Ғылым
https://minerals.e-qazyna.kz/ жаңа платформасын іске қос туралы 16.11.2024
Құрметті minerals.gov.kz порталының пайдаланушылары!1 қараша күні сағат 10:00-ден бастап, Жер қойнауын пайдаланушылардың бірыңғай платформасы https://minerals.e-qazyna.kz/ атты жаңа веб-ресурста іске қосылатынын хабарлаймыз. Жаңа платформада жұмыс істеу үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭСҚ) пайдаланып қайта тіркелу қажет болады.https://minerals.e-qazyna.kz/ жаңа платформасында келесі мемлекеттік қызметтер қолжетімді:Жер асты суларын, емдік балшықты және қатты пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығына кепіл шартын тіркеу.Тарату қорын пайдалануға рұқсат беру.Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу туралы шарт жасау.Жер қойнауы учаскесін трансформациялауға өтінім беру.Барлау алаңында мың текше метрден асатын көлемде тау-кен массасын алуға және/немесе топырақты жылжытуға рұқсат беру.Қатты пайдалы қазбаларды барлауға лицензия беру.Қатты пайдалы қазбаларды өндіруге лицензия беру.Жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу шеңберінде лицензия беру.Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер енгізу туралы қосымша келісім жасау.Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың, барлауға арналған лицензияның немесе қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияның негізінде туындайтын жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) беруге, сондай-ақ жер қойнауымен байланысты объектілерді беруге рұқсат беру пайдалану құқығы.Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығына кепіл шартын тіркеу.Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге лицензия беру.Іздеу жұмыстарын жүргізуге лицензия беру.Қандай да бір сұрақтарыңыз болса, төмендегі телефондарға хабарласыңыз:лицензия сұрақтары бойынша: 87019991382;келісімшарттар бойынша: 87056503487;ЛКШ есептері бойынша: 87081882575.Қосымша ақпарат алу үшін хабарласыңыз: Telegram каналы: https://t.me/mineralsgovkzTelegram-да техникалық қолдау: https://t.me/mineralsgovkz/69 Анықтама: https://minerals.e-qazyna.kz/ платформасы геологиялық және тау-кен процестерін цифрландырудың жаңа кезеңі болып табылады, ол пайдаланушылардың мемлекеттік деректермен және қызметтермен жұмысының ыңғайлылығы мен ашықтығын жақсартады. Дереккөз: ҚР Өнеркәсіп және құрысы министрлігінің ресми сайты https://minerals.e-qazyna.kz/ ЖАҢА ПЛАТФОРМАСЫН ІСКЕ ҚОСУ ТУРАЛЫАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/872646
Күзгі демалысты ұйымдастыру: Оқу-ағарту министрлігінің ұсыныстары 16.11.2024
Қазақстандық мектептерде күзгі демалыс басталды.Оқу-ағарту министрлігі «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында демалысты ұйымдастыру бойынша ұсыныстар әзірлеп, өңірлерге жолдады.👮🏻♀️🧑🏻🚒 I. Оқушылармен кәсіптік бағдар беру жұмысын жасау: кәсіпорындарға экскурсиялар ұйымдастыру, сондай-ақ түрлі кәсіптің үздік өкілдерімен кездесулер өткізу.🧑🏻🏫👩🏻💻 II. Өмірдің қиын жағдайына тап болған, үйде оқитын оқушылар үшін мына шараларды: виртуалды экскурсиялар, онлайн жарыстар, психологтармен іс-шаралар, белгілі бір пәндер бойынша кеңестер ұйымдастыру маңызды.🏫 👨👩👧👦 III. Ата-аналармен өзара қарым-қатынас құру барысында: балалармен бірлесіп, мәдени-көпшілік және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын, экскурсиялар, интернет-марафондар, ата-аналарға арналған конференциялар мен форумдар өткізу.👫👩🏻🏫 IV. Ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталықтары: құқық қорғау, денсаулық сақтау, төтенше жағдайлар органдарының өкілдерін шақырумен балаларды тәрбиелеу және зиянды әдеттердің алдын алу бойынша кеңестер ұйымдастыру.🛡️ V. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – мектептің де, ата-аналардың да басты міндеттерінің бірі, сондықтан, аталмыш іс-шараларды өткізбес бұрын күзгі демалыс кезінде оқушылар мен олардың ата-аналарына өмір қауіпсіздігі және денсаулықты қорғау туралы нұсқаулық жүргізу маңызды.Еске салайық, биылғы оқу жылында күзгі демалыс 28 қазаннан басталып 3 қарашаны қоса алғанда 7 күнтізбелік күнді құрайды.Дереккөз: ҚР Оқұ-ағарту министрлігігің ресми сайтыКҮЗГІ ДЕМАЛЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ: ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ҰСЫНЫСТАРЫ Архивтен алынған сурет, фототілші: Жеңіс ЫсқабайАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/873496
Ауыл мектептері арасындағы республикалық олимпиаданың үшінші кезеңі басталады 16.11.2024
Бүгін ауыл мектептерінің 9-11(12) сынып оқушыларының жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасының үшінші (облыстық) кезеңі басталуда. Оған ауданнық кезеңнің 12 мыңнан астам жеңімпазы қатысуда. Олимпиада дәстүрлі форматта екі турда 13 пән бойынша өтеді.Естеріңізге салсақ, бірінші кезеңге 113 мыңнан астам оқушы тіркеліп, оның ішінде екінші (аудандық) кезеңге 53,5 мың оқушы қатысты. Үшінші кезеңнің жеңімпаздары республикалық (қорытынды) кезеңге жолдама алады: жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша 9-11(12) сынып оқушылары және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша 10-11(12) сынып оқушылары.Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада өткен оқу жылынан бері өткізіліп келеді. Оның мақсаты – ауылдан келген дарынды оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету, сондай-ақ оларға кәсіптік бағдар беру мен сапалы білім алу мүмкіндіктерін кеңейту. Қатысушыларға сәттілік пен жеңіс тілейміз!Дереккөз: ҚР Оқұ-ағарту министрлігінің сайты Ауыл мектептері арасындағы республикалық олимпиаданың үшінші кезеңі басталадыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/873508
Жетісу облысында шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 60 мыңнан асты 16.11.2024
Жетісу облысында өткен 9 айда шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 60,1 бірліктен асты. Саланың жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 33 % асады, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мәліметіне сәйкес биыл шағын және орта бизнесті қаржылай қолдауға 7,4 млрд. теңге бөлінген.- Осы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша шағын, орта бизнесте 369 жоба мақұлданды. Соның ішінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялауда 249 жобаға, ішінара кепілдендіруде 118 жобаға қолдау көрсетілсе, 5 млн. теңгелік грант беруде 3 жобаны қамту жоспарланған. Осы жобалардың негізінде өңірде 450-ден астам жұмыс орны құрылады. Оған қоса инженерлік-инфрақұрылым жүргізудің 2 жобасына 50,7 млн. теңге қарастырылды, - дейді облыстық кәсіпкерлік және ИИД басқармасының бөлім басшысы Асхат Кәрібаев.Осындай қолдаудың арқасында облыс орталығында бірқатар шағын кәсіпорындар ашылды. Талдықорғандық кәсіпкерлердің бірі инновациялық жобалар конкурсының негізінде бес миллион теңге мемлекеттік грант ұтып алып, шыны талшықтарын шығаруды жолға қойған.- Мемлекеттік грант сомасына кәсіпорынға Қытайдан қажетті жабдықтар сатып алдық. Сынған әйнектен шыны талшықтарын шығарамыз. Сондықтан біздің жобамыз «жасыл экономика» саласына қатысты. Бұл өз кезегінде аймақтың экологиялық тепе-теңдігін сақтауға үлес қосады деп есептеймін. Қазір цехта күніне 300 кг шыны талшықтары шығарылады. Оны құрылыс фирмалары құрылыс арматураларын әзірлеуге қажет материал ретінде сатып алуда, - дейді кәсіпорын басшысы Данил Ким.Сонымен қатар тағы бір талдықорғандық жеке кәсіпкер мемлекеттік гранттың арқасында жиһаз жасайтын цех ашты. Бес миллиондық грантқа кәсіпкер Д.Құмархан сандық бағдарламамен басқарылатын станоктар әкеліп орнатқан.- Өзім жиһаз жасаумен бұрыннан айналысамын. Бұған дейін жиһаздың беткі қасбетін Алматыдан тапсырыспен алдыратынбыз, кейде оны ұзақ күтіп, жұмыс тұрып қалатын. Енді мемлекеттен көрсетілген қаржылай қолдаудың арқасында жиһаздың беткі қабатын өзімізге де, өзгелерге де өз цехымызда жасай бастадық. Дәл осындай әмбебап жабдықта әдемі ішкі есіктер жасау да жоспарымда бар. Бірақ ол болашақтың еншісінде - дейді кәсіпкер.Жалпы Жетісу облысында осы жылдың бірінші жартысында шағын және орта бизнесте жұмыс істейтіндердің саны 104,7 мыңды құрады. Салада өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтердің көлемі 491,5 млрд теңгені құрады. Бюджетке түсетін салық түсімдері 2023 жылғы деңгеймен салыстырғанда 1,3 есе өсті. Қазіргі кезде олардағы жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 33 % асады Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/873596
SpaceHack 2024 ғылыми-зерттеу хакатонына 7-12 сынып оқушылары тіркелу басталды 16.11.2024
KazRockets мақтанышпен хабарлайды: RocketTech қолдауымен ұйымдастырылған SpaceHack 2024 ғылыми-зерттеу хакатонына 7-12 сынып оқушылары үшін тіркелу ашылды. Бұл хакатон ғарышты игеру үшін инновациялық идеяларды дамытуға арналған және 7-12 сынып оқушыларына 2025 жылы өтетін NSS Space Settlement Contest халықаралық байқауында өз жобаларын ұсыну мүмкіндігін береді.SpaceHack 2024 туралыSpaceHack 2024 тұрақты ғарыштық қоныстарды құруға арналған бірегей шешімдерді әзірлейтін 7-12 сынып оқушыларына бағытталған. Бұл шара инженерлік дағдыларды, сыни ойлауды және жаһандық ғарыштық мәселелерді шешудегі креативті тәсілді дамытуға бағытталған. Қатысушылар өз жобаларын көрсету арқылы Қазақстанды халықаралық аренада таныстыру мүмкіндігіне ие болады.Формат және қатысуХакатон онлайн форматта өтеді, бірақ қатысушыларға ыңғайлы болу үшін Қазақстанның 17 өңірінде командалардың жобалармен жұмыс істеуі үшін арнайы жиналу орындары ұйымдастырылады. Astana hub-ты қоса алғанда, осы аймақтық хабтар қатысушылардың өзара әрекеттесуі және менторлардың қолдауы үшін кеңістік ұсынады.Хакатонға тіркелу тегін және 2024 жылғы 8 желтоқсанға дейін ашық. Өтінім беру үшін KazRockets сайтына кіріп, тіркеу формасын толтыру қажет. Орналасу шектеулі, сондықтан ертерек тіркелуге кеңес беріледі.Сыйлықтар мен мүмкіндіктерSpaceHack 2024 жеңімпаздары өз жобаларын 2025 жылы АҚШ-та өтетін NSS Space Settlement Contest халықаралық байқауында ұсыну мүмкіндігін, сондай-ақ құнды сыйлықтар мен өз идеяларын әрі қарай дамытуға қолдау алады. Бұл – мектеп оқушылары үшін ғарыштық технологиялар мен инновациялардың дамуына үлес қосатын бірегей мүмкіндік.Қолдау және серіктестерSpaceHack 2024 жетекші компаниялар мен оқу орындарының, соның ішінде RocketTech қолдауымен өткізіледі. Хакатонда менторлық қолдауды Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (МЦРИАП) мен Kazakhstan Garysh Sapary (KGS) көрсетеді, олар жобалармен жұмыс істеу барысында қатысушыларға құнды кеңестер мен сараптамалық қолдау ұсынады.Тіркеу және қосымша ақпаратҚатысу және қосымша ақпарат алу үшін kazrockets.kz сайтына кіріңіз. Тіркелу бойынша сұрақтарды kazrocketspf@gmail.com электрондық поштасына жіберуге немесе біздің әлеуметтік желілердегі жаңартуларды қадағалауға болады:Instagram: @kazrockets • Телефон: +7 (775) 163 9790Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/874342
Бейбіт Исабаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады 16.11.2024
Бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Азаматтар тұрғын үй, жұмыспен қамту, суармалы жерге су жеткізу сияқты бірқатар мәселелермен жүгінді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Осы күні қабылдауға 6 азамат кірді. Солардың бірі талдықорғандық тұрғын Р. Белгібаева 2007 жылы тұрғын үй кезегінде тұрған. Кезек ретімен үй алу мүмкіндігі қашан болатынын білгісі келген азаматқа кезек ретімен осы жылдың соңына дейін тұрғын үй берілетіні айтылды.Ал Ескелді ауданы Қоңыр ауылының тұрғыны Д.Шәкен жұмысқа орналастыру мәселесімен жүгінді. Аталған ауылда математика мұғалімі ретінде жұмыс істеп, «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен үй алған жас маманның бір жылдан соң денсаулық жағдайына байланысты жұмыстан шығуына тура келген, соған байланысты бағдарламамен алған үйінің де заң жүзінде өзінде қалу-қалмау мәселесі туындаған. Қазір денсаулығы түзелген соң қайта жұмысқа тұрып, тұрғын үй алушы жас маман ретіндегі құқығын сақтап қалсам дейді. Осы орайда облыс әкімі Бейбіт Исабаев облыстық білім басқармасына және Ескелді ауданының әкімдігіне мәселені оң шешуге көмектесуді тапсырды. Жас маманға мектептен орын қарастырылып, бағдарлама аясында берілген тұрғын үйіне қатысты мәселелер заң аясында қарастырылатын болады.Сол сияқты суармалы жерге су жеткізу, тұрғын үй қорынан үй алу мәселелері бойынша жүгінген басқа да азаматтарға мәселенің заңға сәйкес шешімі түсіндірілді.Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Фотосуреттерді түсірген: Жеңіс ЫсқабайАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/874366
Жетісудағы Ақсу және Көксу қант зауыттарына бүгінге 352 мың тонна қант қызылшасы қабылданды 16.11.2024
Биыл Жетісу облысында 13 700 гектарға қант қызылшасы егілсе, одан жалпы 615 мың тонна қызылша жиналады деп күтілуде. Қазіргі уақытта 8 600 гектардан 403 мың тонна жиналды, бұл жалпы себілген көлемнің 63 %. Бүгінгі күнге соның 352 мың тоннасы Ақсу және Көксу қант зауыттарына өткізілді. Бұл туралы бүгін Талдықорғанда Бейсен Құранбек атындағы Журналистер үйінде өткен брифинг барысында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрдәулет Кененбаев айтты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Брифинг барысында Н. Кененбаев журналистерге облыстағы қант қызылшасын жинау және өнімді зауыттарға өткізу мәселелеріне қатысты кеңінен баяндап берді. Оның айтуынша, бүгінгі күні 13 700 гектар қызылша алқабының қалған 5 100 гектарында тәтті түбір жинау жұмыстары қарқынды жүруде. Гектар өнімділігі биыл 472 центнерден айналып отыр. Бұл – жақсы көрсеткіш.Облыстағы екі зауыттың қуаттылығы 700 мың тонна өнім өңдеуге жетеді. Бүгінгі күні бұл кәсіпорындарға облыс шаруашылықтарынан 352 мың тонна өткізілді. Екі зауыт та өңдеу жұмыстарын бастады.- Бізде қант қызылшасының себілуінен бастап, жиналуына дейін барлық процес ойластырылған. Қызылшаны қазу жұмыстары жалпы 103 комбайнмен басталған. Оған қосымша өнімді жинап алуға бюджеттен қаражат бөлініп, 19 жапырақ жинағыш пен 20 комбайн сатып алынып, шаруаларға таратылды. Ендігі жерде зауытқа өнім өткізуге тұрған көлік кептелісін азайту мақсатында Көксу қант зауыты үшін әр ауданға жасалған график жаңартылды. Көксу зауыты бүгінге дейін күніне 3 мың тонна қабылдаса, оны 4 мыңға дейін көтеру керек деп шештік. Қазір 13 700 гектар алқаптың қалған 5,1 мың гектарында жүріп жатқан қазу жұмыстарын қараша айының 20-сына дейін аяқтауға толық мүмкіндігіміз бар. Жалпы қант қызылшасын жинау мен өткізу мәселелері облыстық жедел штабтың тұрақты бақылауында, - деді Н. Кененбаев. Брифингіде зауыттардың басшылары да кәсіпорындардың өнім қабылдау бағытындағы жұмыстарына тоқталды.- Көксу зауытына осыған дейін күніне 150-160 машинаға дейін, яғни 3 мың тоннаға дейін қабылдадық. Қазір бүгінге дейін кагат алаңында жатқан 140 мың тонна өнімді өңдеуге кіргізіп жатырмыз, дегенмен алаңдар бірден босай қоймайды, орнын тазалау жұмыстары жүреді. Қазір қосымша жер дайындап жатырмыз, соған сәйкес ертеңнен бастап 4 мың тонна қабылдауға көшеміз, - деді Көксу қант зауытының директоры Алтынбек Абатов.Сол сияқты Ақсу қант зауыты да өз режимінде жұмыс істеуде.- Бүгінгі күні Ақсу зауытына 210 мың тонна қант қызылшасы кірді. Қазанның 22-сіне дейін күніне 300 машинадай қабылдағанбыз, қазір кагат алаңының толуына байланысты күніне 160-170 машина кіруде. 25 қарашадан бері Жамбыл облысынан қызылша қабылдау тоқтатылды. Қазір Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарының шаруашылықтарынан қызылша қабылданып жатыр. 1 қарашадан кейін Талдықорған өңірінен өнім қабылдаймыз, - деді Ақсу қант зауытының директоры Самат Надирбаев. Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/874455
Агроөнеркәсіптік кешенді қолдау: Жамбыл облысында 11 мыңнан аса шаруа 19,7 млрд.теңге субсидия алды 16.11.2024
Жамбыл облысында 2024 жылдың 9 айында ауыл шаруашылығы саласында 348 млрд.теңгенің өнімі өндірілді.Жыл басынан бері 11 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушісіне 19,7 млрд.теңге субсидия төленді. Қаржы институттары арқылы 1 045 агроқұрылымға 15,2 млрд.теңге несие берілді.Күзгі дала және егін жинау жұмыстарын мерзімінде жүргізу мақсатында 10 мың бірлік ауыл шаруашылығы техникасы жұмылдырылды. Қазіргі таңда 421 жаңа техника (411 трактор, 10 комбайн) сатып алынып, жаңару көрсеткіші 7,4 пайызды құрады.Облысқа бөлінген 11,4 мың тонна дизель отынының 8,4 мың тоннасы жеткізілді. 7,4 мың тонна дизель отыны шаруаларға таратылды (бағасы 1 литріне 250 теңге).Өңірде жыл сайын минералды тыңайтқыштарды пайдалану көлемі артып келеді. 2024 жылы 415,4 мың гектар алқапқа 83,1 мың тонна тыңайтқышты енгізу жоспарланған. Бүгінде 1 мыңнан аса шаруа 370 мың гектар жерге 74,2 мың тонна минералды тыңайтқышты енгізді.626,7 мың гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары егілді, 352,9 мың гектар алқаптағы масақты дәнді дақыл толықтай орылып, 586,4 мың тонна астық жиналды.Ауа райының қолайлы болуына және агротехникалық шаралардың мерзімінде жүргізілуі есебінен масақты дәнді дақылдардан алынған орташа өнімділік өткен жылмен салыстырғанда 10 ц/га-дан 16,6 ц/га-ға дейін өсті.Қазір картоп, майлы дақылдар, көгөніс, бақша және қант қызылшасын жинау жұмыстары жүріп жатыр.Биыл 3,8 млн.тоннадан астам өнім алу күтіліп отыр.600 мың тоннадан астам қант қызылшасын жинау және өңдеу жоспарлануда. Меркі қант зауыты 450 мың тонна шикізат (175,8 мың тонна өткізілді) қабылдайды, қалғаны Ақсу қант зауытында қайта өңделеді. Бүгінгі күнге 15,5 мың тоннаға жуық өнім өткізілді. Шикізатты тасымалдау шығындары берілетін субсидияның нормативін 25 теңгеден 45 теңгеге көтеру есебінен өтеледі.Меркі қант зауытына Үкімет тарапынан тиісті көмектер көрсетілуде. Зауыттың айналым қаражатын толықтыруға Аграрлық несие корпорациясының «Кең дала - 2» бағдарламасы аясында жеңілдетілген несие берілуде.Меркі қант зауытына өткізілген өнімді жергілікті бюджет есебінен субсидиялау басталды (бағдарлама бойынша қалған 172 млн.теңге шаруаларға төленуде). Қолда бар қаржымен 6,8 мың тонна өнім субсидияланды.600 мың тоннаға жуық өнімді субсидиялау үшін республикалық бюджеттен тағы 16 млрд.теңге бөлу жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/870734
Жамбыл облысында медициналық нысандар пайдалануға берілді 16.11.2024
25 қазан – Республика күніне орай Жамбыл ауданы Қоңыртөбе ауылында медициналық пункт ашылды.Қоңыртөбе елді мекені Жамбыл ауылдық округіне қарайды. 570-тен аса тұрғыны бар.Ағымдағы жылы «СК Алем» ЖШС медициналық пункттің құрылысын 5 айда жүргізіп, халықтың игілігіне тапсырды.Аталған жобаға 136,4 млн.теңге қарастырылған. Ғимарат барлық қажетті медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.– Мемлекетіміздің назарынан аядай ауылдарда тыс қалмай жатқаны қуантады. Осы күнге дейін қоңыртөбеліктер тозығы жеткен ғимаратта ем қабылдап жүрді. Бүгін міне еңселі медициналық пункт қажетке берілді. Бұл ауыл азаматтары үшін үлкен қуаныш. Мұнда денсаулығын емдету үшін емес, ауру-сырқаттың алдын алу үшін келуді жазсын, – дейді ауыл ақсақалы Орынбай Рысбаев.Айта кетейік, Жамбыл ауданында 36 денсаулық сақтау нысаны бар. Жыл соңына дейін Қостөбе, Тоғызтарау ауылдарындағы медициналық пункттің, Қаратау елді мекеніндегі фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы аяқталады деп күтілуде.Аудандағы орталық аурухананы да күрделі жөндеуден өткізу жоспарға қойылған.Алдағы жылдары Шоқай, Қапал, Құмтиын, Бәйтерек ауылдарында медициналық пункт ғимаратын соғу бойынша жоспар әзірленуде.Айтулы мереке қарсаңында Қордай ауданы Масаншы ауылындағы емхана ғимараты кеңейтіліп, ел игілігіне берілді.Заманауи медициналық мекеме бір ауысымда 150 адамды қабылдай алады.Аудан әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, жаңа нысан тек масаншылықтардың ғана емес, көршілес Қаракемер, Қарасай ауылдық округі тұрғындарының медициналық қызметке қолжетімділігін қамтамасыз етеді.Емханада 8 дәрігер, 40 медбике, 21 кіші буын медицина қызметкері жұмыс істейді.Бүгінде Қордай ауданындағы 41 елді мекенде 45 медициналық мекеме халыққа қызмет көрсетіп келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/870754
Ербол Қарашөкеев қызылша жинау жұмыстарымен танысты 16.11.2024
Жамбыл облысында қант қызылшасын жинау жұмыстары қызу жүріп жатыр. Биыл 11,2 мың гектарға қант қызылшасы егіліп, 600 мың тоннадан астам өнім алу күтілуде.Жұма, 25 қазан күні облыс әкімі Ербол Қарашөкеев тәтті түбірді жинау барысымен танысу үшін Байзақ ауданына ат басын бұрып, диқандардың мәселесіне құлақ түрді.Ербол Қарашөкеев «Зулуфов», «Чаушев», «Ветеран», «Адлер» шаруа қожалықтарына барып, жұмыс қарқынын бақылауға алды.Мемлекеттік қолдау шаралары алдағы уақытта да жалғасатынын айта келе, өзекті мәселелердің оң шешілуіне күш салынатынын жеткізді.Байзақтық шаруа Таласбек Шертаев жеңілдетілген 2,5 пайыздық несиеге қант қызылшасын жинайтын комбайн алғанын, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулар жинау жұмыстарына үлкен көмегін тигізіп отырғанын жеткізді.Байзақ ауданында 67 шаруа 3 мың гектар жерге қант қызылшасын еккен. Оның 0,7 мың гектары жиналып, 52,9 мың тонна өнім алынды. Бүгінде 50,6 мың тонна тәтті түбір қант зауыттарына жөнелтілді.Айта кетейік, Жамбыл облысы бойынша биыл 11,2 мың гектарға қант қызылшасы егілді. 600 мың тоннадан астам өнім алу көзделген (орташа өнімділік 570 ц/га).Қазіргі таңда 3,2 мың гектар жиналып, 229,3 мың тонна өнім алынды (орташа өнімділік 711,4 ц/га).Меркі қант зауыты 450 мың тонна шикізат қабылдайды. Қалған 100-150 мың тоннаға жуық өнім Ақсу қант зауытында қайта өңделетін болады.Облыс фермерлері Ақсу қант зауытына қызылшаны өткізуді бастады, бүгінгі күнге 18,1 мың тоннаға жуық өнім өткізілді.Меркі қант зауытына Үкімет және жергілікті билік тарапынан тиісті көмектер көрсетілуде.Қант зауытымен келісілген кестеге сәйкес қабылдау жұмыстары 10-шы қыркүйектен басталып, бүгінгі күнге 179,4 мың тонна өткізілді.Тәуліктік қабылдау қуаттылығы қазан айының 10-нан бастап 4,5 мың тоннадан 5,9-6,0 мың тоннаға дейін ұлғайтылды.Зауыттың айналым қаражатын толықтыруға Аграрлық несие корпорациясының «Кең дала - 2» бағдарламасы аясында жеңілдетілген несие берілуде.Шикізатты тасымалдау шығындары берілетін субсидияның нормативін 25 теңгеден 45 теңгеге көтеру есебінен өтелетін болады.Меркі қант зауытына өткізілген өнімнің 6,8 мың тонна жергілікті бюджет есебінен (172 млн.теңге) субсидияланды.Жалпы 600 мың тоннаға жуық өнімді субсидиялау үшін республикалық бюджеттен 16 млрд.теңге қаражат бөлу жұмыстары жүргізілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/871960
Е. Қарашөкеев жыл қорытындысымен әлеуметтік-экономикалық дамудың жоспарлы көрсеткіштеріне қол жеткізуді тапсырды 16.11.2024
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен кеңейтілген әкімдік мәжілісінде 2024 жылдың 9 айындағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен бюджеттің атқарылуы қаралды.Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Сандуғаш Абдралиеваның айтуынша, есепті кезеңде облыстың экономикалық өсімі 3,7 пайызды құрады.Ең жоғары көрсеткіш құрылыс (20,6%), тұрғын үй құрылысы (2,3%), инвестиция (1,7%), сауда (2,1%), сондай-ақ көлік (13,5%) және байланыс (9,1%) салаларына тиесілі.Негізгі капиталға 328,3 млрд.теңге инвестиция тартылды.Өнеркәсіп құрылымында өңдеу секторының үлесі 65,2 пайызды құрап, 420,9 млрд.теңгенің өнімі өндірілді. 9 айдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібінің құрылыс индустриясы саласында өсім 1,2 пайызды, дайын металл бұйымдарының өндірісі - 68,9 пайызды құрап, оң динамика қалыптасты. Сонымен бірге химия өнеркәсібінде сары фосфор өндірісі 12,3 пайызға артты.Тау-кен өндіру саласындағы өсім 2,6 пайызды, электрмен жабдықтау – 14,7 пайызды, сумен жабдықтау – 7,8 пайызды құрады.Бұдан соң Ербол Қарашөкеев көрсеткіштері төмен қалыптасқан аудан әкімдерінің есебін тыңдады. Тараз қаласы мен аудандарға жыл соңына дейін әлеуметтік-экономикалық дамудың нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету міндеттеді.Қаржы басқармасының басшысы Батырхан Әкек облыстық бюджеттің атқарылуы туралы баяндама жасады. Ербол Қарашөкеев бюджет қаражатын тиімді және толық игеру бойынша нақты тапсырмалар берді.Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаевтың, Жамбыл, Сарысу, Шу аудандары әкімдерінің баяндамалары жеке тыңдалды.Кеңейтілген әкімдік мәжілісінің қорытындысы бойынша Ербол Қарашөкеев облыс орталығы мен аудандардың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру бойынша жауаптылардың алдына бірқатар нақты міндет қойды. Бұдан бөлек, нысаналы көрсеткіштерді орындауда әкімдер мен басқарма басшыларының жеке жауапкершілігі барын еске салды.- Ауыл шаруашылығы статистикасында жалған деректердің бары анықталды. Алдағы уақытта мұндай фактілердің жолын кесу қажет. Нақты ахуалды көрсетіп, жергілікті жердегі жағдайды бақылап, өзекті мәселелерді шешу үшін жүйелі жұмыс жүргізу – өте маңызды, – деп түйіндеді облыс әкімі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/873699
Меркі қант зауытында қызылша қабылдайтын қосымша екі алаң ашылады 16.11.2024
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Меркі ауданындағы бірқатар қант қызылшасы алқаптарын аралап, диқандармен кездесті.Облыс әкімі алдымен «Қуан и Д», «Мыхан Орда», «Трансфер», «Жылыбұлақ-Меркі» шаруа қожалықтарының егістік алқабына барып, тәтті түбірді жинау барысымен танысты.Биыл меркілік диқандар 3 771 гектар алқапқа қант қызылшасын егіп, 29 қазандағы жағдай бойынша 1 400 гектар жерден өнім алды. Жинау жұмыстары жалғасуда.Облыс әкімі Меркі қант зауытына да барып, қант қызылшасын қабылдау барысын көрді.Айта кетейік, аталған зауыт диқандардан 450 мың тонна тәтті түбір қабылдайды.Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес қант қызылшасын өткізуде мәселелер туындамас үшін бірқатар шешімдер қабылданды.Атап айтқанда, кәсіпорынға жақын жерден қосымша қызылша қабылдауға арналған екі алаң құрылады. Бұл ұзын-сонар кезекті болдырмауға оң ықпал етеді.Бұдан бөлек, «Меркі қант зауыты» ЖШС-не мемлекет тарапынан жеңілдетілген несие беріледі. Өндіріс ошағы бұл қаржы арқылы шаруалар алдындағы берешегін өтейді. Оның ішінде қабылдаған қант қызылшасы үшін 15 теңге, 100 шақырымнан астам қашықтықта орналасқан шаруаларға тасымалдау шығындары үшін 3 теңгеден берілетін болады.Ербол Қарашөкеев жауаптыларға қосымша екі алаңды дайындау жұмыстарын екі-үш күнде аяқтау керектігін ескертті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/874018
Солтүстікте заманауи креативті индустрия орталығы ашылды 16.11.2024
Республика күні қарсаңында Петропавлда «Qyzyljar creative center» креативті индустрия орталығының ашылуы өтті. Салтанатты шараға СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов, «Samruk-Kazyna Trust» бас директоры Альфия Әдиева, «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин, аудан әкімдері, жастар және өңір жұртшылығы қатысты. Бұл жоба Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған өңірлерде таланттарды тарту және шығармашылық өнімдерді коммерцияландыру ретінде Шығармашылық индустрия орталықтарын құру туралы тапсырмасын орындау мақсатында жүзеге асты. Жобаны СҚО әкімдігі «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қаржылық қолдауымен жүзеге асырды. Ғимарат өзінің тарихи келбетін сақтай отырып, қайта жаңғыртылды. Шығармашылық жобаларды ауқымды ету үшін заманауи инфрақұрылым мен техникалық құрал-жабдықтар жасалды, инновациялық қондырғылар орнатылды. Бұл мәдени мұра мен жаңа технологиялар ұштасатын Солтүстік Қазақстандағы креативті индустрияның дамуына ықпал ететін инновациялық хаб. Орталықтың ашылуы шығармашылық жобаларды жүзеге асыратын ШОБ субъектілеріне қолдау көрсету; жаңа жұмыс орындарын құру; креативті экономика үшін бәсекеге қабілетті кадрларды дайындау, жастардың кетуін азайту, дарынды жастарды қолдау, шығармашыл жастарды біріктіруге септеседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/870695
СҚО-да Республика күні аталып өтілді 16.11.2024
Бүгін облыста Ұлттық мереке – Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті. Мерекелік шараға еліміз бен өңірдің дамуына елеулі үлесін қосқан солтүстікқазақстандықтар қатысты. Бүгінгі салтанатты жиында СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жерлестерді Ұлттық мерекемен құттықтап, отанымыздың дамуына еңбегі сіңген бірқатар солтүстікқазақстандықтарға Президенттің атынан мемлекеттік наградаларды табыс етті. Республика күні – тәуелсіздіктің бастауы. Мемлекет басшысы «қайта жаңғырған Республика күні – бұл халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайта түсетін аса маңызды тарихи қадам» - деді. Үш онжылдықта береке мен ынтымақтың арқасында Қазақстан биік белестерді бағындырды. Еліміздің жетістіктерін бағалап, дамыту – үлкен парызымыз. Біздің облыста экономика тұрақты дамып, жаңа жобалар іске асуда. "Солтүстік Қазақстан облысының халқы елінің дамуы үшін аянбай еңбек етуде. Еліміз дамып, өркендей берсін! Ұлттық мереке құтты болсын!", - деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желідеАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/870702
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі Вице-Министрі Р.А. Коняшкиннің халықпен кездесуі және Солтүстік Қазақстан облысының азаматтарын қабылдау 16.11.2024
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің Вице-Министрі Коняшкин Ростислав Анатольевич 28 қазанда С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана ғимаратында сағат 15:00-да Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді және сағат 16:00-да Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтарды қабылдайды (мекен жайы: Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі 25). Жеке қабылдауға жазылу үшін және сауалдар мен ұсыныстар: 8-715-250-21-97 (жұмыс уақыты) телефоны арқылы қабылданады. Азаматтарды кездесуге белсенді қатысуға және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне сауал жолдауға шақырамыз. Министрліктің қызмет бағыттары: телекоммуникация және байланыс, «электрондық үкімет» және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, аэроғарыш өнеркәсібі, геодезия и картография, электрондық өнеркәсіп, цифрлық активтер индустриясы, ақпараттық қауіпсіздік, инновациялар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/870934
СҚО әкімі мен Сыртқы істер вице-министрі инвестиция тарту мәселелерін талқылады 16.11.2024
Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыровпен кездесті. Жиынға «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарушы директоры Азамат Қожанов пен өңір кәсіпкерлері қатысты. Кездесуде инвестиция тарту және мемлекеттік қолдау құралдары мәселелерін талқылады.Өңірімізде инвестиция тарту бойынша жұмыс тұрақты түнде жүргізілуде. Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында өңірлік деңгейде Инвестициялар тарту жөніндегі кеңес құрылып, инвесторлардың туындаған проблемалық мәселелерін жедел шешуге септесуде.Жыл басынан бері облысқа 316 миллиард теңге тартылса, оның 74 пайызы жеке инвестицияның үлесі. Облыста 755 миллиард теңгеге 46 инвестжобаны қамтитын республикалық жобалар пулы жүзеге асуда. 7,2 мың жаңа тұрақты жұмыс орны ашылады. Әрбір жобаның орындалу барысы күн сайын қадағаланып, инвесторларға барлық кезеңдерінде көмек пен қолдау көрсетіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/871403
СҚО-да дәстүрлі жәрмеңкеге жүзден аса агрокәсіпорын келді 16.11.2024
Бүгін облыс орталығында Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында барлық аудандардың қатысуымен дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов келіп, сатып алушылар және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен тілдесті.Жәрмеңкеге жүзден астам агрокәсіпорын қатысты. Олар ет, сүт, балық және көкөніс өнімдерінің 100-ден астам түрін әкелді. Сондай-ақ келушілер макарон және кондитерлік өнімдерді, жұмыртқа, бал және өңдеуші кәсіпорындардың өнімдерін сатып алды.Ауылшаруашылық жәрмеңкелері әрқашан тұрғындардың үлкен қызығушылығын тудырады. Қалалықтар азық-түлік алуға қуана келеді, сонымен қатар жергілікті фермерлерге қолдау көрсетеді. Жәрмеңкеде барлығы 1207 тонна өнім мен 780 тонна жем-шөп сатылды. Жалпы, мұндай жәрмеңкелер тұрғындарды экологиялық таза өнімдермен қолжетімді бағамен қамтамасыз етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/871408
СҚО әкімінің Республика күнімен құттықтауы 16.11.2024
Құрметті солтүстікқазақстандықтар!Сіздерді Ұлттық мерекеміз - Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл әрбір қазақстандық үшін ұлы мереке, тәуелсіздігіміз бен егемендігіміздің мызғымас белгісі. Халқымыздың болашағы жарқын болып, әрбір отбасы бақ-берекеге бөленсін! Еліміз қарыштап дамып, әлемде беделі арта берсін. Жас ұрпақ тәуелсіздіктің қадірін біліп, Отанымызға адал қызмет етсін. Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/872114
Ұлттық мереке - Республика күніне орай орталық алаңда Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі өтті 16.11.2024
Ұлттық мереке - Республика күніне орай орталық алаңда Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі өтті. Шараға облыс басшылығы, депутаттар, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың басшылары мен өңір тұрғындары қатысты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/872116
СҚО әкімі жайлы мектептердің құрылысын тексерді 16.11.2024
Қазіргі заманда балалардың білім алуына қолайлы жағдай жасау – басты міндеттердің бірі. Облысымызда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы жүзеге асуда. «Орман» және «Береке» шағын аудандарында әрқайсысы 600 орындық екі жайлы мектептің құрылысы жүріп жатыр.Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов беру нысандарының құрылыс барысын тексерді. «Орманда» мектептің құрылысы аяқталуға жақын. Өңір басшысы «Берекедегі» құрылыс алаңында жұмыстарға қарқын қосуды тапсырды. "Жайлы мектептер – сапалы білімнің кепілі! Заманауи, жайлы мектептердің ашылуы ұрпаққа негізделген жаңа білім беру ортасын қалыптастырады", - деп жазды СҚО әкімі әлеуметтік желіде. Сондай-ақ, ұлттық жоба аясында «Жас өркен» және «Қопай» шағын аудандарында 1,5 мың орындық тағы екі мектептің құрылысы басталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/872495