бүгінгі таңда «жедел жәрдем» қызметінің теңгерімінде 2 355 бірлік, оның ішінде 1 482 бірлік қалада және 873 бірлік ауылдық жерде санитариялық автокөлік бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/894541
ҚАЗАҚСТАНДА ТРАНСПЛАНТАТТАУ МАҚСАТЫНДА АҒЗАЛАРДЫ САҚТАУҒА АРНАЛҒАН ҚҰРЫЛҒЫ ӘЗІРЛЕНДІ 02.12.2024
University Medical Center-дегі қазақстандық кардиохирургтар командасы организмнен тыс ағзаларды сақтау үшін бірегей құрылғы жасау үстінде. Бұл трансплантатттау нәтижелерін айтарлықтай жақсарта алады, деп хабарлайды UMC.Жобаның шеңберінде мамандар соғып тұрған жүректі, сондай-ақ «тыныс алатын» өкпені және жұмыс істейтін бауырды сақтау үшін технологияларды әзірлеуде. Болашақта бүйрекке кеңейту жоспарлануда. Ағзаны өміршең күйінде кем дегенде 24 сағат сақтауға болады.Организмнен тыс жүрек қызметі 29 сағат бойы сақталуы мүмкін екендігі, кейін сәтті трансплантатталатыны ғылыми дәлелденген. Бүгінгі таңда тек бір құрылғы - Transmedics компаниясының американдық OCS жүйесі ағзалардың өміршеңдігін қауіпсіз және тиімді сақтауға мүмкіндік береді.«Біздің құрылғымыздың американдықтан басты айырмашылығы - бұл оқшауланған ағзаға ұзақ қолдауды білдіреді және американдық аналогтан айырмашылығы, біздің жүйеде ағзадан тыс тіршілік ету кезеңінде ағзаны емдеу көзделген және біз бұл ағзаны ультрадыбыстық, тамырішілік артериялық зерттеу арқылы емдей аламыз, бағалай аламыз, бұл жүректі нәрлендіреді және осылайша реципиенттің ағзаға ие болуын және трансплантаттаудан бас тарту немесе дисфункция қаупінің болмауын және ең бастысы қауіпсіз болуын қамтамасыз етеді», — деді «University Medical Center» корпоративтік қорының «кардиохирургия» клиникалық академиялық департаментінің директоры Тимур Лесбеков.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/894543
СҚО әкімі депутаттар алдында есеп берді 02.12.2024
Бүгін СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өңірдің дамуы туралы облыстық мәслихат депутаттары алдында есеп берді. Қатты су тасқынының зардабына қарамастан экономикада тұрақты өсім байқалады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сай тасқында бұзылған инфрақұрылымды қалпына келтіру және зардап шеккен тұрғындарға қолдау көрсету бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтты. Өңір басшысы аймақтың негізгі жетістіктеріне де тоқталып өтті. Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпте көптеген жобалар іске асуда. Халықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін жаңа үйлер салынып, жолдар жөнделуде, су жүйелері жаңартылуда. Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт саласы да басты назарда. Ғауез Нұрмұхамбетов жылыту маусымының өтуі туралы да айтты.Депутаттар өңірдің өзекті әлеуметтік мәселелерін көтеріп, сауалдарын қойды. Бұл талқылаулар алдағы жұмыстың басымдықтарын нақтылауға көмектеседі. Сондай-ақ, ҚР мәслихаттарының 30 жылдығына орай облыс дамуына үлес қосқан депутаттар марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/894480
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ МЕН РОСПОТРЕБНАДЗОР БІРҚАТАР БАҒЫТТАР БОЙЫНША ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ЖАНДАНДЫРУҒА КЕЛІСТІ 02.12.2024
Бүгін Астанада РФ президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары шеңберінде Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың тұтынушылардың құқықтары мен адам әл-ауқатын қорғау саласындағы қадағалау жөніндегі федералды қызметтің басшысы-РФ Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Анна Поповамен кездесуі өтті.Кездесу күн тәртібінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту және осы маңызды бағыттағы өзара іс-қимылдың одан әрі векторы мәселелері талқыланды.Тараптар көршілес екі мемлекет денсаулық сақтау саласындағы ұзақ мерзімді берік және сенімді әріптестікті байланыстыратынын атап өтті. Сонымен қатар, олар біртұтас эпидемиологиялық кеңістікпен байланысты, бұл обаның трансшекаралық ошақтары, қауіпті инфекциялық аурулармен және вакцинамен басқарылатын инфекциялар қаупі.«Пандемиядан кейін жаңа инфекциялар, биоқауіптер сияқты әртүрлі биологиялық қауіптер ерекше қауіп төндіреді, сондықтан санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық мәселелері күш-жігерді біріктіруді талап етеді», - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.Кездесу барысында келесі бағыттар бойынша өзара іс-қимыл туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді:• биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;• санитариялық-эпидемиологиялық сипаттағы төтенше жағдайларға дайындық және ден қою;• полиомиелит, қызылша және қызамық, тұмауды иммундау және зертханалық диагностикалау мәселелері бойынша ынтымақтастық;• бірлескен ғылыми зерттеулер және диагностикалық тест жүйелерін, иммунобиологиялық препараттарды әзірлеу;• микробқа қарсы препараттарға төзімділікті тежеу бойынша күзет зертханаларының мамандарын оқыту;• тіршілік ету ортасы факторларының адамға зиянды әсерінің алдын алу, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі, техникалық реттеу және радиациялық қауіпсіздік мәселелері бойынша тәжірибе алмасу.Ұсынылған бастамаларды іске асыру нәтижесінде елдер санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік деңгейін арттыруға, инфекциялық аурулардың таралуын тиімді болдырмауға және халықтың жалпы денсаулығын жақсартуға сенеді.💬Кездесу соңында тараптар қолданыстағы уағдаластықтар шеңберінде ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ санитариялық қауіпсіздік пен эпидемиология саласындағы негізгі міндеттерді шешу үшін тәжірибе мен ресурстар алмасуды жолға қоюға ниет білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/894459
ҚР ЖӘНЕ РФ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛЕРІ ЕКІЖАҚТЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУ ЖОЛДАРЫН БЕЛГІЛЕДІ 02.12.2024
РФ президентінің Астанаға мемлекеттік сапары шеңберінде Қазақстан мен Ресей Денсаулық сақтау министрлерінің кездесуі өтті. Талқылаудың негізгі тақырыбы медициналық көмектің сапасын жақсартуға және екі ел халқының денсаулығын нығайтуға бағытталған денсаулық сақтау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту болды.Келіссөздер барысында тараптар бірқатар ауруларды емдеуде инновациялық технологияларды қолдану саласында тәжірибе алмасуды, денсаулық сақтаудың бастапқы буынын жаңғыртуды, медицинада заманауи цифрлық технологияларды енгізуді, медицина кадрларын даярлау саласындағы әріптестікті дамытуды қоса алғанда, бірлескен жұмыстың өзекті мәселелерін талқылады.Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Михаил Мурашко елдің жетекші республикалық клиникаларының жұмысымен танысты. Ол UMC жүрек орталығының бөлімшелеріне барды, онда жылына 10 мыңға дейін жүрек операциясы жасалады, оның ішінде 2000 ашық жүрек операциясы және 700-ден астам балаға жасалады.Сапар барысында онкологиялық пациенттерді диагностикалау мен емдеуге арналған озық жоғары технологиялық жабдықтармен жабдықталған ядролық медицина, сәулелік және протондық терапия орталықтары орналасқан Ұлттық ғылыми онкология орталығының жаңа корпусы Ресей делегациясының ерекше қызығушылығын тудырды. Жаңа клиника Қазақстан мен ТМД елдерінде теңдесі жоқ бірыңғай кешенді мультидисциплиналық жүйе қағидаты бойынша құрылған бірегей медициналық кластер болып табылады.Әрі қарай Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрі Медициналық авиацияның қызметімен, жаңа көпбейінді ауруханамен және Ұлттық жедел медициналық үйлестіру орталығының қабырғасындағы жоғары технологиялық медициналық жабдықтармен танысты. Ол сондай-ақ күрделі патологияларды емдеудің инновациялық әдістерін атап өтіп, Ұлттық нейрохирургия орталығына барған кезде медициналық көмек көрсету деңгейін жоғары бағалады.«Біз әрбір азаматтың денсаулығын жақсарту үшін күш біріктіруге дайынбыз. Біздің әріптестігіміз денсаулық сақтау саласындағы озық шешімдерді енгізу және медициналық көмектің тұрақты жүйесін құру үшін жаңа мүмкіндіктер ашады», - деп атап өтті ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Ақмарал Әлназарова.Кездесудің қорытындысы бойынша екі мемлекеттің министрлері медициналық қызметтердің сапасын жақсартуға деген сенім мен ортақ мүдделіліктің жоғары деңгейін атап өтіп, тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.Сапар соңында денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды, ол ұзақ мерзімді перспективада өзара іс-қимылдың өзекті бағыттары мен нысандарын қамтиды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/894477
АСТАНАДА АЛҒАШ РЕТ БІР ЖАСҚА ДЕЙІНГІ САЛМАҒЫ АЗ БАЛАЛАРҒА ДОНОРЛЫҚ БАУЫРДЫ АУЫСТЫРЫП ҚОНДЫРУ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ 02.12.2024
Алғаш рет «University Medical Center» КҚ трансплантолог дәрігерлері 8 және 12 айлық салмағы төмен екі кішкентай пациенттерге туысқан донорлардан бауырды ауыстырып қондыруды жүргізді. Мұндай операциялардың ерекшелігі өте ауыр тұрақсыз жағдайдағы бауырдың декомпенсацияланған жеткіліксіздігі.* Салмағы аз пациенттерге бауырды трансплантаттау Ұлттық балалар денсаулығы және даму орталығынан (Жапония) жетекші трансплантолог-хирург пен реаниматологты шақыра отырып, мастер-класс шеңберінде жүргізілді.Мастер-класс барысында «Қазақстан халқына»Қоғамдық Қорының қолдауымен 25-тен астам медицина маманы мен резидент оқытылды.Ауыр бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін өмірді сақтап қалудың жалғыз мүмкіндігі - донорлық ағзаларды трансплантаттау.Республикалық трансплантаттауды үйлестіру орталығының мәліметінше, 2012 жылдан бастап ҚР-да 500-ден астам бауырдың трансплантаттауы, оның ішінде «University Medical Center» КҚ Ана мен бала орталығында балаларға 20 бауырды транспланатттау жүргізілген.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаһандық донорлық пен трансплантаттау обсерваториясының жұмыс деректеріне сәйкес жиілігі бойынша әлемде 2-ші орында бола отырып, дүние жүзінде жыл сайын 100 800 ауыстырып қондыру, оның ішінде 10 600 бауырды ауыстырып қондыру жүзеге асырылады.Бауыр ауруы жыл сайын екі миллион өлімнің себебі және барлық өлімнің 4%-ының себебі болып табылады (әлемдегі әрбір 25 өлімнің 1-і).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/894493
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ РЕВМАТОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫ ДЕНСИТОМЕТРМЕН ЖАБДЫҚТАЛДЫ 02.12.2024
Жамбыл облыстық ревматология орталығы енді заманауи денситометрмен жабдықталды. Бұл – сүйек тінінің минералды тығыздығын бағалауға арналған бірегей аппарат.Денситометрия – бұл жылдам, дәл және ауыртпалықсыз диагностика әдісі, ол мүмкіндік береді:🔹 Остеопорозды ерте кезеңде анықтауға;🔹 Сүйек сынуының қаупін бағалауға;🔹 Ревматоидты артрит, жүйелі остеопороз, псориатикалық артрит және басқа да аурулар кезінде сүйек тінінің жағдайын анықтауға;🔹 Гормоналды немесе минералды алмасуға әсер ететін дәрі-дәрмектерді қабылдайтын науқастардың сүйек жағдайын бақылауға;🔹 Жарақаттар мен операциялардан кейінгі сүйек тығыздығының бұзылуын анықтауға.Бұл тексеру кімдер үшін маңызды?☑️ 50 жастан асқан әйелдер мен 60 жастан асқан ерлер;☑️ Ревматологиялық аурулары бар науқастар (ревматоидты артрит, остеопороз және т.б.);☑️ Аз жарақаттардың өзінен сүйек сынуын бастан өткерген адамдар;☑️ Ұзақ уақыт бойы гормоналды препараттарды қабылдап жүрген пациенттер;☑️ Остеопорозбен ауыратын жақын туыстары бар жандар.Неліктен бұл маңызды?Остеопороз көбінесе «үнсіз ауру» деп аталады, себебі ол ұзақ уақыт бойы ешқандай симптомсыз жүруі мүмкін, бірақ ауыр салдарға – омыртқа, жамбас сүйегі және басқа сүйектердің сынуына әкелуі мүмкін. Ерте диагностика емдеуді уақтылы бастауға және асқынулардың алдын алуға көмектеседі.Енді бұл зерттеуді Жамбыл облыстық ревматология орталығында өтуге болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/894506
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА АУҚЫМДЫ ИНСУЛЬТ АЛҒАН 66 ЖАСТАҒЫ ӘЙЕЛДІҢ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ 02.12.2024
Қонаев қалалық көпбейінді ауруханасының нейрохирург дәрігерлері, невропатологтары мен реаниматологтары миішілік қан кетудің ауыр түрімен ауырған әйелдің өмірін сақтап қалды.Ол ми тамырының жарылуы нәтижесінде кома жағдайында медициналық мекемеге түсті.«Пациентке артқы ми артериясының аневризмасының жарылуы диагнозы қойылды. Бұл асқыну кома, парез, аяқ-қолдың сал ауруы түрінде неврологиялық тапшылыққа әкеледі. Компьютерлік томографияның нәтижелері мидың бұзылуы және өлімге әкелуі мүмкін мишыққа, ми діңіне қан кетуді көрсетті"», - дейді пациенттің емдеуші дәрігері Гүлнара Бөпешбаева.Пациентке нейрохирург дәрігер Марат Римұлч Ғизатуллин сәтті операция жасады. Ол сыртқы вентикулярлық дренаж жүргізді. Сондай-ақ, өмірді сақтпп қалуға реаниматолог дәрігерлер Үдербаева Карина Өмірғалиқызы, Мұратбеков Марат Сарсекұлы, Жиренбаев Данияр Қаратайұлы, Телағұсов Қуаныш Ордабайұлы, Рахимов Қанат Исабекұлы қатысты, олар барлық қажетті алғашқы көмек көрсетіп, күрделі операцияға қатысып, операциядан кейінгі кезеңде көмек көрсетті. Мұндай диагнозбен тірі қалу деңгейі өте сирек кездесетінін айта кету керек.Дәрігерлердің айтуынша, аурудың бұл түрінің дамуының негізгі себебі артериялық гипертензия нәтижесінде тамырдың жарылуы болып табылады. Сонымен қатар, қан кетудің себебі қанды сұйылтатын препараттарды, ми артерияларының патологиялық өзгерген қабырғаларын, ісіктерді және басқа да бірқатар патологияларды бақылаусыз қабылдау болуы мүмкін:Өмірін сақтап қалған әйелдің ұлы дәрігерлерге біліктілігі, үйлесімді командалық жұмысы үшін шексіз ризашылығын білдіреді және анасының өмір сеқтап қалған мамандарға зор денсаулық пен ұзақ өмір тіледі.Енді операциядан кейін бір ай өткен соң пациент мамандандырылған медициналық орталықтарда оңалтудан өтеді. Жақындары мен дәрігерлер өмірлік маңызды функциялардың қалпына келуін үлкен үмітпен күтеді.Күрделі операция міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде тегін жүргізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/894518
«САЛАМАТТЫ ҚАЗАҚСТАН» МЕДИЦИНАЛЫҚ ПОЙЫЗЫНЫҢ МАМАНДАРЫ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНА 165 МЫҢНАН АСТАМ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТТІ 02.12.2024
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызының мамандары шалғайдағы ауылдар мен станциялардың 60 мыңға жуық тұрғынын, оның ішінде 14 мыңнан астам бала қарап-тексерілді.Ауруханалар мен дәрігерлер жоқ ауылдық аумақтардың тұрғындары бейінді мамандардың консультацияларын, аспаптық және зертханалық зерттеулерді қоса алғанда, 165 мыңнан астам білікті медициналық қызметтерді ала алды.Осылайша, «дөңгелектердегі емханалардың» медициналық көмек құрылымында 9 мыңға жуық стоматологиялық қызмет көрсетілді, 18 мыңнан астам зертханалық талдау өңделді, 8841 УДЗ және 6787 ЭКГ сеанстары өткізілді, 4788 шағын хирургиялық операция жасалды.Қарап-тексерулердің нәтижесінде түрлі аурулары бар 3007 пациент анықталды, оның 561-і ҚЖА-дан зардап шегеді, 76 адамда қант диабеті, глаукоманың 112 жағдайы анықталды, басқа аурулармен 1864 ауыл тұрғыны емдеуге алынды. Оның ішінде тіркелген жері бойынша емханаларда 2973 пациент, оның ішінде 449 бала динамикалық бақылауға алынды.2024 жылдың 9 айында медициналық пойызбен Қазақстанның он екі облысының: Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Абай, Қарағанды және Ұлытау облыстарының 91 станциясы қамтылды.Пойызда медициналық көмекті терапевт, педиатр, кардиолог, рентгенолог, хирург/ травматолог, оториноларинголог, невропатолог, стоматолог, акушер-гинеколог, уролог, офтальмолог, ультрадыбыстық диагностика дәрігері, сондай-ақ психолог сияқты 14 арнайы маман көрсетеді. Өткен жылмен салыстырғанда пойыз рентген аппаратымен, маммографпен, ЭЭГ, сигмоидоскоппен, калькоскоппен жабдықталған.Медициналық қызмет көрсету барысында бірқатар ерекше жағдайлар анықталды, олар уақтылы диагноз қойылып, емдеудің одан әрі тәсілі бойынша шұғыл шаралар қабылданды.Мысалы, электрокардиографиялық зерттеу жүргізу кезінде пациенттерде миокард инфарктісі көрінісінің болу жағдайлары анықталды, оларды жедел медициналық жәрдем бригадасы шұғыл түрде стационарға жатқызды.Медициналық пойыздарда егде жастағы адамдарға, балаларға, сондай-ақ шұғыл немесе тұрақты медициналық көмекке мұқтаж адамдарға ерекше назар аударылады.Жасалған меморандумның шеңберінде Денсаулық сақтау министрлігі мен «Самұрық-Қазына» АҚ-ның арасында шалғай аудандардың тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру үшін жыл сайын «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы» әлеуметтік жобасы іске асырылуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/894533
АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС: МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ 02.12.2024
Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, индустриалдық аймақтардың экологиялық ақуалын бақылауда атқарылған шаралар мен мемлекеттік тіркеуден өтпеген, теңгерімге берілмеген нысандарға қатысты талдарулар жасалды. Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысының м.а.П.Бердалиев тақырып аясында баяндама жасап, осы бағытағы өзекті мәселелерді баяндады. Бұл ретте қала әкімі мүдделі тараптарға дәрілік заттардың босатылуындағы келеңсіздіктерді жоюда тиісті шараларды күшейтуді тапсырды. Қаржы басқармасының басшысы Р.Бақтыбаев мемлекеттік тіркеуден өтпеген, теңгерімге берілмеген нысандарға қатысты жүргілізіліп жатқан жұмыстармен таныстырды. Айта кетейік, 2018-2024 жылдары аралығында 479 нысанның құрылысы аяқталған, оның ішінде 334 нысанның құжаттары ресімделіп мемлекеттік тіркеуден өткен, тиісті мекеменің теңгеріміне берілген. Ғ.Әбдімәжитұлы сала басшыларына мәселелерді заң шеңберінде қарастырып, бұл ретте әкімшілік кедергілерді жоюды тапсырды. Сондай-ақ мәжіліс барысында өндіріс орындарының экологиялық проблемалары да жан-жақты талқыланды. Қала басшысы жауаптыларға халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қоршаған ортаға кері әсер ететін жағдайларға жол беретін кәсіпкерлерге қатысты қатаң шаралар қабылдап, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюды тапсырды. Өндірістік қалдықтарды қабылдайтын полигон салу бойынша тиімді ұсыныстар жасау тапсырылды. Қала басшысы Ғ.Сыздықбеков қысқа дайындық жұмыстарын пысықтап, аудан әкімдеріне арнайы техникалардың дайындығын қамтамассыз етуді ескертті. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/894326
Маңғыстауда IT саласын дамытуға арналған технопарк пен жастар саябағы пайдалануға берілді 02.12.2024
Бүгін, 2 желтоқсан күні Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде «Yessenov Technopark» кешенінің ашылу салтанаты өтті. Шараға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Еділ Жаңбыршин сондай-ақ еліміздің жоғары оқу орындарының ректорлары, ірі кәсіпорын басшылары, депутаттар мен қоғам өкілдері қатысты.Жаңадан ашылған сан салалы технопарк кәсіпкерлерге, университет пен колледж студенттеріне және мектеп оқушыларына арналған. Мұнда олар өз идеяларын жүзеге асырып, стартап жобаларымен жұмыс істей алады. Сонымен қатар, токарь, дәнекерлеуші сияқты жұмысшы мамандықтарды меңгеру мүмкіндігі бар.2000 шаршы метр аумақта орналасқан екі қабатты ғимарат заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бірінші қабатта робототехника, цифрлық өндіріс, металл және ағаш өңдеу шеберханалары жұмыс істейді. Екінші қабатта жасанды интеллект, ойын әзірлеу, блокчейн, криптовалюта, мобильді қосымшалар жасау және киберқауіпсіздік бойынша білім беріледі.Технопарктың ашылуынан кейін Маңғыстау облысы әкімі жанындағы ғылыми кеңес өтті. Жиында білім беру, логистика, суды тұщыландыру, Каспий теңізінің экологиясы, теңіз саласы, сутегі энергетикасы және басқа да өзекті мәселелер талқыланды.Отырыста ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Мемлекет басшысының ғылыми зерттеулерді өндіріске енгізу қажеттігін және ғылыми қоғамдастық пен бизнес арасындағы байланысты нығайтуды тапсырғанын атап өтіп, Маңғыстау облысы бұл міндеттерді жүзеге асыру арқылы жаңа технологияларды дамыту орталығына айналуға әлеуеті зор екенін жеткізді.Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру аясында ашылған технопарк жастардың инновациялық идеяларын дамытуға және өңірдің тұрақты дамуына үлес қосады.- Мемлекет басшысы ғылыми зерттеулерді коммерцияландыру және оларды өндіріске енгізудің маңыздылығын ерекше атап өтуде. Бүгінгі ашылған технопарк өңір жастары мен кәсіпкерлері үшін ғылым мен экономиканы байланыстыратын алаң болмақ. Маңғыстау облысының тұрақты дамуы үшін өзгерістерге тез бейімделіп, тың мүмкіндіктерді пайдалану қажет. Мемлекет ғалымдарға үлкен үміт артып отыр. Сондықтан ғылыми зерттеулерді облыс экономикасының өзекті мәселелерін шешуге бағыттауымыз қажет. Біз әрдайым аймақ экономикасының дамуына септігін тигізетін барлық бастамаларды қолдауға дайынбыз, - деді Нұрдәулет Қилыбай.Айта кетейік, 29 қараша мен 2 желтоқсан аралығында «Yessenov Forum: Тұрақтылық Мағыналар» форумы өтуде. Форум аясында ғылыми хакатон ұйымдастырылып, облыс үшін маңызды үш нысан пайдалануға берілді. Оның бірі - Yessenov Technopark болса, екінші нысан – «Жастар саябағы». Бұл саябақ жастардың таза ауада демалуына және музыкалық іс-шаралар мен ойын-сауық бағдарламаларын өткізуге арналған. Мұнда амфитеатр, субұрқақ және 50 орындық кафе жұмыс істейді. Саябақ аумағына 3000 ағаш отырғызылған. Саябақ барлық қала тұрғындары үшін ашық.Yessenov университетінің аумағында пайдалануға берілген үшінші нысан – 1500 орындық футбол стадионы. Бұл спорттық нысан 7000 шаршы метр аумақты қамтиды. Мұнда футбол және жеңіл атлетика бойынша облыстық деңгейдегі жарыстарды өткізуге болады. Стадионның ашылу салтанатында Yessenov University мен Atyrau University командалары арасында жолдастық футбол ойыны өтеді.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/894337
Түс пен әсер: Қарағандыда Виктор Аренттің жеке көрмесі өтеді 02.12.2024
Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында 3 желтоқсан күні сағат 16:00-де суретші Виктор Аренттің жеке көрмесі ашылады. "Палитра нені жасырады" экспозициясында шебердің 120-дан астам жұмысы ұсынылады.Жобаның басты мақсаты – суретші шығармашылығының жасырын жағын көрсету. Әр кенеп бір қарағанда бояғыштағы кездейсоқ түс комбинациялары толыққанды өнер туындысына айналуынан басталады."Осы кішкентай туындыларды қарап отырып, көрермен бояу түске, ал түс эмоцияға айналған кезде түстерді араластыру рәсіміне қатысады. Түс терапиясының көмегімен жағымды көңіл-күйдің жақсы энергиясын шығаратын реңктермен жарқыраған әдемі өнер әлеміне енуге шақырамыз", – дейді ұйымдастырушылар.Көрме 11 желтоқсанға дейін жалғасады.Мұражайдың мекен-жайы: Бұқар жырау даңғылы, 76.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/893884
Желтоқсан айындағы мереке күндері қосымша пойыздар жүреді 02.12.2024
"Жолаушылар тасымалы" АҚ Қазақстанның Тәуелсіздік күніне және жаңа жылға қосымша пойыздарды іске қосады.Қосымша рейстер келесі бағыттар бойынша жүреді:№ 201/202 Астана – Алматы пойызы:- Астанадан осы жылғы 13, 16, 19, 22, 25, 28 желтоқсанында, сондай-ақ 2025 жылдың 1 және 4 қаңтарында;- Алматыдан 2024 жылдың 14, 17, 20, 23, 26, 29 желтоқсанында, сондай-ақ 2025 жылдың 2 және 5 қаңтарында.№ 203/204 Астана – Шымкент пойызы:- Астанадан 2024 жылғы 13, 17, 20, 23, 26, 29 желтоқсан, сондай-ақ 2025 жылғы 1 және 4 қаңтар;- Шымкенттен 2024 жылғы 14, 18, 21, 24, 27, 30 желтоқсан және 2025 жылғы 2, 5 қаңтар.№ 205/206 Ақтөбе – Астана пойызы:- Ақтөбеден ағымдағы жылғы 13, 16, 19, 22, 25, 28 желтоқсан, сондай-ақ 2025 жылғы 1 және 4 қаңтар;- Астанадан 2024 жылғы 14, 18, 21, 24, 27, 30 желтоқсан және 2025 жылғы 3, 6 қаңтарда аттанады.2024 жылғы 13 желтоқсаннан бастап электр пойыздарының қосымша рейстері іске қосылады:- № 7553/6811-6812/7556 Қарағанды – Астана – Бурабай шипажайы жұма, сенбі және жексенбі күндері қатынайды;- № 7509/6805 – 6806/7510 Павлодар – Астана – Бурабай шипажайы – жұма және жексенбі күндері.Анықтамалық ақпаратты 1433 нөмірі бойынша, сондай-ақ "Жолаушылар тасымалы" АҚ Instagram – @jolaushylar_tasymaly арқылы тегін алуға болады."Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/893922
Қарағандылық ата-аналар мен балаларға психологтың көмегі тегін көрсетіледі 02.12.2024
Қарағандыда білім басқармасының жанынан ашылған психологиялық қолдау орталығы жұмыс істейді. Мұнда мамандар балалар мен олардың ата-аналарына тегін көмек көрсетеді.Орталық төртінші жыл жұмыс істеп келе жатқан әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу зертханасының негізінде құрылды. Бастапқыда мамандар педагогтар мен психологтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру үшін аудандар мен білім беру ұйымдарына барды, сондай-ақ бала және ата-ана құқықтары жөніндегі уәкіл білім басқармасының сұрауы бойынша қолдау көрсетті.Психологиялық қолдау орталығында көмек ең алдымен балалар мен ата-аналарға бағытталған, олардың эмоционалды және психологиялық мәселелерін шешуге көмектеседі.– Біз білім беру процесінің барлық қатысушыларына қызмет көрсетеміз. Басты міндет – психологиялық сүйемелдеу жүйесін талдау және білім беру ұйымдарында психологиялық көмек көрсету сапасын арттыру. Біз психологтармен, әлеуметтік педагогтармен, тәрбие жұмысы жөніндегі директорлардың орынбасарларымен, сынып жетекшілерімен тікелей жұмыс істейміз. Енді балаларға, ата-аналарға және педагогтарға арналған арнайы кеңес беру кабинеттері ашылды. Егер бала немесе ата-ана әртүрлі себептермен өз мектебінде психологпен байланысқысы келмесе немесе мүмкін болмаса, бізге тікелей келуге болады, –дейді психологиялық қолдау орталығының жетекшісі Татьяна Любчанская.Орталықтың ашылуы штатты кеңейтуге мүмкіндік берді, қазір онда бай тәжірибесі мол 11 маман жұмыс істейді. Консультациялар қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Сонымен қатар, тәжірибе алмасу және өзекті мәселелерді шешу үшін кеңістік құруға көмектесетін диалог алаңдары мен форум-театрлары үнемі өткізіліп тұрады.– Бізде 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған кабинет бар. Баланың дамуы туралы кеңес алғысы келетін немесе білгісі келетін ата-аналар хабарласа алады. Біз ПМПК функцияларын орындамаймыз, бірақ диагностикалық көмек пен қолдау көрсетуге дайынбыз, – деп атап өтті Татьяна Любчанская.Орталық сенбі мен жексенбіден басқа күндері сағат 08:30-дан 18:30-ға дейін жұмыс істейді. Қажет болған жағдайда (шұғыл жағдайларда) психологтар сенбі күндері кеңес бере алады.Келесі телефон нөмірі арқылы жазылу қажет: (8-7212) 60-44-25.Орталықтың мекенжайы: Әлиханов көшесі, 19, 2-қабат.Instagram: @cppkobb. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/894135
Қарағанды облысында газға қосылу: қандай жаңа аудандар табиғи газға қосылады 02.12.2024
Қарағанды мен Теміртауда ортақ газға 7621 үй қосылды. Бұл абоненттердің шамамен 60%-ы. Аймақты газдандыру жалғасуда. Облыс орталығында келесі жылы "Күнгей" және "Таугүл" шағын аудандарын газдандыру жұмыстары басталады.Аппараттық кеңесте газ саласының дамуы туралы айтылды.– Қарағанды бойынша 4, 5, 6 іске қосу кешені бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Теміртау бойынша ІІ кезектің 1 және 2 іске қосу кешендері және І кезектің 4 іске қосу кешендері бойынша жұмыстар жүргізілуде. Шахтинск қаласында АГТЖ және жоғары қысымды газ құбырының құрылысы аяқталды, Северо-Западный кентінде төмен қысымды газ құбыры мен шығу тораптары салынуда, – деді Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының м. а. Ұлан Ермеков.Оның айтуынша, Ақтау және Мұстафин кенттерін, сондай-ақ Шет ауданын газдандыру бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алған жобалар бар. Құрылысты 2025 жылы бастау жоспарлануда.Қарағанды әкімі Мейрам Кожухов келесі жылы орталық газ қайда тартылатынын хабарлады. Бұл жаңа қаладағы жеке сектордың бірқатар көшелері, атап айтқанда: Космонавт, Пищевая, Гончарная, Кондитерская, Кирпичная, Балқаш, Четская, Рахымов және т. б. Сонымен қатар ескі әуежай ауданында: Шектібаев, Ғабдулла Құлқыбаев, Хайрулла Қабжанов көшелерін газдандыратын болады.– Бұл ұзақ уақыт бойы пешпен жылытуды қолданатын көшелер. Бұл бізге қала орталығында экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында аяқтауды жоспарлап отырмыз, – деді Мейрам Кожухов.Сонымен қатар, Кирзавод пен Федоровка аудандарын газдандыру жалғасады."Күнгей" және "Таугүл" шағын аудандарында 133 км газбен жабдықтау желілері салынатын болады. Бұл шамамен 3300 абонентті табиғи газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Теміртауда тағы бір нысан жыл соңына дейін тапсырылуы тиіс, деп хабарлады қала әкімі Ғалым Әшімов. Бұл табиғи газды ескі қала мен оң жағалаудағы 1727 үйге жеткізуге мүмкіндік береді. Келесі жылы АБВ кварталының мыңға жуық үйі мен "Горка Дружбы" шағын ауданын көгілдір отынмен қамтамасыз ету үшін газ құбырының құрылысы жалғасады.Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев өңірді одан әрі газдандыру және тұрғындарды көгілдір отынға қосу қарқынын арттыру жөнінде тапсырма берді.– Тұрғындарға тұрмыста табиғи газды қауіпсіз пайдалану ережелерін түсіндіру қажет. Газ тарату желілерін салу бойынша жобалардың сапалы іске асырылуын және уақтылы орындалуын бақылауда ұстау керек, – деп атап өтті өңір басшысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/894169
Қарағанды облысындағы NEET-жастарға арналған мүмкіндіктер 02.12.2024
Қарағанды облысының Шахтинск қаласында NEET-жастарды жұмысқа орналастыру жалғасуда. Қысқа мерзімді кәсіптік курстар, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, субсидияланатын жұмыс орындары ұсынылады, бос орындар жәрмеңкелері және тағы басқалар өткізіледі.Өз ісін ашуға мүдделі адамдар үшін Қарағанды облысы әкімінің және Шахтинск әкімінің гранттары көзделген. Осының арқасында қалада бірнеше жаңа кәсіпорындар, соның ішінде логопедиялық орталық, шаштараз, сүт өнімдерін өндіру іске қосылды.Мемлекеттік қолдауды сәтті пайдаланудың бір мысалы - Шахтинск тұрғыны Мария Шувурталованың босануға дайындық кабинетін ашуы. Эпидемиолог дәрігер ретінде ол доул курсын оқыған. Сондай-ақ, "Бастау бизнес" бағдарламасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өтті. Бизнес-жоспар құрған.– Өткен жылдың қараша айында мен миллион теңгеге грант алып, жобаны іске асыруға бірден кірісіп кеттім. Мен жұмыс үшін қажет нәрсенің бәріне тапсырыс бердім және бірнеше айдан кейін кабинет аштым. Ақша барлығына жеткілікті болды. Тіпті өзім күткеннен де көп зат сатып алдым. Басында қиын болды, бірақ мен бас тартқан жоқпын. Қазір менің жобам сұранысқа ие болғанына қуаныштымын, менің білімім босану кезінде әйелдерге көмектесіп, олардан алғыс аламын, – дейді Мария Шувурталова.Шахтинск жастар ресурстық орталығы жұмыспен қамту мәселесін шешуге кешенді қадамды қамтамасыз ете отырып, мансап орталығымен тығыз жұмыс істейді.– 1-ші қарашаға дейінгі жағдайда облыс бойынша Жастар ресурстық орталығына 13 215 жас азаматтар жүгінген, оның ішінде 673 Шахтинск тұрғыны. 11 950 адам жұмысқа орналастырылды. Олардың әрқайсысы бойынша тегін заңгерлік және психологиялық консультацияларды қоса алғанда, жеке жұмыс жүргізіледі, – дейді Шахтинск Жастар ресурстық орталығы басшысының м.а. Алексей Варзаев. – Биыл біз жұмыссыз жастар санының айтарлықтай төмендегенін байқап отырмыз. Бұл аулаларды аралау, қоңырау шалу, қол жетімді бағдарламаларды түсіндіру нәтижесі. Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың үйлесімді жұмысының арқасында оң динамика бар. Біз еш жерде оқымайтын және жұмыс істемейтін жастарды мансап орталығына жібереміз. Мұнда олар жұмысқа орналасумен тікелей айналысады.Шахтинск Мансап орталығының директоры Рүстем Манаповтың айтуынша, бос жұмыс орындары жеткілікті, бастысы – жұмыс істеуге деген ұмтылыс. Қалада "Бірінші жұмыс орны", "Жастар практикасы", "Ұрпақтар келісімшарты" жобалары табысты іске асырылуда. Осы бастамалардың арқасында көптеген жұмыссыздар, соның ішінде ЖЭО және "Шахтинскводоканал" сияқты кәсіпорындарда жұмыс тапты.Кәсіптік бағдар беру жұмысы үшін балалар үйінде де кездесулер жүргізіледі. Колледж студенттерімен кездесулер өтеді, онда олар жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы уақтылы ақпарат алады.NEET-жастармен әлеуметтендіру мен жұмысқа орналасуға бағытталған "Мүмкіндіктер марафоны" жобасы бойынша атаулы жұмыс одан әрі жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/894191
Қарағанды облысында 111 ауыл мектебі жаңғыртылды 02.12.2024
Қарағанды облысында 222 ауылдық мектепте 34 мыңнан астам бала оқиды. Желтоқсан айында Бұқар Жырау ауданының Новостройка ауылында апатты жағдайдағы мектептің орнына салынып жатқан жаңа білім ордасы тапсырылуы тиіс. "Ауыл – ел бесігі" жобасы бойынша үш мектепке: Гагаринск ауылына, Ағадыр және Шұбаркөл кенттеріне қосымша ғимараттар салу аяқталуда. Шет және Бұқар Жырау аудандарында ауыл тұрғындары үшін бес жайлы мектеп салынуда.Ауылдық мектептердің дамуы туралы аппараттық кеңесте білім басқармасының басшысы Гүлбақыт Жүнісова баяндады.– Бүгінгі таңда 111 ауылдық мектеп жаңғыртылды, оның ішінде күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Барлық ауылдық мектептер интернетке қосылған, 106-да Starlink спутниктік технологиясы арқылы қосылу жылдамдығы артқан. Қазіргі заманғы жабдықтарға назар аударылады: биыл біз жаңа модификациядағы 48 кабинет сатып аламыз, келесі жылға тағы 42 кабинет жабдықтаймыз, – деді спикер.Үш жылдық қайта қалыпқа келтіру жоспарына 34 ауылдық мектеп енгізілді. Олардың тоғызында жөндеу жұмыстары 2025 жылы басталады.Гүлбақыт Жүнісова тірек мектептердің тиімділігін атап өтті. Облыс бойынша қазір 130 магниттік мектепті біріктіретін 32 мектеп бар. "Қазақстан халқына" қорымен бірлесіп іске асырылатын тірек мектептерді дамыту жөніндегі жоба жалғастырылатын болады.Бұдан басқа, "Елдің нысаналы мектептерін дамыту", "Мың мектеп", "Қала-ауыл" сияқты республикалық жобалар көмектеседі.Оқушылардың аграрлық мамандықтарға деген қызығушылығын арттыру үшін 65 мектепте "Ауыл шаруашылығына қадам" жобасы жүзеге асырылуда.Ал жеке академия бастамашы болған "Репетитор" жобасы бойынша ауыл мектептерінің түлектеріне ҰБТ-ға дайындалуға көмектеседі.Басқарма басшысы ауыл оқушыларының жетістіктері туралы да айтып берді. Биыл жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада 9 медаль жеңіп алынды, оның үшеуі алтын.Кадрларға келетін болсақ, биыл "Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша жұмысқа 51 жас мұғалім келді.Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев ауыл мектептеріне жас мамандарды тартуға көп көңіл бөлуді тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/894268