Enbekshi QazaQ

Ғылым

Қарағанды қаласы тұрғындарының назарына! 02.12.2024
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Қараганды қаласының тұрғындарымен кездесу өткізеді.Халықпен кездесу 2024 жылы 4 желтоқсанда сағат 15.00-де Кеншілер мәдениет сарайында өтеді.Халықтан сұрақтар мен ұсыныстар жинау үшін жұмыс тобы құрылды. Өтініштеріңізді жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін) (8-7212) 42-36-58, 42-57-09 телефоны арқылы және o.tusupbekov@karaganda-region.gov.kz электрондық поштасы арқылы қалдыруға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/894270
БҚО-да «ТАЗА АУЛА» акциясы жалғасуда 02.12.2024
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Орал қаласында «Таза аула» экологиялық науқаны бастау алды. Бүгінде «Таза Аула» акциясы еріктілердің басын қосып, жергілікті тұрғындардың әлеуметтік желі арқылы берілген өтініштерін жерге қалдырған жоқ. Соған сай белгіленген мекенжайға «Таза Қазақстан » автобусына тиелген құрал жабдықтарымен бірге берілген аумақты тазалауға келді. «Таза Қазақстан» республикалық экологиялықлық акциясы бүгінде жалпыхалықтық сипат алып келеді. Өйткені межелі уақыт біткенімен, көше тазалығына атсалысамын деген ұжымдар мен еріктілердің қатары көбеймесе, азайған жоқ. Ұйымдастырылған игі бастамаға үкіметтік емес ұйым өкілдері, еріктілер, қоғам белсенділері мен жастар белсене қатысты. Осы сәтті пайдалана отырып, қала тұрғындарын, жастарды акцияға қатысуға шақырамыз, өйткені қаланың гүлденуі мен абаттандырылуы біздің қолымызда,- деді БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының бөлім басшысы Бектұрсынов Аманат.Акция соңында, жергілікті тұрғындар өз алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.Бүгінгі таңда санитарлық жұмыстарға 175 мыңнан астам тұрғын және 4 мың мекеме мен кәсіпорын қатысты. Акция аясында 80 мыңнан астам аула, оның ішінде 2610 көпқабатты үйдің аумағы және 77 мыңнан астам жеке тұрғын үйдің аумағы жиналды. Сондай-ақ, 247 саябақ пен скверді абаттандыру жұмыстары жүргізілді, 60 мыңнан астам ағаш көшеттері отырғызылды, 7 мыңнан астам тротуар плиталары жөнделді. 1273 әлеуметтік нысанның аумағы мен 1280 тарихи-мәдени ескерткіштің аумағы тазартылды.Экологиялық іс-шараларды өткізу үшін 1810 бірлік техника жұмылдырылып, 72160 тонна қоқыс шығарылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko/press/news/details/894205
Вице — премьер Тамара Дүйсенова СҚО-ға жұмыс бабымен келді 02.12.2024
Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова мен СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша өзекті мәселелерді шешуге бағытталған кездесулер өткізді.Петропавлдағы «Балдәурен» балабақшасында Тамара Дүйсенова мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларымен кездесті. Жиында мектепке дейінгі білім беру саласының дамуы, оның ішінде балабақшаларды ваучерлік қаржыландыру мәселесі талқыланды. Бұл жүйеге келесі жылдың мамыр айында Петропавлдың балабақшалары да қосылады.Вице-премьер жоғары құрылыс-экономикалық колледжінде цехтарды аралап, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының директорларымен жиын өткізді. Президент 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Солтүстік Қазақстан облысында қазір 24 колледж жұмыс істейді, онда 11 мыңнан астам студент білім алуда, оның ішінде 13 колледж жұмысшы мамандықтары бойынша кадр даярлайды. Осы оқу жылында 3,6 мың адамға мемлекеттік тапсырыс орналастырылды. Тамара Дүйсенова М. Жұмабаев атындағы IT-мектеп — лицейінде оқу кабинеттерінің жұмысымен танысып, «Мақсатты мектептер» жобасының жүзеге асуы бойынша мектеп директорларымен жиналыс өткізді. Бұл республикалық жобаға облыстың 20 мектебі қатысады, оның 13-і ауылдарда. Жоба аясында әдістемелік сүйемелдеу, педагогтердің біліктілігін арттыру және оқу процесін жетілдіру жоспарланған. Вице-премьер Петропавлдағы жаңа үстел теннисі орталығында спорттық ұйымдардың басшыларымен кездесті. Жиында саланы басқару және балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне қаржыландыру жүйесін енгізу мәселелері талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/893799
Қарағанды Назарбаев зияткерлік мектебі ашық есік күніне шақырады 02.12.2024
Ниет білдірушілер Қарағанды НЗМ сабақтарына қатысып, оқытушылармен сөйлесе алады. Ашық есік күніне алтыншы сынып оқушылары мен олардың ата-аналары шақырылады. Шара 7 желтоқсанда сағат 10:00-ден 14:00-ге дейін Кеншілер даңғылы, 62 мекен-жайы бойынша өтеді.Қонақтар үшін экскурсия ұйымдастырылады. Олар химия-биологиялық бағыттағы білім алудың ерекшеліктері туралы айтып, барлық сұрақтарға жауап береді.Анықтама телефоны: (8-7212) 50-78-55.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/893761
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Жетісу облысында тазалық акциялары жалғасуда 29.11.2024
Жетісу облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы басталған уақыттан бері тазалық акцияларына, тарихи-мәдени мұра ескерткіштері мен объектілерін вандализм іздерінен тазарту іс-шараларына жалпы саны 251 мыңнан астам адам атсалысты. Атап айтқанда, кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, волонтерлар, жастар, шағын және орта бизнес өкілдері, жалпы облыс тұрғындары белсене қатысты.Бүгін, 29 қарашада облыс жастары Талдықорған қаласының Өтенай ауылында «ЭКОквест» экологиялық квест ойынын ұйымдастырды. Шараға белсенді жастар, Талдықорған қаласының кәсіптік техникалық білім беру ұйымдарының студенттері, ауыл тұрғындары жалпы 100 адам қатысты. Жаңашыл форматтағы шараның мақсаты – жастар мен жасөспірімдерге қоршаған орта мен табиғат тазалығының қаншалықты маңызды екенін көрсете отырып, оған өз үлестерін қосуға ықпалдасу. Бұл шараға эко-белсенділер мен ауыл тұрғындарынан құралған 15 команда қатысты. 5 локация бойынша өткен ойын Өтенай ауылының орталық аллеясының аумағын қоқыстан тазалаумен қатар, жастарды шапшаңдық пен ұтқырлыққа тәрбиелейді. Қатысушы командалар белгіленген орынды тазалап, ең көп қоқыс шығарудан бәсекеге түсіп, сонымен қатар ойын барысында танымдық сұрақтарға жауап беріп, түрлі кедергілерден өтеді. Викториналық сұрақтар Жетісу өңірінің тарихы, табиғи маңызды орындары мен киелі жерлері туралы қойылды.Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Тимур Губашев: «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының қолдауымен «Таза Қазақстан» акциясы кең ауқымды республикалық деңгейге ие болғанын атап өткім келеді. Біз бұл әрекетті көшедегі тазалықты сақтау ретінде ғана емес, сонымен қатар өзімізді таза ұстау ретінде қабылдауымыз керек. «Таза Қазақстан» бағдарламасының негізгі идеясы – барлық қазақстандықтар қолдауы тиіс жаңа экологиялық және қоғамдық этиканы қалыптастыру», - деп атап өтті.«Қазақстан студенттер альянсы» Жетісу облыстық филиалының төрағасы, эковолонтер Ескендір Имандос: «Сәуір айынан бастау алған «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында облыс жастарының ұйымдастыруымен 500 аса шара өтті. Жастардың бойына игі істерді дарыту барысында олардың қызығушылықтарын ескеріп, біз тазалық жұмыстарының пайдалы әрі қызықты бола алатынын көрсеткіміз келеді. Жастардың жаңа ортасы тазалыққа жақын болса, келесіде осы қатысушы өзінің тағы бір досын ертіп келеді. Сөйтіп, тазалыққа жақын, туған жерін аялайтын нағыз жанашыр жастарды қалыптастыра аламыз. Осы тұста «Таза Қазақстан» бағдарламасының қоғамға берері зор екенін айтқым келеді», - деді.Айта кету керек, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Жетісу облысында жалпы 2 322 техника жұмылдырылып, нәтижесінде 12 822 тонна қоқыс шығарылды. 193 саябақ пен скверді, 721 тарихи-мәдени ескерткіштерді тазарту жұмыстары жүргізілді. Бағдарлама аясында облыс аумағында 56 мыңнан астам түп көшет отырғызылды.«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы Жетісу облысында белсенді түрде ұйымдастырылып, тұрғындар тарапынан зор қолдауға ие болды. Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасының мәліметі бойынша дайындалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/893225
Биыл Жетісуда облыстық деңгейдегі 193 шақырым жол жөнделіп бітеді 29.11.2024
Биыл Жетісуда облыстық деңгейдегі 193 шақырым жол мен 54 елді мекеннің ішкі жолдары жөнделіп бітеді. Сол қатарда аудан орталығы мен ауылдардың арасын қосатын жолдар, ауылдардың кірме жолдары, көпірлер, ауылішілік жолдар бар. Осылайша 2024 жылдың соңына қарай жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті автомобиль жолдарының үлесі 94% жеткізіледі, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Мәселен, Қаратал ауданында отыз жылдан астам уақыт жөндеу көрмеген шалғайдағы Көпбірлік ауылына апаратын жолға жөнделіп, жуырда пайдалануға берілсе, осы аудандағы тағы бір маңызды жол - «Үштөбе – Ортатөбе – Кішітөбе» бағытындағы автотрассаның құрылысы бітуге таяу.Облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың Қаратал ауданының халқымен кездесуінде көтерілген аталған жолдардың мәселесіне орай бюджеттен қаржы қарастырылып, жөндеу жұмыстары осы жылдың сәуір айында басталған болатын. Бүгінде құрылыс жұмыстары 95 пайызға аяқталған.– Үштөбе-Ортатөбе-Кішітөбе жолының жөндеу жұмыстары белгіленген кестеге сәйкес жүргізілді. Жалпы ұзындығы 11 шақырым жөнделді. Мұнда екі қабатты, қалыңдығы 10 см жабын төселді. Қазір абаттандыру, жол белгілерін орнату жұмыстары атқарылып жатыр, – дейді Қаратал аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Талғат Уалиев.Соңғы жылдары ауылдық жерлердегі инфрақұрылымға ерекше көңіл бөліне бастағанына, халық көтерген мәселенің оң шешілгеніне қатысты тұрғындар да пікір бөлісті.– Сонау 1974 жылы Жылыбұлақ ауылынанан осы елді мекенде тұрамын. Биыл аудан оралығымен ауылды жалғайтын жолымызды жөндеп берді. Оған қоса алты көшесі бар ауылымыздың төрт көшесі жаңғыртылып, асфальт жабыны төселді. Бұған дейін жаңа мектеп салынып, балаларымыздың игілігіне берілген болатын. Оған қоса медициналық пункттің бітуіне де аз қалды. Ауылдық жерге көңіл бөлініп жатқанына халық риза, – деді Ортатөбе ауылының тұрғыны, ардагер Ораз Шеттібайұлы.Жалпы 2024 жылы Жетісу облысында жолдарды салуға және жөндеуге 40,6 млрд. теңге бөлінді, облыстық маңызы бар жолдардың 38 шақырымына құрылыс пен қайта жаңғырту, 155,4 км - орташа жөндеу, 60,6 мың ш.м. ағымдағы жөндеу және 54 елді мекенде 157 км кентішілік жолдарды салу мен реконструкциялау жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Сол сияқты Балқаш көліне дейінгі 132 км жол келесі жылғы туристік маусымға дейін толық пайдалануға беріледі.Бұдан бөлек облыс аумағында республикалық маңызы бар автожолдарды қайта жаңғыртуға бағытталған ірі жобалар іске асырылды. «Үшарал-Достық», «Талдықорған – Үшарал» автожолдарын қайта жаңарту аяқталуға жақын. Оған қоса «Сарыөзек – Көктал» және «Айдарлы-Көктал» автожолдарының учаскелерінде жөндеу жұмыстары жалғасуда.Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/893282
Жамбыл облысында жел электр станциясына қажетті құрал-жабдықтар өндіретін зауыттың құрылысы басталды 29.11.2024
Орталық Азияда теңдесі жоқ зауыттың іргетасын қалау рәсіміне Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, ҚР энергетика вице-министрі Ілияс Бақытжан, «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов, сондай-ақ Алматыдағы ҚХР бас консулы Цзян Вэй мен Sany Renewable Energy компаниясының өкілдері қатысты.Салтанатты шарада облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов, Sany Renewable Energy компаниясының атқарушы президенті Чжоу Фугуй құттықтау сөз сөйледі.Инвестициялық жобаны Sany Renewable Energy компаниясы мен отандық «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС-і бірлесіп жүзеге асыруда. Жалпы жоба құны - 53,6 млрд. теңгені құрайды.Жаңа өндіріс ошағы Шу ауданы «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағының (АЭА) аумағында орналасады.Зауыт 2025 жылдың соңына дейін қолданысқа беріледі деп күтілуде. 300-ге жуық жаңа жұмыс орны құрылып, мамандардың біліктілігін арттыруға басымдық беріледі. Жылына 2 ГВт жел электр станциясына қажетті құрал-жабдықтар құрастырылады.Кәсіпорын өнімдері ішкі нарықты ғана емес, экспорттық әлеуетті де қамтамасыз етеді.Жамбыл облысының инвестициялық қоржынында 3,3 трлн. теңгенің 80 жобасы бар. Ол 6 362 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, шетелдік инвесторлардың қатысуымен 1,6 трлн. теңгеге 12 инвестициялық жоба іске асырылуда. Онда 4 500 жұмыс орны ашылады.Ағымдағы жылы 1 453 жаңа жұмыс орнын құра отырып, 214 млрд. теңгеге 35 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Бүгінгі таңда 146,7 млрд. теңгеге 20 жоба іске қосылып, 674 жұмыс орны ашылды.Еске салайық, Жамбыл облысы жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) дамыту бойынша көш бастап тұр.Өңірде жалпы қуаты 571,3 МВт-ты құрайтын 22 ЖЭК нысаны, оның ішінде 6 су электр станциясы (24,4 МВт), 10 жел электр станциясы (275,6 МВт), 6 күн электр станциясы (251,25 МВт) бар. 2024 жылдың 10 айында 588,4 млн. кВт/сағ. электр қуаты өндірілді.Алдағы жылдары шетелдік әлеуетті компаниялармен бірлесіп, Мойынқұм, Талас, Сарысу аудандарында ірі жел электр станциясын салу көзделіп отыр.Бұл күні облыс әкімі «Jibek Joly» АЭА-ның жұмысын зерделеп, аралап көрді. Атап айтқанда, «Taraz Gelatin» (желатин, сабын, коллаген өндірісі мен тері өңдеу), «JVictorNewEnergy» (кремний өндірісі), «Kazakhstan Hydrogen Peroxide» (сутегі асқын тотығы өндірісі) сынды өндіріс ошақтарының құрылыс қарқынын тексерді.Жалпы АЭА-да 19 жобаны жүзеге асыру көзделген. Бүгінде 3 өндіріс іске қосылып, жеті жобаның құрылысы жүргізілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/893624
ШЫМКЕНТТЕ ДӘРІГЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ ӨТТІ 29.11.2024
Перинаталдық орталықта акушер-гинекологтар мен акушерлерге арналған халықаралық шеберлік сабағы өтті. Іс-шараның ашылу рәсіміне қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков қатысты. Дәрістерді Ресейден арнайы шақыртылған жоғары санатты медицина мамандары жүргізді. Үш күндік оқытуларда медицина қызметкерлері жедел акушерлік жағдайларда симуляциялық жабдықта мануальды дағдыларды игерді, практикалық сабақтар дәрігерлердің кәсіби біліктіліктерін арттырды. Ақ халаттылар босану кезінде ана мен балаға көрсетілетін шұғыл көмектер бойынша тәжірибе жинақтады. Жергілікті дәрігерлерге Ресей елінің жоғары санатты акушер-гинеколог дәрігері, м.ғ.к Сергей Мартиросян және Калининград облысының «Өңірлік перинаталдық орталығының» бас дәрігері Ольга Перевозкина, медицина ғылымдарының кандидаты, Л. А. Ворохобов атындағы ҚКА №67 перинаталдық орталығының клиникалық-сараптамалық жұмыс бөлімінің меңгерушісі Юлия Кутейкина теориялық және практикалық дағдыларды ұштастыра отырып, кәсіби кеңестер берді. Жалпы, шеберлік сабағына қаладағы перзентханалардан 40-тан аса медицина қызметкері қатысып, біліктілігін арттырды. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/892777
ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІКТІ ТІРКЕУ ЖӘНЕ САТЫП АЛУ-САТУ КЕЛІСІМ ШАРТЫ ХҚКО-ДА РӘСІМДЕЛЕДІ 29.11.2024
Енді жылжымайтын мүлікті тіркеп және сатып алу-сату келісім шартын кез-келген ХҚКО арқылы ресімдеуге болады. Бұрын мұндай қызметті нотариустар көрсететін. Сатып алу-сату келісім шартын орталық маманы арқылы рәсімдеу құны жеке тұлғаларға 8500 теңге, ал заңды тұлғалар үшін – 12500 теңгені құрайды. Мәмілені рәсімдеу үшін сатушы мен сатып алушы жылжымайтын мүлік құжаттарымен бірге ХҚКО-ға келуі қажет. Егер екі тарап некеде тұрған жағдайда жұбайларынан нотариус арқылы рәсімделген келісімі талап етіледі. Қызметкер сатып алу- сату келісім шартын 2 данадан дайындайды. Қызмет көрсету мерзімі құжат тапсырған күнді есепке алмағанда 1 жұмыс күнін құрайды. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін төлем прейскурант бойынша жүзеге асырылады. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/892780
Маңғыстау облысы мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті 29.11.2024
Бүгін, 28 қараша күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың қатысуымен 8 сайланған облыстық мәслихаттың кезектен тыс он алтыншы сессиясы өтті. Сессия барысында облыстың 2024-2026 жылдарға арналған бюджетіне өзгерістер енгізу, ауыл шаруашылығы жануарларын асырау қағидаларын бекіту, су ресурстарын пайдалану төлемақы ставкаларын анықтау, мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен облыс әкімдігінің дербес құрамына өзгерістер енгізу мәселелері қаралды.Жиында Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Светлана Нарешова 2024 жылға арналған облыс бюджетінің нақтыланған параметрлерін баяндады.- Жыл ішінде жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат Мемлекет басшысы мен Үкіметтің тапсырмаларын, Даму және Кешенді жоспарлар аясындағы іс-шараларды, сондай-ақ маңызды әлеуметтік міндеттерді қаржыландыруға бағытталды. Ал қысқартылған қаражат ауыз су беру қызметтері, әлеуметтік маңызы бар жол қатынастары бойынша жолаушылар тасымалын субсидиялау, әлеуметтік ұйымдарды күтіп ұстау және жаңа мектепке дейінгі ұйымдарға байланысты шығындарды қамтамасыз етуге жұмсалады, – деді Светлана Нарешова.Сессияны қорытындылаған облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай депутаттарға ел игілігі үшін қабылданған шешімдері мен қолдаулары үшін ризашылығын білдірді.- Ел қалаулыларының маңызды мәселелерде қолдау білдіріп, қабылдаған шешімдері өңірдің тұрақты дамуына ықпал етеді. Әрбір қабылданған шешім халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталуы тиіс. Сіздердің қолдауларыңыздың маңыздылығын ерекше атап өткім келеді. Бірлескен күш-жігерімізбен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жалғастыратынымызға сенім білдіремін, – деді Нұрдәулет Қилыбай.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/893139
Нұрдәулет Қилыбай NCOC компаниясының басшылығымен кездесті 29.11.2024
Бүгін, 29 қараша күні, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Солтүстік-Каспий жобасының операторы - «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» (NCOC) компаниясының басқарушы директоры Джанкарло Руюмен кездесті.Кездесу барысында тараптар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымды жетілдіру және жергілікті тұрғындардың өмір сапасын жақсарту мәселелері талқылады.Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған нақты ұсыныстарын білдіріп, компаниямен бірлескен бастамаларды қолдауға дайын екенін атап өтті.- Біздің басты міндетіміз – жергілікті халықтың әл-ауқатын арттыру. Президенттің тапсырмасына сәйкес, өңірде туризм саласын дамыту және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жаңа міндеттер қойылды. Бүгінде өңіріміздің әлеуметтік инфрақұрылымының дамуына бірқатар компаниялар мен жеке сектор тарапынан қолдаулар көрсетілуде. Осыған орай, Маңғыстау облысының әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға арналған қаржыландыру лимитін ұлғайтып, 2025 жылға дейінгі 5 жылдық жоспарды қаржыландыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынамыз. Біз өзара тиімді және нәтижелі ынтымақтастыққа әрқашан дайынбыз және әкімдік тарапынан барлық бастамаларды қолдаймыз, – деді Нұрдәулет Қилыбай.Айта кетейік, NCOC компаниясы өңірдегі әлеуметтік маңызды нысандардың құрылысын белсенді түрде жүзеге асырып келеді. Соңғы үш жылда компанияның қолдауымен бес нысан пайдалануға берілді.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/893141
Ақтауда «Аммиак-карбамид кешені» жобасының іске асырылу барысы талқыланды 29.11.2024
29 қарашада облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай «ҚазАзот» АҚ өкілдерімен кездесті. Басқосуда «Аммиак-карбамид кешені» жобасының іске асырылу барысы мен алдағы жоспарлары талқыланды.Аталған жоба іске асқанда жылына 660 мың тонна аммиак, 577,5 мың тонна карбамид , 395 мың тонна азот қышқылы және 500 мың тонна көлемінде аммиак селитрасы өндіріледі деп жоспарлануда.Жобаны жүзеге асыру үшін жалпы ауданы 242,15 гектар жер телімі бөлінген. Құрылыс-монтаж жұмыстары кезеңінде 1500 адам жұмыспен қамтылады. Нысанды 2029 жылы толық пайдалануға беру көзделген.Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай өңір экономикасының ілгерілеуіне серпін беретін тың жобанының жүзеге асырылуына қажетті барлық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде тиісті шаралар қабылдауды тапсырды. Сонымен қатар аймақ басшысы бұл жобаның өңір экономикасын дамытуға ғана емес, елдің химия өнеркәсібін ілгерілетуге қосатын зор үлесін атап өтті.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/893511
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы тағайындалды 29.11.2024
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығымен Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалған Шәріпбеков Бекболат Жүнісәліұлын таныстырды.Бекболат Жүнісәліұлы 1973 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институтын «Агроөнеркәсіп салаларын басқару және оның экономикасы» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1990 жылы Жаңақорған ауданындағы «Келінтөбе» күріш совхозында бастаған. 1998-1999 жылдары «Құмиян» кәсіпорны «Ақниет» бөлімшесінің есепшісі болған. 1999-2010 жылдары «Келінтөбе» ауылдық округі әкімі аппаратында, Жаңақорған ауданы және Түркістан қаласы бойынша салық комитеттерінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарған. 2010-2018 жылдары Қызылорда облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясы мен тексеру комиссиясының бөлім басшысы-мемлекеттік аудиторы, 2018-2020 жылдары Қызылорда қаласы «Қарауылтөбе» ауылдық округінің әкімі болып еңбек еткен. 2020-2022 жылдары Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бөлім басшысы, 2022-2024 жылдары Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары болып нәтижелі қызмет көрсетті. 2024 жылдың маусым айынан осы кезге дейін Қызылорда облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.Аймақ басшысы жаңадан тағайындалған департамент басшысына тілектестік білдірді.«Бекболат Жүнісәліұлы аймақтың әлеуметтік-саяси ахуалымен етене таныс, мемлекеттік қызметтің барлық сатысынан өтіп, мол тәжірибе жинаған әлеуеті жоғары кадр. Жаңа қызметте облыс бойынша зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыруды, мүгедектерді әлеуметтік қорғауды, медициналық-әлеуметтік сараптаманы, азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуді, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыратын болады.Бекболат Жүнісәліұлы алған білімі мен жинаған мол тәжірибесін күрделі де жауапты саланың дамуына жұмсайды деп сенеміз», – деді Н.Нәлібаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/892628
Қарағандыда маркетплейстің алғашқы жетістіктері мен жоспары туралы айтылды 29.11.2024
Қарағандыда жаңа қазақстандық Тeez маркетплейсі жұмысын бастады. Оның басты артықшылығы - бүкіл тапсырысты бір күнде жеткізу. Тапсырыс беру пункттері еліміздің 24 қаласында ашылды.ҚР сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаевпен бірге электрондық сауда алаңының бірыңғай қоймасына барды. Оларға барлық логистика көрсетілді, іске қосу нәтижелері мен өршіл жоспарлар туралы айтылды.– Қазір бізде 40 тапсырыс беру пункті бар, Біз Қазақстанның 24 қаласында өкілдік етеміз. Алдағы уақытта 127 тапсырыс беру пунктін ашып, 30 қаланы қамту жоспарлануда. Клиенттік қосымшамыз да құрылды, қазіргі уақытта оны 170 мың адам жүктеп алды. Жүктеу жылдамдығы бойынша қосымшалар екінші орынға ие болды – күніне 15–20 мың адам. Қазірдің өзінде 540 сатушы тіркеліп, біздің алаңда өз тауарларын сататын 20 мыңға жуық жеке кәсіпкердің карточкаларын жасады. Өнім ассортименті – 50 мың атау, – деді Teez негізін қалаушы Линар Хуснуллин.Қазір компанияда 245 адам жұмыс істейді. Ал болашақта 8 мың жаңа жұмыс орны құрылып, шағын және орта бизнес қолдау алады.Жобаның басында бірыңғай қойма жалпы ауданы 25 мың ш.м. аумаққа төрт ғимаратта орналасқан, ал 2030 жылға қарай 120 мың ш. м. алаңда өз үй-жайларын салу жоспарлануда.Болашақта компания интернет-коммерция көшбасшыларына шығуға ниетті.– Соңғы жылдары біз электрондық сауданың күрт өскенін көріп отырмыз. Тек 10 айдың қорытындысы бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көлем 20%-ға өсті. Абсолютті түрде бұл сома 3 трлн теңгеден асады. Мұндай жобалар экономикаға, тұтынушылар үшін тауарлардың қолжетімділігіне оң әсер етеді, – деп атап өтті Арман Шаққалиев.Министр географиялық жағдайды, инфрақұрылымды ескере отырып, Қарағанды облысы қазақстандық тірек сауда-логистикалық орталыққа ғана емес, сонымен қатар Орталық Азия хабына айналуы мүмкін деп санайды.Арман Шаққалиев өңірге жұмыс сапары аясында бірқатар сауда нысандарын аралады. Осакаров ауданында бизнес өкілдерімен және тұрғындармен кездесті. Мақсаты кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа құралдарын түсіндіру болды.Ауылдық дүкенге және ірі қалалық супермаркетке барған кезде министр отандық тауарлардың сөрелерге орналасуына қызығушылық танытты. Ол жұмыртқа сататын бөлімге де кірді. Сатып алушылардың таңдауы кең екеніне көз жеткізді, оның ішінде өндірушінің бағасы бойынша да тауар бар – С1 санатындағы он дана үшін 470 теңге.Арман Шаққалиев "Қарағанды Нан" корпорациясының жұмысымен де танысты. Компания нан, макарон, жұмыртқа және басқа да өнімдер шығарады. Облыс пен ел нарығын азық-түлікпен қамтамасыз етіп қана қоймай, көрші елдерге де экспорттайды. Жұмыртқа Ауғанстанға жеткізіледі.Global Сity СОО-ға барған кезде сауда және интеграция министріне ірі көтерме саудагерлерге арналған тауарларды сақтауға арналған қойма кешені көрсетілді. Кірме жолдар мен кедендік бақылаудың жеке аймағы да бар. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/892710
Балқашта әуежайды қайта жаңарту жұмыстары жалғасуда 29.11.2024
Балқаш қаласында әуежай қайта жаңартылуда. Қазіргі таңда ішкі демонтаждау жұмыстары жүріп жатыр, сыртқы инженерлік желілер салынуда, сондай-ақ екі қосымша жапсаржайдың құрылысы жүзеге асырылуда.Естеріңізге сала кетейік, жоба екі кезеңнен тұрады. Біріншісі – жермен жүру жолдары мен перронды қайта құру. Екіншісі – аэровокзал ғимаратын күрделі жөндеу және арнайы көлік қызметінің ғимаратын салу.Қазірдің өзінде қауіпсіздіктің бүйірлік жолақтары жабдықталған, заманауи жарық-сигналдық жабдық орнатылған. Мұздан тазартатын сұйықтық пен ағынды суларға арналған резервуарлардың құрылысы аяқталуға жақын. Бұл жұмыстар жыл соңына дейін аяқталуы тиіс.Аэровокзалды қайта құру және арнайы көлік қызметі ғимаратының құрылысы 2025 жылы аяқталады деп жоспарлануда.Әуежай инфрақұрылымын жаңғырту қаланың дамуы мен туризм үшін жаңа мүмкіндіктер туғызады деп күтілуде. Жоспар бойынша жолаушылар ағыны үш есеге – жылына 13 мыңнан 40 мың адамға дейін өсуі тиіс.Әуежайды жаппай жаңарту қажеттілігі бұрыннан өзекті: нысан 1967 жылы салынған, соңғы рет әуе айлағы 2007 жылы жөнделген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/892999
Бұқар Жырау ауданының бес ауылында жөндеуден өткен клубтар қайта ашылды 29.11.2024
Бұқар Жырау ауданының бес ауылында клубтар қайта жөнделді. Мәдениет ошақтарының ғимараттарын жөндеу қажеттілігі туралы мәселені тұрғындар бірнеше рет көтерген. Жаңартылған ауыл клубтары мерекелік концерт, кездесулер мен жиындардың орны болатын.Ботақара ауылында жөндеуден кейін жергілікті клубта көп нәрсе өзгерді: қабырғалар, терезелер, есіктер, едендер жаңартылды. Қасбеті металл қаптамамен қапталған. Инженерлік коммуникацияларды жаңартқаннан кейін бөлмелер жылы әрі жайлы бола түсті. Жуынатын бөлме жөнделіп, септик орнатылды. Концерттер жаңа сахнада өтеді.Осындай жұмыстар Ақоре және Тасауыл ауылдық клубтарында жүргізілді.– Біздің ауылда адамдар белсенді және шығармашыл. Олар үшін клуб – бірлескен мәдени демалыс орны. Жақында жаңа жылдық мерекелер өткізіп, балалар мен қонақтарды жарқын, жылы жөндеуден өткен ғимаратта қарсы алатынымыз қуантады, – дейді Ақоре ауылының клуб меңгерушісі Әлия Ахмадиева.Ақбел ауылының клубында жұмсақ шатыр боялған пішінді қаңылтырға ауыстырылды. Ал Үміткер ауылының клубында кірпіштен жасалған қасбет жасалды.Аудандағы мәдени-демалыс мекемелерін жөндеу жұмыстары жалғасады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/893117
Шет ауданында қола дәуіріне тән қорымдар табылды 29.11.2024
Қарағанды облысы Шет ауданы Өспен ауылдық округінде археологиялық қазба жұмыстары аяқталды. Ғалымдар қола дәуірінің Ақбәйбіше қорымына тиесілі бес жерлеу орындарын тапты.Археологтар тапқан жәдігерлердің бәрі қола дәуіріне жататындығын радиокөміртекті талдау растады.Табылған бес қорымның үшеуі ауыл арасындағы жолда, ал екеуі ен далада болды. Барлық жерлеу орындары тоналған, бірақ ғалымдар әлі де қызықты артефактілерді таба алды. Олардың ішінде сол кезеңдегі өте сапалы керамика бөлшектері бар. Бір қызығы, оның құрамындағы саз қазіргі Өспен ауылдық округіне тән, бірақ керамикалық бұйымдарды өндіру технологиясының өзі Орталық Қазақстанның шеберлеріне тиесілі. Бұл әр түрлі аймақтардан келген қолөнершілер тәжірибе алмасып, бір-бірінен үйренді деген болжам жасайды.Сондай-ақ, археологтар эмбрион позасында бассыз көмілген адамның қаңқасын тапты. Бұл сол дәуірде өмір сүрген адамдардың күрделі рухани-мәдени идеялары мен дәстүрлерін көрсетеді.– Біз барлық олжаларды Қарағанды облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығына тапсырдық. Сол жерден артефактілер Өспен ауылының мұражай қорына бағытталды. Сол жерде оларды көруге мүмкіндік болады, – дейді экспедиция жетекшісі, "EcoProf KZ" ЖШС ғылыми-зерттеу бөлімінің жетекші археологы Александр Кнутов.Қазір табылған жерлеу орындары қоршалған. Бұл келешекте олжаларды сақтау үшін қажет.Сондай-ақ ғалымдар ХХ ғасырдың басында британдық инженер-конструктор Джон Уилфорд Уорделл салған Сарысу байыту фабрикасының қирандыларын ауадан да егжей-тегжейлі суретке түсірді.– Бұл зауыттың қирандылары мәдениет басқармасына, кейбір жергілікті тұрғындарға, ақпаратты мақсатты түрде зерттеген туристерге белгілі болды. Бірақ нысан танымал болмаған. Біз түсірген суреттер бойынша зауытты қайта құруға, оның архитектурасын іс жүзінде қалпына келтіруге тырысуға болады, – дейді Александр Кнутов.Ғалымдар сонымен қатар Сарысу өзенінің бассейні аймағында археологиялық барлау жүргізді. Нәтижесінде олар қола дәуіріне, ерте темір дәуіріне, орта ғасырларға және қазіргі заманға жататын жаңа нысандарды тапты.Олардың ішінде "мұртты" үлкен тас қорған – тасмола археологиялық мәдениеті. Ол ерте темір дәуіріне жатады және Орталық Қазақстанға тән.Ғалымдар бұл нысандарды зерттеуін жалғастыруды жоспарлап отыр.Фото «EcoProf KZ» ЖШС экспедиция материалдарынан алынғанАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/893124
Ермағанбет Бөлекпаев Қарағанды облысы тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді 29.11.2024
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев өңір тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді. Көптеген мәселелер әлеуметтік сала мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа қатысты болды. Кездесу мемлекеттік құрылымдар мен облыстық басқармалар өкілдерінің қатысуымен өтті.Қабылдауға "Күнгей" ш/а тұрғыны келді. Ол үйінің жанында бітеліп қалған кәрізге қатысты шағым айтты. "Қарағанды Су" бригадасы кәріз құдығын ашып, оның балшықпен бітелгенін анықтады. Бұл желілер кәсіпорынның балансында болмағандықтан, ешқандай жұмыс жүргізілмеген. Қарағанды басшысы Мейрам Кожухов барлық желілерді тазартып, "Қарағанды Су" иелігіне берілетініне уәде берді. Ермағанбет Бөлекпаев желілерді беруді кешіктірмеуді және мәселені қысқа мерзімде шешуді тапсырды.Екінші топтағы мүгедек тұрғын үйге қатысты өтініш білдірді. Қарағанды тұрғыны кезекте бірнеше жылдан бері тұр. Жағдайды қала басшысы Мейрам Кожухов түсіндірді. Ол биыл 400-ге жуық пәтер берілетінін атап өтті. Тұрғын үй кезекке сәйкес беріледі.– Түсініңіз, кезекте тұрғандар көп. Біз пәтерлерді барлық санаттарға пропорционалды түрде береміз. Біз ешкімді айналып өте алмаймыз. Биыл немесе келесі жылдың басында қоныс тойын атап өтетініңізге үміттенеміз, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.Мұқият қарауды қажет ететін мәселелер одан әрі шешілуі үшін бақылауға алынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/893163
Балалар кітапханасы қарағандылықтарды Германия мәдениетімен таныстырады 29.11.2024
2–6 желтоқсан аралығында Абай атындағы Қарағанды балалар кітапханасы барлық ниет білдірушілерді Германия мәдениеті апталығына шақырады. Кіру тегін.Бағдарламада:2 желтоқсан сағат 12:00-де – Германия мәдениеті апталығының ашылуы: би флешмобы, интерактивті викторина;3 желтоқсан сағат 16:00-де – Plätzchen Рождестволық тоқаш пен Рождестволық етік жасау бойынша шеберлік сабақтары;4 желтоқсан сағат 15:00-де – "Барбара және Германия: қысқы мерекенің сиқыры" ақпараттық мәдени сағаты;5 желтоқсан сағат 12:00-де – "Германияны білесіз бе?” квиз ойыны;6 желтоқсан сағат 12:00-де – "Рапунцель: шытырман оқиға" мультфильм шоуы (Ағайынды Гриммдердің ертегісі негізінде).Апта бойы кітапханада Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайы ұсынған картиналардың кітап көрмесі мен экспозициясы өтеді.Кітапхана мекен-жайы: Бұқар жырау даңғылы, 30.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/893149
Қарағанды техникалық университетінің командасы футзалдан Қазақстан чемпионы атанды 29.11.2024
Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің құрама командасы University League – 2024 футзалынан ҚР чемпионатында жеңіске жетті. Жарыс елордалық Sairan Arena спорт сарайында өтті.Студенттер чемпионатына 10 команда қатысты, олар екі топқа бөлінді. Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ командасы бір рет тең ойын және үш рет жеңіске жетті.– Жартылай финалда біз AITU астаналық командасын 4:1 есебімен жеңдік. Соңғы ойында қарсыласымыз Алматыдан келген Тұран университеті болды. Бірақ біз 5:1 есебімен оларға жеңіске жету мүмкіндігін қалдырған жоқпыз. Тарихта тұңғыш рет Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ командасы ел чемпионы атанды, – деп атап өтті жаттықтырушы Ерлан Оқасов.Сонымен қатар, қарағандылық ойыншылар жеке сыйлықтарға ие болды. Сонымен, Кирилл Дуров үздік шабуылшы, ал Жарқынбек Рыспеков үздік қақпашы деп танылды.Командалардың тәлімгерлері – дене тәрбиесі кафедрасының аға оқытушысы жаттықтырушы Ерлан Окасов және UEFA жаттықтырушысы Александр Дьяченко.Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ баспасөз қызметінің ақпараты бойыншаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/893207