Enbekshi QazaQ

Ғылым

Қостанай облысы: «Астана» және «Бәйтерек» шағын аудандарының құрылысын бастау 16.11.2024
Бүгін Қостанай облысының Тобыл қаласында «Астана» және «Бәйтерек» жаңа шағын аудандарының іргетасы салтанатты түрде қаланды. Іс-шараға облыс әкімі Құмар Ақсақалов қатысып, бұл жобаның өңір тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту үшін маңыздылығын атап өтті.«Біз ауқымды құрылысты іске асырып жатырмыз, ол өмір сүру үшін заманауи жағдай жасап, көптеген отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз етіп, өңіріміздің инфрақұрылымын дамытуға маңызды қадам болады», - деп атап өтті әкім.Жоба 176 гектар аумақта 154 тұрғын үй құрылысын қамтиды, бұл шамамен 14 мың пәтер. Шағын аудандарда медициналық, білім беру және спорт объектілері, сондай-ақ демалуға арналған абаттандырылған аймақтар көзделетін болады.Іс-шара барысында Құмар Ақсақалов бастаманы қолдайтын жастармен сөйлесті. «Бұл біздің ортақ жетістігіміз және мен болашақ ұрпақ үшін бірге жайлы жағдай жасап жатқанымызды мақтан тұтамын», — деді ол.Жаңа шағын аудандарды салу Қостанай облысының дамуындағы маңызды кезең және бұл оқиға жергілікті тұрғындарды жаңа жетістіктерге шабыттандыратынына сенімдіміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/875077
Көксу қант зауытының жылдық қуаты 500 мың тоннаға дейін артады 16.11.2024
Жетісу облысының Көксу ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырған үш ірі кәсіпорын бар. Соның бірі – жылына 250 мың тонна қант қызылшасын өңдейтін Көксу қант зауыты. Бүгінгі таңда кәсіпорын толық жүктелген, оның қуаттылығын арттыру үшін 2025-2026 жылдары 29 млрд. теңге инвестиция тартылады. Кеңейтудің нәтижесінде зауыттың жылдық қуаты 500 мың тоннаға дейін жетпек. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың аудан тұрғындарымен кездесуі барысында айтылды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.- Біздің облыста биыл 13,7 мың гектарға қант қызылшасы себіліп, одан 615 мың тонна өнім алу жоспарланып отыр, соның ішінде Көксу ауданында105 мың тонна қант қызылшасы жиналатын болады. Биыл екі зауыт жалпы 100 мың тонна ақ қант өндірсе, соның 73 мың тоннасы қант қызылшасынан, 27 мың тоннасы қамыстан өндіріледі, сол 100 мыңның 57 мың тоннасын Көксу қант зауыты шығарады, - деді өңір басшысы Бейбіт Исабаев.Белгілі болғандай, қазіргі уақытта ауданда себілген 2,3 мың гектар қант қызылшасының 1,4 мың гектары, яғни 59% жиналып, 71,9 мың тонна өнім алынды, бұл ретте өнімділік гектарына былтырғыға қарағанда 184,7 центнерге жоғары болып отыр, яғни облыс бойынша орташа өнімділік 453,4 ц/га болса, Көксу ауданында бұл көрсеткіш - 522 ц/га.Биыл ауданда қант қызылшасы бағытында 4 шаруашылық бірігіп, 1 сервистік даярлау орталығын құрды. Оларға 738 млн. теңгеге 11 бірлік техника лизингке берілді, соның 4-еуі комбайн, 4-еуі сепкіш, 3-еуі жапырақ жинағыш. Жалпы ауданда 85 бірлік техникамен қамтылған 4 сервистік даярлау орталығы жұмыс жасауда. Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіФотограф: Жеңіс ЫсқабайАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/874893
Соңғы екі жылда Жетісудың Көксу ауданында мемлекет меншігіне 40,8 мың га жер қайтарылды 16.11.2024
Жетісу облысының Көксу ауданында 2022-2024 жылдары пайдаланбай жатқан 40,8 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды, соның 232,47 гектары - егістік, 40,5 мың гектары – жайылымдық жер. Бұл туралы бүгін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев аудан халқымен кездесу жиынында айтты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Бұған қоса, 13 шаруашылықта 6 мың гектар жерді пайдаланылмай жатқандығы анықталып, аталған жер иелеріне 1 жылға ескерту берілді. Егер белгіленген мерзімде жер пайдаланылмаса, келесі жылы жерді мемлекет меншігіне қайтару жөнінде шаралар қабылданады.- Аудандағы қайтарылған 40,8 мың гектардың ішінен 7,7 мың гектары Мұсабек, Лабасы ауылдық округтеріне қоғамдық жайылым ретінде бекітіліп берілді, 33 мың гектар – ауданның жер қорында. Былтыр ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге екі конкурс өткізілсе, биыл тек бір ғана конкурс ұйымдастырылған, ал коммерциялық жер учаскелерін табыстау бойынша аукцион әлі өткізілмеген. Осыған байланысты жұмысты ширату керек. Және жердің мақсатты пайдаланылу мәселесі қатаң бақылауда болуы тиіс, - деді өңір басшысы Б. Исабаев. Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіФотограф: Жеңіс Ысқабай Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/874904
Көксу ауданында жыл соңына дейін 110 отбасы тұрғын үймен қамтылады 16.11.2024
Жетісудағы Көксу ауданында осы жылдың соңына дейін 110 отбасытұрғын үймен қамтамасыз етіледі, соның нәтижесінде кезектегілер саны 7,2%-ға азаяды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Бүгінгі күні Көксу ауданында тұрғын үй кезегінде 1518 адам тұр. Кезектілікті азайту мақсатында әлеуметтік осал топтарға арнап 50 тұрғын үй сатып алу жоспарланған, соның 17-сі Республика күніне орай тұрғындарға берілді. Қалған үйлер жыл соңына дейін сатып алынады. Сонымен қатар Балпық би ауылындағы 60 пәтерлі несиелік тұрғын үйден кезекте тұрғанотбасыларына жеңілдетілген несиемен пәтерлер берілуде. Соның нәтижесінде осы жылы тұрғын үймен қамтылған отбасылар саны 110-ға жетіп, кезек 1408-ге дейін азаяды. Бұл бағыттағы жұмысты жалғастыру үшін биыл екі 60 пәтерлі несиелік тұрғын үйдің құрылысына қаражат бөлінді. Бұл үйлер 2025 жылдың қазан айында пайдалануға беріледі.- Былтыр аудандық ауруханаға барғанымда ауданға 20 маман дәрігер келгені айтылды. Бір ауданға осынша маман келу деген – өте жақсы көрсеткіш. Біз биылдан бастап облысқа келген дәрігерлерге республикада бірінші болып, 5 және 10 млн теңгеден бір реттік көтермеақы бере бастадық. Сол кезде қажетті мамандарды тұрғын үймен қамту жағын қарастыруға уәде бергенмін. Соған сәйкес ауданның әлеуметтік сала қызметкерлеріне, жас мамандарға арнап Балпық би ауылынан 20 пәтерлі жалгерлік тұрғын үйдің құрылысына жоба әзірленді, 2025 жылдың бюджетін нақтылау кезінде қаржы қарастырылатын болады. Сол сияқты Балпық би ауылындағы жаңа шағын аудандағы жеке тұрғын үй құрылысына арналған инженерлік-коммуникациялық желілерді салудың сараптама қорытындысы алынды, - деді Б. Исабаев. Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Фотограф: Жеңіс ЫсқабайАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/874915
Жетісудағы Көксу ауданының әлеуметтік, инфрақұрылымдық нысандарының құрылысына соңғы екі жылда көп көңіл бөлінді 16.11.2024
Жетісу облысында 2023-2024 жылдары Көксу ауданына инфрақұрылымдық, әлеуметтік нысандарды салуға, қайта жаңғыртуға және жобалау жұмыстарына, соның ішінде денсаулық сақтау, білім беру, спорт, мәдениет салаларындағы құрылыстарға, газдандыру, жол, тұрғын үй салу, абаттандыру ісіне облыстық бюджеттен 19,5 млрд. теңге бөлінді. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев аудан тұрғындарымен кездесуі кезінде айтты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Жиында айтылғандай, биылғы оқу жылында Қаратал ауылында 120 орынды жаңа мектеп пайдалануға берілді. «Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында Балпық би ауылындағы бұрынғы спорт мектебінің ғимараты балабақша ретінде қайта жаңғыртылды. М. Құрманов атындағы және Мұқаншы орта мектептерінің спорт алаңдары жөнделіп, 4 мектептің материалдық-техникалық базасы мен кітапханалары жаңартылды.- Былтырғы жылы кездесуге келгенде Балпық би ауылындағы Нұрмолда Алдабергенов атындағы орта мектептің жағдайымен толық танысып, ғимаратты күрделі жөндеуге тапсырма бердім. Бүгінгі күні жобалық - сметалық құжаттама жасалуда. Нысанда күрделі жөндеумен қоса қосымша модульді асхана орнату және ғимаратты сейсмикалық күшейту жұмыстары жүргізілетін болады. Сондай-ақ аудандағы білім мекемелерінде газдандыру жұмыстары жүргізілуде, биыл 3 мектеп, 1 интернат, 1 балабақша қараша айында газға қосылады. Осы жылы Нұрмолда Алдабергенов және Қадырғали Жалайыри атындағы орта мектептерге 2 автобус сатып алынды. Ауданның барлық мектептері мен балабақшалары қауіпсіздік шараларымен, бейнебақылаумен қамтылған, - деді Б. Исабаев.Денсаулық сақтау саласы да назардан тыс қалған жоқ.Мәселен, өткен жылы Еңбекшіқазақ, Ақшатоған ауылдарында 2 фельдшерлік-акушерлік пункт пайдалануға берілсе, Ақтекше, 10 жылдық Қазақстан, Мәулімбай және Мұқаншы ауылдарында 4 блокты-модульдік медициналық пункт орнатылды. Ал биыл Айнабұлақ ауылдық округіне қарасты ПЧ-45 ауылында және Еңбекші округіндегі Кеңарал ауылында блокты-модульдік медициналық пункттер қараша айының соңына дейін орнатылады. Сол сияқты Мұқыры ауылының дәрігерлік амбулаториясына күрделі жөндеу жасалып, қолданысқа берілді.«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Қызылтоған, Бесқайнар, Жетіжал ауылдарында фельдшерлік-акушерлік пункттер биылғы жылдың соңында, ал Қаратал ауылында келесі жылы қолданысқа беріледі. Ақтекше, Жарлыөзек, Алғабас ауылдарына 3 санитарлық автокөлік сатып алынды. Сонымен бірге аудандық орталық аурухананың материалдық-техникалық базасын жақсартуға 127,5 млн. теңге бөлінді.Мәдениет саласына келсек, 150 орындық Жарлыөзек ауылдық мәдениет үйінің құрылысы жүріп жатыр, 2025 жылдың соңында аяқталады. Сонымен қатар Мұсабек ауылына блокты-модульді мәдениет үйі орнатылуда. Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Фотограф: Жеңіс ЫсқабайАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/874922
Қарағанды облысында мүгедек адамдарды жұмысқа орналастыру мүмкіндіктері кеңейіп келеді 16.11.2024
Жыл басынан бері Қарағанды облысында 1100 мүгедек адам жұмысқа тұрды. Есту және көру қабілеті бұзылған адамдарға мүмкіндіктер жасауға ерекше назар аударылуда. Мұндай санаттағы адамдар үшін 13 арнайы жұмыс орны құрылды.Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың қатысуымен өткен кезекті кеңесте мүгедектігі бар өңір тұрғындарын жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс нәтижелері мен жоспарлары талқыланды.Өңірде мүгедектігі бар 55 мыңға жуық адам тұрады, олардың 30 мыңға жуығы еңбекке қабілетті жаста.Қалалар мен аудандардың әкімдіктері мүгедек адамдарды жұмысқа орналастыруға дайын кәсіпорындардың тізбесін қайта қарап, кеңейтті, квотаны 113-тен 219 жұмыс орнына дейін ұлғайтты.– Бүгінгі таңда мүгедектігі бар 1435 адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамтамасыз етілді, оның ішінде 1107 адам жұмысқа орналастырылды. Бұған бос жұмыс орындары, әлеуметтік жұмыс орындары, қоғамдық жұмыстар, "Күміс жас", "Жастар тәжірибесі", "Бірінші жұмыс орны" жобаларына қатысу кіреді, – деп атап өтті жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсем Жүніспекова.Сондай-ақ, аймақта "Террикон алқабы" базасында IT-мамандықтарды қоса алғанда, сұранысқа ие мамандықтар бойынша курстар ұсынылады. Жоба бойынша үш жылда 300 адамды оқыту жоспарлануда. Сонымен қатар, өз ісін дамытуға грант алу мүмкіндігімен кәсіпкерлікке оқыту жүргізіледі.Әкімнің мүгедек адамдар мәселелері жөніндегі кеңесшісі Нияз Сүндеталиев ақыл-есі кем адамдарды жұмысқа орналастыру мәселесін көтерді.Ермағанбет Бөлекпаев бұл мәселені қарастыруды тапсырып, мүгедектігі бар бірде-бір адам назардан тыс қалмауы тиіс екенін атап өтті.– Қалалар мен аудандардың әкімдері бұл жұмысқа белсенді қатысуға тиіс. Жұмыспен қамту мәселесімен нақты айналысу, мүгедектігі бар адамдарды қоғамдық өмірге тарту маңызды. Олардың жұмысына жағдай жасау керек, өйткені олар шынымен жұмыс істегісі келеді. Біз оларға осындай мүмкіндік беруіміз керек, – деді облыс әкімі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/874800
Қарағандыда оқушылар арасында облыстық "Қасым оқулары" байқауының жеңімпаздары анықталды 16.11.2024
Қарағандыда алғаш рет "Қасым оқулары" облыстық байқауы өтті. Өңірдің барлық қалалары мен аудандарының оқушылары белгілі қазақ ақыны Қасым Аманжоловтың өлеңдері мен әндерін орындауда, сондай-ақ өз шығармаларын оқуда бақ сынасты.Байқау 8–11 сынып оқушылары арасында өтті. Ұйымдастырушы "Сарыарқа дарыны" балаларға арналған қосымша білім берудің өңірлік ғылыми-практикалық орталығы болды.Финал "Кәусар" Оқушылар сарайында өтті. Оған қалалық және аудандық кезеңдердің 50 жеңімпазы қатысты.– Біз үшін ең бастысы – оқушылардың Қасым Аманжоловтың поэзиясына деген қызығушылығын арттыру. Олар оның поэтикалық сөзінің толық қуатын түсінуі маңызды, – дейді "Функционалдық сауаттылықты дамыту" зертханасының меңгерушісі Марғұлан Әлім. – Әрине, біз жас ақындарды қолдап, оларды көпшілік алдында көрсетуге мүмкіндік бергіміз келді. Мұндай іс-шараларға қатысу шығармашылық ойлау мен өзіне деген сенімділікті дамытуға көмектеседі, сонымен қатар әдебиет пен өнерге деген сүйіспеншілікті нығайтады. Біз жыл сайын "Қасым оқулары" байқауын өткізуді жоспарлап отырмыз.Үздік оқырмандар мен вокалистер үш номинация бойынша анықталды. Алғашқы орындардың барлығы Қарағанды мектептерінің оқушыларына берілді."Өзге емес, өзім айтам өз жайымды…" номинациясында Б. Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектептің оқушысы Арман Мейрамбай үздік атанды."Берейін өмірімнен өлең жасап..." санатында арнайы қазылар алқасы № 61 жалпы білім беретін мектептің оқушысы Изат Нұрғасырды марапаттады. Сол мектептің тағы бір оқушысы Алина Наурызбай "Өзіммен бірге өлмесін, өлеңім деп..." номанициясында үздік атанды.Номинациялардың әрқайсысында екінші және үшінші орын алғандар да анықталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/874857
Қарағандылық өрт сөндірушілер шетелдіктерге арналған жаттығу өткізді 16.11.2024
Қарағандыда шетелдік студенттерге өрт болған жағдайда әрекет ету ережелері туралы айтылды. Оқу-жаттығу медициналық университеттің жатақханасында өтті. Олар теорияны да, практиканы да қамтыды."Оқу-жаттығудың мақсаты – өрт қауіпсіздігі ережелері туралы ақпараттандыру, жатақханаларда өрт қаупін азайту", – деп атап өтті Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.Мамандар дәріс оқып, түсінікті болу үшін өрт шыққан жағдайда қалай әрекет ету керектігі туралы бейнероликтер ұсынды.Практикалық сабақта эвакуациялау жоспары пысықталды. Сондай-ақ студенттерге өрт сөндіргішті қалай пайдалану керектігі көрсетілді.Оқу-жаттығуға қатысушылар өз сұрақтарын қойып, оларға жауаптар алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/874868
Өңірлік кадр резервіне енген жастар жұмысқа орналасуда 16.11.2024
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2024 жылғы 1 қазандағы N 199 қаулысына сәйкес облыс, қала және аудан әкімдері аппараттарының және олардың дербес атқарушы органдарының әкімшілік-көмекші қызметкерлерінің штат саны қайта бекітілді.Осыған байланысты облыстық аппараттың кейбір құрылымдық бөлімшелері қайта құрылды, функционалдық бағыттары қайта бөлінді. Мемлекеттік құқықтық жұмыс бөлімі Бірыңғай заң қызметі болып өзгертілді; Хаттамалық тапсырмалардың орындалуын бақылау және талдау бөлімі Әлеуметтік-экономикалық даму және талдау бөлімі болып өзгертілді. Тиісінше, бұл бөлімдердің функциялары кеңейтіліп, қайталанатын функциялар жойылды.«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңға сәйкес аппараттың барлық мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне өздері атқарып жүрген лауазымдарымен тең лауазымдар ұсынылды. Ұсынылған лауазымнан бас тартқандары мемлекеттік қызметте кемінде үш жыл жұмыс өтілі болған жағдайда төрт орташа айлық жалақының мөлшерінде өтемақы алып (1,3-1,7 млн.тенге аралығында), мемлекеттік қызметтен кетті (айта кетерлігі, лауазымнан бас тартқандар арасында өтемақысыз кеткендер болған жоқ).Осы жылдың қыркүйек айында аумақтық даму және ұйымдастыру жұмыстары басқармасының басшысы Н.Таңбаев Астана қаласына көшуіне байланысты өз еркімен қызметінен босатылды. Кадрлар бөлімінің басшысы Г.Сулейманқызы өз бастамасы бойынша қызметінен босатылды.Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдары 2024 жылғы 1 шілдеден бастап Ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға іріктеуді және конкурстарды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың тізбесіне енді. Іріктеудің жаңа тәртібі бойынша конкурс жариялаған мемлекеттік орган кандидаттарды алдын ала көре алмайды және конкурс кезеңдерінен (заңнамалық тестілеу, жеке қасиеттерді бағалау, мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау) жоғары балл алған кандидаттың лауазымға тағайындалу мүмкіндігі өте жоғары. Жаңа тәртіппен тағайындалған 19 үміткердің ішінде Жаңаөзендіктер жоқ екендігіне назар аударамыз.Сонымен қатар, бос лауазымдарды өңірлік кадр резервіне енген жастармен толықтыру жұмыстары көзделіп отыр. 11 лауазым осы резервшілерге ұсынылды, олардың ішінде де жаңаөзендіктер болған жоқ. Қазіргі уақытта олардың 1-і лауазымға тағайындалды, 2 резервшінің құжаттары рәсімделуде. Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/874828
Облыс әкімі азаматтарды жеке қабылдады 16.11.2024
30 қазанда Маңғыстау облысының әкімі Нұдәулет Қилыбай Ел президентінің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» жарлығына сәйкес жеке мәселемен келген тұрғындарды қабылдап, олардың ұсыныс-пікірін тыңдады.Маңғыстаулықтар көтерген мәселелер негізінен жұмыссыздық, тұрғын үй алу, ауылды аббаттандыру және басқа да мәселелерге қатысты болды.Облыс әкімі азаматтардың өтінішіне жіті көңіл бөліп, барлық мәселелер тиісті заңнамалар аясында қарастырылатынын атап өтті.Бірқатар өтініштерді жан-жақты зерделеу үшін жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/874736
Маңғыстау мен Атырау облыстарында геологиялық барлау жұмыстары басталады 16.11.2024
Барлау жұмыстары жүргізілелетін “Қаратон подсолевой” учаскесі Атырау және Маңғыстау облыстарында «Ембімұнайгаз» АҚ кен орындарының жанында орналасқан.«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов «Татнефть» ЖАҚ бас директоры Наил Магановпен кездесуі барысында Қаратон Подсолевой учаскесінде тереңдігі 5500 метр алғашқы іздеу ұңғымасын бұрғылауға дайындық жұмыстарын талқылады. Қазіргі уақытта учаскеде бұрғылауға қажетті жабдықтар орнатылуда. Бұрғылау жұмыстары 2024 жылдың қарашасына жоспарланған.Сондай-ақ тараптар мұнай-газ химиясы саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.Еске салайық, 2024 жылы 21 ақпанда Қазан қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен «Татнефть» ЖАҚ «Қаратон Подсолевой» жобасы бойынша сатып алу-сату шартына, акционерлер келісіміне және қаржыландыру туралы келісімге қол қойған болатын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/874743
Skills Enbek платформасындағы кейбір ақылы курстар әлеуметтік осал топтағы қазақстандықтарға тегін ұсынылады 16.11.2024
Skills Enbek платформасында «Әлеуметтік» қосымшасы құрылды, онда халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын қазақстандықтарға кейбір ақылы курстар бойынша тегін негізде оқуға мүмкіндік беріледі.Оқытуды бастау үшін азаматтарға «Әлеуметтік» қосымшасындағы курсты таңдау кезінде ЭЦҚ арқылы олардың мәртебесінің сәйкестігін растау қажет. Тексеруден сәтті өткеннен кейін курс пайдаланушының жеке кабинетінде қолжетімді болады.Қазіргі уақытта жаңа бөлімде киіз басу және тігу сияқты қолданбалы мамандықтар, сондай-ақ экологиялық және әлеуметтік білім беру дағдылары бойынша сурдо аудармасы бар бірнеше курстар бар. Бұл курстарды USAID қолдауымен «Инклюзивті қолөнер» жобасы аясында «Qolqanat Foundation» қоғамдық қоры әзірледі.Естеріңізге сала кетейік, Skills Enbek платформасы маркетплейс қағидаты бойынша курстарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін халықаралық оқыту алаңдарының қазақстандық аналогы болып табылады. Іске қосылғаннан бері Skills Enbek-те әртүрлі бағыттар бойынша 600-ден астам курстар орналастырылды, олардың жартысы тегін қол жетімді. Платформа қазірдің өзінде 474 мыңнан астам тіркелген пайдаланушыларды тартты, олардың 390 мыңнан астамы оқуды сәтті аяқтады.ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/874664
Теміртауда дзюдодан халықаралық турнир өтеді 16.11.2024
Теміртауда ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Амантай Айдархановты еске алуға арналған "Магнитка жұлдыздары" атты дзюдодан XXIII халықаралық турнир басталды. Жарысқа Қазақстан, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан және Қырғызстан спортшылары қатысады. 20-дан астам команда 2008–2009 жылдары туылған 700-ге жуық ұлдар мен қыздарды ұсынады.Турнир Qarmet спорт кешенінде төрт күн бойы өтеді. 29–31 қазан аралығында жеке біріншіліктер, ал 1 қарашада командалық жарыстар өтеді. Барлық ниет білдірушілер келіп, қатысушыларды қолдай алады.Жеңімпаздар медальдармен, кәдесыйлармен, алғыс хаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Турнир соңында оқу-жаттығу лагері жоспарланған, онда әрбір дзюдошы құнды халықаралық тәжірибе жинақтай алады."Магнитка жұлдыздары" турнирі дзюдошыларды ел чемпионатына дайындауда да маңызды рөл атқарады.Жарысты ұйымдастырушылар – Теміртау әкімдігі, Qarmet компаниясы, Қарағанды облысының дзюдо күрес федерациясы және Jenyc кәсіби клубы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/873108
Теміртауда қайта жасақталған өрт сөндіру депосы ашылады 16.11.2024
Теміртауда жаңа өрт сөндіру депосы ашылады. Оның қажеттілігі жайлы көптен бері айтылып келеді. Мәселе облыстық әкімдіктің қолдауымен шешілді.Бұрынғы өрт сөндіру бөлімінің ғимаратын күрделі жөндеуге қаражат бөлінді. Жұмыстар аяқталуға жақын.Нысанға Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев барып, құтқарушылар үшін қандай жағдай жасалғанын көрді.Қайта жасақтау техникалық жарақтандыруды жақсартып қана қоймай, қызметкерлер үшін жайлылық жасауға мүмкіндік береді.Ғимарат үш қабатты. Бірінші және екінші қабаттарда әкімшілік және шаруашылық-тұрмыстық үй-жайлар, өрт сөндіру автотехникасының тұрағына арналған гараж орналасқан. Ал үшінші қабатта жеке құрам мен олардың отбасыларына арналған пәтерлер бар.Ескі қасбет өңсіз болған. Жаңартудан кейін ол жарқын және заманауи бола түсті. Қайта құру үшін желілі панельдер қолданылды.Ғимарат ішінде есіктер орнату және жиһаз қою қалады.Өрт сөндіруші-құтқарушыларды даярлауға арналған оқу мұнарасы бар.Қосымша өрт сөндіру депосын ашу құтқарушылардың жедел әрекет етуін арттырады. Республикалық трекке жақындығын ескере отырып, қызметкерлер қиын жағдайға тап болған адамдарға көмекке тез жете алады.– Шығуға арналған екі бірлік техника бар. Пайдалануға берілгеннен кейін өрт депосы алты шағын ауданға және Екатеринбург – Алматы тас жолына қызмет көрсетеді, онда жолдағы ЖКО мен ТЖ кезінде көмек көрсетіледі, – деді Қарағанды облысы ТЖД бастығы Марғұлан Аманбаев.Сондай-ақ, Ермағанбет Бөлекпаев Теміртауда Металлургтер даңғылында күрделі жөндеу жұмыстары қалай жүріп жатқанын көрді. Қаланың негізгі көлік артерияларының бірін қайта құру жарты ғасырда алғаш рет қолға алынды. Жоба екі жылдық. Жұмыстар кешені қарастырылған: жол төсемін ауыстыру, жаңа тротуарлар, гүлзар аймағын абаттандыру. Нөсерлі кәріз мәселесі шешіледі. Мүгедектерге арналған бейімделген алаңдарды қоса алғанда, веложолдар, ойын және спорт аймақтары жоспарлануда.Даңғылдың ұзындығы екі жағынан шамамен үш шақырым.Бүгінгі таңда Республика даңғылынан Абай көшесіне дейінгі тақ жақтағы жұмыстар аяқталды. Қозғалыс қауіпсіздігін арттыру үшін жол белгілерін орнату ғана қалып, бұл учаске ашылуға дайын болады.Екінші учаскені асфальттау жұмыстары жүргізілуде. Бейбітшілік даңғылынан Амангелді көшесіне дейінгі жұп жақтағы және учаскедегі жұмыстар келесі жылдың көктемінде жалғасады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/873318
Саран қаласы әкімінің міндетін атқарушы тағайындалды 16.11.2024
Қарағанды облысы әкімінің өкімімен Саран қаласының әкімі Еркін Баулықов қалада жылу беру маусымының басталуында олқылық жібергені үшін атқаратын қызметінен босатылды.Қала басшысы міндетін уақытша осыған дейін Саран қаласы әкімінің орынбасары болған Мақсат Қайрешов атқаратын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/873682
Теміртауда жылу желілерін қайта жаңарту жалғасады 16.11.2024
Теміртауда сапалы жылумен қамтамасыз ету басым міндеттердің бірі болып қала береді. Бұл бағытта 2022 жылдан бастап ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Осы жазда қалада магистральдық желілер ғана емес, сонымен қатар квартал ішіндегі желілер де жөнделді – жалпы көлемі екі есеге жуық ұлғайтылды. Келесі жылы тағы да бірқатар жобалар жоспарланған.Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Теміртау және Ақтау кентінің тұрғындарымен кезекті кездесуде мәлімдеді.– Жалпы, алдыңғы кездесуден кейін белгілі бір жұмыс жүргізілді. Біздің басты міндетіміз – сапалы жылумен қамтамасыз ету. Біз бұл жұмысты келесі жылы жалғастырамыз. Сараптаманың оң қорытындысы бар жалпы ұзындығы 12,3 км болатын жылу желілерінің бес учаскесін қайта жаңартуға ЖСҚ дайын, – деді өңір басшысы.Ол тұрғындарды ашық әңгімеге шақырды. Баяндамаларсыз бірден сұрақ-жауап сессиясына көшті. Теміртау мәдениет сарайындағы кездесу екі сағатқа созылды. Тұрғындар жалпы қала бойынша және нақты аулалардағы проблемалар туралы айтып берді.Мысалы, Республика даңғылы 47 мекенжайындағы көпқабатты үйдің өкілі лифт қалпына келтірілгенше күте алмайтындығына шағымданды. Оның айтуынша, тұрғындар инвестиция салуға дайын, үйде қарт адамдар көп, олар жоғарғы қабаттарға жаяу көтерілуге қиналады. Ермағанбет Бөлекпаев мәселені шешуді жеделдетуді тапсырды.ТКШ проблемалары әлі де теміртаулықтарды толғандырады. Алтыншы шағын ауданда жаңа кәріз коллекторын салу қажет. Қала әкімі Ғалым Әшімов қажетті есептеулер жүргізілгенін хабарлады.Ақтау кентінің тұрғындарына орталық қазандық қажет. Жобалау-сметалық құжаттама әзірленді және мемлекеттік сараптамада. Оң қорытындыдан кейін қаржыландыру мәселесі шешілетін болады.Теміртаулықтар ашық құдықтарға назар аударды. Қауіпсіздік – ең басты міндет, деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев.– Мұндай өтініштерге бірден жауап беріңіздер! Мұнда "алтын сағат" ережесі болуы керек. Дереу жабыңыздар, содан кейін бұл құдықтың кімге тиесілі екенін анықтаңыздаи, – деді облыс әкімі.Сондай-ақ қоғамдық көліктің жұмысы бойынша сұрақтар қойылды. Ермағанбет Бөлекпаев мәселе белгілі екенін және келіссөздер нәтижесінде жаңа тасымалдаушы табылғанын хабарлады.Ойын алаңдарының жай-күйі, мектептердің жанындағы жарықтандыру, қоқыстарды бөлек жинау, қаңғыбас иттердің проблемасы – теміртаулықтар кездесуде осы мәселелерді де көтерді.Ермағанбет Бөлекпаев кездесуге қатысушыларға қала өміріне бей-жай қарамағаны үшін алғысын білдірді. Бірде-бір сұрақ назардан тыс қалмайды, деп сендірді ол.Облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша да қабылдады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/873735
Қарағандыда 1 қарашадан бастап тұрғын үй сертификатына құжат қабылдау басталады 16.11.2024
Қарағандыда 1 қараша "Наурыз" және "Отау" жаңа ипотекалық бағдарламалары бойынша тұрғын үй сертификаттарын алуға өтініш қабылдау басталады. Бұл туралы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі хабарлады.Әлеуметтік көмекті келесі санаттағы кезекте тұрғандар пайдалана алады:Ұлы Отан соғысының ардагерлері және жеңілдіктері бойынша оларға теңестірілген ардагерлер, сондай-ақ басқа мемлекеттер аумағында соғыс әрекеттерінің ардагерлері;бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;мүгедек балалары бар немесе сондай бала тәрбиелеп отырған отбасылар;тізімді денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар;жасы бойынша зейнеткерлер;жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;қандастар;экологиялық зілзалалардың, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар;"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы аналар, көп балалы отбасылар;мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді атқару, әскери қызмет, адам өмірін құтқару, құқықтық тәртіпті қорғау кезінде қаза тапқандардың (қайтыс болғандардың) отбасылары;толық емес отбасылар.Мемлекеттік қызметке өтініш "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беріледі (еgov.kz).Қажетті құжаттар:1. Электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық өтініш.2. Халықтың әлеуметтік осал топтарын қоспағанда, жұмыс орнынан анықтаманың электрондық көшірмесі (мүгедек балалар, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар). Соңғы 6 айдағы кірістер туралы анықтама.3. Ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша бастапқы жарнаның сомасы, мөлшері және ай сайынғы төлем сомасы туралы мәліметтерді қамтитын өтініш берушіге тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын беруді мақұлдау туралы екінші деңгейдегі банк хатының электрондық көшірмесі.Толығырақ ақпарат алу үшін және сұрақтармен мына мекен-жайға хабарласуға болады: Қарағанды, Чкалов көшесі, 7, каб. 301. Телефон: (8-7212) 95-56-01.Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма, 09:00-ден 18:30-ға дейін, түскі ас 13:00-ден 14:30-ға дейін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/873962
Қарағандыдағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде 500 тоннадан астам өнім ұсынылады 16.11.2024
Қарағандылықтарды 2 қараша күні кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне шақырады.Онда облыс аудандарының өндірушілері өнімдерін ұсынады. Саудаға 500 тоннадан астам ет, балық, сүт өнімдері мен көкөністер дайындалды. Сондай-ақ, жұмыртқа, бал, шұжықтар, қолөнер бұйымдарын және т. б. сатып алуға болады.Басталуы 09:00.Жәрмеңке Global city СОО аумағында 134-ші есептік тоқсан, 921-ғимарат мекенжайы бойынша өтеді.Жәрмеңкеге келесі автобустармен жетуге болады: 5, 19, 31, 40, 56, 63, 70, 146, 02, 29.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/873969
Балқашта медициналық қызмет сапасы жақсарып келеді 16.11.2024
Балқашта жедел медициналық жәрдем қосалқы станциясы 30 жыл ішінде алғаш рет өз ғимаратына ие болды. Оны қайта құру кезінде инженерлік жүйелер жаңартылып, төбесі ауыстырылды. Сондай-ақ, өртке қарсы қауіпсіздік және бейнебақылау жүйелері орнатылған.– Бұрын Балқаштың жедел медициналық жәрдем бригадалары стационар жанындағы жеке бөлінген үй-жайларға орналастырылған болатын. Кейінде жедел жәрдем бригадаларының еңбек жағдайларын жақсарту қажеттілігі ерекше байқалды. Осыған байланысты ескі ғимаратты қайта құру туралы шешім қабылданды. Қосалқы станцияда алты жедел жәрдем бригадасы бар, олар бір жыл аралығында 30 мыңға дейін шақыруға шығып, медициналық қызмет көрсетеді. Тәулік бойы жұмыс істейтін екі диспетчерлік бекет бар. Демалыс бөлмелері, көліктерге арналған жуу, тұрақ және жөндеу секілді үш бокс қарастырылған, – деді облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы директорының м. а. Ақылбек Сарбаев.Балқашқа жұмыс сапары барысында Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев бұл шешімдер Балқаш өңірінің 80 мың тұрғынына медициналық көмек көрсету сапасын жақсартатынын атап өтті.Сондай-ақ, балқаштықтар облыс орталығына бармай-ақ уақтылы медициналық көмек алуы үшін ауданаралық ауруханаға 25 жас маман тартылды: анестезиолог-реаниматолог, травматологтар, невропатологтар, акушер-гинекологтар, неонатологтар, педиатрлар, жалпы тәжірибе дәрігерлері және т. б. Тағы 12 дәрігер резидентурада оқиды және келесі жылы Балқашқа жұмысқа келеді.Мамандар жұмыспен қамтамасыз етіліп, тұрғын үй мәселесі шешілді. Қалалық аурухана аумағында 30 пәтерлі үш қабатты ғимарат жөнделді. Олардың барлығы жиһаз және тұрмыстық техникамен жабдықталған.– Мен Приозерск қаласының тумасымын. Алматыда оқып, Балқашқа жұмысқа келдім. Маған екі бөлмелі пәтер берді. Толық жабдықталған, барлық жағдайлар бар. Барлығы ұнайды, – деп бөлісті жалпы тәжірибе дәрігері Жадыра Сетенова.30 жас маман жаңа қоныстанушы атанды.Облыс бойынша биыл барлығы 130 пәтер берілді.Ал қалалар мен аудандарға дәрігерлерді тарту үшін көтерме сомасы 1,5 млн теңгеден 8 млн теңгеге дейін ұлғайтылды.Өзгерістер Балқаш көпсалалы ауруханасы емханасының базасында да орын алып, алғашқы үздік тәжірибелер орталығы ашылды. Медициналық мекеме заманауи диагностикалық жабдықтармен жабдықталған.Орталықта кешенді медициналық, әлеуметтік және психологиялық көмек алуға болады. Сондай-ақ, "Халық кеңесі" қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмыс істейді, онда тұрғындар өз өтініштерін қалдыра алады. Салауатты өмір салты кабинеті және барлық тілек білдірушілер үшін денсаулық мектебі ашылды.– Мұнда медициналық, әлеуметтік және психологиялық қызметтердің симбиозы – отбасылық медицина принципі қарастырылған. Отбасылық дәрігер, қамқоршы медбике, акушер, психолог және әлеуметтік қызметкерден тұратын көпсалалы топ белгілі бір отбасымен айналысады, ауруларға әкелетін себептерді анықтайды. Орталық "науқастың 5 минутта байқағаны" қағидаты бойынша жұмыс істейтін болады. Тіркеуден бастап-ақ пациент 5 минут ішінде өзіне қажетті ақпаратты алуы керек. Кіре берісте екі инфотабло бар, сұрақтарға жауап беретін жүйелік әкімші бар. Биыл біздің мемлекетіміз Қазақстанның түрлі жоғары оқу орындарының бес отбасылық дәрігерлерімен толықты, – дейді Балқаш көпсалалы ауруханасының директоры Серікбол Түсіпбеков.– Сіздер Мемлекет басшысының медицинаны қолдау, осы бағытты жаңғырту және халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету жөніндегі бастамасы туралы білесіздер. Біз осы тапсырма аясында медициналық нысандарды ашып, инновациялар енгізіп жатырмыз – мұның бәрі халыққа сапалы қызмет көрсету үшін. Біз өз тарапымыздан осындай бастамаларды қаржылай қолдаймыз. Біз үшін бірінші кезектегі міндет – осындай нысандарды мүмкіндігінше ашу. Ол үшін біз тұрғын үй саламыз, мамандарға осы медициналық мекемелерде жұмыс істеу үшін көтерме жәрдемақы береміз, – деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев.Бұл Қарағанды облысындағы үздік тәжірибелердің бесінші орталығы. Оның басты мақсаты – медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру, шағымдардың санын азайту және халықтың медициналық сауаттылығын жақсарту.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/873980
Қарағандылық самбошылар әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды 16.11.2024
Қарағандылық спортшылар самбодан шеберлер арасындағы әлем чемпионатында алтын және екі қола медаль жеңіп алды. Болат Манабаев, Зейнолла Махметов және Дәурен Есімханов ерекше көзге түсті.Жарыс Душанбеде (Тәжікстан) өтті. Медальдар үшін 13 елден 400-ге жуық спортшы күресті. 35 жастан асқан самбошылар жеті жас санатында өнер көрсетті.Қарағандылықтардың қоржынында үш медаль бар. Болат Манабаев М6 (60-64 жас) жас санатында үздік атанды. Зейнолла Махметов (М5 – 55–59 жас) және Дәурен Есімханов (М2 – 40–44 жас) қола жүлдеге ие болды.– Менің салмағымда 11 қатысушы болды. Мен бірінші жекпе-жекте өзбек спортшысынан басым түсіп, екіншісінде ресейлік спортшыны жеңдім. Жартылай финалда моңғол самбошыларынан жеңіліп қалдым. Үшінші орын үшін күресте ол ресейлікті жеңдім. Енді келесі жолы бірінші орын алу үшін қателіктермен жұмыс істейтін боламын, – дейді Қарағанды облысының олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебінің басшысы Дәурен Есімханов.Қазақстан жалпы командалық есепте екінші орын алды: 11 алтын, 14 күміс, 19 қола.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/874016